Почталық байланыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ. 4
INTERNET ЖЕЛІСІ 5
1 Internet-ке шығу 8
1.1 Internet-ке қосылу үшін қажетті жабдықтар 8
1.2 Байланыс түрлері 10
1.3 Іздеу серверлері 11
2. E-mail 12
2.1 Электрондық почта туралы түсінік 12
2.2. URL адресі 13
2.3 Гипермәтін, гиперорта 14
3. Қорытынды 15
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 16

КІРІСПЕ.

Интернет әлемнің түрлі мекемелерін ақпараттық желі байланысымен
қамтамасыз ететін түйін тәрізді.Егер ертерек желі тек электронды пошта
арқылы файлдар мен хабарландырулар алмастыру үшін қолданылған болса, қазір
қиын функцияларды шешуге қолданылады. Осыдан 9 жылдай бұрын желілік іздеу
мен таралған ақпараттық қорларға, электрондық архивтарға рұқсат
функцияларды қолдайтын қабықшалар жасалған болатын.
Интернет,суперкомпьютерлерді меңгеруге талпынған зерттеуші және оқушы
топтарға қызмет еткен болса, қазір бизнес әлемінде де басты орын алуда.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді.

INTERNET ЖЕЛІСІ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(казіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) кашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық
қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады.
Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және
қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай
компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне
күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet
коғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны
бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе
жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін
қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.
Internet (бас әріппен жазылса) — кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен, ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCPIP хаттама (протокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұскада, яғни бір тілде
сөйлейді деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCPIP — Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін, мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері
немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) — мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген
шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін
желіаралық хаттама.
TCP (Transmisson Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді,
қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени
және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде
өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну
мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) — TCPIP хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.
INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар
басында АҚШ қорғаныс министірлігінің ARРANET компьютерлік жүйесі болып
саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.
Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-
бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен cay желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен, INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет
мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті
кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің
көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер
базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады).
INTERNET-ке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған 1000-даған
компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден
өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті
қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді,
суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала
алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенін нөмірін теру
керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET
компаниясы да тек бipey емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім аркылы
ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ipi телефон компаниялары
бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел кұнын - кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық
мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.
INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалыктар тобын қарап шығу керек, мүмкін
сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда
енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар.
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ
әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат
ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей
журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып
беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп
жатады.Ендi бұл ғажайып желiмен жақынырақ танысайық.

1 Internet-ке шығу

1.1 Internet-ке қосылу үшін қажетті жабдықтар

Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалык талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді
машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет,
олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының
арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық
серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін
оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз- калың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы
пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер.
Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар, т.с.с.
мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес
(ІР-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (IBM, Macintoch),
операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Windows 98, Windows NT) байланыста
болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес керсетілген компьютерге келіп
түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген
және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс
барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады.
Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жыддам, әрі арзан, әрі сенімді
байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз
етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек,
бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме
бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет
трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Parasang, Қазақтелеком,
Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
lnternet-me қызмет көрсету провайдері - ISP (Internet Service
Provider), Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер,
модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық
жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен
жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды)
параметрлері мынадай болады:
Windows 95 операциялық жүйесі (желі жүмысына Windows 98 ыңгайлырақ);
48666 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) келемі 8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуга арналған COM PORT болуы тиіс;
S VG А мониторы;
модем (модулятор-демодулятор);
тышқан тетігі.
Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер кұрамы:
Pentium 2 350 МГц немесе AMD K6-2 350 МГц; RAM көлемі — 64 Мб; HDD көлемі
- 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы; дыбыстық карта мен акустикалық
жүйе; US Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Кбитсек,
Модем дегеніміз — провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның
мәліметтерді қабылдаужөнелту жылдамдығы (битс немесе кбитс - bs, kbs)
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде
провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50
кбитс-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі
телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбитс модем
алудың қажеті шамалы. Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға
қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл кызметі үшін сервер
провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына — ақпаратты
тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер
(клиент) арасында байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шакты
серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң
Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері аркылы трансатлантик
кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда
мәлімет бірден сітутникалық арналармен Мәскеуден тура Ныо-Йоркке кетіп
қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға
болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден
ақпарат дестесін алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін
біледі де, ақпаратты сол бағыттағы жақындау орналасқан серверге жібереді.
Жақындау дегеніміз тегін емес, жақындау орналасқан сервер байланыс
мүмкіндігіне, белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б.
факторларға тәуелді болады. Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина
арқылы жетудің қиындығы тәрізді, мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң
тас төселген алыс жолмен жүру ыңгайлы, т.с.с. шаралар сияқты байланыс
арналарында да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік
тандалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында
арнайы ақпараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды
бағыттауыштар (маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті
қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті
сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа
компьютерге жіберіледі Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки
арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш
программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.

1.2 Байланыс түрлері

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше
түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін
қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCPIP
желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol -
жеткізуді басқару протоколыинтержелі протоколы) түрінде болады, бұл
INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экономикасының салалары
Электронды почта жүйелері
Ауқымды желілер
Internet желісі және оның тарихы
Электрондық почта ( E- mail)
«Қазпочта» АҚ құрылымдылық ұйымы
Интернет желісімен қатынас құру
Internet жайлы
Компьютерлік телекоммуникация
Internet желісі жүйесі
Пәндер