Қазақстан Республикасының кедендік бақылау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 1

1. Қазақстан Республикасының кеден органдары және жүйесі2

1. 1 Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүйесі мен құрылымы

1. 2 Кеден органдарының лауазымды адамдары.

2. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
2. 1 Кедендік бақылау жүргізу

2. 2 Кедендік бақылауды іріктеп жүргізу және кедендiк бақылау жүргiзу принципі.

2. 3 Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар.

2. 4 Кедендік бақылау аймақтары

2. 5 Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің міндеттілігі және Кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мамандар мен сарапшылар тарту.

3 Кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі.

3. 1 кедендік бақылау жүргізу нысандары

4. Барлық көлік құралдарындағы кедендік бақылау.

4. 1 Су көлігіндегі кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу

4. 2 Теміржолдарда өткізілетін кеден бақылауы

4. 3 Әуе көлігінде кедендік бақылаудың жүзеге асуы

4. 4 Автокөлік тасымалын кедендік бақылау

4. 5 кедендік бақылауының сараптамасы

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Кеден iсi саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын iске асыру кезiнде кеден iсiн қолдану жөнiндегi мемлекеттiк реттеу саласы.
Осы Кодекспен реттелмеген кеден iсi саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен реттеледi.

1. Қазақстан Республикасының кеден органдары.

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

Кеден iсi саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын iске асыру кезiнде кеден iсiн қолдану жөнiндегi мемлекеттiк реттеу саласы.
Осы Кодекспен реттелмеген кеден iсi саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен реттеледi.

1. 1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары) :
1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi) ;
3) кедендер;
4) кеден бекеттерi;
5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;
6) мамандандырылған кеден мекемелерi құрайды.
2. Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерiн құрады.
3. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
4. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.
6. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.
8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және iшкi су кемелерiнде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгiсi болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден органдарының танылу белгiсi қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
9. Кеден органдарының тиiстi кедендiк инфрақұрылымы болады.

1. 2 Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына;
2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты;
4) тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына;
5) кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.

2. Кедендiк бақылау

2. 1Кедендiк бақылау жүргiзу

Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына;
2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты;
4) тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына;
5) кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.

2. 2 Кедендік бақылауды іріктеп жүргізу және кедендiк бақылау жүргiзу принципі.

1. Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын Кодекстiң 441-бабында белгiленген кедендiк бақылау нысандарын пайдаланады.
2. Кедендiк бақылау нысандарын таңдау кезiнде осы Кодекстiң 60-тарауында көзделген тәуекелдiктi бағалау мен басқару пайдаланылады. Кедендiк бақылаудың басқа нысандарын қолданбау не олардан босату тұлғалар осы Кодекстiң ережелерiн сақтау мiндеттiлiгiнен босатылады дегендi бiлдiрмеуге тиiс.
3. Қажет болған жағдайда кеден органдары осы Кодекстiң 471-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады.

1. Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
2. Мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2. 3 Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар.

1. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап және:
1) Кодекстiң 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
2. Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
3. Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.

1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңiз, iшкi су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдiк кемелер мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы кемелердi ұстау (қайтару) жөнiндегi әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.

2. 4 Кедендiк бақылау аймақтары

1. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
2. Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
3. Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
4. Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол берiледi.

2. 5 Кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен
мәлiметтер берудiң мiндеттiлiгi

1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi.
2. Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы.
3. Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
4. Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын кейiнгi операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң құжаттарын және басқа да ақпаратты, оның iшiнде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.
6. Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.

1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шарттық негiзде өзге де ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
2. Мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк құпия, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.

3 Кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі.

Кедендiк бақылау нысандары:
1) кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
2) ауызша пiкiр сұрау;
3) түсiндiрмелер алу;
4) кедендiк қадағалау;
5) тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
6) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау;
7) жеке тексеру;
8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу;
9) тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру;
10) тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу;
11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.

3. 1 Кедендік бақылау жүргізу нысандары

Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру

1. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi.
2. Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады.
3. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы.
4. Iрiктеп тексеру негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол берiледi.

Ауызша пiкiр сұрау

Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда ресiмделмейдi.

Түсiндiрмелер алу

Түсiндiрмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы.
Түсiндiрме жазбаша нысанда ресiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.

Кедендiк қадағалау

Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру

1. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық почта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жай-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлiк құралы мен оның жүк тиелетiн бөлiктерiн ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлiк құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және өзге де тауарларды бiрдейлендiру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
3. Кедендiк бақылау аймағында тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi тексеру кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру нәтижелерi бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi. Кедендiк қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.

Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
Кеден бақылауының нарықтық экономикадағы қажеттілігі
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Кеден органдарының қызметінде бақылау функциясы
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау
Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz