Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ3
1-тарау. Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi4
1. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-әрекеттерi4
1. 2. Кеден органдарының құқықтары мен өкiлеттiлiгi8
1. 3 Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері13
1. 4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру шарттары19
2 тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудегi алдын ала операциялар22
2. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарын бақылаудағы қажеттi құралдарды және кедендiк режимдердi талдау22
Қорытынды27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі29
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бакылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы ерекше бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Рөспубликасының Конституциясына негізделеді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Кеден ісі саласында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
1-тарау. Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi
Қазақстан Республикасы кеден заңдарының басқа да арнаулы ұғымдары айқындалатын маңынада пайдаланылады. Қазақстан Республикасы заңдарының азаматтық және басқа да салаларының ұжымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелері Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету құқығы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тән негіздерде құқығы бар. Қазақстан Республикасыныңзаң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасын кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан шекарасы арқылы өткізу тәртібі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады.
1. 1. Тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдаудағы өзге іс-әрекеттерi
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі) ;
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;
4) Қазақстан Рөспубликасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта женелтімдерін халықаралық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және сәйкес жүзеге асырылады.
Кедендік ресімдеу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс. Кедендік режимді таңдау және өзгерту .
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін түтас көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау. Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көздөлмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады. Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам тасымалдауш жузеге асырды. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.
Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға билік ету көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шартты түрде жіберу. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік телемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс. Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды белгіленген тәртіп пен нысандарда Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының кеден органдары. Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылымы мен қызметі Қазақстан Республикасының кеден органдары.
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Кеден органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары) :
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, Астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері) ;
3) кедендер;
4) кеден бекеттері;
5) Қазақстан шекарасындағы бақылау- өткізу пункттері;
6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.
3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақты белімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекеттері мен бақылау-еткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
6. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. Кеден органдары қызметінің принциптері Кеден органдарының қызметі:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады.
Кеден органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
6) Қазақстан сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;
13) Қазақстан Республикасыныңзаң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады. Кеден органдарының орналасатын жерлері: Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағымының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады. Кеден органдары көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға) уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар. Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс. Кеден органдарының өкілеттігі. Кеден органдарының құқықтары.
1. 2. Кеден органдарының құқықтары мен өкiлеттiлiгi
1) өз өкілеттігі шегінде көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету женіндегі қызметін бақылауды жұзеге асыруға; кедендік режимге орналастыру
Кеден қоймасындағы сақталу кезеңінде ырық бермес күштің әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымдалған тауарлар, егер олар жарамсыз, бүлінген немесе зақымдалған жағдайларда әкелінгендегідей болса, декларант таңдаған кедендік режимге орналастырылуға жатады.
Кеден қоймасы кедендік режимі күшінің аяқталуы
1. Кеден қоймасының кедендік режимі тауарларды өзге кедендік режимге орналастырумөн аяқталады. Кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге толық немесе ішінара мәлімделіне алады.
2. Тауарлар өзге кедендік режимге орналастырылған сәттен бастап үш тәулік ішінде кеден қоймасынан әкетілуге жатады.
Кеден қоймалары және олардың түрлері
1. Кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес тауарларды сақтау Үшін арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып танылады.
2. Кеден қоймасы тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген тұлғаның пайдалануы үшін қолжетімді ашық түрде және қойма иесінің немесе қойма иесі айқындаған жекелеген тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі кеден қоймасы оның иесінің өтініші бойынша лицензияға тиісті өзгерістер енгізіле отырып, ашық түрдегі кеден қоймасы болып қайта құрылуы мүмкін.
3. Кеден органдары құрған кеден қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
Кеден қоймаларының қызметіне қойылатын талаптар
4) Қазақстан Республикасыныңзаң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасыныңзаң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;
6) Қазақстан Республикасыныңзаң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды кино және фотосуретке түсіруге;
7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Рөспубликасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;
8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға құқылы.
Кеден органдарының міндеттері
1. Кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;
3) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
4) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруаға
6) Қазақстан құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;
8) кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және республикалық бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
9) мемлекеттік бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өтемақыны белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жұзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;
11) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
12) мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;
18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
20) белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;
21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;
22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz