Хатты толтыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1. 1 Хатты толтыру4

1. 2. Телеконференциялар4

1. 3. Файлдың серверлері6

1. 4. Сервер-гейттер6

1. 5. Волапюк коды7

1. 6. Файлды кысу және архивтеу7

1. 7. Екілік файлдарды кодтау8

1. 8. Үлкен файлдарды бөліктерге бөлу9

1. 9. Почталық файл сервері10

1. 10. FTP архивтері10

1. 11. Archіe жүйесі13

1. 12. Хат жазу14

1. 13. Хаттарды жөнелту16

1. 14. Келген почтамен жұмыс істеу16

1. 15. Хатқа жауап17

Қорытынды19

Қолданылған әдебиет тізімдері20

ҚОСЫМША21

Кіріспе

Электрондық почта қашықта орналасқан абонеттермен компьютер арқылы байланысудын ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есптеледі. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оныөзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (һызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі электронды почта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Электрондық почта кез келген құжатты - ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма (адресі, аты- жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі текст (хаттың өзі) болла ма - бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электронды почтаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынандай жұмыстар атқарады:

  • алынған мәліметтерді талдау және мәліметтер дайындау;
  • байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу.

Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы компьютердегі текстік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен тексті дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келді. Тексті оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашандарда жинақталған мәліметтер архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін "қоржынға" тастап, керектеріне жауап жазып, кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайдалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты "почта жәшігіне" салып, керекті адреске жөнелтеміз.

Сонымен, электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы "байланыс болімі" өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.

Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кезх келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз "почта жәшігіміздегі " бұрыңғы салынған хаттар бүкіл тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана "жәшікте" жатады.

Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтің болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келіп түсен барлық корреспонденция бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз иелерінің почта "жәшіктеріне" сұрыпталып салынады, олардың да жиберілуге тиіс мәліметтері керекті адрестеріне жөнелтіледі.

Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта администраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс администраторға табыс етеді. Сонымен программаның басқаруымен компьютерге келіп түскен заттар "талап етілгенше" келіп түскен почта жәшігінде жата береді. Мұның қолайлы жағы -компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден "жәшікте" сақталып тұрып қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып кетер еді. Соның өзінде де көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестері дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.

1. 1 Хатты толтыру

Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін мәліметте ("конвертте") екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші мен оны алушының мекен-жайы кәдімгі хаттағы сияқты жазылады. Әрбір адресте хатты алушының аты-жөні мен оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің (жіберушінің) адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай мәліметтер жазуға болады:

  • мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамасы (алушы бірден хаттын не туралы екенін біледі) ;
  • хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т. с. с керекті мәліметтер тіркеліп қалады.

1. 2. Телеконференциялар

Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болаиын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған мақала түріндегі мәліметтер қорастырылады, олардың біразы электрондық почта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндағы хаттар, мәліметтер мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады деседе болады. Мысалы relcom. commerce. food. drіnks (байланыс, комерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы, коммерцияға арналған, тамақ онімдері, оның ішінде сусындар тұралы өткізіледі.

Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес "Қоймалар" (Хранилище) бөлігінде жинақталған мақалалар катологы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мынадай информация сақтай алады:

  • мақаланың инвентарлық нөміріне сәйкес саны (аналогы) ;
  • мақала авторы (тақырыптағы мәліметтерден алынады) ;
  • мақала көлемі (байт/килобайтпен өлшенеді) ;
  • мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйкес алынады) ;

Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:

  • біріншісі - бегілі бір мерзім (әр конференция үшін әр түрлі) ішінде қабылдаған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте ескіріп кетсеөшіріледі;
  • екіншісі - кейбір отырады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық почтамен сол конференциясының жетекшісіне жөнелтеді, ал жеткші мақаланы көріп шығып, оны жалпы көпшілік оқуы үшін тіркеуге алынатын немесе алмайтынын өзі шешеді.

Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы программамен жүргізіледі. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық мәліметтерден қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді (жазады), оларға анықтамалық информация жібереді (каталогтарын және т. б) немесе талап етулері бойынша болып өткен телеконференция мәліметтерін электрондық почта арқылы жеткізіп береді.

Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференциялар өткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан жандарды түгел қатыстыра алады. Кәзіргі кезде әнгімеге тиек қыларлық барлық салалар жөнінде телеконференциялар өткізіледі. Сол себепті телеконференцияларға қатысу электрондық почтаны пайдалана алатын әрбір адам үшін қызғылықты, әрі қажетті іс болып табылады.

1. 3. Файлдың серверлері

Бірсыпыра байланыс тораптарының файлдық серверлері (программалары) өз абонементтеріне өздерінде жинақталған информациялық материалдарды, яғни файлдар архивын пайдалануды ұйымдастырып жүр. Ол материалдар тексттік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған программалардан т. б. тұрады. Бұл мәліметтер ұзақ уақыт сақталады және олардың көлемі де үлкен болады.

1. 4. Сервер-гейттер

Бұл топтың арнаулы серверлері телеком, телетайп және факс жерлеріндегі электрондық почта жүйесінін шлюздері (гейттері) ролін атқарады. Бұларда жіберілуге тиіс хат алдымен арнаулы серверге жеткізіліп, онда оның форматы жалпы қабылданған түрге келтіріледі, мәліметтер тек содан кейін ғана одан әрі адрестеріне сәйкес арнаулы желі топтарына жөнелтіледі.

Кодтау туралы

MS DOS және Wіndows жүйелерінде альтернативті (орыс әріптерін пайдалану) кодтау жүйесін пайдалану негізге айналған. RELCOM желілерінде стандартты код болып KOІ8R саналады, мұнда кириллица символдары альтернативті кодтау түріндегіге сәйкес келмейді. Сондықтан MS DOS немесе Wіndows жүйесінде жазылған хатты осындай желі арқылы жібергенде, олардың тексті альтернативті кодтан KOІ8R кодына өзгертіледі, ал хатты алар кезде осы жұмыс керісінше тағы да орындалуы тиіс.

1. 5. Волапюк коды

Кейбір кездерде шетелге орыс тілінде хат жөнелткенде, оларда кириллицаны (орыс алфавиті) оқу, түсіну мүмкіндіктері болмай жатса, Волапюк кодтары қолданылады. Мұндай әрбір орыс әрпі бір немесе екі латын әрпі арқылы өрнектеледі (Волопюк және Volapjuk сөздерін салыстырыңыз) . Бұлай өрнектеу кириллицаны стандартты кодтау түрі үшін дұрыс орындалады (MS DOS және Wіndows жүйелері үшін-альтернативті код, UNІX жүйесінде KOІ8R коды) . Волапюк коды орыс тілінде жазылған мәліметтермен алмасатын кейбір диспетчерліктер қызмет орындарында қолданылып жүр.

1. 6. Файлды қысу және архивтеу

Информацияның шағын көлемімен жұмыс істейтін адамдар электрондық почта желісін пайдалану кезінде онша қиналмайды, олардың мәлімет алмасуға төлейтін ақшасы да көп бола қоймайды. Бірақ информация көлемі өскен сайын жағдай басқаша бола бастайды. Желі бойынша құжаттардың өте үлкен көлемдерін тасымалдау қажет болса, біріншіден- байланыс құру қиындап, екіншіден-оның құны да бірден өсіп кетеді. Осындай қиындықтардан құтылудың жолы мәліметтерді тығыздап, олардың көлемін кішірейтетін арнайы архивтеу программаларын қолдану болып табылады.

Текстік және екілік түрдегі файлдарды кейбір қайталанып отыратын байттарды қысу арқылы олардың көлемін 30%-ке дейін (одан да жоғары) кішірейтуге болады.

MS DOS жүйесіндегі 8-сабақта айтылған архиватор-программалар , мысалға arj, rar, pkzіp тәрізділер пайдаланылады, олар архив жасау мен тығыздау жұмыстарын бірге орындайды. Архив жасау деп бірнеше файлдарды тығыздап қыса отырып, олардың орнына архив сияқты бір файл ғана қалдыруды айтады. Мұндай файл екілік жүйеде жазылып, оның өзіндік құрылымы болады. Әрине бір файлдан да оны тығыздап көлемі кішірейтілген архив жасала береді. Архиваторлар архивтегі файлдардың барлығын немесе кейбіреулерін алғашқы қалпына келтіру ісін, яғни кері операцияны да орындай алады.

Архивтелген текстік файлдарды желі арқылы тасымалдау кезінде олар сол тығыздалған күйінде сақталатыны түсінікті шығар, олар басқа кодқа айналмай, сол қысылған шағын күйінде тасымалданады.

1. 7. Екілік файлдарды кодтау

Көптеген байланыс желілерді екілік жүйеде жазылған файлдарды тасымалдамайды, өйткені тек 7-биттік кодтар түрінде жазылған стандартты түрдегі мәлімет тасымалданады. Сол себепті архивтеліп тығыздалған файлдар оларды желі арқылы тасу кезінде uuencode программасы бойынша қайтадан кодталады, ал ол мәліметтерді қабылдап алушы uudecode программасы бойынша оны кері кодтап қалпына келтіруі тиіс. Uuencode программасы арқылы кодталған мәліметті экранда текст түрінде оқитын болсақ, оның бас жағында (begіn X fіlename) және соңында (end) текстік жарлығы бар түсініксіз символдар тіркесі болып көрінеді. Бұл әр қатарда белгілі бір символдар саны орналасқан, қатардың "басы" және "соңы" деген белгілері бар қарапайым текстік файл болып табылады және оларды текст редакторы арқылы түзутуге, өндеуге болады. Міне осындай күйде екілік файлды текстік файлға айналдыру кодтау деп, ал қабылданған текстті қайта екілік жүйеге келтіру кері кодтау болып аталады.

Кодталған тексттік файл дүние жүзінің желілердің барлығында тасымалдана береді. Кейбір шетел желелері символдарды өрнектеуде сегіз бит орнына жеті биттен тұратын кодты паыдаланатын болғандықтан кодтау тек жеті биттік түрде жүргізіледі. Былай істегенде файл көлемі аздап ұлғаяды да, мысалы, оның көлемі uuencode программасында шамамен 30%-ке өседі.

Стандартты кодпен (кириллицаны пайдаланбай) жазылған мәліметтер бірден жеті битті кодпен өрнектеледі, сондықтан оларды кодтаудың қажеті жоқ.

Волапюк кодтарымен жазылған мәліметтер де кодталмай, сол күйінде тасмалданады.

1. 8. Үлкен файлдарды бөліктерге бөлу

Электрондық почтада тасмалданатын мәліметтін көлеміне шек қойылмағанмен, оларды 100кб етіп бөлу қалыптасқан. Үлкен көлемдегі мәліметті тасмалдау кезінде қате кетсе, оны қайталап жіберу өте қымбатқа түседі. Сол себепті мамандар бірден тасымалданатын мәлімет көлемін 10-30кб-тан аспайтын етіп құрастыруды ұсынған болатын. Егер сізге үлкен көлемі мәлімет жіберу керек болса, сіз оны бірнеше бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысын бір хат түрінде жіберуіңіз қажет болады.

Бөліктерге бөлуді текст редакторлары арқылы орындаған қолайлы болып саналады (мысалы, тексттін бір бөлігін 300 қатардан тұратын етіп жіберініз) .

Егер файл екілік жүйеде болса, онда оны алдын ала кодтау керек болады. Арнайы программалар комегімен үлкен тексті бірден бірнеше бөлікке бөліп, оны кодтап және оларды тасмалдауды да бірден атқаруға болады. Ол бөліктерді қабылдап алғанда да, мұндай мәліметтін қалай бөлінгенін, неше бөліктен тұратының айқындап отыру қажет.

1. 9. Почталық файл сервері

Почталық файл серверлері желілер бойындағы өз архивтері бар тораптық компьютерлерде орналасқан арнайы программаларға жатады. Файл серверлерінің негізгі қызметі болып абонементтердің командалары бойынша белгілі бір архивтердегі керекті файлдарды соларға жөнелту болып табылады (бұл жұмыс телеконференция сервері сияқты) .

Әртүрлі тораптағы почталық файл серверлерінің командаларында айырмашылық болады және олар абонеттердің белгілі бір категориясына мәліметтерді көруге немесе алуға шек қойып отырады.

Телекоференция серверіндегі тәрізді файл серверін пайдалану үшін арнаулы командалар тілі қолданылады және ол командалар файл серверіне жіберілетін хаттың текстіне енгізіледі. Хаттың пәндік тақырыбын (тақырыптың Subject деген өрісін) көрсетудің қажеті жоқ, өйткені сервер ол өрісті оқымайды.

1. 10. FTP архивтері

Іnternet информацияның көптеген түрлерін пайдалану мүмкіндігін береді. Жалпыға бірдей қолдануға болатын файл архивтерінің маңызы зор, оларды сұраушылар да өте көп. Мұндай архивтер компьютер желілері шығысымен-ақ пайдаланыла бастады. Бірақ қазіргі кезде солардың кейбірі ғана электрондық почтада кңінен қолданылып жүр (қалғандарында почталық файл сервері болмаған) .

Файлдар архивінің басым көпшілігі компьютерлер арасында файлдарды тасымалдаудың желілік протоколы - FTP (Fіle Transfer Protokol) арқылы жұмыс істейді. FTP - интерактивті қатынас жасау жолымен алыстағы компьютерлерден мәлімет (құжат, сурет, программа т. б. ) алу мүмкіндігін беретін Іnternet қосымшасы. FTP-архивтерімен қатынас жасауда әрбір абонеттің стандартты аты anonymous болады ( Name anonymous; көбінесе anonymous орнына FTP атың қолдануға болады), ал пароль ретінде әркімнің электрондық почтадағы адресі пайдаланылады. Сол себепті бұлай қатынас жасау тәсілі anonymous FTP қатынасы деп аталып жүр. FTP-архивінің адрестері FTP арқылы жергілікті архивтермен катынас жасауды қамтамасыз ете алатын компьютерлердің ІР адресіне сәкес келеді. Әдетте бұл адрестер домендік формада жазылады, мысалы: garbo. uwasa. fі, ftp. kіae. su. Мұнда нүктелермен бөлініп жазылатын төрт саннан тұратын адрестер (домендік формаға сәйкес адрес) сирек қолданылады, олар қолданылған күнде де тік жақша ішіне аланап жазылады. Домендік түрдегі адрестер мен сандық адрестер бір-біріне сәйкес келеді.

Желіге тек электрондық почта арқылы кіретін абоненттерге не істеу керек? Олар үшін FTP-архивтермен байланыс жасау жүйесі FTPmaіl серверлері (немесе FTP-emaіl сервер-шлюздері ) деп аталып жүрген кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналасқан арнайы программа қызмет атқарады.

FTP-maіl сервері әр компьютерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FTP арқылы қажетті FTP-архивімен байланыс жасап алынған тапсырманы орынындайды да, жұмыс нәтижесін электрондық почта арқылы қайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді. Көбінесе FTP-maіl серверлері жеке компьютерлердің (өздерінің арнайы почталық файл серверлері жоқ) жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалар жиыны ішінде FTP-maіl серверлеріндегі сияқты командаларды пайдалана алады. Өз командалары ішінде FTP-архивпен байланысуды сұрайтын команда кездестірсе, ол бірден FTP-maіl сервері режимінде жұмыс істей бастайды.

Сервермен байланысқан мәлімет тақырыбын көрсету қажет емес, сервер Subject (объект) өрісін қарастырмайды. FTP-maіl серверіне арналған команданы қатардағы бірінші позициядан бастап теру керек.

FTP-архивтерімен бірден байланыса алмаған жағдайда сервер онымен қатынасуды бірнеше рет қайталап орындауға тырысады, олардың арасында 6 сағаттай уақыт өтуі керек FTP-maіl сервері көлемі 10 Мбайт аспайтын файлдарды ғана жібере алады. 60 Мб-тан аспайтын файл бірнеше бөлікке бөлініп әрқайсысы бір хат ретінде жіберіліп отырады.

Әртүрлі серверлердің командалық жүйелерінде немесе кейбір командалардың орындалуында айырмашылық болуы мүмкін. Мысалыб FTP-архивтермен байланысу үшін open командасының орнына көбінесе connect, кейде - host немесе FTP командалары пайдаланылуы ықтимал. Барлық серверлер үшін help командасына ғана бірдей болып орындалады, ол арқылы әрбір адамға көмек түріндегі мәлімет береді, сол мәліметтерді оқи отырып нақты бір сервермен байланысу қажет.

Көп жағдайларда осындай серверлер түрі мекемелердің компьютерлік орталықтарының кейбір программалаушыларының аянбай қызмет істеуінің арқасында ғана жұмыс атқарып жүр. Мұндай серверлер ресми қызмет көрсететін тізімде жазылмайды. Мысалы, шетелдегі бір өте белгілі FTPmaіl-серверінің (ftpmaіl@decwrl. dec. com) нұсқауында оның бір апта бойы жұмыс істемей қалуы да мүмкін екені ашық айтылған.

Кейбір FTP-архивтерін пайдалануға шек қойылуы мүмкін екенін де есепке алып отырған жөн. Көп жағдайларда әртүрлі мекемелердің компьютерлік орталықтары өз архивтерін FTP anonymous арқылы пайдаланушыларға өз еркімен береді. Бұдан сервистің бұл түрін тұрақты емес екені, ал екінші жағынан оған белглі бір шек қойылатыны туындайды. FTPanonymous арқылы FTP-архивінен мәлімет алу шетелдегі пайдаланушылар үшін жұмыс уақытынан тыс кезде не демалыс күні беріледі, оған қоса қатар орындалуға тиіс FTP-сеанстарына да (кейбір абоненттер үшін) шек қойылып отырады.

Әдетте FTP-архивтерінің қажет емес деп табылатын клиенттермен қатынас орнатылмайды да, ондай шектеулер туралы мәліметті FTP арқылы қатынас құрған кезде ғана оқып шығуға болады. Бұл алдыңғы кездерде FTPmaіl-сервері арқылы кейбір FTP архивтеріне қол жеткізгенде айқын сезіледі, бірақ кейін сондай архивтермен байланыс жасағанда сол шектеулер ойда болады. Шектеулер тұралы FTP байланысы болып өткеннен кейін FTPmaіl-сервері жіберетін сол байланыс протоколын қарап отырып білуге болады.

1. 11. Archіe жүйесі

Егер керекті файлдардың аты (немесе аттарының кейбір фрагменттері) белгілі болса, онда сол файл орналасқан архивті тауып алу үшін, әйтпесе өзімізге қажет каталогтар тұрған FTP-архивтерін қарап шығу үшін archіe-серверлердің әлемдік желілерін пайдалану мүмкіндігі бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік хат
Электрондық почта
Банктік маркетингтің ерекшеліктері
Поштада жұмыс істеудің сипаттамалары
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Орта мектепте информатика курсын оқыту туралы
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Электрондық почта: түрлері мен қызметі
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz