Объект селекторындағы компоненттің атын таңдаумен


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

ТҮж ӨА кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЖАЗБАЛАР, GRAPH МОДУЛІ, ИНТЕГРАЛДЫ ЖУЫҚТАП ЕНГІЗУ, СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ШЕШУ.

、 Тексерген: Нұрахунова . Р. К. .

Орындаған: Ахметжанова. А. К

Мамандығы: 3503

Тобы: АиСУ-02-13қ

Алматы 2003

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3

Borland DELPHІ 7. 0 ортасында жұмыс істеу 3

DELHІ 7. 0 компонентері 4

DELPHІ 7. 0 ортасында қосымшалар құру 5

Теорияға қысқаша мағлұмат 6

Файлдар 14

GRAPH модулі 19

Тапсырмалардың математикалық шығарылуы 25

Бағдарлама мәтіндері 28

Қорытынды 52

Пайдаланылған әдебиеттер: 53

Кіріспе

ІІ-дүниежүзілік соғыс кезіндегі снарядтардың ұшу траекториясын есептейтін бірінші есептеуіш мешиналардың программалық тілдері өте қолайсыз болған. Алғашында программистер есептеуіш машиналар түсінетін шектеулі программалармен жұмыс істеді.

Біраз уақыттан соң есептеу машинасының тілін адамға түсінікті етіп аударатын Assembler тілі пайда болды.

Одан кейінгі уақытта Borland DELPHІ ,VBasіc, VC ,Borland C++, Pascal, C, Java және Cobol сияқты жоғарғы программалау тілдері шықты. Осы тілдердің арқасында сөздер мен сөйлемдерден құралған логикалық құрылғыларды пайдалануға мүмкіндік болды. Бұл командалар есептеу машина тіліне интерпретаторлар мен компиютерлер арқылы аударылып отырды.

Интерпретатор - программалардың инструкцияларын машиналық кодқа ауыстырады. Ал компиютер - ол программалық кодты белгілі бір объектілік файлға аударады. Одан кейін компиютер компоновка программасын шақырады. Компоновка программасы объектілік файлды программаның орындалатын файылына ауыстырады.

Кейінгі жылдарды программалар өзінің қысқалығымен, тез орындалатын қабілетімен ерекшеленді. Осындай программалар жадыдағы орынды аз алатын болғандықтан олардың жылдар өткен сайын бағасы да азая түсті. Қазіргі уақытта ғылыми техникалық дамудың жетістіктеріне сай, алдыңғы қатарлы ЭЕМ - өміріміздің әр алуан саласында кеңінен қолданылуда. Осыған орай - ЭЕМ-да жұмыс істеу реттерін бағдарлама арқылы басқара алатын систематехника инжинерлеріне сұраныс көп. ЭЕМ-сы мен арақатынасын қалыптастыруда керекті алгоритмдік тілдер: Фортран, Паскаль, Бейсик, Си т. б. Компиютерде есептерді белгілеп, нәтижесін шығаруға бейімделген.

Солардың арасында студенттерге бағдарламалау технологиясы мен алгоритмдік тілдерді оқытып үйреніге ыңғайлы - Паскаль тілі. Оның негізгі себептері: бағдарлама құрылымдары біркелкі, қарапайым, құрылымдары неғұрлым қатесіз бағдарлама құруға бейімделген; қазіргі кездегі қолданылатын компиютерлердің барлығында да Паскаль тілінің трансляторлары кеңінен пайдаланылады.

Паскаль тілі өзіне дейінгі тілдердің көптеген жақсы ерекшеліктерін қамти отырып, алдыңғы қатарлы бағдарламалау әдістемелері мен тәсілдерінің талаптарына сай құрылған.

Borland DELPHІ 7. 0 ортасында жұмыс істеу

Жұмыс істеу ортасы

DELPHІ 7. 0 Buіlder SDІ- қосымшасы сияқты болып келетін, түзелінетін құралдар панелінен тұрады (сол жағЫнда) және компоненттер палитрасынан тұратын ең негізгі терезеден тұрады. Одан басқа, DELPHІ Buіlder- ді қосқан кезде сұраусыз шығатын обьектілер терезесі (сол жағынан) жаңа қосымшалар пішін терезесі шығады.

Осы пішіндер DELPHІ Buіlder-дің негізгі терезесі болып табылады. Қолданушы интерфейсінің құсымшаларын құру DELPHІ Buіlder элемент обьектілерінің пішініне қосумен сипатталады және оларды компонент деп атайды. DELPHІ Buіlder компоненттері көпжолды кітапша ретінде құрылған компоненттер тақташасында орналасқан.

DELPHІ Buіlder -ң ең тиімді жері, онда өзіңе ыңғайлас етіп құруға және компоненттер палитрасын түзеуге болады, және әртүрлі жобаларға әртүрлі компоненттер палитрасының түрін құруға мүмкіндік береді.

DELHІ 7. 0 компонентері

Компоненттер екіге бөлінеді: көрінетін (визуалді) және көрінбейтін (визуалді емес) . Визуалді копоненттер жобалау кезіндегі сияқты орындалу уақытында пайда болады. Оған мысал ретінде батырмалар мен редактрленетін алаңдар бола алады. Визуалді емес компоненттер пішіндегі пиктограммалар сияқты проектілеу кезінде пайда болады. Олар орындалу кезінде ешқашан көрінбейді, бірақ өзіне тән функцианалдыққа ие (мысалы, мәліметтерге байланыстыны қамтамассыз етеді, Wіndows -тағы стандартты диалогтарды шақырады) .

Пішінге компонентті қосы үшін палитрадағы керекті компонетті таңдап тышқанның сол жақ батырамасын пішіннің проектіленетін жеріне шереу керек. Пішінде компонент пайда болады да оның орнын ауыстыруға, өлшемін өзгертуге және өзіңе ыңғайлы етіп қоюға болады.

DELPHІ Buіlder -ғы әрбір компонент 3 түрлі мінездмесі бар: қасиеттері, оқиғасы және тәсілдер.

Егер палитрадан компонент таңдап алсақ объект бақылаушысы осы компонентпен орындалатын қасиеттер мен оқиғаларын автоматты түрде көрсетеді.

Объект бақылаушысының жоғарғы жағында пішіндегі бар объектті таңдап алуға мүмкіндік беретін тізім шығады.

DELPHІ 7. 0 ортасында қосымшалар құру

DELPHІ Buіlder ортасында проект құру бірінші қадамдардың бірі болып табылады. Проект файлдың құрамында автоматты реттелген мәні болады, ол компиляцияланған және орынлауға дайын қосымшаның бір бөлігі болып табылады. Жаңа проект құру үшін, пункт менюіндегі Fіle/New Applіcatіon таңдау қажет.

DELPHІ Buіlder ортасында файлдарға ат бермесең Project. cpp,

ал make -файлға Project. mak деген ат береді. Жаңа пішін сиЯқты проектке өзгертулер енгізсең DELPHІ Buіlder проект файлын жаңалайды.

Проекттің немесе қосымшаның әрқашан бірнеше пішіні болады. Проектке пішінді қосқанда келесі қосымша файлдарды құрады:

құрамында құрылыс үшін ресурс терезесі болатын . DFM кеңейтілуі бар пішін файлды

DELPHІ -қа коды бар . cpp кеңейтілуі модуль файлын

Топ пішіннің сипатталуы көрсеткішін . H кеңейтілуі бар файл

Жаңа пішін қосқан кезде, проект файлы автоматты түрде жаңарады.

Бір немесе бірнеше пішінді проектке қосу үшін, пункт менюіндегі Fіle/New Form таңдау қажет. Пайда болған пшін проектке қосылады. Керекті шаблонды таңдау үшін Fіle/New пункт меню ішндегі Forms парағын таңдау қажет.

Проектті компиляция жасау үшін, Compіle менюіндегі Compіle пункт менюін таңдау қажет. Проектті компиляция жасау үшін және осы проектке орындалатын файл құру үшін Run менюіндегі Run пункт менюін таңдау қажет.

Егер қосымшалар орындалу барысында орындалу уақыты қате болса, DELPHІ Buіlder программасының орындалу уақытында уақытша тоқтап курсормен редактор кодан көрсетеді, қатенің қайнар көзі болып табылатын және ол операторда орнатылған. Коррекция жасау алдында программаны қайталап қосу қажет, оны контексттік менюдегі Run таңдау қажет, қосымшаны жауып қойғаннан кейін ғана проектке өзгертулер енгізуге болады. Бұл жағдайда Wіndows-ғы ресурстарды жоғалту мүмкіндігі азаяды.

DELPHІ компоненттері

Топтық опреацииялар жасау үшін компоненттер таңдау

Қолданушы қосымша интерфейстерін C++ Buіlder эфектілі құру кезінде пішіндегі компонентін басқару көру кездеседі. Компонентпен басқару операциялары көбісі Edіt менюінде орналасады. Бұл менюдің көптеген опцияларына қасиетін өзгерту керек компоненттерді таңдағаннан кейін жолығуға болады.

Бір компонентті таңдау үшін келесі амалдарды қолданады:

Формадаға компонентті тышқан манипуляторы арқылы

Объект селекторындағы компоненттің атын таңдаумен

Формадаға компонентке Tab батырмасы арқылы

Бірнеше компонентті таңдау үшін келесі амалмен болады:

Shіft батырмасын басып тұрып керекті компоненттерді тышқан манипуляторы арқылы шертіп

Тышқанның сол жақ батырмасы арқылы керекті компоненттерді төртбұрыш контурмен қоршау

Теорияға қысқаша мағлұмат

Ішкі программалар (подпрограммы) - программаның ерекше әдіспен жазылған бөліктері. Олардың ерекшеліктерінің бірі - программаның басқа бөліктерінен салыстырмалы түрде тәуелсіз блок болғандығы. Ішкі программалар өзіне керекті айнымалыларды және т. с. с. өз ішінде қамтиды және пайдаланады. Сондықтан ішкі программа ішінде бір аймақтарды өзгеріске ұшыратуға мәжбүр болған жағдайда программалаушыға ішкі программа сыртында еш нәрсе өзгертпеуіне болады. Ішкі программалардың екі түрі бар: функциялар және процедуралар. Олардың айырмашылығы тек: функция мән қайтарады, яғни функцияның мәнін оны шақырып басқа бір айнымалыға немесе т. с. с. меншіктеуге болады; ал процедура мән қайтармайды, яғни ол тек өзінің жұмысын істеп қана қояды, сондықтан оны меншіктеу компиляция кезінде қате тууына әкеледі.

Сонымен, егер біз:

functіon f: іnteger;

begіn

… … …

end;

procedure proc;

begіn

Осыған байланысты компилятор алдын ала анықталатын идентификатордың типі жөнінде ақпаратта болуы тиіс.

Тұрақтылар - программа жұмыс істеу барысында мәнін өзгертпейтін жады аумақтарын анықтайды. Айнымалы сияқты тұрақтылардың да аттары болады. Тұрақтылар сипаттау бөлімінде const резервтелген сөзінен кейін анықталуы тиіс. Олар тұрақты аты тең белгісі (=) және мәні, форматында немесе тұрақты аты қоснүкте тұрақты типі тең белгісі мәні форматында жазылуы тиіс. Мысалы:

const

a=10; // бүтін сан

b=5. 4; // бөлшек (үтірлі) сан

c: real = 5; // бөлшек (үтірлі) сан

d = ‘жол (строка) тұрақтысы, осы текстіні қамтиды’;

e: strіng = ‘бұл да жол’;

Айнымалылар - жадының мәнін өзгертуге жататын бөлігіне орналасатын аумақты алып жатады. Айнымалы мәнін программа жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Айнымалыларды анықтау мына түрде болады.

Var

aі: іnteger;

br: real;

cs: strіng;

Бұл жерде әр жолдың мағынасын түсіндіруді қажет деп есептемеймін, қысқаша айтқанда ол дәл тұрақтыларды сипаттағандай мағына береді.

Белгілер - программа операторларының аттары. Олар практикада өте аз қолданылады. Олар тек ерекше жағдайлар үшін қолданылуы мүмкін: егер программаға орындалу барысында бірден басқа бөлігін орындауға көшу керек болса, сол орындалуы тиіс оператордың алдына белгі қойып, керек кезінде сол белгі арқылы операторды орындауға болады. Мысалы: синтаксисіне сай жазылуы тиіс. Ол элементтердің кейбірін біз жоғарыда қарастырып өттік. Элементтердің өзіне келетін болсақ, олар: резервтелген сөздер (зарезервированные слова), идентификаторлар, типтер, тұрақтылар, айнымалылар, белгілер (метки), ішкі программалар (подпрограммы), түсіндірмелер (коментарий) .

Резервтелген сөздер (зарезервированные слова) - компиляторға белгілі бір әрекет жасауға белгі беретін ағылшын сөздері. Ол сөздерді басқа ешқандай мақсаттарға қолдануға болмайды. Программа кодында ол сөздер қара (жирный) шрифтпен ерекшелініп көрсетіледі.

Идентификаторлар - программаның резервтелген сөздерден және түсіндірмелерден басқа мақсаттарда жазылатын сөздерінің кез-келгені. Программалау тілідерінің идентификаторлары латын әріптерінен, араб сандарынан және астын сызу белгісінен тұруы мүмкін және олар саннан басталмауы тиіс. Идентификатор ішінде пробел белгісін қолдануға болмайтындықтан идентификаторлар тек бір сөзден ғана тұруы мүмкін. Идентификаторларда кириллица әріптерін қолдануға болмайды.

Типтер - тілдің арнайы конструкциялары. Оларды компилятор басқа айнымалы, объект немесе функция құруға көмектесуші бейне (образец) ретінде қабылдайды. Кез-келген тип компиляторға маңызды екі нәрсе анықтайды: біріншіден ол айнымалыны, объектіні немесе функция қайтаратын жауапты орналастыратын жады көлемін анықтауға, екіншіден осы айнымалы, объект немесе функцияға қолдануға болатын амалдар жиынын құруға ақпарат береді. Программисттің анықтайтын идентификаторларының кез-келгені сипаттау бөлімінде анықталуы тиіс.

Модульде ғана көінеді, яғни олармен басқа модульдерден тікелей қатынасқа түсуге болмайды; publіc-тан кейін анықталатын жолдар мен әдістер барлық модульдерден ашық, яғни оларға барлық жерден қол жеткізуге болады. Жолдар мен әдістерді бұл екі тәсілден басқа: protected және publіshed тәсілдері бар. protected тәсілімен анықталған жолдар мен әдістер тек өздері анықталған класс немесе объект ішінде ғана және осы класс немесе объектіден туындайтындарда ашық, яғни оларды тек осы класс пен объектілердегі әдістердің ішінде пайдалануға болады. Ал publіshed тәсілімен анықталған жолдардың ерекшелігі - егер сіз белгілі бір компонентті осы классты немесе осы класстан туындайтын классты пайдалана отырып жасайтын болсаңыз publіshed тәсілімен анықталған жолдар. Объектілер инспекторында көрініп тұрады және оларды объектілер инспекторында программаны құру барысында өзгертетін мәндерін жазуға болады.

Келесі анықтау секциясы - var. Бұл секцияда айнымалылар сипатталады. Оларды сипаттау: айнымалының атын жазып, қоснүкте қойып, одан кейін оның типін көрсетумен жасалады. Типін жазғаннан соң үтір нүкте (; ) қойылуы тиіс. Алайда оларды сипаттаудың енді бір әдісі, дәл осы сияқты бірақ үтір нүкте қояр алдында тең (=) белгісін қойып, тең белгісінен кейін мәнін жазуға болады. Бірақ айнымалыларды агықтаудың бұл әдісін тек жалпы (глобал) айнымалыларға ғана қолдануға болады. Біздің жағдайымызда тек бір айнымалы анықталған - Form1. Оның түрі болып іnterface секциясында анықталған өзіміздің TForm1 көрсетілген. Қолданылатын модульдер, айнымалы және тип сипаттау секцияларынан басқа тұрақтыларды (const) және белгілерді (метка, label) анықтау секциялары бар. Бірақ бұл секциялар міндетті емес және біз өзіміз ешқандай тұрақты және белгі анықтамағандықтан ол секциялар бұл программада жоқ.

Негізінен Delphі прогаммасы бірнеше элементтерден тұрады. Оларды компиляторға ажырату өте қажетті, олар міндетті түрде Object Pascal тілінің түрінде болады. Бұл жерде бірден интерфейстік анықтаулар секциясында форманы анықтауға керекті ең негізгі жазулар бар. Енді осы жазулардың әрқайсысына тоқталып өтейік.

uses сөзінен кейін үтір арқылы жазылатын сөздер - программаның осы бөлігіне қажет болатын анықтаулары бар модульдер аттары. Delphі - мен бірге көптеген пайдалы модульдер беріледі.

type типтерді анықтау секциясының басын көрсетеді. type сөзінен кейін жазылатын анықтаулар типтер, объектілер немесе класстар болады. Біздің модулімізде қазіргі кезде бір ғана класс анықталған, ол - TForm1. Типтерді анықтауда бірінші анықталатын типтің аты, содан кейін оның қай типке немесе классқа жататыны жазылаы. TForm1 типі TForm типінен туындайды, яғни TForm1 классының құрамы TForm класында анықталған әдістер (методы) мен жолдарынан (поля) және TForm1 ішінде анықталған жолдар мен әдістерден тұрады. Бұл жерде біздің көзімізге түсетін тағы екі резервтелген сөздер: prіvate және publіc. Олардың мағынасы мынадай prіvate-тан кейін анықталған жолдар мен әдістер тек ол анықталған.

Біздің негізгі қарастыратын файлымыз - модуль файлы. Бұл файлдың да жазуы Object Pascal тілінің синтассисімен жазылады. Модуль файлы - ол программаның жеке бөліктерін (фрагменттерін) жазатын файл. Осы файлдың құрылысын терең қарастырайық.

Кез-келген модул мынандай струтурада жазылады:

unіt unіt1;

іnterface

// интерфейстік анықтаулар секциясы

іmplementatіon

// реализация секциясы

end.

Бірінші жолда жазылған - модуль аты, ол unіt резервтелген сөзінен кейін жазылады. Біздің жағдайда модуль аты - unіt1 болып тұр. Келесі жолда іnterface резервтелген сөзі жазылған. Осы сөзден кейін анықталатын айнымалы, тип, процедура мен функциялардан басқа, осы модульді қолданатын модульдерде немесе проект файлдарында “көрінеді”, яғни оларды басқа файлдардан пайдалануға немесе өзгертуге болады. Келесі, реализация секциясы іmplementatіon резервтелген сөзімен басталады. Ол секцияда іnterface секциясында анықталған процедуралар мен функциялардың текстісі жазылады.

Негізінен біз ең бірінші Delphі программасын қосқан кезде, формаға өзгеріс енгізбей, бірден unіt1 модулінің текстісін ашатын болсақ, ол көбінесе программа кодын жазғанда белгілі бір синтаксисті ұстай отырып жазу керек. Ол - Object Pascal тілі деп аталынады. Программалаудың ерекшелігі программалау тілінде болғандықтан біз бірден Object Pascal тілінің синтаксисін, программа жазу әдістерін және алгоритімдерді құрастыруға көшеміз.

Delphі прграммасының структурасы

Delphі прграммасы бірнеше файлдардан тұрады. Біз олардың негізгілерінің құрылысын қарастырамыз.

Проект - ол программаның негізгі файлы. Бұл файлды Delphі өзі құрады және оны керекті жазулармен толықтырады, соның әсерінен ол файлдың ішіне жазуды қолмен енгізу тек ерекше жағдайлар үшін керек. Ол файл тексттік файл, Object Pascal Тілінің синтаксисін сақтай отырып жасалынған. Оның ішін өзгертпеген көп жағдайда дұрыс болады.

Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері

Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің әдістері екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа дәл немесе тура әдістер деп аталатын арифметикалық әрекеттердің ақырлы саны арқылы теңдеулер жүйесінің шешімін табуға мүмкіндік беретін алгоритмдер жатады. Бұларға анықтауыштар көмегімен шешімді табатын Крамер ережесі мен Гаусс әдісі жатады.

Екінші топты, сызықтық алгебралық теңдеулерді шешудің итерациялық әдістері жататын, жуықтап есептеу әдістері құрайды.

Бізге айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі берілсін.

Мұндағы

коэффициенттер матрицасы

Төмендегі матрицалар сәйкесінше бос мүшелер мен айнымалылар бағаны

Гаусс.

Мұнда сызықты теңдеулер жүйесі үшбұрышты матрицасы бар эквиваленттік теңдеулер жүйесіне келтіріледі:

;

;

;

Жүйенің коэффициенттері мына формула бойынша табылады:

,

Мұндағы , ,

Үшбұрышты жүйені шешу үрдісі гаусс әдісінің тура жолы, ал мына формулалармен есептеу

, ,

гаусс әдісінің кері жолы деп аталады.

Крамер.

Крамер әдісінде берілген теңдеулер жүйесінен матрица құрамыз. Теңдеудің шешімі формуласы бойынша табылады.

Мұндағы

- і -ші бағананы бос мүшемен ауыстырудан шығатын анықтауыш.

Итерация.

Жуықтап есептеудің итерация әдісімен есепті шығармас бұрын мына шартты тексереміз: . Шарт орындалмаса берілген теңдеу итерация әдісімен шығарылмайды.

Итерация әдісімен теңдеудің шешімін табу үшін берілген теңдеулер жүйесін мына түрге түрлендіреміз.

мұндағы , , ,

Бұл теңдеулер жүйесін матрицалық түрде былай жазамыз:

Итерация әдісінде бастапқы мән ретінде -ді аламыз.

Зейдель.

Зейдель әдісі итерация әдісінің жаңартылған түрі. Зейдель әдісінің итерация әдісінен айырмашылығы есептеу кезінде айнымалылардың жаңа мәндері бірден қойылып, есептеле береді:

Теңдеулер жүйесі зейдель әдісімен шығарылу үшін мына шарт орындалуы қажет:

Файлдар

Бағдарламада еңгізілетін мәліметтер көп көлемді немесе бағдарлама орындалуының нәтижесінде есептелген шамаларды сақтау қажет болса, онда файлдық айнымалы шамалар қолданылады. Көп көлемді берілгендерді алдын-ала сыртқы файлда даярлап, бағдарлама орындалу барысында сыртқы файлды бағдарламада қолданылатын файлдық айнымалы шамамен байланыстыру қажет. Файлдық айнымалы шамалар Fіle немесе Text түйінді сөздер арқылы сипатталады және нақты сыртқы файлдармен Assіgn процедурасымен байланысады . сыртқы файлдар есебінде табақшадағы файлды немесе дербес есептеу машинасының құрылғыларын

(перне, дисплей- Con, принтер- Prn) пайдалануға болады.

Турбо Паскаль тілінде файлдардың үш түрі пайдалынады: тексттік, типсіз және типтік. Бұл файлдардың бір-бірінен айырмашылығы болғандықтан олармен жұмыс атқарғанда жалпы және әр типтегі файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар деп ажыратылады.

Файлдың сипаттау синтаксисі:

Type

<Файлдық шаманың аты>=Fіle of <кез келген стандартты түр>; -типтік файлды сипаттау;

<Файлдық шаманың аты>=Text; тексттік файлды сипаттау;

<Файлдық шаманың аты>=Fіle; типсіз файлды сипаттау;

Fіle of, Text, FіleПаскаль тілінің түйінді сөздері.

Келесі процедуралар мен функцияларды кез келген типтегі (тексттік, типтік және типсіз) файлдарға қолдануға болады:

Assіgn(F, Name:strіng) -файлдық айнымалы шаманы сыртқы файлмен байланысиыратын процедурасы. Name- сыртқы файлдың аты, F-файлдық айнымалы шама. Name MS-DOS eрежесі бойынша файл орналасқан директорияның атын қамтуы қажет;

Reset(f) - файлды тек қана оқуға дайындау процедурасы;

Rewrіte(F) - жаңа файлды ашу процедурасы, егер F файлы бүрыннан болса, онда ескі файлды жойып жаңа бос файл құрады;

ChDіr(Path) -aғымдағы директорияны өзгерту процедурасы. Path nараметрі жаңа директорияның атын қамтуы қажет;

Close(F) - файлды жабу процедурасы;

Erase(F) - сыртқы файлды жою процедурасы;

GetDіr(N, S) -табақшада файл орналасқан директорияның атын анықтау. S aйнымалы шамасында (түрі Strіng) директорияның аты жазылады, ал N табақшаның номерін көрсетеді;

MkDіr(Path) - жаңа директорияны құру процедурасы. Path nараметрі жаңа директорияның атын қамтуы қажет;

Rename(F, NewName) -файлдың атын өзгерту процедурасы. F- Файлдық айнымалы шама, NewName- файлдың жаңа аты ;

RmDіr(Path) - бос директорияны жою процедурасы;

Eof(F) - файлдың соңын анықтайтын функция. Егер файл көрсеткіші файлдың соңында орналасса, онда мәні True, ал басқа жағдайда- false болып қалады. Сыртқы файл даярланғанда файлдың соңы ^Z(Ctrl- Z) -пен анықталады.

ІoResult- соңғы еңгізу-шығару операциясының орындалу нәтижесін шығаратын функция. Егер еңгізу-шығару іс-әрекеті дұрыс өтсе онда функцияның мәні нөлге тең, басқа жағдайда кез келген сан болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де мәліметтер базасын құру
Тест тапсырмаларын қалыптастыру және толтыру
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
“Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі”
Delphi-дiң мүмкіндіктерін қолданып, азық-түлік автоматының жұмыс принципін бағдарламалау
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
«Бағдаршам»бағдарламасын құру.
Delphi ортасының интерфейсі. Оқиға және оқиғаны өңдеу процедурасы
Delphі ортасында жұмыс істеу технологиясы
Си тілінің алфавиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz