Еркін сауда саясаты
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы 5
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері 5
1.2 Кеден саясатының құралдары 9
1.3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе 13
2 Қазақстан Республикасынның кеден саясатының қалыптасуы мен дамуы 17
2.1 Кеден саясаты принциптері және ТМД елдерінде кеден саясатын басқару
17
2.2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының қазіргі қызметі 20
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Кеден саясаты ұлттық
экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін,
яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын
анықтайды.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей,
Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге
асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және
экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету
және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де
мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып
табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды
жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып,
кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден
саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға
болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел
әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін
шешім қабылдайды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның
бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді
әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып
табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-
13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық
жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден
органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың
түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3
млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.
Осы жоғарыдағы мәліметтерден Қазақстан Республикасының экономикалық
және саяси дамуы үшін кеден саясатының үлкен рөл ойнайтынын және бұл
тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғаруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Менің зерттеу жұмысымның
мақсаты – кедендік саясаттың экономикалық сипаттамасы, бағыттары мен оның
халықаралық экономикадағы орны мен қолданылу тарихымен танысу, сонымен
қатар кеден саясатының Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен
жүргізілу ерекшеліктерімен таныс болу. Аталмыш мақсат мынадай міндеттерді
жүктейді:
➢ Кеден саясатының теориялық сипаттамасын қарастыру;
➢ Кеден саясатының халықаралық экономикалық қатынастардағы орнын
анықтау;
➢ Кеден саясатының әлемдік экономикадағы тәжірибесімен таныс болу;
➢ Қазақстан Республикасында кеден саясатының қалыптасуы мен дамуын
зерттеу;
➢ ҚР кеден ісінің нормативтік базасын қарастыру;
➢ Қазіргі таңдағы кеден органдарының іс-әрекетімен танысу;
➢ Т.б кеден саясаты мен кеден ісіне байланысты жаңа ақпараттармен таныс
болу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Менің курстық жұмысым 2 тараудан тұрады. 1-
тарау үш бөлімнен тұрады. 1-тарауда кеден саясатының теориялық сипаттамасы,
яғни кеден саясатының бағыттары мен құралдарын қарастырдым. Сонымен қатар
кедендік-тарифтік реттеудің кеден саясатында алатын орны мен оның әлемдік
және ұлттық тәжірибелері қарастырылды. Ал 2-тарау екі бөлімнен тұрады. 2-
тарауда Қазақстан Республикасының кеден саясаты, оның қалыптасуы мен дамуы
туралы ақпараттар жиналды. Сонымен қатар, кеден саясатының принциптері мен
ТМД елдеріндегі кеден саясаты және Қазақстан Республикасында қазіргі
таңдағы кеден ісінің даму беталысы туралы сөз қозғалды.
Курстық жұмыс қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және
сілтемеден тұрады. Менің курстық жұмысым 27 беттен тұрады.
1 Кеден саясатының теориялық сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік протекционизм дамуының негіздері
Алдыңғы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде адам Смит
халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді
сынауға арналған атақты Халықаралық байлығының себептері мен табиғаты
туралы зерттеу (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату
ғана емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды
экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. Әдебиетте
оның тәсілі абсолютті артықшылықтар принципі деп аталды. А.Смит тиімді
әрекет ететін шаруашылық субъектісіне тән болатын жалпы принциптерін
өзгешелеп, оны сыртқы саудада пайдаланды.
1–кесте
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
1–кестеде нақты елде нақты тауардың бір данасын шығаруға қажетті
уақыты туралы мәліметтер берілген. Мысалға: А еліндегі S тауар бірлігін
шығаруға 3 сағат қажет, ал В елінде – 12 сағат. Бұл бізге А елінде В еліне
қарағанда тауар бірлігін шығаруға аз уақыт кететіндігін және А елінің S
тауарын шығаруда абсолютті артықшылыққа ие болады. В елі өз кезегінде Т
тауарын өндіруде абсолютті артықшылыққа ие болады. Егерде А елі Т тауарының
өндірісін қысқартып, S тауарының өндірісін ұлғайтса, ал В елі, керісінше S
тауар өндірісін қысқартып, Т тауар өндірісін ұлғайтса, бұл жерде
Халықаралық еңбек бөлісу (ХЕБ) мен абсолютті артықшылықтар принципі
негізіндегі сауда орын алады (2-кесте.).
2–кесте
Мемлекет А Мемлекет В Бүкіл әлем
Тауар S +2 дана -1 дана +1 дана
Тауар Т -1 дана +3 дана +2 дана
Бұл жағдайда, егер А елі Т тауар өндірісін 1 данаға қысқартса, ол оған
6 сағат үнемдеуіне мүмкіндік беріп, S тауарының 2 данасын шығаруға
пайдалануына болады. Осындай жағдай В елінде де болады. Бұл жерде
өндірістің бірден қысқаруы арқылы 12 сағат үнемделіп, Т тауарының 3
қосымша данасын шығаруға болады.
Жалпы алғанда, қосымша ресурстарды пайдаланбай-ақ ХЕБ арқасында S
тауарының әлемдік өндірісі 1 данасы, ал Т тауарының өндірісі екі данаға
ұлғаяды.
ХVII ғасыр соңында шикізат тауарларының саудасы басым болып,
А.Смиттің осы теорияны жасауына себеп болды. Шындығында цитрустарды Ангияда
емес, тропикалық елдерде өсіру тиімді екені белгілі. Бірақ сол кездің
өзінде Англияның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропа елдеріне
келген болатын. Әрине абсолютті артықшылықтар теориясы тек табиғи
ерекшеліктерге ғана негізделуі мүмкін емес еді. Осыған байланысты А.Смит
табиғи артықшылықтармен қатар иеленген артықшылықтар барын көрсеткен.
3–кесте
Мемлекет А Мемлекет В
Тауар S 3 сағат 12 сағат
Тауар Т 6 сағат 4 сағат
А.Смит бір елдің барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болған
жағдайды қарастырмайды. Оны өзінің саяси экономия бастамасы мен салық
салу (1819) еңбегінде Давид Рикардо жасады. Ол еңбегінде А.Смит моделі
жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді
сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді
сауда үшін А.Смит принциптерін ұстан кедергі келтірмейтінін көрсететін
модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар заңын ашты: ел өндіруде
ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға (егер ол екі тауар бойынша
абсолютті артықшылыққа ие болса) немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес
(егер бірде-бір тауар бойынша абсолютті артықшылығы жоқ болса) тауарлар
экспортына мамандануы қажет. Ол хрестоматиялық мысал болып кеткен ағылшын
матасын португалдық шарапқа айырбасын келтірген. Шарап пен матаны өндірудің
абсолютті шығындары Португалияда Англиядан төмен болғанымен, айырбас
нәтижесінде екі ел де пайда табады. Осы мысалдың бастапқы шарттары
4 таблицасында келтірілген.
4–кесте
Англия Португалия
пмата 100 жұмыскержыл 90 жұмыскержыл
П шарап 120 жұмыскержыл Жұмыскержыл
4 кестеден көріп отырғанымыздай, Англиядан (п) матаның белгілі
мөлшерін өндіру үшін жылына 100 жұмысшы қажет. Осы мата мөлшеріне Англия
өзінде өндіріске жылына 120 жұмысшы қажет ететін (m) Португалдық шараптың
бір бөлігін сатып алады. Сондықтан Англияға Португалияға мата сату арқылы
оның шарабын сатып алу тиімді. Португалияда бұл өнімдерді өндіруге 90 және
80 дана жұмысшы еңбегі жұмсалады, сондықтан оған матаны шарапқа айырбастау
тиімді. Д.Рикардоның пікірінше 100 ағылшын жұмысшысымен 80 португалдық
жұмысшының еңбектерінің теңсіз айырбасы елдер арасындағы өндіріс
факторларының ауысуындағы қиындықтарға байланысты болады.
Д.Рикардоның моделіне байланысты, Португалия Англияға қарағанда екі
тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие болып отыр, бірақ Португалия шарап
өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие, өйткені оны өндіру үшін Англияға
қарағанда 67 пайыз (80120*100) шығынын жұмсайды, ал мата өндірісіне – 90
пайыз (90100*100). Сондықтан Португалия үшін шарапты, Англия үшін матаны
өндіру мен экспорттау тиімді болып табылады.
Осы жоғарыда айтылған теориялар арқылы мемлекеттік протекционизмнің
даму негіздерін байқаймыз, яғни осы теориялардың негізінде мемлекеттік
протекционизмнің теориясы анықталды.1
Кеден саясатының негізгі екі бағыты бар:
▪ Еркін сауда саясаты;
▪ Протекционизм.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей
араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді.
Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден
толық шеттелуін бірдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне
максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.
Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара
байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін
төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге
халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс
жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған
жоқ.
Протекционизм – отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға
бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі
рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік
рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге
жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы төменірек елдерде
экономиканың тоқырауына және осы тиімсіз экономикалық құрылымның
қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмектеседі. Аграрлы
елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болып
табылады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді.
Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына
әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің
техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарлатуға ынтасы төмендейді.
1
Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде
болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын
тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету
деңгейінде ғана рұқсат етіледі.
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде
шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін
пайдаланылуда.
Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағытында еркін сауда
байланыстарының, еркін айырбастың маңызы зор.
Д.Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар ілімі еркін сауданың
тиімділігін дәлелдейді. Ал қазіргі нақты жағдайларда еркін сауда идеясын
толығымен тек халықаралық ұйымдардың жарғылары мен халықаралық экономикалық
қатынастарға арналған оқу құралдары ғана бір ауыздан қолдайды. Ал,
күнделікті тіршілікте бұл мәселе сан қилы. Дүниежүзілік шаруашылық
халықаралық еңбек бөлінісі және халықаралық байланыстар арқылы тек пайда
табуды көздеген алыпсатарлардан тұрмайды. Саяси және экономикалық
қайшылықтағы мемлекеттер бар, олардың көздеген ұлттық мүдделері бар.
ХХ ғасырдың басында еркін сауда қағидасы көптеген Еуропалық елдердің
қолдауы арқасында протекционизмнің алғашқы көріністерімен қатар өмір
сүрді. Протекционизм нашар дамыған елдердің экономикалық саясатында тез
көктеп, жедел жетіле бастады. Мұның себебі, бұл елдердің өз экономикасы
үшін немесе экономикадағы белгілі бір салалары үшін ерекше қолайлы
жағдайларды жасауға ұмтылыстарынан туған еді.
Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттердің протекционистік саясатының
бағыттары көп түрлі, көздеген мақсаттары бүркемелі.
Мемлекеттік протекционизмнің жалпыға белгілі және жиі кездесетін
түрлерін атап өтейік:
▪ өсуі енді ғана басталған ұлттық өнеркәсіпті қолдау;
▪ нақты тауарды өндірудегі елдің салыстырмалы артықшылығын баянды
ету;
▪ өндірістің қалыптасып келе жатқан жаңа салаларын қорғау;
▪ өнідірістің құлдырауын болдырмау;
▪ жаңа жұмыс орындарын ашу және оларды қорғау;
▪ егемен экономиканың дамуын қамтамасыз ету;
▪ әскери-саяси тәуелсіздікті орнықтыру;
▪ ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
▪ төлем балансының тепе-теңдігін реттеу және т.с.с.
Протекционистік саясатты қолдану қажеттігін көрсету үшін мынадай екі
тезисті дәлелдеу керек:
1. халық шаруашылығы немесе нақты өнеркәсіп саласының дамуын
жүзеге асыру үшін протекционистік саясаттың зиянынан пайдасы
көп.
2. көздеген мақсатқа жетудің ең тиімді құралы – протекционизм.
Әрбір тезисті дәлелдеу үшін ұқсас немесе альтернативтік
әдістерді мұқият талдау қажет.4
Жоғарыда жазылғанның бәріне қатысты, шектеулерді жою пайдасына
айтылатын негізгі бір аргумент бар, ол – елдің халықтың әл-ауқаты сыртқы
экономикалық байланыстарды шектеу арқылы емес, еркін сауда жағдайында
едәуір өседі.
Мемлекеттік протекционизмнің жүргізілуі тиімді, егер шегімен болса.
Себебі протекционизмнің соңы инфляция мен жұмыссыздыққа әкеліп соғады және
нарықтық экономиканыің тоқырауына әкеп соғады.
1.2 Кеден саясатының құралдары
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір
іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу,
мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу
болып табылады.
Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер
жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың
пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы,
мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес
шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік
емес шектеулер кіреді.
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып
кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі.
Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың
импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін
қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен
тұтынуы жүзеге асырылады дейік. 1-ші суретте S түзуі мақтаның ұсынысын, D
түзуі – сұранысты, ал Р0 – ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға)
білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері Q0-ге
тең болады. Бұл жағдай автаркиялық экономикада пайда болуы мүмкін.
P
S
P0
Pt
Pw
D
Q1 Q3 Q0 Q4 Q2
Q
1–сурет. Импорттық тарифтердің іс-әрекетінің механизмі
Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Pw-қа
тең кезінде ашты деп болжамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан,
ішкі бағалар төмендеп, мақта өнідірісі Q0-ден Q1 дейін төмендеп, тұтыну Q0-
ден Q2 дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі
(Q2–Q1) тең болады.
Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі
импорттық баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете
алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Pt-ге тең жаңа баға қалыптасып, T=Pt–Pw
болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Qt-ден Q3-ке дейін өседі.
Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел
тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі.
Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан,
өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу
деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ
біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған
байланысты Pw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған
кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Pt бағасы
бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.
Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4
төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі
өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты
әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады.
Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне байланысты әсері әр түрлі
болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар
үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Тарифтердің бағаларға әсер етуі ішкі сұраныс пен әлемдік ұсыныс
көлемінің арақатынасына байланысты болады. Әлемдік ұсынысқа қарағанда аз
сұранысы бар Қазақстан мемлекеті қойған тариф әлемдік бағаны төмендете
алмайды. Ал ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Әлемдік баға әсер ете алатын үлкен мемлекет жағдайында, баж салығы
импорттаушы елде тауар бағасын жоғарылатып, экспорттаушы елде төмендетеді.
Баға өзгерісінің нәтижесінде тұтынушылар импорттаушы елде ұтылса,
экспорттаушы елде ұтады. Өндірушілерге келсек, жағдай керісінше болып,
импорттауышы елде ұтып, экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салығын
енгізген мемлекет болса, табыс алады.
Баж салығын енгізуден шыққан шығындар келесідей көрсетіледі:
Тұтынушылар шығындары – Өндірушілер пайдасы – Мемлекет табысы немесе
түсініктерді фигуралармен алмастырса:
(a+b+c+d) –a–(c+e)=b+d–e
Осы арқылы біз шығындарды өлшейтін екі үшбұрыш және ұтысқа сәйкес
келетін төртбұрышты алдық. b+d аумағы тариф әсерінен тиімділіктің
төмендеуін көрсетсе, е аумағы сауда жағдайларының жақсаруынан алынған
ұтысқа тең болады. Өйткені, баж салығы Қазақстан өнімінің бағасын
төмендетеді. Баж салығы енгізілгеннен кейін, Қазақстан ірі эскпорт нарығын
жоғалтпау үшін өніміне бағаны төмендетуге барады. Бұл құбылыс Мецлер
парадоксы деп аталады.
Нақты кедендік қорғау көлемі дайын өнім мен шикізатқа баж салығы
көлемдері арасындағы айырма мен дайын өнімдегі шикізат үлесі көп болуымен
байланысты жоғарылай түседі. Кедендік қорғау тиімділігінің деңгейі мынандай
формуламен анықталады:
Бұл жерде: q – дайын импорт өніміне салынатын кедендік баж салығының
номиналды деңгейі:
a1 – тарифтің жоқ жағдайындағы аяққы өнім бағасындағы импортталған шикізат
құнының көлемі;
t1 – импортты шикізатқа салынатын номиналды тарифі.
Бұл формуладан қорғалу деңгейінің жоғарылауы дайын өнім мен шикізатқа
салынатын баж салықтар көлемі ұлғайғаннан ғана емес, оны өңдеу дәрежесі
жоғарылаған сайын немесе қосымша құнның азаюына байланысты болып отыр. Бұл
тәжірибе көбінесе шығарылатын шикізаттың өңдеу деңгейін жоғарылатуға
тырысатын дамушы елдерге қатысты дискриминациялық сипат алуда.
Кедендік баж салықты төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:
1. тауар қозғалысының бағыты бойынша.
Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық және
транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары
кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен
фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.
2. баж салығын орнату әдісі бойынша.
Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама
болып бөлінеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз
мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.
Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы
жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі
Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды
бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі
салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы
тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.
Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті
мағынасында орнатылады.
Құрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі
әдіспен орнатылады.
3. баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.
Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискримниациялық баж
салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе
қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден
төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе
тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.
Ал тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:
1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға
бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары:
квоталар, лицензиялар, орнын толтыру алымдары,
импорттық депозиттер және демпингке қарсы және
орнын толтыру баж салықтары;
2. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған,
бірақ сондай нәтижеге әкелетін шаралар:
кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және
санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды
орау мен таңбалауға қойылатын талаптар т.б.
сияқты.
3. сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған,
бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:
квоталар, лицензиялар және басқа да тарифтік
емес шектеулер.
Квота (контингент) деп – белгілі кезеңде импорттық немесе экспорттық
тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. 0-ге тең квота қойылған
жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго
орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де
қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау
әдісі болып табылады.
Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары
импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.
Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша
елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда қолданылады. Импорттық
квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты
қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін
қолданылады.
Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табылады.
Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.
Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған
квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы
көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай
шаралар арқылы сүт, балық, картоп және мотоциклдің кейбір түрлерінің
импорты реттеледі.
Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт
пен импортқа құсат болып табылады.
Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр
ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты
валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу
кезіндегідей болады. Одан айналып өтудің әдісі клирингтік келісімдер,
қарама-қарсы сауда болып табылады.
Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы
мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті
шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру
және т.б.
Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын
ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін
жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт
бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе
ақшалай формада болады.
1.3 Кедендік-тарифтік реттеудегі әлемдік және ұлттық тәжірибе
Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі
элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің төмендеу
тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілерді шетелдік бәсекеден
қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.
Кедендік тарифтер көп түрлілігі және орындайтын мәселелері бойынша
мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте кең
қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде
пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған
елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда.
Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды
келесі топтарға бөлуге болады:
1. өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тарифтері;
2. дамушы елдер тарифтері;
3. Шығыс Еуропалық елдер тарифтері.
1.Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік тарифтері, әдетте, көп бағаналы
болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы
мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тариф мөлшерлемесінің бағанасы
қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады. Қолайлы
жағдай режимі деп – халықаралық сауда келісімдерінде үшінші мемлекет
пайдаланатын, өзара келісуші елдердің бір-біріне құқықтар және жеңілдіктер
беруін (баждар, салықтар, жинақтарға қатысты) ұйғаратын келісім. Мұндай
режимнің КСРО мен АҚШ сауда экономикалық байланысында ұзақ болмауы АҚШ-на
экспортталатын кеңестік тауарларды, тап сондай, бірақ басқа елдің
тауарларымен салыстырғанда тиімсіз жағдайға әкелді.
Алыну әдістеріне қарай кедендік баждар арнайы және адвалорлық деп
бөлінеді. Адвалорлық баждар тауар бағасы бойынша пайызбен есептеледі. Оны
пайдаланған кезде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды
кедендік бағалау процесін жүзеге асыру керек.
Арнайы (спецификалық) баждар ұлттық валютада нақты көрсетілген
мөлшерде салмақ, көлем, т.б. бірліктерінен алынады. Тауар салмағына қарай
баждарды есептеу брутто және нетто арқылы есептеледі. Кедендік брутто-
салмақ тауар қорабын қамтымауы, ал керісінше, нетто-салмақ қорапты
қамтуы мүмкін.
Ең көп тараған баждар – адвалорлы баждар. Оның мәні мынада:
қалқымалы валюта курстары кезінде ұлттық валюта құнсызданғанның өзінде
адвалорлы баждар қолданғанда кедендік алым-салым мөлшері өзгермейді.
Қазіргі таңда Батыс елдеріндегі кедендік алым-салым қатысты түрде
төмен деңгейде. Сонымен, АҚШ, Жапония, ЕО ортақ кедендік тарифі; Швеция,
Швейцария, Норгевия, Австрия, Канада және Финляндия кедендік тарифтерінің
ортақ арифметикалық деңгейі 6,47 пайыз, ал орта кедендік тарифтердің шектеу
функциясы, негізінен, кейбір тауарларға салынатын жоғары баж мөлшерлемесін
сақтауға және импортталатын өнімнің өңделу дәрежесіне байланысты кедендік
мөлшерлемелерді прогрессивті өсуі арқылы жүзеге асырады.
Ең жоғары кедендік баж, әдетте, еңбекті көп қажет ететін өнеркәсіп
салаларына салынады. Оларға тоқыма, тері, аяқ-киім, машиналар және
құралдар, бірінші орында – электротехникалық машина құрылғылары жатады.
Отандық өңдеу өнеркәсібін қорғау мақсатында дамыған елдерде баждар
эскалациясы (біртіндеп ұлғаюы) кезінде тарифтерді құру әдісі қолданылады,
яғни бір технологиялық тізбек бөліктері болып келетін тауарлардың өңделу
дәрежесіне қарай мөлшерлемелердің өсуі.
Батыс елдерінің кеден тарифінің ерекшелігі болып тауарларды кодтау
және талдау үйлесімділік жүйеге негізделген, ол кедендік одақ кеңесімен
жасалынды және 1988 жылдың қаңтарынан бастап кедендік істе кең түрде
қолданды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығы үйлесімділік жүйеге негізделген
жаңа кедендік тарифке көшуді аяқтады. Мұнда әдеттегідей, үйлесімділік
жүйенің алты белгілі тауарлық субпозициялары 8 белгіге дейін кеңейтілген.
ЕЭО-ға мүше елдерге статистикалық және кедендік ұлттық номенклатураларын
құруда код мөлшерін 14 белгіден артық емес етіп пайдалану ұсынылған.
Үйлесімділік жүйені пайдалана алу тек отандық тауарлар экспорты
кезінде дамыған елдермен алынатын кедендік мөлшерлемесін білу үшін ғана
қажетті емес. Ол сыртқы экономикалық қызмет бойынша мамандардың барлығына
қажет, әсіресе түрлі халықаралық ұйымдарға мүше бола бастағаннан кейін.
2.Ал дамушы елдердің кедендік тарифтеріне келер болсақ, дамушы
елдердің импортын реттеуде кедендік тарифтердің маңызы үлкен. Дамыған
елдермен салыстырғанда бұл елдерге импортталатын тауарларға салынатын
баждың орташа деңгейі өте жоғары. Ол ең алдымен, өнеркәсіптің жас салаларын
қорғау мақсатына байланысты. Сонымен қатар, баж мемлекеттік бюджетке
түсімдердің маңызды көзі болып табылады.
Ұлттық нарықты тарифтік кедергілермен қорғау дәрежесіне қарай дамушы
елдерді үш топқа бөлуге болады: Біріншіден, 50%-тен аспайтын кедендік
баждар мөлшерлемелері және көптеген тауарлардың бажсыз енгізу режимі тән.
Бұл топқа Африка және Латын американдық елдер тобы, соның ішінде Ангола,
Нигерия, Боливия, Чили т.б. Азия-Тынық мұхиты аймағының бөлек елдері –
Сингапур, Филиппин, Тонга. Бұл топқа Парсы шығанағының да кейбір елдері
жатады.
Екінші топқа кедендік баж мөлшерлемелері жоғарырақ елдер жатады.
Мөлшерлеме 50-100% мөлшерінде ауытқиды. Оған Алжир, Ливия, Танзания
(Африка), Иран, Индонезия (Азия-Тынық мұхит аймағы) және Оңтүстік Корей
елдері жатады.
Дамушы елдердің үшінші тобы бар, олардың баждары 100%-тен артады (кей
жағдайда айтарлықтай көпке). Оған жататындар: Египет, Ботсвана, Марокко,
Колумбия, Пакистан, Индия, Сирия, Таиланд, Турция, баждарының жоғары
мөлшерлемелерімен Египет, Эквадор, Пакистан ерекшеленеді.
Дамушы елдердің көбі тарифтер құруды, кедендік достастық кеңесі
Брюссель тауарлы номенклатурасы негізінде жасайды, ал елдердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz