Сақтандырудың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

"Қаржы және банк ісі"кафедрасы

Тақырыбы: Сақтандыру компаниялары

Орындаған: Дулятов Р. П.

УА 304 топ

Тексерген : Малаева Р. А.

Алматы 2007ж

Жоспар

Кіріспе

1. Сақтандыру

2. Сақтандырудың экономикалық мәні мен түрлері

3. Сақтандыру компаниялары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сақтандыру қызметі - сақтандыру келісім - шарттарын жасасатын және орындайтын мемлекеттік органдардың берген лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандару) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қызметі.

Біздің елімізде мына сақтандыру түрлері қолданылады:

  • Міндетті сақтандыру - заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру;
  • Ерікті сақтандыру - ерікті түрде жүргізілетін сақтандыру;
  • Жеке сақтандыру - жеке азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және басқада мүдделеріне байланысты сақтандыру;
  • Мүліктік сақтандыру - мүліктерді сақтандыру және осыған байланысты мүдделер, кәсіпкерлік тәуекелділікті (қауіптілікті) және азаматтық - құқықтық жауапкершілікті қоса алғандағы сақтандыру.

Сақтандыру төлемдері (сыйақы) - сақтандырушылардың сақтандырушыға төлеген төлемдері. Сақтандыру төлемдері (сыйақы) сақтандырушы ұйымдарының табыс көзі болып табылады. Сақтандыру сомасы - мсақтандырылған объектілерге сақтандырушының сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтандыру сомасы. Сақтандыру өтемдері - сақтандырушының сақтандыру оқиғасы тууына байланысты сақтанушыға төленетін сақтандыру сомасы. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемдері келісім - шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру бойынша заңмен белгіленген мөлшердің үш реттік көлемінен кем болмауы керек. Сақтандыру өтемін төлеу уақыты мен тәртібі шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру өтемі заңмен белгіленеді. Сақтандыру келісім - шарты - ол сақтандыру ұйымдарының сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандырушыға өтеуге тиіс шығындары немесе міндеттемесі, ол сақтанушы белгіленген уақытта сақтандыру жарналарын төлеуге міндетті келісім.

Сақтандыру операцияларының келесідей ерекшеліктері бар:

  1. Қайтарымды және қайтарымсыз төлемдер негізінде сақтандыру қызметтерін көрсету:
  • келісім бойынша жедел сақтандыру (қайтарымсыз) ;
  • жинақтаушы сақтандыру келісім бойынша және аннуиетті келісім (қайтарымды) .

Осы белгіленген келісім - шарттарына сәйкес сақтандыру төлемдері жүргізіледі.

  1. Келісім жасасқан кезде, сақтандыру ұйымдары төмендегі оқиғаларға нақты сенімсіз болады:
  • сақтандыру оқиғасы болатынына;
  • сақтандыру оқиғасының болатын күніне;
  • сақтандыру оқиғасы болғанда төленетін сақтандыру өтем мөлшеріне.

Сақтандыру келісімінің екі түрін ажырата білу керек:

  • қысқа мерзімді сақтандыру келісім;
  • ұзақ мерзімді сақтандыру келісімі.

Ұзақ мерзімді сақтандыру келісімі - бір жылдан артық мерзімге жасалынады, ал қысқа мерзімді сақтандыру келісімі бір жылдан аз уақытқа жасалынады.

1. Сақтандыру

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үдерістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай - ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1) қатынастардың ықтималдық сипаты;

2) қатынастардың төтенше сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

оның іс - әрекеті ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

ақша қорларын жасап, пайдалау кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

2. Сақтандырудың экономикалық мәні мен түрлері

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік қорғауға және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Сақтандырудың түрлері. Сақтандырудың бөлімдері:

  • міндетті дәрежелерібойынша: а) ерікті; ә) міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша; а) жеке; ә) мүліктік.

Міндетті сақтандыру - заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті түрдегі сақтандыру - екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.

Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық - құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда - мүліктік сақтандыруға жатады.

Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.

ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50% - дан аспауы керек.

Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған - коммерциялық ұғым.

Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру -құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агентті ақшалай қаражатын қалыптастырып белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50% - ынан кем емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай - ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың қалған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.

3. Сақтандыру компаниялары

Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банкілердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.

Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.

Өзге пассивті бап үлесң шамалы және пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капиталды қосып алады.

Сақтандыру компанияларының активтік операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлі мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.

Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесі қосымша шығыстар операциясын жүргізу инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.

Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативтерін міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгіленген норма мен лимиттерді сақтауда басқа да міндеттерді орындау.

Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР сақтандыру классификациясы: салалары, түрлері және кластары
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымы
ҚР-ғы сақтандыру классификациясы
Сақтандыру туралы ақпарат
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Сақтандыру нарығының түрлері
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz