Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Сақтандыру адам пайда болған кезден бастап дамып келеді. Сақтандырудың қалыптасуы әр түрлі сатырлардан өтіп қазіргі жағдайларына жетті десек болады. Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.

Сақтандыру шарты қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір уақиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты универсалды қорғау құралы болып табылады. Ал сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға, азаматтар мен шаруашылық субъектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет. Республикада жаңа сақтандыру нарығы қалыптасуда, мұнда бірінші орында ерікті сақтандыру, әлеуметтік сақтандырудың түрі бойынша мемлекеттік міндетті сақтандыру түрлері еңгізілді.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты аннутеттік сақтандыру шартының пәнін, жалпы сипаттамасын зерттеу. Осыдан шығатын міндеттер:

а) аннуитеттік сақтандыру шарттың сипаттамасы;

ә) шарттан туындайтын міндеттемелер мазмұны;

б) шарттың өзекті мәселелері мен оны болашақта тәжірибеде қолдану.

Мен өзімнің дипломдық жұмысымда сақтандыру шартының, жалпы сақтандырудың мазмұның ашуға, оның тек қазіргі заманда ғана емес, келешекте же өз маңыздылығын жоғалтпайтының көрсетуге тырыстым. Сақтандыру шартының адамның әр минутында оның психологиялық, материалды, әлеуметтік жағдайының қалыпты болуына әсер етуге қатысты болатындығы көрсеткім келді.

Аннуитеттік шартын Жинақтаушы зейнетақы қорларының тиімдірек ұсыныстары, оның өзеліктігін төмендетуіне әкеп соқтыратын секілді, алайда көп дау тудыратын мәселелердің бірі болып - Аннуитеттік сақтандыру шартын құқықтық табиғаты және азаматтық-құқықтық мәмілелер жүйесіндегі алатын орны туралы мәселелер табылады. Қазіргі кезде бұл мәселелерге ғылыми публикациялар арналған.

Аннуитеттік сақтандыру қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі мен жаңалылығы, әлеуметтік маңыздылығы қолданыстағы заңнаманың бірқатар жетілдіруді қажет етуі дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты аннуитеттік сақтандыру теориялық және құқықтық аспектілерін ашу, қазіргі экономикалық жағдайда оның негізгі рөлі, өзге әлеуметтік сақтандыру құралдары алдында артықшылығы, сонымен бірге халықаралық тәжірибедегі ұйымдастырудағы тиімді жолдарын қарастыру.

Негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау керек:

- Аннуитеттік сақтандыру қатынастарды құқықтық реттеуге байланысты, ҚР заңнамаларының пайда болуы мен дамуы процесінде талдау жасау, сондай-ақ халықаралық жеке құқықтағы аннуитеттік сақтандыру құқықтық реттеудің ерекшеліктерін зерттеу;

- ҚР заңнамасымен қарастырылған Аннуитеттік сақтандыру шартының түрлері мен нысандарының құқықтық ерекшеоіктерорін анықтау;

- ҚР заңнамасына сәйкес, Аннуитеттік сақтандыру шартының азаматтыққұқықтық сипаттамасын анықтау, белгілерін анықтау, аннуитеттік сақтандыру шартының құқықтық табиғатын зерттеу;

- Аннуитеттік сақтандыру қатынастарының құрылымдық байланысын анықтап зерттеу;

- Аннуитеттік сақтандыру шартын мазмұның, субъектілерінің құқықтық жағдайын зерттеу;

- Аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу тәртібін талдап зерттеу.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып ҚР заңнамасына бойынша Аннуитеттік сақтандыру щартын азаматтық-құқықтық реттеу қарастырылған. Дипломдық жұмыс шеңберінде Қазақстандық сақтандыру заңнамасының пайда болуы мен даму тарихы қарастырылады, аннуитеттік сақтандырудың құқықтық табиғаты анықталады, аннуитеттік сақтандыру шартынан туындайтын құқықтық қатынастар құрылымы талданады, аннуитеттік сақтандыру шартының негізгі элементтері зерттеледі, сондай-ақ сақтандыру шартының нысаны мен түрлері ҚР заңнамасына сәйкес қарастырылады.

Зерттеу жұмысының пәні - ҚР заңнамасына сәйкес, аннуитеттік сақтандыру шартын құқықтық реттеумен байланысты мәселелер кешені.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізгі болып кедесідей ғалымдардың еңбектері пайдаланылды: Сулейменов М. К., Басин Ю. Г., Сман Б. Ө., Гекко М. Н., Худяков А. И., Брагинский М. И., Жайлин Ғ. А., Шиминова М. Я., Корчевская Л. И., Турбина К. Е., Шынғыс Мұқан, Оскар Лер, Кеңес Жуйриков және т. б.

Нормативтік-құқықтық негізі болып «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Ерекше бөлім, «Еңбек /қызмет/ міндеттернін орындау барысында жұмыскердің женсаулығы мен өміріне келтірілген залалды жұыс берушінің скақтандыру міндеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Респубикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақы аннуитеттерінің келісім-шартттары негізінде зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақымен қамсыздандыруының ережелері» және аннуитеттік сақтандыру қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілері жатады.

Тәжірибелік негізі ретінде аннуитетік сақтандыру шартын жасасу және ұйымдастыру тәртібіне байланысты сақтандыру компанияларының ақпараттары, сақтандыру компаниялардың аннцитеттік сақтандыру шартына байланысты мәліметтері, сондай-ақ, ҚР қарды ұйымдары мен қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің аннуитеттік сақтандыруға байланысты ресми түсіндірулері жатады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында келесідей әдістер қолданылды: диалектикалық танымның жалпы ғылыми әдістері; сонымен бірге жеке ғылыми әдістер: жүйелелік, тарихи, салсытрмалы-құқықтық талдау, ғылыми талдау сияқты әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында анықталғын аннуитеттік сақтандыру шартының құқықтық табиғатын, аннуитеттік сақтандыру шартынан туындайтын құқықтық қатынастар құрылымы, аннуитеттік сақтандыру шартаның негізгі элементтері, аннуитеттік сақтандырудың нысаны мен түрлеріне байланысты мәліметтерді анықтауда қолданылады, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің аннуитеттік сақтандыру шартын жасасуда пайдалана алады.

1 САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Сақтандыру шартының түсінігі және даму тарихы

Сақтандыру дегеніміз не? Осы сөздің ең кең мағынасы - белгілі бір құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану. Сақтандыру адам өмірге келе салысымен пайда болды. Ол жануарлар әлемінде де жиі кездесетін оқиға. Расында да, қасөыр тамағының қалдықарын жерге көмуінің өзі, ертеңгі күнгі аң аулаудың жағымсыз нәтижелерінен қорғанып, өзін-өзі сақтандыруы болып табылмай ма? Сол сияқты адам да, күн сайын бір-бір мамонттан өлтіру мүмкін еместігін жақсы біліп, қорлар құра бастады. Осыдан сақтандырудың ең ежелгі түрі - «өзін-өзі сақтандыру» пайда болды.

Ежелгі заманнан бері адам өзінің қалыпты күнкөрісін қамтамасыз етуге, болашаққа сенімді болуға талпынатын. Сол ерте уақыттан-ақ адам кенеттен болып қалуға мүмкін қатерлі оқиғалардың әсерінен болатын шығындардан қорғану үшін белгілі бір қорлар құру керектігін түсінді. Қатерлі оқиғалар аяқ астынан болып қалуы мүмкін еді. Әр мезетте адамның өмірі, мүлкі, денсаулығына қатер төніп тұрады. Бұл факторды жою болатын мүмкін емес, бірақ келеңсіз жағдайларға алдын-ала дайындалып, мүмкін болатын мүліктік немесе басқа шығындардың көлемін төмендетуге болады. Адамға оның қалыпты өмір сүруы үшін сенімділік жұмысын жоғалтуына қатысты ертең күн көруге қаражатсыз қалмайтынында, немесе қатерлі оқиғадан кейін белгілі бір мерзімге жанұясын қамтамасыз ете алмайтын болған жағдайда, тағы да сондай оқиғаларда қатысты болған жағдайларда қаолында қаражат болатынына санімділік. Бір сөзбен айтқанда - адамға ертеңге деген сенімділік қажет. «Сақтандыру» сөзінің өзі бір нәрседен сақтау деген мағынаны, дәлірек айтсақ, ол қатерлі оқиғалардың нәтижелерінен қорғауды болдіреді.

Жылдар, ғасырлыр өте келе, қоғам да өзгере, күрделене бастады. Адамдар енді сақтандырудың басқа да формаларын ойлап таба бастады. Мысалы, бірнеше адам жиналып, егер олардың біреуі қатерлі оқиғаға ұшырап, белгілі бір шығындарға кез болса, олар бір-біріне көмекке келетіні туралы уәделеседі. Сақтандырудың бұндай түрі «бірін-бірі сақтандыру» деп аталады.

Бірте-бірте сақтандыру қоғамның сұраныстарың қамтамасыз ететін қызмет көрсетудің арнайы саласына айналып, осы қызметпен кәсіптік деңгейде айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болады.

Уақыт өте келе «сақтандыру» термині өзінің анықтамасына ие болғанымен, оның қарастыратын құбылыстырының көлемі тым ауқымды болуымен байланысты, берілген кез келген анықтама толық бола алмайды. Қалай болғанымен сақтандыруға мынадай анықтама беруге болады.

Заңды немесе жеке тұлға (сақтанушы), өзі үшін маңызды белгілі бір заттың (мүліктің, өмірдің, денсаулығының және т. б. ) тағдыры үшін қауіптенген соң ол сақтандыру объектісінің құнынан аспайтын төлем үшін, белгілі бір оқиғаның (сақтандыру жағдайының) нәтижесінде келтірілетін зардапты (толығымен немесе бір бөлігін ғана) өтеу міндеттемесін өз мойнына алатын басқа тұлғаның (сақтандырушының) қызметіне жүгінеді. [1, 7 бет]

Тәуекел категориясы белгілі бір жағдайдың пайда болуының алдын-ала болжай алмайтындығын белгілейді. Сондықтан болу мүмкіндігі даусыз оқиғаларда (мысалы, күннің батуы сияқты құбылыстарға) сақтандыру жүргізілмейді.

Сонымен сақтандыру құрылымы барлық жағдайлар кезігде осындай болу керек: сақтандыру жағдайы - себептік байланыс - зардап.

Сақтандыру - сақтандырушымен сақтанушылар төлейтін сыйлықақылар мен заңмен тыйым салынбаған басқа қайнар көздерінен құрылатын ақшалық қорлардаң сақтандыру төлемдерін төлеумен белгілі сақтандыру жағдайы туған кезде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүліктік қорғалуы бойынша қатынасы («Сақтандыру туралы» ҚР Заңы) .

Аннуитеттік сақтандыру - скақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Сақтандыру ісінің тарихы. Сақтандыру адамзатпен бірге туып, дәл соншама өмір сүріп келеді деуге болады. Жеке адамның бастапқыда өзін өзінің сақтау инстинкті ретінде аңғартылған болашағын қандай да бір жолмен қамсыздандырып, она қолайсыз жағдайлар мен сол жағдайлардың нәтижелерінен қорғап қалудың стихиялы әрекеттерінен бастап, сақтандыру өз қалыптасуының әр түрлі сатыларынан өтіп өзінің қазіргі жағдайына жетті.

Өзінің шығуы бойынша сақтандыру институты стихиялы, шаруашылық ету үдерісі кезіндегі материалдық жоғалтулардың экономикалық құбылысына «автоматты» реакция болып табылады. Сақтандыру сөзінің орыс тіліндегі этимологиясының әлем едлерінің көпшілігінде қабылданған ағылшын этимологиясынан өзгеше екендігін айта кеткен жөн. Орыс тіліндегі страхование созінің төркіні страх («қорқыныш») сөзінен шықса, ағылшын тілінде ол қорғау сөзінен туындайды. Біздің көзқарасымыз бойынша аталған жайт бұл категорияның ішкі мазмұнына ешқандай әсерін тигізбей, тек қана мәдени-тарихи себептермен түсіндіріледі.

Сақтандыру ісі сақтандыру компаниясының (сақтандырушылардың) сақтанушылары болашақта орын алуы мүмкін жоғалтулардан қорғап, қауіп-қатер мөлгерін азайту бойынша іс-әрекетті білдіреді.

XIX ғасырдың аяғында американдық ұлыстанушы, тарихшы және археолог Л. Морган (1818-1881) және неміс экономисі Ф. Энгельс (1820-1895) мәдени-тарихи кезеңдерді әзірледі, және оған сәйкес адамзат қоғамы өз тамуы барысында үш дәуірден өткен екен: жабайылық, варварлық, өркениет, ал бұлардың әр ұайсысы үш сатынан: ең төмен, орташа және жоғарғы сатырлардан тұрады. Тәуекел жабайлықтың ең төмен сатысының аяғында, дәлірек айтатын болсақ, жыбыйының тәуекел ұғымын сезіне бастайтын жабайлықтың ең төмен сатысынан оның орташа сатысына өтуі кезінде пайда болады. Себебі, өлімнің не екенін түсінбейтін жабайының өлім алдында қорқыныш сезімі болмайды ғой. Жартастан төмен секіріп, ол өз өмірін тәуекел ететіндігін аңғармайды да. [2, 22 бет]

Сақтандыру адамның кездейсоқ қауіп-қатердерден қорғануға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру нысаны ретінде пайда болды. Сақтандыру түріндегі өзара көмек көрсету жолымен мұндай қорғап-қорғанудың алғашқы формалары туралы мәліметтерді біздің күндерге дейін өткен заманнан жеткен жазбаша деректерден байқауға болады. Ежелгі сақтандыру келісім-шарттардың басым көпшілігі сол кездердегі теңіз немесе құрлық сауда жолдарының елеулі созылыңқылығымен сипатталған сауда саласында жасалатын. Сондықтан да сақтандыру туралы келісімдерде оның объектілері ретінде тауармен қатар тасымалдау құралдары да белгіленетін.

Өмірді сақтандырудың отаны ретінде 1699 жылы жесірлер өмірлерін сақтандырумен айналысқан кәсіби ұйым пайда болған, ал кейіннен жеке тұлғаларды сақтанырумен айналысқан Ecrvatede сақтандыру компаниясы құрылған Англия болып есептеледі.

Қоғамдық қатынастардың дамуымен бірге сақтандыру да даму үстіне болды. Рим империясында басқа мақсаттармен қатар «жәрдем көрсету» үшін құрылған және іс жүзінде жерлеу кассалары рөлін атқаран коллегиялар кең таралған болатын. Коллегия мүшесі қайтыс болған жағадайда оның мұрагерлеріне марқұмды жерлеу бойынша шығындарды өтеуге және отбасыға біраз материалдық сүйеніш ретінде белгілі бір сома төленетін.

Коллегияға мүше болып кірү үшін кіру жарнасын енгізіп, одан кейін оқтын жарналар енгізіп тұру қажет болды. Бұл «жәрдем кқрсету» идеясын басқа халықтар кабылдады. Орта ғасырларда герман халықтарында талан-тараж, қарақшылық, жортуылдардың және т. б. құрбандарына көмек корсету мақсатына құрылатын көпес гильдиялары бар болды.

XX ғасырдың басына қарай көптеген еуропалық елдердің сақтандыру қоғамтастығы нығайып, сақтандыру компанияларының саны кеңейтілді (Францияда - 20, Италияда - 161) . Сонымен бірге өндіріс пен экономиканың қарқынды дамуы жұмысшыларды дерттену немесе өлім жағдайларынан мемлекеттік сақтандыру жүйесін құру қажеттілігін тудырды, ал жұмысшылардың кәсіби одақтарының талаптары кейбір елдерде (Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия және т. б. ) міндетті түрде жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан сақтандырудың пайда болуына әкелді.

Жарғылық типтегі тұрақты кәсіби-корпоративті ұйымдардағы өзара сақтандыру көптеген елдерде, атап айтқанда, Ежелгі Үндістанда және Ежелгі Мысырда бар болған. Бұл ұйымдардың мақсаттарына жазатайым оқиғалар кезінде олардың мүшелеріне, ал өлім жағдайында ө асыраушыдан айрылған отбасыларына материалдық көмек көрсету кіретін. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, басқа ежелгі елдермен салыстырғанда, жарғылық типтегі тұрақты ұйымдардағы өзара сақтандыру ең анық түрде ежелгі римдіктер қоғамында көрініс табады. [3, 68 бет]

Ғалымдардың болжамы бойынша, сақтандыру жүйесі көне Вавилонда (4000 мың жыл бұрын) адам қажеттілігіне жараса, ескі сақтандыру келісім-шарттары Палестина, Сирия және Ұлыбританияда болған.

Негізгі, сақтандырудың пайда болуын индиустрияның басталуымен байланыстырады. Кейбір деректерге сүйенсек, 1300 жылдары Италия мен Ұлыбритания халқы алғашқы сақтандыру құжаттарын пайдалана бастаған. Ұлыбританияда ең алғаш рет лондондық Уильям Гибсон 32 фунт стерлингпен өз өмірін сақтандырыпты. Ол өмірден өткен соң ұрпақтары 400 фунт стерлинг алған екен.

Сақтандыру Исламда да бар. Әлеуметтік сақтандыру идеясы тарихшылардың пікірінше, Ислам дініде бұрынан бар. Сақтандыру төлемақысы «зекет» деп аталады.

Қазақтың сақтандыру жүйесінің айырмашылығы ол Еуропада бас кезінен-ақ заң билеген, заңға бағынған болса, ал қазақта мұндай дауды тұлғалар, билер шешіп, бір-бірінің ақысын жегізбей, қиқысыз нәпсені қиыстырып отырған. [4, 3 бет]

Сақтандыру негізіндегі шартты жүзеге асыру. Сақтандыру ұйымының уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде әрі сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтанушы жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етуіне (сақтандыру төлемін төлеуіне), былайша айтқанда сақтандыру рыногының экономикалық негізін құрайтын сақтандыру өнімдері рыногында сақтандыру шартын жасасу арқала сақтанушыға (тұтынушыға) сақтандыру қызметтерін көсрсетуіне байланысты кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды білдіреді. Бұл ретте бірден байқалатын жағдаят, қандай болмасын сақтандыру өнімін сатуға байланысты сақтандыру қызметтерін көрсету, былайша айтқанда сақтандыру тек сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады. Осы орайда сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сатандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты тек қос тараптың тараптың - сақтанушы мен сақтандырушының арасында көбінесе пайда алушының не үшінші тұлғаның пайдасына жасасылған келісім ретінде көрініс табады; сақтандыру шарты нақтылы сақтандыру түрі бойынша сақтандыру міндеттемесінің туындауын негіздейді; сақтандыру шартының негізінде сақтандыру қорғауы қамтамасыз етіледі; сақтандырудың қандай болмасын түрі (сақтандыру өнімі) сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру нарығының қатысушылары.

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушыларына төмендегілер жатады:

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

- сақтандыру брокері;

- сақтандыру агенті;

- сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

- актуарий;

- уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) ;

- өзара сақтандыру қоғамы;

- сақтандырушымен бафланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды жеке ішкі тұлғалар болып табылады.

Сақтандыру брокері - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

Сақтандыру агенті - берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметі жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.

Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни, сақтандыру жағдайы пайда пада болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алүшыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде тиесілі сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.

Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана сақтандырушы бола алады.

Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру турала

заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.

Пайда алушы жеке де, мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындалады.

Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілермен айқындалады, ерікті түрі бойынша оны сақтаушы тағайындайды.

Сақтандырушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтін жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам.

Актуарийлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.

Актуарийлік қызмет осы заңға және уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асырудың халықаралық принциптері (стандарттары) ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервткрін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілерді уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.

Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) - уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым.

Өзара сақтандыру қоғамы. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 845-бабының 2-ші тармағына сәйкес өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүлік және өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыруды жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Өзара сақтандыру қоғамының құқықтық жағдайының ерекшекліктері мен олардың қызметінің шарттары осы Кодекске және өзврв сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес айқындалады.

Өзара сақтандыру жолымен міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға өзара сақтандыру туралы заң актілерінде көзделген жағдайларда жол бкріледі.

Егер мұндай сақтандыру қызметі оның құрылтай құжаттарында көзделіп, қоғам коммерциялық ұйым нысанында құрылса, тиісті түрдегі сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы болса және сақтандыру туралы тиісті заң актілері белгіленген басқа талаптарға сай келсе, өзара қоғамның мүшесі болып табылмайтын адамдардың мүдделерін сақтандыруды жүзеге асыра алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шартының мазмұны
Сақтандыру шартының ұғымы элементтері мен мазмұны
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
Сақтандыру шарты туралы
Сақтандыру шарты
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай
Сақтандыру шартының ұғымы
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz