Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1 бөлім Экспорттық - импорттық операцияларда кедендік реттеудің6

теориялық негіздері6

1. 1 Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі6

1. 2 Экспортты - импортты операцияларды реттеудің әдістері23

2 бөлім Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметін кедендік реттеуді талдау40

2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын талдау40

2. 2 Кеден органдары қызметінде сыртқы сауданы реттеудің тарифтік және тарифтік емес әдістерін қолдануды талдау49

3 бөлім Қазақстан Республикасындағы аймақтық кедендік реттеу69

3. 1 Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеудің мәселелері мен болашағы69

3. 2 Қазақстанның ЕурАзЭҚ көлемінде кедендік-тарифтік саясатты жетілдіру жолдары76

ҚОРЫТЫНДЫ82

Қолданылған әдебиеттер86

Кіріспе

«Тауарлар мен қызметтердің шектеусіз жылжуы мен кеден саясатын жетілдіру бойынша біздің мүддеміз жан-жақты қолдауды қажет етеді»

Н. А. Назарбаев

Қазіргі кезеңде Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық байланыстарға қатысу қажеттігі аса мағыналы өседі. Республиканың қалыптасуы мен экономикалық тәуелсіздігінің қамтамасыз етілуі оның экономикалық кеңістігін қорғау қажеттілігімен тығыз байланысты. Әлемдік экономикаға оптималды интеграцияны жүзеге асыру өзіміздің экономикамызды жан-жақты нығайтуды талап етеді.

Қаржы нарығының интернационализациясы мен ақпараттық және технологиялық сауда айырбасын кеңейту мен тереңдету негізінде ұлттық экономикалардың тығыз өзара әсер етуі, өзара байланысу үрдісі ретінде әлемдік шаруашылықтың ғаламдану жағдайында Қазақстанға халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, тұрақты өнімді қамтамасыз етуге, әлемдік экономикада өз орнын табуға мүмкіндік береді. Бұл міндетті шешу экономикалық кеңістікті тәуелсіз кеден территориясы ретіне қорғауды қамтамасыз етуге тиімді кедендік реттеуді құруға ықпал етеді.

Бұл қызмет түрінің тиімділігі Қазақстанның сыртқы сауда саясатының, сыртқы экономикалық ажырамас бөлігі ретінде кедендік реттеудің мазмұны мен мақсаттарына тәуелді. Оның тиімділігін контрабандамен күресті күшейту, салықтар мен жиналымдарды, кеден төлемдердің тұрақты түсімдерінің динамикасы, кеден шекаралары арқылы көлік негізгі көлік ағымдарының сенімді бақылауы куәландырады.

Жалпы универсалды түсінік ретінде кедендік реттеу субъектілерге, ал олар арқылы олардың қызметінің қорытындыларына әсер етуді білдіреді. Реттеудің мазмұны оның саласымен, сонымен қатар мемлекеттің аймақтық, салалық деңгейімен анықталады. Кез-келген саладағы реттеу кез-келген деңгейде объективті және субъективті факторлар астында болып көптеген қатынастарды қамтиды.

Кедендік реттеудің сипаты, оның әдістері, қағидалары елдің сәйкес даму кезеңінің әлеуметтік, саяси, экономикалық қағидаларымен анықталады.

ССРО экономикасы жабық сипатта болған және бәсекелестіктің болмауы мен абсолютті мемлекеттік және меншік, әкімшілік реттеу, сыртқы сауда монополиясы негізінде құрылған.

ССРО-да сыртқы сауданы реттеу 1918 жылдың 22 сәуірінде Халық комиссарлары Кеңесінің декретімен енгізілген, монополия қағидасында жүзеге асырылған, оған сәйкес мемлекет:

  • орталықтан осы мақсаттар үшін құрылған органдар арқылы халық шаруашылығының бөлігі ретінде сыртқы экономикалық қызметті басқарады;
  • сыртқы экономикалық байланыстар бойынша операцияларды қандай салаларда қандай ұйымдар жүзеге асыратынын анықтаған.
  • Экспортты-импортты жоспар негізінде елге не кіргізілетіні, не шығарылатыны және қандай көлемде екенін анықтаған.

Қазір негізінен экономикалық интеграция, еркін сауда аймақтарын құру, кедендік және экономикалық одақтарды құру жағдайында экспортты-импортты операцияларды тиімді кедендік реттеу сұрағына көп көңіл аударылуда. Кеден тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің сауда серіктестіктері - елдері арасында тауарлар, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысы үшін тарифтік және тарифтік емес кеден шектеулерін алып тастау кеден органының басқа ұйымдармен қатар аса үлкен мәселенің пәні болып табылады.

Бұл мәселенің мәнділігі Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру туралы шешімді қабылдауымен байланысты өседі. Республиканың халықаралық байланысқа қатысуының кеңеюі мен экономикалық серіктестіктің өзара қолданбалы нысандарын табу кеден заңдылығы мен барлық нормативті негіздің келісімділігін талап етеді.

Талдау көрсетіп отырғандай, экспортты-импортты операцияларды кедендік реттеудің көптеген сұрақтары қазірге дейін өз шешімін таппаған.

Мемлекеттің сыртқы саясаты халық шаруашылығының дамуының негізгі факторларына жатқызылған. Ұлттық экономика сыртқы факторда тек халықаралық еңбек бөлінісінде орнықты орын алуды ғана емес, сонымен қатар елдің қызығушылығын жүзеге асыру бойынша өнеркәсіп жұмысы үшін қолайлы жағдайлар құру мүмкіндігін көреді. Егер экономика алдында аталғандарға ынталы болса, ол үшін ашық сауда тәртіптемесін құру керек. Осындай сыртқы сауда саясатына көшу қоғамның экономикалық қызметтерінің барлық жақтарына негативті және позитивті әсер етумен жүреді. Республиканың сыртқы сауда айналымының үлесі 50%-тен аспайды. Негативті жағынан, ұлттық экономиканың ашықтылығының сыртқы факторға ашықтылығы шетелге біршама материалды ресурстардың «кетуіне» алып келеді. Қазақстанның ұлттық экономикасының әлемдік экономикадан шектелінуі, көптеген шаруашылық субъектілердің өзгеріп келе жатқан әлемдік нарық коньюктурасын қалыптаса алмауына алып келеді. Бұл жағдайда сыртқы сауда тәртіпшесін құру мәселесі аса актуалды болады, өйткені тек сыртқы нарыққа Отандық тауарлардың жылжуына ғана емес, сонымен қатар ішкі нарыққа импорттық тауарлардың ағымдарына ықпал етеді. Сондықтан сыртқы сауда тәртіптемесі ұлттық және әлемдік экономикалық өзара қарым-қатынасында кедергі болуы немесе керісінше олардың икемді және үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Сондықтан экспортты-импортты операцияларды кедендік реттеу мәселесі халықаралық аспектіге ие.

Халықаралық саудаға қатысатын елдер осы салада келіспеушіліктерді алып тастаудың жолдарын іздейді. Бір жағынан, олар өздерінің сыртқы сауданы дамыту мен кеңейту шеңберінде өздерінің күштерін біріктіруге ынталанса, ал екінші жағынан экономикалық топтастықтар мен белгілі бір елдерді ажырататын жеке қызығушылықты қорғау мен эгоцентризмге кері тенденция қызмет етеді. Халықаралық саудада протенционизмді әлсірету мен сыртқы сауданы либерализациялауға бағытталған халықаралық саудада қатысушы елдердің күштерінде маңызды роль мемлекет аралық деңгейде кеден-сауда қатынастарын реттеуге және сыртқы сауда саясатын координациялауға арналған, халықаралық ұйымдарды құру мен олардың келісімге келуіне беріледі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты экспортты-импортты кедендік реттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін талдау, және оның дамытуының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыс міндеті ҚР экспортты-импортты операцияларын кедендік реттеудің қызмет етуі мен нысандалуының ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар 1997-2003 жылдардағы сыртқы сауданың талдауын жүргізу болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім мен қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде ҚР экспортты-импортты операцияларын кедендік реттеудің теориялық аспектілері қарастырылған.

Екінші бөлімде 1997-2003 жылдардағы ҚР талдау жүргізілген.

Үшінші тарауда ҚР кедендік реттеудің мәселелер мен болашағы қарастырылған.

1 бөлім Экспорттық - импорттық операцияларда кедендік реттеудің

теориялық негіздері

1. 1 Сыртқы экономикалық қатынасты кедендік реттеудің халықаралық қызметі

СЭҚ реттеудің көкейкесті ұлттық жүйелерінің аса маңызды ерекшелігі болып олардың жоғары құқықтың қамтамасыз етуі болып табылады. Әдетте, мемлекеттік реттеу атқарушы билік қызметінің шектеулерін анықтайтын, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын заңдарға сүйенеді. Бұл жағдайлар сыртқы экономикалық қатынас саласында әкімшілік және экономикалық, құқықтық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді және сол арқылы оның дамуына әсер етеді.

Аса маңызды ерекшеліктерінің келесісі - сыртқы сауданы реттеудің ұйымдастырушы - техникалық әкімшілік, құқықтық жүйелерін унификациялау және толығымен көптеген мемлекеттердің сыртқы экономикалық қатынастарын реттеу, мамандармен саяси-сауда деп аталатын, осы реттеудің техникасы мен тәжірибесінің халықаралық сәйкестілігі. Соңғы он жылдықта сыртқы экономикалық қатынастардың сыртқы интенсивті дамуы саудада тікелей әкімшілік шектеулер әлсірегенде ұлттық саяси-сауда жүйелер бойынша жақын жалпы құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушы - техникалық қағидалар, нормалар мен ережелер арқасында мүмкін болды. Оның негізінде 90-ші жылдардың басындағы халықаралық сауда жүйесі құрылды.

Әлемдік тұрақтандырушы, интенсивті ортақ құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушы - техникалық кеңістікті құру және осы кеңістік шеңберінде дамып отырған белгілі бір мемлекеттердің сыртқы саудасы жаңа сапалы сипаттамаларға ие.

Ортақ кеңістіктің органикалық элементі - қазірдің өзінде СЭҚ унификацияланған құқықтың негізін құруға алып келген, дамып келе жатқан көпжақты мемлекетаралық келісімдер жүйесімен жүзеге асырылады. Ұлттық сауда-саяси және әкімшілік жүйелер халықаралық келісімдерге сүйенеді.

Сыртқы сауданы реттеудің негізгі ерекшеліктерінің бірі - мәліметтерді автоматты өңдеуге, ақпаратты өткізуге байланыс техникасының жетістіктеріне сүйенетін және уақыт және материалды құралдар шығындарын минимумға жеткізетін оларды жоғары техникалық жабдықталуы.

Кедендік қарым-қатынас кеңесі (КҚК) (Совет таможенного сотрудничества) - үкімет аралық ұйым кеден тарифтік тәжірибені көп жақты реттеу бойынша жұмыста аса маңызды қызмет атқарады және мәнділігі бойынша кедендік бақылау саласында координационды және методикалық орталық болып табылады.

1950ж Кедендік қарым-қатынас кеңесі тұрақты қызмет ететін халықаралық орган ретінде қалыптасқан.

Кедендік қарым-қатынас кеңесін қалыптастыру туралы конвекция 1952ж. аяғында күшіне енді, ал 1953ж. бастап, КҚК кедендік заңдылық пен кедендік іс техникасын жақсарту, кедендік жүйелерді унификациялау мен гармонизациялау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Ол кезде КҚК 17 мүше - мемлекеттер болды. 1961ж. олардың саны 29-ға, ал 1971ж - 66-ға, 1981ж - 93-ке, 1987ж КҚК жұмысына 103 қатысушы елдер болған (олардың ішінде - Болгария, Венгрия, Польша, Румения, Чехославакия) 1994 жылдан бастап - Халықаралық кеден ұйымы.

КҚК қызметінің негізгі бағыты болып, тек өзара жеңілдіктер мөлшері мен кедендік салым деңгейін ғана емес, сонымен қатар әлемдік саудада айналатын белгілі бір тауарларға қатысты жеңілдіктер мен шектеулерді біржақты түсіндіруге мүмкіндік беретіндей кеден тарифтерінде тауарларды сыныптау үшін унификацияланған ортақ номенклатураны құру болып табылады.

КҚК қызметінің халықаралық мәні қазіргі жағдайда ерекше өсуде, және ол көбіне халықаралық тауар айналымы құрылымында қозғалыстар мен түсіндіріледі (бұл жерде оның номенклатурасында жаңа және күрделенген тауарлардың біршама көп санының пайда болуын белгілеп көрсетуге болады) : Трансұлттық корпорациялардың фирма ішіндегі мағыналы айырбасы сонымен байланысты әртүрлі елдердегі кеден есебін унификациялауда қызығушылықтың өсуі: аймақтық ұйымдар шеңберінде экономикалық өзара байланыстың ары қарай дамуы: сонымен қатар кеден ісінің компьютеризациясы. Барлық аталған факторлар экспортты-импортты операцияларды статистикалық есептеудің стандартталған нысанын құрастыру бойынша кедендік қарым-қатынас кеңесінің қызметін ынталандырды, ал болашақта - тауарларды кодтау мен сипаттаудың үйлесімді жүйесін құру.

Кедендік есептеуді унифациялаудың бірінші кезеңі болып, 1959ж. қызметіне енген және кедендік қарым-қатынас кеңесімен құрастырылған, Брюссельдік кеден номенклатурасы болған. 1987ж. ол әлемдік сауданың 80% қамтып, 150 мемлекетпен қолданылған.

1973ж бастап КҚК эгидасында 60 елдер мен 20 халықаралық ұйымдар мен кеден тарифы үшін де, статистикада тауаларды сыныптау үшін, сонымен қатар көлік тарифтерінде қолданыла алатын жаңартылған Брюссельдік номенклатураны құру бойынша жұмыс жүргізілген. 1978 ж осындай номенклатура шығарылған. Ол кең қолданысқа ие болды, және 140 мемлекеттің тәжірибесінде және сыртқы сауда статистикасында ұлттық кедендік тарифтерді құрудың негізі ретінде қолданылды. Брюссельдік номенклатураны қолдану ұлттық деңгейде сыртқы сауда операцияларының есебін жеңілдетті, арзандатты және белгілі бір елдердің кедендік тарифтерінің салыстырмалық ісінде жоғары баспалдаққа жетуді қамтамасыз етті.

1983ж КҚК 1988 ж қаңтарынан күшіне енген, тауарларды кодтау мен сипаттаудың үйлесімді жүйесі туралы конвекцияны қабылдады. Сол уақыттан бастап жетілдірілген тауарларды кодтау мен сипаттаудың үйлесімді жүйесінің негізінде кедендік есептеуді унификациялаудың жаңа кезеңі басталды.

Тауарларды кодтау мен сипаттаудың үйлесімді жүйесінің салдарынан және Брюссельдік номенклатураны құрастыру бойынша тікелей жұмыс екі арнайы органдарда атқарылған - кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау бойынша Комитет және номенклатура бойынша комитет, сонымен қатар халықаралық кеден терминологиясында біртектілікті қамтамасыз етуге арналған, глоссариді дайындау және халықаралық кедендік нормаларды құрастыру міндеті жүктелген. Тұрақты техникалық комитетте.

Номенклатура бойынша комитет өз жұмысын 1960ж. бастады. Өзінің негізгі міндеттері ретінде ол келесілерді қарастырды:

  • ұлттық кеден тарифтерінде тауарларды сыныптау үшін жалпы негізді құрастыру;
  • кедендік төлемдер сәйкестілігін жеңілдету және тарифтер бойынша келіссөздерді жүргізу;
  • ұлттық кеден тарифтерінде тауарлар сыныпталуының біртектілігін қамтамысыз ету.

Комитет халықаралық ұйымдар мен ұлттық органдардағы қиындықтарды тудыратын сұрақтар бойынша шешімдерді қарастырады; кеден органдарының позицияларын келістіреді, номенклатураның қолданылуы мен біркелкі түсіндіруін қамтамасыз етуге тырысады.

Кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау бойынша басқа комитет те 1960 ж. бастап қызмет етеді. Оның жұмысы тауарларды бағалау үшін негізді (бизнесті) унификациялау жолымен сыртқы сауда статистикасын сәйкестендіруге ықпал ету, кеден тарифтері бойынша келіссөздерді жүргізуді жеңілдету, тауарларды бағалауды максималды біркелкілікке жетуге бағытталған Комитет, тауарларды кедендік бағалау бойынша тәжірибелік кеңестер жүргізілетін «Түсінік беру сөздіктері» жинақтарын шығарады. Комитеттің функцияларына әртүрлі мемлекеттердегі тауарларды бағалаудың әдістеріне қатысты ақпаратты салыстыру мен тарату; брюссельдік қағидаларды қолдану бойынша белгілі бір мемлекеттердің тәжірибесі, процедуралары және ұлттық ережелерін зерттеу; стандартты ортақ процедураларды және қағидаларды қолдану мен түсіндіруде біркелкілікті сақтау бойынша КҚК мен қатысушы - мемлекеттер үшін ұсыныстарды құрастыру.

Тұрақты техникалық комитет 30-дан аса ұсыныстарды құрастырды, олардың ішінде кедендік құжаттарды сәйкестендіру мен жеңілдету, белгілі бір конвенцияларды қолдану, туризмнің дамуы мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жеңілдету, салымдарды азайту немесе қайтару бойынша, бажсыз импортқа рұқсат беру тәжірибесінде біртектілікті қамтамасыз ету, кеден әкімшіліктері арасында қарым-қатынасты реттеу бойынша ұсыныстарды атап көрсету керек.

Тұрақты техникалық комитетпен (ТТК) құрастырылған негізгі құжаттардың бірі 1973ж. КҚК-мен қабылданған кедендік үрдістерді жеңілдету мен гармонизациялау конвенциясы (КИОТО конвенциясы) .

1974ж ТТК-тің мәліметтерімен автоматты айырбастау жүйесін құруды жоспарлаған, кедендік әкімшіліктерге көмек көрсету және мәліметтер мен автоматты айырбастау мақсаты болып табылатын мәліметтерді автоматты өңдеу бойынша шағын комитет құрылуы. Шағын комитетпен мәліметтермен электронды айырбас негізінде авиатасымалдаушы мен кеден қызметі арасында интерфейс құрастырылды және қызметке енді.

Кедендік ережелерді бұзу мен күрес бойынша комитет кедендік ережелерді бұзуды тоқтату сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Бұл комитет құрылғанға дейін КҚК 1977ж Найборида қабылданған кедендік ережелерді бұзуды тоқтату ісінде өзара әкімшілік қарым-қатынас туралы Халықаралық конвенцияға қосылды. КҚК Халықаралық авиакөлік ассоциациясы (ИАТА), Халықаралық порттар мен гаваньдар ассоциациясы сияқты халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланысады.

КҚК қызметінің негізгі бағыты техникалық қарым-қатынас және оқыту болып табылады. Бұл жоспарда 1984ж қабылданған «Техникалық қарым-қатынас туралы ережелер мен кедендік заңдарды стандарттау мен үйлестіру бойынша халықаралық құралдар мен конвенцияларды құрастыру бойынша Кеңес Декларациясын көрсету керек».

1988ж. КҚК сессиясы 1990-ші жылдарға қызмет ету бағдарламасын қабылдап, жұмысының келесі негізгі бағыттарын анықтаған:

  • Халықарлық кеден стандарттары ретінде КҚК құралдарын құрастыру мен оларды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
  • жеңілдетілген және унификацияланған экспортты-импортты кеден процедураларын құрастыру;
  • кедендік ережелерді бұзу мен контрабанда мен күрес және бақылаудың тәжірибелік шараларын құрастыру;
  • кадрларды оқытуда Кеңес мүшелеріне көмек көрсету;
  • кеден қызметтері мен халықаралық сауданың басқа да қатысушылары арасында мәліметтер мен электронды айырбастау жүйесін дамыту.

Ортақ нормалармен ережелер көмегімен сауданы халықаралық реттеуге объективті қажеттілік 30-шы жылдары ұлттық үкіметтердің біржақты протенционистік қызметтері әлемдік сауда мүмкіндіктерін күрт азайтқанда біліне бастады.

Сол кезеңдегі халықаралық сауда негізін екі жақты сауда келісімдері құраған. Олар екі жақты сауданың аз ғана тізімін қамтыған, және осы да оның негізгі кемшілігі болған.

Екі жақты келісімдерді жасау күтпеген қорытындыларды көрсетті: одан өздері жағынан ешқандай жеңілдіктер көрсетпеген үшінші елдер өндірушілері ұтып отырды.

Екінші әлемдік соғыстан кейін сауда стратегиясының ғаламды координациясын қамтамасыз етуге арналған халықаралық сауда ұйымын құру бойынша алғышарттар қабылданды. Оған көбіне әлемдік сауданың 40% үлесі келетін АҚШ қызығушылық білдірді; олар көбіне әдетті сыртқы сауда жеткізулерінің бұзылуынан қиыншылық көрді.

Гаванадағы халықаралық сауда ұйымын құру бойынша келіссөздер соғыстан кейінгі Европа елдері мен және АҚШ-тың арасында өткір келіспеушіліктер жағдайында өтті. Келіспеушіліктер көбіне қатысушы - мемлекеттерге берілетін дауыс санына қатысты болды. «Бір ел - бір дауыс» деген еуропалық ұсынысқа қарсы, АҚШ салмақтығы бойынша дауыс беруге тоқталды. Американдықтар дауыс саны елдің әлемдік саудадағы үлесіне пропорционалды болу тиіс деп қарастырды. Бірақ өзінің позициясын ұстай алмады, Конгресс келіссөздер үрдісіндегі қабылданған келісімді ратификациялаудан бас тартты.

Тариф сұрақтарына арналған бір бөлімі халықаралық ұйымды құру туралы келісімдер бойынша Женевада арнайы келіссөздер жүргізілді. Қорытындысында оған қол қойылды. ГААТ атауын алған сауда мен тариф сұрақтары бойынша келісім. 1948ж. 1 қаңтарынан күшіне еніп, бұл келісім халықаралық сауданы қаржы-валюталық қамтамасыз етумен айналысатын басқа ұйымдық яғни халықаралық валюта қорының (ХВҚ) кеден-тарифтік сауда жұмысы саласында толықтырып отырды.

ГААТ-тың негізін құрайтын баптардың белгілі бір қарама-қайшылығы мен күрделілігіне қарамастан, олардың барлығы нақты құрастырылған қағидалар қатарына негізделеді.

Бірінші және негізгісі болып аса қолайлы тәртіптемесінде негізделген, өзара сауда жеңілдіктерінің қағидасы болып табылады.

Бұл тәртіптемеге сәйкес бір-бірімен келісімге отырған елдер, бір-біріне үшінші елдерге таралатын кез-келген жеңілдіктерді автоматты түрде ұсынады. Басымдылықтар мен жеңілдіктер кедендік қорғау көлеміне қатысты, яғни кедендік баж бағамдарына.

Ұлттардың аса қолайлы тәртіптемесі тәжірибеде келесідей болады, яғни екі жақты кеңес беру мен келіссөздер арқылы елдер тауарлар мен саудада кедендік жеңілдіктер ұсыну туралы келіседі. Осы сұрақ бойынша сәйкес келісім қабылданғаннан кейін ол бірден басқа елдерге де таралады, ендігі кезекте ГААТ-қа қатысатын кез-келген мемлекет дискриминацияны қолданбау қағидасында қызмет етеді және ешбір мемлекет ол қағиданы бұзбауы тиіс. Бұл тәртіптеменің мәні кедендік тарифтерді төмендету немесе алып тастау егер осындай операция біржақты түрде болған жағдайда да, барлық қатысушы жағдарға тиімді болады. Бірақ тәжірибеде осындай біржақты қысқартуларға протенционистік баждарды сақтауда қызығушылық көрсететін үкіметтік топтар кері әсер етеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, өнеркәсіптің қорғалатын саласы монополизацияланған болса, лоббизм етек алады.

Сондықтан неоклассикалық доктрикалар мен ГААТ-та декларацияланған өзара сауда жеңілдіктері қағидасы өмірге бірқатар өзгерістермен еніп отыр.

ГААТ-та ұлттық аса қолайлы тәртіптеме (АҚТ) -ден арнайы рұқсат етілген ережелер бекітілген олардың негізгілері:

  • ГААТ құрылу кезінде болған, преференцияларды әрі қарай қолдануға рұқсат етіледі;
  • АҚТ қызметі саласынан шекара жанындағы сауда туралы келісімдер шеңберінде немесе кедендік одақты құруда ұсынылған кеден саясаты саласында жеңілдіктер алып тасталынады.
  • преференциялардың жалпы жүйесінің шеңберінде сыртқы сауда саласында дамушы елдер ерекше жеңілдіктерге ие; әсіресе аса дамымаған елдер үшін жеңілдіктер ерекше орынға ие.

Ірі елдер бір жақты түрде (АҚТ) қызметінің саласында белгілі бір шектеулер енгізді. Әсіресе бұл салада АҚШ ерекшеленеді. «Шешілетін» жағдай америка президентіне ұлттық өнеркәсіп үшін бірқатар қиындықтар туғанда жеңілдіктерді алып тастауға құқық берді. «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде АҚШ социалистік елдерге сауда жеңілдіктерін ұсынбаған. АҚШ біржақты түрде кедендік баждарды төмендеткенде өзара байланыс қағидасын қолдануды талап етті.

Егер сыртқы сауданы реттеу құралы ретінде ескертулермен тарифтер қолдануы рұқсат етілседе, сандық шектеулер мен квоталар қолданбайды. Тек ұлттық қауіпсіздікпен төмен балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары ғана ерекшеленеді. Егер қандайда болса ел сандық шектеулерді қолданса, олар дискриминациялы түрде қолданылуы тиіс, яғни тек белгілі бір елдер үшін емес, барлық қатысушы мемлекеттер үшін. Осындай тиым салу импорттық квоталарды қолдануды шектейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Сыртқы жарнама есебі
ҚР СЭҚ мемлекеттік реттеудің заңдылық негізі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің ерекшеліктерін зерттеу
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қатынастарының теориялық мәні
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz