Есептеу желісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 4
1. Желі 5
1.1 Желі дегеніміз не? 5
1.2 Есептеу желілердің эволюциясы 5
1.3 Пакеттік өңдеу жүйесі 6
1.4 Көп терминалды жүйелер – желінің алғашқы түрі 6
1.5 Локальды желілер 6
1.6 Глобальды желілер 7
1.7 Көп машиналы жүйелер 7
1.8 Есептеу желісі 8
1.9 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері 9
1.10 Принтерлер 10
1.11 Компьютерлерді желілерге біріктіру 10
1.12 Мәліметтер базасы 11
1.13 Жергілікті желі 14
1.14 Ауқымды желілер 16
1.15 Қайда хабарласу керек? 17
1.16 Жергілікті және ауқымды желілердің бірігуі 17
1.17 Желінің пайдалануы өнеркәсіп үшін қандай пайдасы бар? 18
Қорытынды 20
Қосымша-1 21
Қосымша-2 22

Кіріспе

Адамдар өзара байланыс мұқтаждығының салдарынан қазіргі кезде
компьютерлік желілердің пайдалануы кең өріс алды. Бұл мұқтаждықты
қамтамасыздандыруда ІNTERNET және желілік жүйелерүлкен роль атқарады.
Сонымен қатар электрондық почта арқылы мыңдаған шақырым қашықтықта
орналасқан жерлермен тез арада хабарласып, байланысып тұрады. Мұның барлығы
компьютерлік желінің жетілуіне байланысты, сонымен бірге қазіргі кезде желі
архитектурасы да одан әрі дамуда.

1. Желі

1.1 Желі дегеніміз не?

Желі – 1) Есептеу желісі, деректермен алмасу желісі – алыстан
қатынас жасау жабдықтары. 2) Бір-біріне немесе орталық серверге қосылған
ортақ ресурстарды қолданатын компьютерлер тобы.
Дайындалған кореспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу
ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол
программа хаттарды дайындаумен қатарсол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-
қатынас жасату негізі болып саналатын желілік компьютермен кез-келген сәтте
байланыс сеансын жүргізужі қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа
дайын хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріздің ішіндегі
өз “почта жәшігіміздегі” бұрынғы салынған хаттар түгел желілік компьютерге
жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана
“жәшікте” жатады.

1.2 Есептеу желілердің эволюциясы

Есептеу желі концепциясы компьютерлік технология эволюциясының логикалық
нәтижесі. 50-жылдардағы алғашқы ірі, әрі үлкен, қымбат компьютерлер тек
кейбір пайдаланушылар ғана пайдалана алатын. Мұндай компьютерлер
пайдаланушының интерактивтік жұмыс істеуіне жасалынбаған болатын, оларды
тек пакеттік өңдеу режимде қолданатын.

1.3 Пакеттік өңдеу жүйесі

Пакеттік өңдеу жүйесі мэйнфрейм базасында құрылады. Пайдаланушылар
мәліметтер және командалық программалары бар перфокарталарды дайындап,
оларды есептеу орталығына жібереді. Операторлар бұл карталарды компьютерге
енгізетін, ал оның басылып шығатын нәтижелерін тек келесі күні алатын.
Пакеттік режим – бұл есептеу қуатын пайдалану үшін ең қолайлы режим, ол
басқа режимдерге қарағанда, көптеген пайдаланушы пайдаланатын тапсырмаларды
бір мезгілде орындайды. Мұнда ең маңызды – процесордың жұмысы болып келеді.

1.4 Көп терминалды жүйелер – желінің алғашқы түрі

60-жылдары көп терминальдық жүйелер дами бастады. Бұндай жүйелерде
компьютерді көптеген пайдаланушылар пайдалана алатын.Әр пайдаланушы
терминальды пайдалана отырып, компьютермен қатынас жасауға мүмкіндігі
болды. Мұндай көп терминалдық орталықтандырылған жүйелер сыртынан локальдық
есептеу желісіне ұқсайтын. Бірақ локальдық желілерінің дамуына көп кедергі
болды. Көп терминалдық жүйелер таратылған жүйелерге ұқсағанмен олар
мәліметтер өңдеудің орталықтандырылған тұрін сақтаған. Тағы бір жағдай,
көптеген мекемелер компьютердің жоғары бағасынан ала алмады.

1.5 Локальды желілер

Батыс компьютерлерінің көпшілігі белгілі бір желіге жинақталған.
Желілердегі жұмысы 80 % барлық желілердегі ақпарат бір ғана офистен
көрінеді. Сондықтан жасаушылардың ерекше көңіл бөліп отырғаны – локальды
есептеу желілері (LAN). Локальды есептеу желісінің басқа желіден
ерекшелігі: оның кішкене географиялық облыста болуы (бір бөлме, бір үй, бір
аудан).
Компьютердің екі типті желісі бар: бір рангілі желі және сервермен
бөлінген желі. Бір рангілі желілер желінің жұмысын құрастырушы, арнайы
компьютерлерді қажет етпейді. Әрбір пайдаланушы, желіге қосылған жағдайда
қорларды желіге қосылған жағдайда қорларды желіге бөледі (дисктік көлем,
принтерлері және басқа пайдаланушының желіге қосқан қорларына қосылады).
Осындай желілердің қосылуы, жөнделуі оңай, әрі олар сервермен бөлінген
желілерден әлдеқайда арзан. Сервермен бөлінген желілер өзінің құрастыруының
күрделілігіне және біршама қымбатқа қарамастан, орталықтан басқаруға
мүмкіндік береді.

1.6 Глобальды желілер

Алшақтағы компьютер желілеріне қосылу үшін телефон желілері
қолданылады.
Телефон арқылы мәліметтермен алмасу процессі электрлік тербелу түрінде
жүзеге асырылуы тиіс. Электірлік тербелу бұл дауыс дабылына ұқсас болып
келеді. Бұлпроцесс орындалған уақытта компьютердегі ақпараттар кодтар
түрінде сақталады. Ақпараттарды компьютермен телефон желісі арқылы жіберу
үшін кодтар электрлік тербелу күйіне айналуы тиіс. Бұл процесс модуляция
деп аталады. Жіберілген ақпарат компьютерде оқи алу үшін, электрлік
тербелістер керісінше машиналық кодтарға ауысуы тиіс – демодуляция. Осы
өзгерістерді сандық қалыптан электрондық тербеліске және керісінше
процестерді жүзеге асыратын құрылғыны модем (модулятор – демодулятор деген
сөздерден қысқартылған) деп аталады. Компьютерде бұл жағдайда арнайы,
модеммен басқарылатын және де ақпараттардың сигналдарын қабылдап жіберетін
телекоммуникациялық программа.

1.7 Көп машиналы жүйелер

Көп машиналы жүйелер – бұл есептеу комплекс, ол өзінің құрамына бірнеше
компьютерлерді және компьютердің програмдық және аппараттық байланысу
құралдарды қосады. Көп машиналы жүйелердің жұмысы негізгі екі
компоненттермен анықталады: шапшаң жылдамды процессорлардың байланысу
механизмі және программалық қамтамасыз ету жүйесі. Байланыс құралдардың
құрамына программалық модульдер кіреді, олар есептеу жүктемелерді таратады.
Егер комплекстің бір компьютері жұмыс істемей қалса, онда оның тапсырмалары
автоматты түрде басқа компьютерлерде орындалады.

1.8 Есептеу желісі

Есептеу желілердің програмдық және ақпараттық байланысы әлсіз болып
келеді, ал оның өңдеу блоктардың автономиясы үлкен дәрежеде көрінеді –
негізгі желінің элементтері жалпы еске сақтау блоктары және жалпы
перифериялық құрылғылары жоқ стандарттық компьютерлер болып келеді.
Компьютерлердің арасындағы байланыс арнайы перифериялық құрылғылар арқылы
іске асады, олар желілік адаптерлер. Әр компьютер өз операциялық жүйенің
басқармасында жұмыс істейді, ал жүйелік компьютерлер арасындағы жұмысты
бөліп беретін “жалпы” операциялық жүйе болмайды. Жүйелік компьютерлер
арасындағы жұмысы – мәліметтерді беру жүйелік адаптерлер және байланысу
каналдары арқылы іске асады. Осы хабармалар арқылы бір компьютер басқа
бір компьютердің локальдық ресурстарға кіруін сұрайды. Бұндай ресурстар –
дискіде сақталған мәліметтер, принтерлер, модемдер, факс-апараттары бола
алады. Есептеу желінің пайда болу мақсаты - әр компьютердің локальдық
ресурстарды басқа желілік пайдаланушылар арасында бөліп беру. Егер
компьютер желіге қосылған болса, онда пайдаланушы тек өзінің компьютердің
файлдарымен, дискілерімен, принтерлерімен және тағы да басқа ресурстарымен
пайдалана қоймай, сонымен қатар сол желіге қосылған басқа компьютерлердің
ресурстарымен пайдалана алады. Оған тек желілік адаптерлер мен кабельдік
жүйе ғана емес, сонымен қатар модуль керек. Мұндай модульдерді програмдық
серверлер деп атайды. Олардың бастапқы міндеті - өз компьютер ресурстарына
кіруіне қызмет етеді. Сонымен қатар компьютерлердің операциялық жүйесіне
арнайы програмдық модульдерді қосу керек. Олар алыстанан ресурстарға кіру
сұранысты өңдеп, желі арқылы керек компьютерге жеткізеді. Бұндай модульды
програмдық клиент деп атайды. Ресурстарды бірге пайдалануды ұйымдастырудың
негізгі жұмысын операциялық жүйенің клиенттік және серверлік бөлімдері
істейді. Бірнеше клиент-сервер модульдері бірге істейтін пайдаланушыларға
керек ресурстарға кіруін қамтамасыз етеді, мысалы файлдарға. Бұл жағдайда
пайдаланушының файлдық қызметіне қатысы бар деп атайды. Әдетте желілік
операциялық жүйе өз пайдаланушыларына бірнеше түрі бар желілік қызметтерді
ұсынады. Олар – файлдық қызмет, баспаға шығару қызметі, электрондық почта
және тағы басқалар.
Егер компьютер өз ресурстарын желідегі басқа компьютерлерге берсе, онда
ол сервер деп аталады. Ал, егер ол ресурстарды өзі қолданса, онда ол клиент
деп аталады.

1.9 Желінің негізгі програмдық және аппараттық компоненттері

Толық желінің зерттеуі, оның бөлек элементтерінің жұмыс істеу
принциптерінің білуін керек етеді:
• Компьютерлердің;
• Коммуникациялық жабдықтардың;
• Операциялық жүйелердің;
• Желілік қосымшалардың;
Желінің програмдық-аппараттық құралдар комплексі қөп қабаттасқан
модельмен сипатталады. Барлық желілердің негізіне стандартталған
компьютерлік платформалар аппараттық қабаты жатады. Қазіргі кезде желіде әр
түрлі кластарға жататын компьютерлерді кең қолданады. Мысалы, персоналдық
компьютерлерден мэйнфреймдерге дейін және супер ЭЕМ. Екінші қабат –
коммуникациялық жабдық. Желінің қосалқы компоненттері (кабельдік жүйелер,
көпірлер, коммутаторлар, маршрутизаторлар) компьютерлер және жүйелік
програмдық қамтамасыз ету.Қазіргі кезде коммуникациялық жабдық арнайы
мультипроцессор болып келеді. Үшінші қабат операциялық жүйелер болып
келеді. Желіні жобалаған кезде, берілген операциялық жүйе басқа желінің ОЖ-
мен бірге жасалатын жұмыс жеңіл болу керек және ол мәліметтерді сақтау,
сонымен қатар қауіпсіздік қамтамасыз ету керек. Желілік құралдардың ең
сыртқы қабаты әр түрлі желі қосымшалары болып келеді, олар мәліметтердің
желілік базалары, почталық жүйелер, мәліметтерді архивтендіру құралдары,
коллективтік жұмыстарын автоматизациялау жүйелері және т.б.

1.10 Принтерлер

Кез-келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура
келеді. Әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтер ала беру қажет
емес. Мұндай мүмкіндік кез-келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір
мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер болады. Ал, бір принтерді
бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болады екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып
алуға болады,ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан бірнеше компьютерге
бірдей жалғанады. Оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге
ауыстырып қосқыш тетік арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей
пайдалануға болады.

1.11 Компьютерлерді желілерге біріктіру

Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса,
онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. Бірақ сіздің
бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру
керек болғанда, желілік технология өте қажет. Желілік технологиялар қаржы
мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік
желілержі пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Желілік желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін
жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне
бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды
желіге келетін болсақ, онда олардың арақашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр
түрлі мемлекеттердегі, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен
байланыстыратын ауқымды желілер бар. Жергілікті желілерде компьютерлер
арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10,
айта берсек 100 мегабитке де жетеді.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл
екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады,
сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.

1.12 Мәліметтер базасы

Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір
немесе бірнеше файлында орналасады. Егер мәліметтер базасы үлкен компания
үшін құрылған болса, онда бұл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам
пайдалануына тура келеді. Ол үшін компьютерлерді бір компьютерлік желіге
біріктіріп, мәліметтер базасын серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру керек.
Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып, қажетті
мәліметтерді керек кезінде мәліметттер базасының басқару жүйесі орналасқан
серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару
жүйесі орналысқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс
станцияларына жіберіліп отырады. Мұндай база орналасқан сервер құрамында
дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде
пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналысқан ЭЕМ-дермен (яғни
мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер
алмаса алады. Терминал (енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер
тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді
қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәліметтер
өңдеу өнімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
Егер жүмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде WІNDOWS
пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін
WІNWORD мәтінді форматында немесе EXEL электрондық кестесі форматында
көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған оң, лазерлік
принтерге
(әрине, желіге жалғанған болуы тиіс) қағазға басып алуға болады. Мұның
бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын жеке пайдалынатын компьютерде іске
асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым
пайдалынатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір-
бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі
ешқашанда толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкерге
көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желімен жұмыс
істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге
қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін (немесе бір-екеуін) файл-сервер үшін
пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің көлемі үлкен болуы
тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа жетуі мүмкін). Мұндай дискіні кез
келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісінде жазылса, онда
желідегі барлық жұмыс станциялары (немесе администратор рұқсатына
байланысты олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәліметтермен жұмыс атқара
алады. Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желілердің мәні мен түрлері
Есептеу желіліердің түрлері жайлы
Компьютерлік желі
Желілер
Ақпараттық желілерді құру принциптері
Желілерді құру принциптері және есептеу желілерінің жіктелуі
Желінің шиналық топологиясы
Сыртқы маршруттау хаттамалары
Қолданыстағы желіні талдау
NGN желісіне техникалық есептеулер
Пәндер