Тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНАТЫН
ТАУАРЛАРДЫ РӘСІМДЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1. Тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің мәні
1.2. Кедендік рәсімдеуді жүргізу тәртібі
1.3. Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу аймағы

ІІ. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ОРНЫ

2.1. Кедендік рәсімдеу процедураларында қолданылатын құжаттардың
түрлері
2.2. Декларация – кедендік рәсімдеудің негізгі құжаты ретінде
2.3 Кедендік рәсімдеуге қатысты қосымша ережелер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Алғашқы кедендік Жарғы 1924 жылы
қабылданды, ол жаңа экономикалық саясатқа сәйкес болды. Одан кейінгі (1928
жылы қабылданған) кедендік кодекс шаруашылық өмірдің толық
мемлекеттендірілуіне көшкенін білдірді. Ал 1964 жылы қабылданып, соңғы
кезге дейін қолданылған кедендік кодекс экономиканы басқаруда әкімшіл-
әміршіл күштің басым болғандығын, әрі азаматтық статусқа нұқсан келтіргенін
білдіреді.
Кедендік реттеу құралдарының дамымағандығы халықаралық сауда бойынша
әріптестермен жаңа қатынастарды құруды қиындатты, әлемдік нарықтағы
экспортерлар көзқарасын қорғау мүмкіндіктерін шектеді. Сыртқы экономикалық
қызметтің негізгі буыны министірліктер мен ведомстволар емес, жеке
шаруашылық субъектісі болған жағдайда, контрабанда, және т.б. кедендік
бұзушыларға төтеп беру механизмі өз қызметін дұрыс атқара алмайтын болды.
Мұның барлығы осы саладағы әлемдік тәжірибені ескеретін кедендік реттеудің
жаңа құралдарына көшуге себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Қазіргі кезде біздің
кедендік органдардың негізгі мақсат-міндеттері заңда көрсетілген. Яғни атап
айтқанда:
✓ кедендік істің жеке тұтынушыларды тікелей қорғау;
✓ адамдар өмірі мен денсаулығына террористік шығын келтіруден
қорғау;
✓ заңсыз наркотиктер (есірткі зат) айналымынан, қару-жарақ т.б.
шаруашылық өмір процестеріне үнемі әсер ету сияқты Республика
экономикасының әлемдік шаруашылықпен байланысуына дейінгі
бағыттылығы көрсетіліп отырады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНАТЫН
ТАУАРЛАРДЫ РӘСІМДЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің мәні
Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі
институтына кеден рәсімдеуі мен кеден бақылауын жатқызуға болады.
Кедендік рәсімдеуі нақты аныкталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мен
көлік құралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мен осы
рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяқтауды білдіреді.
Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын
тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау
алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден
бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да
орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз
және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды
қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарының зандылығын анықтайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін
және оның сақталуын анықтайды, басқа да шаралар сыртқы сауда мәмілесінің
заңға сәйкестігін нақтылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз
етеді.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында
түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында
валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету
болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар
жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан
тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау;
кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген
орынға тауар мен көлік құралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар
етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды
ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы
бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі
тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда
жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.
Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша
міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі қатысуға
құқылы.
Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар
жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік
бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.
Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын
пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу
оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден
органы бекітеді.
Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден
рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында
Президенттің ''Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалык аймақ
туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ
туралы" жарлық) қабылданды.
Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы
аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы
режим енгізу кез келген уақытта жалған құжаттарды рәсімдеу мен айналысатын
контрабанданың етек алуына әкеледі.
Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін
экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы
көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде
инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының құйылуына арналған
бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді.
Экономикалық аймақтың сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп
отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін
пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық
бақылаудың босандауымен; бірыңғай әкімшілік орталық құрумен; толықтай
шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты.
"Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық арнайы экономикалық аймақты
еркін кеден аймағы режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден
аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.
Еркін кеден аймағы режимі аумақ шегінде шаруашылық қызмет жүргізетін
барлык, жеке және заңды тұлғаларға отандық және импорттық өндіріс
тауарларын бажсыз және салық салынбаған әкелім құқығына мүмкіндік береді.
АЭА аумағында өндірілген немесе жеткілікті ұқсатылған тауарлар өкетілу
негізінде алып шығу кеден баждарынан босатылады.
Заң табиғат апаттарын, аварияларды, апаттарды жою кезіндегі қажетті
тауарларды шұғыл түрде жеткізуде, сондай-ақ жануарлардың, тез бүлінетін
тауарлардың, радиоактивті материалдардың, бұқаралық ақпарат мақсатындағы
хабарлар мен материалдардың шұғыл жеткізілімі кезіндегі оңайлатылған кеден
рәсімдеуі тәртібін қарастырады.
Кедендік рәсімдеуге қажетті тауарлар мен көлік құралдарымен байланысты
тиеу және басқа да операцияларға тасымалдау, таразыға тарту немесе санын
басқаша түрде өлшеу, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамдардың бүлінген жерлерін
жөндеу, орамды ашу, орау немесе қайта орау, ғимараттарды, ыдыстар мен баска
орындарды ашу жатады және олар кеден органдарының талап етуі немесе оның
рұқсаты негізінде жүргізіледі. Осы көрсетілген операциялар бойынша шығындар
мен жұмсалған қаражаттар тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға,
тасымалдаушы, қойма иесі және өкілеттігі бар басқа да тұлға өзі көтереді.
1.2. Кедендік рәсімдеуді жүргізу тәртібі
Кеден рәсімдерін жүргізу, көбінесе, тауарлар мен көлік құралдарын
зерттеуді (сараптаманы) талап етеді. Кеден органдары тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін осы мақсатта алуға құқылы. Бұл үшін кеден лабораториялары мен
олардың сарапшы қызметкерлері қатыстырылады. Сынама мен үлгілерді кеден
органының рұқсатымен мемлекеттік өкілеттігі бар басқа органдар да алуы
мүмкін. Заң бойынша сынамалар мен үлгілер зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз
ететіндей аз мөлшерде алынатындығы анықталған.
Сараптама қызметінің әрекетінің зандылығы, олардың қызмет тәртібі
ведомстволық актілермен анықталады, оған 1995 ж. Кеден комитеті бекіткен
кеден сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы, зерттеу немесе
сараптама үшін тауарлар сынамалары мен үлгілерін алу, оларды сақтау мен
қайтару тәртібі туралы нұсқаулары жатады.
Әкелінген немесе әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары мен
басқа да алымдарының дұрыс есептелуі мен кеден бақылауының жеткіліктігі
шыққан шешімге байланысты болады. Сынама мен үлгі алу кеден рәсімдеуі үшін
тауар мен оның жолдама құжаттары ұсынылған жағдайда, сондай-ақ контрабанда
және кеден ережесі бұзылғандығы туралы істі жүргізу мен қарау кезінде де
алынады.
Негізгі кеден рәсімдеуі мен тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір
кеден режиміне орналастыруға алдын ала кеден рәсімдеуі жатады, әкелінуге
(әкетілуге) тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге (әкетуге)
жол бермеуге, кедендік құралдарды сәйкестендіруге бағытталған алдын-ала
жүргізілетін операциялар болып табылады.
Мүдделі тұлғаның тілегі бойынша кеден органдары нақты тауардың немесе
нақты шаруашылық операциясына байланысты топтастырылуына, кедендік
бағасына, тауардың шыққан еліне байланысты алдын-ала шешім қабылдайды.
Мұндай шешім қабылданғаны үшін Үкімет бекіткен мөлшерде төлем алынады.
Егер алдын-ала шешім шығаруға негіз болған фактілер мен жағдайлар
өзгеріссіз қалатын болса, алдын-ала шығарылған шешім басқа да кеден
органдары үшін міндетті болып табы-лады, онда заңдық күшін үш жыл (тауардың
шыққан еліне қатысты) және бір жыл (басқа мәселелерге қатысты) ішінде
жалғастырады.
Кеден аумағына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде (немесе оның
қалған бөлігіне еркін қойма немесе еркін кеден аумағынан әкелуде), сондай-
ақ кеден аумағынан тыс әкету кезінде коммерциялық мақсатты пайдаланбай, әрі
қарай кеден органы бекіткеи жерге белгіленген бағыт бойынша жеткізу кезінде
тасымалдаушы кеден органдарына хабарлама бе-руге міндетті.
Кеден рәсімдеуі барлық мәліметтерді, бақылау үшін немесе ұсынылған
тауарды тексеру үшін талап етілген барлық құжаттардың қолда барлығын
тексеруден соң аяқталады.
Сыртқы экономикалық қызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда
Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996
жылғы 12 каңтардағы № 298 қаулы) экспорт пен импорттық стратегиялық маңызды
өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының
экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазақстанда кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13
ақпандағы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған,
осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк
декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік
құралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғаның кеден органына тауар
туралы, мәміленің сипаты мен мазұнны жөніндегі барлық мәліметтерді заң,
белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де
түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені құрайтын арыз арқылы жүргізіледі.
Кедендік ресімдеу кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде
айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік
ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік
рәсімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
Кедендік ресімдеуді жүргізу технологиясы
1. Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлардың санаттарына;
2) осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
2. Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және
жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады.
Кедендік рәсімдеудің басталуы мен аяқталуы
1. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу — кедендік шекара
арқылы өткізілетін тауарлар мен келік құралдарына қатысты құжаттарды кеден
органына берген, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша
мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де
іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа
да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын
тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы
мүмкін.
3. Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін
қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер
және салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі
операциялар жасаудың орны мен уақыты:
1. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір
кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу
деп танылады.
2. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операция-
лар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
3. Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік рес-
імдеу жөніндегі кедендік операциялар осы Кодекстің 20-22-баптарына сәйкес
кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс
жасалуы мүмкін.
4. Тауарларды алушы, жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері
тіркелген кеден органының қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі
кедендік ресімдеу жүзеге асырылған кезде декларант басқа кеден органының
қызмет аймағында кедендік операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге
міндетті.
Хабарлама берілген кезінен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден
органында тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

1.3 Кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу аймағы
1995 жылы Кеден комитеті "Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі
туралы" нұсқауды бекітті.
Кеден декларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап заңдық құжат
болып табылады. Кеден органының кеден декларациясын қабылдаудан бас тартуға
құқығы жок деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады
("Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент
Жарлығының 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз
мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша
немесе толық емес декларация беруге рұқсат етілген. Декларация берілуі үшін
кеден органына үсынылатын декларацияны толтыруға негіз болатын және оны
растайтын құжаттар:
- кеден рәсімдеуіне жататын тауарлар мен көлік құралдарына меншік
(билік ету немесе пайдалану) құқығы;
- декларанттың кеден декларациясын өз атынан беру өкілеттігі;
- тауарларды өткізу фактісі;
- кеден құны мен тауарлардың шығуы;
- кеден төлемдері мен салықтарын төлеу және тарифтік жеңілдіктер мен
тарифтік преференция бойынша салық төлеу мүмкіндігінің негізі;
- стандарттаудың міндетті талаптарға сәйкестігі;
- Қазақстан Республикасының заңында және халықаралық келісім-шарттарда
қарастырылған өкілетті мемлекет органдарының тиісті рүқсаттары мен басқа да
құжаттар.
Бұдан басқа, кеден органы кеден декларациясының мазмұнындағы және кеден
мақсаты үшін ұсынылған құжаттардағы тексеру мақсатында қосымша мәліметтерді
сұрауға, сондай-ақ жеткіліксіз құжаттармен мәліметтердің ұсыну мерзімін
сұрауға құқылы.
Декларант болып табылатын тұлғаға, мәлімдеушіге жөне тауарлар мен көлік
құралдарын өз атынан ұсынушы және әкелуші түұлғалар тек отандық тұлғалар
болуы тиіс екендігі заңда бекітілген ("Қазақстан Республикасында кеден ісі
туралы" Заңның 196-бабы, бұдан кейін - "Кеден ісі туралы заң").
Ресейдің кеден заңы да декларант ретінде ресейлік тұлғаларды анықгайды
(Ресей Кеден Кодексінің 172-бабы).
"Кеден ісі туралы" Заңның 108-бабына сәйкес жеке тұлғалардың тауарларды
өткізуі жағдайында ерекшелік көзделген. Ал Кеден Одағы шеңберінде декларант
ұғымын кеңейту мүмкін, тіптен ТМД қатысушы мемлекттердің Кеден заңдарының
негізі осыған байланысты шектеу қоймайды.
Қазақстан Кеден заңы бойынша (тіркелген) жеке кәсіпкер болып
табылмайтын жеке түлғалар кері импорт, кеден қоймалары, бажсыз сауда
жасайтын дүкендер, кеден аумағында өңдеу, кеден бақылауымен өңдеу, еркін
кеден аймағы, еркін қойма, кеден аумағынан тыс өндеу, кері экспорт, жою
режимдерін рәсімдеуде тауарларды көрсетілген нормадан асыра Қазақстан
Республикасының аумағына әкеле алмайды және осы аумақтан әкете алмайды.
Тиісті кеден рәсімдеуіне кеден брокері мен тасымалдаушы қатысуы мүмкін,
бұл туралы ережені Үкімет бекітуі тиіс.
Заңда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден
бақылауына жатады. Кеден бақылауы құжаттар мен мәліметтерді тексеру,
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру, жеке тексеру және т. б.
белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Кеден бақылау анықталған кеден бақылауы аймағында, кедендік рәсімдеу
немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен басқа
орналасу үіпін рұқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бақылауына жататын
тауарлар мен көлік құралдары орналастыруға тиіс аумаққа және ғимаратқа кез
келген тұлғаның келуі үшін алдын ала кеден органына хабарлама, қажетті
құжаттар талап етіледі немесе бақылау жүктелген кеден органының қызметі
жүзеге асырылады.
"Кеден ісі туралы" заң кедендік рәсімдеу мен кеден бақылауының жалпы
ережелерінен тыс "шетелдік тұлғалардың жекелеген категорияларына берілетін
кеден жеңілдіктері" деп аталатын ерекшеліктерді қарастырады (223-228-
баптар).
Кеден бақылауына қажетті құжаттар мен мәліметтерді мүдделі тұлға
ұсынады. Бұдан басқа, кеден органдары банктер мен ұйымдардан осы
тұлғалардың есепшоттарының операциялары туралы және жай-күйі туралы мәлімет
алуға, кеден мақсаты үшін тәжірибеде шешімін таппаған көптеген мәселелерге
кезіктіретін қаржылык және сыртқы экономикалық қызметін тексеруге құқылы.
Кеден бақылауына жәрдем көрсету үшін мамандар мен сарапшылар тартылуы
мүмкін. Жеке тексеру жүргізуден тысқары кеден органдары көлік құралдарын
мәжбүрлі түрде тоқтатуға, кеден органының рұқсатынсыз кеден аумағынан шығып
кеткен теңіз, езен және әуе кемелерін мәжбүрлі түрде кері қайтаруға, кез-
келген уақытта тауарлар мен көлік құралдарының тізімін жүргізуге, валюталық
бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
"Кеден ісі туралы" заң бойынша алғаш рет интеллектуальдық меншік
объектілерін қамтитын тауарлар тізімін алуды жүргізуі тиіс.
Тауарлар интеллектуальдық меншік объектілеріне деген құқықты бұзатын
белгілерді байқаған жағдайда кеден органдары оларды шығаруды тоқтатады.
Өндірістік үлгілер, патенттер, интегралдық микросхема типологиясы
немесе ашылмаған ақпараттары бар тауарларды шығару құқықтық иеленушінің
мүддесін қорғау үшін қажеттілікті қамтамасыз етуді декларанттың ұсынуы (бір
айдан кем емес мерзімде) арқылы жүзеге асырылады.
Кеден заңы Қазақстандық кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен
көлік құралдарыыа кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелерді
қарастырады.
Кеден бақылауының құрамдас бөлігі ретінде валюта бақылауы ұлттық
банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден
органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.
1997 жылы 23 мамырда Кеден комитетінің келісімі бойынша Ұлттық Банктің
қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі
ереже қабылданды.
Ресейде кеден органдары 1994 жылдан бастап-ақ мәмілелер құжатын
бақылайды, ал Қазақстанда көрсетілген ереже кеден рәсімдеуін аяқтағанға
дейін экспорт және импорт мәмілелерінің құжаттарын рәсімдеу тәртібін және
кеден рәсімдеуінен кейін осыған ұқсас тәртіпті реттейді.
Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына
өткізілетін экспорттық-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші
құқыққа сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық
операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша
қосымша қызметтер жүктейді.
Кеден органдары экспорт бойынша әрбір экспорттық келісім-шарт бойынша
тауарлар экспортынан түскен валюта түсімдерін бақылау құжаттарының
жиынтығынан түратын іс-құжаттар жинағы (досье) мен импорт бойынша әрбір
импорттық келісім-шарт бойынша өнімдер импортында шетел валютасын
пайдалануды бақылау құжаттарының жиынтығынан тұратын іс-құжаттар жинағы
(досье) қалыптастырады.
Экспорт бойынша күжат және импорт бойынша құжат экспортымен және
сәйкесінше импортымен банкте немесе келісім импортына байланысты кеден
органдарында толтырылады.
Бүгінгі таңда валюталық бақылауда қойылатын талаптардың арта
түскендігін кеден қызметінің экономика және қаржы саласында
біліктендірілген мамандарды тандап алуда жаңа әдіс-амалдар қажет.
Мемлекет валюталық бақылаудан басқа малдәрігерлік, фитосанитарлық,
экологиялық және бақылаудың т. б. түрлерін қарастырады.
1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан
Республикасының заңымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік
шараларды жүзеге асырудың қағидалары мен құқықтық негізі анықталған.
Мұндағы фитосанитарлық қорғау дегенміз - республиканың өсімдік ресурстарын
және өсімдік текті өнімдерді басқа мемлекеттерден тасып әкелуден, сондай-ақ
республиканың карантиндік объектілерінің күшпен кіруінен қорғауға, олардың
таралуы жағдайында - олардың таралу ошақтарын жергіліктендіру мен жоюға
бағытталған мемлекет шараларының жүйесін қарастыратын құқықтық режим.

ІІ. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ОРНЫ
2.1. Кедендік рәсімдеу процедураларында қолданылатын құжаттардың түрлері
Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген тұлғалар
кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді
беруге міндетті.
Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген
Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету Үшін
қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.
Кедендік мақсаттар үшік қажетті қүжаттардың тізбесі және оларды беру
мерзімі осы Кодексте белгіленеді.
Кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде құжаттарда кеден
органдарының шешімдерін қабылдауға әсер ететін негізгі деректерді
өзгертпейтін қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық
қателер болуы себепті құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды
түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен
олардың өкілдері кедендік ресімдеу кезінде қатысуға құқылы.
Тауарларды декларациялау кезінде құжаттар беру:
1. Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық
көшірмесін және осы бапта көзделген кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды
тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.
Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті
болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант
салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып,
мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген
мөрзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу
үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін
күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып
олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде
құжаттарды өткізбегені не бұрын әткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс
емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.
Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар
кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін
беру жеткілікті.
3. Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау
үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы
құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете
отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке
нөмірлік мөрімен куәландырылады.
4. Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары,
кедендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік рәсімдеудің басы
БАРЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Қазақстан заңнамасындағы кедендік бақылаудың рөлі
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
Темір жол көлігінде кедендік бақылау мен рәсімдеу жүргізу тәртібі
Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Пәндер