Ұялар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде жазу


ЖОСПАР
Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу2
Ұялар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде жазу2
Туралау6
Мәтінді қаріптік дайындау. 7
Фон түстері8
Қолданылған әдебиеттер:9
Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу
Функция мәндерін кесте түрінде алу жолын қарастырайық.
Бізге y=kx(x2-1) /(x2 +1) функцияның мәндерін х [-2; 2] интервалы ішінде оның қадамы 0, 2 болып өзгеру кезінде табу керек болсын, мұнда k=10.
Есептің нәтижесі
N х k y1=x2-1 y2=x2+1 y=k*(y1/y2)
. . .
Ұялар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде жазу
Ұялар адрестерін В3, А1:G9 тәрізді бұған дейін көрсетілген және т. б. тәсілдермен жазуға болады.
Бұлай бейнелеу адресті салыстырмалы түрде жазу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяға салыстырмалы күйде беріледі. Мысалы, В4 ұясына =В1+В2 формуласын енгізсек, Excel мұны үш қатар жоғары орналасқан ұядағы санды бұдан екі қатар жоғары орналасқан ұядағы санға қосу деп ұғады.
Егер =В1+В2 формуласымен В4 ұясынан С4 ұясына көшіріп жазсақ, онда Excel ол формуланы тағы үш қатар жоғары орналасқан ұядағы санды екі қатар жоғары ұядағы санға қосу деп түсінеді де, С4 ұясына =С1+С2 деген салыстырмалы түрдегі формуланы көшіріп жазады.
Егер де формула көшіру кезінде біз бір ұяның адресін салыстырмалы емес нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз.
Ол үшін сол адрестің бағана атына сәйкес әріпінің екі жағына да $ символын жазуға тура келеді. Мысалы, $В$4 немесе $С$2: $С$48 және т. с. с. Аралас түрдегі адрес. $ символы өзгермейтін адреске сәйкес бағана әрпінің алдында ғана жазылады. Егер бағана аты өзгеріп, қатар нөмірі өзгеріссіз қалатын болса, онда В$4, ал бағана өзгермейтін түрде, қатар өзгеретін болса, онда $С2 болып жазылады.
Сонымен формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес - аралас түрдегі адрес деп аталады.
Енді негізгі және қосалқы кестелер толтыра бастаймыз.
1. А1 ұясынан бастап негізгі кесте тақырыбын жаза бастаймыз да, ұяларды мынадай түрде толтырамыз.
- А1 ұясына N әріпін;
- В1 ұясына х әріпін;
- С1 ұясына k әріпін т. с. с.
Бағаналар енін де ондағы жазылған мәліметтер толық көрінетіндей етіп қою қажет;
2. Қосалқы кестені бастапқы берілген сандық мәндерімен Н1 ұясынан бастап толтырамыз:
х0 step k
-2 0. 2 10
мұндағы х0 - х-тің бастапқы мәні; step - х-тің өзгеру қадамы, k - коэффицент (тұрақты) ;
3. Өздігінен толтырылатын функцияны қолданып, А бағанасын А2 ұясынан бастап 1 мен 21 аралығындағы сандармен толтырамыз, сонда А2:А22 блогына мәліметтер енгізіледі;
4. В бағанасына х мәндерін, яғни В2 ұясына =$H$2 формуласын енгіземіз. Бұл В2 торына Н2 ұясындағы (бастапқы мән) сан көшіріледі, бірақ оның адресі өзгермейді деген ұғымды білдіреді. В3 ұясына =B2+$І$2 формуласын жазамыз, яғни х мәні І2 ұясындағы қадамға өсіп отырады. Енді В3 ұясындағы формуланы В4:В22 блогына көшіреміз.
Сонда бұл бағана қадамы 0, 2 болып келген +2-ге дейінгі мәндермен толады; 5. С бағанасына k коэфицентінің мәндерін жазамыз:
- С2 ұясына =$J$2;
- C3 ұясына =2
Бұл формулалар неге осындай болып жазылады? Соны түсінуге тырысайық. С3 ұясындағы формуланы С4:С22 блогына көшіреміз. Бағана толық 10 санымен торлтырылады.
6. D бағанасын у1=x2-1 функциясының мәндерімен толтырамыз, ол үшін:
- D2 ұясына =B2*B2-1 формуласын;
- D3:D22 блогына D2 ұясындағы формуланы көшіреміз.
Бұл бағана оң және теріс у1 функциясы мәндерімен толтырылады, оның бастапқы, соңғы мәндері 3-ке тең;
7. Осы тәрізді етіп Е бағанасын у2=x2 +1функциясының мәндерімен толтырамыз.
Барлық мәндер оң сан болып тұр, бастапқы және соңғы мәндері 5-ке тең екеніне көңіл бөлініздер;
8. F бағанасынан y=k*(x2-1) /( x2-1) функциясының мәндерімен толықтырамыз:
- F2 ұясына =C2*(D2/E2) формуласын енгіземіз;
- F2 ұясындағы формуланы F3: F22 блогына көшіреміз.
Бұл функция мәндері оң да, теріс те бола береді, алғашқы және соңғы мәндері 6-ға тең болатынына көңіл бөліңіздер.
Қосалқы кестедегі бастапқы мәндерді өзгерткенде, негізгі кесте мәндері қалай өзгеретінін байқаңыздар:
1. Қосалқы кестедегі х мәнін өзгертіп, Н2 ұясына -5 енгізейік;
2. Қадамды да өзгертіп, І2 торына 2-ні енгіземіз;
3. Коэффицент мәнін де өзгертіп, J2-ге 1-ді енгізейік;
Қосалқы кестеге кез келген өзгеріс енгізсек, негізгі кестеде автоматты түрде қайталап есептеу ісі жүргізілетініне көңіл аударыңыздар.
4. Ары қарай жұмысты жалғастыру үшін, бұрынғы сандық мәндерді өз қалпына келтірейік: х0 = -2;
step = 0, 2; k = 10.
Енді негізгі және қосалқы кестелерді аздап түрлендірейік.
1. Жоғарыдан тақырыптар енгізілетін екі қатарды босатамыз:
- курсорды 1-қатарға орналастырамыз;
- Енгізу-Қатарлар (Вставка-Строки) командасын орындайық (2 рет) ;
2. Тақырыптар жасайық, ол үшін:
- А1 ұясына "Негізгі" сөзін;
- А2 ұясына "кесте" сөзін;
- Н2 ұясына "қосалқы" сөзін енгіземіз.
3. А1:J1 ұяларын біріктіріп "Кесте" тақырыбын ортаға жылжытамыз:
- А1:J1 блогын белгілеп аламыз;
- Форматтау саймандар панелінің батырмасы арқылы бағаналардағы мәліметті олардың ортасына орналастырамыз;
4. Сол сияқты етіп "негізгі" және "қосалқы" сөздерін де бағана ортасына жылжытамыз;
5. Тақырыптарды шрифтің басқа түрлерімен жазамыз.
Туралау
Кез келген ұядағы мәліметтерді сол жақ, оң жақ шетке туралауға, ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағыттарда) және де тексті тіке орналастыру тізбегін де (жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай) бағыттап өзгертуге болады.
Текстің тіке орналастыру тізбегін (ориентация) өзгерту үшін Форматтау саймандар панелін немесе Формат-Ұя-Туралау меню командасын орындау керек.
Форматтау саймандар панелінің батырмалары арқылы негізгі және қосалқы кестелер үшін оларды қоршап тұратын тіктөртбұрышты жақтаулар (рамка) сызып шығайық.
Жақтаулар сызықтарын сызу үшін саймандар панелі батырмасын немесе Формат-Ұя-Жақтау (Формат-Ячейки-Рамка) меню командасын да пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz