Сақтандырудың пайда болуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. 2

1. 1. Сақтандыру - қызмет көрсету индустриясы7

1. 1. 2. Тәуекел8

1. 2. Сақтандыру бизнесінің кіріспесі: іскерлік қарым-қатынас. 11

2. 1 "АТФ - Lіfe" өмір сақтандыру бойынша еншілес компания11

ІІ - бөлім. 2 Актуарлық есептеулер Сақтандыру қорын құру аспабы ретінде. 13

2. 1 Тарифтік ставкалар13

2. 1. 1 Өнім-жітім кестесі15

2. 1. 2 Табыстық мөлшері. (Норма доходности) 19

2. 2 Өмір сақтандырудың Қазақстанда әрекет етуші түрлері бойынша тарифтерді құру әдістемесі. 23

2. 2. 1 Аралас өмір сақтандыру бойынша тарифтік ставкалар. 23

2. 2. 2 Белгілі бір мерзімде тірі тұруының бірмезетті нетто-ставкасы24

2. 2. 3 Қайтыс болған жағдайда бірмезетті нетто-ставка26

2. 2. 3 Коммутационды сандар28

2. 3. Жылдық нетто-ставка. 32

ІІІ - Бөлім. 37

Кіріспе.

Сақтандыру өз бастауын тереңнен осыдан 2000 жылдай бұрын кезеңнен алады. Тауарлық өндірістің дамуымен сақтандыру да дами түсті. Қазіргі кезде дамыған капиталистік мемлекеттерде ең көп тараған жеке басты сақтандыру. Олар Англияның, Канада, Австралия жанұяларының 90% жоғарысын, АҚШ-та - 80%, 50% жуық - Францияда орын алады. Жиналатын сақтандыру жарналарының ішінде оның салысьырмалы салмағы өте жоғары. АҚШ-та үштен бірі, ал кейбір елдерде тіпті сақтандыру қоғамына түскендердің жартысына жуығы өмір сақтандыруға тиесілі.

Сақтандыру нарығында өзінше еңбек бөлінісі бар. Ұзақ мерзімді өмір сақтандырумен айналысатын қоғам мүліктік сақтандырумен айналыспайды, ал мүлікті сақтандыру компаниялары әдетте іс аурулар мен белгісіз жағдайларды сақтандырудың қысқамерзімді келісім-шарттарына қатысты болғанда жекебасты сақтандыру операцияларын қоса жүргізеді.

Дамыған елдер сақтандыру компаниялары үшін олардың іс-әрекеті - бұл әдеттегі бизнес. Олар кез-келген коммерциялық кәсіпорындар секілді халықтың барлық тобына ұнайтындай икемді әрекет жүргізе алады. Байларға да кедейлерге де, аурулар мен сау адамдарға, ерлерге, әйелдерге, жалғызбастылар мен жанұяларға, кәрілер мен жастарға, әр мамандық иелеріне және т. б. Сұраныстың өзгерісіне тез икемделе отырып, олар нарыққа сақтандыру келісім-шарттарының әр түрлі жаңа түрлерін ұсынады.

Осы елдерде объективті өмір шарты халықтың көп бөлігін ауру салдарынан еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, инвалидтілік, қартаю, асыраушысы қайтыс болған жағдайда жанұясына көмек болу үшін қаражат жинақтауға ұмтылтырады.

Бұрынғы Кеңес Өкіметінде патшалық Ресейден қалған мұра - өмір сақтандыру өте нашар дамыған. Бұл Батыс сияқты капиталистік өндірістік қатынастардың дамуынан салыстырмалы түрде кеш және нашар дамуымен, және халықтың кедейлігімен байланысты болды.

Өмір сақтандыру жүйесі негізінен Ұлы Отан соғысынан кейін дами бастады. Сақтандыру негізінен Мемлекет тарапынан жүргізілетін.

Қазіргі кезде біздің елімізде дамыған елдер салыстырғанда өмір сақтандыру кең етек алмаған. “Династия” өмір сақтандыру компаниялар әрекет етуде. Және жуық арада “АТФПолис” сақтандыру компаниясынан “АТФLіfe” еншілес өмір сақтандыру компаниясы құрылуда. Менің дипломдық жұмысымда сол компанияның болашақтағы әрекет етуіне қатысты басты мәселе тарифтік ставкаларды қарастырдым.

1. 1. Сақтандырудың пайда болуы.

Сақтандырудың пайда болған көзі өте ертеден басталады, сол себептен де оның нақты басталу кезі анықтау мүмкін емес.

Егер өткен цивилизаның құрылыстары, өнер туындылары немесе басқа материалдар қалдықтарын іздеген күнде де алғашқы қалалар тұрғындарының экономикада қызмет көрсету сферасын қалай ұйымдастырғанын болжалдау қиын.

Тәжірбиелер уақыт өткен сайын өнім шықпай қалу немесе жау шабу жиі болып тұрған, сол кезде тұрғындарға сол жергілікті аймақтағы дәнді-дақылды қолдануға болмайтын, әрбір қала тұрғыны мұндай жағдайда өз-өзін қамтамасыз етуіне болатын еді, бірақ тіпті өте ертедегі қала тұрғындарына да ортақ қор құру тиімді екені белгілі болатын. Ал айтарлықтай төмен салықты өндіріске баға төмен, өнімді жылдарда мүмкіншілігі бар әрқайсысынан жинап алуға болады.

Егер өнім шықпай қалса немесе қала жау қолына өтсе, сақталынған өнім қала халқын құтқаруға қолданылатын. Сондықтан жалпы қор түсінігі адамдар түйсігіне ене бастады. Идея өзінің өте тиімді екенін, әсіресе тәуекел түсінігінің енуіне байланысты дәлелдеді.

XV ғасырдың аяғында еуропалықтардың Азияға және Америкаға ірі саяхаттар жасауы басталғанда, яғни “сауда революциясына” әкелгенде, “тәуекел” және “жалпы қор” түсініктері бірігіп кетті.

Егер ұсақ кемелердің ірі емес флотилиясы Еуропадан Индонезияға дейін жетіп, экзотикалық тауарлар жүгімен оралса, бұл барлық кемелер ойдағыдай барып келді деген сөз емес, яғни тәуекел бар. Осындай тәуекелді кәсіпорындарға өз қаражаттарын салған адамдар мақсатқа лайықты дәл осы кеменің аман-есен ойдағыдай оралу тәуекелін тек бір инвестор барлық қаражатынан айрылмайтындай барлығы өзара осы тәуекелді болу пайда болған. бұл үшін екі әдіс қолданылды. Біріншісі инвесторлар өз ақшаларын ортақ жүкті бірнеше кемелерге салады және өзара шығын тәуекел және барлық пайданы бөлісетін біріккен кәсіпорындар құру.

Екінші жолы - бұл сақтандыру, кеме немесе жүк қожайыны (жеке адам немесе компания) осы кеме қамданған рейсте жолы болмаған жағдайда шығынының орнын толтыруға келіскен басқа адамдарға ақша сомасын беру жүйесі. Осылайша бірлескен (акционерлі) қоғамдар және сақтандыру бір-бірімен бәсекелес істе дамыған жоқ, олар бір-бірін толықтырды.

Адамдар тобы немесе компания кеме шығынға ұшыраған жағдайда кеме қожайынына орнын толтыру төлемін ҰҚҰҚҰҚҰ төлеуге уәде орнына ақшалай төлем-ақы (премия, premіum) жинайды. Бұл сақтандырушылар ортақ қорды сақтанушыларға тәуекел туған жағдайда төлемдер үшін құратып. Бұл процестің бастапқы сатыларында, егер тәуекел туса, сақтандырушы сақтанушыға төлеуі тиіс ақшаны қандайда бір мүмкін сату не мәжбүр болатын. Бұл принцип әлі күнге дейін дәл солай келісім-шарт негізін құратын орнын толтыру төлемін қайтару Ллойд корпорациясында қолданылады. “Ллойд мүшесі” статусына ие адамдар “қол қойылған” (underwrіtten) тәуекел туса өздерінің жеке қаражатынан төлейді. “Қол қою” термині, аты айтып тұрғандай тәуекелді, (шарттар және мерзімін, сақтандыру заты), оны сақтандыратын адамды анықтайтын құжат құрады және сол қағаздың төмен жағына мойынына алатын тәуекел үлесін жазады. Ллойд корпорациядағыдай мұндай үлкен тәуекелді мойнына көптеген іскерлер алғысы келмеді. сондықтан акционерлік қоғам концепциясы жағдайда көшті. Компания тәуекелді алу бойынша арнайы мамандарды-андеррайттарды жұмысқа алады, тәуекел туған жағдайда инвестиция ретінде қолда бар жалпы қордан сақтанушыға орнын толтыру төлемін төлейтін қор компанияның жеке өз акцияларын сатудан түскен қаражаттар, қосымша қор қаражаттарынан инвестициялардан түскен табыс, сақтанушылардан жиналған төлем-ақы есебінен құралады.

Кәсіпқой андеррайтерлер қаншалықты тәуекел үлесіне қанша төлем-ақы қажет екенін анықтай отыра, тәуекел туа қалған жағдайда қордың әрқашан сақтанушыларға орнын толтыру төлемін төлеуге жағдайы болатындай, сондай-ақ акционерлерге олардың салған қаражаттарын қайтару үшін жеткілікті түрде тартымды болатындай дивиденттерді төлейді.

Сақтандыру коспаниялардың күш-жігерін қолданудың алғашқы сфералары болып оттан сақтану болады. XVІІ ғасырдың халық тығыз орналасқан қалаларында үйлердің көпшілігі ағаштан жасалған болатын. Сондықтан от тәуекелі қалаларда үлкен болады.

Ауылдық қоғамдастықтарда өртенген үйді қайта тұрғызу үшін барлық көршілері жиналатын. Бұл жерде өзаракөмек принципі әрекет ететін. Ал қалаларда көмектесуге қолы тимегендердің барлығы екі затқа уәде берген: сақтандыру компанияларына от сөндіру командаларының көмегін көрсету және сақтандырылған адамға өртенген үйдің бұзылған жерлерін жөндеу немесе қайта тұрғызуға қажет материалдар, мамандар жалдауға қажет орнын - толтыру төлемін қайтару, төлем-ақы төлеуге дайын.

Оттан сақтанумен параллельді түрде өмір сақтандыру қорлары туды. Өмір сақтандыру келісім-шартты орнына төлеу (компенсация) келісім-шарты болып табылмайды. Бұл келісім-шарттың мақсаты - келісім-шартта көрсетілген мүмкін жағдайларға белгілі соманы қамтамасыз ету.

Өлімнен қашу мүмкін емес екені белгілі. Бірақ жеке әрбір адам қанша уақыт өмір сүретіні белгілі. Жыл сайын адамдардың қандайда бір бөлігі қайтыс болады, ал бұл жаңа туған нәрестелерден 110 жасқа дейінгі барлық жас шамасына бөлінеді.

Өмір сақтандыру келісім-шарты орнын толтыру төлемі принципіне негізделе алмайды, өйткені материалды әлем жаратылысы көзқарасы тұрғысынан адам өміріне баға жетпейді; сондай-ақ адам өміріне “теңбағалы” ақша сомасын анықтайтын ұйымды көз алдымызға елестету де мүмкін емес. Сондықтан өмір сақтандыру кез-келген келісілген сомада жүргізіледі. Өмірін сақтандырған адам (немесе оған құқығы бар адам, мысалы жұбайлардың бірі, мұрагері) өз табысының бір бөлігін сақтандырушыға төлем тұрады және оның мұрасы адал өлген жағдайда төленетін белгілі сомаға дейін өседі, немесе келісім-шартқа қол қойған сәттен бастап белгілі мерзім аяқталған кезде ол адам егер тірі болса сол соианы өзі алады. Өмір сақтандыру - бұл сақтаншыға немесе оның жақындарына болмаса іскери сері-үшін қаражат жинақтау тәсілі.

Нарықтық экономикада сақтандырудың ролін бейнелейтін төрт түсінікті қарастырайық - бұлар құн , қорғау , тәуекел және қызмет көрсету .

1. 1. Сақтандыру - қызмет көрсету индустриясы.

Егер қысқаша айтсақ, сақтандырушылар ретінде ешқандай материалды өнім сатпайды, олардың өнімі "көрінбейтін әрекет" ретінде халық сауда термині ретінде қолданылады.

Сақтанушыға - сақтандырушы арасындағы келісім-шартқа отырғанын растайтын факт полис ретінде құжат беріледі. Келісім-шарт шағын құнына (мүлікті және жауапкершілікті сақтау кезінде) немесе алдын-ала бекітілген мөлшерде (өмірді сақтау кезінде) эквивалентті ақшалай көлемді қамтамасыз етеді. Сақтандыру комиссиясы өз резервтік қорларын немесе активтерінде сақтандырылған тәуекел туған жағдайда әр бір нақты клиент алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді. Шындығында, жалпы қордың жалғыз мақсаты нақты сақтандырылған тәуекел туғанда алушы төлеу қабілеттілігі. Бірақ, бұл әр бір сақтандыру алушы тәуекел туған кезде келісім-шарт бойынша сақтандырушының міндеттерінен орындау қабілеттілігін және дайындығын ескеруі қажет екенін көрсетеді.

"Қызмет көрсету" түсінігі сақтандыруда фундаментальді болып табылады. Сақтандырушы сақтанушыға уәде сатады. бұл жағдайда шарттың орындалуы уақыт өте келе бекітілуі мүмкін. Сақтандырушы жұмысының мәні сол, олар потенциалды сақтанушыларды осы сақтау полисін сатып алуға, оларға тиімді ымыраға келгенше және сол үшін төлем ақы төлеуге тиіс төлемін және төлемге өтініш толтыруға әуре болмайтынын, оларға жақсы қызмет көрсетілетініне көздерін жеткізу. Бұл сақтандыру бизнесінде қызмет көрсету туралы сұрақтың маңызды сәті болып табылады. Келісім-шартқа келудің әр бір сатысында және келісім-шарт әрекет ету мерзімі бойы клиент өзін ерекше, өз ақшасына ол оптималды бағада қолайлы қорғау алдым деп, сезінуі керек, сондай-ақ сақтандырушы-комиссия басшылығы комиссияны тиімді басқарады және клиент көзқарасн бірінші орынға қояды деп сенуі тиіс.

"Клиенттің айтуына әрқашан дұрыс емес , бірақ оның көзқарасы әрқашан басты болуы керек" - міне қазіргі заманы клиенттермен қарым-қатынас мәдениетінің негізі. Бұдан біз сақтандыру маркетингі бөлімінде кеңірек тоқталамыз.

Келесі маңызды түсінік - тәуекел түсінігі.

1. 1. 2. Тәуекел .

Адамдардың көпшілігі тәуекелді әрбір нақты жағдайдың дамуының айқынсыз нәтижесі түрінде бізге түсінеді. Егер оқиға болса, онда ол біз күткендегідей емес, жағымсыз нәтижеде болуы мүмкін. Тәуекел сөзі әрқашан бір жағынан болашақ оқиғаға жатады, басқа жағынан бұл оқиғаның нәтижесі біздің қазіргі жағдайымызды нашарлатуы мүмкін.

Бірқатар авторлар, әсіресе АҚШ авторлары тәуекелдің бірталай анықтамаларын ұсынған. Төменде осы анықтамалардың бірқатарын ұсынамыз:

  • Тәуекел - бұл жағымсыз оқиғалардың мүмкіндігі (болуы) ;
  • Тәуекел - бұл қауіптіліктер комбинациясы.
  • Тәуекел - бұл алдын-ала болжанбайды, нақты нәтижелер күткендегіден айырмашылығы болады.
  • Тәуекел - бұл шығындардың белгісіздігі.
  • Тәуекел - бұл шығындар мүмкіндігі.

Бұл анықтамаларды қарастыра отырып, біз осылардың әрқайсысы арқылы өтетін кейбір жалпы желіні аңғарамыз.

Біріншіден, бұл болашаққа салыстырмалы сенімсіздік ретінде анықтайтын белгісіздік идеясы.

Екіншіден, тәуекелді әртүрлі деңгейі немесе дәрежесіне бөлуге болады.

Үшіншіден, бұл белгілі себептер салдары ретінде пайда болған нәтижелер түсінігі. Бұл жоғарыда қолданылған әрбір нақты жағдайға нәтижелердің белгісізді анықтамаларымен тығыз байланысты, ұқсас.

Тәуекел жиілігі және зардап ауыртпалығы.

Тәуекел деңгейі түсінігі қарастыра отырып, біз екі терминге тоқтауымыз керек: тәуекел туу жиілігі және зардап ауыртпалығы.

Біз осы екі түсінікті кешенде өзара байланысын қарастырғанда, біз, тәуелділіктің екі негізгі түріне жататынын көреміз. Біріншісі тәуекелдің тууының жоғары жиілігі мен зардап ауыртпалығының төмен деңгейіне сай тәуекелдің үлкен тобын сипаттайды. Берілген тәуелділік 1. 1-суретте көрсетілген.

Тігінен оқиға туатын жиілік, ал көлбеуінен берілген жиіліктегі оқиғаға апарып соғатын зардап ауыртпалығы.

Көптеген тәуекелді жағдайлар осы тәуелділік түріне сәйкес.

Мысалы өрттен сақтануды қарастырайық. Ірі емес өрт саны көп болуы және ірі өрттердің аз мөлшерде болуы адамды қаражатын жиірек бірақ ауқымы кішірек болатын өрт салдарына салуға ниетті көбірек бөледі.

Тәуекел туу жиілігі мен зардап ауыртпалығы арасындағы тәуелдіктің екінші түрі 1. 2-суретте көрсетілгендей жиіліктің аз ауыртпалылықтың үлкендігін сипаттайды.

Бұл жағдайда оқиға бола қалса зардабы үлкен болғандықтан шығыны өте жоғары.

Тәуекелдің көп түрінен біз үшіеуіне тоқталып өтейік.

А) Жоғарыда көрсетілгендегідей тәуекел салдардың белгісіздігі бар кезде болатындай оқиға. Қаржылық тәуекелде нәтиже ақша бірлігінде өлшенеді, күтілген нәтиженің кейбір құнын орнатуға мүмкіндігі бар.

Қаржылық тәуекел термині көбінесе нәтижеге емес, тәуекелдің табиғатына жатады.

Шығынды ақшалай түрде өлшеуге сондай-ақ басқа бір адамға зиян тигізу жағдайында да қолдануға болады.

Басқа да жағдайларда бағалау мұндай қадам жасау мүмкін емес. Мысалы жаңа автомобиль сатып алу немесе мейрамханадан тапсырыс беруді.

Тәуекелдің екінші классификациясы салдарлармен байланысты. Ол оқиғаның тек зиянды жағын емес сондай-ақ ұтысын да қарастырады.

Таза тәуекел оқиғаның зиянды немесе "залалсыздың" болуы мүмкін. Нәтижесі біз үшін қолайсыз болуы, болмаса оқиға болғанға дейінгі жағдайда өзгеріссіз қалу. Бұл жерде ұтыс болмайды.

Бұған баламасы болып мақсаты үшін пайдалану (спекулятивный риск), бұл жерде ұтысқа мүмкіндік бар. Мысал ретінде акцияға ақша салуды айтуға болады. Салым зиянға әкелуі мүмкін немесе "залалсыздық" жағдайға әкелуі мүмкін. Бірақ бұл жолға түсудің себебі болашақта пайда алу болып табылады.

Тәуекелдің соңғы классификациясы себепкі ғана емес, тәуекел салдарына да жатады.

Фундаментальді қауіп-қатер - бұл бір адамға, тіпті адамдар тобына бағынышты емес себептерден туатын тәуекел. Сонымен қатар фундаментальді тәуекел салдары (зардабы) адамдардың көп санынан көрінеді. Мұндай қауіп-қатерге жер сілкінісі, су басып қалу, аштық және басқа стихиялық апаттар жатады. Бірақ фундаментальді қауіп-қатерді тек табиғи қауіптіліктен шектеуге болмайды.

1. 2. Сақтандыру бизнесінің кіріспесі: іскерлік қарым-қатынас

Сақтандыру негізі болып екі жақтың сақтандыру келісім-шартқа отыруы болады. Сақтандыруда құқықтық негіз ең маңызды мәселе. 3. 1. суретте сақтандыру келісімі үшбұрыш түрінде көрсетілген. Бұл үшбұрыштың төбесінде тәуекел қауіп-қатер тұрады: өрт қауіптілігі, ұрлық, автомобилді қауіп-қатер, жауапкершілік тәуекелі, өлім болу тәуекелі және т. б.

Бұл суретке қарап, біз сақтанушы көзқарасынан келесілерді көреміз:

  • Сақтанушы тәуекел табиғатын біледі;

2. 1 "АТФ - Lіfe" өмір сақтандыру бойынша еншілес компания

Менің дипломдық жұмысым "АТФ - Lіfe" өмір сақтандыру компаниясын мысалға ала отырып жазылады. Бұл компания "АТФ - Полис" сақтау компаниясының еншілес компаниясы. "АТФ - Полис" 2000 жылдың 7 наурыздан бастап жұмыс істеп келеді. "АТФ - Полис" жалпы сақтандырумен айналысады: авто көліктерді сақтандыру, мүлікті сақтандыру медициналық сақтандыру және т. б.

Ал "АТФ - Lіfe" өмір сақтандыру компаниясы жаңадан құрылып жатыр. Компания өнімі кеіннен толығырақ тоқталып өтетін: сақтандыру аннуитеттері силықақылар, бірмезетті нетто-силықтар, жылдық нетто-силықтар т. б.

Бұл компанияның экономикалық көрсеткіштері туралы, олардың нәтижелері туралы айта алмаймыз. Тек "АТФ - Lіfe" өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясының құрылымына тоқталамыз. Және алдын-ала іс-әрекет жүргізу үшін әр жасқа әр түрлі сақтндыру түрлері бойынша табыс мөлшері 3%, 4%, 5%, 6%, 7%-ке тарифтік ставкларды есептеп қоямыз.

Блок схеманы сызу керек

ІІ - бөлім. 2 Актуарлық есептеулер Сақтандыру қорын құру аспабы ретінде .

2. 1 Тарифтік ставкалар.

2. 1. 2 Өнім-жітім кестесі.

2. 1. 3 Табыстық мөлшері.

2. 1 Тарифтік ставкалар

Сақтандыру операциясын жүргізу, сақтандыру қорын құру және ұстаумен аяқталады. Өмір сақтандыру тарихын оқуда алғашқыда сақтандырушылар мен сақтанушылар бір адам болғанын көрсетеді. Олар ұсақ садақалардан сақтандыру қорын жинап, соның есебінен сақтандыру қатысушыларының біреуіне немесе олардың жақындарына көмек көрсететін. Содан кейін біртіндеп сақтандырушы бөліне бастады, адын-ала сақтандыру қорын топтай және одан сақтау сомаларын төлей бастайды.

Операцияның ұзақмерзімді сақтандыру қорының бір бөлігін болашақ сақтанушының сомасын төлеу үшін арналған арнайы резерв түрінде жинақтауына әкеледі. Бірақ резерв сақтандырушылардың уақытша бос қаражаттардан тұратындықтан, әдетте ол ұзақ мерзімді немесе көзі ретінде қолданылады.

Өмір сақтандырудағы сақтану қорын құрудың өзіндік ерекшелігіне байланысты қысқа мерзімді сипатты операциялары жүргізілетін сақтандырудың басқа түрлеріне қолданылатын әдістер ерекше есептеу әдістері қолданылады.

Бұл сұрақтармен ғылымның арнайы саласы сақтанушымен сақтандырушы мен сақтандырушы арасындағы қаржылық өзара әрекетті регламентерлейтін /белгілі ережеге келтіру/ математикалық және статистикалық заңдылықтар жүйесінен тұратын актуарлы есептеу теориясы айналысады. Сақтандыру қоры сақтанушылар ақшасынан жинақталатындықтан, актуарлы есептеу көмегімен алдымен әр-қайсысының қорды құраудағы қатысу үлкен, басқаша айтқанда сақтандыру нормасы анықталады.

Сақтандыру келісім-шарты бойынша төлемге кіретін сақтандыру сомасның /100 $ мысалы/ бірлігінен тұрақты немесе бірмезгілдік норманы - тарифтік ставкалар деп атайды. Олар жиналған нормалар сомасы сақтау келісім-шартында қарастырылған және операция жүруге кеткен шығындалуды жабатындай, өйткені соңғысы да сақтандырушы есебінен жүргізілетіндіктен төлемдерді қамтамасыз еттіндей мөлшерінде есептеледі.

Тарифтік ставка нтто-ставка мен нагрузкадан тұрады. Нетто-ставка сақтандыру келісім-шарты бойынша қорды құру тәсілдері үшін арналған, нагрузка - операцияны жүргізуге кеткен шығындардан тұрады. Нетто-ставка мен нагрузканы біріктіретін толық тарифтік ставка брутто-ставка деп аталады.

Тариф - бұл сақтандырудың өзіне тән бағасы. Баға құнының ақшалай көрінісі екені белгілі. Бірақ құн түсінігі бұл жерде тауар өндіруге қоғамдық қажет еңбек шығыны сомасы ретінде қолданылмайды. Бірінші жағдайда сақтандыру операциясын үжргізуге кеткен еңбек шығыны туралы норма айтуға болады. Бірақ бәрінен категория айналым шығындары категориясына көбірек ұқсас.

Тарифтік ставкада фокус тәріздес сақтандырушы мен сақтанушының өзарақатынасы шығарылған, ал оның мөлшері сақтандыру келісімінің шарттарына сәйкес өзара екіжақтың құқығын және міндеттерін көрсетеді.

Ставканы дұрыс есептеу операцияның қаржылы операциясын анықтайды. Әр сақтанушы жалпы сақтандыру қорына жеткілікті ақша қаражатын кіргізген жағдайда ғана сақтандыру операциясы тұрақты сиаптта болады.

2. 1. 1 Өнім-жітім кестесі

Сақтандыру операциялары сақтанушы мен сақтандырушының қаржылы міндеттемелерінің эквивалет принцпіне негізделген. Сондықтан әрбір суақтанушы жалпы сақтандыру қорына қанша ақша төлеуін анықтамастан бұрын сақтанушының төлем мөлшерін орнатып алу қажет.

Өмір сақтандыру келісімінің шарттарында әдетте сақтандырушының белгілі бір мерзімге дейін өмір сүруіне байланысты және оның қайтыс болуына байланысты төлемдер қарастырылатындықтан, сақтандыру мекеме сәйкес шығындарын есептеу үшін қанша адам келісім-шарт әрекеті айқталғанша дейін тірі тұрады және қаншасы жыл сайн қайтыс болатыны туралы мәліметтермен қамтамасыз етілуі қажет.

Жеке адамдардың өмір ұзақтығы кең шекте өзгереді. Ол кездейсоқ шамалар категориясына жатұызылады, яғни кімнің сандық мәні көптеген себептерге байланысты, оларды оқу және түсіну мүмкін емес.

Математика және статистика жалпылама сипаты кездейсоқ оқиғаларды зерттейді; оның ішінде халықтың өмір сүруі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары (Іле Алатауы мысалында)
Сақтандыру туралы ақпарат
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Сақтандырудың сыныптауы
Адам өмірін сақтандыру
Сақтандыру шарттарының жіктелуі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жайлы
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz