Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі2

XVIII гасырдагы ресми іс кағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы4

"XVIII ғасырда казақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі" тақырыбына қосымша8

1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап импсратор I Петрге жазған хатынан9

1731 жылғы 2 каңтар - . . . қараша. Ханлар Әбілхайыр мен Сәмсекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қаракалпақ ханы мен старшындарынын өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хатынан10

Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты11

Досалы сұлтанның Е. И. Пугачевқа хатының аудармасы13

Сырым батыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместниктігінің генерал-губернаторы А. А. Пеутлингке хаты15

Қолданылған әдебиеттер тізімі17

XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезендегі саяси құрылыс туралы т. б. жинақтарда жарияланды. Бүл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.

2. Қайып ханның жоңгарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император I Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.

4. Хандар Әбілхайыр мен Сәмекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хаты. 1731 жыл, 2 қаңтар.

5. Орынбор комиссиясының бас командирі И. И Нелюевтің Әбілхайыр ханмен және жоңғар қонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жылғы 27 қыркүйек.

6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жылғы 19 қыркүйек.

7. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жылғы 31 қыркүйек.

8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жылғы 9 қараша.

9. Айшуақ сүлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

10. Нұралы ханның Е. И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

П. Досалы сұлтанның Е. И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

12. Старшындардың императрица II Екатеринаға өтінішінен. 1785 жыл 2 шілде.

ІЗ. Нүралы ханның барон О. А. Игельстромга хаты. 1785 жыл 21 шілде.

14. Кіші орда старшындарының барон О. А. Игельстромға хабары. 1786 жыл 14 тамыз.

15. Орынбор шекара істері экспедициясының Сырым батырды байүлы ұрпағының Бас старшыны етіп бекіту туралы жарлығы. 1787 жыл 23 қазан.

Іб. Әбдікерім Оразбаевтыц Кавказ наместнигінің билеушісі С. А. Брянчаниковқа хаты. 1790 жыл 4 ақпан.

17. Сырым батырдың Императрица II Екатеринага хабары. 1790 жылгы 11 қыркүйек.

18. Сырым батыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместнигінің генерал-губернаторы А. А. Пеутлингке хаты. 1792 жыл 11 қыркүйек.

19. Жетісудың бас старшинасы Тіленшініц Шерғазы сұлтанға жазған ағләм намасы (донесение) . 1793 жыл.

20. Қазақ сұлтандары мен старшиналарының Екатери-на ІІ-ге жазған ғарыз намасы (прошение) .

XVIII гасырдагы ресми іс кағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы

XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері сол кездегі жазбалар тілінің лексика-фразеологиялық құрамынан, грамматикалық тәсілдерінен, синтаксистік қүрылымынан, орфо-графиясынан көрінеді. Бүл кезендегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қодданылуы шарт болды. Тұрақты эпитеттерді қолдану сол кездегі қазақ даласының ресми іс кағаздар тіліне ғана емес, Орта Азиядағы басқа да түркі халықтарына да тон еді. Бүл ерекшелікті сол кездегі орыс тіліндегі ресми іс қағаздар тілінен де көруге болады. Жоғарыда аталған құжаттарда кездесетін гизатлу, хурметлу (құрметті), мархабатлу (қайырымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі, жоғары мәртебелі, гинаятлу (шапағатты), қүдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағатты, мейірімді) сияқты сын есімдер (біреуге қарата айтқанда, іс қағаздарын жазғанда колданылатын сыпайыгершілік сөздері) осындай тұрақты эпитеттер. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың барлығы дерлік араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу, -лү жүрнақтарының жалғануы арқылы жасалған.

Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғары ұғымын беретін араб сөзі - ғали. Мысалы, ғали кәһали уа ғали жәһәли - жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз - ұлы мәртебелілігіңіз т. б.

Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын байқауға болады.

Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз, ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп аталған.

Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары ағлам наме, ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданып жүрген хат термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтабту, кәтаб және хат түрінде кездеседі. Яғни хат сөзімен қатар осы үғымды біддіру үшін күтабтү, кәтаб, мәктәбә сөздері қатар қолданылған.

Әкімшілік орындарынан шығатын бүйрық, жарлық мағынасындағы іс қағаздары ярлұқ, әмір ярлұқ, фарман деп аталған. Қазір біз қолданып жүрген жарлық, бұйрык, қарар, қаулы сөздері бұл қүжаттарда кездеспейді. Ярлұқ- түркілік сөз, қазір біз оны жарлык, түрінде қолданамыз. Ал әмір ярлұқ сөзі хан, сұлтандар тарапынан берілетін жарлық мағынасында қолданылған. Мұндағы өмір - араб сөзі. Фарман сөзінің қолданылуы қазіргі бүйрык, сөзінің қолданылу аясымен сәйкес келеді.

Халық, ел, көпшілік мағынасын білдіру үшін жамағат, йұрт, халық, қара халық, ел сөздері қолданылған. Бүл жердегі йұрт сөзі белгілі бір этникалық территориялық тұтастық ретінде біріккен топ мағынасын беретін термин сөз ретінде жұмсалған. Себебі, құжаттарда қырғыз-қазақ, йұрты, Руссия йұрты, Орал йұртындаеы башқұртлар, күллі йұртымыздың жамағатлары сияқты қолданыстар кездеседі. Халық сөзі аталған құжаттарда сирек қолданылғанымен осы күнгі мағынасында жұмсалған. Құжаттарда кездесетін араб сөзі - кіріфтар. Тұтқын сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Қүжаттарда елші, тұтқын, бастык, деген түркі сөздері осы күнгі мағынасында қолданылған. Мал сөзі өзінің тура мағынасымен қатар товар терминінің де қызметін атқарған. Саудагер, шабуыл сияқты араб-парсы сөздері де қазіргі қолданыстағы қызметін атқарған. Сол сияқты ғаскер - әскер, сахара - дала, баж - салық, мехкеме - мекеме, хаким, әкім - бастық, әкім, йаманлык, - жамандық, қияпат - сатқындық сөздері жиі қолданылады.

Құжаттарда қала сөзімен қатар шаһар сөзі де қолданылады. Қала деп көлемі жағынан кішілерін атаса, шаһар деп үлкен қалаларды атаган. Қала сөзі сонымен қатар крепость ұғымын да беріп отырған. Кейбір құжаттарда крепость - кірпіс, кірепос, крепиш деп те аталады.

XVIII ғасырда қазақ даласына әкімшілік орындарына белгілі бір мерзімге сайлап қою тәртібі келгенімен, сайлау сөзі қолданылмаған. Сайлау ұғымын білдіретін хан қоярға, хан ясадылар тіркестері кездеседі.

XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне таңдау жасай отырып ондағы лексикалық ерекшеліктің бірі - араб-парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі.

XVIII-XIX ғасырларда қазақ тіліне араб, иран тілдерінен сөз ауысу процесі күшейе бастағаны белгілі.

Лексикалык ерекшеліктің тағы бірі - қазақ жерінің Россия империясына бағынуына байланысты ресми іс қағаздарында орыс сөздерінің қолданыла бастауы. Мысалы, генерал сөзі аударылмай генерал, жанарал, гинерал түрінде қолданылған. Кавалер сөзі кауалер, қуалер түрінде кездеседі.

Іс қағаздарында жиі кездесетін орыс сөздері қатарына старшина, господин, губернатор, полковник, граф, пристав, команда сөздерін жатқызуға болады.

Грамматикалық ерекшеліктері. XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тілінде тек зат, құбылыс атаулары ғана емес сын есім, етістік, үстеу сөздер де араб-парсы сөздерімен берілген. Мысалы, атғак, - бірауыздан, ғаяндүр - аян, махзун қылдыңыз - мені қапа қыддыңыз, ғадаулік қылу - жаулық қылу, офат олынды - опат болды.

Қазақша е, бол етістіктері ер, ол түрінде берілген. Мысалы, хайран олдым (болдым), жазған ердім (едім), иаз ерді (жаз еді) . Құжатгардың кейбірінде ерді, ердім, олды, олмыш түрінде, кейбірінде еді, болды түрінде беріледі.

Есімшенің -ған жүрнағының орнына -мыш түрі қолданылған. Мысалы, бенім есіміме түзілміш, жәбір көрмей кіріфтар олынмыш. -тұғын, -тын тұлғалы түрінің орнына түрған формасы келеді. Мысалы, шабуыл қылатұрған. Үшінші жақ жіктік тұлғада -дур форманты қолданылған. Мысалы, мағлұм олынадүр, оңайдүр, офкәміз бардүр, хан деп білмесдүр, ғаяндүр, бұзшып шықтылардүр.

Шылаулардың қолданылуында біркелкілік жоқ: арабша уа, һэм шылаулары өте жиі қолданылған. Мен шылауының орнына бірлән, иле, илән шылаулары қолданылған. Шейін, дейін шылауларының орнына ше шылауы қолданылады. Мысалы, бұ уақытқа ше.

Синтаксистік құрылымының негізгі ерекшелігі - сөйлемдердің шүбалыңқы, жіктері әрең ажыратылатындай түрде келуі.

Жалпы XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздары сол кезендегі тілді көрсететін нұсқаларға жатады. Бұл нұсқалардың құнды бір ерекшелігі - хатқа түскендігі, сондықтан да бұлар сол тұста қазақ даласында тілдің белгілі бір стилінің қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал болып табылады. Бүл кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын атайтын сөздер: хан, ханзада, қараша (қарашы варианты да кездеседі) қара, ак, суйек, құл, күң, байғус, кедей, жарлы, батыр, бек. Сол кездегі билік иесін білдіретін хан сөзіне қарама-қарсы әлеуметтік топ қара, қараша, қараша халык, атауларымен берілген. Ақ сүйек созіне антоним ретінде қара сөзі қодданылған. XVIII ғасырда қазақ жерінде құл, күн ұстау, қолға түскен әскери тұтқындарды құл есебінде сату бар болғандықтан қлл, күң сөздері өздерінің номинативті мағынасында қолданылған.

Экономикалык жағынан тәуелді топтарды білдіретін атауларға кедей, жарлы, байғұс сөздері жатады. Қазір біз байғұс сөзін сорлы, бейшара сөздерінің синонимі ретінде қолдансақ, XVIII ғасырда бұл сөз әлеуметтік топтың атауын білдірген.

XVIII ғасырда жазылған іс қағаздар тілінің жалпы халык тілінен айырмашылығы көп болды. Бұл туралы профессор М. П. Вяткин былай деп жазады: "Хандардың хаттарын жазған қазақтар емес татар молдалары - патша үкіметінің агенттері болатын . . . Мұнда татар элементтері басым, ал қазақ тіліне тон элементтер мүлде аз.

Орта Азия тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат-хабарлардың барлығында қолданылды. Бұл тіл қазақ халқынын көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз болды”.

XVIII ғасырда Патша үкіметі қазақ жеріне ислам дінін тарату саясатын ұстанды. Екатерина ІІ-нің 1783 жылғы указы бойынша мешіттер салынды, оған Қазан татарларының молдалары жіберілді. Олар соншама көбейіп, күшейіп, тіпті кей жерлерде семьялық, азаматтық істерге билік айту правосына да қол сұқты. Ауылдағы оқу-ағарту ісі негізінен солардың қолдарында болды. " . . . XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап патша үкіметі мешіт салу ісін тоқтатады. Кейін тіпті ислам діні патшаның отарлау саясатына кедергі келтіре бастайды, өйткені ислам дінінің күшеюі, қазақ арасында Орта Азия хандықтарының (оның арқа сүйері Англия, Түркия мемлекеттерінің) ықпалын күшейтіп, мүслмман еместерге ("кәпірлерге") қарсы идеологияны туғызу қаупі болғандықтан патша үкіметі әрі қарай бұл дінді қолдауды тоқтатады, тіпті христиан дінін уағыздап, қазақтарды шоқындыру ісін де ойластырады”.

Осындай саяси, әлеуметгік жағдайлар қазақ тіліне, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тіліне де әсерін тигізбей, із қалдырмай қойған жоқ.

"XVIII ғасырда казақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі" тақырыбына қосымша

1716 жылғы 13 қыркүйек. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату түру тілегі туралы мәлімдемесі.

1716 жылғы қыркүйектің 13-і күні тобыл жұртының татар қызметшілерінің басшысы Сабанак, Қүлмаметев мырзаға Қазак, ордасының жіберген адамдары Бекболат Екешев, Байдәулет Бөриев былай деді: оларды Тобольскіге Қайып хан жіберіп, Сібір губернаторы князь Матвей Петрович Гагаринге оның, Қайып ханның, ұлы мәртебелі патшамен мәңгілік татулықта болғысы келетінін жеткізуге әмір беріпті: си қоңтайшымен оның, Қайып ханның, арасында көп жылдардан бері дау бар екен, осы жолы да, өз елшілері жүріп кеткеннен кейін, оған, қоңтайшыға, он немесе он бес мың адаммен соғысқа аттанғысы келіпті. Алдағы уақытта да, егер ұлы патша оған, қоңтайшыға қарсы соғысқа бар десе, ол, Қайып хан, тек қана өзінің жиырма және 30 мың адамымен немесе орыстың әскери адамдарымен бірге оған қарсы соғыс ашуға әрқашан әзір болады. Ал ендігі жерде Қазақ ордасынан шыққан қарақшы адамдар патша слободаларына қандай болса да күйзеліс келтірсе, ал оны Қайып хан білсе, ол адамдарға жаза қолданылады немесе жаза қолдану үшін ол адамдар Тобольскіге жіберіледі. Ал егер ол ұры адамдар слободаларда ұсталса, ол адамдарға жарлык, Тобольскіде қол-данылсын, сөйтіп оларға сауда жасасу үшін Тобольскіге баруға әмір етіліпті. Ал Қайып хан Тобольскіге Қазақ ордасымен және бұхарлықтармен сауда жасасу үшін жыл бойы немесе жыл сайын Тобольскіден қанша адам көрсетілсе, сонша адам жіберіп отырады дейді. Осы жөнінде және татулык, жөнінде Қазанға да қағаз жазып арнайы елшілер жібершпті.

"XVI - XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары",

құжаттар жинағы, 18-бет.

1718 жылғы 10 желтоқсан. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап импсратор I Петрге жазған хатынан

Және де ұлы мәртебелі патша Сізден өтінемін, Сіздің жауыңыз қоңтайшыға аттанғым келеді және қазір одан басқа ешкіммен соғысқым жоқ. Ал егер, ұлы мәртебелі Сіз, әмір берсеңіз, бізге рұқсат етсеңіз, Сіз өзіңіз оған, қоңтайшыға қарсы және бізге көмек етіп әскери адамдар жіберуге нұсқау берсеңіз және ол әскери адамдардың қандай уақытта жіберілетіні туралы бізге тездетіп ведомость жіберсеңіз, сол мерзімде біз де бәрін алып шығамыз және ондай жауды, құдайдың рақымымен, тас-талқан еткіміз келеді . . .

"XV - XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары",

құжаттар жинағы, 29-бет.

1731 жылғы 2 каңтар - . . . қараша. Ханлар Әбілхайыр мен Сәмсекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, Қаракалпақ ханы мен старшындарынын өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хатынан

Ұлы мәртебелі императрица Сіздің жарлығыңыз бойынша бізге жіберілген Мәмет мырза Тевкеяев бізге ұлы мәртебелі императрица Сіздің жарлығыңызды жариялады. Ол бойынша мен, Әбілхайыр хан, өз боданымдағы қайсақтарыммен бірге улы мәртебелі императрица Сізге және ұлы мәртебелі ұрпақтарыңызға бодан болып, төменде жазған тармақтарды қызмет етуге қабылдадым. Ең алдымен аса қасиетті және ұлы державаның иесі ұлы патша императрицамыз Анна Иоанновнаға бүкілресейлік және басқаларының, тағы басқа сол сияқтылардың самодержицасына уәде етіп, ант береміз.

1. Біздің ұлы патша императрицамызға және ұлы мәртебелі Сіздің ұрпақтарыңызға әрқашан адал әрі әділ қызмет етуге уәде беремін.

2. Ұлы мәртебелі императрица Сіздің бізге, қайсақ ордасына, қызмет етуге жарлығыңыз келген кезде Ресей бодандары - башқурттармен және қалмақтармен бірге, соның ішінде айтылган жерге біз өз әділдігімізбен барамыз.

3. Қайсақ ордасы жайык, қазақтарына, башқұрттарға, қалмақтарға және Ресейдің барлык, бодандарына дұшпандық шабуыл жасамайды және оларға залал келтірмейді, олармен тату-тәтті тұрады.

4. Ресей бодандары Астраханьнан және басқа жерлерден көпес керуенімен біз, қапсақтар арқылы қай жаққа баратын болса немесе керуен бізге, қайсақтарға, келетін болса, біз оларға еш жаманшылық, жасамаймыз және оларды жаман адамдардан қорғаймыз және оларды қажетті жерлеріне жеткізіп саламыз.

5. Тұтқынға алынған Ресей бодандары біздің қайсак, ордасынан қайтарылады, ал алдағы уақытта тұтқын алынбайды және башқұрттардан және Ресейден алынған тұтқындардың біздің дінімізге өткендерінен басқалары қайтарылады және ұлы мәртебелі императрица Сізге біздің жыл сайын адал қызмет етуіміз үшін ұлы мәртебелі сіздің құлдарыңыз башқұрттарға қарсы және жасағыңызға 4000 түлкіден жіберіп тұруға уәде беремін, осыған сендіріп, мен, Әбілхайыр хан, осы параққа өз мөрімді бастым және өз елшім Бақа батырды жібердім. 1143 жылғы режен айының 17-сі күні, 1732 жылғы қаңтардың 2-сі күні жазылған.

"XVI - XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары",

құжаттар жинағы, 38 бет.

1773 жылғы 31 кыркүйек.

Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты

Мен полковник Симоновқа Пугачевты ұстау ісінде өз көмегімді ұсындым. Бірақ, Симонов мені ішкі жаққа өздігінен жібере алмады, сөйтіп менен паналатуды сұрап келген жағдайда оны ұстап беруге уәде еттім. Мен Пугачевті жалған атақты жамылып жүр дегенмен толық, келісемін және бұған өз бодандарымның көзін жеткізуге тырысамын. Мартемьян Бородин арқылы Симоновқа былай деп жаздым: "егер белгілі қаңғыбасты ұстауға күш жетпесе, өзімнің оған кірісетініме күмәнданбай, оны істей алмайтын болғанда, сондай жағдайда маған ерік бергейсіз". Дегенмен сол Симонов бізді ішкі жаққа өздігінен жіберуге батылы бармады, сондықтан да мен одан рұқсат болмайынша, өз бетімше өтуден бас тарттым. Тек қана мен осында жүрген жалған атты жамылушыны қандай амалды қолданып болса да, қандай айламен болса да ұстаудың жайын ойладым: алайда сол кезден бастап бүгінге дейін мен ешкімнен хабар алмадым. Егер сол қаңғыбас ана жақтан қашып өзіме пана сұрап келсе, мен мұнда оған ешқандай орын бермей, тас-талқанын шығарып, ұстап бермекшімін, сөйтіп ұлы мәртебелі императрицаға өз қызметімді көрсете аламын ғой деп санаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
Мәселенің шешілмейтіндігі немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар
Бөкей алғашқы жылдары
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Бөкей ордасы және Жәңгір хан
Ар жақта дүмбірлеген арынғазы
Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының барысы
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz