Мүліктік сақтандыру түрлері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
I Бөлім. Сақтандырудың теориялық аспектілері6
1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік -экономикалық мәні мен мазмұны6
1. 2 Тәуекел - сақтандырудың алғышарты11
1. 3 Сақтандырудың ролі, қолданылу саласы16
II Бөлім. Қазақстанда сақтандыру рыногының жағыдайы мен даму тенденциясы24
2. 1 Сақтандыру рыногының даму кезеңдері24
2. 2 Сақтандыру ісін құқықтық мемлекеттік реттеу30
2. 3 Сақтандыру рыногының қаржылық жағдайын талдау36
III Бөлім. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін дамыту проблемалары49
Қорытынды59
Қолданылған әдебиеттер тізімі61
Кіріспе
Экономикалық өсудің тұракты және өспелі қарқындарына жету Қаржы саласының дамуының негізгі тенденцияларын анықтамайынша мүмкін емес. Мұнда сақтандыру ісіне зор назар аударылады.
Сақтандыру макроэкономикалық тұрақтандыру үшін кажетті қаржылық резервтерді қалыптастыра отырып, техногендік және экологиялық окиғаларда өндірістік күштерді қалпына келтіруге және дамытуға ықпал етеді, инфляциялық фактор әсерін төмендетеді, тауарлар мен қызметтер сұранысы мен ұсынысының ара катынасын оңтайландырады. Сонымен қатар, сақтандыру институтын дамытуды ынталандыру келесі себептерге байланысты қажет болып табылады.
Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан қарастырылған шаралар сипатына және көлеміне тәуелсіз халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазір табиғи және техногендік апаттарды жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы мемелекеттік бюджетке жүктелген.
Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына ықпал етеді, Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелдерді, кәсіпкерлердің азаматтық жауаптылығын, өндірістік мүлікті сақтық қорғау кәсіпкерлік қызметтің үздіксіздігін, зиянсыздығын, Қаржылық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді, себебі сақтық жағдайда шығындар сақтандырушы резервтері есебінен өтеледі. Сақтандыру кәсіпкерлерді өзнің меншікті көп сақтық ақшалай корларын құрудан, күрделі қаражаттарының тұрып қалуынан толық немесе ішінара босатады. Егер кәсіпкер банктен несие алғысы келсе, банк үшін сақтық полис кепіл болады. Сақтандыру кәсіпкерлер үшін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін ескерту шараларын ұйымдастыруға себепші болады.
Үшіншіден, сақтандырушылар сақтандыру жарналарының (сыйақыларын) көп сомаларын жұмылдырады. Осы жарналардың бір бөлігін капитал жинақтау үрдісіне белсенді қатыса отырып, халық шаруашылығының түрлі салаларына инвестициялайды. Уақытша бос ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылыққа инвестициялай отырып, сақтандырушылар елдің экономикасын несиелеу бойынша банктердің қызметтерін атқарады. Сақтық фирмалардың күрделі резервтері банктік резервтерге қарағанда ұзақ мерзімді, өйткені сақтандырушылар клиенттермен бір және одан көп жылдарға келісім шартка отырады.
Қазақстан үшін банк капиталына қарағанда сақтық капиталдың артықшылығы ұлттық шаруашылық үшін ұзақ мерзімді несиелердің тапшылығы жағдайында өзекті болады.
Төртіншіден, сақтандырушылардың ұлғаймалы ұдайы өндіріске, оны несиелеуге белсенді қатысуы сақтандырушы-кәсіпорындарда жұмыс орындарын сақтайды, экономиканы ұзақ мерзімді несиелеу және өз қызметін кеңейту жолымен жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, ғылыми-техникалық революция жетістіктерін және бәсекелестікті есепке алып, құрылымды қайта құруды қаржыландырады.
Бесіншіден, сақтандыру индустриясын қалыптастыру мемлекетке табиғи техногендік сипаттағы шығындарын өтеу бөлігіндегі мемлекеттік бюджетке жүктеуді азайтады, сақтандыру көмегімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жеке мәселелерін (зейнетакы жинактарын төлеу, еңбекке қабілеттілікті немесе асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және с. с) нарыктық экономика қағидаларында шешуге мүмкіндік береді.
Сақтандырудың дамуы өз кезегінде заңдар негізінің жетілгендігіне, салық-бюджет саясаты, ақша-несие саясаты тиімділігіне, сақтандыру қызметін кадағалаудың сапасына және сақтық ұйымдардың жұмыстарының сапасына тәуелді. Сонымен, рыноктық шаруашылық дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғау, оның ішінде сақтық қорғаудың маңызы зор.
Диплом жұмысының мақсаты сақтандыру түсінігін, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайын, сақтандыру қызметінің проблемаларын, даму перспективаларын зерттеу болып табылады, .
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- сақтандырудың экономикалық мәнін, маңызын, қолданылу аясын анықтау;
- сақтандыру ісін құкықтық мемлекеттік реттеуді қарастыру;
- сақтандыру рыногының даму кезеңдерін қарастыру;
- Қазақстандағы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайына талдау жасау;
- сақтандыру рыногының проблемалары мен даму перспективаларын талқылау.
Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногына зор назар аударылуда. 2004-2006 жылдарға арналған сақтандыру рыногын дамыту Бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылған болатын, қазір де заңнамалар жетілдірілуде.
Диплом жұмысы кіріспеден, қорытындыдан, үш бөлімнен, тұрады.
Бірінші бөлімде, сақтандырудың теориялық аспектілерін қарастырдым, екінші бөлімінде, сақтандыру рыногын құқықтық мемлекеттік реттеуді, осы рыноктың даму кезеңдерін, Қазақстан Республикасындагы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайын талқыладым. Үшінші бөлімде, сақтандыру ісін жетілдіру проблемаларын қарастырдым.
Сонымен, сақтандыру қызметінің маңызын зерттеу оның экономикадағы және Қазақстандағы қоғамдық өмірге маңыздылығы ерекше қызығушылықты тудырады.
I Бөлім. Сақтандырудың теориялық аспектілері
1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік -экономикалық мәні мен мазмұны
Сақтандыруды дамытудың әлемдік тәжірибесі экономикаға оңды әсер етудің қуатты факторы болып табылатындығын дәлелдеді. Бұл кәсіпкерлердің үлкен қаржы ресурстарын экономиканың түрлі салаларына тәуекелге бел буа отырып салғанда, нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде байқалды.
Кең мағынада "сақтандыру" бір нәрсенің қолайсыз салдарларынан қорғануды білдіреді. Сақтандыру адамның пайда болуымен бірге пайда болды және оның табиғатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
"Сақтандыру" сөзі "қорқыныш" сөзінен шыққан, бір нәрсені жоғалтудан қоркуды білдіреді, бірақ "тәуекел" түсінігіне сай келеді. Ағылшын тілінде "insurance" (сақтандыру) "sure" - сенімділік, біреуденен қолдау алуға үміттенумен байланысты бір нәрсенің тағдырынан үрейді алып тастау ретінде анықталады.
Уақыт өте келе "сақтандыру" термині анық мәнге ие болды. Занды және жеке тұлға белгілі-бір оқиғаның мүмкін зиянын сақтандырылатын объектінің құнынан төмен төлем өтеуге жауапкершілікті өз мойнына алатын басқа тұлғаға барады.
Сақтандыру теориясына назар аударайық. XV ғасырдың басында неміс экономисті Кроет сақтандыруды тәуекелдерді біріктіру арқылы оларды барынша азайту деп анықтады.
Польша экономисі А. Банасинский сақтандыру өзіне тәуекелдердің барлық түрлерін және зиянды өтеу жауапкершілігін алып, мүлікке немесе адамға келтірілген шығындарды жабу ауыртпалығын бөлу мақсатында тәуекелдер кешенін қалыптастыруға негізделеді деп атап кеткен. 1 Сонымен қатар, біркатар сипаттамаларды бөліп кетуге болды, оларға сай:
а) "Сақтандыру" кәсіпорындарға немесе ұйымдарға келтірілетін мүмкін төтенше және басқа зиянды өтеуге немесе азаматтарға ақшалай көмек көрсетуге мақсатты сақтық қордың ақшалай жарналары есебінен оның қатысушыларының арасындағы қайта бөлу қатынастарының жиынтығы2.
б) сақтандырудың мәні ұлттық табыс деп аталатын жиынтық қоғамдық өнімді қайта бөлу фазасындағы адамдар арасындағы экономикалық қатынастар болып табылатындығында.
Сурет-1. Сақтандыру қатынастарының субъектісінің мүліктік мүддесі мен сақтандыруға қажеттіліктің арасындағы өзара байланыс
Сурет-1-ден біз сақтандыру мүліктік зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты мүліктік мүдде пайда болғанда, қолайсыз оқиға орын алғанда сақтық қорғау (сақтық тәуекел) қажет екендігін көреміз.
«ҚР сақтандыру қызметі туралы» Заңда сақтандыруға сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру шартымен анықталған сақтық жағдай немесе басқа оқиға орын алғанда жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік қорғау бойынша қатынастар кешені деп анықтама берілген. 3
Осы анықтама сақтандыру қатынасының субъектісінің мүліктік мүддесі мен сақтандыруға қажеттіліктің арасында өзара байланыс бар екендігін көрсетеді (1-сурет) .
Жоғарыда айтылған үш анықтамада сақтық қатынастар мәні мезо- және макродеңгейде қарастырылады. Кез келген анықтама толық бола бермейді, өйткені сақтандыру ғылыми зерттеу объектісі болып отыр, осы түсінік жайлы көптеген пікірталастар пайда болады.
Көптеген анықтамаларда сақтық қорын қалыптастыруда, сыйақы мөлшерін, өтем төлеу шартын белгілеуде сақтық қатынастар қатысушыларының экономикалық мүдделерін білдіретін сақтық қорғауды алу негізін көрсететін қатынастар туралы айтылады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі колданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс. 4
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұксас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. 5
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру аркылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен окыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. 6
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің кұнын қайта белуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы; ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет Қаржысының цұрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде карауға болады.
Сақтандырудын мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларды төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыга) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес. 7
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру қызметі.
1. 2 Тәуекел - сақтандырудың алғышарты
Нарықтық экономикада сақтандыру негізінен мемлекеттік қана болудан қалып, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруден өтіп, меншікке жаңа қатынастарды құруы тиіс. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық қызмет нәтижелерін сақтауда заң шеңберінде әрекеттің барынша көп еркіндігі беріледі.
Қазақстан реформаларының бірінші кезеңінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, ұлтаралық қатынастарды жақсарту, әлеуметтік жүктілікті төмендету, қаржылар мен ақшалай айналымды сауықтыру бойынша шаралар қабылдау, бюджет тапшылығын қысқарту арқылы саяси жағдайды қалыптастырды.
Нарықтық экономика нарық және сақтандыру өзара байланысты болғандықтан, сақтандырудың белсенді ортасы болып табылады. Бір жағынан, нарық бар жерде кәсіпкерлік тәуекел бар, ал тәуекел бар жерде сақтандыру бар.
Табиғат бостықты ұнатпайтын сияқты, нарықта тәуекелдерді сақтандырмаса болмайды.
Қарапайым мағынада "тәуекел" нәтижесі белгісіз шешім қабылдауды білдіреді. Кәсіпкер каражаттарын іске сала отырып, өзінің және кәсіпорынның тағдырына шешуші әсер ететін барлық болашақ кездейсоқ оқиғаларды болатындығын алдын-ала көре алмайды.
Болашақта аз немесе көп ықтимал дәрежеде адамдар денсаулығына зиян және залал келтіретін белгілі бір оқиға және ол оқиғалардың болып қалуына сақтандыру жүзеге асырылатын болса, сақтық тәуекелі деп аталады. Сақтандыру басқа да мағыналарды білдіреді.
Сақтандыру тәуекелі төрт мағынаны білдіреді:
- Сақтандыру оқиғасынан зиян келтіру ықтималдығы. Математикада есептелген, бұл ықтималдық сақтандыру тарифтерінің құрудың негізі болып табылады.
- Накты сақтандыру оқиғасы, сақтандыру жүзеге асырылатын белгілі бір кауіп. Мұндай түсінуде сақтандыру тәуекелдерінің тізімі сақтандыру жауапкершілігінің объектісін құрайды.
- Сақтандырумен қамтылмаған және сақтандырушының тәуекелінде қалдырылған мүлік құнының бір бөлігі. Мысалы, бірінші тәуекел қағидасы бойынша сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесіндегі екінші тәуекел.
- Нақты сақтандыру объектілері (олардың сақтандырушылық бағалау және зиян келтіру ықтималдық дәрежесі бойынша) . Мұндай түсінуде сақтандырушылық бағалау мөлшеріне байланысты ірі, орташа, ұсақ сақтандыру тәуекелдері, ал сақтандыру затының қазаға ұшырауы немесе зиян келтірілуіне қарай кауіпті және азырақ кауіпті деп бөлуге болады. 8
Аталған мағынасында "сақтандыру тәуекелі" шетелдік сақтандыруда кеңінен қолданылады. Мысалы, химиялық кәсіпорны немесе ірі тонналы кеме ірі қауіпті сақтандыру тәуекелі ретінде сипатталады және осыған байланысты оларды сақтандыруда сақтандыру тарифтерінің жоғары мөлшері белгіленеді.
Әрбір нақты тәуекел, мысалы, жер сілкіну немесе су тасқыны тәуекелі ғимараттардың бұзылуы, су тасқыны сияқты белгілі бір қолайсыз оқиғалардың болу ықтималдығын білдіреді. Тәуекел адамзат қызметінің кез келген саласындағы объективті кұбылыс болып табылады және барлық жерде орын алады. Өз мәні бойынша ол шығындар мен жоғалтуларды тудыратын қалаулы емес құбылыс. Оның болуы залады өтеудің алғы шартын қалыптастырады, өмірге сақтаыдыру нысандарының көпшілігінің келуіне, сақтандыру ісін ұйымдастырудың әрі қарай жетілдіруге әкеліп соқтырады, сақтандырудың коғамдық тарихи түрлері тәуекелдер ерекшелігін және олардың пайда болуының түрлі нысандарын көрсете отырып, сақтандыру қорын (сақтандыру резервін) құрайды. Нақты оқиға болған жағдайда осы қордан төлем жасалады.
Тәуекел ықтималдығын түрлі дәрежесіне қарай мүмкін қазаға ұшыраумен және сақтандырылған объектінің бұзылуымен байланысты. Бірге жақын немесе тең ықтималдықта осы оқиға болатындығына толық кепіл етіледі, одан қашпау қымбат тұратын сақтандыруды талап етеді. Егер тәуекел адамның ықтиярынан тыс болатын кездейсоқ болжанбайтын оқиға болып табылса, сақтандырудың мағынасы болады.
Ғылыми-техникалық прогресс білімді игеру, техника мен технологияның жетілмегендігімен байланысты болжанбаған тәуекелдердің пайда болуын алғы шарт қалыптастырады. Қазіргі машиналар, ғылыми приборлар, күрделі және қауіпті ондіріс, FTP басқа жетістіктері өз қауіпсіздік шектеріне жақындады. Адамга оларды басқару, бақылау жасау қиынырақ. Сонымен қатар, техниканы, технологияны қазіргідей жаңарту, олардың максималды қауіпсіздігі, төтенше оқиғаларды математикалық моделдеу кездейсоқтықты шектеу мүмкіндігіне сенуге мүмкіндік береді. 9
Әлі сақтандыру объективтік және субъективтік ықтималдықка тәуелді. Біріншісіне табиғат пен қоғамның объективтік заңдарына жазылатын құбылыстар мен заттар тән, ал екіншісі ақиқатты жоққа шығаратын кездейсоқтыққа келеді.
Тәуекел анализ және гипотеза аркылы өмір заңдарының тану аркылы өтетін логикалық ықтимал аркылы көрсетілуі мүмкін. Олардың ағымын жіберместен бұрын үлкен сандар математикасы көмегімен статистикалық мәліметтер жинау және талдау керек.
Алынған нәтиже статистикалық ықтималдықты көрсетеді, одан тәуекел мөлшерін бағалау объективтілігі тәуелді болады. Тәуекелді туралау, тарату, бөлу сақтандыру кешенін жүргізу тәуелді техникалық тәсілдерді құрайды.
Тәуекелді бағалау үшін сенімді ақпарат болу керек, себебі оның болмауы қателікке әкеледі. Әдетте, тәуекелдердің бірнеше түрін боліп көрсетеді; сақтандыруға болатынды қолайлы және сақтандыруга жатпайтын қолайсыз тәуекел, сонымен қатар, сақтандырушының техникалық тәуекелі.
Көп үлесті бірінші топ алады. Бұл сақтандыратын оқиғаның болу және мүмкін зиянның мөлшерін ықтималдығы тұрғысынан бағалауға болатын жағдай. Сақтандырушы жауапкершілігі көлеміне кіретін тәуекел мүмкін болуы тиіс, кездейсоқ сипатта болады, сақтандыру келісім-шартына қатысушы жақтарга сақтандыру оқиғасының нақты уақыты келтірілген зиянның мүмкін мөлшерін алдын-ала білмеуі керек. Осы тәуекелдердің пайда болуының кездейсоқтығы статистикалық қадағалау ұйымдастырылатын біртекті объектілерге жатады. Оны талдау сақтандыру сыйақысының болжамын анықтауға мүмкіндік береді. Қауіптің қайнар көзіне байланысты стихиялық күштермен немесе адамның орынды әсерімен болатын тәуекелдер болады. Біріншісіне, жер сілкіну, су тасқыны, және т. б. табиғи құбылыстар жатады. Екіншісіне ұрлық, тонау және баска да құқыққа қарсы әрекеттер жатады.
Айырықша топты арнайы тәуекелдер құрайды; аномальды және катастрофиялық. Біреуінің айырықшалығы және мөлшері сәйкес боъектіні тәуекел жиынтығының белгілі бір тобына жатқызуга мүмкіндік бермейді. Басқаларлы сақтандырылған объектілердің немесе сақтанушыларға оларға ірі ауқымдағы зиян келтіріп сақтанушыларды қамтитын елеулі топты кұрайды. Бұл жер сілкіну, урагандар, цундар және апаттың баска да ғалами құбылыстары.
Катастрофалық тәуекелдер сақтандырушы мен сақтанушы арасында ерекше келісім-шарт жағдайында сақтадырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, экологиялық, көліктік, саяси, арнайы тәуекелдерді сақтандыру бар. 10
Экологиялық тәуекелді сақтандыру қоршаған ортаны ластануымен байланысты. Олар әдетте сақтандырушы жауапкершілігі көлеміне қосылмайды. Сонымен бірге экологиялық тәуекел себепкер болған белгілі бір сақтандыру мүдделері сақтандырудың толық дербес түрін қалыптастыруға алғы шарт тудырды.
Көліктік тәуекелдер автокөлікті, өзен, теңіз және ауа кемелерін және оларды тасымалдайтын жүктерін сақтандырумен шектеледі.
Саяси тәуекелдер өз азаматтарына қатысты мемлекеттік билік органдарының және басқарманың болжанбайтын, құқыққа қарсы әрекеттеріне міндетті және сақтандырушы міндетіне кіруі мүмкін.
Арнайы тәуекелдерге айырықша қымбат мүліктерді, мысалы, алтынды, күмісті және басқа қымбат металдарды және обан жасалған бұйымдарды, қолма қол ақшаларды тасымалдауды сақтандыру жатады.
Сақтандырушы сақтандыру келісім шартының кез келген мезетінде сақтандыру оқиғасы орын алғанда зиянды өтеуге дайын болуы тиіс. Мұндай тәуекел техникалық тәуекел деп аталады. Оның болуы сақтандырушыны өрттің, апаттардың, стихиялық жағдайлардың салдарларын және болу ықтималдығын азайту үшін олармен күресудің ескерту шараларына қатысуға итермелейді.
Әлуетті қауіпті өндіріс жағдайы туралы ақпаратты жинау, жүйеге келтіру және талдау, табиғи және баска құбылыстардың фактілері жөнінде мәліметтер базасын құру әрбір аймақ үшін болжанатын қауіп мөлшерін және тарифтік сеткаға және сақтық қоры ресурстарына адекватты тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz