Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты
Мазмұны
Кіріспе
1. Сақтандырудың мәні, атқаратын қызметі және түрлері
1.1 Сақтандыру мәні және оның түрлері
1.2 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
1.3 Сақтандыру тарифтері
2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
2.1 Қазіргі кездегі сақтандыру нарығының жағдайы
2.2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономика есігімізден кіріп, төрімізге жайғасқалы біраз уақыт
болды. Нарықпен бірге халықтың санасына көптеген жаңа түсініктер еніп, оның
заңдары мен құбылыстарына “етіміз” үйреніп те қалды. Дегенмен, нарықпен
бірге жаңаша түрленіп келген түсініктердің бірі – сақтандыру халықтың
түсінігінде әлде де болса тиісті орнын таппауда.
Сақтандыру - халықтың жеке және шаруашылық өміріндегі мүліктік
мүдделерін табиғи апаттар немесе басқа да белгісіз төтенше жағдайлар
салдарынан болатын шығындардан арнайы мақсатты қорлар құру арқылы қорғау.
Сақтандыру қорларын құрудың негізгі қайнар көзі – сақтандырушылардың
сақтандыруға төлеген ақылары болып табылады. Қазіргі кезде еліміздегі
сақтандыру міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті сақтандыру
заңмен бекітіледі және оның талабын орындауға барлық адамдар міндетті
Соңғы жылдардағы сақтандыру нарығын арттырудың қалыптасқан оңды
қарқыны сақтандыру бүгінгі таңда отандық экономиканың болашағы зор және
қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі деп айтуға мүмкіндік береді.
Ішкі жалпы өнімнің өсуінің жоғары қарқыны, тұрғындардың нақты
табыстарының артуы, сондай-ақ осы нарықты мемлекеттік реттеудің
қалыптасқдан жүйесі осығн негіз болып табылады. Қайта сақтандыру кезінде
рейтинг талаптары артты, ипотекалық кредиттерді сақтандыру мен кепілдік
беру жүйесі үнемі жетілдірілуде, медициналық сақтандыру нарығы
жандандырылуда. Қайта сақтандыру кезінде рейтинг талаптары артты,
ипотекалық кредиттерді сақтандыру мен кепілдік беру жүйесі үнемі
жетілдірілуде, медициналық сақтандыру нарығы жандандырылуда.
Рыноктың өзі осы сектордың әжептеуір қозғалтқышы болып табылады. Орта
таптың жоғарғы сегменті өсып келеді, сақтандыру компаниялары
инфрақұрылымдық жобаларға және озық техникалық қамтамасыз етуге
инвестицияларын ұлғайтып жатыр. Сондай-ақ банктердің жалпы сақтандыру
нарығына өсіп келе жатқан қызығушылығы маңызды фактор.

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін
де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы
тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде
қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше сипаты.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларды материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәнінде бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтімдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын талаптардың нақты
қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық
қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін
нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен
жарналары ретінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың
сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлары белгілі
бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары
қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз
кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық
қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық нарығында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайында сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы
бітқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне
қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша
қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы
мүмкіндігі обьективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орлаласуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына
қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі
ретінде болып көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
Сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтық қызметі – сақтық ұйымының шарттарын жасау мен орындауға
байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес
уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды:
- жазатайым жағдайдан;
- аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- көлік құралдарын сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- мүлікті сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық
жауаптылықты сақтандыру;
- зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы
сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін
сақтық өнімі болып табылады.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты
қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға
жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе
бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған
жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету қабілетін
жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген сомада не
ішінара толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке
басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралдарын иеленуге, пайдалануға,
оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне, оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттандан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның пайдасына жасалған шарт жарамсыз
болады.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгілеген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда
немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына
әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-
кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар:
- өмірді аралас сақтандыру;
- балаларды сақтандыру;
- некені сақтандыру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін
сақтандыру;
- әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық
автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда, сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылықты, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы
қызметкерлері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктеме аралық жағдайда болады:
ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті
және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық
категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.
1.3 Сақтандыру тарифтері
Корпорацияның сақтандыру тарифтері қабылданатын сақтандыру
тәуекелдеріне тәнік есептелінеді. Тарифтер, әр нақты елге тән саяси
тәуекелдер деңгейіне, шет елдік сатып алушының беделіне, төлем
қабілеттілігіне және тұрақтылық деңгейіне, сақтандыру өтеміне, сақтандыру
мерзіміне байланысты. Халықаралық тәжірибеге сәйкес саяси тәуекелдерді
бағалағанда қысқа және ортаұзақ мерзімді тәуекелдер деңгейлеріне
байланысты елдер классификациясы 7 категория бойынша классификацияланады, 1-
ші категория тәуекелділігі ең төмен елдер , 7-ші категория тәуекелділігі ең
жоғары елдер. Берілген категориялар бойынша елдердің классификациясы
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының және әртүрлі халықаралық
экспорттық несиелерді және инвестицияцияларды сақтандыру жөніндегі
агенттіктердің елдік бағалауларының нәтижесінде құралған. Саяси
тәуекелдерден сақтандырғанда Корпорация сақтандыру мерзіміне және сатып
алушының немесе инвестиция жасалынатын елдің категориясына сәйкес негізгі
тарифтерді қолданады. Коммерциялық тәуекелдерден сақтандырғанда шетелдік
сатып алушының сенімділігіне және төлем қабілеттілігіне байланысты негіздік
тарифке 10 %-тен 40 %-ке дейін үстемақы қосылады. Сақтандыру тарифтардың
диапазоны 0,3 %-дан бастап 3%-ға дейін тербеледі. Корпорация сақтандыру іс-
әрекетінен не ғұрлым көп пайда табуды мақсатты алдына қоймайды. Өлшеулі
орта мән тарифы 2006 жылда бекітілген сақтандыру келісім-шарттары бойынша
қысқа мерзімді эскпорттық несиелерді сақтандыру келісім-шарты бойынша 0,86
%-ды, орта-ұзақ мерзімді сақтандыру келісім-шарты бойынша 1,92 %-ды, ал
инвестицияларды сақтандыру келісім-шарттары бойынша 1,25% - ды құрады.
Корпорациямен жұмыс істеуді бастау барысында шет ел әріптеспен келісім-
шартты алдын ала дайындау кезеңінде, Сіз ешбір қаржы шығындарсыз берік
қорғаныс алып келісім-шарт бағасына сақтандыру құнын қосуынызға мүмкіндік
аласыз.

Сақтандыру – халықтың жеке және шаруашылық өміріндегі мүліктік

сақтандыруға төлеген ақылары болып табылады.
Мемлекеттің сақтандыру саласында жүргізген күрделі реформалары
нәтижесінде қазіргі кездегі еліміздің сақтандыру қатынастарын мемлекеттік
реттеу мен бақылау жүйесі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдермен
салыстырғанда әлдеқайда дамыған. Сақтандыру компанияларының қаржылық
тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және сақтанушылардың
мүдделерін қорғау мақсатында көптеген заңдармен басқа да нормативтік-
құқықтық актілер қабылданған. Заң жүзінде қойылған талаптардың толықтай
сақталуын мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жане
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі қамтамасыз етеді.
Сақтанушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аталмыш агенттіктің құрамында
арнайы басқарма қызмет істейді. Егер сақтанушылардың заңды құқықтарын
сақтандыру компаниялары бұзатын болса, жоғарыда аталған басқармаға
шағымдануға болады.

жандандырылуда.

Міндеттері сақтандыру, ерікті жеке басты және ерікті мүлікті сақтандыру
сақтандырудың негізгі түрлері болып табылады.
АӨҚО мүмкіндіктері
Сақтандыру ұйымдарының активтерін:
• Бір эмитентке төлеу қабілетінің нақты шегінің 10%-нан (жиынтығы – 60%-
нан), бір эмитенттің орналастырылған акцияларының кемінде 10%-нан
аспайтын жалпы санын сатып алатын жағдайда листинг процедурасынан
өткен акцияларға;
• Облигацияларға салуға болады.
Эмитенттердің - Қазақстанның резидент еместерінің бағалы қағаздары:
• Резидент еместердің – банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы
қорларының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жарғылық
капиталдары немесе акцияларына қатысу үлестері;
• ВВВ (Standard & Poor's және Fitch) немесе Ваа2 (Moody's
Investors Serviсe) төмен емес шет ел валютасындағы ұзақ мерзімдік
рейтингі бар эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz