Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1. Кеден органдарымен кедендік ресімдеу және алдын ала операцияларды
қолдану тәртібі мен тағайындалуы 5
1.2. Кедендік бақылаудың мәні мен негіздері 13
1.3. Әр түрлі көлік түрлерінде кедендік ресімдеу және кедендік бақылау
жасау ерекшеліктері 27
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 29
2.1.Кедендік жүктік декларациялар негізінде 2002-2003 жылдардағы Қазақстан
Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштері 29
2.2 Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 2002-2004
жылдардағы көрсеткіштері 31
2.3. Қазақстан Республикасының кеден органдарының жеке аймақтары бойынша
негізгі қызметі 33
2.4. Қазақстан Республикасында әр түрлі көліктік құралдар түрлерінде
кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау 43
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК
РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ МЕХАНИЗМІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 49
3.1. Қазақстан Республикасында әр түрлі көлік түрлерінде кедендік ресімдеу
мен кедендік бақылаудың жетілдіру жолдары 49
3.2. Кеден органдарының бақылау қызметінің тиімділігін көтеру жолдары 57
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасыида кеден ісінің құрылуы экономикалық
реформалармен және құрылымдық қайта құрумен тәуелсіз мемлекет
ұйымдастыруымен байланысты күрделі жағдайларда жүргпілді.
Экономиканың бұл кезеңде дамуы халықаралық шаруашылықты байланыс
жүйесіне Қазақстан Республикасының жайлап кіруі. Бүкіләлемдік сауда ұйымыиа
мүше болу дайындығының қажеттілігі кеден қызметіне және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметте нақты реформалардың
жургізуін талап етті.
Кедендік ресімдеу мен кеден бақылауы кеден заңдарының маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кедендік ресімдеу мен кеден бақылауы
мемлекеттің кеден саясатын іске асыруының құралдарының бірі болып табылады
және кеден органына ресімдеу мен бақылауды орындау жауапкершілігі Қазақстан
Республикасының заң шығаруын Қазақстан Республикасының халықаралық
келісімдерін Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүзеге асырылатын
жиынтық шегі болып табылады. Кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың негізгі
мақсаты нақты кедендік режим саласына тауарлар мен көлік құралдарын
орналастыру мақсатында әрекет жасауын және кеден заңына сәйкес, бұл
ресімдеудің аяқталуын тұжырымдайды. Кеден бақылауын жүзеге асыру мақсаты
түрлі тексерулер көмегімен, анықталу кедендік операцияларды жүргізу мен
кеден заңының әрекеті сәйкестігін анықтау кедендік қызметке қатысатын жеке
және заңды тұлғалармен белгілеуін қадағалауды тұжырымдайды.
Кеден органдарының қызметінің сипаты, кеден ісі саласында маңызды орын
алатын кедендік ресімдеу және кеден бақылауымен көбінесе анықталады.
Бірақ, кеден органдарының қызметінде кедендік ресімдеу мен кеден
бақылауына тікелей қатынасты міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін
функцияларды іске асыру үлкен роль атқаруына көңіл бөлу қажет.
Кеден бақылауын жүргізу кезінде белгіленген заңмен, қажетті
жағдайларда басқа да әдістер қолданылады, оның ішінде, кеден бақылауының
ықшам рәсімін жасауға көмектесетін әр түрлі арнайы техникалық құралдарды
қолдануына рұқсат етеді, сонымен бірге, тауарлар мен көлік құралдар
контрабандасымен күресуде мәні зор.
Қазақстанның геосаяси ережесі дүниежүзілік экономикада екі мағыналы.
Бір жағынан, Азияның орталығында орналаса отырып, көлік магистралінің
(теміржолдық, әуелік, автокөліктік) өтімінде орналасқан, бұл Еуропа және
Азияны біріктіреді, ал басқа жағынан, Қазақстанның теңіздер мен мұхиттарға
шығысы жоқ. Соңғы уақытта барлық көлік түрлерінің тасымалдау көлемі жыл
сайын өсуде. Қазақстан арқылы көліктік тасымалдаудың негізгі бөлігі жақын
шетел мемлекеттеріне келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауының
рәсімдерін бірегейлендіру болып табылады, сонымен қатар, оны жетілдіру
жүйесінің жолдарын нақты көрсету:
- тиімсіз немесе артық кеден рәсімдерін жою;
- кедендік ресімдеу мен кеден бақылауының саралау технологияларын
әзірлеу.
Қазақстан Республикасында кеден органдары мен кедендік инфрақұрылым
жанының материалды-техникалық дамуындағы мақсаты, кеден органдарының нақты
атқарымдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының заңдылықтары, нормативтік
актілері, Қазақстанның және шетелдік ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар,
статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылды.
Кедендік ұйымдастыру алдында түрған міндеттердің тиімді орындалуы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының материалды-техникалық
базасының жалпы жағдайы мен техникалық қамтамасыздандыру деңгейіне тікелей
байланысты болып келеді.
Жалпы жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде, кедендік ресімдеу және кедендік
бақылауының түсінігі, міндеттері мен нысандары, сонымен қатар, кеден
бақылауының техникалық құралдарының сызбанұсқалары, алдын ала операцияларды
қолдану тәртібі мен әр түрлі көлік түрлерінің ресімделуі мен бақылануы
берілген.
Екінші бөлімде, кедендік жүктік декларациялар бойынша 2002-2003
жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштері және
мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар бойынша түскен түсімдер
көрсетілген. Әр түрлі көлік құралдарына (теміржол, автокөлік, әуе көлігі)
кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау бойынша негізгі көрсеткіштерінің
талдауы берілген. Сонымен қатар, жеке аймақтар бойынша кеден органдарының
қызметінің талдауы берілген.
Үшінші бөлімде, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен
кедендік бақылау механизмін дамыту, кеден органдар қызметінің
қорытындылары, сонымен қатар, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді
өткізу кезінде кеден органдарының қызметінің тиімділігін көтеру жолдары

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ

қолдану тәртібі мен тағайындалуы
Кедендік заңға сәйкес кедендік ресімдеу — бұл тауарлар мен көлік
құралдарының анықталған кедендік режимде орналасуы және сол режим
әрекетінің аяқталу тәртібі. Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру
мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарына ресімдеу функциясын орындау
барысында құрылады.
Осы функцияның тағайындалуы есеп жүргізу мен мәліметтерді тіркеу
тауарлар мен көлік құралдарының өтуі туралы мақсатында толық және дұрыс
ақпаратты негіздердің қалыптасуы: тиімді құжаттық және нақты кедендік
бақылау үшін шарттарды қамтамасыз ету, сонымен қатар, валюталық,
экспорттық, ветеринарлық, экологиялық және басқа бақылау түрлері, сыртқы
сауданың кедендік статистикасы мен арнайы кедендік статистиканы жүргізу,
сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кедендік режимге сәйкес дұрыс
таңдауға, соған қатысты тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға, сол
режимді сақтауға және оның әрекетінің уақтылы аяқталуына көмек көрсету
болып табылады.
Кедендік ресімдеу сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен барлық
тауарлар мен көлік құралдарын міндетті түрде декларациялау туралы заң
талаптарын орындалуымен базаланады. Декларациялау кедендік декларацияның
ауызша, электронды немесе жазбаша нысанда ұсынуымен және кедендік
ресімдеуге қажетті басқа құжаттар мен мәліметтердің ұсынуымен көрсетіледі.
Тауарлар мен көлік құралдарының әкетілуі мен әкелінуі және транзиті кезінде
декларанттың түрлі жағдайларда болуына байланысты декларациялау тәртібі,
сонымен бірге, декларантпен таңдалған кедендік режимге байланысты қатты
ерекшелінуі мүмкін. Осыған сәйкес, кедендік ресімдеу тәртібі де әрбір нақты
жағдайда арнайы болады, бірақ та, барлық жағдайда оның түсінігі
өзгертілмейді — тауарлар туралы мәліметтерді құжатты фиксациялау, олардың
кедендік шекара арқылы өтуі туралы шешім қабылдауы болып табылады. Тауарлар
мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу өзіне келесі әрекеттерді тексереді:
- барлық қажетті тауарлар мен көлік құралдар периметрінің кедендік
мақсатта мәліметі бар және олардың өтуі (көліктік, тауар жолдамалы, басқа
коммерциялық құжаттар, жүктік кедендік декларация немесе басқа қысқа
декларацияның) ауызша өтініштерді фиксациялауын, құжаттардың есеп
жүргізуін және тіркеуін, электронды көшірменің декларантпен алынуын;
- кедендік декларация мен басқа да әрбір кедендік режим үшін
бекітілген тәртіпке сәйкес анықталған мәліметтерді енгізуін, кеден
органдарының лауазымды тұлғасының сол мәліметтерге қолтаңба мен оның
нөмірлі мөрімен басуын;
- түрлі құжаттардың құруын;
- тауарларды уақытша сақтау қоймасына түсу есебін қабылдауын және
беруін ресімдеуді;
- уақытша сақтау қоймаларындағы тауарлар мен көлік құралдарынан
сынама және үлгілерді алу туралы құжаттарды ресімдеуін;
- шешімдерді қабылдау және оларды тауарлар мен көлік құралдарына
байланысты фиксациялау;
- тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау және кедендік
ресімдеудегі құжат ішіндегі фактіні аяқтаудың мақұлдауын кіргізеді.
Кедендік ресімдеуді ұйымдастыру — тауарлар мен көлік құралдарының
кеден шекарасы арқылы өтуіне байланысты кеден органдарымен жүргізілетін
шаралар кешені. Бұл кешен көрсетілген жерлер мен оларды жүзеге асыру сияқты
кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдардың орналасқан басқа
жерлерінің кедендік ресімдеуін қамтамасыз ететін кедендік және кеден жаны
инфрақұрылымын өзіне қосады. Бұдан басқа кедендік ресімдеуді ұйымдастыру
келесі мәселелерді шешеді:
- кеден шекарасынан өтудің нақты орындары мен уақыты туралы;
- кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың орындары мен уақыты туралы;
- экспортты немесе импортты операцияларды жүзеге асыру үшін сыртқы
экономикалық қызмет қатысушылармен хабарлау тәртібі туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын ұсыну мен көрсету, жеткізу әдісі
уақыты мен орны және оларға арналған құжаттарды кеден органдарына беру
туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға алу, оларды уақытша
сақтау қоймаларына орналастыру тәртібі туралы.
Декларациялау рәсімі тауарлар мен көлік құралдардың кеден органдарына
ұсыну кедендік ресімдеудің негізгі бөлігі болып табылады.
Жүктік кедендік декларацияны ұсыну кезінде кеден органдарында келесі
құжаттарды ұсыну қажет:
1- Жүктік кедендік декларациясын беруде декларанттың құзыретін
растайтын құжаттар: кеденге құжаттар мен жүктерді ұсынатын жеке
тұлғалардың сенімхаты, клиентпен келісім құжаты; бағдарламаға сертификат,
декларанттың квалификациясын растайтын құжат.
2. Ресімделетін тауарларға коммерциялық құжаттар:
а) тауарларды жеткізу үшін негіз болатын құжат: сатып алу-сату
контрактысы;
ә) бартер кезіндегі контракт;
б) тауарлардың құнын растайтын құжаттар:
спецификация;
шот-фактура (қосымша 6).
3. Тауаркөліктік құжаттар:
- тауаркөліктік накладнаясы (қосымша 7);
- коносамент - теңіздік көлікпен жүкті жеткізу кезінде (қосымша 8);
- халықаралық автокөлік накладнаясы;
- авианакладная - жүкті авиакөлікпен жеткізу кезінде;
- теміржол накладнаясы - жүкті теміржол көлігімен жеткізу кезінде;
- жүктік ведомость;
- жүктік квитанция;
- қораптау қағазы;
- тиеу актісі;
4. Кедендік ресімдеудің өндірісі үшін тікелей ұсынылатын құжаттар:
- тауарларды жеткізу бойынша бақылаудың құжатгары;
- МДП кітабы;
- кедендік тасымалдаушының лицензиясы (қосымша 9);
- тауарларды қайта өндіруге берілетін лицензия;
- ресімделетін тауар партиясына жүктік кедендік декларация;
- кедендік құн декларациясы;
- кедендік міндеттеу;
- квитанция - банк немесе кеден кассасына қолма-қол ақшаны төлеу
өндіріледі;
- кепіл келісімі;
- банктың кепілдігі (қосымша 10);
- СТ-1 нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат (қосымша
11);
- А нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат.
Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік ресімдеудің мақсаттары
үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге және мерзімдерді
белгілеуге құқылы.
Кедендік ресімдеу нақты орындарда тауарларды жөнелтуші мен қабылдаушы
немесе оның құрылымдық бөлімшелері орналасқан кедендік органдар қызмет
аймақтарында және осыған рұқсат берген кедендік органдардың жұмыс уақытынан
тыс жүргізіледі.
Кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және
сақтау мақсатында, оларды ұсыну орындары тауарлардың шығарылуына дейін, не
пайдалануда тұлғаға ұсынуда таңдалған кедендік режимге сәйкес, кеден
органдарымен, не қазақстандық занды тұлғалармен құрылған уақытша сақтау
қоймалары болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарының келу орны мен
жеткізу орны кедендік заңға сәйкес уақытша сақтау қоймасы ғана болуы
мүмкін. Сондықтан да аэропорттарда, порттарда, халықаралық қатынас үшін
ашық жүктік аумақтарда, қоймаларда және кедендік шекара арқылы өтетін
тауарларды қабылдау, тиеп алу, түсіру, беруді жүзеге асыратын теміржол
станциялар жерлерінде, халықаралық автокөлік қатынастарды жүзеге асыратын
мемлекеттік немесе кедендік шекара арқылы жіберу бекеттерінде уақытша
сақтау қоймалардың қажет болуы міндетті болып табылады. Тауарлар мен көлік
құралдарын уақытша сактау қоймаларына орналастыру негізгі кедендік
ресімдеудің алдын ала операцияларына жатады, яғни оларды декларациялауы мен
оларға белгілі кедендік режим қолдануы жатады. Алдын ала операциялар осы
рәсімдердің өндірісін жеңілдету мен жеделдетуге арналған және шектеу
қойылған тауарлар мен көлік құралдарды әкелу мен әкетуге жібермеуге
бағытталған, сонымен қатар, кедендік мақсатта сол тауарлар мен көлік
құралдарын бірдейлендіруге бағытталған.
Көлік құралдар жөнелтілетін тауарлар құрамында декларацияланады, ал
олардың кедендік ресімдеуі тауарларды кедендік ресімдеу орындарында жүзеге
асырылады. Кедендік шекарада кедендік ресімдеуге теңіздік, өзендік және әуе
кемелері, салтаң көлік құралдары мен жолаушыларды таситын көлік құралдар
жатады. Олардың декларациясы кеден органдарына мемлекеттік тіркеу фактісін
растайтын көлік құралдарының және олардың құжаттарын ұсынумен жүзеге
асырылады.
Кедендік заңға сәйкес кеден шекарасының өту орны және тауарлар мен
көлік құралдарының кедендік ресімдеуін жүзеге асыратын орны кедендік
бақылау аймағы болып табылады, ал тауарлар, көлік құралдары мен
тұлғалардың, оның ішінде, басқа мемлекеттік органдардың лауазымды
тұлғаларының шекара арқылы мұндай аймақтармен кеден органдарының
рұқсатымен, олардың бақылауына жіберіледі.
Белгіленген тәртіпке сәйкес және кедендік ресімдеу үрдісі негізінде
шарттарға байланысты тауарлар мен көлік құралдардың кедендік шекара арқылы
өтуінде екі саты ажыратылады: алдын ала операцияларды жүзеге асыру және
негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру.
Алдын ала операциялар негізгі кедендік ресімдеудің жүргізуін жеңілдету
және жеделдетуге арналған. Негізгі кедендік ресімдеу тауарлар мен көлік
құралдарын, олардың декларациялау үрдісінде сәйкес кедендік режимге
орналастырумен түсіндіріледі. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік
ресімдеуі кеден органдарының лауазымды адамы осы рәсімді жүзеге асыруда
өзінің дайындығы туралы өтініш білдіргеннен кейін 30 минуттан кешікпей
басталу керек. Сонымен қатар, кеденге және кедендік бекеттерге кедендік
ресімдеуді келесі жұмыс күннің аяқталуына дейін ұсынады. Осы мақсаттарда
кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын ұсынудың ақырғы уақыты
белгіленген.
Декларацияны беру уақыты тауарлар мен көлік құралдарын және таситын
тауарларды ұсыну уақытынан бастап 15 күннен аспау керек. Салтаң көлік
құралдары шығу немесе кіру кезінде кедендік шекарадан өткеннен кейін 3
сағаттан кешікпей декларациялауға жатады.
Кедендік ресімдеу үрдісінде декларациялаудан және келесі көрсетілетін
операциялардан басқа маңызды түрлі әрекеттер жүзеге асырылады. Бұларды
дұрыс және уақтысында орындамаса, негізгі кедендік ресімдеу бойынша
шешімдер қабылдау қиынға соғады.
Кедендік іске қатысы бар барлық әрекеттер, кедендік ресімдеуге,
кедендік заңға сәйкес алдын ала операциялар әр түрлі, маңызы және негізгі
кедендік ресімдеу мақсаттары үшін өте қажет.
Олардың ең маңыздылары мыналар:
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъект ретінде тұлғаны тіркеу
және кеден органдарына сәйкес құжаттарды алу;
сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының лицензиясы және кедендік
төлемдерді төлеуін растайтын немесе оған кепілдік беретін басқа рұқсат
ететін құжаттарды;
кеден органдарының классификационды шешімдерін;
кедендік мақсатқа қажетті басқа құжаттарды алу;
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекарадан тыс шығаруы туралы
немесе олардың кедендік шекарадан өтуі туралы кеден органдарын хабардар
ету;
сәйкес жағдайда кедендік төлемдерді төлеу туралы үшінші тұлғаның
кепілдігін кеден органдарына ұсыну немесе қажетті сомаларда кеден
органдарының депозитіне аудару;
жеткізілім, тасымалдау келісімдерін қорытындылау, көліктік
экспедицияны декларациялау;
тауарды бірдейлендіру мақсатында сынамалар мен үлгілерді алу;
кедендік жүктік декларацияны немесе уақытша және қысқа декларацияларды
кеден органдарына ұсыну (қосымша 15);
уақытша сақтау қоймаларына тауарларды орналастыру;
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін жүзеге
асыратын барлық басқа әрекеттер.
Айтып кеткендей, алдын ала кедендік ресімдеу тауарлар мен көлік
құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін жеделдетуге және кедендік шекара
арқылы өтетін тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және
әкетуіне бермеуге, сондай-ақ бірдейлендіруге бағытталған.
Кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты
барлық күштерді біріктіру кедендік бақылау мақсатына жету үшін өз құзыреті
шегінде — негізгі кедендік ресімдеу алдындағы алдын ала операциялардың
негізгі міндеті болып табылады. Кеден органдарының келісімі бойынша негізгі
кедендік ресімдеу мен алдын ала ресімдеу сатысында пайда болатын басқа
мәселелерді жүзеге асыру орны, уақыты мен тәртібі декларанттың, не кедендік
брокердің, тасымалдаушы мен тікелей кеден органдарының құзыретіне жатады.
Алдын ала операцияларды іске асыратын барлық қатысушы тұлғаларды
әрекеттестігі нәтижесінде ғана оларды жүзеге асыру мақсатында тиімділікке
жету мүмкін.
Оның ішінде, алдын ала операцияларға нақты мән-жайлар пайда болған,
оларды қолданумен байланысты ерекше тағайындалу мен іске асыру тәртібі
шартталған. Ең алдымен, бұл мән-жайлар тауарлар мен көлік құралдары әкелу
кезінде кедендік бақылау астына алу үшін кедендердің жіберулерімен
көрсетіледі, сәйкес кеден органдарына кедендік бақылау астына алу
тағайындалуы үшін жеткізу туралы шешім қабылдайды.
Кедендік бақылау астындағы жеткізу рәсімінің мәні тауарлар, көлік
құралдарымен, олардың құжаттарын, яғни бақылаудың жеткізу құжаты деп
аталатын құжатты жеткізуін жүзеге асыратынымен қорытындыланады. Бұл құжат
атының негізгі тағайындалуы — жеткізудегі бақылауды қамтамасыз ететін
кеденнен бастап тағайындау кеденіне дейін, яғни бұл үрдіске декларант пен
тасымалдаушыны тарту негізінде және олар арасында кеден органдарының
алдындағы жауапкершілігін, кедендік төлемдерді төлеуді бейнелейді.
Әкелінетін тауарларды жеткізу рәсімі кедендік бақылаудан шығатын
міндеттерді іске асыру, сонымен қатар, негізгі кедендік ресімдеу үрдісінде
тауарларға салынатын барлық орнатылған төлемдерді төлетуді қамтамасыз етуге
арналған. Кедендік төлемдердің құрылысы тауар орналасқан кедендік режиміне
байланысты болады, ол жайлы кеден органдарына декларациялау кезіндегі
негізгі кедендік ресімдеуді жүргізу сатысында ғана айтылады. Тауаркөліктік
және тауармен бірге жөнелтілетін құжаттарда бейнеленген тауарлардың құн
сипаттамасы кедендік құнды анықтау үшін ресми мәлімет ретінде кеден
органдарымен көрсетіле алмайды. Кедендік құн кедендік шекара арқылы өтуге
байланысты кеден органдарымен алынатын барлық кеден төлемдерінің түрін
есептеу үшін негіз болып табылады. Кедендік бақылау астындағы
жеткізілімдерге, сондай-ақ негізгі кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейінгі
тауарлар бұл жағдайда кедендік бақылау астындағы жеткізілім рәсімі алдын
ала операцияларға жатпайды, өйткені негізгі кедендік ресімдеу аяқталған
тауарлар жеткізіліміне қатысты жүзеге асырылады.
Әкетілетін тауарларға қатысты бақылауды жеткізу құжатын қолдану
ерекшелігі — бұл құжатты толтыру үшін барлық қажетті ақпарат жүктік
кедендік декларацияларда бар. Экспорт режимінің астына орналасқан
тауарларға жүктік кедендік декларация қолданылмайды.
Негізгі кедендік ресімдеу алдындағы алдын ала операциялармен бірге
кеден органдар қызметінде кеден органдарымен алдын ала шешімдерді қабылдау
бағыты қолданылады. Алдын ала операциялар - сияқты мұндай шешімдерді
қабылдау кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға қатысты заңдылық
актілерін орындау мен қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Алдын ала
шешімдерді қабылдаудың алдын ала операцияларды жүзеге асыруымен тікелей
байланысы сәйкес кеден органдарьшан шешімді алу қажеттілігімен және оның
құжаттық бейнесін негізгі кедендік ресімдеудің басына дейін
қорытындыланады.
Алдын ала шешімдер, алдымен Қазақстан Республикасының экономикалық
ынтасын сақтауға бағытталған, сонымен қатар, фискалды функция атқарады және
ТМД сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенкларурасына сәйкес
тауарлардың жіктелуіне және тауарлардың шығу мемлекетін анықтауына
таратылады.
Бұл саладағы заңсыз әрекеттерді айқындау және болдырмау мақсатында
кедендік заңмен кеден органдарының шығу мемлекетіне, кедендік құнға,
кедендік төлемдердің өлшеміне, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық
номенклатурасына қатысты тауарлар жіктеуі туралы және нақты тауарға қатысты
кеден ісі актілерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім қабылдау
мүмкіндігі қарастырылған.
Алдын ала шешімдерді қабылдау тауарлар жіктеуіне қатысты, олардың шығу
мемлекетін, кедендік төлемдердің өлшемін анықтау Орталық кеден органдарының
- кедендік бақылау Агенттігі, кедендік бақылау Департаменттері, сонымен
қатар, Орталық кеден органдарымен анықталатын бөлек кедендер құзыретіне
жатады.
Сондықтан алдын ала операциялар сияқты, алдын ала шешімдер де негізгі
кедендік ресімдеуге дейін жүзеге асырылады, сонымен бірге, оны жүргізудің
маңызды дайындық рәсімі болып табылады.
1.2. Кедендік бақылаудың мәні мен негіздері
Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда заңды және жеке
тұлғалармен тауарлар мен көлік құралдарының мемлекет шекарасы арқылы
өтуімен байланысты. Тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылау және
кедендік ресімдеуге жатады. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен
көлік құралдарының кеден бакылауы және кедендік ресімдеудің мәні мен
түсінігін ескеру өте маңызды[1].
Қазақстан Республикасының кедендік территориясына тауарлар мен көлік
құралдарын әкелу кезінде, сонымен қатар, еркін кедендік аумак және еркін
қойма территориясынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендігі
туралы кеден органын хабардар етуі керек және тауарларға көліктік, басқа да
жөнелтпелі құжаттар ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясынан тыс тауарлар мен
көлік құралдарын шығара алатын тұлға Қазақстан Республикасының кеден
органын алдын ала хабардар етуі қажет. Қазақстан Республикасының кеден
органы мұндай хабарды тіркеуге және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін
тауарлар мен көлік құралдарының келу орны мен уақытын таңдауға құқылы. Егер
де тауарлардың иесі белгіленген хабарды жасамаса, онда мұндай міндет
тасымалдаушыға жүктеледі[2].
Кеден бақылауының мақсаты Қазақстан Республикасының Кеден кодекс
нормаларын, басқа қазақстандық зандылық актілерін, нормативті құжаттарды,
сонымен қатар, халықаралық келісімдерді сақтауды қамтамасыз ету болып
табылады[3].
Кедендік ресімдеу міндетіне келесілер жатады:
а) тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өтуінің құқыққа
сәйкестігін белгілеу мен растауы;
ә) сыртқы сауда мәмілелер заңдылығының тәртібін анықтау мен оны
сақтау;
б) мәліметтерді тіркеу және есеп жүргізу;
в) тауарлар мен көлік құралдарының өтуі туралы толық және расіы
күжатгык ақпараттық негіздерді қалыптастыру;
г) тиімді, құжаттық және нақты кедендік бақылау, сонымен қатар,
валюталық, экспорттық, ветеринарлық, экологиялық бақылау үшін шарттарды
қамтамасыз ету;
г) хыртқы сауданың кедендік статистикасын және арнайы кедендік
статистиканы жүргізу;
д) сәйкес кеден режимін дұрыс таңдауга, тауарлар мен көлік құралдарын
соған орналастыруға, бұл режимнің сақталуы мен әрекеттің уақытысында
аяқталуына сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына көмек көрсету.
Кеден бақылауының міндеттеріне мыналар жатады:
а) кеден бақылауын нақтырақ жүргізу үшін мамандарды, сарапшыларды
тарту;
ө) тауарлар мен көлік құралдардың, үй - жайлардың бірдейлендіруін
жүргізу;
б) тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізетін жеке және
занды тұлғалардың қаржылық қызметін тексеру;
г) іріктемелі бақылау жүргізу.
Кеден бақылауы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының белгіленген
тізбектілікте жүзеге асыру бойынша және әрекет ететін заңдардың сақтауын
қамтамасыз етуіне бағытталған, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен
көлік құралдарының өтуі кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау
әрекетін білдіреді.
Әкелу кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден
шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының өтуі кезінен басталады.
Әкелу кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының Кеден
кодексімен қарастырылмаған тауарлар мен көлік құралдарының шығарылымы
кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өту
кезінен бастап аяқталады[4].
Кеден бақылауының объектісі Қазақстан Республикасының кеден
шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдар; олар туралы мәліметтер мен
құжаттар; осы тауарларға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар — кеден
брокерлері (қосымша 1 және қосымша 2), декларанттар, кедендік
тасымалдаушылар және тағы басқа кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарының өту тәртібіне сәйкес олардың құжаттары; тауарлар мен көлік
құралдарына қатысты кеден органдарының рұқсатымен декларантпен кедендік
режимдерді таңдау мүмкіндігі мен сақтау.
Кеден бақылауы мынандай сатыларға да жүргізіледі: тауарлар қозғалысы,
оның өндірісі, сақтау, сатып алу, сату, тиеу, түсіру, қораптау, жүк тасу,
сақтандыру, пайдалану және т.б.
Кеден бақылауын жүргізуді қамтамасыз етуге мыналар жатады:
- сыртқы экономикалық айналымды тездетуге көмектесетін шарттарды құру;
- тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өтудің рұқсат
етілген тәртібі;
- контрабандамен, кеден ережелерін бұзу және салық зандарындағы
бұзушылықпен күресуді жүргізу, сонымен қатар, есірткі құралдары, қару-
жарақ, жарылғыш заттар, халықтың көркемдік, тарихи және археологиялық
мұралар заттарының кеден шекарасы арқылы өтудегі заңсыз айналымы мен
күресуді жүргізу;
- кедендік баждарды, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді уақтылы
және толық алу;
- сыртқы сауданың кедендік статистикасын және Қазақстанның арнайы
кедендік статистикасын жүргізу;
6. кеден органдарының өз құзыреті шеңберінде валюталық бақылауды
жүзеге асыру;
7. сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасын жүргізу
және т.б.
Кеден бақылауын тиімді жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік
құралдарын кедендік ресімдеу функцияларын жүргізу көмегімен қалыптасады[5].
Кеден бақылауынының негізгі әдістері мыналар болып табылады:
- мамандарды, сарапшыларды тарту;
- тауарлар мен көлік құралдарының бірдейлендіруін жүргізу;
- занды тұлғалардың қаржылық-шаруашылықтық қызметін тексеру;
- іріктемелі бақылау жүргізу.
Кеден бақылауы адамның денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер үшін
қауіпсіз техникалық құралдар көмегімен өндірілуі мүмкін.
Мамандар мен сарапшыларды тарту тауарлар мен көлік құралдарының нақты
есеп жүргізуі мақсатында шақырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының бірдейлендіруін жүргізу
декларацияланған сол тауар, не сол көлік құралы екені күмәнсіз болу үшін
өндіріледі. Бұл бақылау пломбаны қою, мөрмен қағазды жапсыру, тауарлардан
сынамалар мен үлгілерді алу, тауарларды тізімдемелеу, олардың суреті, сол
тауарлардың сызбасы, олардың иллюстрациясы жолдарымен жүзеге асырылады.
Қойылған пломбаларды, жапсырмаларды және басқа да таңбаларды өшіру, алып
тастау тек кеден органдарының рұқсатымен жүргізіледі[6].
Заңды тұлғаның қаржылық-шаруашылықтық тексеруі — кеден бақылау
әдістерінің бірі болып табылады. Тексеру тауарлар, көлік құралдары,
анықтамалар, жазбаша және ауызша түсіндірмелер бар лауазымды тұлғалардан
алу жолымен жүргізіледі.
Іріктемелі кедендік бақылау, егер тауар жария сипатында және барлық
жақты тексеру қажеттілігі керек болмаса ғана жүргізіледі.
Шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын тексеруден кейін де кедендік
бақылау жүргізілуі мүмкін.
Кеден бақылауы нақты нысандарда жүргізіледі:
- кедендік декларациялар, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
- ауызша пікір сұрау;
- түсіндірмелер алу;
- кедендік қадағалау (визуалды қадағалау, оның ішінде, кеден бақылауы
астындағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдауы кезіндегі кеден
органдарының қызметкерлерімен техникалық құралдарды қолдану, олармен жүктік
және басқа да операциялар жүргізу);
- тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;
- кедендік тексеріп қарау;
- жеке тексеріп қарау;
- тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға қазіргі кодекс пен
Қазақстан Республикасының салық заңымен қарастырылған бірдейлендіру
белгілерін қою;
9. тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік
жүйесін тексеру;
10. тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу;
11. үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.
Кеден бақылауының әрбір нысанын толығырақ қарастырайық.
Кедендік декларациялар, құжаттар мен мәліметтерді тексеру. Кеден
органдары, құжаттардың түпнұсқаларын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау
мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде
берілген кедендік декларацияны, құжаттарды, мәліметтерді тексереді.
Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің
дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен
салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен
жүзеге асырылады.
Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді
тексеруіне жол беріледі.
Ауызша пікір сұрау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу,
алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден
органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пікір сұрауға құқылы,
аталған тұлғалардан мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбаша нысанда
ресімделмейді.
Түсіндірмелер алу. Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды
адамдарының декларанттарда және кедендік бақылауды (зеге асыру үшін маңызы
бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі
саласындағы қажетті ақпаратты алуы.
Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін
шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және
шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендік қадағалау. Кедендік қадағалау — кеден органдары лауазымды
адамдарының кедендік бақылаудағы тауар мен көлік құралдарының тасымалдауын,
олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде
техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру. Кеден органы лауазымды
адамдарының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық почта
жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы
тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда,
көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік
пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру
құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру — егер мұндай тексеру көлік
құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын
бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды,
жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды,
кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру
құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендік бақылау аумағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де
адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін
жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден
органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік
мақсаттарда пайдаланатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты
өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік
қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік
құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау. Кедендік
тексеріп қарау — кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың
орамаларын немесе көлік құралдарының жүк тиелетін бөліктерін, не ыдыстарды,
контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды
ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты әрекеті.
Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін
бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау, не Қазақстан
Республикасының кеден зандарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай
ақпаратты тексеру, сондай-ақ іріктеп тексерудің негізінде кедендік бақылау
жүргізу мақсатында жасалады.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе
өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының
талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде
қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге
міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда,
көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
Кеден органы декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты
өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері болған кезде
мынадай жағдайларда: аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары
тапсырылғаннан кейін 10 күн өткен соң келмеген жағдайда;
ұлттық қауіпсіздікке, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға,
Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған
жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілген кезде;
тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен
көлік құралдарына кедендік тексеріп қарау жүргізуге құқылы.
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп
қарау екі куәгердің қатысумен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік тексеріп қарау
актісі ресімделеді.
Жеке тексеріп қарау. Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке
тексеріп қарау Қазақстан Республикасы арқылы өтетін не кедендік бақылау
аумағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның
Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын
тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер
болған жағдайда, кеден органының басшысының немесе оны алмастырушы адамның
жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.
Жеке тексеріп қарау жүргізуге байланысты рәсімді және тексеріп қарауды
ресімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
айқындайды.
Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы
жеке тұлғаға кеден органының басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке
тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай
тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған
тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезінде іс-
әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
жеке тексеріп қарау жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен
және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;

өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке
тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып,
мәлімдеме жасауға;
жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу
құжаттарымен танысуға;
жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-
әрекетіне шағым жасауға;
адвокаттық қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға жеке
тексеріп қараудың жүргізілгені туралы хаттаманың көшірмесі, тауарлардың
алынып қойғаны туралы акті беріледі.
Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден
органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда
жүргізеді. Тексеріліп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді
маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана
отырып жүргізуге тиіс.
Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға - жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды
адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал
тексеріп зерттеу жүргізілген кезде дәрігер қолдарын қояды.
Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бірдейлендіру
таңбаларын қою. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда
кеден органдары кедендік бақылауды тауарларда арнаулы таңбалардың,
бірдейлендіру белгілерінің немесе оларды Қазақстан Республикасының кеден
аумағына әкелудің заңдылығын растау үшін пайдаланылатын тауарларды
белгілеудің өзге де тәсілдерінің болуын тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Тауарларда арнаулы таңбалардың бірдейлендіру белгілерінің немесе
тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер өзінен мұндай
тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделі адам басқаша дәлелдей
алмаса, Қазақстан Республикасының Кедендік аумағына тауарларды кедендік
ресімдеу мен шығару жүргізілмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретінде
қаралады.
Тауарлардың және көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік
жүйесін тексеру. Кедендік бақылаудың нысаны ретіндегі тауарлардың және
көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру мынадай
жағдайларда:
тұлға кедендік ресімдеудің оңайлатылған рәсімдерін қолдану туралы
мәлімдеген кезде;
Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен есепке
алынуға тиіс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
кеден брокерлері, кеден тасымалдаушылар ретіндегі қызметті жүзеге
асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдер шеңберінде және уақытша
сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларға қатысты;
кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты сыртқы
экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезінде қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу. Шартты түрде
шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын, тарифтік және тарифтік емес
реттеу шаралары белгіленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында
кеден органдары кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау кезінде тұлғалар
беретін мәліметтер негізінде, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
орган белгілеген тәртіппен және нысандарда Қазақстан Республикасының
аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын
пайдаланатын тұлғалар және өзге де тұлғалар олардың есебін жүргізуге және
кеден органдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белтілеген
тәртіппен есептілік тапсыруға міндетті.
Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру. Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргізу
мақсатында кеден органнының лауазымды адамдары қызметтік куәлігін және
кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендік
бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, кедендік бақылау үшін
қажетті болатын, не болуы мүмкін, не кедендік бақылаудағы тауарларға
қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға кіруге құқығы бар.
Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда прокурордың рұқсаты талап
етілетін әрекеттер рұқсатсыз да, бірақ кейіннен прокурорды 24 сағаттың
ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүргізілуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде мемлекеттік органдар
лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіру арнаулы тәртібі
белгіленсе, онда мұндай объектілерге кіру заң актілерінде айқындалған
тәртіппен жүргізіледі[7].
Кедендік бақылауды ұйымдастырудың типтік нұсқасы. Кедендік бақылау
кезінде кеден органдарымен жүзеге асырылатын шаралар тиімді нәтиже алу
мақсатында, бақылаудың барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты
жетілдіруге бағытталған үрдістер мен әрекеттер жиынтығы арқылы іске
асырылады[8].
Кедендік ұйымдастырудың бірінші міндеті сыртқы экономикалық байланыс
қатысушыларына жақындатылған тауарлардың кеден шекарасы арқылы өту уақытын
қысқарту мақсатында қарқынды сыртқы экономикалық қызмет орындарына
жақындатылған кедендер мен олардың құрылымдық бөлімшелерін өрістету болып
табылады.
Кедендік бақылауды және ресімдеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстың
негізгі көлемі кедендер мен кеден бекеттеріне жүктеледі. Кедендік бақылауды
ұйымдастырудың екінші міндеті бұл үрдіске сыртқы экономикалық қызмет
қатысушыларын, көлік және байланыс кәсіпорындарын, басқа құқық қорғау
органдарын, Қазақстан Республикасының атқарушылық өкімет органдарын енгізу
болып табылады. Бұл жерде кедендік операцияларды жүзеге асыруында кеден
бақылауын жүргізуді тездету мен максималды женілдету, сонымен қатар, уақыт,
күш және құралдар шығындарын қысқартуға қызметі бағытталған кеден
брокерлеріне, кедендік тасымалдаушыларына, уақытша сақтау қоймалар мен
кедендік қоймалар иелеріне ерекше орын берілген.
Облыстардағы кедендік бақылауын ұйымдастыру мыналардан тұрады:
кеден органдары жұмыстарының болжамды көлемін анықтау;
кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің орнын, олар арасындағы
кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу бойынша жұмыстың көлемін оңтайлы
бөлуді анықтау, бұл рәсімдерді жүзеге асыру үшін керекті шарттарды құру;
кеден органдарының оңтайлы құрылымын әзірлеу және сандық құрылымын
анықтау;
кадрларды таңдау және оқыту;
материалды-техникалық базаны құру;
байланыс жүйесін әзірлеу және кеден органдарының ішіндегі қарым-
қатынас сияқты, кедендік және кеденге жақын салалар арасындағы қарым-
қатынас жүйесін әзірлеу;
кеден бақылауын жүзеге асыруға қатысатын кеден органдарының барлық
қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Кедендік бақылауды
ұйымдастырудың типтік сызбанұсқасы кедендік органдар, тауарлар, көлік
құралдар мен тұлғалар кеден шекарасы арқылы өтуіне қатынасы бар басқа
кәсіпорындар мен ұйымдар бейнелейді.
Ол тауарлардың әкелінуі және тұлғалардың кетуі кезінде келесі
шараларды өзіне кіргізеді:
1. тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуі туралы
кеден органдарын хабардар ету, ал сәйкес жағдайларда кеден шекарасы арқылы
өтетін тұлғалар туралы кеден органдарын хабардар ету;
2. тауарлар мен көлік құралдарына құжаттарды кеден органдарына ұсыну,
ал сәйкес жағдайларда тұлғаларға;
3. тауарлар, көлік құралдары және соларға құжаттардың кедендік бақылау
астына беруін ресімдеу, ал нақты кедендік ережелер жағдайларында тауарлар
мен көлік құралдарының бірдейлендірілген іріктемелі немесе толық тексеруін,
сонымен қатар, қайта тексеруді жүзеге асыру;
тауарлар, көлік құралдар және соларға құжаттардың жеткізуі бойынша
тағайындалған кеденге жіберу;

тағайындалған кеденде бақылау;
тағайындалған кедендермен жіберілген тауарлар мен көлік құралдарын
кедендік бақылау астына алу;
тағайындалған кеденге тауарлар, көлік құралдар және соларға
құжаттарының жеткізілімі туралы жөнелтілген кеденді хабардар ету;
уақытша сақтау қоймасына немесе кедендік қоймаға тауарларды
орналастыру;
кеден органдарымен кедендік декларацияны қабылдау;
10.кеден органдарымен кедендік декларацияны қабылдағаннан кейін ^
кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүргізу;
11. кедендік ресімдеуді аяқтау және соның нәтижесі бойынша сәйкес
шешім қабылдау.
Кедендік бақылауды ұйымдастырудың типтік сызбанұсқасын жетілдірудің
негізгі бағыттары келесілерде қорытындыланады:
- кедендік бақылау механизмінің ұйымдастыруын жетілдіру;
- тауарлар мен көлік құралдардың қарап тексеру сапасын жоғарылату;
- кедендік төлемдерді төлеу мерзімін қысқарту:
- кедендік рәсімдердің құжаттық ресімдеуін жетілдіру;
- экономикаға және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне зардап келтіруді
алдын ала хабардар ету;
- тауар мен тұлғалардың категориясына байланысты икемді
технологияларды әзірлей отырып, бақылауды жүзеге асыруға жұмсалатын
шығындарды азайту;
- кедендік ресімдеу орындарына дейін тауарлардың толық көлемде
жеткізілімін қамтамасыз ету;
- тиімді кеден бақылауы мен кедендік ресімдеуін жүзеге асыруда
қамтамасыз ететін біріккен технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы
көліктік ұйымдармен қарым-қатынасты жақсарту;
- кеден қызметінің басқа құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасының
негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша шарттарды әзірлеу және енгізу;
- тауарлар мен көлік құралдарының заңсыз өтіміне бағытталған бақылауды
жетілдіру.
Кедендік бақылаудың нақты нысандарынан босату. Кеден заңы кедендік
бақылаудың тек бір нысанынан босатуды кедендік тексеріп қараудан босатуды
қарастырады.
Кедендік тексеріп қарауға мыналар жатпайды:
Қазақстан Республикасы Президентінің және онымен бірге жүретін оның
отбасы мүшелерінің жеке багажы кедендік тексеріп қарауға жатпайды.
Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Парламент Сенатының
Төрағасы, Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Мемлекеттік хатшысы, Президент
Әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Жоғарғы Сотының
Төрағасы, Бас прокуроры, Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан
Республикасының Үкіметінің мүшелері, Парламентінің депутаттары Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасынан қызметтік міндеттерін немесе
депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты өтетін болса, аталған
тұлғалардың жеке багажы кедендік тексеріп қараудан босатылады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өз
жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери кемелер, әскери әуе кемелері және
әскери техника тексеріп қараудан босатылады[9].
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары — бұл кеден органдарының
мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерімен, оларға жүктелген міндеттерді
шешуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын техникалық құралдарының жиынтығы.
Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының негізгі түрлері: нақты
кеден бақылауын жүргізу үшін қолданылатын кедендік бақылаудың техникалық
құралдары;
қылмыстарды ашу міндетін шешу үшін қолданылатын криминалистиканың
техникалық құралдары;
тауарларды бірдейлендіру міндетін шешуге көмектесетін кеден
сараптамасының техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz