Тауарлардың кедендік құнын айқындау
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 Тарау 1. Тауарлардың
кедендік құнын айқындау.
1.1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін
тауарлардың кедендік құнын
айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері ... ... ...
6
1.3. Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. .. 15
Тарау 2. Кедендік құнды айқындау мен бақылаудың
нормативті-құқықтық базасы
2.1. Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртiбi туралы ...
21
2.2. Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртiбi туралы ... ... ..
35
2.3. Кеден одағының кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын
бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы
келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 42
Тарау 3. Кедендік төлемдерді төлеу тәртібі
3.1. Кеден ісі саласында төлемдер мен салықтардық
экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. 44
3.2. Кедендік төлемдерді төлеуін қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
Тарау 4. Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін жоғарлату
бойынша кедендік әкімшіліктендіру деңгейін талдау.
4.1. Тауарлардың кедендік құнын
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
4.2. Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 65
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 67
Кіріспе
Тауардың кедендiк құны - Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қызметiн мемлекеттiк реттеудiң өзге шараларын қолдану мақсатында
пайдаланылатын құны. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс
әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны экспортқа сату кезiнде нақты төленген
немесе төленуге тиiстi мәмiле бағасының негiзiнде айқындалады.Әкелiнетiн
тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендiк құнын
айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тiзiп көрсетiлген
әдiстердiң әрқайсысы бiрiнен кейiн бiрi қолданылады. Бұл ретте, егер
алдыңғы әдiстi қолдану арқылы тауарлардың кедендiк құнын айқындау мүмкiн
болмаса, онда әрбiр келесi әдiс қолданылады.
Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi
ретпен қолданылады, көзделген қолданылатын әдiстердiң қандай да бiрi
бойынша тауарлардың кедендiк құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан
Республикасының бухгалтерлiк есеп жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн
тәсiлмен әзiрленуге тиiс Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына
әкелiнетiн тауардың кедендiк құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату
кезiнде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.
Кеден органы тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім
қабылдағанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған болып
саналады. Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүргізу кезінде кеден
органы осы Келісімнің 6-бабына сәйкес қосымша тексеру жүргізу туралы шешім
қабылдауы мүмкін. Кеден органы қабылдаған шешім тауарларды
декларациялайтын тұлғаға жазбаша нысанда жеткізілуі тиіс. Егер, кеден
органы тауарларды декларациялайтын тұлғаның тауарлардың кедендік құны
туралы дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегенін анықтаса, тауарлардың
мәлімделген кедендік құнын түзету қажеттілігі туралы шешім қабылданады.
Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету
қажеттілігі туралы шешім оған қабылданған шешімнің негіздемесі және оны
орындау мерзімі болуы тиіс талапты жолдау жолымен тауарларды
декларациялайтын тұлғаға жеткізіледі. Мәмiле бағасы болмаған кезде,
әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны әкетiлетiн тауарды өндiруге немесе
сатып алуға, сақтау мен тасымалдауға байланысты шығындар туралы
экспорттаушы-сатушының бухгалтерлiк құжаттамасының декларант берген үзiндi
көшiрмесi негiзге алынып айқындалады. Бұл ретте, тiзiп көрсетiлген шығыстар
да ескерiледi.
Әкетiлетiн тауардың мәлiмделген кедендiк құнын растайтын мәлiметтер
болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендiк құны кеден органында бар бiрдей
немесе бiртектес тауарлар бойынша мәлiметтер, соның iшiнде тәуелсiз
сараптаманың нәтижелерi пайдаланыла отырып берiлген ақпарат негiзiнде
айқындалады.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың
кедендiк құнын айқындау:
1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
2) бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
4) құнды шегеру;
5) құнды қосу;
6) резервтiк әдiстердi қолдану жолымен жүргiзiледi.
Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс
тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.

болмаса, онда әрбiр келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша
құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады, көзделген
қолданылатын әдiстердiң қандай да бiрi бойынша тауарлардың кедендiк құнын
айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн тәсiлмен әзiрленуге тиiс. Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауардың кедендiк құны
Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезiнде оған нақты төленген немесе
төленуге тиiстi баға болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты тауарлардың кедендік құны мен оларды анықтау
әдістеріне талдау жүргізу.
Диплом жұмысын орындауда келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың
кедендік құнын айқындау.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері.
3. Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу шарты.
4. Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртiбi туралы.
5. Кеден құнын түзетудiң нысандарын толтыру тәртiбi туралы.
6. Кеден одағының кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын бақылауды
жүзеге асыру тәртібі туралы келісімі.
7. Кеден ісі саласында төлемдер мен салықтардық экономикалық мәні
8. Кедендік төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету.
9. Тауарлардың кедендік құнын бақылау.
10. Тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін жетілдіру жолдары
Тарау 1. Тауарлардың кедендік құнын айқындау.
1.1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың
кедендік құнын айқындау.
Тауардың кедендiк құны - тауардың Қазақстан Республикасының шекарасы
арқылы өткiзiлетiн, осы тарауға сәйкес айқындалатын, мынадай мақсаттарда:
1) тауарға кедендiк төлемдердi және салықтарды салу;
2)Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнмемлекеттiк
реттеудiң өзге шараларын қолдану мақсатында пайдаланылатын құны.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс

немесе төленуге тиiстi мәмiле бағасының негiзiнде айқындалады. Тауардың
кедендiк құнын айқындау кезiнде мәмiле бағасына, егер олар бұрын
енгiзiлмеген болса, мынадай шығыстар:
тауарды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кедендiк
аумағынан әкететiн өзге орынға дейiн жеткiзу бойынша шығыстар:
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсiру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша
шығыстар;
сақтандыру құны;
сатушы шеккен шығыстар;
комиссиялық және брокерлiк сыйақылар;
егер сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес олар
бағаланатын тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралса, контейнерлердiң
немесе айналымға көп түсетiн басқа да ыдыстардың құны буып-түю
материалдары мен буып-түю жөнiндегi жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-
түю құны сатушы бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретiнде тiкелей
немесе жанама түрде төлеуге тиiстi, бағаланатын тауарларға байланысты
лицензия бергенi үшiн роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар
нақты төленген немесе төленуге тиiстi бағаға қосылмаған болса;
кейiннен қайта сатудан сатушыға тiкелей немесе жанама түрде түсетiн
кiрiстiң бiр бөлiгi, оның iшiнде жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекеттерде
алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын
кiрiс Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында алынатын салықтар,
егер Қазақстан Республикасының салық заңдарына немесе Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес олар
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тауарларды әкетуге байланысты
сатушыға өтемге жатпаса, енгiзiледi.
Тауардың кедендiк құнын айқындау кезiнде, олар бұрын мәмiле құнына
енгiзiлген және құжатпен расталуы мүмкiн жағдайда, мынадай төлемдер мен
шығыстар:
жабдықтарды монтаждау, жинау, ретке келтiру немесе мұндай
жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкеткеннен кейiнгi
техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар;
тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкеткеннен
кейiн оларды жеткiзу бойынша шығыстар;

кейiн оларды жеткiзудi сақтандыру құны;
импорт елiнде төленетiн кедендiк баждар мен салықтар мәмiле
бағасынан алып тасталады.
Мәмiле бағасы болмаған кезде, әкетiлетiн тауарлардың кедендiк құны
әкетiлетiн тауарды өндiруге немесе сатып алуға, сақтау мен тасымалдауға
байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлiк
құжаттамасының декларант берген үзiндi көшiрмесi негiзге алынып
айқындалады. Бұл ретте, тiзiп көрсетiлген шығыстар да ескерiледi.

Кеден iсi саласындағы қылмыстық iстердi және әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi қарау кезiнде кедендiк шекара арқылы
тауарларды заңсыз өткiзуден болатын кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша
залалды белгiлеу максатында тауарлардың кедендiк құнын айқындау
Қазақстан Рсспубликасының заннамасы нда белгiленген тәртiппен сарапшыларды
тарта отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы осы
Кодексте белгiленген талаптар мен ш арттарды бұза отырып өткiзiлген
тауарларға қатысты және кедендiк төлемдер мен салықтар төленбеген
тауарларға қатысты өсiмпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендiк
төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күнi, ал егер де мұндай
күндi анықтау мүмкiн болмаса, кеден органдары осындай тауарларды анықтаған
күнi қолданылатын ставкалар негiзге алына отырып есептеледi.
Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы,
мөлшерi, шығарылған елi туралы нақты мәлiметтердi ұсынбауға байланысты
кедендiк төлемдер мен салықтардың сомаларын анықтау мүмкiн болмаған кезде
кедендiк төлемдер мен салықтардың сомасы кедендiк төлемдер мен салықтардың
ставкаларының анағұрлым көп шамасының, тауардың мөлшерi мен шығарылған
елiнiң негiзiнде анықталады.
1.2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері.

кедендiк құны Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң және Тарифтер мен
сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң VII бабын қолдану жөнiндегi келiсiмнiң
кедендiк бағалауының жалпы принциптерiне негiзделедi.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк
құнын айқындау:

жүргiзу принциптерiне сәйкес келетiн тәсiлмен әзiрленуге тиiс .
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауардың
кедендiк құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезiнде оған нақты
төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.
Тауардың кедендiк құнын айқындау кезiнде мәмiле бағасына, егер олар
бұрын енгiзiлмеген болса, мынадай шығыстар:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе тауарды Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағына әкелетiн өзге орынға дейiн жеткiзу бойынша шығыстар:

2) сақтандыру құны;
3) сатып алушы шеккен шығыстар;
тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық сыйақыны қоспағанда,
комиссиялық және брокерлiк сыйақылар;
егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес олар

немесе айналымға көп түсетiн басқа да ыдыстардың құны;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөнiндегi жұмыстардың құнын қоса
алғанда, буып-түю құны;
ағаланатын тауарларды әкетуге арнап өндiруге және сатуға байланысты
пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған бағамен сатып алушы сатушыға
тiкелей немесе жанама түрде берген мынадай тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер):
бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар,
материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар мен басқа да жинақтаушы
бұйымдар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал-саймандар,
штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар
материалдар, отын және басқалар);
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және
бағаланатын тауарлар өндiру үшiн тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар,
тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен
сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
сатып алушы бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретiнде тiкелей

бағаланатын тауарларды кез келген кейiннен қайта сатудан, беруден
немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама кiрiсi бөлiгiнiң шамасы
енгiзiледi.
Iс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс мәмiле бағасына осы
тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған шығыстар енгiзiлмейдi.
Атауы әр түрлi тауарларды бiр лекпен жеткiзген кезде, әрбiр
әкелiнген тауардың кедендiк құнына енгiзiлуге тиiстi және тауарлардың
барлық тобы үшiн айқындалған шығыстарды айқындау әрбiр тауардың құнының
тауарлар легiнiң құнына қатысымен айқындалатын шамаға барабар түрде жүзеге
асырылады.
Тауардың кедендiк құнын айқындау кезiнде мына төлемдер және
шығыстар:
жабдықтарды монтаждауға, жинауға, ретке келтiруге немесе мұндай
жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелгеннен кейiн
техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды;
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелгеннен
кейiн жеткiзу бойынша шығыстарды;
импорт елiнде төленетiн кеден баждарын және салықтарды импортталатын
тауарлар үшiн нақты төленген және төленуге тиiстi бағасынан бөлiп алынған
жағдайда кедендiк құнға енгiзуге болмайды.
Егер:
1) сатып алушының бағаланатын тауарларға иелiк ету немесе пайдалану
құқығына қатысты:
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген шектеулердi;
тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерiн;
тауар құнына елеулi әсер етпейтiн шектеулердi қоспағанда, шектеулер
болса;
2) сатып алу-сату белгiлерi жоқ мәмiлелер бойынша:
өтеусiз;
Қазақстан Республикасында сату үшiн, меншiк құқығын импорттаушыға
ауыстырмай тауарлар берудi көздейтiн консигнация жағдайларымен;
шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағындағы өз
филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) мекенжайына;
мүлiктiк жалдау (лизинг) шарттары бойынша;
уақытша болу мақсатында;
тауарды коммерциялық емес кәдеге жарату мақсатында өндiрiс қалдықтары
ретiнде;
кепiлдiк мерзiм белгiленген, тиiсiнше сапалы емес тауарларды
(жинақтаушы бұйымдарды) ауыстыру мақсатында;
өзге де мәмiлелер бойынша Қазақстан Республикасына тауарлар беру
жүзеге асырылса;
сату немесе мәмiле бағасы әсер етуiн есептеп шығару мүмкiн емес
жағдайлардың сақталуына қатысты болса, онда мәмiле бағасы:
айырбас шарты;
толлингтiк операцияларды көздейтiн шарттар;
өзара келiсiм-шарт жасасу шарттары;
шарттардың өзге түрлерi бойынша кедендiк құнды айқындау үшiн жарамды
болып табылмайды;
кедендiк құнды мәлiмдеген кезде декларант пайдаланған деректер
құжатпен расталмаса не сан жағынан айқындалатын және дұрыс болып табылмаса;
мәмiлеге қатысушылар өзара байланысты тұлғалар болып табылса және
мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кедендiк құнды анықтау
үшiн негiз ретiнде жарамды болып табылмаса, әкелiнетiн тауарлармен
жасалатын мәмiленiң бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау
үшiн пайдаланылмайды. Бұл ретте мынадай белгiлердiң бiрiне сай тұлғалар:
мәмiлеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң
лауазымды адамы бiр мезгiлде мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы
болып табылатын;
мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болып
табылатын;
мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болатын;
қандайда бiр тұлға әрбiр мәмiлеге қатысушының айналымында жүрген
дауыс берушi акциялардың немесе әрбiр мәмiлеге қатысушылардың жарғылық
капиталындағы салымдардың (пайлардың) бес немесе одан да көп проценттерiн
тiкелей немесе жанама иеленетiн не олар бақылауында болатын;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамның тiкелей немесе жанама бақылауында
болатын;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама
түрде бақылайтын;
мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмiлеге басқа қатысушының тiкелей
немесе жанама бақылауында болатын;
мәмiлеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туыстар
болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тұлғалар деп түсiнiледi.
Әрқайсысында басқасының айрықша құқықтары бар агенттер, дилерлер,
дистрибьютерлер болып табылатын сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары,
егер олар осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында айқындалған белгiлердiң
бiрiне сай келсе, өзара байланысты болып есептеледi.
Мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық фактiсi мәмiле
бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай
жағдайда, кеден органы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн мән-жайды зерделеуi тиiс
және егер өзара байланыстылық бағаға әсер етпеген болса, оның бағасы
тауардың кедендiк құнын айқындау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Кеден органында мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы
тауардың бағасына әсер еттi деген негiз туындаған жағдайда, декларантқа
тұлғалардың өзара байланыстылығы тауардың бағасына әсер етпегенiн растайтын
қосымша қажеттi ақпарат беру мүмкiндiгi туралы ұсыным (декларанттың қалауы
бойынша жазбаша нысанда) берiледi.
Егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген:
1) Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара байланысты болып
табылмайтын қатысушылар арасындағы бiрдей немесе бiртектес тауарлармен
мәмiле бойынша құнның
2) бiрдей немесе бiртектес тауарлардың құнды шегеру әдiсi бойынша
айқындалған кедендiк құнының
3) бiрдей немесе бiртектес тауарлардың құнды қосу әдiсi бойынша
айқындалған кедендiк құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе,
декларанттың бастамасы бойынша тауардың кедендiк құнын айқындау негiзiне
мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар:
1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
2) санындағы;
3) осы тiзiп көрсетiлген элементтердегi (шығыстардағы);
4) егер сатушы өзара байланысты тұлғамен мәмiле жасаған кезде мұндай
шығындарды шығармаса, өзара байланысты емес тұлғалар арасындағы мәмiле
кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығындарындағы айырмашылықтар ескерiле
отырып түзетiледi.
Салыстыру үшiн декларант берген бiрдей немесе бiртектес тауарлардың
бағасы тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн мәмiле бойынша бағаның
орнына пайдаланылмайды.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына өзiнде ақпарат жазылған
ақпарат тасығыштарды (магниттi дискiлер, магниттi таспалар, компакт-
дискiлер, флоппи-дискiлер және басқалар) әкелген кезде кедендiк құнға,
мәмiленiң нысанасы көрсетiлген тасығыштарда жазылған ақпарат болып
табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана
қосылады. Бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн
пайдаланған кезде осы бапта көрсетiлген шарттар сақталған кездегi, тауардың
кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, бiрдей тауарлармен жасалатын
мәмiле бағасы қолданылады.
Бағаланатын тауарлармен бiркелкi, соның iшiнде мынадай белгiлерi:
физикалық сипаттамалары;
рыноктағы сапасы мен танымдылығы бойынша бiркелкi тауарлар бiрдей
тауарлар деп түсiнiледi.
Осы баптың негiзiнде кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлген елде өндiрiлмеген
болса, бағаланатын тауарлармен бiрдей деп есептелмейдi;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген
тауарлар бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген бiрдей тауарлар
болмаған жағдайда, назарға алынады;
3) егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-
конструкторлық жұмыстарды, олардың көркемдiк безендiрiлуiн, дизайнын,
нобайларын немесе сызбаларын:
сатып алушы сатушыға оны өндiруге және Қазақстан Республикасына
экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны
бойынша берген болса;
олар Қазақстан Республикасында шығарылған, соған байланысты құны осы
тармақшасы бесiншi абзацының негiзiнде тауарлардың кедендiк құнына
енгiзiлмеген болса, тауарлар бiрдей деп саналмайды.
Егер тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, сыртқы түрiндегi
болымсыз өзгешелiктер оларды бiрдей тауарлар ретiнде қараудан бас тарту
үшiн негiз болып табылмайды.
Егер бұл тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
2) бағаланатын тауарлармен бiр уақытта әкелiнсе немесе бағаланатын
тауарлар әкелiнгенге дейiн күнтiзбелiк тоқсан күннен ерте әкелiнбесе;
3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме,
бөлшек саудада) әкелiнсе, бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы
кедендiк құнды айқындау үшiн негiз ретiнде алынады.
Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде
(көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және өзге
коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнген бiрдей
тауарлардың осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетiле отырып, құны
пайдаланылуы мүмкiн.
Егер бiрдей тауарлар үшiн және тармақшаларында көрсетiлген
шығыстардың құны арақашықтық пен көлiк түрлерiнiң айырмашылығы себептi
бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай
ерекшеленетiн болса, бiрдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша
айқындалатын кедендiк құн тиiстi түрде түзетiлуге тиiс.
тармақтарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған
мәлiметтер негiзiнде жүргiзiлуге тиiс.
Егер осы әдiстi қолданған кезде бiрдей тауарлар бойынша мәмiленiң
бiреуден көп бағасы анықталса, онда әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын
айқындау үшiн олардың ең төменi қолданылады.
Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн
пайдаланған кезде, осы бапта көрсетiлген шарттар сақталған кезде, тауардың
кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, әкелiнетiн тауарлармен
бiртектес тауарлар бойынша мәмiле бағасы қолданылады.
Бiрдей болмаса да, бағаланатын тауарлардың функциясын атқаруға және
коммерциялық тұрғыда өзара алмастыруға мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамасы
бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар бiртектес деп түсiнiледi.
Тауарлардың бiртектестiгiн айқындау кезiнде олардың мынадай
белгiлерi:
сапасы, тауар таңбасының болуы;
рыноктағы танымдылығы ескерiледi.
Егер тауарлар осы баптың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы
түрiндегi болмашы өзгешелiктер мұндай тауарларды бiртектес деп қараудан бас
тарту үшiн негiз болмайды.

бөлшек саудада) әкелiнсе, бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiленiң бағасы

Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме,
бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және өзге
коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнген бiртектес
тауарлардың құны осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетiле отырып
пайдаланылуы мүмкiн.
Егер, бiртектес тауарлар үшiн тармақшаларында көрсетiлген шығыстардың
құны, арақашықтық пен көлiк түрлерiнiң айырмашылығына байланысты,
бағаланатын тауарлардың осындай шығыстарының құнынан айтарлықтай
ерекшеленетiн болса, бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша

Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлетiн елде өндiрiлмесе,
бағаланатын тауарлармен бiртектес болып саналмайды;
бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар
бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген бiртектес тауарлар болмаған
жағдайда назарға алынады;
егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-

нобайлары мен сызбаларын:

олар Қазақстан Республикасында орындалып, соған байланысты
тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде тауарлардың кедендiк құнына
енгiзiлмеген болса, тауарлар бiртектi деп саналмайды.
баптарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған
мәлiметтер негiзiнде жүргiзiлуге тиiс.
Егер осы әдiстi қолданған кезде бiртектес тауарлар бойынша мәмiленiң

айқындау үшiн олардың ең төменгiсi қолданылады. Егер бағаланатын бiрдей
немесе бiртектес тауарлар ең алдымен бастапқы қалпы өзгертiлмей сатылатын
болса, мұндай жағдайда құнды шегеру негiзiнде бағалау әдiсi бойынша
тауардың кедендiк құнын айқындау жүргiзiледi.
Тауардың кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде құнды шегеру
әдiсiн пайдаланған кезде бағаланатын бiрдей немесе бiртектес тауарлар
сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға бағаланатын
тауарлар импортымен бiр уақытта ең көп жиынтық мөлшерiнде сатылатын тауар
бiрлiгiнiң бағасы қолданылады.
Бұл ретте, сату бағаланатын тауарларды әкелумен бiр уақытта, ал
мұндай мерзiмдерде сату болмаған кезде - бағаланатын тауарлар әкелiнгеннен
кейiн неғұрлым жақын күнде, бiрақ бағаланатын тауарларды әкелген кезден
бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен кешiктiрмей жүзеге асырылуға тиiс.
Тауар бiрлiгiнiң бағасынан:
төленетiн немесе төлеуге келiсiлген комиссиялық сыйақылар немесе
әкелiнетiн тауарлардың сол класын немесе түрiн Қазақстан Республикасында
сатуға байланысты пайда табу және жалпы шығыстарды жабу мақсатында
есептелетiн үстеме;
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге және сатуға
байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиiстi әкелу бажы, салықтар
және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы;
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға,
сақтандыруға, тиеу және түсiру жұмыстарына Қазақстан Республикасында
төленетiн шығыстар шегерiледi.
Сол кластағы немесе сондай түрдегi тауарлар дегенiмiз өнеркәсiптiң
белгiлi бiр саласында өндiрiлген тауарлардың тобына не разрядына жататын
және бiрдей немесе бiртектес тауарлар кiретiн, бiрақ олармен шектелмейтiн
тауарларды бiлдiредi.
Бағаланатын бiрдей немесе бiртектес тауарларды әкелiнген кездегiдей
қалпында сату жағдайлары болмаған кезде, декларанттың өтiнiшi бойынша,
қосылған құнды шегере отырып және тармақтарының ережелерi сақталған кезде,
қайта өңдеуден өткен тауар бiрлiгiнiң бағасы пайдаланылуы мүмкiн.
Кеден органы шетелдiк тұлғадан кедендiк құнды растау туралы ақпаратты
талап етуге құқылы емес. Бұл ретте кеден органдары тауар өндiрушiнiң
кедендiк құнды анықтау мақсатында берген ақпаратын өндiрушiнiң келiсiмiмен
және өндiрушi елдiң үкiметiне алдын ала хабарлап, оның келiсiмiн алған
жағдайда тексере алады. Құнды қосу негiзiнде бағалау әдiсiн пайдаланған
кезде тауардың кедендiк құнын айқындау үшiн негiз ретiнде:
бағаланатын тауарды өндiруге байланысты дайындаушы жұмсаған
материалдар мен шығындар құнын;
Қазақстан Республикасына беру үшiн экспорт елiнде өндiрiлген,
бағаланатын тауарлармен бiрдей кластағы немесе сондай түрдегi, тауарларды
сату кезiнде бағаға қосылатын пайда мен жалпы шығыстар сомасын;
Егер кедендiк құнды осы Кодекстiң көзделген әдiстердi бiрiнен кейiн
бiрiн қолдану арқылы айқындау мүмкiн болмаса, тауардың резервтiк әдiс
негiзiндегi кедендiк құны қолданылуы мүмкiн.
Кедендiк құнды айқындау үшiн резервтiк әдiстi қолдану кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ақпараттық
анықтамалықтарды;
2) статистикалық деректердi, жалпыға бiрдей қабылданған комиссиялық
төлемдердiң, жеңiлдiктердiң, пайданың, көлiк тарифтерiнiң мөлшерлерiн және
өзге мәлiметтердi пайдалануға жол берiледi.
Бұл ретте, бағаланатын тауарлардың коммерциялық деңгейiн (көтерме,
бөлшек саудадағы) және санын ескере отырып, деректердi тиiсiнше түзету
мiндеттi.
Тауардың кедендiк құнын айқындаудың резервтiк әдiсiн пайдалану
кезiнде кеден органдарында бар ақпарат та пайдаланылуы мүмкiн.
Ережелерiне сәйкес резервтiк әдiс бойынша кедендiк құн:
1) экспорт елiнiң iшкi рыногындағы тауар бағасы;
2) кедендiк мақсат үшiн екi баламалы құнның неғұрлым жоғарысын
пайдалануды көздейтiн жүйе;
3) экспорт елiнен үшiншi елге берiлетiн тауардың бағасы;
4) тауардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы отандық
тауарларға арналған бағасы;
5) тауардың еркiн белгiленген немесе дұрыс расталмаған құны;
6) көзделмеген шығындарды есептеу негiзiнде айқындалатын бiрдей
немесе бiртектес тауарлардың құны;
7) ең төменгi кедендiк құн негiзiнде айқындалмайды.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзiлетiн
тауарлардың кедендiк құнын декларант осы тарауға сәйкес мәлiмдейдi.
Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды кеден
органы жүзеге асырады. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде таңдалған
әдiстi қолданудың және мәлiмделген кедендiк құн құрылымының дұрыстығы
айқындалады.
Кедендiк құнның декларациясын тексерудi жүзеге асыратын кеден органы
өз бастамасы, декларанттың тапсырмасы немесе өтiнiшi бойынша аталған
декларацияға мәлiмделген кедендiк құн туралы қандай да бiр дерек жазуға,
өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзуге құқылы емес.
Жекелеген кеден режимдерiн қолдану және өзгерту кезiнде тауарлардың
кедендiк құнын айқындаудың ерекшелiктерi көзделген.
Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiптi қолдана отырып өткiзетiн
тауарлардың кедендiк құны айқындалады
1.3. Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу шарты.
Кедендiк құн жөнiндегi мәлiмделген мәлiметтердi растау үшiн
декларант жазбаша және электрондық нысанда мына құжаттарды:
Белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк құн декларациясын;
шартты және мәлiметтерi тауарлардың кедендiк құнын айқындауға әсер
етуi мүмкiн оған қосымша келiсiмдердi;
шот-фактураны (инвойс) немесе шот-проформаны (сатып алу-сату
мәмiлесiнен бөлек мәмiлелер үшiн);
егер кедендiк декларацияны беру күнiндегi мәмiле бойынша төлем
шарттарына сәйкес ол үшiн төлем толық немесе iшiнара жүзеге асырылса,
тауардың құнын растайтын төлем құжаттарын;
егер беру шарттары бойынша тасымалдау және сақтандыру жөнiндегi
шығыстарды сатып алушы жүзеге асыратын болса, көлiк және сақтандыру
құжаттарын;
тасымалдағаны үшiн шотты немесе көлiк шығыстары шот-фактураға
енгiзiлмеген, бiрақ сатып алушы шығын шеккен жағдайларда, көлiк шығыстары
туралы ресми расталған анықтаманы;
егер декларанттың жөнелтушi елдiң кедендiк декларациясының
көшiрмесiн ұсынуға мүмкiндiгi болса, оны табыс етуге тиiс.
Егер мәлiмделген кедендiк құнды растау үшiн осы баптың тармағында
көрсетiлген құжаттар жеткiлiксiз болған жағдайда, декларант бұл үшiн
қажеттi жазбаша және электрондық нысанда мына қосымша құжаттарды:
1) тауарды өткiзетiн тұлғаның құрылтай құжаттарын;
2) мәмiлеге қатысы бар үшiншi тұлғалармен жасалған келiсiм-шарттарды;
3) сатушының пайдасына үшiншi тұлғаларға жасалған төлем шотын;
4) бағаланатын тауармен мәмiлеге қатысы бар комиссиялық, брокерлiк
қызмет көрсетулер үшiн шотты;
5) сатып алушының тауар құнын растайтын бухгалтерлiк құжаттамасынан
көшiрменi;
6) лицензиялық немесе авторлық шарттарды;
7) қоймалық түбiртектердi;
8) беруге тапсырыстарды;
9) дайындаушы фирмалардың каталогтарын, айрықша тiзбелердi, баға
прейскуранттарын (прайс-парақтарын);
10) бағаланатын тауарға дайындаушы фирманың калькуляциясын;
11) кедендiк құн декларациясында мәлiмделген мәлiметтердi растау үшiн
пайдаланылуы мүмкiн өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттардың түпнұсқалары
тауарларды шығарғаннан кейiн декларантқа қайтарылуға тиiс.
Бұл ретте кедендiк ресiмдеу мақсаты үшiн аталған құжаттардың
түпнұсқасымен бiрге олардың декларант куәландырған көшiрмесi табыс етiлуге
тиiс.
Тауарлардың кедендiк құнын декларант кедендiк құн декларациясын
толтыра отырып, тауарларды декларациялау кезiнде кеден органына жазбаша
және электрондық нысанда мәлiмдейдi. Кедендiк құн декларациясын толтырудың
нысаны мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Декларант мәлiмдеген кедендiк құн және оны айқындауға қатысты ол
ұсынған мәлiметтер дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған
ақпаратқа негiзделуге тиiс.
көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк құн декларациясы еркiн
айналыс үшiн тауарларды шығару немесе тауарлар экспортының кедендiк
режимiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы өткiзiлетiн
барлық тауарларға толтырылады.
Егер:
1) бiр келiсiм-шарттың шеңберiнде әлденеше рет берудi, сондай-ақ
әртүрлi келiсiм-шарттар бойынша белгiлi бiр алушының мекен жайына белгiлi
бiр тауарды бiр жөнелтушiнiң қайталап беруiн қоспағанда, әкелiнетiн
(әкетiлетiн) тауарлар легiнiң кедендiк құны тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тоғыз жүз айлық есептiк
көрсеткiшке барабар сомадан аспаса;
2) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы жеке тұлғалар
өткiзетiн тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма мен
шарттар сақталса, кедендiк құн декларациясы толтырылмайды.
Осы көрсетiлген жағдайларда кедендiк құн кедендiк декларацияда
мәлiмделедi.
кедендiк құнды кедендiк ресiмдеу және кедендiк бақылау
барысында:
белгiленген жағдайларды қоспағанда, декларант мәлiмдеген тауарлардың
кедендiк құнын айқындау әдiсi, тауарлардың кедендiк құнының шамасы және
құрылымы оларды растау үшiн ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтiндiгi
анықталса;
кедендiк құн декларациясының нысандарында мәлiмделген кедендiк құнның
шамасына әсер еткен техникалық қателер анықталса;
тауар декларанттың пайдалануына берiлген және кеден органдарында бар
баға ақпараттарын қолдана отырып шартты түрде шығарылған болса;
тауар шығарылғаннан кейiн:
шартты шығарылған тауарға қатысты тауардың түпкiлiктi кедендiк құнын
айқындау кезiнде не шартты шығарылған тауарға қатысты кеден органы жүзеге
асырған тауардың кедендiк бағалауы қабылданған кезде декларант табыс еткен
қосымша ақпарат негiзiнде;
тауарды декларациялау кезiнде орын алған, кедендiк құнның шамасына
және құрылымына әсер еткен техникалық қателiктер анықталса;
кейiннен тексеру жүргiзу барысында анықталған кеден органында
сақталатын құжаттар пакетiн кейiннен бақылау кезiнде болсын және сыртқы
экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу кезiнде
болсын) дәйектемесiз декларациялау, оның iшiнде декларацияланатын тауар
шыққан елдiң Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасы кодының
сәйкессiздiгi табылса;
әкелiнген немесе әкетiлген тауардың саны және сапасы бойынша сыртқы
сауда шартының келiсiм-шартының талаптарынан ауытқуларына байланысты
тауарлардың нақты құнының мәлiмделген кедендiк құнына сәйкес келмеуi
анықталса;
егер, сатушы кейiннен қайта сатудан тiкелей немесе жанама түрде кiрiс
алса, оның iшiнде жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекеттерден алған кiрiсi
болса;
трансферттiк баға белгiлеуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға
байланысты мәмiленiң бағасы өзгерсе, тауарлардың кедендiк құнын түзету
жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауардың саны сәйкес келмейтiнiн растайтын құжаттар:
кедендiк төлемдер мен салық салынбайтын тауарлар бойынша
экспорттаушы импорттаушы өкiлiнiң қатысуымен, экспорттаушы импорттаушымен
келiсiлген саны жөнiндегi наразылық-талап қабылдау актiсi Қазақстан
Республикасының және кеден органының тексерiп қарау актiсi;
қалған тауарлар бойынша тәуелсiз сараптаманың қорытындысы және
кеден органының тексерiп қарау актiсi болып табылады.
Тауардың жоғалу, кем шығу, зақымдану фактiсi кедендiк құн
мәлiмделген кезге дейiн анықталған жағдайда декларант мәлiмдеген құнның шот-
фактурада көрсетiлген шамаға сәйкес келмеуi, егер мәлiмделген құнның шот-
фактурада көрсетiлгеннен жоғалған, кем шыққан, зақымданған бүлiнген тауар
мөлшерiне сәйкес шамада айырмашылығы болса, бұл кедендiк құнды түзетуге
әкеп соқпайды. Тәуелсiз сараптама қорытындысы актiсi мен кедендiк тексерiп
қарау актiсi жоғалу, кем шығу, зақымдану бүлiну фактiсiн растайтын құжаттар
болып табылады.
Мөлшерi шартта келiсiлген франшиза сомасының шегiнен шықпайтын немесе
баға туралы келiсiмде айтылған саны және сапасы бойынша ауытқуларды кеден
органы бағаны төмендету немесе ұлғайту үшiн негiз ретiнде танымайды.
Трансферттiк баға белгiлеуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға
байланысты мәмiле бағасы өзгерген жағдайда, уәкiлеттi органның кедендiк
төлемдер мен салықтардың сомасын есептеу туралы шешiмi тауар мәмiлесiнiң
бағасын түзетудi растайтын құжат болып табылады.
Сатушыға кейiннен қайта сатудан тiкелей немесе жанама түрде түскен
кiрiске, оның iшiнде жеңiлдiкпен салық салынатын мемлекеттерде алынған
кiрiске байланысты мәмiле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не
айырбастың сыртқы сауда шарты келiсiм шарты және немесе жарғылық
капиталында мәмiленiң әрбiр қатысушысының айналысында жүрген дауыс беретiн
акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы
салымдардың пайлардың 5 немесе одан да көп проценттерi тiкелей немесе
жанама резидентке тиесiлi резидент еместiң және үшiншi тұлғаның шот-
фактурасы инвойсы тауар мәмiлесiнiң бағасын түзетудi растайтын құжат болып
табылады.
Бұл ретте түзетудi резидент емес тұлға өз атынан үшiншi тұлғаға
түпкiлiктi қайта сату жөнiндегi мәлiметтермен ұсынатын құжаттар бойынша
резидент жүргiзедi.
Тауарларды кедендiк ресiмдеуден кейiн төленуге тиiс кедендiк
төлемдер мен салықтарды есептей отырып түзету жасаған кезде оның iшiнде
қаржылық тексеру басталғанға дейiн декларанттың бастамасы бойыншаесептелген
және нақты төленген кедендiк төлемдер мен салықтар арасындағы айырмашылыққа
Қазақстан Республикасы ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2,5
еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күнге өсiмпұл
есептеледi. Өсiмпұл кедендiк декларация кедендiк ресiмдеуге тiркелген
күннен бастап есептеледi.
Кедендiк құнды түзету нысаны кедендiк құны және кедендiк төлемдерi
және салықтары түзетiлетiн, оның iшiнде Сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасының коды және шығарылған елi өзгеруiне байланысты
тауарларға ғана толтырылады. Кедендiк құнды түзетудi толтырудың нысаны мен
тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Кедендiк құнды түзетудiң көрсетiлген
нысандары кедендiк декларацияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
кедендiк ресiмдеуге құжаттарды қабылдағаннан кейiн кеден органы
жүргiзетiн декларант мәлiмдеген кедендiк құнды түзетулердiң барлығы
тауарларды кедендiк бағалау ретiнде қаралады және оларға декларант
белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
Кеден органдары кедендiк құнды түзетудi тiркеудiң мерзiмi мен
тәртiбiн сәйкес айқындайды. Кеден органдары белгiленген мерзiмде кедендiк
құнды түзетуге тексеру жүргiзедi.
Декларанттың:
кедендiк құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерiнiң дұрыстығына
кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
мәлiмделген кедендiк құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда,
тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендiк бағалауға сәйкес кедендiк
баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған
тауарды алуға құқығы бар. Кедендiк төлемдер мен салықтар салынбайтын
тауарлардың мәлiмделген кедендiк құнын нақтылау қажет болған жағдайда,
кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде
мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға;
мәлiмделген кедендiк құнын кеден органының қабылдай алмау себебiн
түсiндiрудi кеден органынан жазбаша сұратуға;
тауардың кедендiк құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен
келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
Декларант:
кедендiк құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан
жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген
мәлiметтердi беруге;
мәлiмделген кедендiк құнды растау қажет болған кезде, кеден
органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге
өзi мәлiмдеген кедендiк құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат
табыс етуге байланысты өзiнде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына
алуға мiндеттi. Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы:
декларант таңдаған кедендiк құнды айқындау әдiсiн пайдалануға
болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәлiметтер негiзiнде, сондай-
ақ кедендiк құнды айқындау кезiнде пайдаланылатын өзiнде бар ақпараттың
негiзiнде декларант мәлiмдеген тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың
дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
декларант мәлiмдеген кедендiк құнды айқындаудың дұрыстығын
растайтын құжаттар мен мәлiметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен
мәлiметтер мен осы көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып
табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге
асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер соның iшiнде, бiрдей немесе
бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты негiзiнде, осы белгiленген
тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың әдiстерiн бiрiнен кейiн бiрiн
қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы.
Бұл ретте кеден органы қабылданған шешiм туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын
мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша:
тауарлардың кедендiк құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны
айқындау тәртiбi мен әдiсi туралы ақпаратты;
тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендiк құнын кеден органының
қабылдай алмау себептерiн түсiндiрудi жазбаша нысанда беруге мiндеттi.
Кедендiк құнды растайтын құжаттардың болмауына байланысты әкелiнетiн
тауарлармен мәмiленiң бағасы бойынша тауардың кедендiк құнын айқындау
әдiсiн пайдалану мүмкiн болмаған кезде, сондай-ақ декларант мәлiмдеген
кедендiк құнды нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы өзiнде бар баға
ақпаратын негiзге ала отырып жүзеге асыратын тауарды кедендiк бағалауға
сәйкес сәйкес кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген
кезде кеден органы тауарды шартты шығаруды жүргiзуге құқылы.
Кеден органдарында бар баға ақпаратын кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi
орган дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат
негiзiнде ресiмделген жүктiң кедендiк декларациялары статистикалық
деректерiнiң мәлiметтерiн пайдалана отырып, сондай-ақ шет мемлекеттермен
деректер алмасу және айқындалған деректердiң негiзiнде қалыптастырады.
Растайтын құжаттар ретiнде төлем құжаттары табыс етiлуге тиiс және
мәмiле шарттары бойынша төлеу мерзiмi көрсетiлген мерзiмнен асып кеткен
жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдер және салықтардың төленуiн
қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тауар шығарылған күннен бастап
күнтiзбелiк алпыс күн болады.
Мәлiмделген кедендiк құнды растайтын құжаттарды декларант табыс
еткеннен кейiн кедендiк құнды түзету нысанын толтыра отырып, сәйкес
кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қайтару немесе
есепке алу жүзеге асырылады.
Белгiленген мерзiм өткеннен кейiн мәлiмделген кедендiк құнды
растайтын қажеттi құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тауардың шартты бағасы
қолданылып есептелген кедендiк төлемдер мен салықтар сомасы тауардың
кедендiк құнына қатысты түпкiлiктi шешiм болып табылатын кедендiк құнды
түзету нысанын кеден органы лауазымды адамының толтыруы арқылы, бюджетке
аударылады

Тарау 2. Кедендік құнды айқындау мен бақылаудың нормативті-құқықтық базасы
2.1. Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртiбi туралы.
Кедендік құн декларациясы тиісті жүк кедендік декларациясының
қосымшасы болып табылады және онысыз жарамсыз болады.
Егер кедендік құнға КҚД-1 немесе КҚД-2 нысандарында түзету
жүргізілсе, онда кедендік құнды түзету нысандары (Кедендік құнды түзету
нысандарын толтырудың ережесіне ЖКД-ның ажырамас бөлігі болып табылады.
КҚД тауарларға кедендік ресімдеу жүргізетін кеден органына ЖКД-мен
бір мезгілде ұсынылады. Кеден органы осы Ережеге сәйкес және бағаланатын
мәміленің нақты шарттарын ескере отырып КҚД-ны тексеру және ресімдеу
рәсімін жүзеге асырады. КҚД-ға міндетті тәртіппен Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу және
түзету тәртібіне, шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес құжаттар ұсынылады
(белгіленген талаптарға қарай - түпнұсқалар немесе куәландырылған
көшірмелер).
КҚД 3 данада толтырылады, олардың:
бірінші данасы кеден органында қалады;
екінші данасы декларантқа беріледі;
үшінші данасы кедендік кірістер (кеден төлемдері) бөліміне
жіберіледі. КҚД-1 мен КҚД-2-ның нысандары негізгі екі парақтан тұрады:
біріншісінде (бет жағына), кедендік құнды айқындаудың қайсы бір
әдісін қолдану мүмкіндігі туралы мәліметтер мәлімделеді;
КҚТ-мен түзетілген (соңғы) мәліметтер көрсетіледі.
екінші парағында кедендік құн мен оның элементтері туралы
мәліметтер көрсетіледі.
Үшіншісінен бастап КҚД-ның барлық парақтары қосымша болып табылады.
Қосымша парақтардың беттерін нөмірлеу үшінші нөмірден басталады (яғни
1-ші және 2-ші парақтар - нысанның негізгі парақтары, 3-ші және одан
кейінгі парақтары - қосымша).
КҚД-ның негізгі парақтары бірден үшке дейінгі атаулардағы тауарларға
толтырылады. Тауарлар партиясында үштен артық атаулар болған жағдайда,
қосымша парақтар пайдаланылады, олардың әр қайсысы бірден үшке дейінгі
тауарларға толтырылуы мүмкін.
Егер КҚД-1 немесе КҚД-2 нысандардың бірінші (беттік) парақтарында
мәлімделген деректер қосымша парақтарда көрсетілген тауарларға толық
көлемде таратылатын жағдайда ғана қосымша парақтар пайдаланылуы мүмкін.
Қосымша парақтар ретінде КҚД-1 және КҚД-2 нысандарының екінші парағы
пайдаланылады.
КҚД мен оның қосымша парақтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz