Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі


Кедендік саясат және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі
Кіріспе3
1-Тарау Экономикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздері7
1. 1. Мемлекеттегі кеден саясатының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің элементі7
1. 2. Экономиканы ашық жағдайға көшіру кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі17
2 - Тарау Қазақстан Республикасының кедендік саясатын талдау23
2. 1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының кеден бағыты туралы жағдайы мен барысы23
2. 2. Қазақстан Республикасы кедендік саясатының құралдары және оны талдау37
3-Тарау. Қазақстан Республикасының кедендік саясатын дамытудың стратегиясы және елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтаудың жолдары48
3. 1. Қазақстан Республикасы кедендік саясатының негізгі басымды бағыттары48
3. 2. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы52
кедендік саясаттың тиімділігін арттыру жолдары52
Қорытынды57
Қолданылған әдебиеттер59
Кіріспе
Диплом жұмысының тақырыбы: "Кедендік саясат және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі". Бұл бүгінгі күнгі экономикалық мәселелердің ішіндегі ең өзекті (актуальды) тақырыптардың бірі. Себебі, кеден шаруашылығы адамзат тарихында мемлекеттер құрылып, бір-бірімен экономикалық байланысқа түскенімен бергі кезең ішінде сауда-саттыққа байланысты пікірлердің өзі әртүрлі болып келді. Бір жақ өткен сауда нәтижесінде риза болып жатса, екінші жақтың оған көңілі толмады. Ақыр аяғында мемлекеттік шекаралар белгіленіп, алғашқы кеден бекеттері өмірге келе бастады. Ондағы мақсат - елдер арасындағы сауда-саттықты реттеудің жолы болатын.
Адамзат қоғамы дами берді. Соған байланысты халықаралық тауар айналымының көлемі де өсті. Бұрынырақ дамыған мемлекеттер кештеу дамыған мемлекеттерге өздерінің дайын бұйымдарын өткізіп, олардан шикі затты, азық-түлікті алып тұратын болды. Мұның өзі түптеп келгенде сол дамыған елдің одан әрі дамуына, ал келесі жақтың сол мешеу күйінде қалуына соқтырды немесе дамуын баяулатты. Осыны түсінген елдерде алғашқы кеден қызметтері жұмыс істей бастады. Кеден қызметі ол кездерде көбінесе салық жинаушы мәнге ие болды. Ақыр аяғында дами-дами ол бүгінгідей дәрежесіне жетті. Қазір әлемнің әрбір мемлекетінде кеден қызметі бар, олардың жұмыс істеу тәсілі әркелкі. Бұл мемлекеттердің экономикалық даму дәрежесіне қарай орайласатын қызмет.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың ұйытқы болуымен өмірге ТСБК (Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім) келді. Оның мақсаты мемлекетаралық сауданы реттеу болатын. Демек, енді жекелеген елдердің кеден саясатына халықаралық дәрежеде ықпал ету кезеңі басталды. ТСБК өз қызметін ойдағыдай атқарды, бірақ ол келе-келе бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алмайтындай дәрежеде қалды. Сның салдарынан, бірақ ТСБК-нің негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі дамытуға тиісті болған БСҰ (Бүкіләлемдік Сауда ұйымы) құрылды. Оның негізгі мақсаты халықаралық экономикалық байланысты реттеп нығайту.
Қазір әлемнің көптеген елдері осы БСҰ-на мүше. Егемендігін жаңадан жариялаған ҚР-сы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуын дұрыс жолға қою үшін дүниежүзінің барлық дерлік елдерімен сауда-саттық қарым-қатынасына түсу қажеттілігі туындады. Жоғарыда айтқанымыздай ҚР-сы бұрынғы КСРО-дан енші алған жас мемлекет. КСРО кезінде Қазақстанда кеден қызметі түгіл, осы кәсіпке мамандар даярлайтын арнайы оқу орындары да болған жоқ. Бәрін Мәскеудегі орталық жоспарлап шешіп отыратын кеден саясатын жүргізүші де Мәскеудегі орталық еді. Енді егеменді елге барлық қызметті соның ішінде, әсіресе ел дамуына аса қажетті кеден шаруашылығы қарапайым тілмен айтсақ, нқлден бастау қажет болды.
Дипломдық жұмыс тақырыбының актуальдылығы елдегі кеден қызметін қалыптастырудың бастапқы кезеңіндегі актуальдылықпен бірдей.
Жоғарыда айтқанымыздай Қазақстанда кеден ісін ұйымдастырушы түгіл, бұл істен хабардар мамандар да, олар қызмет бабында пайдаланатын құрал-жабдықтарда, тиісті арнайы құжаттарды, кеден ісі тұралы заңдарда жоқ болды. Егеменді республиканың басшылығына қысқа мерзімді осы саланы игеріп, аяғынан тұрғызу үшін қолдан келген шаралардын бәрін жасады. Бұл күндері республиканың кеден қызметі әлемнін барлық елдерімен экономикалық байланысты қамтамасыз ететіндей дәрежедегі құрылымға айналған. Дипломдық жұмысты осы салада тындырылған істер мен орын алған кемшіліктерді сараптай отырып, зерттеп жаздық. Ондағы мақсат елдін экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор кеден қызметінің жұмысына талдау жасау ғана емес, сонымен бірге оны жетілдіре түсүдін жолдарын көрсету еді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында аталған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылды:
- Елдің экономикалық қауіпсіздігі түсінігіне анықтама берді;
- Қазақстан Республикасының кедендік саясатының түсінігі, мақсаттары мен міндеттреін анықтау;
- Кедендік саясат құралдарының тиімді қолдануына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы сауда жағдайының ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасы кедендік саясатының негізгі басымды бағыттарын белгілеу;
- кедендік саясаттың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Осы жолда шетелдік және отандық ғалым-авторлардың еңбектеріне сүйендік. Сол себептен де дипломдық жұмыс алдына қойған мақсат үдесінен шықты деуге болады.
Жұмысты зерттеу барысында австриялық экономист-ғалым М. Корденнің, Халықаралық валюта қорының қызметкері, экономика ғылымының докторы А. Киреевтін, С. Т. Алибековтың, Е. Х. Сигаев, М. У. Спанов, В. Д, . Марков, С. Нургалиева, А. Уалиев және т. б. еңбектері, кеден қызметіне қатысты мемлекетіміздің заңдары мен заңдық құқы бар басқа да құжаттары қолданылды. Ел басшыларының, үкіметтің жауапты қызметкерлерінің мерзімдік бұқаралық ақпарат құралдарынды жарияланған ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысы үш тараудан тұрады.
1-Тарауды елдің экомикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттын теориялық негіздері туралы айтылады.
2-Тарауда Қазақстан Республикасының кедендік саясатын талдап, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жағдайы және барысы, Қазақстан Республикасы кедендік саясатының құралдары көрсетілді.
3-Тарауда Қазақстан Республикасының кедендік саясатын дамытудың стратегиясы және елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтаудың жолдары анықталды.
1-Тарау Экономикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі кедендік саясаттың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттегі кеден саясатының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің элементі
Кез-келген мемелекеттің кедендік саясаты оның сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі саясатымен, басқа елдердің реттелмелі экономикалық мүмкіндіктерімен тығыз байланыстығын қарастырылады. Оның негізгі бағыттары мемлекеттің стратегиялық мақсаттарымен айқындалып, басқа елмен немесе елдер тобымен екіжақты тиімді экономикалық қарым-қатынасты дамыту жолдарын белгілеу. Сондай-ақ, мұндай елдің сыртқы экономикалық саясаты ішкі саясатымен тығыз байланыста қарастырылады. Кейбір жағдайларда тіпті сыртқы экономикалық қызмет елдің ұлттық шаруашылығын дамытуда кезігіп отырған кедергілермен мәселелерді шешу үшін жасалады.
Сондықтан да, кез-келген елдің сыртқы экономикалық байланысын және ішкі саясатын айқындайтын кеден саясатын - әр елдегі қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси шараларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолданылатын экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдастыру және басқа кең ауқымды шаралар жүйесі деуге болады1. Кеден саясатын жүзеге асыруда кеден төлемдері мен салықтарды мемлекеттік дәрежеде белгілеп, тиісті органдардың оны іс жүзінде қолдану арқылы, сондай-ақ кеден қызметіне байланысты жұмыс шараларын мүлтіксіз атқарып, осылардан белгіленген мөлшерде экономикалық пайда табу үшін қолданылады.
Кеден саясаты туралы сөз қозғағанда, импорт пен экспортқа белгіленетін міндетті кеден салықтары кез-келген елдің экономикасына айтарлықтай пайда түсіретінін атап көрсеткен жөн. Импортқа кеден салығын сала отырып, мемлекеттер оның бағасын өзінің ішкі нарығында көтеріп, ұлттық өндірісті ынталандыру мақсатында өз тауарларының бағасы мен әлгі шетелдік тауар бағасының бәсекеге түсе алмауына жағдай туғызады. Ал экспортқа салықты өсіру сұранысқа ие халыққолды тауарлармен отандық нарықты қамтамасыз ету немесе кейбір тауарларды сыртқа шығаруды тежеу мақсаттарын көздейді. Бұл екі жағдайда елдің ішкі және сыртқы экономикалық мүдделері көзделеді.
Енді кеден саясатының дамыған және дамушы елдердің барлығына дерлік қолданылатын екі түрлі жолдарына тоқталайық. Олардың біріншісі - протекционизм, екіншісі - еркін сауда. Бұл екеуі де сыртқы экономикалық қызметте халықаралық экономикалық байланыстарды болып жатқан жағдайларға байланысты қолданылады. Мәселе, протекционизм елдердің ішкі нарығын шетел тауарларынан қорғай отырып, ел өндірісін нығайту мақсатында қолданылады. Протекционизм саясатын ұстанған ел импортқа салықты өсіріп жібереді де, экспорт салығын азайту арқылы өз тауарларының сыртқа шығуына кең жол ашады. Мұндай саясат ұстанған елдерде тәжірбие көрсеткенінде сырттың кедергісіне тап болады. Көп жағдайда протекционизмге - протекционизм қарсы тұрады. Ал еркін сауда саясаты жағдайында кеден салығын және басқа да кедергілерді мейлінше азайта отырып, импортты ынталандырады.
Әр мемелекет әлемдік қауымдастықтың тәуелсіз егеменді субъектісі болғандықтан да, өзінің кеден саясатында ұлттық ерекшеліктерді ескереді. Дегенмен, мемлекеттердің осы уақытқа дейін шендестіріліп бөлуіне орай, жалпы кеден саясатын төмендегідей топтарға бөліп қарастырамыз:
а) өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік саясаты;
ә) дамушы елдердің кедендік саясаты.
Әркелкі мемлекеттердің кедендік саясаттарын сараптай қарастыру Қазақстан Республикасы үшін маңызы зор шара. Әлемнің әр мемлекеті өзінің дамуында әртүрлі жолды таңдап алады. Дегенмен, кеден саясаты көп жағдайда түпкілікті және әмбебап. Егеменді еліміздің экономикасын түзеп, одан әрі дамыту үшін, дағдарыстан шығудың, дамыған елдер өткен және дамушы елдер қолданып жатқан тарихи тәжірбиелердің қай-қайсысын да ескерегн жөн.
Мұндайда ең алдымен өнеркәсібі дамыған елдердің кеден саясатына көңіл аударамыз. Жоғары дамыған мемлекеттердің кеден саясатында көбінесе сыртқы сауда еркіндігіне жол ашу мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл бір емес барлық дамыған елдерге тән жағдай. Мұны түсінуге де болады, өйткені дамыған елдердің экспортына жоғары және қымбат технология қолданылған дайын бұйымдар үлесі басым. Кез-келген елдің ішкі нарығының мүмкіндігі шектеулі, сондықтан да олар сыртқы нарықтарды “жаулап алу” үшін барлық мүмкін жағдайлар қарастырылады. БСҰ арқылы елдердің кеден саясаты икемділікке итермелеп, тарифтік немесе бейтарифтік шектеулерді жоюға өз өнімдерінің экспортына кең жол ашуға тырысады. Өз нарығын қорғау мақсатында ТСБҚ/БСҰ елдері төмендегідей шаралар қолданады:
а) экономикаға қатысты әкімшілік шектеу. Мұны олар ұлттық қауіпсіздікті нығайту, қоршаған ортаны қорғау мәселерімен байланысты деп түсіндіріледі;
ә) экономикалық дағдарыстан шығуға байланысты (ұлттық өнеркәсіпте айтарлықтай нұқсан келуі, төлем мүмкінділігі тепе-теңдігінің бұзылуы, ішкі нарықта тауар жетіспеушілігі т. б. ) әкімшілік шектеулер;
б) шетел тауарларын ұсынушылардың бәсекелестік талаптарына сай емес әрекеттеріне қарсы қолданылатын шаралар;
в) экспорттаушы, импорттаушы елдердің үкіметтері мен фирмаларының өзара келісіміне орай ерікті шектеулі.
Бұл орайда бірде бір шетелдік мемлекеттер осы уақытқа дейін экспорт, импортты реттеуде әкімшілік құралдарын қолданудан ерікті түрде бас тартпағанын ескерте кеткен жөн. Дамушы елдер импорттайтын азық-түлік тауарларының 30%-на, тоқыма бұйымдарының 10%-на, жанар-жағармайдың 13%-на шектеу қойылуы соның салдары. Мәселен, Германия таскөмір, Франция мұнай және мұнай өнімдерін, Австрия шарап пен ет консервілерін, Финляндия өсімдік майы мен мұнай өнімдерін импорттауға квота белгіленген. АҚШ пен Канада квотаны жиі қолданады. Сондай-ақ олар лицензиялау, экспортты ерікті шектеу шараларын ЕО пен АҚШ текстиль, тігін бұйымдары мен аяқ киімдер, қара металлургия, станоктар, тұрмыстық электроника мен автомобильдердің әлсіз дамыған елдердің импортталуына қатаң бақылау орнатқан. Жапония болса, техникалық кедергілерді белсенді қолданады. Ішкі нарықты сақтау үшін “үшінші әлем” деп саналатын елдердің арзан бұйымдарына қатаң қалып талабын қояды. Ал шетелдерге экспортты ынталандыру мемлекеттік басқарудың барлық органдары арқылы жүргізіледі. Сондықтан да, Жапония өзін әкімшілік шектеулерді қолдану экспортты реттеуші бірден-бір жол екенін дәлелдеген дамыған ел деп бағалайды. Импортты реттеу дамыған елдердің сыртпен қарым-қатынастағы стратегиясының басты құралына айналынған. Дегенмен де жекелеген мемлекеттердің бұл саладағы қызметті бір-бірінен бөлекшеленіп тұрады. Ол төмендегідей жағдайларға байланысты:
- ұлттық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықты бәсекеге төтеп беру мүмкіндігі;
- экспорт, импорт көлемінің тепе-теңдігін сақтау;
- мемлекеттердің аймақтық - экономикалық блоктар мен халықаралық ұйымдарға қатысуы.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын сараптай келе мемлекеттердің кеден саясаты негізінен экспорт пен импортты реттеуге бағындырылған деуге болады. Бұл біріншіден, ұлттық кәсіпорындарының дұрыс жұмыс істеу қамтамасыз ете отырып, отандық өндірушілердің мүддесін қорғауды көздейді. Екіншіден, жекелеген елдерден алынатын импорт тауарларының түр-түрі мен мөлшерін белгілеуді қамтамасыз етеді. Үшіншіден, келесі бір елдің өзіне нұқсан келтіретіндей әрекеттерін қарсылық шаралар деп қаралады.
Дамушы елдердің кедендік саясаты да Қазақстан үшін маңызды жағынан дамыған елдердің саясатынан кем емес. Бір жағынан, олар экономикалық мүмкіндігі жағынан мемлектіміздің бүгінгі дәрежесімен бірдей жағдайда. Осы ретте дамушы елдердің кедендік саясаты дамыған елдердің кедендік саясатына қарағанда, көбіне-көп протекционизмге негізделенетінін атап өткен жөн. өйткені, олардың ұлттық өндірісінің өнімдері ішкі нарықта дамыған елдер импортының сапалық басымдылығына төтеп бере алмауы мүмкін. Біз дамушы елдердің кедендік саясатына назар аударатынымыздың екі басты себебі бар: оның біріншісі - әлемдік қауымдастықта мұндай мемлекеттердің үлес салмағы басым; екіншіден, олар бір-бірінен экономикалық даму барысынан қарағанда ерекшеленіп тұрады. Егер дамыған елдердің экономикасының өсу ырғағы шамамен дәйекті және біркелкі болатын болса, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Қытай секілді жедел дамушы елдердің экономикалық өсу қарқыны 1960-1990 жылдар аралығында шамаман 5%-ды құрады. Ал Еуропаның кейбір елдерінде бұл көрсеткіш 2% болса, Эфиопия секілді елдер құр сүлдесін сүйретіп келеді. Дамушы елдер экономикасының осындай өсу қарқынына, олардың кеден саясатында бірдей немесе бірқатар айырмашылықтар болуына соқтырады. Біріншіден, бұл дамушы елдердің негізгі өндірісі - табиғи қазба байлығы мен аграрлық сала өнімдер болуының салдары. Мұндай мемлекеттер үкіметінің пікіріне қарағанда, экономикалық жаңа дамып келе жатқан өнеркәсіптік саласын қорғап қолдау, жоғары дамыған елдермен арадағы алшақтылықты жақындата түскен. Екіншіден, ең кедей деген мемлекеттердің кедендік саясаты елдегі біркелкі ырғақты даму мәселесін шешудегі басты құрал болып көрінеді. Үшіншіден, дамушы елдердің кедей мемлекеттердің пікірінше, бұлардағы экономиканың қалыс қалуының басты себебі - халықаралық экономикалық қарым-қатынас тәртібінде әділеттің сақталмауы деп бағалайды. Сондықтанда ондағы үкіметтер халықаралық келіссөздердің күшімен жағдайды өз пайдасына қарай өзгертуге күш саламыз дейді. Осыларды қортындылай келгенде дамушы елдердің кедендік саясатында ұстанатын үш мақсат бар:
/өнеркәсіпті ынталандыру;
/ ұлттық экономиканы ынталандыру;
/дамыған елдер қыспағынан шығу үшін әділетсіз сауда -саттыққа қарсы тұру.
Жоғарыдағы жағдайдан туындайтын 2 сұраққа - ұлттық экономиканы дамытудың басты нысаны етіп неге өнеркәсіп алынды, неге дамушы елдер еркін саудаға ұмтыла отырып, протекционизм саясатынан бас тартпай отыр? - деген сұрақтарға жауап бере кетейік. Кез-келген мемлекеттің қазынасын валюта түсіретін бірден бір көз -экспорт. Сондай-ақ белгілі бір елдердің сыртқы сауда байланысын экспортта шикізат пен минерал қорларына қарағанда өнеркәсіптің дайын бұйымдары басым болған жағдайда ғана қанағаттанарлық деуге болады. Міне, осы себептер олардың протекционизмге жүгуіне негіз болуда. Оның сыртында дамыған елдер дамушы елдерге ұсынатын тауарлардың басым көпшілігі қымбат технологиялармен дайын бұйымдар болып табылады. Ал дамушы елдер экспортында негізінен пайдасынан бейнеті көп ауылшаруашылық өнімдеріне шикізат мөлшері басым. Сондықтанда олар дамудың алғашқы кезеңінде өздерінің протекционизмге арқа сүйеуі ұлттық кәсіпті дамытудың бірден-бір жолы деп біледі. Бұл орайда олар импортқа кеден салығын арттыру, квота белгілеуі секілді тәсілдерді емін-еркін қолдана береді. Оның ішінде де импортқа жоғарлатылған кеден салығын қолдану жиі көрініс табады. Сондықтан да дамушы елдерде дамыған елдердің өнеркәсіп тауарлары әлде қайда қымбат болып шығады. Бұл өз кезеңінде дамушы елдер бюджетін толтырушы бір арна. Кеден саясаты және елдің экономикалық қауіпсіздігі. ҚР-ның басты қағидалардың бірі - елдің барлық халықтарының мүддесіне сай экономикалық дамуға қол жеткізу екені белгілі. Соңғы кездері елдің экономикалық қауіпсіздігі, экономикалық мүдделер деген терминдер жиі қолданылатын болды. Осыларды жүзеге асыру мақсатында үкіметіміз экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық тұтқаларын іске қосты. Бағаны ырықсыздандыру, мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, жерді қоса есептегенде табиғи қорларды өзінің нақты бағасынан арзанға сату, теңгені доллармен бағамдау, қоғамдық өмірдің барлық саласына, оның ішінде экономикаға да мемлекеттің араласуын шектеу, қатаң бақылаудағы қаржы саясаты - мінеки, осылардың бәрі кез-келген елде инфляциямен күрестің басты жолдары деп саналады. Мұндайда стратегиялық маңызы бар аса құнды қорлардың сыртқы шығып кетіп, шетелдік банкілерде одан түсетін қаржылардың жатып қалуы да ықтимал. Ал бұл өз кезегінде сол ел халқының тұрмыстық жағдайын күрт төмендететін себептердің ең басты болып саналады.
С. Т. Алибеков “ҚР-ғы кеден ісі” деген еңбегінеде жоғарыдағы айтылған әрбір ел ескертіп факторлар біздің жаңадан оған егемендік алған жас мемлекеттің кеден шаруашылығын ұйымдастыруда қаншалықты дәрежеде ескеретін факторлар қаншалықты дәрежеде ескерілген, міне осы сұрақтарға жауап береді.
ҚР-ның кедендік саясаты еліміздің ішкі және сыртқы саясаттарының құрамдас бөлігі ретінде қаралып, арнайы заңдармен бекітілген. Ол Қазақстанның ішкі нарығы отандық өндірушілер мен тұтынушылардың қорғай отырып, ел экономикасын дамытуды ынталандыруға, шетел инвестицияларын көптеп тартуға негізделген. Сыртқы экономикалық байланыс негізінен экономикалық жолдармен кеден салымдары мен салықтарын реттеп отыру арқылы шешіледі. Кеден саясатына әкімшілік ықпал күрт төмендеді, дегенмен ол сыртқы экономикалық байланыстардың кейбір тұстарында сақталған. Мұның өзі мемлекет қажет кезінде кеден істерін әкімшілік жолмен реттеу тәсілі де мүлде бас тартатын керексіз тәсіл емес екенін көрсетсе керек. Отандық өндірушілерді қорғап қолдаудың басты жолы импортқа кеден салығын салу біздің елде де қолданылады. Бұл ретте ҚР-да импортқа кеден салығын салу кезінде ұлттық баға мен әлемдік нарық бағасының айырмашылықтары ескеріледі. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің өндірісі мен өнімнің бағасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Сондықтан да олардың кеден салығы шамалас болып келеді. Ал дамушы елдерде өнім өндіруге көп шығын жұмсалады. Мұның өзі ұлттық өнімнің өзіндік құны мен бағасының жоғары болуына жетелейтін басты себеп. Отандық өндірісшілердің бағасы жоғары тауарлары импорттың арзан тауарларымен ішкі нарықта бәсекеге төтеп бере алмауы мүмкін. Бұл өз кезегінде отандық өндірісшілердің жұмысты тоқтатуға жетелейтін жағдай. Кеңестер Одағы тарап, оның экономикалық желілері үзілген шақта Қазақстан өндірісі де осындай қиыншылықтарға душар болғаны белгілі. Өнеркәсіптің басты-басты салалары жартылай қуатында жұмыс істеуге көшті немесе мүлде тоқтап қалды. Мұның өзі елдегі жұмысшылар санын күрт өсірді. Осындай терең дағдарысты жағдайдан шығуды қарастырған жас егеменді еліміздің үкіметі импортқа кеден салығын өсіру арқылы ішкі нарықтыа өз өндірісшілерін қорғап, қолдау жолдарын қарастырады. Ұткен дағдарысты жылдарда мәселен, Ресейдегі инфляция жылына және одан да көп есеге өсуімен болды. Онымен іргелес жатқан біздің елімізде де мұндай жағдайдың болуы сөзсіз, өйткені бұрынғы экономикалық желі бойынша көршілес жатқан бұл екі ел бір-бірімен тығыз байланыста болған еді. Сондықтан да бірі душар болуы, дағдарыстан бірі құтылып кетуі мүмкін емес. Ал әлемдік нарықта осы кезде баға бірқалыпты мөлшерден таймады. Осындай жағдайда шетелдің импортына кеден салығының төменгі мөлшерін қолдану мүмкін еместігі өзінен өзі түсінікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz