Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1-тарау. Кеден режимдерінің теориялық негіздері 5
1.1. Кеден режимдерінің ұғымдары мен мәні 5
1.2. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі 12
2-тарау. Қазақстан Республикасында кеден режимдерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері 16
2.1. Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері 16
2.2 Кеден режимдерін ауыстыру процедурасының ерекшеліктері 22
3 Тарау. Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері мен
жетілдіру жолдары. 27
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 36

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай
бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде Сауда жасауға
ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау жөніндегі, қаржы
ресурстарының қозғалысы жөніндегі халықаралық келісімдердің ролін
арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде
қалыптасады. Сондай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бүкіл әлемдік
бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске
қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі
жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады,
сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер
кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері
мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы курстық жұмыс арналып
отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік
негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің
себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Бұл мақсатты шешу
үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-
алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. Бұл мәселелердің маңыздылығына
қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз
өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз
өңделгендігі сол күйде қалуда.
Бұл курстық жұмысты зерттеудің мақсаты – кеден режимдерінің
мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және
сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті - ең алдымен осы жұмыстың мақсатына
қойылған жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей
нұсқаулармен ұсынуға болады:
- Кеден режимдерін құрудың тарихи аспектілерін қарау;
- Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми
негізде зерттеу;
Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-
тәжірибелік мәселелерін қарау;
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі - кеден режимдерінің өзара
байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық -
логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады. Кеден режимдерін
ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін және ерекшеліктер ашу арқылы еліміздегі
нарықты, Қазақстандағы өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қорғау,
монополизмге қарсы тұру мен бәсекелестікті кеңейту, сондай-ақ экспортты
кеңейтуге мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар мынадай жеке - ғылыми әдістер қолданылады: Формалды –
заңды, жүйелік салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, психологиялық,
статистикалық және өзге де осы жұмыстың мәселесін шешуге қажетті әдістер
жатады.
Жұмыстың теориялық негізі кеден ісі мәселесі жөніндегі
Қазақстандық, ресейлік және шетел оқымыстыларының еңбегінен жарық көреді:
С.М.Сарсембаев, К.К.Тоқаев, Б.Т.Нұрахметов, В.Г.Драганов, Л.В.
Гребенщикова, И.А.Кубасова, А.А.Артемьев, М.Ю. Берновский, Г.П. Брацун,
Ю.Г. Кисловский, В.М. Крашенинников, В.Ю. Пресняков, О.В.Шишкина, А.Н.
Яцушко, А.В.Лисов, Н.И. Трипонов және тағы басқалар.
Бұл курстық жұмыстың басты мәселелерін жан–жақты ұғыну үшін бүкіл
әлемдік ғұламалардың іс–тәжірибесін пайдаландық.
Қазақстан – сыртқы саясатты жүргізу барысында тәуелсіз, егеменді
Қазақстан. Республиканың бірлестігін дамыту ісінде дипломаттардың,
минстірлердің, экономикалық құрылымның, құқық қорғау органдарының,
прокуратура және қауіпсіздік органдарының қызметтері халықаралық арнада
экономиканың әр түрлі саласында, әсіресе кедендік және салалық істерінде
бағалануда. Дегенмен мемлекеттік сыртқы қатынасы толық шешілді деп
айтаалмаймыз. Оған әл де болса Республиканың халықаралық қызыметінің
коституциялық - құқықтық негіздері жеткіліксіз. Осы мән – жайлардың себебін
анықтап зерттеуге көңіл бөлінді.
Кеден режимін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
Конституциясында, өзге де заң актілерінде, халықаралық-құқықтық актілерде
көрініс алады, сондай – ақ кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен
жетілдіру жолдары кеден ісі пәнінде іске асырылады.
Маңызды негізгі мәселелері мен жетістіктеріне тоқталады. Яғни тақырыптың
аталуымен сәйкес зерттеледі.
Кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен оларды жетілдіру
жолдарын шешу нәтижелерінен тұрады.
Ең алдымен заңдармен реттелуден ерекшелігін айқындау, мәселелердің
себебтері мен жағдайларын шешу, мақсатта сай зерттелуін талап
етеді.Тереңінен талдауға жатады субьективті және объективті түрде
зерделенеді.Кеден режимдерін жетілдірудің алғы шаттары белгіленеді.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен құралады.

1-тарау. Кеден режимдерінің теориялық негіздері

1.1. Кеден режимдерінің ұғымдары мен мәні

Қазақстанда жүргізілген саяси–экономикалық сипаты бар реформалар
басқару жүйесін өзгертуге әкеп соқтырады. Олардың бірі кеден ісі мен кеден
саясаты, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын құрайтын маңызды жүйе
болып табылады. Кеден саясаты кеден режимдерін ұйымдастыру жолымен
экономикалық тұрақтылықты және елде ұлттық экономикадағы нарық
қатынастарының халықаралық аренада орындалуына бағыттайды.
Кеден режимдері 90–жылдардың бірінші жартысында кеден
процедураларының бір қатар жинағын білдірді. Сондай–ақ кеден ісінде оларды
қолдану орын алады.
Кеден процедуралары: Тауарларды және мүлікті өткізу тәртібіне
бақылау жасауды, құралдарды тесеруден өткізуді, кеден құжаттарын
рәсімдеуді, кедендік жүк деларадциясының дұрыс қаодануды, кеден мәселелері
жөнінде Қазақстан Республикасының статистика есеп беру органдарындағы
статистикалық мәліметтерді беруді, кеңес беру және анықтау жұмыстарын
жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.
Кеден режимі – бұл кеден шекерасы арқылы өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарының статусын анықтайтын ережелер жинағы.
Тауарларды және көлік құралдарын белгілеу тәртібі орындалған кезде,
мүтіксіз тауарлар мен көлік қралдары кеден шекарасы арқылы өткізіледі.
Сыртқы экономикалық қызмет және ең бастысы сытқы сауда заңды және
жеке тұлғалармен тауарлар көлік құралдарын елдегі кеден шекарасы арқылы
өткізумен байланысты. Бұл жағдай кезінде тауарлармен көлік құралдары
кедендік бақылаумен кедендік рәсімдеуге жатады.
Сыртқы экономика немесе сыртқы сауда ісінде қолданылатын барлық кден
ісінің терминдерін есепке алу керке. Сондай–ақ кеден режимдерін ұйымдастыру
тәртәбән анықтап алу қажет.
Мемлекет (СЭҚ) сытқы экономикаоық қызметтің арасында бюджетке
кірістер, экономиканы жақсартатын материалдар, құралдар алады.
Содықтан мемлекет белгілі бір тәртіппен сырқы эконоикалық қызметтің
(СЭҚ) жүзеге асырылуына мүдделі.
Сырқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушы субъектілер белгіленген
тәртіпті орындауы және оны жүзеге асыруы керек. Ең алдымен кеден
режимдерімен тағайындалатын тауарлардың кедендік бақылауы және және
кедендік рәсімдеуі мәселесін дұрыс шешу қажет:
- Шаруашылық субъектілері ретінде мемлекеттік органдарда тіркелу
жолымен сыртқы экономикалық қызметпен (СЭҚ) шұғылдануға рұқсат алу;
- Шарттардың, соның ішінде тауарларды сату, сатып алу, тауарды
айырбастау (бартерлі) операциялар жөніндегі, көлік, жүк, сақтадыру және
басқа жүргізу жөніндегі халықаралық котрактілердің жасалуы;
- Импорт немесе экспортқа шығарылатын тауар белгілі бір түрлеріне
лицензия, белгілі бір санда тауарларды әкелу немесе әкетуге рұқсат алу,
сондай- ақ экономика саясатының шараларын орындау;
- Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін;
- салықтар, кедендік баждар және төлеу;
- кедендік бақылау және рәсімдеу үшін кеден органдарының тауарларды
ұсынуы;
- Уақытша сақтау құралдарын қою немесе кедендік бақылау шекарасының
өзгеде орнына, оларды сақтау, өткізу және тағы басқалар;
- басқа кедендік режимге қою немесе ерікті айналымға шығарғаннан
кейін тауарларды ретке келтіру.
Кеден ережесі – кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарының статусын анықтайтын ережелер жиынтығы. Жоғарыда қойылған
талаптар орындалғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдары кеден шекарасынан
сөзсіз өткізіледі.
Сонымен, кеден режимі – бұл мемлекттің кеден шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің нақты тәртібі мен жағдайларын
білдіреді. Мыналар жатады: кеден рәсімдеуі барысында қажетті нысандылықтың
жүйелі түрде орындалуын қадағалау, кеден төлемдерінің белгілі бір көлемін
жинау, яғни, кеден баждары, лицезия беру, тауарларды сақтау, тауарларды
кедендік жөнелту, кеден рәсімдеуі бойынша белгілі маман аттестатын беру
үшін түрлі кеден алымдарын жинау. Айта кететін жайт, кеден режимін
таңдаудың маңызды және анықтаушы шарты тауардың пайдаланылуы болып
табылады. Мынаны білдіреді, яғни, тауарлар мен көлік құралдары осы аумаққа
түсе салып, олар объектіге айналды, оларды пайдаланылуына қарасты 15
режимнің бірі қолданылады. Мұнда сонымен қоса, келісімшарттың қандай да бір
шарттарының өзгеруі немесе болжанбаған жағдайдың тууы нәтижесінде тауар
иесі немесе тасымалдаушысының бұрын көрсетілген кеден режимін өзгертуге
немесе қайта мәлімдеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ кеден режимін былайша
өзгрту кеден төлемдерінің мөлшеріне әсер ете алады, және де сондықтан,
экономикалық сауаттылық пен хабардарлық кәсіпкерлер мен сауда қатынастарына
қатыспаушыларға кеден режимін дұрыс таңдау мен қолдануға және шамадан тыс
қаржылық шығындарды қысқартуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен, кеден режимдері екі жақты міндетті орындайды. Бір
жағынан, жоғарыда аталып кеткендей, олар мемлекеттің кеден шекарасынан
өтетін тауарлар мен көлік құралдарының ауысуын реттемелейді, екінші
жағынан, сырттқы экономикалық қызметке қатысушыларға, әсіресе, тауар
иелеріне коммерциялық операциядан пайда мен табыс алуға жәрдемдесуіне кеден
режимдерінің ынталандырушы ролінің маңыздылығын айта кету қажет. Мұндай
қолдану мен көмек көрсетуге мысал кеден қоймасы режимі бола алады, одан
кеден баждары, салықтары жәнетағы басқа, алусыз осы мақсаттарға арналып
бөлінген тауарларды сақтау қарастырылған.
Айта кететін жайт, көпшілік елдер үшін сыртқы экономикалық
қызметті жүзеге асыру барысында тауарлар мен қызметтердің экспорты мен
импорты басымдықты орль атқарады:
Экспорт – басты валюта түсімдерінің көзі ретінде, ал Импорт -
қоғамдық өндірістің жергілікті салаларының жетілмегендігінің орнын басушы
қызмет ретінде. Алайда, тауар дайын өнім түрінде қайтарылып алу мен өңдеу
мақсатымен шикізат немесе жартылай фабриат түрінде мемлекеттің кеден
аумағынан әкетілуі мүмкін. Кеден аумағы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарының өтуі процесін дәйекті түрде ұсыну тиіс. Дегенмен, кеден
режимдерінің мәні мынада.
Атап айтқанда: Еркін айналыс үшін тауарларды шығару,
әлемдік қауымдастыққа қатысушы елдер арасында кеңінен таралған кеден
режимдерінің бірі. Бұл кеден режимі шетелдік өндіріс тауарлары мен көлік
құралдарының еркін әкелінуі, осы ел аумағында олардың еркін айналысы мен
тұтылыуын пайымдайды. Тауар сияқты мұнай кең ұғым, және де шетелдік өндіріс
тауары материалдық дүниеге қозғалатын кез – келген затты білдіреді, дәлірек
атқанда соңы және аралық тұтыну заттары, өндіріс құралдары, валюта,
валюталық құндылықтар, электр, жылу, сондай–ақ, басқада қуат көздері,
жлаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын
есепке алмағанда, ұлттық аумақтан тыс жерлерде өндірілген көлік құралдары,
соның ішінде, контейнерлер мен басқа көлік жабдығы.
Бұл кеден режимі келесі негізгі үш жағдай орындалған кезде
толығымен аяақталуы мүмкін: біріншіден, тиісті кеден төлемдері мен
салықтарын төлеу; екіншіден, экономикалық саясат шараларын орындау, оған
мыналар кіреді: квоталау, ицезиялау, максималды, минималды, баға белгілеу
сонымен қоса, экономикалық саясат пен қазіргіжағдайларды үнемі өзгерістерді
ескере отырып, мемлекет енгізген шектеулердің басқада түрлері: үшіншіден,
кеден рәсімдеуінің аяақталуы. Басқаша айтқанда, еркін айналыс пен тұтылу
үшін мемлекеттің кеден шекарасы арқылы тауарлардың өту процесі тауарлар
импорты деп аталады. Сонымен, импорттық (немесе әкелетін ) тауардың
кедендік рәсімдеу процесі аяақталуы үшін импортер кеден де кеден төлемдеі
мен алымдарының төлеуін куәландыратын құжаттар, сондай – ақ, қажет болған
жағдайда тауарды әкелуге рұқсат беретін лицезияны көрсетуге міндетті. Бұл
жағдайдағы импорттық лицезия өз аумағында импорттық операцияларды жүргізуге
мемлекет органдарының беретін рұқсты блып табылады.
Тауарлар экспорты импортпен қатар халықаралық саудада кеңінен
таралған процесс болып табылады. Тауарлардағы экспорт- бұл кеден режимі,
оған сәйкес тауарлар мемлекеттің кеден аумағынан тысқары шығаруға арналады.
“Тауарлар экспорты ” кеден режиміне мәлімделген тауарлар кеден баждарымен
басқа да алымдардың төленуінен кейін, сонымен қоса, мемлекеттің кеден
заңдылығына белгіленген, экономикалық саясат шаралары қадағаланған жағайда
елдің аумағынан тысқары тысқары шығарылуға жіберілуі мүмкін. Кеден
рәсімдеуінің барлық нысандылығы қадағаланғаннан кейін тауар иесі немесе
тасымалдаушы кеден декларациясына сәйкес өзгертілмеген кейде тауарларды
шығаруды жүзеге асыуға міндетті. Айырықшалықтар сақтау мен тасмалдаудың
қалыпты жағдайларында табиғи тозу себебі бойынша өзгерістер болуы мүмкін.
Кеден декларциясы кеден рәсімдеуі барысында толтырылатын, тауарлар мен
көлік құралдары туралы нақты мәліметтер, сондай-ақ олардың кеден режимі
көрсетілген құжат болып табылады.
Егер тауарлар экспортын кеден режимі тұрғысынан ғана емес сонымен
қоса, сыртқы сауда операциясы ретінде қарастыратын болсақ, онда бұл
процеске келесідей анықтама беруге болады: тауарлар экспорты-бұл валюталық
пайда алу мақсатымен ұлттық аумақтан тыс жерде жергілікті өндіріс
тауарларын сату.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі даму кезеңінде экспорт абсолютті
қажеттілік ретінде қарастырылады. Тауарлар экспорты дамушы елдер сияқты,
сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер үшін де маңызды, алайда дәл экономикалық
даму деңгейі белгілі бір мемлекеттің өз өнімі экспортын жүзеге асыруының
қажеттілігі мен себептерін анықтайды. Дамушы елдер үшін экспорт қажетті
өнімнің импорты үшін серіктестіктерді тартуға мүмкіндік беретін, тұрақты
немесе уақытша және кездейсоқ артылғанды өткізу үшін сыртқы нарықтарға шығу
арнасы қызметін атқарады. Айта кететін жәйіт, мұндай елдердің басты мақсаты
сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал
экономикалық дмыған елдерде экспорт келесідей себептерден туындайды:
Техниканың қазіргі жетістіктері қымбат туратын жабдықты өндіруге мүмкіндік
береді, ол өнімнің көп мөлшері шығарылған жағдайда рентабельді болуы
мүмкін, оны тұтыну үшін ұлттық нарық тым шағын болуы да мүмкін. Сондықтан
бұл жағдайда халықаралық нарыққа шығу қажет.
Тауарлар реимпорты- кеден режимі, оған сәйкес мемлекет аумағынан
бұрын экспортталған жән өндірілген тауарлар әкелінеді. Мұнда реимпортталған
тауарларға импортталатындардан айырмашылығы кеден баждары, алымдар мен
салықтар салынбайды, сондай-ақ, квоталау, лицензиялау, максималды мен
минималды баға белгілеу және мемлекеттің орталық кеден органы қолданатын,
басқадай эономикалық саясат шаралары сияқты тааурлар мен көлік құралдарын
әкелуге шектеулер белгіленбейді.
Мемлекеттің кеден заңдылығы реимпортталатын тауарларға қойылатын
шарттарды қарастырады. Ең алдымен, тауарлар мемлекеттің кеден аумағынан
олардың экспортталған күнінен бастап, үш жылдық мерзім біткенге шейін
реимпортталына алады. Сонымен қоса,тауарлар өзгертілмеген күйде болуы тиіс,
айырықшалық тек тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары барысындағы
табиғи тозу бола алады. Және де мұндай жағдайларды ұйымдастыру мен
қадағалауды тауар иелері немесе тасымалдаушыларының өздері, сондай- ақ,
тікелей кеден шекарасында кеден органдары қамтамасыз етеді.
Тауарлар реимпорты барысында түрлі жеңілдіктерберу нәтижесінде
бұрын төленген төлемақы кеден төлемдерін өтеу немесе дара қайтару
жүргізіледі. Бұл мынаны білдіреді, яғни, бір жағынан, тауарларды экспорттау
барысында бұрын төленген кеден баждары, салықтар мен басқа алымдарды кеден
органдары реимпотерге қайтарады. Екінші жағынан, реимпортер түрлі
жеңілдіктер нәтижесінде алынған сомаларды қайтарады. Сондай-ақ реимпортты
жүзеге асырушы тұлға қайта қаржыландырудың реми мөлшеремесі бойынша
пайыздарды осы сомадан төлейді, бұл мөлшерлемені мемлекеттің ұлттық банкі
өзі ұсынатын несиелер бойынша белгілейді.
Тауарлар реэкспорты – бұл мемлекеттің кеден аумағынан бұрын
импортталған тауарларды, сондай-ақ, аукциондар, саудаластық, халықаралық
тауар биржаларында сатуға арналған тауарларды шығаруды қарастыратын кеден
режимі. Сонымен қоса, тауарлар реэкспорты кеден баждары мен салықтарын не
алусыз не қайтарумен, сондай-ақ, экономикалық саясат шараларынан баста
отырып тауарларды шығаруды білдіреді. Реэкспортқа тек шетелдік өндірісі
тауарлары ғана ұшырайды.
Кеден рәсімдеуі процедуралары мен кеден бажын төлеу процесін
жеңілдету мақсатымен импортталатын тауар иесі немесе тасымалдаушысы аталған
тауарды ары қарай реэкспорттау мүмкіндігін алдын ала көрсетуге құқылы. Бұл
мынаны білдіреді, яғни, егер импортер кеден органдарына реэкспорт үшін
әкелінген тауардың пайдалануы туарлы мәлімдеп, кеден декларциясы
қабылданған күннен бастап, 6 ай ішінде осы тауардың реэкспорты жүзеге
асырылатын болса, онда ол кеден бажын салудан босатылады, ал эконоикалық
саяасат шаралары оның қызметіне қаралмайды. Алайда кейбір болжанбаған
жағдайларға байланысты тауарлар реэкспорты 6 айлық мерзім ішінде жүзеге
асырылмауы мүмкін. Бұл жағдайда нақты реэкспорттың мүмкін еместігі
нәтижесінде тауар иесі немесе оны жылжытушы кеден бажын, салықтар мен
алымдарды, сондай-ақ, ұсынатын несиелері бойынша мемлекттің ұлттық банкі
белгілейтін, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша пайыздарды төлеуге
міндетті.
Тауарлар транзиті. Кеден режимі ретінде транзитті қарастырмас
бұрын оның анықтамасын беру қажет. Транзит - бұл аралық пунктерде қайта
тиеусіз үшінші мемлекеттің кеден аумағы арқылы бір мемлекеттен екіншісіне
тауарларды ауыстыру немесе тасымалдау, немесе бір мемлекетті екі кеден
постары арасындағы тауарлардың қозғалысы.
Әртүрлі елдердің арасындағы аумақтық шекаралар мен осыған
байланысты туатын қиындықтар халықаралық сауданың толық құнды жүзеге асуына
кедергілер жасайды. Көптарапты сауда байланыстарының дамуы мен кеңеюуіне
байланысты соңғы тағайындалу пунктіне жүк жеткізілмес бұрын, бірнеше ел
аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту қажеттілігі туындайды.
Сондықтан бұрыннан бері әлемдік қауымдастыққа қатысушы елдер үкіметі шетел
тауарларына олардың аумағын бір шекарадан екіншісіне дейін өзара тиімді
түрде кесіп өтуге мүмкіндік жасайтын, ережелер мен процедраларды әзірлеуге
тырысады.
Тауарлар транзиті – бұл еш кедергісіз, кеден баждары, салықтарын
төлемей және экономикалық саясат шараларының қолданылуынсыз шетелдік сияқты
отандық өндірістің де тауарларын мемлекттің кеден аумағы, шет мемлекеттің
аумағы арқылы тасымалдауға мүмкідік беретін кеден режимі. Сонымен қоса,
тауарлар транзиті мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатыменкеден
бақылауы кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің кеден аумағы арқылы тауарлар транзитін жүзеге асырмас
бұрын, мемлекеттің кеден органы беретін рұқсатты алу қажет. Алайда,
мемлекеттік мүддеге қатысты кейбір мақсаттарда, министрлер кабинеті
басқыншылық саясат жүгізетін елдерге қатысты белгілі бір операцияға тыйым
салуы мүмкін.
Заңдылыққа сәйкес бақылау мақсатымен транзитке арналған
тауарлардың жөнелтпе құжаттары болады, вагондар, жүк машиналары,
контейнерлер пломбаланады және тағы басқа.
Кеден қоймасы режимінде экспортқа арналған тауарлар кеден
төлемдерін алусыз үш жыл ішінде сақталады.
Кеден қоймалары ашық немесе жабық түрде болады. Оның бірінші
түрімен кез - келген тұлғалар пайдалана алады, ал жабық түрдегі қоймалар
нақты тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған.
Кеден қоймасының құрылтайшысы (иесі) қандай да бір кеден органы
немесе отандық заңды (жеке) тұлға болып табылады. Кеден қоймасын құру үшін
Оралық кеден органы беретін лицезия керек, кеден заңдылығының талаптарын
кеден иесі бұзған жағдайда оың күші тоқтатылуы немесе жойылыуы мүмкін.
Кеден қоймасының иесі нақты міндеттемелерді орындайды және кеден
қоймасы арқылы өтетін тауарларға қатысты кеден салықтары мен төлемдерін
төлеу бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады.
Кеден қоймасында кеден органы беретін тауарлар тізімінен басқа кез
- келген тауарлар сақталыуы мүмкін.
Кеден қоймасына қойылған тауарларды сақтау бойынша операциялар
жасалуы мүмкін, сонымен қатар, оларды сатуға даярлық жасау операциялары,
мысалы, тауар партияларын ұсақтау, іріктеу, қораптау, қайта қораптау,
белгілеу, т.б. операциялары.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимі халықаралық байланыстарға
арналып ашылған әуежайларда, порттар мен шекаралық өтклдерде кеден
бақылауымен тауарларды бөлшек сату үшін арналған, мұнда кеден баждары мен
салықтар алынбайды.
Бажсыз сауда дүкенінің иесі (құрылтайшысы) отандық заңды (жеке)
тұлға бола алады, ол үшін орталық кеден органынан соған сәйкес лицензия
алып, кеден органы белгіленген жерде орналасуы керек. Дүкен иесі кеден
заңдылығының ережелерін бұзған жағдайда лицезия шақыртып алынады немесе
оның күші тоқтатылады.
Бажсыз сауда дүкенінің иесіне белгілі бір міндеттер қойылады:
1) кеден бақылауынсыз оның дүкеніне бөгде тауарлар түсіп, өтпеуін
қадағалау;
2) өз мекемесінде лицензия шарттарын орындау;
3) түсетін және өтетін тауарларды есепке алып, кеден органдарына
құжаттар тапсырып отыру керек.
Бажсыз сауда дүкенінің иесі өзінің дүкені арқылы айгалатын
тауарлардың кеден төлемдерінің төленуіне жауап береді.
Кеден аумағында тауарларды өңдеу- шетел тауарларымен монтаж,
жинау, өңдеу мен жөндеу сияқты операцияларды жасауды пайымдайды, мұнда
өңдеу үшін тауар әкелінген (шығарылған) кезде кеден органдары баждар мен
салықтар салады да, ал содан кейін өңделгеннен соң қайтарып береді.
Бұл режим қызмет ету үшін кеден органдарының арнайы рұқсаты болуы
керек, ол егер отандық заңды (жеке) тұлға келесідей шарттарды орындайтын
болса ғана беріледі:
1) әкелінген тауарлар өңдеу өнімдерінде үйлесімді болуы керек;
2) кеден органдары белгіленген, қайта өңдеу өнімінің шығу мөлшері
мен өңдеу мерзімдерін ұстанатын болса.
Кеден органдары кеден аумағында тауарларды өңдеуге берген рұқсатын
шақырып ала алады немесе оның қолданылуын тоқтата алады. Мұнда рұқсттың
шақырылуы мәлімдеушінің берген мәліметтерінің толық еместігі немесе нақты
емес болуы, немесе оның иесі жоғарыда аталған талаптарды орындамаған
жағдайда, сондай-ақ, рұқсат одан әрі Республиканың экономикалық саясатына
сәйкес емес болған жағдайларда орын алуы мүмкін.
Кедендік бақылау кезінде тауарларды өңдеу режимінің орындалуы
басқа кеден режиміне өңдеу өнімін ауыстыру немесе еркін айналыс мақсатымен
тауарлардың келесі шығарылымына деін кеден бақылауы кезінде оларды өңдеу
үшін кеден аумағында шетел тауарларын пайдалануды пайымдайды.Мұнда оның
қызмет етуі экономикалық саясат шараларын қолданудан бас тартуға және
тауардың шығу тегін анықтау ережелерін айналып өтуге әкелмеуі тиіс.
Тауарлардың уақытша әкелінуі мен шығарылуының кеден режимі кеден
аумағында немесе одан тыс жерде кеден баждарынан толықтай немесе ішінара
бостау арқылы тауарлардың пайдалануына рұқсат беруге арналған. Бұл
режимдегі басты талап – тауарларды өзгермеген жағдайында және кеден
белгілеген уақыт аралығында қайтару керек (екі жылдық мерімнен көп емес).
Еркін кеден аймағы мен екін қойма режимі кезінде шетел тауарлары
сәйкес аумақтық шекаралар мен орындарда кедендік бажсыз орналастырылады
және падаланылады, ол отандық тауарлар экспорты, кеден режиміне сәйкес
шығаруға пайдаланылатын шарттарда орналастырылады және пайдаланылады.
Еркін кедендік аймақ мемлекеттің минстрлер кабинеті шешімімен
құралады, оның қызмет атқаруы кеден заңдылық шарттарына сәйкес келмесе, бұл
шешім қайта қатарылады. Бұл жағдайда еркін кедендік аймақ 6 ай ішінде
алынып тасталады.
Еркін қойма құру үшін орталық кеден органының лицензиясы керек,
оны заңдылықтың бұзылуы лицензияны шақырта немесе тоқтата алады.
Еркін кеден аймағы мен еркін қоймаларда кедендік баж бен салық
жинаудың келесі тәртібі бар:
- шетел немесе органдық тауарлар өз аумағына әкелінген кезде
төлемдер және салықтар алынбайды;
- тауарларды өз аумағынан кедендік аумақтың қалған бөлігіне
кіргізгенде және өз аумақтарынан тыс жерге шығарған кезде
тауарларға кеден төлемдері мен салықтары төленеді.
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды өңдеудің кеден режимі
кезінде кеден баждары мен салықтарын төлеуден толық немесе ішінара босата
отырып, сондай- ақ, экономикалық саясат шараларын қолданбай, мемлекеттің
кеден аумағында тауарларды өңдеу мен өңдеу өнімдерін ары қарай еркін
айналысқа шығару мақсатымен отандық тауарлар кеден аумағынан тыс жерлерге
шығарылады және пайдаланылады.
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды өңдеу кезінде мынандай
оперциялар жүзеге асырылуы мүмкін:
а) монтаж, жинау мен басқа тауарларға ұқсатуды, тауарды қайта
өңдеу мен өңдеуді қоса алғандағы тауарды даяарлау;
б) қалпына келтіруді қоса алғандағы, тауарды жөндеу;
в) өндірісте тұтылатын немесе қайта өңдеу өнімдерінің өндіріліп
жеңілдететін кейбір тауарларды пайдалану, тіпті бұл тауарлар қайта өңдеу
процесі барысында толықтай немесе жартылай тұтылатын болса да.
Тауарларды жоб кеден режимі ретінде баждар мен салықтарды салусыз,
бірақ кеден бақылауымен оларды пайдалануға жарамсыз күйде келтіруге
негізделеді. Егер шетел тауарлары тікелей қолданылуы бойынша
пайдаланылмайтын болса, онда олар жойылады.
Тауарларды жоюға рұқсатты, егер ол адам өмірі мен денсаулығына,
қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін жағдайлардан басқа кезде, кеден
береді.
Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тартудың ұйғаруынша тұлға
кеден баждары мен салықтарының тлуынсыз мемлекет пайдасына тауардан бас
тартады. Бұл режим келен рұқсатымен ғана жүзеге асады, бірақ одан шығындар
тудырмауы қажет.

1.2. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі

Қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі кеден
режимдері болып табылады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік режимдері, әдетте, көп
бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар
салынуы мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тарипті мөлшерлемесінің
бағанасы қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады.
Қолайлы жағдай режимі халықаралық сауда келісімінде 3 мемлекет
пайдаланатын өзара келісілген елдердің бір-біріне құықтар және жеңілдіктер
беруін (яғни, баждар, салықтар, алымдарға қатысты) ұйғарылған келісім.
Келісімді баждар бағанасы (қолайлы жағдай режимі) бас
тарифтер және саудабойынша келісім шеңберңнде көп жақты сауда келісімдері
нәтижесінде қойылған баждардың төмен мөлшерінен жаслады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік ұйымдастыру келісімдері
баждар бағанасын және жеңілдік мөлшернемелер бағанасын қамтиды. Олар дамушы
елдерге қатысты немесе қолайлы жағдай кеден режимін ұсыну келісімімен
байланысты елдерге тиесілі әрекет етеді.
Алыну әдістерін пайдалану кезінде тауардың нақты бағасын білу
мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру қажет.
Кейбір адвалорлық әдісте алым-салым мөлшері өзгермейді.
Ол тауарлардың бағасын тез өзгертіп отырады. Сондай-ақ техникалық
жағынан күрделі өнімдердің импортын реттеп отыруға өте ыңғайлы әдіс.
Өнеркәсібі дамыған елдердің, әсіресе Батыс елдерінің кеден
режимінің ерекшелігі- тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге
негізделеді. Үйлесімділік жүйенің пайда болуына көптеген себептер әсер
етеді. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, көптеген жаңа тауарлардың пайда
болуы және өзге де факторлар сыртқы саудада нақты жүйелі топтастыруды
тудырады.Халықаралық сауда статистикалық мәліметтерін жинау, салыстыру және
талдауды жеңілдету мақсатымен коммерциялық құжаттарды жүйелендіру
шығындарды азайту, сырқы сауда өнеркәсіптік және көліктік ұлттық
статистиканың арасында жоғары байланысқа жету.
Тауарларды сипаттау және кодтау үйлесімділік жүйелерінің негізгі
элементтеріне үйлесімділік жүйе номинклатурасымен тауарларды
классификациялаудың негізгі ережелері жатады.
Өндіруші ел болып тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті
өңдеуден өткен ел болып, мұнда өндіруші ел деп- елдер тобы, кедендік елдер
одақтары, ел аумағы немесе бөлігі аталуы мүмкін.
Нақты бір тауар не елге қатысты жеткілікті өңдеу критерийлері көп
айтымаса, она жалпы ереже қолданады. Оған сәйкес тауар жеткілікті өңдеуден
өтті деп есептеледі.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден көп болып кеткенінде
ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сырқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекеді және
ыңғайсыз болып келеді. Сондықтан кедендік баждар орнату тииімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе
шектелген тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республиасының
заңына сәйкес иелеріне қайтарылыды немесе кеден органдары арқылы
конфискацияланып, соттың шешімімен мемлекет мешігіне ауысып аукционға
шығарылып, сатылуы мүмкін.
Әлемде брлық тауарлық жүйелердің бірде біреуі Классификациялық
топтарды бірдей түсіндіретін түсініктермен қамтамасыз етілмеген, сондықтан
ол үйлесімділік жүйенің жетістігі ғана емес, сонымен қатар өнеркәсібі
дамыған елдерді кедендік баждар мөлшерлемелерін анықтауда қажетті шарт
болып, табылады.
Кодтау жүйесі, тауарларды кодтау – нақты бір жүйемен анықталған
ережелербойынша топтастыру объектісін белгілі түрінде немесе белгілер тобы
түрінде көрсетуге мүмкіншілік беретін техникалық әдіс. Топтастырудың кодтық
жүйесі мәліметті ыңғайлы түрде жинауда, беруде және өңдеуде қолданылады,
кодталған мәліметтерді ЭВМ–де өңдеуде ыңғайлау үшін де қолданылады.
Канаданың кедендік тарифі тауарларды сипаттау және кодтаудың
үйлесімділік жүйесіне негізделген.
Қолайлы жағдай режимі – ТСБА (тарифтер мен сауда Бас ассоциациясы)
(ТАГГ) мен дүниежүзілік сауда ұйымына мүше барлық елдерге және Канадамен
екі жақты сауда келісімдері бар елдерге берілген.
Канадаға импортталатын тауарларға көбіне ең қолайлы режим тәртібі
тарифтерінің мөлшерлемелері қолданылады. Канада кедендік бажын азайтуды
және ТСБА шеңберіндегі келісімдермен анықталатын “бұл азайтуларды нақты
деңгейлермен” байланыстыруды міндетіне алады. Мұндай келісімдер барысында
Канада импортталатын тауарлардың үлкен бөлігіне қолайлы жағдай режимінің
тарифтік мөлшерлерінің одан әрі азайтылуын жүргізу міндетін алуға дайын
екендігін білдіреді. Бұл тариф бойынша тауарлардың көбі бажсыз есептеледі.
Ең дамыған үлкен жетістік құрамына енетін Канаданың сырқы сауданың
реттеудегі кеден тарифтік құралдарын пайдалану тәжірибесін қарастырып өту
дұрыс болып көрінеді.
Канаданың кедендік тарифі тауарларды сипаттау және кодтаудың
үйлесімділік жүйесіне негіделеді. Канадаға әкелетін тауарлардың барлығы
қызметпен бақыланып отырады. Әклінетін тауарлар импорты жазбаша түрде
тіркелуі керек. Әдетте, кедендік баждар Канадаға тауар жеткізілгеннен кейін
төленеді.Осы уақытта тауарларға салынатын кедендік баж мөлшері анықталады.
Мұнда ең алдымен кодтау және үйлесімділік жүйенің сипатталуымен тауар
позициясы анықталады, ал кейін- бұл тауарлар категориясына қолданылатын
кедендік баждың мөлшерлемесі қойылады.
Аргентинаның сыртқы саудасын реттеу тәжірибесін де экспортты
бақылау жүйесін қарастыру маңызды. Аргентинада ұлттық өндіріс тауарларын
экспортын бақылауда шаралардың ең жиыны қолданылады. Мұнда экспорттық
баждар кең қолданылады және олар тауардың түріне, өндірістік өңдеу
дәрежесіне қарай сан алуан болып келеді. Ұлттық кедендік экспорттық
номенклатураға енген тауарлар әдеттегі және әдеттегі емес болып экпорт
тауарларына бөлінеді.
Аргентинаның сыртқы саудадағы мемлекеттік реттеу тәжірибесі ерекше
көңіл бөлуді қажет етеді және басқа елдерді экспорттық қадағалауында
қолдану мүмкіндігі алады.
Әдеттегі емес тауарлар экспортын ынталандыру үшін олардың
өндірісін және экпортын несиелерді сақтандыру және салықтарды жартылай
қайтару жеңілдік режим жүйесі арқылы қолданылады.
Шығыс Европа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сырқы
себептерге байланысты экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық
тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту
қажеттілігі туады.
Қолайлы жағдай жасау режимінің бағанасы бойынша баждар
мөлшерлемелері максималдық мөлшерлемеден көп кіші, олар таррифтің сәйкес
бағанасында көрсетіледі немесе оларды есептеу әдісі ерекше түрде
анықталады.
Шет мемлекеттерден әкелінетін тауарларға, яғни болгар тауарларына
қолайлы жағдай режимі қолданбайды, кеденде баж салығы 2 бағана негізінде
есептеледі, екі рет ұлғаяды.
Кедендік бақылауға Болгария мемлекетінің шекарасына әкелінген
тауарлардың барлығы қаралады. Бақылау кедендік органың кедендік деларациясы
арқылы жүзеге асады. Бұл стандартты деларация, яғни Еуропа одағына мүше
елдері де қолданады. Кедендік декларациямен бірге инвайс-шоттың, әкелінген
тауарларының ерекшелігін көлік құжаттарын, егер керек болса сақтандыру
полюсін, тауарлардың сертификаттарын көрсетеді немесе тауарлық жеңілдік
тарифімен қолданылса немесе тауарға рұқсат болса, онда арнайы экспорттық
немесе импорттық режим қолданылады.
Сонымен қатар, Европа елдерінің кедендік реттелуі Батыс Европа
елдерінің арасындағы сауда жолында кедендік барьерлер алынып тасталынған.
Одан келіп 3,5 жыл ішінде Батыс Европа елдерінде біртіндеп кеден баждарының
төмендеуі кезеңіне әкеліп тіркелді. Келіссөздерге қарай Европа одағында 2
реттен сыртқы тариф төмендетілді. Сөйтіп тариф ставкілері импорт
тауарларының бағасынан 5-10% құралды. Сыртқы әлемде тауар айналымы 3 ретке
көтерілді. Кеден барьерлерінің алынуы өзара Европа саудасында әрбір
мемлекет өз алдына ерекшелік танытатын салық, субсидия, санитарлық нормалар
мәселесібойынша заңдар болуымен қамтамасыз етілді.
Кеден режимдерін бүкіл әлемдік тұрғыда құрудың бастапқы
міндеттері:
- Экономикалық-әлеуметтік негізде әрекет ету;
- бүкіл қауымдастықты, тұрақтылықты мемлекет аралық өзара көмектесуді
бекіту;
- нарықты дамыду болып табылады.
Европалық экономикалық Одақтың ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін
ала отырып, ішкі нарықты тереңінен кедендік режимдерді, (ережелерді) асқтай
отырып ұлғайту қажет. Ол үшін өзге елге де және біздің елге де экономикалық
және кедендік шығындар тудырмайтын, барлық елге ортақ режимді немесе
ережені орнатуды басты мәселе ретінде қоб керек. Сонымен қоса, әлемдік
мемлекеттер арасында өзара міндеттемені бекіту жолымен:
- маңызды тауарларды өндіруде бір-бірімен бірлесіп атқаруға;
- бір-біріне жеңілдіктер ұсыну арқылы саудада білестікті кеңейту;
- ірі өндірістік кәсіпорындарды енгізуде бірлестіктің қамтамасыз
етілуіне жан-жақты күш жұмсау керек.
Тек ұқыпты жүргізілген кеден саясаты және тиімді қолданылған кеден
режимдері ғана мемлекеттің бірыңғай экономикалық және кедендік
кеңістіктерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Бірыңғай экономикалық және кедендік кеңістік – кеден шекрасы
арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының тиісті кеден режимдеріне
сәйкес өтіуіне тиісті құжаттарменен тексеруден өтіуін талап етеді.
Бүкіл әлемдік тәжіриьеде толық көлемде сыртқы сауданың режимін
жүргізу туралы өңделіп жасалынған. Сонымен қоса, келешекте бірыңғай кеден
аумағын құру жоспарланған. Ол дегеніміз ішкі шекрадағы кедендік бақылау
жүргізуді сыртқы шекараға ауыстыруды танытады.

2-тарау. Қазақстан Республикасында кеден режимдерін ұйымдастырудың
ерекшеліктері

2.1. Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері

Қазақстанда кеден ережелеріне сәйкес кеден шекарасы арқылы
тауарлар және көлік құралдары өткізіледі
Бастапқыда атап өткендей, кеден ережесі (режимі)- бұл кеден
мақсаты үшін Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарының статусын айқындайтын ережелер жинағы.
Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңында тауарлар мен
көлік құралдарының кедендік режимі түрлерінің жалпы тізімі көрсетілген .
Атап айтқада:
1. Ерікті айналымға шығару.
2. Реимпорт.
3. Транзит.
4. Кеден қоймасы.
5. Бажсыз сауда дүкені.
6. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу.
7. Кедендік бақылау мен тауарларды қайта өңдеу.
8. Уақытша әкелу.
9. Уақытша әкету.
10. Еркін кеден шекарасы.
11. Еркін қойма.
12. Кеден аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу.
13. Экспорт.
14. Реэкпорт.
15. Тауарларды жою.
16. Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту.
17. Арнайы кедендік режим.
Кеден режимдері сауда, өнеркәсіпті және халықаралық тасымалдау
мақсаты үшін орнатылады.
Кез-келген жүйеге шығу ұшін, кедендік- бағдарламалық операциялар
жүргізу арқылы “жүкті” өткізудің режімдік құрлымы болады. Кеден режимдеріне
нақты анықтама беретін болсақ, ғылыми көз қараста “Режим” латын тілінен
аударғанда (бағыттау, ереже ) яғни ережеге сәйкес бағыттау дегенді
білдіреді.
Әр елдің өзінің кеден режимі боады. Кез-келген жаңа, тиімді және
басқару ісі тәсілдері мен нысандарының болуына маңызды көңіл бөледі.
Халықаралық сыртқы сауда операцияларының көпшілігінде сату (сатып
алумен) және импорт (экпортпен) байланысты коммерциялық қызмет көрсетіледі.
Мұндай операциялардың мәні, ең алдымен келесі екі фактормен анықталады:
а) қажетті құжаттар ұсынумен шетел котрагентімен контрактының жасалуымен;
б) кеден режиміне сәйкес импорт шығарушы елден кеден шекарасы арқылы
тауарлар (қызметтер) өткізу.
Сыртқы сауда операцияларының мәмілелері объектісіне қарай
келесідей бөлінеді: тауарларды сату-сатып алу, құрмет көрсету,
интелектуалды меншік түріндегі мәліметтер сырқы сауда оператцияларының
арасында ең басты материалдық зттық түріндегі тауарларды сату-сатып алу
мәмілелерін жасау жөніндегі шешім орын алады. Мұндай түрднгі мәмілелер әр
алуан тотық тауарларға сәйкес топталады: шикізат саудасы, өндірістік
тауарлармен сауда, көлік және құрал-жабдықтар саудасы, тұтұнушылар
тағайындалған дайын өнім саудасы және т.б. экспорттық-импорттық операциялар
үшін үзіліссіз өндірісті процесті қамтамассыз етудегі бір жүйеде шикізат
тауарларын өндірудегі импорт шығарушыға тән сиптталады. Мұндай контрактілер
ұзақ мерзімді сипат алады. Шикізат саудасының маңызды ерекшелігі бір түсті
өнімнің қасиеті және өндірушілердің көп санымен, сондай- ақ, халықаралық
нарық өнімінің болуымен анықталады.
Өндірістік тауарлардың саудасына мемлекет тарапынан ықпал етіледі.
Бұл ықпал әртүрлі нысандарда болады. Олар: тарифтік және тарифтік емес
импортты шектеу, субсидия, кредиттеу және экспорттық өзге де артықтығы,
мемлекеттік және аралас компаниялар құру, үкімет аралық ұзақ мерзімді
келісімдер жасау, өндірістік тауарлармен сыртқы саудаға монополия белгілеу
және т.б.
Кеңінен тұтынуға қажетті халықаралық сауда тауарлары белгілі бір
ерекшелік танытады. Бұлардың ерекшелігі, негізінде өндірілетін өнімді және
әр алуан түрде өндірісте көрсететін қызметтер, дайын өнімді ауыстыру және
тұтыну үлкен номенклатура (тізімде) жасалады.
Әр бір кеден режимінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың әр
қайсысына тоқталып өткеніміз жөн. Оның бірі тауарлар экспорты- бұл
экспортқа тағайындалған тауарлар. Экспортты тауарларына қойылған талаптар
ұғыну үшін, кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібін және экспорттық
операцияларды жүргізуді білу керек.
Экспортты операциалар- сатуға және тауарларды шетел контрагентінің
меншігіне беру үшін тауарларды шығаруға бағытталған қызмет түрі. Экспортты
операцияларға қойылатын шарттың маңызы – сыртқы нарықта тауарларды
пайдалануға қойылатын сұранымның болуы.
Экспорт шығарушы операцияларды жүзеге асыру мына келесідей шешімді
қабылдау керек:
- берілген тауардың нарықта орын алуын белгілеу;
- сауда-саяси, көлік құқықтық талаптарды айқындау. Сондай-ақ, үкімет
аралық келісімдерді, импорт шығаратын елдегі сыртқы сауданың
мемлекеттік реттелуін, тарифтік емес барьерлерді- тыйым салынған
шектеулер, квотты пайдалану және лицензия алу тәртібін, тауары
сертификатына қойылған талаптар, темір жол тарифі және фрахтілі
ставкілер, сақтандыру туралы заңдарды, сондай-ақ сатып алушының елінде
шетел фирмаларының қызметін реттейтін заңдарды білу керек;
- нарықтық фирмалық құрылысын білу;
- нарықта әр алуан нысандағы және әдістердегі жұмысты анықтау;
- жарнамалық (рекламалық) шаралар жүргізу;
- (оферталар) сатып алушыға ұсыныс беру;
- саудаға қатысу немесе заказ қабылдау және бекіту;
- келіссөздер жүргізу және контрактіге қол қою.
Соңғы шешімді қабылдағаннан және контрактіге қол қойғаннан кейін
экспорт шығарушы ұйымдық бақылауға және оның орындалуына көңіл бөледі.
Еәдімгі экспорт операциялары кезінде тауардың дайындығына, қз уақытында
шығуға дайын тауардың хабарлануына және импорт шығаруының мекен-жайына
таурларды жіберуге, одан төлемдер алуына және өнім тапсырушының експ алуын,
төленуін, импорт шығарушының тарапынан претензияны қанағаттандыру үшін
бақылау жүргізу.
Өте күрделі экспорт операциялары қосымша кезеңнен тұрады:
- алдын-ала келісілген техникалық және басқа өндіру талаптары;
- экспорт өнімін дайындау үшін кезеңдік бақылау жасау. Содан соң
экспорт шығарушы кәсіорын тауарды тасымалдау және оны құжатпен
толтыру енгізіледі.
Тауарлар экспорты- шығарылатын кезде кеден баждарын және өзге де кеден
төлемдерін төлеу, экономика саясатының шараларын қолдану және өзге де
Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы және өзге де заң актілерінде
көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асырылады.

2.Жүкті тағайындалған жерге апару
- Тауарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы кедендік режим
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
Сатылып алынған тауарлардың есебі
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт түрлері және мазмұны
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
Касса операцияларының есебі
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Пәндер