Кедентранссервис уақытша сақтау қоймасында кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың теориялық және құқықтық негіздері


Мазмүны
Кіріспе . . . … . . .
1. «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың теориялық және құқықтық негіздері . . .
1. 1. Қазақстан Республикасы кеден саласын реттейтін кеден құқығының теориялық мәселелері . . .
1. 2. Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеудің негіздері . . .
2. Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында тауарларды және көлік құралдарын орналастыру және жұмысын ұйымдастыру . . .
2. 1. Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасы мекемесі және уақытша сақтау кедендік процедурасының мазмұны . . .
- Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасын құру кезінде қойылатын біліктілік талаптары . . .
3. Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуды жетілдірудің бағыттары . . .
- Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасы жұмысын ұйымдастыру жетілдіру . . .
3. 2. Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуді ұйымдастыру жетілдіру . . .
Қорытынды. . . . . …
Қолданылған Әдебиет тізімі
Кіріспе
«Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуді ұйымдастыру (Қарағанды облысының материалдары мысалында) атты дипломдық тақырыптың өзектілігі бііздің ойымызша төмендегідей негіздермен белгіленеді. Кедендік төлемдердің бюджетке құйылуын қамтамасыз ету мақсатында және кеден органдарының қаражаттық техникалық базасын және әлеуметтік аймағын қамтамасыз ету мақсатында 11 желтоқсан 1997 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі “мемлекеттік республикалық “Кедентранссервис” кәсіпорынын құру туралы” қаулысын қабылдады.
Аталған кәсіпорын өзінің қызметінде кедендік көлік құралдарын және тауарларды алып жүру кезінде шаруашылық құқығын жүргізу мақсатын шешу үшін құрылды. Аталған қаулыда «Кедентранссервис» мемлекттік басқару органы, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі мемлекеттік меншік субъектісі құқығы ретінде болды. Бірақ 26 маусым 1999 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа «Кедентранссервис» мемлекеттік басқару органын қайта құру туралы» басқа қаулыны шығарды. Бұл уақытша сақтау қоймасын модернизациялау және кеңейту, инвестицияларды тарту мақсатында, шекаралық, автокөлік, темір жолдарын және басқа да өткізу бекеттерін халықаралық стандартқа сәйкестендіру, кеден айналасының инфраструктуралық базасын дамыту, кедендік рәсімдеуді есепке алу және басқада іс-әрекеттерді компьютерлендіру және автоматизациялау үшін жасалды.
Аталған қаулыға байланысты «Кедентранссервис» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен жабық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. «Кедентранссервис» АҚ негізгі қызмет түрі болып жүктерді терминалдық қайта өңдеп, көлік қызмет түрін нарықта ұсынады. 6 жыл нарықтық қатынастағы жағдайда жұмыс атқарған компания жүктерді терминалды өңдеуде, жүк алаңдарын қайта тұрғызуда, жүру жолдарын және тасымалдау механизімдерді ұстау және жөндеуде көп тәжірибе жинақтады. Терминалдық қайта өңдеудің жоғарғы көрсеткіші болып, біріншіден, инфраструктуралық кәсіпорын және, екіншіден, барлық қызмет түрлерін кешенді түрде көрсете алады.
Компанияның инфраструктуралық кәсіпорыны жүктерді қайта өңдеуді жүргізу үшін қажетті тиеу-түсіру машиналарымен және жабдықтармен, оның ішінде: крандар, пневмоходтық крантар, темір жолдың бойындағы крандармен, тиеушілермен, автокөліктермен, жартылай тіркемешілермен және тракторлармен қамтамасыз етілген. Жүктерді терминалды қайта өңдеу тек қана тиеу түсіру қызметімен ғана айналысып қоймайды, онда басқа да кешенді қызмет: жүкті сақтау, жүкті орау, құжаттарды әзірлеу және басқа қызмет түрлері көрсетіледі.
Қазіргі уақытта «Кедентранссервис» АҚ филиалдарында 19 темір жол терминалдары қызмет жасайды, олар арнаулы техникалармен және жабдықтармен, жүру жолдарымен және қоймалармен, ашық, жабық арнаулы алаңдармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта «Кедентранссервис» АҚ Қазақстан қалаларында 15 уақытша сақтау қоймасы және 16 кедендік рәсімдеу бөлімшелері бар. «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймалары негізінен кеден заңдары тәртібіне сәйкес жүк терминалдарында орналасып, әр түрлі жүктерді қайта өңдеу үшін барлық техника комплексі орналасқан.
Уақытша сақтау қоймасында жүктерді уақытша сақтау, тауарды және көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізу үішін кешенді қызмет жұмыс істейді. «Кедентранссервис» Акционерлік қоғамында кедендік брокер қызметін атқару үшін мемлекеттік лицензиясы бар. Кедендік қызметте жүктерді терминалды қайта өңдеу және экспедрлеу үшін клиенттерге кешенді қызмет көрсетіледі.
«Кедентранссервис» арқылы клиент жүктің жүру жолдарында жолда алып жүру үшін төлемдерді төлей алады, жүктерді ашық алаңдарда, жабық қоймаларда сақтауды қамтамасыз етеді. Жүктерді жеткізіп беру жүк жіберушінің келісілген графигі бойынша жүргізіледі.
«Кедентранссервис» АҚ-да, маршруттарды дайындау, көлік құралдарын келісіммен бөлу және жүк жіберушіні жүктің келгені немесе оны жөнелтілгені туралы хабарлауды және басқа да жағдайларды тиімді пайдалану үшін диспечерлік бақылау орналасқан. «Кедентранссервис» АҚ жүктерді жеткізіп беру үшін автокөлік құралдары және орта тоннаждыдан үлкен тоннажды контейнерлер бар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасы мекемесі және уақытша сақтау кедендік процедурасының нормативті-құқықтық негізідері; Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында тауарларды және көлік құралдарын орналастыру және жұмысын ұйымдастыру, сол сияқты «Кедентранссервисте» уақытша сақтау қоймасының жұмысын жетілдіру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәніне уақытша сақтау қоймасының тәртібі және жағдайы, құрылыс және санитарлық нормалары және тәртіптері; Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында жүктерді жіберу және беру сұрақтарын дамыту; Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервис» АҚ уақытша сақтау қоймасында тауарларды орналастыру және тауарды сақтау проблемаларын жақсарту және сол сияқты Қарағанды облысының материалдары мысалында «Кедентранссервисінде» тауарды және көлік құралдарын сақтау, орналастыру жағдайында кеден органдарының қызметін жетілдіру сұрақтарына жауаптар берілген.
1. «Кедентранссервис» уақытша сақтау қоймасында кедендік бақылаумен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың теориялық және құқықтық негіздері
1. 1. Қазақстан Республикасы кеден саласын реттейтін кеден құқығының теориялық мәселелері
Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қорғаныс және т. б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды. Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Олар өз ішінен негізгі және кешендік болып бөлінеді. Қазақстандық құқық салаларының ішінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық басқа да құқық салаларының орны ешқандай күдік туғызбайды. Жаңа құқық салаларының пайда болуы қоғам қажеттілігінен туындайды. Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа мазмұн берді. Оның бірі - арнайы өкілді органдары бар белгілі бір заңдылық негізі бар кеден саясаты. Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда болды. Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік реттеуде мүлт кетекен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оны ғылыми зерттеу жағдайында осы саланың бір институты ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ әкімшілік пәні менен әдістері кеден саласының кейбір мәселелерін қамтыған. Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бірнеше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтері мен баждары туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, Үкіметтік шешімдерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларымен сәйкес келетін 1991 ж. 12 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Кеден Комитетін құру туралы” Президент жарлығын айтуға болады. Келесі кеден саласындағы маңызды қадам “Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы” 1995 ж. 20 шілдедегі Заң күші бар Президент Жарлығы- 1999 ж. 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімізше, кеден құқық институттарының жиынтығы, «кедендік әкімшілік ету” ұғымын білдіреді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауар мен көлік құралдарын өткізу үшін алынатын кедендік төлемдер мен салықтарды құқықтық реттеудің теориялық аспектілерін қарастырғанда келесі мәселелерге тоқтаған дұрыс. Қазақстандық кеден заңдылығы құрылымы бойынша әр түрлілік сипатқа ие болып, халықаралық кеден құқығы нормаларына, конституциялық, әкімшілік қылмыс, қаржы, салық, қылмыс-процессуалдық құқық салаларына сүйенеді. Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері қабылдануда. Кеден мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден, салық, муниципалды және т. б. құқық салалары сияқты әкімшілік құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы ролін атқарып, олардың нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқық салаларына бөлінуін қолдауда деп атап көрсетеді. Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан құқығының жаңа, кешенді салаларының пайда болуын қоғамдық және мемлекеттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті деңгейде дамуымен байланыстыруға болады.
С. Т. Әлібековтің пікірінше, Қазақстанда кеден саласының жаңадан енгізілуіне орай және сол кезеңнің заңдарына сәйкес, кеден органдарының қызметінің жүзеге асуына байланысты кедендік құқық өзінің қалыптасқан уақытынан бастап, өз алдына дербес тіршілік етуге ұмтылды. Біз көрсетіп отырған кеден құқығының құқықтық реттеу пәні құқықтық қатынастарды реттеу үшін қабылданған, ол заңды бекітілген, кешенді сипаттағы нормаға ие. Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қазақстан үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестікке ұмтылды.
Ю. А. Тихомиров сияқты бірқатар ғалымдар кедендік реттеуді әкімшілік құқық институты ретінде қарастырды. Әйтседе, ол, бір жағынан: “… жоғарыда аталған мемелекеттік және қоғамдық өмір салаларын тек қана мемлекеттік басқарудың өзінде ғана қарастыруға болмайтындықтан, жалпы және ерекше бөлімдердің мазмұны мен арақатынасын жаңаша түсіну алды тұрған мәселе. Оларда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу бастамалары күшейіп келеді, ” - дейді. Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастан-ақ қазіргі кеден ісі тәрізді меммелкеттік монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға болады. Дегенмен әкімшілік жауапкершілік қызметтің қазынагерлік сипатқа тән кейбір мәселелері әйтсе де жеке топқа бөлінді және соңында кодификацияланған актіге енгізілді. Кеден саласындағы қылмыс, тергеу органдарының қызметі, жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығы, процессуалдық әрекеттеуді анықтау қылмыстық құқық пен қылмыстық-процессуальдық құқықтың құқықтық реттеу пәніне кірді және кеден органдарының құқық қорғау қызметіне жатады.
Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін белгілеу, кеден төлемдері мен салықтарын есептеу мен төлету (өндіріп алу) ережелерінің қаржылық және салықтық құқықтық пәндеріне арақатынасы бар және кеден органдарының қазынагерлік сипаттағы қызметіне жатады. Кеден органдары жұмысшылары қызметінің құқықтық негізін еңбек құқығының негізгі ережелері мен еңбек туралы заңдар құрайды. М. А. Сарсембаев пен К. С. Мәуленов кедендік және сыртқы экономикалық қызметтің өзара байланысын көрсете отырып, кедендік реттеуді Қазақстанның сыртқы экономикалық құқығының контекстінде қарастырады. Кеден құқығының пәнін бөліп көрсете отырып, оған кеден ісінің барлық мәселелерін: кеден ісін ұйымдастыруды; тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізуді; тауарлардың кеден режимін; кеден төлемдері мен салықтарын; кедендік рәсімдеуді; кедендік бақылауды; валюталық бақылауды;
кедендік статистиканы және сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын жүргізуді (СЭҚ ТН) ; тергеу мен жедел іздестіру қызметін; кеден ережелерін бұзу мен жауапкершілікті; кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының құқықтық статусын; олардың жауапкершілігін; арнайы және қосымша ережелерді енгізу керек.
Жоғарыда аталған мәселелерге кеден саясатын, оның мақсаттары мен құралдарын қоса және Қазақстан ынтымақтастығының халықаралық құқықтық аспектілерін қосу қажет. Сонымен бірге кеден құқығы саласы толығымен мемлекеттің кеден қызметімен немесе кеден саласы толығымен мемлекеттің кеден қызметімен немесе кеден саласы қызметімен үйлеседі. “Кеден құқығымен реттелетін барлық қоғамдық қатынастардың басты ерекшелігі олардың біртекті еместігінде және онымен қатарлардың кешенділігінде, өзара байланыстылығында”- дейді М. А. Сәрсембаев. Б. Н. Габричидзе кеден құқығындағы құқықтық реттеуге байланысты “басқа қоғамдық қатынастардан қарағанда кедендік және басқа да атқарушы биліктің басқарушысы және ұйымдастырушылық қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар басым рольде болады” - деп жазады. Кеден құқығы заңмен айқындалған құқықтық реттеудің өзіндік мәселелеріне ие. М. А. Сәрсембаев кеден құқығының пәні туралы: “Конституциялық, әкімшілік, қаржы, қылмыстық, салықтық заңдылықтар нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың топтары кеден құқығын реттейтін пәннің жиынтығын құрайды, ” - деп баса айтады. Кеден құқығы пәніне К. К. Сандровский берген анықтама өзіне көңіл аудартады: “Кеден құқығына сәйкес мемлекет бекіткен режимге және жалпы кеден саясатын жүргізуге байланысты пайда болған қоғамдық қатынастар осындай пән болып табылады. Бұл аймақта 1964 жылғы КСРО Кеден кодексінің ережелеріне негізделген анықтамалардың бірі болды”. Кеден құқығындағы құқықтық реттеу әдістері қоғамдық қатынас салаларында қолданылатын мемлекеттік билік органдарының қызметі мен басқару өкілеттілігін жүзеге асырумен байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: ерік беру (руқсат беру) ; тыйым салу (шектеу) ; міндет жүктеу. Кедендік материалдық әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл үш топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
Сонымен қатар ол негізінен жария құқыққа жататын және орталықтанған реттеу басымдылық танытатын (әкімшілік құқық, қаржылық және т. б. ) салалық әдістерде үш тәсілден міндеттеу мен тыйым салу көбірек көрінетін, ал негізінен жеке құқыққа жататын диспозитивті бастаманы білдіретін салалық әдістерде рұқсат етудің басым болатынын атап өтеді (азаматтық құқық, отбасы құқығы, еңбек құқығы) .
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауар мен көлік құралдарын өткізу үшін алынатын кедендік төлемдер мен салықтарды құқықтық реттеудің теориялық аспектілерін қарастырғанда кеден құқығында құқықтық реттеу тәсілдерінен рұқсат ету тәсілі әкімшілік құқық немесе жария құқықтың басқа да, әсіресе құқық салаларымен салыстырғанда көбірек көрініс тапқан. “Заңдық реттеудің негізгі типтік әдістердің комбинациясы тек қана осы кешенді салаға тән екендігін” айта отырып В. Н. Протасовтың нені меңзегені белгілі.
Бұл тәсілдің Қазақстан Республикасы кеден құқығында да көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады: тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелу және әкету құқығы; белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы; кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы; кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б. кедендік құқықты құқытың кешенді дербес саласы ретінде қарастыра отырып, Б. Н. Габричидзе былай дейді: “Бір құқықтық саласының басқа құқық саласынан немесе бірнеше құқық салаларынан бөлініп шығуы жалпылай алғанда объективті сипатта болады. Осыған байланысты құқықтық реттеудің пәні де үнемі өзгеріп және жаңарып отырады”. Сонымен қатар Б. Н. Габричидзе құқықтық реттеу әдісі мен тәсілдердің жиынтығына қарай келіп: “… аталған қатынастар тобын немесе бірнеше топтар жиынтығын реттеу үшін оларға тән құқықтық реттеудің әдістері мен тәсілдері қолданылады”, - деп атап өтеді.
Реттелетін қатынастардың әрқайсысында қолданылатын тәсілге байланысты біржақты деуге болмайды. Біздің пайымдауымызша, оларды қатынастар тобының ішінде аралас пайдалануға да болады. Оны бүгінгі күні қолданып жүрген құқық та қарастырады. Мысалға, кеден құқығының тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизімдері мен қағидалар институты арқылы онда құқықтық реттеудің үш тәсілінің де қолданылатынын көруге болады. Кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалар және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды. Өз кезегінде кеден құқығының заңдық нормалары құқықтық категорияларға, институттарға біріктіріліп, кеден ісінде қолданылатын түсініктер ретінде берілуі мүмкін. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған. Оның себебін құқықтық нормалардың жалпы және арнайы немесе процессуалдық және материалдық сипатымен түсіндіруге болады. Процессуалдық нормалар мазмұны бойынша құқықтарын жүзеге асыру және міндеттер атқару процедурасын, тәртібін бекітетін болады, материалдық нормалар өз кезегінде кедендік қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтап береді.
Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады. Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттің кедендік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық-ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады. Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизімдері мен қағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды, жауапкершілікті, соылармен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне шағым келтіру секілді процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалармен анықталған ұғымдарды қамтиды. Осы жерде атап айтатын мәселе ерекше бөлімді процессуалды нормалар да кездеседі және осы критерий бойынша бөлу шартты болып келеді.
Кеден құқығының негізіне кеден аясының қызметі мен мәніне жауап бере алатын ғана қағидаларды жатқызуға болады. М. А. Сәрсембаев Қазақстан кеден құқығының қағидаларына келесі үш қағиданы жатықызады: а) кеден қызметін жан-жақты реттеу; б) кеден қызметін заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру; в) кеден ісі бойынша сұрақтарды халықаралық-құқықтық реттеу және шетелдермен қарым-қатынас тәжірибелерін ескере отырып шешу.
Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауар мен көлік құралдарын өткізу үшін алынатын кедендік төлемдер мен салықтарды құқықтық реттеудің теориялық аспектілерін қарастырғанда келесі мәселелерге тоқтаған дұрыс. Заңдылық, демократизм секілді басқа құқық салаларына жжататын қағидалардың бар екендігін ескере отырып, сонымен қатар кеден құқығына тиесілі кедендік саясатты қамтамасыз етумен, халықаралық шарттардың басымдылығы секілді қағидалармен толықтыруға болады. Заңдылық қағидасы кеден ісін жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, сонымен бірге кеден органдарына жүктелген кеден ісі бойынша заңда қамтамасыз етуден көрінеді. Демократизм кеден құқығының қағидасы ретінде кеден органдарының мақсаттарында көрсетілген әр адамның тауарларды әкелу және шетке шығару бостандығынан, кез келген кедендік режимді таңдауынан, кеден органы мен оның лауазымды тұлғасының әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағымдана алуынан, кеңес алу және ақпарат алу құқығының болуымен ашылады. Халықаралық шарттардың басымдылығы қағида ретінде олардың ішкі кеден құқығы нормаларының басымдылығынан көрініс табады. Кеден саясатын қамтамасыз ету қағидасы кеден ісі ұйымдастырылатын мақсат және мазмұнмен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz