Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

I Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі. 4

1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары4

1. 2 Сақтандыру жіктелуінің негіздері. 7

1. 3 Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру-әлеуметтік қорғаудың негізгі салалары10

ІІ Қайта сақтандыру және оның сақтандырудағы мәні. 17

2. 1 Қайта сақтандырудың экономикалық қажеттілігі және негізгі міндеттері. 17

2. 2 Қайта сақтандыру нысандары мен әдістері. 21

2. 3 Қайта сақтандыру операциялары. 30

III Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары. 32

Қорытынды. 35

Қолданылған әдебиеттер тізімі37

Кіріспе

Мен "Қаржы" пәнінен өзімнің білімімді жетілдіру мақсатымен курс жұмысын жазу үстіндемін. Менің таңдап алған тақырыбым "Қайта сақтандыру және оның сақтандыру ісіндегі мәні". Бұл тақырып мені өте қызықтырды. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім әрбір экономикалық бағыттағы оқу орындарының студенттері нарықтық экономикалық дамуына терең талдау жасай білуі керек деп ойлаймын. Ал сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру-сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты-аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.

Сақтандыру жауапкершілігінің көлемін өсіру процесіндегі сақтандыру ұйымы жүргізетін қызметтің бастапқы кезеңінде де қайта сақтандырудың рөлі ерекше. Сондықтан да ішкі нарықта қайта сақтандыру жүйесін құру міндетті, бізде де барған сайын нарықтық экономикадағы өте маңызды, әрі актуальды мәселе бола түсуде. Осыған байланысты сақтандыру операцияларының қаржылық бекемдігін қамтамасыз ететін шалғай шетелдерде бұл тәсілдің рөлі мен мәнін барынша жан-жақты ашып көрсеткіміз келеді.

Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен қаіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып. Олар жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациалардың күрт өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық укладтарын анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп жаңартып әрі күрделі қаржы үші батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан жұмысты жүргізбей отырған жайларды болдырмайды. Міне бұл сақтандыру мен қайта сақтандырудың қазіргі басты міндеті клиенттердің қаіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс.

Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағыталуға тиіс.

Өнімге деген сұраным мен осы фактрге байланысты қатерді жабу қажетігінің ықтимал өзгерісі есепке алынады.

Бастауыш сақтандырудың дамуы, қатерлерді ойдағыдай басқару үшін жаңа прогрессивтік тәсілдері ойластыру, ықтимал толық қаржылық кепілдік пен қосымша кепілдік үшін дәстүрлі қайта сақтандыру объектілерін зор көлемде дифференциялау жоғары мамандандырылған қолдау. Қайта сақтандыру қоғамы стратегиясының ең маңызды пункті болуға тиіс. Әсіресе қатерден тысқары емес қызметтердің кең көлемді бағдарламасына қатысқан жерде қайта сақтандырудың жалпы кепілдігін ойластырып жасаған кезде клиенттердің жекелеген мүдделеріне ерекше көңіл бөледі.

Мен өзімнің осы ғылыми-зерттеу жұмысымда сақтандырудың экономикалық мәні мен қажеттілігіне оның көздері мен негізгі міндеттеріне, сонымен қатар қайта сақтандырудың мәні мен оның атқаратын қызметтерін және Қазақстан Ресубликасының қайта сақтандыру жүйесіне толығымен талдау жасап сипаттама беремін.

I Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі.

1. 1 Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары .

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп -бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп- қатер сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру азаматтарының жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорлардың қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар:бюджеттік және сақтық әдіс.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражатарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілермен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

Сақтық қорлар-қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Мүліктік мүдделерді қорғауда материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қор нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол-табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден - бір бөлігі .

Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында-сақтық төлемдерді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алуы үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағытаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салалары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісім шарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқалы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерлі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бір қатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымның түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке келіп түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмнің қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саланың ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:

  1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
  2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
  3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру;

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болы табылады.

Сақтандыру - сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функциясын атқарады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтің рыногын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау "Сақтық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулылары мен Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты

Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық қатынасы
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде кәсіпорын немесе оның бөлімшесі жеке адам деңгейінде)

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарп(сақтанушы) сақтық сыйақыларды төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзгеде тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтандыру сомасының) шегінді сақтық өтемін төлеуге міндетті.


1. 2 Сақтандыру жіктелуінің негіздері.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

Міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

Сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүлікті;

Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша-жинақтаушы және жинақтаушы емес;

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі"өмірді сақтандыру" саласы және

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .

Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.

Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық - құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді, сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе білінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан ) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүлікті мүдделеріне оның зақымдалуы немесе оның жойылуы соның ішінде немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе оның жойылуы соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жойылып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге пайдалануға оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандырудың түрлерінің жиынтығы болып табылады

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болуы, (келтірілген зияндары үшін жауаптылықты сақтандыру) сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты) тәуекелін сақтандырады.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептелінеді.

Шарты бұзған үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдары тәуекелді соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ған сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауылшаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекет, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді, жүктерді, мұнай операцияларын, және т. б. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктің барлық түрлерін тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық - құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996-жылдан бастап ауыл шаруашылығының өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.

Өмірді сақтандыру-азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа адам сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүлікті, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен еңбек ету қаблетін жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және обылысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру, және т. с. с.

Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдарының иелері азаматтық - құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады.

Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүлікті, міндетті және ерікті болуы мүмкін.

Мүлікті және жеке басты сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымы көрінетін оның функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайдың болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандаруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Сақтандыру курсына кіріспе
Сақтандыру ұйымдарының қаржысын талдау
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Жауапкершілікті сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz