Кедендік рәсімдеудің басы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 9
1. 1. Кедендік рәсімдеудің негізгі кезеңдері . . . 9
1. 2. Тауарларды кедендік жүк декларациясын қолдана отырып кедендік рәсімдеу мен бақылау тәртібі . . . 19
1. 3. Темір жол көлігіндегі кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау . . . 23
2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан темір жол көлігімен өткізілетін жүктерді кедендік ресімдеу мен бақылау . . . 32
2. 1. Кедендік бақылаумен жүргізілетін жүктерді тасымалдау . . . 32
2. 2. Жүктерді кедендік тексеру, бірдейлендіру құралдарын салу және алу,
ашу актісі . . . 40
2. 3. Темір жол көлігімен тасымалданатың жүктерді сақтандыру . . . 44
2. 4. Темір жол көлігінде кедендік рәсімдеу процедураларын жеңілдетілген түрін пайдалану . . . 49
3. КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. 53
3. 1. Қазіргі кезендегі кеден ісінің жағдайы. 53
3. 2. Кеден ісі саласындағы нормативтік базаны нығайту жолдары. 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 67
КІРІСПЕ
Кеден ісінің пайда болуы мен дамуы әрбір мемлекеттің ұлттық, сондай-ақ экономикалық мүдделерді қамтамасыз етудегі ішкі қажеттіліктерінен туындады.
Кеден саясаты қолданылатын шаралар мен сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) ережелерін бейімдеуге қажетті кедендік қатынастардың құралы ретінде үнемі өзгеріп отыратын күрделі жағдайларды жылдам бағдарлау дайындығына бағытталған жалпы қағидаттарға негізделеді.
Мемлекеттің кедендік және сыртқы сауда саясатының біртұтастық мәні сыртқы саудада сақтану шараларын құруда, кеденді -тарифтік заңдылықтарды шығару және халықаралық сауда мен экономикалық ұйымдардың бірлескен жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуде, ғылыми-практикалық конференцияны өткізуде, жарялауға дайындықта ж. т. б. көрінеді
Кедендік қатынастар халықаралық экономикалық қатынастар сипатына елеулі әсер етеді, ал кеден саясаты сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен әлемдік қоғамдастық елдері мүдделерінің тепе-теңдігін сақтаудың күшті қаруы болып табылады.
Шекаралардың сыртқы және ішкі аумағы түріндегі мемлекеттің кедендік кеңістігінің біртұтастығы мемлекеттің кеден саясатының негізгі қағидатттарының бірі болып табылады. Кеден шекарасын (сыртқы және ішкі) ортақ кеден заңдылығы жүретін және сыртқы сауданың біртұтас статистикалық есепке алуын жүргізетін шекара аумағы ретінде қарауға болады.
Кеден ісін ұйымдастыру кедендік кеңістікті және бәрінен де бұрын кедендік шекараны жайластыруды, басқару және басқарылатын органдарды құру, олардың іс-әрекеттерін үйлестіру, СЭҚ-ті реттеу механизімінің ұйымдастыру-технологиялық тиімді қызмет етуімен қамтамасыз етуді білдіреді. Кеден органдарындағы басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру келешекте «жанасусыз» кеденге, ақпараттарды электронды түрде өңдеу жүйесіне өтуге, қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға, бақылау мен кедендік заңдылықтарды бақылаудың техникалық құралдарын жақсартуға, кедендік бақылау объектілері санының сапалы түрде өсуіне бағытталған.
Кеден органдарына мемлекеттік механизмнің бір бөлігі ретінде сыртқы сауданы мамандандырылған тиісті ұйымдастырушылық-құқықты нысан мен қызметте реттеуді жүзеге асыру үшін өкімді өкілеттіктер мен құзырлықтар берілген. Кеден байланыстың компьютерлік және спутниктік құрылғыларын қолданатын ақпаратты-электрондық жанасусыз күшті органға айналады. Мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде кеден органдары мемлекеттің кедендік кеңістігінің кез-келген нүктесіндеггі кеден ісі мәселелерін сағат сайын шешіп отырудың тиімділігі мен жеткілікті жинақтылығына негізделген технологияларға ие болуы керек.
Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарымен байланысты негізгі ережелердің барлығы ұлттық заңдылықтапр мен халыққаралық келісім шарттарға негізделеді. Бұл тауарларларға, қызметтерге және интелектуальды меншіктерге, сонымен бірге жеке тұлғаларға да қатысты.
Кеден ісін үйымдастыру міндетіне кедендік іс-әрекеттердің, көп дәрежеде кеден ісінің халықаралық-құқықтық негізіне сүйенетін заңдар мен заң актілерін шығарудың, Еууропалық Одақтың біртұтас заң кеңістігінің нормаларының үйлесімділігін кедендік формальдылықты барынша жеңілдете отырып, және мұнымен тек кедендік-делдал іс-әрекеттерін жеңілдетіп қана қоймай, кедендік шешімдерді қабылдауды да жеңілдете отырып, қамтамасыз ету кіреді. Сондықтан да қазіргі кезде мемлекет пен СЭҚ ққатысушыларының экономикалық мүдделерін қорғаудың артықшылығы маңызды болып табылады. Кедендік қызметтің көп жылдық тәжірибесі бүгінгі күні кеден ісін тиімді ұйымдастыру нәтижесінде қандай экономикалық шешімдерді, қандай экономикалық нәтижелерді алуға болатындығын көрсетіп отыр:
- біріншіден, бұл кеден органдарындағы басқару жүйесінің бірлігінде, содан соң мағыналы саяси еріктік пен кеден ісінің мәселері бойынша шешімдер қабылдаудың бірлігінде;
- екіншіден, экономикалық мүдделерді қорғау бойынша аумақтың-экономикалық әдіс-амалын қалыптастыруда көрінеді.
Бүгінгі күн тәртібінде аймақтық аспект экономикасының нақты секторына көмек көрсету үшін кедендік алымдарды қолдану әдісінің барынша қатал бағытының қажеттігі мен орындылығы туралы мәселе тұр.
Кедендік жүйені экономикалық басқаруда «үкімет үшін кеден» жүйесінен қазіргі заманғы «СЭҚ қатысушыларына арналған кеденге» өту аса маңызды болып табылады. СЭҚ қатысушылары мүдделерін қорғауға бағытталған кеден саясатын бағдарлау, тауар айналымын жеделтету үшін экономикалық жағдайларды құру ж. т. б. қалай өтетіндігіне кедендік төлемдердің экономикалық нәтижелерінен гөрі өндірістің нақты секторына қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық өсуі байланысты.
Жариялылықты, жалпыға бірдейлікті кеңейту және қоғамдық пікірді есепке алу - бұл кеден ісін ұйымдастырудағы кеден саясатының ақпаратты-құқықтық сипатының жаңа тәсілі мен қазіргі жағдайының көрсеткішьері.
XXI ғасырда әлемдік қоғамдастықта қауіпсіздік мәселесі, соның ішінде кеден ісіндегі қауіпсіздік бірінші кезекте тұратындықтан, кеден органдарының құқық қорғау қызметтерінің ролі мен маңыздылығы өсіп келеді.
Жұмыстың осы бағытындағы маңызды факторға өзін-өзі қаржылық қамтамасыздық негізінде кедендік инфрақұрылымның дамуы жатады. Кедендік интермодельді логистикасы саласында қызмет көрсету, кеден айналасы саласының дамуы, кедендік аудит пен кедендік қаржылы-банктік қызмет институтын, ақпаратты-виртуальды қызметтерді құру кеден ісін ұйымдастырудың барынша келешекті ОТН-ы болып табылады.
Сондықтан да кеден ісін ұйымдастыру көбінесе оны жүргізу тиімділігіне байланысты болатын кеден саясатының бір бөлігі, мемлекеттік мақсаттарға жету құралы болып табылады.
1. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. 1. Кедендік рәсімдеудің негізгі кезеңдері
Кедендік рәсімдеу ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты адамдар мен ҚР кеден органдарының арасындағы іс-әрекеттер мен рәсімдер жиынтығынан тұрады.
Бұған қоса кедендік рәсімдеудің міндетті түрде декларанттың кедендік режимді таңдауы мен тауарлар мен көлік құралдарын таңдаған кедендік режимге қоюды болжайтынын айтуға болады.
ҚР Кедендік Кодексінің 360- бабына сәйкес кедендік рәсімдеу ҚР Кедендік кодексінде және ҚР заң актілерімен белгіленген тәртіпте жүргізіледі, сондай-ақ кедендік рәсімдеуді жылдамдату мен жеңілдету мақсатындағы халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің кедендік рәсімдеуге пайдаланған кедендік құжаттары қолдануы мүмкін.
Кедендік рәсімдеудің бекітілген тәртібін реттейтін негізгі қайнар көз ретінде ҚР Кеден Кодексінің 9-бөлімін айтуға болады.
ҚР Кеден Комитеті (бұрынғы Кедендік Бақылау Агенттігі) тауарлардың жеке категорияларын - қымбат бағалы тастарды, металлдар, шетел валютасы, электр энергиясын және өзге де, не көліктің белгілі бір түрлерімен - әуе, құбыр, теңіз арқылы өткізілетін тауарларды кедендік рәсімдеудің ерекшеліктерін бекітетін бірқатар бұйрықтар, өкімдер және нұсқаулар шығарды.
Кедендік рәсімдеу бірнеше кезеңге бөлінеді.
Алдын-ала кедендік рәсімдеу кезеңіне алдын-ала операциялар өндірісі, яғни негізгі кедендік рәсімдеудің алдында өтетін іс-әрекеттер (ҚР Кеден Кодексінің 5-бөлімі) жатады. Алдын-ала операциялардың негізгі бағыты негізгі кедендік рәсімдеу өндірісіне ықпал ету болып табылады.
Негізгі кедендік рәсімдеудің алдында өтетін операциядан тұратын бірнеше алдын-ала іс-әрекеттер бар. Бұл уақытша сақтау мен тауарларды кедендік бақылауда жеткізу.
Уақытша сақтау мен тауарларды кедендік бақылауда жеткізудің дәл осы әрекеті алдын-ала кедендік рәсімдеу кезеңінің негізгі мазмұнын құрайды.
Кедендік рәсімдеудің екінші кезеңі - негізгі кедендік рәсімдеу. Бұл кезеңнің мазмұнына кедендік декларацияны беру мен тексеру әрекеті, яғни кедендік декларациялау жатады. Тауарды өткізетін адам өткізудің нақты кедендік режимін тек кедендік декларацияда ғана көрсететіндіктен, кедендік декларациялау бұл өткізудің таңдап алынған кедендік режиміне тауарларды орналастыруға тікелей бағытталған іс-әрекет.
Кедендік рәсімдеуге қатысты жалпы ережелерді бекітілген тәртіп ретінде тұтастай қарастырамыз.
Кедендік рәсімдеудің басы. ҚР Кеден Кодексінің 362- бабында, кедендік рәсімдеудің кеден органына ҚР кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды берген сәттен басталатыны көрсетілген. Сондай-ақ кедендік рәсімдеу кеден органдары қызметкерлерінің құжаттарды тексеру мен заңды мағынасы бар деректерді тіркеу әрекеттерімен ғана шектелмейді. Бұл ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеуді жылдамдатуға ықпалын тигізетін алуан түрлі өзара шартталған шаралардың тұтас кешені. Сондықтан да кедендік рәсімдеуді ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы өкілетті адамдардың хабар беруінен басталады деп айтуға болады. Және де мұндай хабарлау нысаны тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін - ауызша хабарлаудан кедендік декларацияға дейін.
Кедендік рәсімдеу өндірісінің басталуымен оны өткізу орны тікелей байланысты. ҚР Кеден Кодексі соңғыны есепке алмай кедендік рәсімдеу өндірісінің орнын белгілейді. Сонымен ҚР Кеден Кодексінің 2- бөлімінің 363- бабына сәйкес кедендік рәсімдеу ҚР кеден органдары орналасқан жерлерінде өтеді. Сонымен бірге мұндай пайымдау кедендік рәсімдеу орнын емес, кедендік декларациялау орнын бекітеді. Сондықтан да кедендік рәсімдеу өндірісінің орнын анықтау барысында алдын-ала кедендік рәсімдеу орын да, негізгі кедендік рәсімдеу- кедендік декларациялау орнын да есепке алу қажет.
Тауарларды ҚР кедендік шекара аумағынан тыс әкетуде, «тауарлар экспортында» кедендік рәсімдеу тауар жөнелтушісі бар ҚР кеден органы қызметі аймағында басталып, ҚР кеден аумағынан тыс тауарды әкету орнындағы ҚР кеден органы қызметі аймағында аяқталады.
Егер де тауарды өткізетін адам (тауарды жөнелтуші немесе алушы) ҚР шекаралық кедендік орган қызметі аймағында болған жағдайда, онда тауарларды әкелу мен декларациялау орны, не болмаса керісінше декларациялау орны мен тауарларды әкелу орны сәйкес келеді.
Осы кеден органының қызмет аймағындағы тауарларды рәсімдеу барысында, бірақ соңғы анықталған орында емес кеден органына өтінген адамның аумағында тікелей кедендік рәсімдеу болуы мүмкін. Мысалы, тауар темір жол көлігі арқылы өткізілетін кезде қыстақ қоймалары мен темір жол алаңдарында вагондардың тұрып қалуына төленетін шығындарды азайту мақсатында, егер де кірме жолдар бар болғанда. Мұндай жағдайларда кедендік рәсімдеудың ҚР кеден органдары бар орындарда емес, тікелей өз аумақттарында немесе өзге де үй-жайларда жүргізілгенін қалайтын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар осы органдарға қажетті қызметті және тұрмыстық үй-жайлары мен жабдықтарды, байланыс құралдарын қайтармай пайдалануға береді. Сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген орыннан тыс және ҚР кеден органының жұмыс уақытынан тыс кедендік рәсімдеуде кедендік рәсімдеу үшін алым екі еселеніп төленеді.
Кедендік рәсімдеу өндірісінің уақыты. Кедендік рәсімдеу ҚР кеден органының жұмыс уақытында жүргізіледі. Кеден органының жұмыс уақыты әдеттегідей сағат 9-дан 18-ге дейін, яғни күнделікті сегіз сағаттық жұмыс күні. Бұл ретте жүк- жолаушылар аса көп болған жағдайда кедендік рәсімдеу кеден органының ауысым кезекшілігін енгізумен тәулік бойы жүргізілетінін ескере кету керек.
Кедендік рәсімдеу кезеңі - бұл таңдалған кедендік режимде тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты барлық қажетті іс-әрекеттерді атқаруға тиісті уақыт аралығы. ҚР Кеден Кодексінде кедендік рәсімдеу кезеңі нақты көрсетілмеген.
Сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу орнынан ұсыну, жеткізу мерзімі, кедендік декдарацияны беру мерзімі, кедендік декларацияны тексеру мерзімі сияқты кедендік рәсімдеудің бекітілген тәртібін ққрайтын жеке іс-әрекеттерді орындау мерзімдері бекітілген.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеуді шектеусіз жүргізу мүмкін еместігі айдан анық. Уақытша сақтау кедендік рәсімдеу аяқталғанша арнайы орындарда - уақытша саққтау қоймаларында тауарлар мен көлік құралдарының болуын қарастырады. Мұндай қоймаларда 2 айдан артық мерзімде болуға болмайды. Дәл осы кезеңде таңдалынған кедендік режимге сәйкес тауанрлар мен көлік құралдарын шығарудың барлық мүмкін шараларын қолдаған дұрыс.
Сондықтан да тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің ең соңғы кезеңі тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтау қоймасында барынша, кедендік бақылауда жеткізу үшін қажетті уақытты қосқандағы ең ұзақ сақталу мерзімі деп түсінну керек.
Кедендік рәсімдеуге қатысушылар - бұл кедендік рәсімдеуге тікелей қатысатын және әрекет ететін адамдар.
Кедендік рәсімдеудің барлық қатысушыларын екі топқа бөлуе болады: негізгі және мүмкін.
Кедендік рәсімдеудің негізгі қатысушыларына кеден органдары, ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін жеке, заңды тұлғалар жатады. Дәл осы адамдарға кедендік рәсімдеуге қажетті әрекеттерді жүзеге асыру міндеттері жүктелген.
Мүмкін қатысушыларға тауарларды өткізетін адамдардың мүдделерін жақтайтын кедендік брокерлерді: тасымалдаушыларды және кедендік тауар тасымалдаушыларын; кедендік рәсімдеу аяқталғанша тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін уақытша сақтау қоймалары иелерін; кедендік рәсімдеу кезінде кеден органына қолдау көрсететін мамандар; өткізілетін тауарларға қатысты қажетті қортындылар беретін сарапшылар; аудармашылар жатады.
Өзге мемлекеттік бақылаушы органдардың тиісті рұхсатынсыз кедендік рәсімдеудің аяқталуы мүмкін еместігі соңғыларды кедендік рәсімдеуге қатусышыларға жатқызуды бекіту негізсіз екенін байқатады. Фитосанитарлы бақылау мен мал дәрігерлік бақылау органдарының қызметтері мысалы, кедендік брокерлер мен аудармашыларға қарағанда өзгеше, яғни кедендік ережелерге жатпайды. Бұл органдардың тауарларды ҚР кеден аумағына не ҚР тыс жерлерге шығарудың мүмкіндігі не мүмкінсіздігі туралы берген қортындыларына кедендік мақсаттарға қажетті түрлі құжаттардан тұрады.
Мұндай құжаттарға: тиісті банк берген келісім төлқұжаты; сапа мен қауіпсіздік сәйкестігі сертификаты; тауарды шығарған елдің сертификаты және өзге де құжаттар. Сондықтан да кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттарды берген органдарды кедендік рәсімдеу қатысушыларына жатқызу жағдайында осындай адамдардың аясы мейлінше кең болады. Өйткені соңғылардың іс-әрекеті кедендік заң нормаларына тікелей қатысы бар.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде кедендік рәсімдеудің тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кедендік режим кезеңіне орналастырудың бекітілген тәртібі мен ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар көлік құралдарын өткізуде осы режимнің аяқталуынан тұратынын тұжырымдауға болады.
Кедендік рәсімдеу оның қатысушыларының қарым-қатынастарының осы түрін реттейтін нақты айқындалған нормативті-құқықтық қайнар көздеріне негізделеді. Осы қатынастарға қатысушылар да нақты анықталған, сондай-ақ олардың пайда болуының басы да айқындалған. Кедендік рәсімдеу процесі оның өндірісінің орны мен уақытына болінетінін көңіл бөлу қажет. Кедендік рәсімдеуде іс-әрекеттердің жүйелілігі осы процестің кезеңдерін алдын-ала кедендік рәсімдеу немесе алдын-ала жүргізілетін операциялар сияқты негізгі кедендік рәсімдеу немесе кедендік декларация ретінде қарайды.
Алдын-ала кедендік рәсімдеу бірқатар іс-әрекеттер кешенінен тұрады - негізгі кедендік рәсімдеу өндірісін - кедендік декларациялауды жылдамдатып, жеңілдетіге талған алдын-ала операциялар.
Алдын-ала операцияларда ҚР кеден органдары ҚР тауарлар мен көлік құралдарын әкелуді жібермеуге, мұндай әкелу мен әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын теңестіруге калған кедендік рәсімдеуді жүргізеді. Бірақ мұнымен алдын-ала рәсімдеудің мақсаты тоқтап қалмайды. Кеден органынан басқа алдын-ала операциялар өндірісіне кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін адамдар да қатысады. Мұндай жағдайда алдын-ала операциялардың мақсатына: кедендік декларациялауға кажетті құжаттарды дайындау, тауарларды қарау мен оларды санау, сараптама зерттеулерін және өзге де әрекеттерді жүргізуу жатады. Алдын-ала операцяилардың барлық түрін белгілі бір дәрежеде, шарттармен бірнеше түрлерге бөлуге болады, олардың әрқайсысы өз алдына алдын-ала сипатқа тән іс-әрекеттерден тұрады.
Мұндай алдын-ала операцияларға тауарларды уақытша сақтау, тауарларды кедендік бақылауда жеткізу жатады.
Уақытша сақтау рәсімі ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын арнайы режимге орналастыру мен олардың жеке орындарда - уақытша сақтау қоймаларында кедендік рәсім аяқталғанша толықтай және тауарлардың келесі шығаралымына дейін болуы жатады.
Алдын-ала операцияға жататын уақытша сақтаудың бірнеше мақсаттары бар. Ең алдымен, кедендік рәсімдеу басталған сәттен бастап, аяқталғанша тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету, яғни өткізудің таңдаған кедендік режиміне орналастыру. Уақытша сақтаудың екінші мақсаты ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін адамға кедендік режимді таңдауын ұсыну және негізгі кедендік рәсімдеуге қажетті барлық құжаттарды дайындау болып табылады. Мұндай мүмкіндік белгілі бір уақыт кезеңінің барында - негізгі кедендік рәсімдеу басталғанша тауарлардың уақытша сақтау қоймасында сақталу мерзімінде қарастырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтауда болуы оларды міндетті түрде арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайға орналастыруды немесе уақытша сақтау қоймасы мәртебесіне ие орындарды болуын қарастырады. Содан соң тауарлар мен көлік құралдары оларды кеден органына ұсынған сәттен бастап автоматы түрде уақытша сақтау мәртебесін алады. Бұл өз кезегінде ҚР кеден шекарасы арқылы өткізу дерегінен шығады.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасынан орналастыру бірден ҚР кеден шекарасынан өткізу барысында, не егер де декларациялау ҚР кеден шекарасына әкелу орнында өткізілсе әкелу барысында немесе тауар кедендік рәсімдеу өндірісі орнына жеткізілгенде кедендік декларацияны беру орны бойынша әкету барысында жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасынан орналастыру барысында кеден органдары әдетте тауарлар мен көлік құралдарын теңестірертін өқжаттарды сұрайды. «Кедендік теңестіру» деген термин кеден заңдарында жиі кездесетінін айта кеткен жөн. Әңгіме кедендік бақылау өндірісі тәсілдерінің бірі жайында болып отыр, және де теңестірулердің бірі туралы оның әр түрлі деңгейлері болулары мүмкін.
Сондықтан, уақытша сақтау қоймасына қойылған тауарлар мен көлік құралдарына қатысты теңестіру өндірісінде кеден органдары мынадай мәліметтері бар тек құжаттармен ғана шектеледі:
- қазақстандық тауарлар жөнелтушінің не алушының атауы;
- тасымалдаушының атауы;
- көлік құралы туралы қысқаша мәліметтер (түрі, бағыты, нөмір) ;
- жалпылама тауар атауы және оның саны;
Көрсетілген мәліметтер тіркеме қағаз, коносаменттер, маманданымдар, фактура-есепшоттар және басқалар сияқты тауар жолдамалы және өзге де коммерциялық құжаттарда не қосымша толтырылған қысқаша декларацияда болуы мүмкін.
Сондықтан да тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыру барысындағы теңестіру мақсаты уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің нақты деректермен сәйкес келуін анықтауды, сонымен бірге осы тауарларды ҚР аумағына әкелу не шекарадан тыс жерлерге әкету шектелген бе немесе тыйым салынған ба, жоқ па, соны тексеруді қарастырады.
Уақытша сақтау қоймасындағы тауарлар мен көлік құралдары түрлі операцяилардан өтуі мүмкін - қарау, өлшеу, орамды ашу, қайта орамдау, сараптама жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер алу үшін жек заттарды алуды қоса. Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға осы аталған оперцияларды жүргізу тек кеден органының рұхсатымен ғана болады.
Тәжірибеде уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға сатып алу-сату операциясы жүргізілген жағдайлары да кездеседі. Мысалы, уақытша сақтау қоймасының ұйымы- иесі тауарды қойған адаммен сатып алу-сату келісімдерін жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz