Менің компьютерім



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: WINDOWS-тың негізгі ұғымдарымен танысу

Оқытушы:

Студент:
Тобы:

Алматы-2006
Жоспар
Windows-тың негізгі ұғымдарымен танысу 3
1. Жұмыс үстелі 3
2. Тапсырмалар тақтасы 3
3. Тышқан тәрізді тетік 3
4. Менің компьютерім 4
5. Windows сілтеуіш программасы 5
6. Жұмысқа нұсқау 6
Қолданбалы программалардың терезелері 6
Файлдар жүйесін ұйымдастыру 8
Файл жүйесі 8
Файлдардың және бумалардың атын өзгерту, оларды көшіру, жылжыту 8
Файлдар, бумалар, жарлықтарды өшіру немесе қалпына келтіру 9
Жаңа бума құру 10
Windows-та принтерге шығару 10

Windows-тың негізгі ұғымдарымен танысу

1. Жұмыс үстелі

Компьютер іске қосылғаннан кейін, бірден Windows операциялық жүйесі
жүктеледі. Экраннан жүйелік бумалар, құжаттар мен жарлықтардың әртүрлі
шартбелгілері көрінеді. Windows-тың экраны жұмыс үстелі деп аталады. Жұмыс
үстелінде Менің компьютерім, Қоржын т.б. щартбелгілер орналасқан. Менің
компьютерім щартбелгісі көмегімен компьютер туралы толық дерек алуға
болады. Қоржында өшірілген файлдар уақытша сақталады. Желілік орта (сетевое
окружение) шарт белгісі желімен байланысқан копьютерге қатынас жасау
мүмкіндігін береді. Әр шарт белгінің өзіндік ақпаратының қызметі болады.

2. Тапсырмалар тақтасы

Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденең жолақ – Тапсырмалар
тақтасы (Панель задач) деп аталады. Онда программаларды жылдам іске қосуға,
файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін Іске қосу (Пуск)
батырмасы орналасқан.
Іске қосу батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню)
ашылады. Бас менюдың командалары келесі деңгейдегі менюлерден құрылуы
мүмкін. Мұндацй компьютердың оң жақ шетінде ►белгісі тұрады. Бас меню
Ctrl+Esc пернелерін басқанда да ашылады. Бұл тәсілді Іске қосу батырмасын
экранда көрінбей тұрғанда пайдаланған тиімді.
Бас менюдегі командалар қатарын әр адам өзгертуіне болады.

3. Тышқан тәрізді тетік

Тышқан тәрізді қол тетіктің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол
жақ батырмасы – негізгі, оң жақ батырмасы – қосымша, ал ортаңғы –
программалау батырмасы болып саналады. Экранда тышқан курсорының түрі жұмыс
режиміне қарай әртүрлі болып өзгеріп отырады.
Тышқанды шерту - оның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта босату
арқылы орындалады. Екі рет шерту – сол жақ батырмасын жылдам екі рет басып,
қайта босатуарқылы іске асады.
Тасымалдау – курсорды кез келген шарт белгіге орналастырып, тышқанның
сол жақ батырмасын босулы күйінде ұстап, курсорды қажетті жерге орналастыру
арқылы жүзеге асады.
Жанама немесе динамыкалық менюды шақыру – тышқанның оң жақ батырмасын
басып, қайта босату арқылы орындалады.
Терезе көлемін өзгерту – курсорды терезе жақтауына орналастырып, ал
екі жақты тілсызыққа айналғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде
ұстап терезе жақтауларын кез келген бағытта ығыстыру.
Тышқанның көмегімен Windows операциялық жүйесін және оның қосымша
программаларының жұмысын басқарамыз. Мысалы , кез келген командаларды
орындаймыз және суреттер саламыз, оның бөлігін қиып алып басқа орынға
қоямыз.

4. Менің компьютерім

Жұмыс үстеліндегі Менің компьютерім шарт белгісі, копьютердегі бүкіл
бумалар мен файлдарды көру үшін, тышқан курсорын осы шартбелгіге
орналастырғаннан кейін, сол жақ батырманы екі рет жылдам шерту керек. Сол
сәтте экранға Менің компьютерім программаның терезесі шығады. Бұл терезесі
Windows жүйесінің барлық стандартты терезелері сияқты тақырып, меню,
саймандар тақтасы қатарларынан, басқару батырмаларынан және қалып-күй
қатарынан тұрады. Терезе ішінде компьютердегі барлық дискілер тізімі
көрініп тұрады. Олардың қажетті бірінің атына тышқан курсорын жеткізіп, оны
екі рет шерту арқылы кез келген дискінің ішкі мазмұнын көру мүмкіндігі бар.
Менің компьютерім терезесінде А:, С: және Е: (компакт-диск)
дискілерінің белгілеушілері орналасқан.CALC файлында тышқан тетігін екі рет
шертсе кәдімгі есептеуіш калькулятордың терезесі ашылып, амалдарды орындау
мүмкіндігі туады. Ал картаның суреті бар SOL файлы арқылы пасьянс карта
ойынын іске қосуға болады .
Жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасында (Панель задач) орналасқан
сағатты түзету үшін, курсорды сағаттың үстіне орналастырып, тышқанды екі
рет шерткеннен кейін шығатын қасиеттер: ДатаУақыт(свойства: ДатаУақыт)
диалог терезесінің Дата және Уақыт (Время) өрістеріне қажетті шамаларды
енгіземіз.

5. Windows сілтеуіш программасы

Диск құрылымын көрнекі көрсететін Сілтеуіш (проводник) програмасын
іске қосу үшін, басты менюдегі Программалар – Сілтеуіш (Программа -
Проводник) командасын таңдау қажет немесе Ctrl+Shift пернелерін басып,
Менің компьютерім шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Сілтеуіштің
сол жақ жарты терезесінде компьютердегі негізгі құрылғылар мен программалық
компоненттер беріледі, ал оң жақ жартысында - сол жақтағы дискілер мен
бумалардың ішкі мазмұны көрініп тұрады. Бұл әсіресе файлды көшіру және
олардың орнын ауыстыру кезінде өте ыңғайлы.
Сілтеуіштің сол жақ жарты терезесіндегі бұтақ тәріздес каталогтардың
құрылымы – кез келген ішкі каталогты жылдам тауып, оның файлдарын оң
жақтағы тақтаға шығару мүмкіндігін береді. Каталогтар арасындағы жіңішке
сызықтар файлдар мен каталогтардың байланысының сатылық деңгейлерін
білдіреді. Квадраттар ішіндегі + таңбасы сол буманың әлі де ашылмаған
ішкі каталогтары бар екенін, ал - таңбасы каталогтың толық ашылғанын
білдіреді. Квадраттың ішіндегі + таңбасында тышқанды шертсе, оң жақ
жартысы өзгермей сол күйінде қалады да, буманың бағынышты каталогтарын сол
жақ бөлікте көру мүмкіндігі пайда болады. Егер буманың шарт белгісінің
алдында + таңбасы болмаса, оның ішкі бағынышты каталогының жоқ болғаны.
Ашық тұрған каталогты жабу үшін оның шарт белгісінде тышқанды екі рет
шерту керек. Сілтеуіштің екітерезе ортасын бөліп тұрған сызығы, олардың
көлемін өзгерту үшін қолданылады. Егер курсорды сол сызықтың үстіне
орналастырсақ, оның түрі екі жаққа бағытталған тілсызыққа айналады да,
тышқан батырмасын басып шекараны оңға, солға жылжыта аламыз.

6. Жұмысқа нұсқау

Програманы іске қосу үшін Бас менюдегі (Главное меню) ащып, қажетті
программа орналасқан буманы таңдап алғаннан кейін, сол бума белгісінде
тышқанды шерту керек. Ашық тұрған терезелерді бәрін бір мезгілде жинақтап
жабу қажет болса, курсорды тапсырмалар тақтасының бас аймағына орналастыру,
тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жанама менюдегі Барлығын жинау
(свернуть все) әмірін таңдау жеткілікті .
Бірден бірнеше файлды немесе бумаларды белгілеу үшін ,шартбелгіні
таңдау кезінде Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет.
Өшірілген файлды немесе бумаларды арнайы тазартылмайынша қоржында
сақталып тұрады.
Құжатты ашу үшін оны шарт белгісіне курсорды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows 95-тің негізгі объектілері
WINDOWS-тың негізгі ұғымдарымен танысу
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Сілтеуіш терезесінің көрінісі
WindowsXP операциялық жүйесі
WindowsXP оператциялық жүйесі
Менің компютерім программасының істетілуі
Windows-ды баптау
Операциялық жүйелер,дамуы және түрлері
WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Пәндер