САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1 Сақтандыру рыногына түсінік: оның құрамы және құрылымы, қатысушылары
1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының қалыптасуы мен дамуы
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ДАМУЫН талдау
2.1 Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жағдайы
2.2 Сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты: сақтандыру рыногының қазіргі Қазақстан
Республикасында қалыптасуы мен даму үрдістерін пайымдау.
Осыған орай курстық жұмыстың міндеттері мыналарды қамтиды:
- сақтандыру рыногының экономикалық мазмұнын зерделеу;
- еліміздегі сақтандыру рыногының қалыптасуы мен дамуын қарастыру;
- сақтандыру рыногының мемлекет тұрғысынан реттелуін зерттеу.
Менің таңдап алған тақырыбым "Сақтандыру рыногы". Бұл тақырып мені өте
қызықтырды. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім әрбір экономикалық бағыттағы
оқу орындарының студенттері сақтандыру нарығының дамуына терең талдау жасай
білуі керек деп ойлаймын. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының
айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары
жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету
үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру
жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан
қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Міне осыған орай
сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса
маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру
ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі
ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті,
бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды
мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық
бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін
барынша жан-жақты ашып көрсеткіміз келеді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 26 бет.

Сақтандыру рыногы – бұл сақтандыру қызметтеріне мұқтаж сақтанушылар,
олардың сұранысын қанағаттандыратын сақтандырушылар (сақтандыру
компаниялары), сақтандыру делдалдары және сақтандыру инфрақұрылымының
ұйымдары (консалтингтік фирмалар және басқалар) әрекет ететін әлеуметтік-
экономикалық кеңістік болып табылады.
Сақтандыру рыногын құрудың объективтік негізі күтпеген оқыс
жағдайларда адамдарға ақшалай көмек көрсету жолымен ұдайы өндіріс
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Кең мағынасында сақтандыру рыногы сақтандыру өнімін сатып алу сату
бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Рынок сақтандыру
мен сақтанушының арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Мұнда яғни,
сақтандыру рыногында сақтандыру қызметтін қоғамдық мойындау жүзеге
асырылады.
Сақтандыру рыногының қызмет етуінің негізі экономикалық заңдылықтар
болып құн заңы және ұсыныс, сұраныс заңы саналады.
Сақтандыру рыногын тауарлық шаруашылықтың қалыптасу процесінде құрылды және
оның ажырамас элементі болып табылады. Бұлардың туындауының негізгі шарты
қоғамдық еңбек бөлінісі және жекелеген тауар өндіруші меншік иелерінің
болуы саналады.
Салалық белгісі бойынша өмірді сақтандыру рыногы (бұған барлық ұзақ
мерзімді сақтандыру тұрлері: зейнетақы, денсаулық, аннуитет және т.б.
кіреді) және мүлікті сақтандыру рыногы, жауапкершілікті сақтандыру және
кездейсоқ жағдайлардан сақтандыру болып бөлінеді. Қазақстан Республикасында
сақтандырудың екі саласы “Өмірді сақтандыру”, “Жалпы сақтандыру”
анықталған.
Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық рыногтарын бөліп
көрсетуге болады.
Ұлттық сақтандыру рыногы – бұл жеке мемлекеттегі жеке бір елдегі
сақтандыру ұйымдарының қызмет сферасы. Институционалдық түрде ұлттық
сақтандыру рыногы сақтандыру компанияларынан, мамандандырылған қайта
сақтандыру ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен және агенттерінен тұрады.
Ұлттық рыногтағы барлық сақтандыру қызметі ұлттық сақтандыру заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады, бұған бақылауды мемлекеттік сақтандыруды қадағалау
органы жүзеге асырады. Ең ірі ұлттық сақтандыру рыногтары АҚШ-та,
Ұлыбританияда, Германияда құрылған. Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
Үкметтегі, Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, халықаралық келісімдердегі
сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін білдіретін ұлттық сақтандыру
ассоцациялары қызмет етеді.
Аймақтық сақтандыру рыногы – сақтандыру ұйымдарын, бір-бірімен
интеграциялық байланыстағы жеке аймақтардың ұлттық сақтандыру рыногтарын
біріктіреді. Ең ірі аймақтық рыног Солтүстік Американдық сақтандыру рыногы
болып табылады (АҚШ, Канада).
Халықаралық сақтандыру рыногы – бұл ұлттық және аймақтық рыногтардың
жиынтығын білдіреді. Халықаралық рынок ретінде халықаралық сақтандыру
операцияларын үлкен үлес салмағымен сипатталатын Нью-Йорк, Лондон, Цюрих
сипатталатын локальдық сақтандыру рыногтарын алуға болады.
Қайта сақтандыру каналдары бойынша және брокерлер арқылы ірі
тәуекелдер көптеген аймақтық және ұлттық сақтандыру рыногтарының арасында
бөлінеді. Сақтандыру ұйымдарының жалпы проблемаларын шешу мақсатында
халықаралық сақтандыру одақтары құрылады. (техникалық тәуекелдерді
сақтандырушылардың халықаралық одағы, су сақтандырушылардың халықаралық
одағы).
Сақтандыруды жүзеге асыруда негізгі ұйымдастырушылық құқықтық
формалары болып мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдармен
жүргізілетін сақтандыру, өзара сақтандыру саналады.
Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым
шығатын сақтандыру формасын айтамыз. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың
барлық түрлерін жүргізуге мемлекеттің абсолюттік монополиясы жағдайында
сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттің монополиясы жағдайында немесе
ешқандай мемлекеттің сақтандыру монополиясы болмаған жағдайда жүзеге
асырылады. Қазіргі кезде ТМД елдеріне сақтандырудың дамуы соңғы вариантпен
келеді. Бірақ сақтандырудың кейбір түрлерін жүзеге асыру мемлекеттің
басымдылығын жоққа шығаруға болмайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік сақтандырушы қызметінде тек бір
ғана басым бағыт жалпы қоғамдық стратегиялық маңыздағы мүдделерді
сақтандыру анықталған. Осылайша, мысалы мемлекеттік ауыл шаруашылық
сақтандыру кәсіпорны “КазАгрополистің” басым бағыты ауыл шаруашылығын
сақтандыру болып табылса, ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру
компаниясын – инвестицияларды сақтандыру.
Қазақстан Республикасында 2002 жылдың басында сақтандыру қызметін
жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар үш 100%-тік мемлекеттің
қатысумен сақтандыру ұйымы тіркелген: “Казахинстрах” ЖАҚ, “ҚазАгрополис”
ААҚ, “Батыс Қазақстандық фирмасы” ААҚ.
Акционерлік сақтандыру сақтандырушылар ретінде жарғылық капиталын
акциялар арқылы құрайтын акционерлік қоғамдар табылатын сақтандыру
қызметінің ұйымдастырушылық формасы. Бұл құрылтайшыларға өзінің аздаған
меншіктік қаражаттары мен заңды және жеке тұлғалардың ақша ресурстарын
тарту есебінен сақтандыру операцияларын өткізуге мүмкіндік береді. Бастапқы
капиталды құру тәртібіне байланысты Акционерлік қоғамдардың ашық және жабық
типтерін, Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөліп көрсетуге болады.
Өзара сақтандыру – сақтанушылардың өзара көмекті қамтамасыз ету
мақсатында бірігіп сақтық қорғаудың ұйымдастырушылық формасы. Өзара
сақтандыру қоры Қазақстан рыногында жаңа қатысушы. Қазақстанда өзара
сақтандыру қорының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” заңымен және
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 845 бабымен реттеледі. Өзара
сақтандыру қоры өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін және мүлкін сақтандыруды
жүзеге асырады және коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Сақтық пұл – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру үшін сақтық
компаниялардың бірлестігі. Бұл жаңа ірі және қауіпті тәуекелдерді
сақтандыруға қабылдағанда құрылады. Пұлдың қызметті қос сақтандыру
принципінің негізінде жүргізіледі. әрбір компания тұлға сақтандырылған
тәуекелдерді береді, пұлмен жинақталған салымдардың белгілі бір бөлігін
алады және сол үлесте зиянның орнын толтыру бойынша жауапкершілікте болады.
Пұлдар шетелдерде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті
сақтандыруда өз дамуын тапты. 1997 жылы Қазақстанда екі сақтандыру пұлы
“Қазақстан” және “Жилой фонд 21” болған. Қазақстан пұлы энергетикалық,
инвестициялық ірі тәуекелдерді сақтандыру үшін құрылған. Ал екінші пұл
тұрғын үйлердің иелерінің табиғи және техногенді құбылыстардың әсерінен
қозғалмайтын мүлкінің бұзылуынан және жойылуынан зияндардың орнын толтыруды
кепілдендіру мақсатымен құрылған.
Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” заңына сәйкес
сақтандыру рыногының қатысушылары болып:
- сақтандыру ұйымы;
- сақтандыру брокері;
- сақтандыру агенті;
- актуали;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
- өзара сақтандыру қоғамдастығы;
- қайта сақтандырушы табылады.
Сақтадыру ұйымы - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін
уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге
асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру агенті - берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан
және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті
жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру брокері - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша
консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру
шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қазақстандағы сақтандыру рыногы 1921 жылы жаңа экономикалық саясаттың
басталуымен қалыптасты. Ол кезде елдің шаруашылық өміріне және
экономикасына нарықтық қатынастың элементтердің енуі белсенді түрде
жүргізілген. Нарықтық экономиканың заңдары өндірісті дамыту мақсатында
шаруашылық тәуекелдіктерді минимумға жеткізу кепілдігін талап етті, бұл
сақтандыруды қалыптастырды.
Қазақстан териториясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру тәртібі 1921
жылы 14 желтоқсандағы КССР-дың Кеңестік Халық Комиссариатымен бекітілген
мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы жарлығымен белгіленген болатын.
Алғашқы қадамдарында-ақ Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыру
мемлекеттегі ауыр экономикалық жағдаймен, халықтың төлем қабілетінің
төмендігімен және сақтандыру ісіндегі маман кадрлардың жетіспеушілігімен
байланысты қиыншылықтарға тап болды.
Сақтандандыруды дамытудың қанағаттандырылмаған нәтижелері 1931 жылы
Мемсақтандыру органдарының қызметінің қиындауына әкелді. ‘’Мүліктік
сақтандырудағы өзгерістер туралы’’ 1931 жылдың 3 ақпанынан бастап ЦИК және
СНК ССР қаулысымен мүліктік сақтандыру жөніндегі барлық жұмыс Халық қаржы
Комитетіне және оның жергілікті органдарына, ал жеке басты сақтандыру
жөніндегі жұмыс Мемжинақ касссаларға берілді.
Қазіргі жағдайдағы сақтандыру ісін ұйымдастыру қағидаттары бір жағынан
нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің жалпы экономикалық заңдарымен, екінші
жағынан оған Қазақстан Республикасының өтуімен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың кәсіпкерліктің еркіндігімен, оның формаларының
әртүрлігімен және максималды пайда алу мақсатында тұтынушыға қызмет
көрсетумен сипатталатыны белгілі. Мемлекет нарықтық экономика жағдайында
тауар өндірісі мен айналысы процесіне, өндіруші мен тұтынушы арақатынасына
араласпайды, бірақ сонымен бірге қаржылық, салықтық, құқықтық және басқа
нормативтердің заңды белгіленген жүйесіне қатысты нарықтық шаруашылықтың
жұмыс істеуінің маңызды ережелерін анықтайды.
Осылайша, дамыған нарықтық экономика-реттеуге икемді жүйе. Бұл
реттеудің элементінің бірі болып сақтандыру алынады. Сақтандыру рыногы
әлсіз дамыған, өйткені бұған социалистік экономиканың дамуының объективті
шарттары әсер етті.
Қазіргі кездегі сақтандыру рыногының жеткіліксіз дамуы - қаржылық
сектордың және мемлекеттің экономикасының дамуына кедергі болып табылады.
Сақтандыру рыногының сандық көрсеткіштерінің өсуінің динамикасына
қарамастан, бұл өзгерістер нарықтың талаптарына толық жауап бермейді.
Біздің мемлекетіміздің экономикасының дамуының қазіргі этапының
ерекшелігінің ретінде өндірістің құлдырауын тоқтатуға және экономикаға әсер
етудің қаржылық әдістерін қолдану арқылы тұрақты экономикалық өсуге қажетті
базамен қалыптастыруға бағытталған нарықтық өзгертулерге өтуді қарастыруға
болады. Бұлар Қазақстанның ұзақ мерзімді басты мақсатында даму
стратегиясында көрініс табады.
Экономикалық өсудің тұрақты, ұлғаюшы деңгейіне жету оған сәйкес ақша-
несие механизмінің қаржылық сферасының жұмыс істеуінсі мүмкін емес. Бұл
жерде сақтандыруға да маңызды орын беріледі.
Нарықтық шаруашылықтағы дамыған мемлекеттерге сақтандыру экономиканың
стратегиялық секторының бірі болып табылады. Сақтандыру меншік иелеріне
табыстарын немесе мүлкін жоғалтқанда залалдың орнын толтыру кепілдігін
бергендіктен, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар адамның барлық жағдайындағы қорғанысына жағдай
туғызады. Сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтері өндірістік және
өндірістік емес сфераларының перспективалы салаларына ірі көлемде
инвестициялар тартудың көзі болып табылады.
Заңды және жеке тұлғалар мен олардың мүліктік мүдделерін қорғау
мақсатында жасалынатын сақтандырудың нақты келісімдері микроэкономикалық
деңгейдегі ролін анықтайды. Үлкен территорияларды қамтитын ірі табиғи және
техногенді апаттар кезінде көптеген кәсіпорынның өндірісі бұзылған,
мыңдаған адамдардың өміріне қауіп төнген кезде, ондай зияндардың орнын
сақтандыру арқылы толтырудың макроэкономикалық салдары бар. Сақтандыру
төлемдері түріндегі сақтандырушының бос ақша қаражаттарын тарту арқылы
қалыптасқан сақтандыру ұйымының үлкен инвестициялық ресурстары дамыған,
алдыңғы қатарлы елдердің дамуының макроэкономикалық пропорцияларын анықтап
берді.
Сақтандыру Қазақстан Республикасындағы келесідей мәселелерді шешуде
маңызды рөл атқарады:
• оның барлық тұрлерінің дамуы;
• оның барлық стадиясындағы тәуекелдікті басқару механизмін жетілдіру;
• өткізудің міндетті және ерікті тұрлерін оптималды үйлестіру;
• ұзақ мерзімдік негізде өмірді сақтандырумен байланысты халықпен өзара
қатынас орнату;
• сақтандырудың барлық шарттарын, оптималды сақтандыру сомалары мен
тарифінен бастап уақтылы және толық зиянының орнын толтыруға дейін
жетілдіру;
• сақтандыру ұйымының сақтанушы алдындағы міндеттемелерін орындауға
құқықтық және қаржылық кепілдігін қамтамасыз ету.
Қазақстанда сақтандыру қолайсыз жағдайлар кезінде заңды және жеке
тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және олардың дамуы сақтандырудың
жеке түрлерінің шарттарымен анықталған қатынастар жүйесін білдіреді.
Республикада бүгінгі сақтандырудың екі саласы мүліктік және жеке жүйесі
қалыптасқан. Әрбір сала өз ережелері, шарттары және сақтандыру тарифтері
бар жеке сақтандыру рыногы болып табылады. Сәйкесінше сақтандыру рыногы
сақтанушының мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру
қызметінің жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногы динамикалық дамуда. Бұл
сақтандырушының санының өсуімен сақтандыру қызметінің жаңа
қажеттіліктерінің пайда болуына байланысты операциялар көлемінің ұлғаюымен,
бәсекенің шетел сақтандырушыларының Қазақстан сақтандыру бизнесіне
назарының күшеюімен ерекшеленеді. Егерде 1994 жылы сақтандыру ісін реттеу
қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде іс жүргізу құқығына 22 компания ие
болса, 1998 соңына қарай жалпы жарғылық қоры 2213 млн. теңге болатын 71
сақтандыру ұйымының лицензиясы болды.
Сақтандыру ұйымының қаржылық жағдайы олардың жарғылық қорының өсуін
білдіреді, сонымен қатар, сол кездегі сақтандыру резервтерінің бұрынғымен
салыстырғанда өскендігін білдіреді.
Сақтандыру ісінің сапалық өзгеруін Қазақстан Республикасы 1994-1998
жылдардағы негізгі көрсеткіштер көрсетеді:
1. сақтандыру компанияларының санының өсуі;
2. қаржылық қызметіндегі өзгерістер;
3. сақтандыру төлемінің түсуі т.б.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын
қалыптастыру кезінде сақтандыру ұйымының табысының негізгі көзі болып
табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері негізгі үлеске ие болғанын айтып
кеткен жөн.
Сақтандырудың даму перспективалары жайлы айтқанда мыналарды атап өту
керек:
➢ Сақтандыру қызметінің нарығын кеңейту;
➢ Сақтандыру компанияларының басқа қаржы институттарымен байланысы;
➢ Сақтандыру қызметіне сұранысты зерттеудегі маркетингтік зерттеулер;
➢ Шетел сақтандыру компанияларымен байланысты нығайту;
➢ Халықаралық сақтандыру нарығының тәжірибесін енгізу;
➢ Банктік сақтандыруды дамыту.
Сонымен бірге, сақтандыруды дамытудағы мемлекеттік қолдаудың
қажеттілігі (сақтандыру компанияларының қызметтін ынталандыру, сақтандыру
қызметіне салықтық жүктеуді азайту, тұрақты жұмыс істеу үшін мықты заңдық
кепілдіктер жасау).
Сақтандыру рыногын дамытуға сонымен қатар, кадрларды дайындау және
информациялық-аналитикалық жұмысты ұйымдастыру, сақтандыру рыногының
инфрақұрылымын құқықтық реттеуді жатқызуға болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногында
шетелдердің қатысуымен құрылған сақтандыру ұйымының саны өсуде. Бұл тек
қаржылық жағдайды нығайтуға ғана емес, халықаралық тәжірибені, жаңа
технологияларды енгізуге, отандық сақтандырушылардың әлемдік нарыққа
шығуына жол ашады. Ірі сақтандырушылардың қызметі уақыт өте келе шетел және
жергілікті Қазақстан инвестицияларының және халықаралық деңгейде кепілдігі
бола алады. Бұл бюджет тапшылығын төмендетуге, республиканың экономикасына
жергілікті және халықаралық капиталының түсуін ынталандыруға мүмкіндік
береді.
II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2002 жылдың 1-ші желтоқсандағы мәліметтер бойынша сақтандыру
қызметтімен айналысуға және жүзеге асыру құқығына ие болған, лицензиясы
бар 34 сақтандыру ұйымы қалған, оның ішінде біреуі мемлекеттің қатысуымен,
төртеуі шетелдік қатысушыларымен және біреуі “Өмірді сақтандыру” саласын
жүзеге асырумен құрылған. Сақтандыру ұйымдарының негізгі бөлігі Алматы
қаласында орналасқан.
Соңғы жылдары сақтандыру ұйымының азаюы (71-34-ке дейін) ең алдымен
сақтандыру ұйымдарының қызметіне қойылатын заңнамалық талаптардың
жоғарлауымен, сонымен бірге олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем
қаблеттілігіне байланысты. Соның салдары ретінде сақтандыру қызметі туралы
заң талаптарын бұзушы қаржылық тұрақсыз сақтандыру ұйымдарының нарықтан
кетуіне байланысты.
Сақтандыру нарығының шоғырлану тенденциясы сақталуда. Осылайша
Қазақстан Республикасында жиынтық сақтандыру сыйақыларының 60% алты
сақтандыру компанияларына келеді. Жалпы сақтандыру сыйақыларының 2002
жылдың 11 айына берілген көлемі 55,3%-ке, яғни 19587,0 млн теңгеге өскен.
Бұл 2001 жылдың 11 айымен салыстырғанда еркін мүліктік сақтандыру
сыйақылары бойынша жинақталған сақтандыру сыйақыларынан әлдеқайда көп. Адам
басына шаққанда келетін сақтандыру сыйақысының орташа көлемі 1305,8 теңгені
құраған.
Еркін мүліктік сақтандыру бойынша отандың сақтандыру ұйымдарымен
жиналатын сақтандыру сыйақыларының едәуір бөлігі шетелдерде қайта
сақтандырылады. Жалпы сақтандыру төлемдерінің көлемі 2001 жылмен
салыстырғанда 1,9%-ке өскен, яғни 2019,3 млн. теңгені құраған. 2002 жылғы
әрбір адамға шаққандағы сақтандыру төлемдерінің орташа сомасы 134,6 теңгені
құраған. Сонымен бірге еркін мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру
төлемдерінің көлемі 10,3%-ке төмендеген. Бұл төмендеу сақтанушылардың
қызметіндегі тәуекелді азайтатын жағымды факторларға жатқызылуы мүмкін.
Кесте 1. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының
2003-2005 жылдардағы сақтандыру сыйақылары және сақтандыру
төлемдерінің түсуі.
(млн. теңге)
Көрсеткіштер 2003 2004 2005
Сақтандыру сыйақылары-барлығы 5862,0 8155,3 13340,5
Сақтандыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz