Сақтандыру компанияларының тізімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасындағы сақтандыру және қазіргі жағдайы

  1. Сақтандыру нарығы және оның қатысушылары
  2. ҚР « Сақтандыру қызметі туралы» Заңы
  3. Сақтандыру компанияларының тізімі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастардың айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Оған түрткі болатын басты себеп- бұл өндірістің және адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процесін жалғастыру азаматтарды жекелеген өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында олардың топтарының салалық және аумақтық натуралды заттай қорларында немесе резервтерінде кіргізетін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлар негізінде қалыптасады. Сақтандыру мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді өндіріс процестерінде қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мәні, маңызы барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс-оқиғаларға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандыру қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде, жеке және заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру және қазіргі жағдайы

Сақтандыру дегеніміз- сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Сақтық келісімшартын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.

Сақтық нарығы- ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі ерекше тауар-сақтық қызмет болып табылады және оған ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Қазақстан Республикасындағы сақтық рыногының қатысушылары :

- сақтық ұйымы

- сақтық брокері

- сақтық агенті

- сақтанушы

- сақтандырылушы

- пайда алушы

- уәкілетті аудиторлық ұйым

- өзара сақтандыру қоғамы

- сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңды және жеке тұлғалар.

Мемлекет ҚР Үкіметі арқылы ғана сақтық ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады. Жарғылық капиталының 50% астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық ұйымдарының құрылтайшылары, акционерлері бола алмайды.

Сақтық ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады:

  • директорлар кеңесі-басқру органы;
  • басқарма-атқарушы орган;
  • тексеру коммисиясы-бақылау органы.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:

  • ҚР-да тұрақты сақтық жүйесін жасау;
  • қолдау және ұлттық сақтық нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;
  • сақтық нарығын реттеу және қадағалау;
  • сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету;
  • міндетті сақтандыру жүйесіне ҚР-ң қатысу қағидаттарын белгілеу;
  • сақтанушылар, сақтандырушылар, пайда алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Уәкілетті орган- ҚР-ның заңдарына сәйкес сақтық рыногын реттеу, сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Сақтық ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады.

Сақтық ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп отырады.

ҚР-да сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді және лицензиялауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін сақтандыру салалар, кластар және түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі келесі 2 сала бойынша жүргізіледі:

  1. Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

- өмірді сақтандыру

- аннуитеттік сақтандыру

  1. Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптардан тұрады:

- қайғылы оқиға мен аурулардан сақтандыру

- медициналық сақтандыру

- автокөлік транспортын сақтандыру

- темір жол көлігін сақтандыру

- әуе транспортын сақтандыру

- су көлігін сақтандыру

- жүктерді сақтандыру

- мүлікті сақтандыру

- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

- автокөлік иелерінің азаматтық -құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және т. б.

Кейбір сақтандыру кластарының мазмұны;

  1. Өмірді сақтандыру сақтандырылғанның өлімі немесе оның сақтандыру мерзімінің аяқталуына дейін жетуі, немесе келісімде анықталған жасқа жетуі жағдайларында сақтық төлемді жүргізуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  2. Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылған тұлғаның белгілі бір жасқа жету, еңбек қабілеттігін жоғалту (жасы бойынша, мүгедектік бойынша ауру бойынша) жұмыссыздық немесе сақтандырылған жеке табыстардың төмендеуіне не жоғалуына әкелетін жағдайларда зейнетақылар не рента түріндегі периодикалық сақтық төлемдерді жүргізуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
  3. Медициналық сақтандыру сақтандырылған тұлғаның медициналық сақтандыру бағдарламасына кіргізілген медициналық қызметтерді тұтыну үшін медициналық мекемеге баруымен туындаған шығындарды бөлшектік не толық мөлшердегі сақтық төлемдерді жүзеге асыруды қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.

2006 ж. 1 наурыз жағдайы бойынша ҚР сақтандыру нарығында 38 сақтандыру ұйымы оның ішінде:

- 3- өмірді сақтандыру бойынша;

- 6- ҚР-ның бейрезиденттерінің қатысуымен лицензияланған қызметті жүзеге асырады;

- 12 сақтандыру брокерлері;

- 30 актуарийлер (актуарийлер-сақтық міндеттемелердің экономикалық-математикалық есеп - қисабы саласындағы мамандар) және сақтандыру ұйымының аудитін жүргізуге лиценциясы бар 36 аудиторлық ұйымдар қызмет етеді.

Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы
01. 03. 2005ж.
01. 03. 2006ж.
01. 12. 2007ж.
Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы: Сақтандыру ұйымдарының саны
01. 03. 2005ж.: 34
01. 03. 2006ж.: 38
01. 12. 2007ж.: 41
Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы: Өмірді сақтандыру бойынша
01. 03. 2005ж.: 2
01. 03. 2006ж.: 3
01. 12. 2007ж.: 7
Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы: Сақтандыру брокерлері
01. 03. 2005ж.: 6
01. 03. 2006ж.: 12
01. 12. 2007ж.: 14
Сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы: Актуарийлер
01. 03. 2005ж.: 30
01. 03. 2006ж.: 30
01. 12. 2007ж.: 43

2006ж. 1 наурыз бойынша сақтандыру ұйымдарының міндеттемелер сомасы 31694, 7 млн тг құрды. Өткен жылға қарағанда 68, 2 %-ға көп. Әрекет етуші сақтандыру және қайта сақтандыру келісімдері бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерінің көлемі 25105, 3 млн. тг құрды, ол 2005 ж 1 наурыздағы көрсеткіштен 111, 6%-ға көп.

Ұлттық сақтандыру заңнамасын жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберінде «Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы дайындалды.

Аталған заңды қабылдау сақтандыру қызметін қадағалауды Еуропалық одақ қоятын талаптарға сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.

Еліміздегі сақтандыру қызметі 2000ж. 18 желтоқсанда қабылдаған № 126 «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға негізделеді, ал 23. 12. 2005 ж оған өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктерін, өзара сақтандыру қоғамдарының құқықтық мәртебесін және олардың қызмет ету жағдайларын анықтайтын заңнамалық базаны құру мақсатында өзара сақтандыру туралы заң жобасы дайындалды.

Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау бойынша ҚР Агенттігі, сонымен қатар, «сақтандырудың міндетті түрлері бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындады.

Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнама ҚР Конституциясына негізделеді және ҚР Азаматтық кодексінен, ҚР «Сақтандыру туралы» Заңынан және өзге нормативті құқықтық актілерден тұрады.

ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 2000 жылы 18 желтоқсанда қабылданды. Заң 13 бөлім, 78 баптан тұрады:

Негізгі мәселелер:

- Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.

- Сақтандыру нарығы.

- Сақтық делдалдық.

- Актуарлық қызмет пен аудит.

- Сақтандыру ұйымын құру.

- Лицензиялау.

- Уәкілетті мемлекеттік орган және сақтық қадағалауды жүзеге асыру.

- Сақтандыру ұйымының қызметін реттеу.

- Санкциялар және әсер етудің өзге шаралары.

- Қайта ұйымдастыру.

- Жою.

- Есеп беру және басқа мәселелер.

Осы Заң кәсіпкерлік қызмет ретіндегі сақтандыруды жүзеге асыру бойынша негізгі мәселелерді, сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау, реттеу ерекшеліктерін, қызметін тоқтатуды, сақтандыру брокерлерін, сақтық нарықтағы өзге жеке және заңды тұлғалардың қызметінің шарттарын, сақтық нарығын мемлекеттік реттеудің міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету қағидаларын анықтайды.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты ҚР-дағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді. Сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды. Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты- мемлекеттің, азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы болатын орнықты ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

ҚР-да сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мына міндеттемелерді шешу көзделген:

- сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

-сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру, оның қатысушыларының қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандартты ескере отырып, сақтық қадағалау жүйесін ұйымдастыру;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы шығыстарды өтеудегі салмақты азайтуға; нарықтық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді. Сақтандыруды дамыту заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет, ақша-несие саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.

ҚР-ның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал ҚР-да ол небары 40 түрін қамтиды. Жеке басты және азаматтар мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмендігіне байланысты.

Сақтық рыногы « Сақтық қызметі туралы» ҚР заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеледі.

Бүгінде Қазқақстан Республикасында сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Оның негізгі міндеттері - сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау, халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру.

01. 12. 2007 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымдарының тізімі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Сақтандыру компаниялары қызметі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру iсiнiң дамуы
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісінің теориялық негіздері
Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы
Сақтандыру компанияларының саны
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдары
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
Қазақстан сақтандыру компаниялары: инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz