Міндетті экологиялық сақтандыру шарты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

1 Экологиялық сақтандырудың экономикалық мәні, мақсаты.

1. 1 Экологиялық сақтандыру нысандары . . . 5

1. 2 Міндетті экологиялық сақтандырудың Заңдық негіздері . . . 7

2. Шет елдерде экологиялық тәуекелдерді сақтандыру тәжірибесі

2. 1 Ресейде экологиялық тәуекелдерді сақтандырудың барысы . . . 22

2. 2 Жаhандық экологиялық проблемалар . . . 25

2. 3 Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар . . . 30

3 Еліміздегі экологиялық проблемаларды шешудің жолдары . . . 36 Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi. Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.

1 Экологиялық сақтандырудың экономикалық мәні, мақсаты

1. 1 Экологиялық сақтандыру нысандары

Экологиялық сақтандыру - бұл қоршаған ортаға, өмірге, денсаулыққа немесе басқа тұлғалардың мүлкіне зиян келгенде, келіісм шартта көрсетілген міндеттемелерге жауапкершілік қатері төнгенде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік құқығын қорғау мен байланысты қарым - қатынастар болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес шаруашылықтың немесе басқа қызметтің экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде экологиялық сақтандыруға жатады. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты апатты ластану салдарынан қоршаған ортаға немесе үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.

Ерікті экологиялық сақтандыру - бұл азаматтардың және заңды тұлғалардыңөз ерітерімен жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру түрлері, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақтанушының келісім шаттарымен анықталады.

Экологиялық сақтандыру нысандары. Міндетті экологиялық сақтандырудың нысаны апатты ластану салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға келтірілген зиянды қалпына келтіру туралы ҚР азаматтық заңнамасында(ҚР азаматтық кодексі, 40 тарау, жалпы бөлім) міндеттемеге байланысты ҚР Үкіметінің 8. 01. 2004 жылғы « Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізімін және оларды міндетті мемлекеттік лицензиялаудың Ережелерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның мүліктік мүддесі болып табылады. Шаруашылықта және басқа да қызметте экологиялық қауіпті түрлерімен айналысатын жеке және заңды тұлғалар міндетті экологиялық сақтандыру келісім шартынсыз өз қызметтерін жүзеге асыруға құқықтары жоқ . Шаруашылық және басқа қызметтердің экологиялық қауіпті түрімен айналысатын нысанның бірден артық иесі болса, міндетті экологиялық келісім шарты олардың кез келгенімен сақтандыру полисінде міндетті түрде нысанның барлық иелерін сақтанушылар ретінде көрсету арқылы жасалады.

Міндетті экологиялық келісім шарты моральды зиян келтіруден, тұрақсыз төлем сияқты кері әсерлерден тыс экологиялық қауіпті шаруашылық түрлері мен басқа да қызметтерді экологиялық сақтандыруды жүзеге асыруда, өмірге, денсаулыққа, үшінші тұлғаның мүлкіне немесе қоршаған ортаға келген зиянның салдарынан болған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін іске асырады. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық шартын жасасудан бас тартудан құқылы емес. Міндетті экологиялық шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады. Келісім шартта көрсетілуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады. Сақтандыру келісім шарт бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырылушының жағдайын осы заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырылушының алдында тиісінше сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс болатын талаптар деңгейінде жауаптылықта болады. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:

  1. шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
  2. шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
  3. сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады. Енді міндетті экологиялық сақтандыру заңына толығымен тоқталып кетсек.

1. 2 Міндетті экологиялық сақтандырудың Заңдық негіздері

Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.

Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жәбірленуші - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға;

2) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластаушы заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттік, температуралық әсер, жарықтың әсері немесе сол уақыт үшін жол берілетін деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы;

3) міндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;

5) пайда алушы - Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған және мүдделеріне нұқсан келтірілген құқық қатынастары субъектілері;

14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті;

16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі.

Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.

Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері:

1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу болып табылады.

2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:

шығындарды өтеудің кепілдігі;

тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;

қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын алуды экономикалық ынталандыру болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалауды қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасау тәртібі келесідей:

1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында өміріне, денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың және (немесе) зиян келтірілуі мүмкін қоршаған ортаның пайдасына экологиялық сақтандыру Заңы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын объектінің иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.

2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында моральдық зиянды, қолдан шығарып алған пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін

жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және

(немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.

Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.

4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.

Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

Сақтандыру полисі бланкісін дайындауға және оның телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейді, бұл ретте өтелетін шығыстардың жалпы сомасы өтініш берген күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 0, 1 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

6. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырылушының алдында тиісінше сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс болатын талаптар деңгейінде жауаптылықта болады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы

1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты экологиялық сақтандыру Заңына сәйкес жәбірленуші деп танылған тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Жауапкершілігі экологиялық сақтандыру Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жататын сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырылған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалады.

3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты болып келесілер табылады:

1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;

3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.

Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату бұл:

1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық сақтандыру
Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Еліміздегі сақтандыру ісінің құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі. Оны реформалау және даму жағдайлары, басымды бағыттары
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Сақтандыру саласына байланысты заңнамалық актілер
Қазақстандағы экологиялық сақтандырудың теориялық аспектілері
Экологиялық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz