Арнайы кедендік режим


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1 Тарау. Кеден Режимдерінің теориялық негіздері6
1. 1. Кеден режимдерінің ұғымдары мен мәні6
1. 2. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі. 17
2 Тарау. Қазақстан Республикасында кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 22
2. 1. Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері22
2. 2 Кеден режимдерін ауыстыру процедурасының ерекшеліктері. 38
3 Тарау. Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдары. 44
Қорытынды. 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі:77
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда экономиканың дамуы - ел арасындағы және бірыңғай бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде
Сауда жасауға ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау жөніндегі, қаржы ресурстарының қозғалысы жөніндегі халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бүкіл әлемдік бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы курстық жұмыс арналып отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Бұл мақсатты шешу үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Бұл мәселелердің маңыздылығына қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде қалуда.
Бұл курстық жұмысты зерттеудің мақсаты - кеден режимдерінің мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті - ең алдымен осы жұмыстың мақсатына
қойылған жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей нұсқаулармен ұсынуға болады:
- Кеден режимдерін құрудың тарихи аспектілерін қарау;
- Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми негізде зерттеу;
Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерін қарау;
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі - кеден режимдерінің өзара байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық - логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін және ерекшеліктер ашу арқылы еліміздегі нарықты, Қазақстандағы өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қорғау, монополизмге қарсы тұру мен бәсекелестікті кеңейту, сондай-ақ экспортты кеңейтуге мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар мынадай жеке - ғылыми әдістер қолданылады: Формалды - заңды, жүйелік салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, психологиялық, статистикалық және өзге де осы жұмыстың мәселесін шешуге қажетті әдістер жатады.
Жұмыстың теориялық негізі кеден ісі мәселесі жөніндегі Қазақстандық, ресейлік және шетел оқымыстыларының еңбегінен жарық көреді: С. М. Сарсембаев, К. К. Тоқаев, Б. Т. Нұрахметов, В. Г. Драганов, Л. В. Гребенщикова, И. А. Кубасова, А. А. Артемьев, М. Ю. Берновский, Г. П. Брацун, Ю. Г. Кисловский, В. М. Крашенинников, В. Ю. Пресняков, О. В. Шишкина, А. Н. Яцушко, А. В. Лисов, Н. И. Трипонов және тағы басқалар.
Бұл курстық жұмыстың басты мәселелерін жан-жақты ұғыну үшін бүкіл әлемдік ғұламалардың іс-тәжірибесін пайдаландық.
Қазақстан - сыртқы саясатты жүргізу барысында тәуелсіз, егеменді Қазақстан. Республиканың бірлестігін дамыту ісінде дипломаттардың, минстірлердің, экономикалық құрылымның, құқық қорғау органдарының, прокуратура және қауіпсіздік органдарының қызметтері халықаралық арнада экономиканың әр түрлі саласында, әсіресе кедендік және салалық істерінде бағалануда. Дегенмен мемлекеттік сыртқы қатынасы толық шешілді деп айтаалмаймыз. Оған әл де болса Республиканың халықаралық қызыметінің коституциялық - құқықтық негіздері жеткіліксіз. Осы мән - жайлардың себебін анықтап зерттеуге көңіл бөлінді.
Кеден режимін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де заң актілерінде, халықаралық-құқықтық актілерде көрініс алады, сондай - ақ кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру жолдары кеден ісі пәнінде іске асырылады.
Маңызды негізгі мәселелері мен жетістіктеріне тоқталады. Яғни тақырыптың аталуымен сәйкес зерттеледі.
Кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын шешу нәтижелерінен тұрады.
Ең алдымен заңдармен реттелуден ерекшелігін айқындау, мәселелердің себебтері мен жағдайларын шешу, мақсатта сай зерттелуін талап етеді. Тереңінен талдауға жатады субьективті және объективті түрде зерделенеді. Кеден режимдерін жетілдірудің алғы шаттары белгіленеді.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.
1 Тарау. Кеден Режимдерінің теориялық негіздері
1. 1. Кеден режимдерінің ұғымдары мен мәні
Қазақстанда жүргізілген саяси-экономикалық сипаты бар реформалар басқару жүйесін өзгертуге әкеп соқтырады. Олардың бірі кеден ісі мен кеден саясаты, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құрайтын маңызды жүйе болып табылады. Кеден саясаты кеден режимдерін ұйымдастыру жолымен экономикалық тұрақтылықты және елде ұлттық экономикадағы нарық қатынастарының халықаралық аренада орындалуына бағыттайды.
Кеден режимдері 90-жылдардың бірінші жартысында кеден процедураларының бір қатар жинағын білдірді. Содай-ақ кеден ісінде оларды қолдану орын алады.
Кеден процедуралары: Тауарларды және мүлікті өткізу тәртібіне бақылау жасауды, құралдарды тесеруден өткізуді, кеден құжаттарын рәсімдеуді, кедендік жүк деларадциясының дұрыс қаодануды, кеден мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының статистика есеп беру органдарындағы статистикалық мәліметтерді беруді, кеңес беру және анықтау жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.
Кеден режимі - бұл кеден шекерасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының статусын анықтайтын ережелер жинағы.
Тауарларды және көлік құралдарын белгілеу тәртібі орындалған кезде, мүтіксіз тауарлар мен көлік қралдары кеден шекарасы арқылы өткізіледі.
Сыртқы экономикалық қызмет және ең бастысы сытқы сауда заңды және жеке тұлғалармен тауарлар көлік құралдарын елдегі кеден шекарасы арқылы өткізумен байланысты. Бұл жағдай кезінде тауарлармен көлік құралдары кедендік бақылаумен кедендік рәсімдеуге жатады.
Сыртқы экономика немесе сыртқы сауда ісінде қолданылатын барлық кден ісінің терминдерін есепке алу керке. Содай - ақ кеден режимдерін ұйымдастыру тәртәбән анықтап алу қажет.
Мемлекет (СЭҚ) сытқы экономикаоық қызметтің арасында бюджетке кірістер, экономиканы жақсартатын материалдар, құралдар алады.
Содықтан мемлекет белгілі бір тәртіппен сырқы эконоикалық қызметтің (СЭҚ) жүзеге асырылуына мүдделі.
Сырқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушы субъектілер белгіленген тәртіпті орындауы және оны жүзеге асыруы керек. Ең алдымен кеден режимдерімен тағайындалатын тауарлардың кедендік бақылауы және және кедендік рәсімдеуі мәселесін дұрыс шешу қажет:
- Шаруашылық субъектілері ретінде мемлекеттік органдарда тіркелу жолымен сыртқы экономикалық қызметпен (СЭҚ) шұғылдануға рұқсат алу;
- Шарттардың, соның ішінде тауарларды сату, сатып алу, тауарды айырбастау (бартерлі) операциялар жөніндегі, көлік, жүк, сақтадыру және басқа жүргізу жөніндегі халықаралық котрактілердің жасалуы;
- Импорт немесе экспортқа шығарылатын тауар белгілі бір түрлеріне лицензия, белгілі бір санда тауарларды әкелу немесе әкетуге рұқсат алу, содай- ақ экономика саясатының шараларын орындау;
- Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін;
- салықтар, кедендік баждар және төлеу;
- кедендік бақылау және рәсімдеу үшін кеден органдарының тауарларды ұсынуы;
- Уақытша сақтау құралдарын қою немесе кедендік бақылау шекарасының өзгеде орнына, оларды сақтау, өткізу және тағы басқалар;
- басқа кедендік режимге қою немесе ерікті айналымға шығарғаннан кейін тауарларды ретке келтіру.
Кеден ережесі - кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының статусын анықтайтын ережелер жиынтығы. Жоғарыда қойылған талаптар орындалғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасынан сөзсіз өткізіледі.
Сонымен, кеден режимі - бұл мемлекттің кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің нақты тәртібі мен жағдайларын білдіреді. Мыналар жатады: кеден рәсімдеуі барысында қажетті нысандылықтың жүйелі түрде орындалуын қадағалау, кеден төлемдерінің белгілі бір көлемін жинау, яғни, кеден баждары, лицезия беру, тауарларды сақтау, тауарларды кедендік жөнелту, кеден рәсімдеуі бойынша белгілі маман аттестатын беру үшін түрлі кеден алымдарын жинау. Айта кететін жайт, кеден режимін таңдаудың маңызды және анықтаушы шарты тауардың пайдаланылуы болып табылады. Мынаны білдіреді, яғни, тауарлар мен көлік құралдары осы аумаққа түсе салып, олар объектіге айналды, оларды пайдаланылуына қарасты 15 режимнің бірі қолданылады. Мұнда сонымен қоса, келісімшарттың қандай да бір шарттарының өзгеруі немесе болжанбаған жағдайдың тууы нәтижесінде тауар иесі немесе тасымалдаушысының бұрын көрсетілген кеден режимін өзгертуге немесе қайта мәлімдеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кеден режимін былайша өзгрту кеден төлемдерінің мөлшеріне әсер ете алады, және де сондықтан, экономикалық сауаттылық пен хабардарлық кәсіпкерлер мен сауда кеден режимін дұрыс таңдау мен қолдануға және шамадан тыс қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен, кеден режимдері екі жақты міндетті орындайды. Бір жағынан, жоғарыда аталып кеткендей, олар мемлекеттің кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдарының ауысуын реттемелейді, екінші жағынан, сырттқы экономикалық қызметке қатысушыларға, әсіресе, тауар иелеріне коммерциялық операциядан пайда мен табыс алуға жәрдемдесуіне кеден режимдерінің ынталандырушы ролінің маңыздылығын айта кету қажет. Мұндай қолдану мен көмек көрсетуге мысал кеден қоймасы режимі бола алады, одан кеден баждары, салықтары жәнетағы басқа, алусыз осы мақсаттарға арналып бөлінген тауарларды сақтау қарастырылған.
Айта кететін жайт, көпшілік елдер үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты басымдықты орль атқарады:
Экспорт - басты валюта түсімдерінің көзі ретінде, ал Импорт - қоғамдық өндірістің жергілікті салаларының жетілмегендігінің орнын басушы қызмет ретінде. Алайда, тауар дайын өнім түрінде қайтарылып алу мен өңдеу мақсатымен шикізат немесе жартылай фабриат түрінде мемлекеттің кеден аумағынан әкетілуі мүмкін. Кеден аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуі процесін дәйекті түрде ұсыну тиіс. Дегенмен, кеден режимдерінің мәні мынада.
Атап айтқанда: Еркін айналыс үшін тауарларды шығару, әлемдік қауымдастыққа қатысушы елдер арасында кеңінен таралған кеден режимдерінің бірі. Бұл кеден режимі шетелдік өндіріс тауарлары мен көлік құралдарының еркін әкелінуі, осы ел аумағында олардың еркін айналысы мен тұтылыуын пайымдайды. Тауар сияқты мұнай кең ұғым, және де шетелдік өндіріс тауары материалдық дүниеге қозғалатын кез - келген затты білдіреді, дәілек атқанда соңы және аралық тұтыну заттары, өндіріс құралдары, валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу, содай-ақ, басқада қуат көздері, жлаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын есепке алмағанда, ұлттық аумақтан тыс жерлерде өндірілген көлік құралдары, соның ішінде, конеинерлер мен басқа көлік жабдығы.
Бұл кеден режимі келесі генізгі үш жағдай орындалған кезде толығымен аяақталуы мүмкін: біріншіден, тиісті кеден төлемдері мен салықтарын төлеу; екіншіден, экономикалық саясат шараларын орындау, оған мыналар кіреді: квоталау, ицезиялау, максималды, минималды, баға белгілеу сонымен қоса, экономикалық саясат пен қазіргіжағдайларды үнемі өзгерістерді ескере отырып, мемлекет енгізген шектеулердің басқада түрлері: үшіншіден, кеден рәсімдеуінің аяақталуы. Басқаша айтқанда, еркін айналыс пен тұтылу үшін мемлекеттің кеден шекарасы арқылы тауарлардың өту процесі тауарлар импорты деп аталады. Сонымен, импорттық (немесе әкелетін ) тауардың кедендік рәсімдеу процесі аяақталуы үшін импортер кеден де кеден төлемдеі мен алымдарының төлеуін куәландыратын құжаттар, содай - ақ, қажет болған жағдайда тауарды әкелуге рұқсат беретін лицезияны көрсетуге міндетті. Бұл жағдайдағы импорттық лицезия өз аумағында импорттық операцияларды жүргізуге мемлекет органдарының беретін рұқсты блып табылады.
Тауарлар экспорты импортпен қатар халықаралық саудада кеңінен таралған процесс болып табылады. Тауарлардағы экспорт- бұл кеден режимі, оған сәйкес тауарлар мемлекеттің кеден аумағынан тысқары шығаруға арналады. “Тауарлар экспорты ” кеден режиміне мәлімделген тауарлар кеден баждарымен басқа да алымдардың төленуінен кейін, сонымен қоса, мемлекеттің кеден заңдылығына белгіленген, экономикалық саясат шаралары қадағаланған жағайда елдің аумағынан тысқары тысқары шығарылуға жіберілуі мүмкін. Кеден рәсімдеуінің барлық нысандылығы қадағаланғаннан кейін тауар иесі немесе тасымалдаушы кеден декларациясына сәйкес өзгертілмеген кейде тауарларды шығаруды жүзеге асыуға міндетті. Айырықшалықтар сақтау мен тасмалдаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу себебі бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Кеден декларциясы кеден рәсімдеуі барысында толтырылатын, тауарлар мен көлік құралдары туралы нақты мәліметтер, содай- ақ олардың кеден режимі көрсетілген құжат болып табылады.
Егер тауарлар экспортын кеден режимі тұрғысынан ғана емес сонымен қоса, сыртқы сауда операциясы ретінде қарастыратын болсақ, онда бұл процеске келесідей анықтама беруге болады: тауарлар экспорты-бұл валюталық пайда алу мақсатымен ұлттық аумақтан тыс жерде жергілікті өндіріс тауарларын сату.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі даму кезеңінде экспорт абсолютті қажеттілік ретінде қарастырылады. Тауарлар экспорты дамушы елдер сияқты, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер үшін де маңызды, алайда дәл экономикалық даму деңгейі белгілі бір мемлекеттің өз өнімі экспортын жүзеге асыруының қажеттілігі мен себептерін анықтайды. Дамушы елдер үшін экспорт қажетті өнімнің импорты үшін серіктестіктерді тартуға мүмкіндік беретін, тұрақты немесе уақытша және кездейсоқ артылғанды өткізу үшін сыртқы нарықтарға шығу арнасы қызметін атқарады. Айта кететін жәйіт, мұндай елдердің басты мақсаты сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал экономикалық дмыған елдерде экспорт келесідей себептерден туындайды: Техниканың қазіргі жетістіктері қымбат туратын жабдықты өндіруге мүмкіндік береді, ол өнімнің көп мөлшері шығарылған жағдайда рентабельді болуы мүмкін, оны тұтыну үшін ұлттық нарық тым шағын болуы да мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда халықаралық нарыққа шығу қажет.
Тауарлар реимпорты- кеден режимі, оған сәйкес мемлекет аумағынан бұрын экспортталған жән өндірілген тауарлар әкелінеді. Мұнда реимпортталған тауарларға импортталатындардан айырмашылығы кеден баждары, алымдар мен салықтар салынбайды, сондай-ақ, квоталау, лицензиялау, максималды мен минималды баға белгілеу және мемлекеттің орталық кеден органы қолданатын, басқадай эономикалық саясат шаралары сияқты тааурлар мен көлік құралдарын әкелуге шектеулер белгіленбейді.
Мемлекеттің кеден заңдылығы реимпортталатын тауарларға қойылатын шарттарды қарастырады. Ең алдымен, тауарлар мемлекеттің кеден аумағынан олардың экспортталған күнінен бастап, үш жылдық мерзім біткенге шейін реимпортталына алады. Сонымен қоса, тауарлар өзгертілмеген күйде болуы тиіс, айырықшалық тек тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары барысындағы табиғи тозу бола алады. Және де мұндай жағдайларды ұйымдастыру мен қадағалауды тауар иелері немесе тасымалдаушыларының өздері, содай- ақ, тікелей кеден шекарасында кеден органдары қамтамасыз етеді.
Тауарлар реимпорты барысында түрлі жеңілдіктерберу нәтижесінде бұрын төленген төлемақы кеден төлемдерін өтеу немесе дара қайтару жүргізіледі. Бұл мынаны білдіреді, яғни, бір жағынан, тауарларды экспорттау барысында бұрын төленген кеден баждары, салықтар мен басқа алымдарды кеден органдары реимпотерге қайтарады. Екінші жағынан, реимпортер түрлі жеңілдіктер нәтижесінде алынған сомаларды қайтарады. Содай-ақ реимпортты жүзеге асырушы тұлға қайта қаржыландырудың реми мөлшеремесі бойынша пайыздарды осы сомадан төлейді, бұл мөлшерлемені мемлекеттің ұлттық банкі өзі ұсынатын несиелер бойынша белгілейді.
Тауарлар реэкспорты - бұл мемлекеттің кеден аумағынан бұрын импортталған тауарларды, сондай-ақ, аукциондар, саудаластық, халықаралық тауар биржаларында сатуға арналған тауарларды шығаруды қарастыратын кеден режимі. Сонымен қоса, тауарлар реэкспорты кеден баждары мен салықтарын не алусыз не қайтарумен, сондай- ақ, экономикалық саясат шараларынан боаста отырып тауарларды шығаруды білдіреді. Реэкспортқа тек шетелдік өндірісі тауарлары ғана ұшырайды.
Кеден рәсімдеуі процедуралары мен кеден бажын төлеу процесін жеңілдету мақсатымен импортталатын тауар иесі немесе тасымалдаушысы аталған тауарды ары қарай реэкспорттау мүмкіндігін алдын ала көрсетуге құқылы. Бұл мынаны білдіреді, яғни, егер импортер кеден органдарына реэкспорт үшін әкелінген тауардың пайдалануы туарлы мәлімдеп, кеден декларциясы қабылданған күннен бастап, 6 ай ішінде осы тауардың реэкспорты жүзеге асырылатын болса, онда ол кеден бажын салудан босатылады, ал эконоикалық саяасат шаралары оның қызметіне қаралмайды. Алайда кейбір болжанбаған жағдайларға байланысты тауарлар реэкспорты 6 айлық мерзім ішінде жүзеге асырылмауы мүмкін. Бұл жағдайда нақты реэкспорттың мүмкін еместігі нәтижесінде тауар иесі немесе оны жылжытушы кеден бажын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ, ұсынатын несиелері бойынша мемлекттің ұлттық банкі белгілейтін, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша пайыздарды төлеуге міндетті.
Тауарлар транзиті. Кеден режимі ретінде транзитті қарастырмас бұрын оның анықтамасын беру қажет. Транзит- бұл аралық пунктерде қайта тиеусіз үшінші мемлекеттің кеден аумағы арқылы бір мемлекеттен екіншісіне тауарларды ауыстыру немесе тасымалдау, немесе бір мемлекетті екі кеден постары арасындағы тауарлардың қозғалысы.
Әртүрлі елдердің арасындағы аумақтық шекаралар мен осыған байланысты туатын қиындықтар халықаралық сауданың толық құнды жүзеге асуына кедергілер жасайды. Көптарапты сауда байланыстарының дамуы мен кеңеюуіне байланысты соңғы тағайындалу пунктіне жүк жеткізілмес бұрын, бірнеше ел аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту қажеттілігі туындайды. Сондықтан бұрыннан бері әлемдік қауымдастыққа қатысушы елдер үкіметі шетел тауарларына олардың аумағын бір шекарадан екіншісіне дейін өзара тиімді түрде кесіп өтуге мүмкіндік жасайтын, ережелер мен процедраларды әзірлеуге тырысады.
Тауарлар транзиті - бұл еш кедергісіз, кеден баждары, салықтарын төлемей және экономикалық саясат шараларының қолданылуынсыз шетелдік сияқты отандық өндірістің де тауарларын мемлекттің кеден аумағы, шет мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдауға мүмкідік беретін кеден режимі. Сонымен қоса, тауарлар транзиті мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатыменкеден бақылауы кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің кеден аумағы арқылы тауарлар транзитін жүзеге асырмас бұрын, мемлекеттің кеден органы беретін рұқсатты алу қажет. Алайда, мемлекеттік мүддеге қатысты кейбір мақсаттарда, министрлер кабинеті басқыншылық саясат жүгізетін елдерге қатысты белгілі бір операцияға тыйым салуы мүмкін.
Заңдылыққа сәйкес бақылау мақсатымен транзитке арналған тауарлардың жөнелтпе құжаттары болады, вагондар, жүк машиналары, кртейнерлер пломбаланады және тағы басқа.
Кеден қоймасы режимінде экспортқа арналған тауарлар кеден төлемдерін алусыз үш жыл ішінде сақталады.
Кеден қоймалары ашық немесе жабық түрде болады. Оның бірінші түрімен кез - келген тұлғалар пайдалана алады, ал жабық түрдегі қоймалар нақты тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған.
Кеден қоймасының құрылтайшысы (иесі) қандай да бір кеден органы немесе отандық заңды (жеке) тұлға болып табылады. Кеден қоймасын құру үшін Оралық кеден органы беретін лицезия керек, кеден заңдылығының талаптарын кеден иесі бұзған жағдайда оың күші тоқтатылуы немесе жойылыуы мүмкін.
Кеден қоймасының иесі нақты міндеттемелерді орындайды және кеден қоймасы арқылы өтетін тауарларға қатысты кеден салықтары мен төлемдерін төлеу бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады.
Кеден қоймасында кеден органы беретін тауарлар тізімінен басқа кез - келген тауарлар сақталыуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz