Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

К I Р I С П Е 3
1-тарау. Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту
принципi 5
1.1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-әрекеттерi
6
1.2 Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру шарттары 11
2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудегi алдын ала операциялар
15
2.1. Тауарлар мен көлiк құралдарын бақылаудағы қажеттi құралдарды және
кедендiк режимдердi талдау 15
2.2 Бажсыз сауда дүкенi 18
2.3 Кедендiк транзит 24
ҚОРЫТЫНДЫ 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 31

К I Р I С П Е

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік
ресімдеу мен кедендік бакылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік
төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы ерекше
бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен
сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың
арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың
басқа да құралдарын қамтиды.
Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру
кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы, Қазақстан
Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының
құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және
экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету
және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де
мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып
табылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Рөспубликасының
Конституциясына негізделеді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден
тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта өзгеше
ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Кеден ісі саласында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген
күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік
құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде
өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары
қолданылады.
Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін
болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста
болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық
сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар,
қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының
юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
Біз бұл курстық жұмысымызда кедендегі тауарлар транзиті жөніндегі
мәселені қарастырмақпыз.

1-тарау. Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту
принципi

Қазақстан Республикасы кеден заңдарының басқа да арнаулы ұғымдары
айқындалатын маңынада пайдаланылады. Қазақстан Республикасы заңдарының
азаматтық және басқа да салаларының ұжымдары, егер осы Кодексте өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында олар қалай
пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік
шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелері Тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан
әкету құқығы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда
көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан
әкетуге тән негіздерде құқығы бар. Қазақстан Республикасының заң
актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы үкіметінің нормативтік
қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге
және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер,
Қазақстан Республикасын кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары
белгіленуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен
көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау
болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру
немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-
әрекеттер болып табылады.

1.1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-
әрекеттерi

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке
адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен
көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету
туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
шьғу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пунктіне енуі;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту
үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы
тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықаралық почта қызметін
көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады. Валюталық құндылықтарды Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының
валюталық заңдарына және сәйкес жүзеге асырылады.
Кедендік ресімдеу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден
заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс.
Кедендік режимді таңдау және өзгерту. 1. Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның
таңдауы бойынша көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік
режимге орналастырылады. 2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік
режимін тұтас көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы
мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау. Тарифтік емес
реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде. Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының
кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын
құжаттарды табыс етуге міндетті.
Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік
құралдарын тәркілеу көздөлмесе, Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа
қайтарылуға жатады. Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды
тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам тасымалдауш жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ
шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында
белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден
органдары жібереді.
Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету.
Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға
билік ету көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады. Тауарлар
мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік
ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шартты түрде жіберу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік
төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы
Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен
көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс. Шартты түрде жіберілген
жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.
Кедендік бақылауды белгіленген тәртіп пен нысандарда Қазақстан
Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
кеден органдары. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылымы мен
қызметі Қазақстан Республикасының кеден органдары.
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде
Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден
ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік
органдар. Кеден органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасы кеден
органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар
(республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық
бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшелері);
3) кедендер;
4) кеден бекеттері;
5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау- өткізу
пункттері;
6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен кеден
зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да
мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.
3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып
табылады және Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін ережелер
негізінде іс-әрекет жасайды.
4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақты
белімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет
жасайды.
5. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып
табылмайды және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекітетін
ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
6. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық
бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан
Республикасының үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың
қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу
жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік
құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады.
Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен
қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Кеден
органдары қызметінің принциптері Кеден органдарының қызметі:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы
экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке
қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады.
Кеден органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске
асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан
Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын
қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке
қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
6) Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы
құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және
жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын
қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы
халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге
де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері
бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының
материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі
мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды
қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық
бақылау жүргізу;
13) Қазақстан Республикасыныңзаң актілерінде көзделген өзге де
міндеттерді орындау болып табылады. Кеден органдарының орналасатын жерлері:
Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағымының
көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму
қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
белгілейді. Көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден
органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады. Кеден органдары көзделген
жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті
жүзеге асырушы тұлғаларға) уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі
кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-
жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың,
темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында
орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-
жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында
көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі. Кеден органдарына арналған жер
учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға
беріледі. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар. Тауарлармен және көлік
құралдарымен кедендік рәсімдер белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік
бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
Кеден органдарының жұмыс уақыты. 1. Кеден органдарының жұмыс уақытын
көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. 2.
Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де кеден
органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен
қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс. 3. Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс
уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет
мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге
тиіс.

1.2 Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру шарттары

1. Тауарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу
кезінде, егер:
- сол тауардың шығарылған еліне Қазақстан Рөспубликасы
қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тарифтік
артықшылықтар берілген;
- кеден органында тауардың тауарларды әкелу тарифтік емес реттеу
шараларымен реттелетін елдерде шығарылғаны туралы негізделген
ұймдарында болған;
- Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын
халықаралық шарттарда бұл көзделген жағдайларда, тауардың шығарылуы туралы
сертификат табыс етіледі.
- Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда тауардың шығарылуы
туралы сертификат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын
халықаралық шарттарда көзделген белгілі бір нысан бойынша табыс етіледі.
- Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелеріне қарамастан.егер:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар
таңдап алынған кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждарды және
салықтарды төлеуден босатылса;
2) бір келісім-шарттың шеңберінде көп рет жеткізіп беруді, сондай-
ақ нақ сол тауарды бір женелтуші нақ сол алушының атына әртүрлі келісім-
шарттар бойынша қайталап жеткізіп беруін қоспағанда, әкелінетін тауарлар
легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік керсеткішке балама
сомадан аспайтын болса;
3) жеке адамдар Қазақстан Республикасыныңкедендік шекарасы арқылы
өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының үкіметі
белгілеген нормалар мен шарттар сақталатын болса;
4) бұл Қазақстан Республикасыныңхалықаралық шарттарында
көзделседауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмейді.
4. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы, тауарды
кедендік ресімдеу алдын ала және уақытша декларациялау рәсімі бойынша
жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясымен және
кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға қажетті басқа да құжаттармен бір
мезгілде табыс етіледі. Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми расталған
кешірмесі қабылданады.
5. Тауарлардың шығарылуын сертификатта көрсетілген
мәліметтерді тауардың ілеспе құжаттарында бар мәліметтермен
бірдейлендіргеннен кейін кеден органдары белгілейді. Тауардың іс жүзінде
жеткізіп берілген мөлшері мен сертификатта көрсетілген мөлшері арасындағы
алшақтық бес проценттен аспауға тиіс. Өзге жағдайларда тауардың шығарылуы
туралы сертификат қате ресімделген болып есептеледі.
6. Сертификаттың немесе ондағы мәліметтердің түп
нұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда кеден органы тауар
шығарылған елдің сертификатын куәландырған, мемлекет уәкілеттік
берген органына, сертификаттарды іріктеп тексеруді жүзеге асыруды қоса
алғанда, қосымша не нақтылаушы мәліметтерді хабарлау жөнінде дәлелді
өтінішпен шыға алады. Бұл орайда тауардың шығарылуын
растайтын құжаттар табыс етілгенге дейін тауар сол елде шығарылған болып
есептелмейді.
7. Кеден органдарында кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
арқылы ресми түрде табыс етілген бланктер Үлгілерінің,
мөртаңбаларының,тұлғалар қойған қолдардың, сондай-ақ тауарлардың шығарылуы
туралы сертификаттарды растауға және беруге уәкілетті ұйымдардың мекен-
жайларының болуы тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды кеден
органдары қабылдауының шарттары болып табылады.
8. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап
етілмесе, онда тауардың шығарылған елі тауардың шығарылуы туралы
декларациямен расталады. Тауардың шығарылу себептері бойынша тауарды
жіберуден бас тарту үшін негіздемелер:1. Егер тауардың шығарылған елі
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы қатысушы
болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тауарлары Қазақстан
Республикасына әкелуге жатпайтын ел болып табылатын жағдайда кеден органы
тауарларды жіберуден бас тартады.
Кеден органының бұл бас тартуы декларантқа жазбаша түрде табыс
етіледі. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе тауардың шығарылуы
туралы декларацияны дұрыс ресімдемей табыс ету немесе оларды табыс етпеу,
көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жіберуден бас тарту үшін негіздеме
болмайды. Тауардың шығарылған елі расталмаған жағдайларда мұндай тауарларға
қатысты кедендік баждың екі есе көбейтілген ставкалары қолданылады.
Тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларация
қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін сол тауарлардың шығарылған
елін растауды алған жағдайда артықшылық режимі немесе ең қолайлы
режим қолданылады (қалпына келтіріледі). Тауарлардың шығарылған елін
анықтауға қатысты қосымша ережелер: 1. Қазақстан Республикасының тарифтік
артықшылықтары "тікелей тиеп жіберу" ережелері сақталған жағдайда беріледі.
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда
белгіленген жағдайларда, қатысушы елдер үшін тарифтік артықшылықтар беру
шарты ретінде "тікелей сатып алу" ережелерінің орындалуы қажет. 2. Белгілі
бір тауарлар транзит елдерінде болған жағдайда, соның ішінде бұл елдердің
аумағында олар қоймаға уақытша қойылған немесе кедендік қоймаға қойылған
кезінде кедендік бақылауда болған жағдайда экономикалық, географиялық,
техникалық немесе көліктік себептердің салдарынан тауарлар бір немесе
бірнеше елдің аумағы арқылы өткізілетін реттерді қоспағанда, тауарды өзге
мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдамай (алып жүрмей), тауарды өздері
шығарылған елдің аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткізілетін елдің
аумағына жеткізілген және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда
болған;
1) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен
кезден бастап көрсетуден басқа қандай да бір өзге
мақсаттарға пайдаланылмаған;
2) табиғи тозу не тасымалдаудың (алып жүрудің) және
сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған тауарлардың
жай күйіндегі өзгерістер ескеріле отырып, тауарлар Қазақстан
Республикасына олардың көрмеге немесе жәрмеңкеге қойылған күйінде
жеткізілген жағдайда көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алынған
тауарлар да "тікелей тиеп жіберу" ережелеріне жатады.
4. Қазақстандық тұлға мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық шартқа қатысушы ел резидентінің арасындағы шарт
негізінде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізілуі "тікелей сатып алу" ережелеріне жатады. Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.

2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудегi алдын ала
операциялар

Кедендік операциялар мен рәсімдер тауарлар мен көлік құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу тауарлар мен
көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезінде
алдын ала операцияларды жүзеге асыру тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен
жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту;
2)Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан ету туралы
кеден органдарына хабарлау;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пунктінде алдын ала кедендік рәсімдеу;
4) Тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған
құжаттарды межелі кеден органына жеткізу;
5) Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына
хабарлау;
6) Тауарлар мен келік құралдарын уақытша сақтау.
2. Осы тараудың ережесі құбыр тасымалын пайдалану арқылы және
электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қолданылмайды.

2.1. Тауарлар мен көлiк құралдарын бақылаудағы қажеттi құралдарды
және кедендiк режимдердi талдау

1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасынан өтуі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту тауарлар мен
көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға
арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына
мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді.

Өткізу пункттері мыналар:
1) әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - межелі әуежай
немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының
кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы;
2) теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - Қазақстан
Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу
порты;
3) көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін – жүру
жолындағы бірінші кеден органы;
4) құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша
өткізілетін тауарлар үшін, - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылеан жерлер
тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізу пункті болып табылады.

Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту
туралы хабардар ету

1. Тасымалдаушы не тауарларды өткізуші тұлға өткізу пунктінде орналасқан
кеден органын Қазақстан республикасының кедендік шекарасынан өтуі
туралы хабардар етуге міндетті.
2. Кеден органдары Қазақстан республикасының кедендік шекарасынан өту
туралы хабардар ету - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына шекарадан өту фактісі
туралы хабарлау.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту кезінде
кеден органын хабардар ету тауарларды, көлік құралдарын және оларға
арналған тауарға ілеспе құжаттарды Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына табыс ету арқылы
жүргізіледі.
4. Кеден органының лауазымды адамдары осы баптың 3-
тармағында көзделген құжаттарды қабылдаудан бас тартуа құқылы емес.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде
алдын ала кедендік ресімдеу

1. Негізгі кедендік ресімдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізуге жол бермеу үшін жүзеге
асырылатын іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу кезінде:
1) орналасуы кеден органдарымен келісілген тиеу-түсіру
операцияларын жүргізу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда
тауарлармен және көлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Кедендік төлемдер: түрлері, есептеу, төлеу тәртібі
Кедендік жүк декларациясы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
Кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігі
Кедендік бақылау
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Пәндер