ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ4
1. 1. Кеден органдарымен кедендік ресімдеу және алдын ала операцияларды қолдану тәртібі мен тағайындалуы4
1. 2. Кедендік бақылаудың мәні мен негіздері10
1. 3. Әр түрлі көлік түрлерінде кедендік ресімдеу және кедендік бақылау жасау ерекшеліктері20
ІІ-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ22
2. 1. Кедендік жүктік декларациялар негізінде 2002-2003 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда көрсеткіштері22
2. 2 Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар бойынша 2002-2004 жылдардағы көрсеткіштері24
2. 3. Қазақстан Республикасының кеден органдарының жеке аймақтары бойынша негізгі қызметі24
2. 4. Қазақстан Республикасында әр түрлі көліктік құралдар түрлерінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау30
ҚОРЫТЫНДЫ35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасыида кеден ісінің құрылуы экономикалық реформалармен және құрылымдық қайта құрумен тәуелсіз мемлекет ұйымдастыруымен байланысты күрделі жағдайларда жүргізілді.
Экономиканың бұл кезеңде дамуы халықаралық шаруашылықты байланыс жүйесіне Қазақстан Республикасының жайлап кіруі. Бүкіләлемдік сауда ұйымыиа мүше болу дайындығының қажеттілігі кеден қызметіне және шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметте нақты реформалардың жүргізуін талап етті.
Кедендік ресімдеу мен кеден бақылауы кеден заңдарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кедендік ресімдеу мен кеден бақылауы мемлекеттің кеден саясатын іске асыруының құралдарының бірі болып табылады және кеден органына ресімдеу мен бақылауды орындау жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заң шығаруын Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүзеге асырылатын жиынтық шегі болып табылады. Кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың негізгі мақсаты нақты кедендік режим саласына тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру мақсатында әрекет жасауын және кеден заңына сәйкес, бұл ресімдеудің аяқталуын тұжырымдайды. Кеден бақылауын жүзеге асыру мақсаты түрлі тексерулер көмегімен, анықталу кедендік операцияларды жүргізу мен кеден заңының әрекеті сәйкестігін анықтау кедендік қызметке қатысатын жеке және заңды тұлғалармен белгілеуін қадағалауды тұжырымдайды.
Кеден органдарының қызметінің сипаты, кеден ісі саласында маңызды орын алатын кедендік ресімдеу және кеден бақылауымен көбінесе анықталады.
Бірақ, кеден органдарының қызметінде кедендік ресімдеу мен кеден бақылауына тікелей қатынасты міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін функцияларды іске асыру үлкен роль атқаруына көңіл бөлу қажет.
Кеден бақылауын жүргізу кезінде белгіленген заңмен, қажетті жағдайларда басқа да әдістер қолданылады, оның ішінде, кеден бақылауының ықшам рәсімін жасауға көмектесетін әр түрлі арнайы техникалық құралдарды қолдануына рұқсат етеді, сонымен бірге, тауарлар мен көлік құралдар контрабандасымен күресуде мәні зор.
Қазақстанның геосаяси ережесі дүниежүзілік экономикада екі мағыналы. Бір жағынан, Азияның орталығында орналаса отырып, көлік магистралінің (теміржолдық, әуелік, автокөліктік) өтімінде орналасқан, бұл Еуропа және Азияны біріктіреді, ал басқа жағынан, Қазақстанның теңіздер мен мұхиттарға шығысы жоқ. Соңғы уақытта барлық көлік түрлерінің тасымалдау көлемі жыл сайын өсуде. Қазақстан арқылы көліктік тасымалдаудың негізгі бөлігі жақын шетел мемлекеттеріне келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауының рәсімдерін бірегейлендіру болып табылады, сонымен қатар, оны жетілдіру жүйесінің жолдарын нақты көрсету:
- тиімсіз немесе артық кеден рәсімдерін жою;
- кедендік ресімдеу мен кеден бақылауының саралау технологияларын әзірлеу.
Қазақстан Республикасында кеден органдары мен кедендік инфрақұрылым жанының материалды-техникалық дамуындағы мақсаты, кеден органдарының нақты атқарымдылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кеден органдарымен кедендік ресімдеу және алдын ала операцияларды қолдану тәртібі мен тағайындалуы
Кедендік заңға сәйкес кедендік ресімдеу - бұл тауарлар мен көлік құралдарының анықталған кедендік режимде орналасуы және сол режим әрекетінің аяқталу тәртібі. Тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарына ресімдеу функциясын орындау барысында құрылады.
Осы функцияның тағайындалуы есеп жүргізу мен мәліметтерді тіркеу тауарлар мен көлік құралдарының өтуі туралы мақсатында толық және дұрыс ақпаратты негіздердің қалыптасуы: тиімді құжаттық және нақты кедендік бақылау үшін шарттарды қамтамасыз ету, сонымен қатар, валюталық, экспорттық, ветеринарлық, экологиялық және басқа бақылау түрлері, сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен арнайы кедендік статистиканы жүргізу, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кедендік режимге сәйкес дұрыс таңдауға, соған қатысты тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға, сол режимді сақтауға және оның әрекетінің уақтылы аяқталуына көмек көрсету болып табылады.
Кедендік ресімдеу сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен барлық тауарлар мен көлік құралдарын міндетті түрде декларациялау туралы заң талаптарын орындалуымен базаланады. Декларациялау кедендік декларацияның ауызша, электронды немесе жазбаша нысанда ұсынуымен және кедендік ресімдеуге қажетті басқа құжаттар мен мәліметтердің ұсынуымен көрсетіледі. Тауарлар мен көлік құралдарының әкетілуі мен әкелінуі және транзиті кезінде декларанттың түрлі жағдайларда болуына байланысты декларациялау тәртібі, сонымен бірге, декларантпен таңдалған кедендік режимге байланысты қатты ерекшелінуі мүмкін. Осыған сәйкес, кедендік ресімдеу тәртібі де әрбір нақты жағдайда арнайы болады, бірақ та, барлық жағдайда оның түсінігі өзгертілмейді - тауарлар туралы мәліметтерді құжатты фиксациялау, олардың кедендік шекара арқылы өтуі туралы шешім қабылдауы болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеу өзіне келесі әрекеттерді тексереді:
- барлық қажетті тауарлар мен көлік құралдар периметрінің кедендік мақсатта мәліметі бар және олардың өтуі (көліктік, тауар жолдамалы, басқа коммерциялық құжаттар, жүктік кедендік декларация немесе басқа қысқа декларацияның) ауызша өтініштерді фиксациялауын, құжаттардың есеп жүргізуін және тіркеуін, электронды көшірменің декларантпен алынуын;
- кедендік декларация мен басқа да әрбір кедендік режим үшін бекітілген тәртіпке сәйкес анықталған мәліметтерді енгізуін, кеден органдарының лауазымды тұлғасының сол мәліметтерге қолтаңба мен оның нөмірлі мөрімен басуын;
- түрлі құжаттардың құруын;
- тауарларды уақытша сақтау қоймасына түсу есебін қабылдауын және беруін ресімдеуді;
- уақытша сақтау қоймаларындағы тауарлар мен көлік құралдарынан сынама және үлгілерді алу туралы құжаттарды ресімдеуін;
- шешімдерді қабылдау және оларды тауарлар мен көлік құралдарына байланысты фиксациялау;
- тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау және кедендік ресімдеудегі құжат ішіндегі фактіні аяқтаудың мақұлдауын кіргізеді.
Кедендік ресімдеуді ұйымдастыру - тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өтуіне байланысты кеден органдарымен жүргізілетін шаралар кешені. Бұл кешен көрсетілген жерлер мен оларды жүзеге асыру сияқты кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдардың орналасқан басқа жерлерінің кедендік ресімдеуін қамтамасыз ететін кедендік және кеден жаны инфрақұрылымын өзіне қосады. Бұдан басқа кедендік ресімдеуді ұйымдастыру келесі мәселелерді шешеді:
- кеден шекарасынан өтудің нақты орындары мен уақыты туралы;
- кедендік ресімдеуді жүзеге асырудың орындары мен уақыты туралы;
- экспортты немесе импортты операцияларды жүзеге асыру үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушылармен хабарлау тәртібі туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын ұсыну мен көрсету, жеткізу әдісі уақыты мен орны және оларға арналған құжаттарды кеден органдарына беру туралы;
- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға алу, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру тәртібі туралы.
Декларациялау рәсімі тауарлар мен көлік құралдардың кеден органдарына ұсыну кедендік ресімдеудің негізгі бөлігі болып табылады.
Жүктік кедендік декларацияны ұсыну кезінде кеден органдарында келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1- Жүктік кедендік декларациясын беруде декларанттың құзыретін растайтын құжаттар: кеденге құжаттар мен жүктерді ұсынатын жеке тұлғалардың сенімхаты, клиентпен келісім құжаты; бағдарламаға сертификат, декларанттың квалификациясын растайтын құжат.
2. Ресімделетін тауарларға коммерциялық құжаттар:
а) тауарларды жеткізу үшін негіз болатын құжат: сатып алу-сату контрактысы;
ә) бартер кезіндегі контракт;
б) тауарлардың құнын растайтын құжаттар:
спецификация;
шот-фактура (қосымша 6) .
3. Тауаркөліктік құжаттар:
- тауаркөліктік накладнаясы (қосымша 7) ;
- коносамент - теңіздік көлікпен жүкті жеткізу кезінде (қосымша 8) ;
- халықаралық автокөлік накладнаясы;
- авианакладная - жүкті авиакөлікпен жеткізу кезінде;
- теміржол накладнаясы - жүкті теміржол көлігімен жеткізу кезінде;
- жүктік ведомость;
- жүктік квитанция;
- қораптау қағазы;
- тиеу актісі;
4. Кедендік ресімдеудің өндірісі үшін тікелей ұсынылатын құжаттар:
- тауарларды жеткізу бойынша бақылаудың құжатгары;
- МДП кітабы;
- кедендік тасымалдаушының лицензиясы (қосымша 9) ;
- тауарларды қайта өндіруге берілетін лицензия;
- ресімделетін тауар партиясына жүктік кедендік декларация;
- кедендік құн декларациясы;
- кедендік міндеттеу;
- квитанция - банк немесе кеден кассасына қолма-қол ақшаны төлеу өндіріледі;
- кепіл келісімі;
- банктың кепілдігі (қосымша 10) ;
- СТ-1 нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат (қосымша 11) ;
- А нысаны бойынша тауардың шығу елі туралы сертификат.
Қазақстан Республикасының кеден органы кедендік ресімдеудің мақсаттары үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге және мерзімдерді белгілеуге құқылы.
Кедендік ресімдеу нақты орындарда тауарларды жөнелтуші мен қабылдаушы немесе оның құрылымдық бөлімшелері орналасқан кедендік органдар қызмет аймақтарында және осыған рұқсат берген кедендік органдардың жұмыс уақытынан тыс жүргізіледі.
Кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және сақтау мақсатында, оларды ұсыну орындары тауарлардың шығарылуына дейін, не пайдалануда тұлғаға ұсынуда таңдалған кедендік режимге сәйкес, кеден органдарымен, не қазақстандық занды тұлғалармен құрылған уақытша сақтау қоймалары болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарының келу орны мен жеткізу орны кедендік заңға сәйкес уақытша сақтау қоймасы ғана болуы мүмкін. Сондықтан да аэропорттарда, порттарда, халықаралық қатынас үшін ашық жүктік аумақтарда, қоймаларда және кедендік шекара арқылы өтетін тауарларды қабылдау, тиеп алу, түсіру, беруді жүзеге асыратын теміржол станциялар жерлерінде, халықаралық автокөлік қатынастарды жүзеге асыратын мемлекеттік немесе кедендік шекара арқылы жіберу бекеттерінде уақытша сақтау қоймалардың қажет болуы міндетті болып табылады. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сактау қоймаларына орналастыру негізгі кедендік ресімдеудің алдын ала операцияларына жатады, яғни оларды декларациялауы мен оларға белгілі кедендік режим қолдануы жатады. Алдын ала операциялар осы рәсімдердің өндірісін жеңілдету мен жеделдетуге арналған және шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарды әкелу мен әкетуге жібермеуге бағытталған, сонымен қатар, кедендік мақсатта сол тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіруге бағытталған.
Көлік құралдар жөнелтілетін тауарлар құрамында декларацияланады, ал олардың кедендік ресімдеуі тауарларды кедендік ресімдеу орындарында жүзеге асырылады. Кедендік шекарада кедендік ресімдеуге теңіздік, өзендік және әуе кемелері, салтаң көлік құралдары мен жолаушыларды таситын көлік құралдар жатады. Олардың декларациясы кеден органдарына мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын көлік құралдарының және олардың құжаттарын ұсынумен жүзеге асырылады.
Кедендік заңға сәйкес кеден шекарасының өту орны және тауарлар мен көлік құралдарының кедендік ресімдеуін жүзеге асыратын орны кедендік бақылау аймағы болып табылады, ал тауарлар, көлік құралдары мен тұлғалардың, оның ішінде, басқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шекара арқылы мұндай аймақтармен кеден органдарының рұқсатымен, олардың бақылауына жіберіледі.
Белгіленген тәртіпке сәйкес және кедендік ресімдеу үрдісі негізінде шарттарға байланысты тауарлар мен көлік құралдардың кедендік шекара арқылы өтуінде екі саты ажыратылады: алдын ала операцияларды жүзеге асыру және негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру.
Алдын ала операциялар негізгі кедендік ресімдеудің жүргізуін жеңілдету және жеделдетуге арналған. Негізгі кедендік ресімдеу тауарлар мен көлік құралдарын, олардың декларациялау үрдісінде сәйкес кедендік режимге орналастырумен түсіндіріледі. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік ресімдеуі кеден органдарының лауазымды адамы осы рәсімді жүзеге асыруда өзінің дайындығы туралы өтініш білдіргеннен кейін 30 минуттан кешікпей басталу керек. Сонымен қатар, кеденге және кедендік бекеттерге кедендік ресімдеуді келесі жұмыс күннің аяқталуына дейін ұсынады. Осы мақсаттарда кеден органдарына тауарлар мен көлік құралдарын ұсынудың ақырғы уақыты белгіленген.
Декларацияны беру уақыты тауарлар мен көлік құралдарын және таситын тауарларды ұсыну уақытынан бастап 15 күннен аспау керек. Салтаң көлік құралдары шығу немесе кіру кезінде кедендік шекарадан өткеннен кейін 3 сағаттан кешікпей декларациялауға жатады.
Кедендік ресімдеу үрдісінде декларациялаудан және келесі көрсетілетін операциялардан басқа маңызды түрлі әрекеттер жүзеге асырылады. Бұларды дұрыс және уақтысында орындамаса, негізгі кедендік ресімдеу бойынша шешімдер қабылдау қиынға соғады.
Кедендік іске қатысы бар барлық әрекеттер, кедендік ресімдеуге, кедендік заңға сәйкес алдын ала операциялар әр түрлі, маңызы және негізгі кедендік ресімдеу мақсаттары үшін өте қажет.
Олардың ең маңыздылары мыналар:
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъект ретінде тұлғаны тіркеу және кеден органдарына сәйкес құжаттарды алу;
сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының лицензиясы және кедендік төлемдерді төлеуін растайтын немесе оған кепілдік беретін басқа рұқсат ететін құжаттарды;
кеден органдарының классификационды шешімдерін;
кедендік мақсатқа қажетті басқа құжаттарды алу;
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекарадан тыс шығаруы туралы немесе олардың кедендік шекарадан өтуі туралы кеден органдарын хабардар ету;
сәйкес жағдайда кедендік төлемдерді төлеу туралы үшінші тұлғаның кепілдігін кеден органдарына ұсыну немесе қажетті сомаларда кеден органдарының депозитіне аудару;
жеткізілім, тасымалдау келісімдерін қорытындылау, көліктік экспедицияны декларациялау;
тауарды бірдейлендіру мақсатында сынамалар мен үлгілерді алу;
кедендік жүктік декларацияны немесе уақытша және қысқа декларацияларды кеден органдарына ұсыну (қосымша 15) ;
уақытша сақтау қоймаларына тауарларды орналастыру;
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін жүзеге асыратын барлық басқа әрекеттер.
Айтып кеткендей, алдын ала кедендік ресімдеу тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін жеделдетуге және кедендік шекара арқылы өтетін тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және әкетуіне бермеуге, сондай-ақ бірдейлендіруге бағытталған.
Кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты барлық күштерді біріктіру кедендік бақылау мақсатына жету үшін өз құзыреті шегінде - негізгі кедендік ресімдеу алдындағы алдын ала операциялардың негізгі міндеті болып табылады. Кеден органдарының келісімі бойынша негізгі кедендік ресімдеу мен алдын ала ресімдеу сатысында пайда болатын басқа мәселелерді жүзеге асыру орны, уақыты мен тәртібі декларанттың, не кедендік брокердің, тасымалдаушы мен тікелей кеден органдарының құзыретіне жатады. Алдын ала операцияларды іске асыратын барлық қатысушы тұлғаларды әрекеттестігі нәтижесінде ғана оларды жүзеге асыру мақсатында тиімділікке жету мүмкін.
Оның ішінде, алдын ала операцияларға нақты мән-жайлар пайда болған, оларды қолданумен байланысты ерекше тағайындалу мен іске асыру тәртібі шартталған. Ең алдымен, бұл мән-жайлар тауарлар мен көлік құралдары әкелу кезінде кедендік бақылау астына алу үшін кедендердің жіберулерімен көрсетіледі, сәйкес кеден органдарына кедендік бақылау астына алу тағайындалуы үшін жеткізу туралы шешім қабылдайды.
Кедендік бақылау астындағы жеткізу рәсімінің мәні тауарлар, көлік құралдарымен, олардың құжаттарын, яғни бақылаудың жеткізу құжаты деп аталатын құжатты жеткізуін жүзеге асыратынымен қорытындыланады. Бұл құжат атының негізгі тағайындалуы - жеткізудегі бақылауды қамтамасыз ететін кеденнен бастап тағайындау кеденіне дейін, яғни бұл үрдіске декларант пен тасымалдаушыны тарту негізінде және олар арасында кеден органдарының алдындағы жауапкершілігін, кедендік төлемдерді төлеуді бейнелейді.
Әкелінетін тауарларды жеткізу рәсімі кедендік бақылаудан шығатын міндеттерді іске асыру, сонымен қатар, негізгі кедендік ресімдеу үрдісінде тауарларға салынатын барлық орнатылған төлемдерді төлетуді қамтамасыз етуге арналған. Кедендік төлемдердің құрылысы тауар орналасқан кедендік режиміне байланысты болады, ол жайлы кеден органдарына декларациялау кезіндегі негізгі кедендік ресімдеуді жүргізу сатысында ғана айтылады. Тауаркөліктік және тауармен бірге жөнелтілетін құжаттарда бейнеленген тауарлардың құн сипаттамасы кедендік құнды анықтау үшін ресми мәлімет ретінде кеден органдарымен көрсетіле алмайды. Кедендік құн кедендік шекара арқылы өтуге байланысты кеден органдарымен алынатын барлық кеден төлемдерінің түрін есептеу үшін негіз болып табылады. Кедендік бақылау астындағы жеткізілімдерге, сондай-ақ негізгі кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейінгі тауарлар бұл жағдайда кедендік бақылау астындағы жеткізілім рәсімі алдын ала операцияларға жатпайды, өйткені негізгі кедендік ресімдеу аяқталған тауарлар жеткізіліміне қатысты жүзеге асырылады.
Әкетілетін тауарларға қатысты бақылауды жеткізу құжатын қолдану ерекшелігі - бұл құжатты толтыру үшін барлық қажетті ақпарат жүктік кедендік декларацияларда бар. Экспорт режимінің астына орналасқан тауарларға жүктік кедендік декларация қолданылмайды.
Негізгі кедендік ресімдеу алдындағы алдын ала операциялармен бірге кеден органдар қызметінде кеден органдарымен алдын ала шешімдерді қабылдау бағыты қолданылады. Алдын ала операциялар - сияқты мұндай шешімдерді қабылдау кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға қатысты заңдылық актілерін орындау мен қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған. Алдын ала шешімдерді қабылдаудың алдын ала операцияларды жүзеге асыруымен тікелей байланысы сәйкес кеден органдарьшан шешімді алу қажеттілігімен және оның құжаттық бейнесін негізгі кедендік ресімдеудің басына дейін қорытындыланады.
Алдын ала шешімдер, алдымен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтасын сақтауға бағытталған, сонымен қатар, фискалды функция атқарады және ТМД сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенкларурасына сәйкес тауарлардың жіктелуіне және тауарлардың шығу мемлекетін анықтауына таратылады.
Бұл саладағы заңсыз әрекеттерді айқындау және болдырмау мақсатында кедендік заңмен кеден органдарының шығу мемлекетіне, кедендік құнға, кедендік төлемдердің өлшеміне, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына қатысты тауарлар жіктеуі туралы және нақты тауарға қатысты кеден ісі актілерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Алдын ала шешімдерді қабылдау тауарлар жіктеуіне қатысты, олардың шығу мемлекетін, кедендік төлемдердің өлшемін анықтау Орталық кеден органдарының - кедендік бақылау Агенттігі, кедендік бақылау Департаменттері, сонымен қатар, Орталық кеден органдарымен анықталатын бөлек кедендер құзыретіне жатады.
Сондықтан алдын ала операциялар сияқты, алдын ала шешімдер де негізгі кедендік ресімдеуге дейін жүзеге асырылады, сонымен бірге, оны жүргізудің маңызды дайындық рәсімі болып табылады.
1. 2. Кедендік бақылаудың мәні мен негіздері
Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен көлік құралдарының мемлекет шекарасы арқылы өтуімен байланысты. Тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жатады. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарының кеден бакылауы және кедендік ресімдеудің мәні мен түсінігін ескеру өте маңызды1.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде, сонымен қатар, еркін кедендік аумак және еркін қойма территориясынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендігі туралы кеден органын хабардар етуі керек және тауарларға көліктік, басқа да жөнелтпелі құжаттар ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясынан тыс тауарлар мен көлік құралдарын шығара алатын тұлға Қазақстан Республикасының кеден органын алдын ала хабардар етуі қажет. Қазақстан Республикасының кеден органы мұндай хабарды тіркеуге және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көлік құралдарының келу орны мен уақытын таңдауға құқылы. Егер де тауарлардың иесі белгіленген хабарды жасамаса, онда мұндай міндет тасымалдаушыға жүктеледі2.
Кеден бақылауының мақсаты Қазақстан Республикасының Кеден кодекс нормаларын, басқа қазақстандық зандылық актілерін, нормативті құжаттарды, сонымен қатар, халықаралық келісімдерді сақтауды қамтамасыз ету болып табылады3.
Кедендік ресімдеу міндетіне келесілер жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz