Жеке құрам бойынша ереже



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және бiлiм министрлiгi
Алматы Технологиялық Университет

Iс-жүргiзу пәнi бойынша товаровед экономист мамандықтарына арналған
лекциялары.

Алматы 2003

Мазмұны

Жазбаша жанрлардың өзiндiк ерекшелiгi. 4
Құрылтай құжаттары. 7
Ұйымдық құжаттар. 10
Бұйрық - жарлық құжаттары. 12
Ақпараттық – анықтамалық құжаттар. 15
Еңбек қатынастарын құжаттау. 18
Коммерциялық хат алмасу. 22

№1
Лекцияның тақырыбы:
Жазбаша жанрлардың өзiндiк ерекшелiгi.

1. Iс құжаттары - қарым – қатынас жасаудың тәсiлi.
2. Құжаттарды топтастыру.
3. Деректемелер мен формуляр – үлгiлер.
1). Бiзге белгiл, әдеби тiлдiң бес негiзгi стилi бар: ғылыми, ресми - iс
қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекi сөйлеу тiлiнiң
стилi. Iс - құжаттары стилiнiң үш түрі бар: дипломатиялық, заң
шығарушылық және күнделiктi iс жүргiзу стильдерi. Мұны кесте түрінде
былай көрсетуге болады:

Ресми iс жүргiзу стилi
Дипломатиялық стиль Заң шығарушылық Күнделiктi iс
жүргiзу стилi

Ресми iс жүргiзу стилi әлеуметтiк сананың ерекше формасы - құқықтық санамен
сәйкеседi. Бiздiң әрқайсымыз белгiлi бiр дәрежеде өз құқымыз туралы,
мысалға отбасы қарым –қатынасындағы, қызметтегi, қоғамдық орындардағы және
мемлекет алдындағы мiндеттемелерiмiз бен жауапкершiлiктерiмiз туралы
бiлемiз.
Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негiзiнде, сондай - ақ
моральдық - этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негiзiнде жүргiзiлетiндiктен,
басқарушы үшiн құқықтық және моральдық нормаларды бiлу ерекше мәнге ие
болады.
Iскерлiк қатынастың өзiндiк мәнi, әсiресе, нақты түрде жазба мәтiнде,
құжаттарда көрiнедi. Құжат жасаушы бұл жағдайда компания президентi мен
жүргiзушiсi, вице - президентi мен кеңсе қызметкерi, менеджер мен күзетшiсi
сияқты белгiлi бiр әлеуметтiк рөлдi орындаушы ретiнде болады. Сондықтан
қандай да бiр қызметтiң өзi белгiлi бiр құжаттарды толтыра бiлу мiндеттерiн
және түрлi жанрдағы қызметтік қарым - қатынастарды кәсiби түрде игеру
қажеттiгiн талап етедi.
2). Құжат - латын тiлiнде куәлiк, дәлелдеу тәсiлi деген мағына
бередi.
Оның негiзгi үш мағынасы бар: 1) қандайда бiр фактiнi не бiр нәрсеге деген
құқықты растайтын iс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат;
3) бiр нәрсе туралы жазбаша куәлiк.
Құжаттарды топтастыру - оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша
бөлу болып табылады.
Белгiлеу тәсiлiне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото,
кино-, бейнеқұжаттар) болып бөлiнедi.
Мазмұнына қарай - ұйымдық - өкiмдiк, қаржы – есеп, жабдықтау - өткiзу
құжаттары болып бөлiнедi.
Атауына қарай көптеген түрге бөлiнедi: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар,
жарғылар, арыздар, хаттар.
Түріне қарай құжаттар типтiк, үлгiлiк, жекелiк, қалыптық, жалпыға бiрдей
болып бөлiнедi.
Толтыру орнына қарай құжаттар iшкi және сыртқы (кiрiс, шығыс) болып
бөлiнедi.
Орындалу мерзiмi бойынша құжаттар жедел және емес (жай) болып бөлiнедi.
Шығу тегiне қарай құжаттар қызметтiк және ресми - жекелiк (атаулы) болып
бөлiнедi.
Жариялылық дәрежесiне қарай құжаттар қарапайым, күнделiктi қызметке қолдану
үшiн жэне құпия болып бөлiнедi.
Заңдылық күшiне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлiнедi.
Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бiрiншi данасы) және көшiрме құжаттар болып
бөлiнедi. Көшiрменiң өзi iштей отпуск - шығыс құжатының толық көшiрмесi,
выписка - құжаттың бiр бөлiгiнiң көшiрмесi және дубликат - құжаттың
жоғалғанда берiлетiн екiншi нұсқасы болып бөлiнедi.
Сақталу мерзiмiне қарай құжаттардың мынадай түрлерi болады: 10 жылдан
жоғары тұрақты мерзiмге сақталатын және 10 жылға дейiн уақытша сақталатын.
3).Құжаттың жеке құрамды бөлiгi деректеме деп аталады.
Құжаттардың мiндеттi деректемелерiне мыналар жатады:
• ұйымның атауы;
• ұйымның коды;
• құжаттың атауы;
• тақырыбы;
• құжат түрінiң коды;
• құжатты толтыру мерзiмi;
• индексi;
• мәтiнi;
• бұрыштамасы;
• қойылған қолы;
• құжаттың орындалғаны және iске тiркелгендiгi туралы белгi.
Ұйымдастырушы - нұсқаулық құжаттар (ережелер, штаттық кестелер, бұйрықтар)
ГОСТ 6.38.90 бекiткен Ұйымдастырушы - нұсқаулық құжаттардың жүйесi.
Құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар атты мемлекеттiк стандартқа сәйкес
болуы керек.
ГОСТ 6.38.90 ұйымдастырушы - нұсқаулық құжат деректемелерiнiң мынадай
құрамын белгiлейдi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
2. ұйымның эмблемасы;
3. наградалардың бейнесi;
4. ұйымның коды;
5. құжаттың коды;
6. министрлiк пен ведомствоның атауы;
7. ұйымның атауы;
8. құрылымды бөлiмшенiң атауы;
9. байланыс кәсiпорнының индексi, телефон нөмiрi;
10. құжат түрінiң атауы;
11. мерзiмi;
12. iшкi нөмiрi;
13. кiрiс құжаттың мерзiмiне сiлтеме;
14. толтырылған немесе шығарылған орны;
15. құжатты алуды шектейтiн арнай белгi (гриф);
16. мекен – жайы;
17. бекiтудiң арнайы белгiсi (гриф);
18. шығарылған қарар;
19. мәтiннiң тақырыбы;
20.бақылау туралы белгi;
21.мәтiн;
22.қосымшаның бар екенi туралы белгi
23.қолы;
24.келiсiм белгiсi (гриф);
25.бұрыштамасы (виза);
26.мөрi;
27.көшiрмесiн растайтын белгi;
28.құжатты толтырушының тегi мен телефон нөмiрi;
29.құжаттың орындалуы мен iске тiркелуi туралi белгi;
30.барлық мәлiметтердiң компьютерге енгiзiлгенi туралы белгi;
31.құжаттың келiп түскенi туралы белгi.

Қолданалатын әдебиеттер
1. Андреев В.П. Деловая корреспонденция, г.Казань, 1993г., стр-105.
2. Веселов П.В. Аксиомы делового письма, г.Москва, 1993г., стр-120.
3. Веселов П.В. Современное деловое письмо, г.Москва, 1993г., стр-
145.

№2

Лекцияның тақырыбы:
Құрылтай құжаттары.

1. Фирма жарғысы.
2. Құрылтай шарты.
1). Құрылтай құжаттарының формуляр - үлгiсi. Мемлекет заңына сәйкес
құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Президенттiң
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы Жарлығына сәйкес, түрлi
құқықтық – ұйымдық нысандар әдiлет органдарына құжаттардың әр түрлi
мәтiндерiн ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай және басқа
құжаттар пакетi, Мемлекеттiк тiркеу үшiн алымдардың төленгенiн растайтын
түбiртек немесе оның көшiрмесi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн
тiркеу құжаттарының толық пакетi мынадай:
• Тiркеу туралы арыз;
• Құрылтайшылар бекiткен жарғы;
• Құрылтай шарты;
• Құрылтай құжаттарында көрсетiлген негiзгi жарғылық қордың 25
пайызы банк депозитiне төленгендiгi жөнiнде банктен алынған
анықтама;
• Санақ карточкасы;
• Заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжат.
Жарғының деректемелерi:
- құрылтайшылар жиналысының бекiту белгiсi
- мемлекеттiк тiркеудiң белгiсi
- мәтiннiң атауы
- жарғының мәтiнi
- фирманың атқарушы органы басшысының қолы.
Жарғының негiзгi деректемесi – мәтiн. Мәтiнде мынадай мәлiметтер берiлуi
тиiс:
- жалпы ережелер: ұйымдық – құқықтық нысаны, атауы, мекен – жайы;
- қызметiнiң мақсаты мен мәнi;
- сәрiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi және
жауапкершiлiгi;
- мүлкi, қорлары, табысы;
- басқару және бақылау органдары;
- жұмысшылардың еңбегi;
- есепке алу және есеп беру;
- дауларды шешу;
- қызметiн тоқтау.

2). Бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндiруге басқа қызметке қажет
қаржыларын немесе басқа мүлiктерiн бiрiктiру жөнiндегi келiсiм. Тараптар
құқықтық жағдай жасауға, яғни, мемлекеттiң рұқсатымен нарық ережесiне
сәйкес қандай да бiр iспен шұғылдануға икемдi заңды тұлға жасауға
мiндеттенедi. Егер жарғыда ұйымдық – құқықтық жағына қатты көңiл бөлiнсе,
шартта кәсiпорынды қалыптастырудың мүлiктiк жағына айрықша мен берiледi.
Құжаттың деректемелерi мынадай:
- құжаттың аты
- шарттың жасалған орны
- шарттың жасалған күнi
- шарттың мәтiнi
- құрылтайшылардың қолы.
Құрылтай шарты мәтiнiне мынадай бөлiмдер енуi мүмкiн:
1. шарттың мәнi;
2. серiктестiк қызметiнiң шарттары;
3. серiктестiктi басқару;
4. құрылтайшылардың мiндетi;
5. құрылтайшылардың құқықтары;
6. құрылтайшылар мен серiктестiктiктiң жауапкершiлiгi;
7. серiктестiктiктiң қызметiн тоқтату.
Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары жөнiндегi анықтама
косымша тiркеледi, кейiн дивидендтер соған сәйкес бөлiнедi.
Қолданалатын әдебиеттер

1. Харрисон Дж Организация работы, г.Москва, 1998г., стр-95.
2. Теппер Рон Как овладеть искусством делового письма, г.Москва,
1999г., стр-115.
3. Рахманин А.В. Редактирование служебных писем, Учебное пособие,
г.Москва, 1997г., стр-85.
4. Салагаев В., Шалабай Б., Составление деловых бумаг, г.Алматы,
2002г., стр-30.

№3
Лекцияның тақырыбы:
Ұйымдық құжаттар.

1. Басқару құрылымы және құжат толтыру.
2. Құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелер.
3. Жеке құрам бойынша ереже.

1). Кәсiпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүйесi де күрделене
түседi.
Жарғы мен құрылтай шарты компанияны ашу, қайта құру және тарату жұмыстарын
тек құрылтайшылар мен акционерлер ғана iстей алатынын белгiлеп бередi.
Олардың жиналысы ғана кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi түпкi мақсатын
айқындайды, компанияның басшылығын (директорлар кеңесiн) сайлайды не
тағайындайды. Бұл органның құрамына кәсiпорынның iшкi бөлiмшелерiнiң
директорлары және басқа кәсiпорындардың, қаржы мекемелерiнiң өкiлдерi,
менеджерлер мен ғылыми қызметкерлер кiре алады.
Жоғарғы басшылық органы тек маңызды мәселелердi ғана қарастырады. Атқарушы
органның басшысы кәсiпорынды тiкiлей және күнделiктi басқаратын президент
не бас директор болуы мүмкiн.
Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған
болуы мүмкiн. Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөнiндегi
вице-президентке бағынады. Басқа вице-президенттер (өндiрiс, транспорт,
өткiзу, қаржы бойынша) президентке бағына отырып, бөлiмдер мен қызметтердi
тiкелей басқармайды.
Орталықтандырылмаған жүйе – арнаулы қызметтердiң вице – президенттерге
бағынуын қажет етедi.
2). Құрылымдық бөлiмшелер (бухгалтерия, жарнама, өткiзу, күзет бөлiмдерi)
жарғыға бағына отырып, соның негiзiнде күнделiктi жұмыстарын жүзеге
асыратын құжатқа да ие болады.Ондай құжат құрылымдық бөлiмшелер туралы
ереже болып табылады.
Ереже әрбiр бөлiмше үшiн жеке жасалынады және онда бөлiмшенiң құқықтық
мәртебесi, мiндеттерi, қызметi, құқығы, жауапкершiлiгi мен мiндеттемелерi
көрсетiледi.
Мәтiннiң Жалпы ережесiнде (кiрiспеде) бөлiмшелердiң бағыныштылығы,
басшыны тағайындау және босату тәртiбi, басшыға қойылатын квалификациялық
талаптар, басшы болмаған кезде оны ауыстырудың тәртiбi көрсетiледi.
Негiзгi мiндеттер атты бөлiмде аталған бөлiмшенiң қызметiнiң бағыты
баяндалады.
Қызметтер бөлiмiнде шаруашылық қызметiнiң нақты түрлерi көрсетiледi.
Құқықтары мен мiндеттемелерi бөлiмiнде бөлiмшенiң басшылық пен басқа
бөлiмшелерге және өзге ұйымдарға қатысты алғанда орындайтын мiндеттемелерi
мен қызметтерiн жүзеге асыруға қажеттi құқықтары ашылады.
Өзара қарым-қатынас. Байланыстар бөлiмiнде аталған бөлiмше кiммен және
қандай бағытта әрекет ететiнi, кiммен бiрлесiп жұмыс жасайтыны анықталады.
Бұл ережелердi бөлiмшелердiң жетекшiлерi, вице-президенттер жасап, оларды
бiрiншi басшы бекiтедi.
3). Жеке құрам бойынша ереже. Бұл құжат дәстүрлi түрде Iшкi еңбек
тәртiбiнiң Ережесi деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату
тәртiбi, кәсiпорын мен қызметкерлердiң негiзгi құқықтары, мiндеттерi,
кәсiпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек
туралы заңға негiзделедi, жұмыс берушi мен жұмысшының өзара қатынасын
реттейдi.
Құжаттың үлгiсi мынадай деректерден түрады: кәсiпорынның атауы, құжаттың
аты, күнi, нөмiрi, шығарылған орны, мәтiннiң тақырыбы.
Жалпы ережелерде ереженiң құқықтық негiзi анықталады, мамандардың
санаттары белгiлiнедi (басшы қызметкерлер, жұмысшылар).
Жұмысқа алу бөлiмiнде түрлi санаттағы қызметкерлердi жұмысқа алудың
тәртiбi мен мерзiмi, еңбек қатынастарын ресiмдеудiң тәртiбi түсiндiрiледi.
Еңбек демалысы бөлiмiнде демалыстың ұзақтығы, кезеңдерi, ақы төлеу және
демалыстың әртүрлi түрлерiн алудың тәртiбi қарастырылады. Демалысқа шығу
құқығының болуына елiмiздiң заңымен кепiлдiк берiледi. Ережеде бұл құқық
бұзылмауы тиiс.
Еңбекақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақы төлеу бөлiмi өте маңызды
бөлiм болып есептеледi. Бұл бөлiмде еңбекақының түрі, еңбегi үшiн сыйақының
көлемi мен шарттары, еңбекақыны төлеудiң кезеңдерi, өтемақының мөлшерi мен
төлену тәртiбi анықталады.

Қолданалатын әдебиеттер
1. Теппер Рон Как овладеть искусством делового письма, г.Москва,
1999г., стр-69.
2. Рахманин А.В. Редактирование служебных писем, Учебное пособие,
г.Москва, 1997г., стр-45.

№4
Лекцияның тақырыбы:
Бұйрық - жарлық құжаттары.

1. Бұйрықтар.
2. Нұсқаулар мен жарлықтар.
3. Қаулылар, шешiмдер, хаттамалар.

1).Кәсiпорынының ағымдағы қызметi бұйрық жарлық құжаттары арқылы реттелiп
басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте бiрiншi басшы - несиенi
реттеушi әкiмшiлiк басшысы ие. Кәсiпорын директоры мен оның орынбасарлары
- құрылымдық бөлiмше жетекшiлерi нұсқау, жарлықтар бере алады.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екi түрге бөлiнедi: негiзгi қызмет бойынша және
жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негiзгi қызмет бойынша бұйрықтар өндiрiс iстерi, жоспарлау, есеп беру,
қаржыландыру, несие алу – беру, тауарлар өткiзу мен қызмет көрсетудi
ұсыну, ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқару жөнiндегi шешiмдердi
белгiлейдi.
Бұйрық нормативтi және жекелiк болуы мүмкiн. Мысалы еңбек тәртiбi
ережелерiн бекiту туралы бұйрық директордан бастап барлық қызметкерлерге
қатысты сондықтан ол нормативтi болады.
Бұйрықтың жобасы кәсiпорын мамандары тарапынан әзiрленедi де,
орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, кадырлар
бөлiмi бастығымен келiсiлiп, директор қол қояды.
Бұйрық, егер оның мәтiнiнде өзге мерзiм көрсетiлмесе, қол қойылған күннен
бастап күшiне енедi.
Бұйрықтың мәтiнi екi бөлiктен тұрады белгiлеушi және жарлық.
Белгiлеушi бөлiте тиiстi iстердiң мақсат – мiндеттерi, бұйрық шығарудың
себептерi баяндалады, не бұйрық шығаруға негiз болған құжатқа сiлтеме
жасалады.
Жарлық бөлiгi жеке жолға жазылған БҰЙЫРАМЫН деген сөзден басталады. Бұл
бөлiмiнде орындалатын iстер, оған жауапты адамдардың аты - жөнi,
лауазымы, iске асыру мерзiмi көрсетiледi.
2). Нұсқау - ақпараттық - әдiстемелiк немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие
құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртiбiн
түсiндiредi. Нұсқауға қол қою құқығына бiрiншi басшы бас мамандар ие.
Нұсқаудың мәтiнi бұйрықтағыдай белгiлеушi және жарлық бөлiктерiнен
тұрады.
Белгiлеушi бөлiгi: орындау мақсатымен, соған сәйкес, мақсатында
деген сөздермен басталады. Жарлық бөлiгi бұйрықтағыдай құрылады.
Жарлық - басқарудың шұғыл мәселелерi бойынша шығарылатын құқықтық акт.
Оған директордың орынбасарлары, өз өкiлеттiлiктерi шегiнде құрылымдық
бөлiмше басшылары қол қояды.
жарлықтың мәтiнi бұйрықтағыдай құрамды бөлiктерден тұрады.
3). Мұндай құқықтық актiлердi алқалық басқару органдары қабылдайды. ҚР
Азаматтiқ Кодексiне, басқа да заң шығару актiлерiне сәйкес мемлекеттiк
басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинетi –
қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар;
министрлiктер - министрлердiң бұйрықтарын, алқа шешiмдерiн; комитеттер
мен комиссиялар – қаулылар; бұйрықтар, нұсқаулар жарлықтар.
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық
органдардың мәжiлiстерiнде мәселенi талқылау мен шешiм қабылдаудың барысы
туралы мәлiмет беретiн құжат.
Қысқа және толық хаттамалар боладi.
Қысқа хаттамаларда күн тәртiбi сөйлеушiлердiң аты - жөнi, сөйлеген
сөздерiнiң тақырыбы және қабылданған шешiмдер көрсетiледi.
Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердiң көрсетiледi.
Хаттаманың деректемелерi: мекеменiң атауы, құжаттың атауы, индексi,
мәжiлiс өткен күнi, мәжiлiс өткен орын, тақырыбы (жиналыстың).

Мәтiннiң кiрiспе бөлiгiнде қатысушылардың құрамы, күн тәртiбi; негiзгi
бөлiгiнде тындалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы
көрсетiледi. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.
Кәсiпорынды құру туралы хаттаманы машинкада басып толтырудың формуляр -
үлгiсi мынадай:

Хаттама
00. №1
Алматы
Құрылтайшылар жиналысы
Аты
Төраға тегi есiмi әкесiнiң аты
Хатшы тегi есiмi әкесiнiң аты
Қатысқандар аты жөндерi
Күн тәртiбi
1. ... . құру туралы
2. ... . Жарғысын бекiту туралы
1. ТЫңДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
2. ТЫңДАЛДЫ СӨЙЛЕГЕНДЕР
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Төраға қолы Қойылған қолдың анықтамасы
Хатшы қолы Қойылған қолдың анықтамасы

Қолданалатын әдебиеттер
1. Теппер Рон Как овладеть искусством делового письма, г.Москва,
1999г., стр-112.
2. Рахманин А.В. Редактирование служебных писем, Учебное пособие,
г.Москва, 1997г., стр-68.
3.Салагаев В., Шалабай Б., Составление деловых бумаг, г.Алматы,
2002г., стр-25.

№5
Лекцияның тақырыбы:
Ақпараттық – анықтамалық құжаттар.

1. Қызметтiк хаттар.
2. Жеделхаттар.
3. Баяндау хаттар.
4. Анықтама және акт.
1). Ақпараттық – анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар,
телефонограммалар, актiлер, анықтамалар, арыздар жатады. Iшкi, тысқы
ақпараттық – анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемiнiң 80
пайызын құрайды.
Бастамалық хаттарға жатады: сұрау салу хаттары, өтiнiш хаттары, ескерту
және хабарлама хаттары. Жауап хат түрлерi: ақпараттық, түсiндiрме, рұқсат,
тыйым салу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару қызметінің құжаттары
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Станцияның техникалық-жарлық актiсi
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Пәндер