Ақпараттық технологияның ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ақпараттық технологияның ұғымы. Жаңа ақпараттық технологиялар

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Астана 2008

Ж О С П А Р

КІРІСПЕ

1. Қоғамды ақпараттандыру

2. Жаңа ақпараттық технологиялар

3. Интернет, World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат,
іздестіру жүйелері.

4 Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту технологиясы (схема)

ҚОРТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны
білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі
ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға
енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-
техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру
педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді
таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс
анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа
жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және
мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру,
қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең
негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл оөу орындарына
жүктеледі.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған
жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен
байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері
ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола
қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң
ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол
Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана
бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен
ғалымдар мен мамандар пайдаланды.1990-жылдары Интернетке енушілер саны күрт
өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200
миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан
сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың
номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын
aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi
басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң
соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай
елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса
аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да,
бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен
жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір
үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің
тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан
ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

1. Қоғамды ақпараттандыру

Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені
қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш
техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы
негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу,
сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру
қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет
түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын,
қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік
ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды
белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі,
қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін
ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық
жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға
қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық
ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамгершілікке және
демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін
көтереді.
Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми –
техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін
интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің
шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа
ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану
процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық,
педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл
білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа
ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету
процесі. Бұл процесс ғылыми – педагогикалық ақпараттардың
автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар,
коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару
механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке
адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен
ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын
жетілдіру; білімгерлердің интеллектуалды потенциалының дамуына, білімді өз
бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды – зерттеу
қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге
бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін
бағалау мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін
жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық
басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және
өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің
дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда –
ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына
белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда
айтылған мақсатты жүзеге асыру – қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау –
түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу, демонстрация
құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне
байланысты.
Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің
интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды
барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау
қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын
пайдалану оқыту дамытудың, білім алушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен
қатар индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің
нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары
мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.

2. Жаңа ақпараттық технологиялар

Жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды
даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан
негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi
бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге
мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге дейін бiз осы зор құралдың
шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Басты себеп
– мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру
жүйесiне енген құзырлылық немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен
бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық
коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң
ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби
мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше
бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.
Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты
қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп,
ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi
шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда,
ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық
және компьютeрлiк бiлiмдарлық.
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа
К.А. Каймин "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк
техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу
дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.
Компьютерлік желі. Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы
құрылымдарымен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі
порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi.
Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға
(жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi
порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу
жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер
тобы компьютерлiк желi құрады.
Компьютерлік желі - ресурстарды (дискi, принтер, коммуникациялық
құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен байланыстырылған
компьютерлер. Желi жұмыс жасау үшiн арнайы аппараттық жене программалық
жабдықтар болуы қажет. Желi арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі
ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделiктi өмipдe кездесетiн компьютерлiк желiге мысал реде өздерің
оқитын компьютерлiк кластағы бiрнеше компьютердің желiге бiрiктiрiлyiн
айтуға болады. Сондай-ақ бiр мезгiлде жүздеген тiптi мыңдаған компьютердiң
қатысуымен ұйымдастыған темiржол және әуе қатнасы билет сату жүйесiн де
желіге мысал peтiндe келтiре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкiн
емес ғаламдық акпараттық Интернет желiсi. Қазiргi кезде компьютерлiк желi
кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебi
желiге қосылмай өндipicтiк, немесе қаржылық қызметтердi тиiмдi жүзеге асыру
мүмкін емес.
Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең
шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін
қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа
қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.
Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық
телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон
желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.
Жергiлiктi есептеуiш желiлер - саны шектеулi (әдетте 100 дейiн)
компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады.
Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде,
зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi
жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз
ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады.
Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік
байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан
жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады.
ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек.
Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

3. Интернет, World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат,
іздестіру жүйелері.
Интернет желiсi әр түрлi масштабтағы желiлердің өзара бiрiктiрiлyi
мүмкiн. Мысалы, кабельмен жаластырылған жергiлiктi желi аймақтық желiге,
ал әр түрлi аймақтық желiлер телефон желiсi арқылы байланыстырылуы мүмкін.
Үлкен қашықтықта желiаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдiк
желiлердi пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:
телефон, радио релелiк байлaныс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық
жасанды cepіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер
немесе программалар арқылы қамтамасыз eтледі.. Шлюздер бiр желiден
қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына
түрлендiредi. Әр түрлi масштатағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар,
елдер және континттер apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi.
Aқымды желi немесе Интерпет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы
жеткен жетiстiктерiнiң бiрi.
Интернет - (aғылшынша Internet - желiаралқ байланыс) бүкіл жер шары
бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.
Мысалы: жергiлiктi желi арқылы жiберiлген хабар, басқа континентте
пайдаланушығa жетпес бұрын бiрнеше корпоративтік және аймақтық желілер
арқылы өтуі мүмкін.
Интернетке байланыстың кең мүмкiндiгiн қолдану мақсатында қосылады. Бұл
жағдайда корпоративтi желiге рұқсат етiлмеген сырттан қосылудан қрғау
меселесi туындайды. Осындайда шлюздiк компьютер желi әкiмдiгi рұқсат берген
ақпаратты ғана өткiзудi қамтамасыз eтетін бранмауэр рөлiн атқарады.
Интернет - компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданылатыны болып
табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан
астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай
сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .
Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады.
Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады.
Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк
бередi.
Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау
процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).
Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақтайша деп аталатын
интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.
Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн
қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi
жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты
бiр технологиясына сейкес келедi.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.
Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.
Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек
алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын
қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.
Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct Саsе
Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалғау деп аталатын қарапайым әpi
тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ:
компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.

Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте
болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне,
принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi
мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып
қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe
жiберудi басқаруға болады.
Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның
баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданығранымен,
ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам
қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.
Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей
жалғау жеткiлiксiз. Бұл жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы
қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң
бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек.
Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ
желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету
дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергiлiктi желiнiң eкі түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр
рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген
файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-
сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа
компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп
аталады.
Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын
компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет.
Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы,
электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп
бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан
ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс
өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен
ерекшелeнеді.
Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер (накопители),
принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол
себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу
қажет.
Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мғрынасында
басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортқтастырылған желi
ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын
қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды
ерекшелiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi
жоқ.
Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары
үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер,
басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi
айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows
2000 операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрығры ортақ ресурс
ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын
пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса,
онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi
желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез
келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.
Windows 2000 операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi
кез келген компьютердi пайдалануына толық мүмкiндiк бередi. Мұндай
басқаруды - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар кезеңі
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Компьютерлік технологияның бағыттары
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологияның ғылыми теориялық негиздері
Оқытудың қазіргі технологиялары
Оқыту технологиясының сипаттамасы
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Пәндер