Көліктік тарифті анықтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Көліктік тарифті анықтау.
2. Темір жол, су, автомобилькөліктерінің тарифтері.
3. Тұрмыстық қызмет нарығындағы баға белгілеу
4. Почта және электрлік байланыс
5. Кедендік салық және кедендік құнды анықтау тәртібі.
6. Дүниежүзілік бағалар және халықаралық келісімшарттарды бағалау
сипаттамасы
7. Кедендік салық және кедендік құнды анықтау тәртібі.

1. Көліктік тарифтері –бұл материалдық объектілерді кеңістікке
ауыстыру бағасы. Көліктік тарифке: жүк тасу тарифтері мен жолаушылар
тарифтері жатады. Жүк тасу көліктері өндірушілердің тұтынушыларға өнімді
жеткізу арқылы кірісті ұлғайтады және өндіріс сферасына кіреді. Жолаушылар
көлігі қызмет көрсетеді, сондықтан жолаушы тарифінің қалыптастыру үлгісі
қызмет көрсету сферасына жатады.
Ал жүк тасу тарифі –негізінде жүк жеткізу жөніндегі еңбектің қоғамдық
қажетті шығындары жатады, ол жүк тасу бағасын анықтайды. Жүк тасуға шыққан
шығындар, бастапқы-соңғы операциялардың шығындарынан және жүкті
тасмымалдаудың өз шығындарынан құралады.
Операция қозғалысының шығындарына (жүкті тасымалдау) жүкті
жеткізудің, жол мазмұндарын хабарлаудың, энергетикалық шаруашылықтың,
байланыстың шығындары кіреді.
2. Көлік шығындарының деңгейі –еліміздің аймақтары бойынша әр түрлі
болады. Көлік шығындарының күшті дефференциясы су және автомобиль көлігінен
көрінеді, себебі көліктің, осы түрлерімен тасудың өзіндік құнына табиғи-
климаттық жағдайлар әсер етеді. Көптеген көліктік қызмет көрсетудің
түрлерінде еркін баға қолданылады. ҚР Үкіметінің қаулысымен көліктік қызмет
көрсетудің кейбір түрлері мына тарифтер белгіленген:
• Темір жол көліктерінде жүк тасу, тиеу-түсіру жұмыстары;
• Темір жол көліктерінің пошта, жүк, жолаушылар тасымалдануына;
• Порттағы тиеу-түсіру жұмыстарына, шетел көліктерінің ішкі су жолымен
өту жолдарына;
• Мұз жару флоттарының қызметіне;
• әуе кемелері менаудандық әуежайларға;
• қоғамдық көліктермен қалада және қаладан тыс жерлерге жүк пен
жолаушыларды тасымалдауға;
• автомобиль көліктерімен облыс іші және облыс аралығы маршруты бойынша
жолаушылар мен жүктерді тасымалдау;
• жүк пен жолаушыларды жергілікті әуе желілерінде және өз көліктерімен
тасымалдауға;
• теңіз, өзен, ауа көліктерімен жүк пен жолаушы, жүктерді тасымалдау;
• өнеркәсіптік теміржол көліктерінің кәсіпорындарымен көрсетілетін
қызметтер.
2сұрақ. 1. Теміржол көлігі –Қазақстан көлік кешенінің негізі болып
табылады. Темір жолдың жалпы пайдаланылатын жүк айналымдағы көліктердің
барлық түрлерінің жалпы жүк айналымындағы үлесі 70 %-ды құрайды. Қазақстан
аумағы ішіндегі теміржол көлігінің тасымал құнын есепиеу үшін, 1989 жылы
енгізілген № 10-01 прейскуранты негіз болады.
1999 жылы 1 маусымда Қазақстан импорты-экспорттық жүктерді теміржол
көлігімен тасымалдау кезінде, Халықаралық транзиттік тариф ХТТ
мөлшерлемелерін қолдануға ауысты.
ХТТ базалы тарифін есептеу үшін швейцар франкісі белгіленеді.
Өз еліміздің жүк жіберушілері мен жүк ашушыларын қолдау мақсатымен
тариф деңгейіндей швейцар франкісі 1999 жылы 1 маусымынан бастап
теңгеменен теңестіріледі.
ХТТ тарифтік мөлшерлемелері Балтия, Кавказ және Ресей елдерінде
қолданылады.
Теміржол көліктік тарифтері елдің барлық жері үшін ортақ болып
табылады. Жүктерді тасымалдау бойынша жолдың учаскілеріне және жолдың
профиліне, қолданылатын локомотивтің түрлеріне, жолдың учаскілерінің жүк
керуіне байланысты шығындар ерекшеленеді.
Базалық тариф ретінде барлық темір жолдар үшін жүк тасымалдаудың
өзіндік құны бір ғана сан болып алынады.
Нормативтік пайда бір типті жылжымалы құрам үшін вагон-тәуліктің
бірдей пайда келуін қамтамасыз ету принципінен және түрлі қашықтықтарға
тасымалдаудың түрлі пайда әкелетіндігі ескеріліп жасалады.
Тарифтік мөлшерлемелер басы-соңы және жылжымалы операцияларды
бөліп көрсету арқылы 2 мөлшерлемелі бойынша белгіленген.
Тарифтер вагонның типтеріне, жіберу түрлеріне, тасымалдаудың
жылдамдығы мен ара қашықтығына, вагонның жүк көтеру салмағына,
тасымалдаудың ерекше шарттарына және басқа да факторларға тәуелді.
Жүктерді тасымалдау ақысы кез келген ара қашықтықта тасымалдау ақысының
көлемін, құрамына енгізетін тарифтік схемалар негізінде әзірленген, есептік
кестелер бойынша анықталады. Жүктерді тасымалдаудың минималды ақысы 50
шақырым қашықтық үшін белгіленген.

2. Жалпы, жергілікті және айрықша тарифтер қолданылады.
Жалпы тарифтер, тарифтің негізгі нысаны болып табылады:
Жергілікті тарифтер, жалпы темір жол торабына кіргізілмеген жол
желілері бойынша жүктерді тасымалдауға белгіленеді. Олар жергілікті
кәсіпорындардың жеке шығындарының есебінен құралады және олардың
бастықтарымен бекітіледі. Айрықша тарифтер –алдын-ала тапсырылған ара
қашықтық және анықталынған бағыттарға жүктерді тасымалдау кезінде
қолданылады.Олар жалпы тарифтерге қатысты жоғарылатылған немесе
төмендетілген болуы мүмкін. Арнайы құралдарды және жағдайларды қажет ететін
жүк тасымалдау тарифтері жоғары болады.

3. Жүкті жебіру түрлері бойынша теміржол тарифтері вагонаралық ,
контейнерлік, аз тонналық ұсақ жіберушілер тарифтері болып бөлінеді.
Вагонаралық тарифтердің негізінде вагон үшін толық мөлшерлеме жатыр.
Тасымалдау төлемдері вагонның сыйымдылығы мен жүк көтеру салмағын толық
қолдануға ынталандырады. Бұл вагондардың жүктелу деңгейіне қарамай алынады.

Контейнерлік жіберілім бойынша тарифтер контейнердің жүк көтеру
салмағын толық қолдану есебінен есептеледі. Ол вагонаралық тарифтерден
жоғары. Бұл клнтейнерді ұстаудағы қосымша шығынды қайтару қажеттілігіне
байланысты болады.
Тонналық тарифтер ұсақ және шағын жіберілімдер үшін қолданылады.
Түрлі құжаттар бойынша жиналған вагондары жүкті тасымалдау ұсақ жіберулер
тарифі қолданылады. Шағын тонналық жіберулер тарифтері жүктің салмағына
байланысты бөлінеді:
• Байланыс түрлері бойынша;
• Сапардың мақсатына байланысты: көлік, туристік және экскурсиялық
болып бөлінеді;
• Байланыс жылдамдығы бойынша; аймақтық тарифтерді өңдеу кезінде
мөлшерлеме, барлық аймақтар үшін белгіленеді, ал белдеулік тарифтерді
өңдеу кезінде белдеулер қашықтығының жартысы үшін ғана белгіленеді;
• Сыртқы түрі бойынша кестелік және белдеулік болып бөлінеді.
Кестелік тарифтерде жіберілу және белгілеу унктері, қашықтығы және
құны көрсетіледі. Белдеулік тарифтерде берілеген белдеу үшін жүрудің құны
келтіріледі.
1. Жүктерді су жолымен тасымалдау темір жолмен тасымалдауға қарағанда
оқшаулау жолдармен жүреді де, ортақ көліктік жүйені құрамайды. Сонымен,
жекелеген кемелер жұмысындағы айырмашылықтар болады және бұл жүктерді
тасу шығындары деңгейінен көрінеді.
Өзен көлігінің басымдылығы оның терең су өзендерімен өтіділігі
қасиетінен және шығын капитал салымы және тасымалдаудың өзіндік құнының
салыстырмалы төмендігінен көрінеді.
Тасымалдау жылдамдығының баяулығына, жолдың иреңділігіне байланысты
жеткізілетін жердің қашықтығы, жұмыстың маусымдылығына байланысты, оның
қолданылуы шектеулі.
Өзен көлігімен, көбінесе жүктердің бұқаралық түрлері тасымалданады.
Өзен көлігімен тасымалдау жүктік тарифтік жүйесі 1990 жылы 1 қаңтарда іске
енгізілген 14-01 прейскурантымен анықталады. Өзен көлігімен жүкті
тасымалдау тарифі кемелік, тасымалдау және жүк түрлері бойынша
тармақталады. Шағын өзендермен тасымалдау үшін, көліктік шығын деңгейінің
өсуіне байланысты, жоғары тариф белгіленген.
Өзен көлігімен жүкті тасымалдау тарифі жүктің түрі, жіберу түрімен
дифференцияланады. Олар: кемелік, контейнерлік, жинақтық және шағын.
Негізгі тарифтер кемелік жіберілімдерге белгіленген. Контейнерлермен
тасымалдау ақысы, әр контейнерге есептеуге арқылы, оның жүк
көтерілімділігімен белгіленеді.

2. Өзен көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдау мемлекетпен
реттеледі. Өзен көлігінің жолаушылар тарифі кемелік, хабарлау түріне,
жолдың ұзақтығына, қозғалыс жылдамдығына, жүру шартына, қолдану сферасына,
құрылу принципіне, сыртқы безендірілуіне байланысты:
• Хабарлау түрі бойынша алыс, қала шетіндегі, қала ішіндегі жолдары
мен өткел тарифтері ерекшеленеді;
• Жол жүру мақсатына байланысты көліктік, туристік және саяхаттық
тарифтер болып бөлінеді;
• Хабарлау жылдамдығына байланысты жылдам кемелер және су сыйымдылығы
тарифтері болады. Жолаушыларды кемелермен тасымалдау тарифі мынадай
түрлерге бөлінеді: ыңғайлылығы жоғары кемелер тарифі, алыс жерлерге
арналған кәдімгі су кемелерінің тарифтері, қала іші және қала
сыртындағы желілер тарифі, сонымен қатар өткелдерге қызмет
көрсететін кемелер тарифтері;
• Құрылу принциптері бойынша тарифтер аймақтық және белдеулік болып
бөлінеді. Аймақтық тарифті құру кезінде, барлық аймақтарға бірдей
тариф қойылымы белгіленеді, ал белдеулік тарифті құруда белдеудің
жарты қашықтығына белгіленеді;
• Сыртқы түрі бойынша тарифтер кестелік және белдеулік болады. Кестелік
тарифте жіберілімен жеткізілетін пункті, ара қашықтығы мен жол ақысы
көрсетіледі. Белдеулік, қашықтық тарифі, осы белдеуіне арналған жол
құны келтіріледі.
1. Автомобиль көлігіне –жүкті жеткізудің жоғары жылдамдығы тән
болады. Оның негізгі артықшылығы сатушы қоймасынан жүкті сатып алушы
қоймасына қайта жүктеусіз тура жеткізуінде болып табылады.
Автомобиль көлігінің тиімділігі жол жағдайы мен оның дамығандығына,
тасымалданатын жүктердің түрлеріне байланысты.
Жүк тарифтері тасымалдаудың өзіндік құнын өтеу керек және автокөлік
кәсіпорынның нарық жағдайында дұрыс жұмыс істеуіне жеткілікті пайда алуын
қамтамасыз ету керек. Автомобильмен тасымалдаудың өзіндік құнына жалақы
және дизелді отын мен жанармай бағаларының деңгейлерінің аймақтық
ерекшеліктері әсер етеді.

2. Автомобиль көліктерінің жүк тарифтері келісімді, уақыт бойынша
қойылатын қалааралық және халықаралық жолдармен жүкті тасымалдау тарифтері
болып бөлінеді.
Келісімді тариф –жүктерді тасымалдаудың ең негізгі түрі. Олар барлық
жүктерді тасымалдауда қолданылады. Автомобильдің жүк көтеру қабілетін
қолдану деңгейіне байланысты келісімді тарифтер, 4 класқа бөлінеді.
Автомобильді тиеу деңгейінің жоғарлануына байланысты, жүктерді
тасымалдаудың тарифтік мөлшерлемесі төмендейді.
Уақыт бойынша қойылатын тарифтер –тасымалданатын жүктердің санын
есептеу қиын немесе мүмкін емес жағдайда қойылады. Уақыт бойынша қойылатын
тарифтер, жүк көтеру салмағына байланысты автомобильдің әр жүрген километрі
және әр сағаты бойынша белгіленеді. Автомобиль жұмысының жағдайына
байланысты келісімді немесе уақыт бойынша қойылатын тарифтерді қолдану
мүмкін болмаған кезде километрлік тариф қолданылады. Километрлік тариф
автомобильдің жүк көтеру салмағына байланысты дифференцияланады.
Арнайы автомобильдермен жүкті тасымалдау үшін тарифке үстеме
қосылады. Бұл өзіндік құнының жоғарлауына әкеліп соғады. Тарифке қойылатын
жеңілдіктер, автомобильдің жүк көтерілімділігі коэфициентін жоғарылату
мақсатында қолданылады.

1. Тұрмыстық қызмет нарығындағы баға белгілеу

1. Халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне байланысты халық тұтынатын
ақылы және ақысыз қызметінің көлемі де жоғарылайды. Көрсетілген қызметтің
көлемі мен сферасының кеңеюі халықтың бос уақытын үнемдейді және жұмыс
күшінің ұдайы өндірісінің маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік мәні
бойынша қызметтер екі түрге бөлінеді: халық жағдайын қамтамасыз етудегі
маңызды орын алатын әлеуметтік мәні ерекше, қызмет түрі және жаппай сұраныс
қызметінің қарапайым түрі.
Әлеуметтік мәні ерекше қызметте халықтың барлық топтарының
қажеттіліктерін минималды көлемде қамтамасыз ету мүмкіндігін құруға
бағытталған саясат жүргізіледі (ондай қызметтерге адамдардың баспана және
медициналық қызметтерді қажет етуі жатады).
Жаппай сұраныс қызметінің бағалары таза нарықтық факторлар әсерінен
қалыптасады. Бұл қызметтердің тарифтерімен бағаларының деңгейі, мерзімдік
факторы мен географиялық факторға тәуелді болады. Гоеграфиялық фактордың
әсер етуі қызмет көрсетудің көптеген түрі, бағалары мен тарифтерін аумақтық
дифференциялаудан көрінеді.

2. Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру –қызметтің тұтынушылық құнының
ерекшелігіне байланысты болады.
Оның бір бөлігі жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын тұтынушы
құндылықтарын өндірумен байланысты. Мұндай жағдайда бұл қызметтің бағасы
қызмет көрсетуге қажетті қоғамдық шығындардан ғана емес, жаппай өндірілетін
ұқсас жаңа тауарлардың қалыптасқан бағаларына да байланысты болады.
Қызметтердің басқа түрлері тұтынушылық құндылықтарды құрусыз жеке
адамға қызмет көрсетумен байланысты болады. Мұндай қызметтің бағасы
жұмсалған қоғамдық, қажетті еңбек сапасы мен санасна ғана байланысты.
Жалпы алғанда, түрлі қызмет көрсетулер тарифтерін қалыптастыруға
олардың келесідей сапалық сипаттамалары әсер етеді:
- тұрғын үй тарифі, оның ыңғайлығын есепке алады;
- пошталық қызметтің сапасы корреспонденцияны жеткізу жылдамдығы
және уақытында апаруға байланысты;
- көліктік қызметтің сапасы жол жүру ыңғайлылығы және
жылдамдығымен анықталады.
Нарықтық экономикада ақылы қызметтің көптеген бөлігіне тарифтерді
келісімді негізде немесе қалыптасушы шығындар, сұраныс пен ұсыныс ара
қатынасы есебінен қызмет көрсететін кәсіпкерлер белгіленеді.
Қазіргі кезде коммуналдық қызмет, жолаушылар көліктері, байланыс
тарифтері мемлекетпен реттеледі.
Коммуналды кәсіпорындар қызметтерінің тарифтері нормативті шығындар
негізінде анықталады. Бірақ оларды есептеу әдістімесі жетілмеген. Бұл
тарифтерді бекіту үшін коммуналды шаруашылықтар кәсіпорындарына
экономикалық жағынан жоғары, негізделмеген шығындарды қоюға мүмкіндік
береді.
Коммуналды кәсіпорындар тарифтерге, еңбекақыға, тұрғын үй құрылысына
жұмсалатын шығындарына, амортизация және негізгі қорлар бағасын көтереді.
Бұл тарифтің инвестициялық құрастырушы бөлігін өсіріп жібереді.
2. 1. Қолданып жүрген заңдарға сәйкес, байланыс обылысындағы табиғи
монополияға жалпыға бірдей, пошталық және электрлік байланыстар
жатқызылған.
Федералдық деңгейдегі реттелетін байланыс қызметіне мыналар жатады:
• Пошталық карточка, хат, бандероль, және ақша аударымын қайта аудару;
• Зейнетақы, жәрдемақы, өтемдерді жеткізіп беру;
• Жедел хаттарды жіберу;
• Халықаралық телефон арқылы сөйлесу;
• Тиісті бюджеттен қаржыландыратын ұйымға байланыстың магистралды
телефон және телеграф канлдарын ұсыну;
• Тиісті бюджеттен қаржыландыратын ұйымға байланыс каналдары бойынша
мәлімет жіберу;
• Радиоэлектронды құралдар мен жиілі жоғары қондырғыларын тексеру,
жаппай қолданыстағы электр қондырғылары мен жиілігі жоғары
қондырғылардың, ұйымдар стандарттары мен нормасына сәйкестігін сынау;
• Қазақстанның мемлекеттік телерадио ұйымдарының байланыс қызметі;
Аймақтық деңгейдегі реттелетін байланыс қызметіне мыналар жатады:
телефонды қолданғаны үшін абоненттік төлем, телефон қондыру, жергілікті
телефон. Жүйедегі телефон автоматтары бойынша сөйлесулер.
Реттелмейтін немесе еркін тарифтерді байланыс ұйымдары орнатады. Олар
көрсетілген қызметке төлем қабілетін, сұранысын ескере отырып, кеңейтілген
ұдайы өндірісті іске асыруға жеткілікті пайда алумен жұмсалып отырған шығын
негізінде анықталады.

2. Почта және электрлік байланыс
Байланыс қызметтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігі қызметіндегі тарифтерді анықтау
Жүк тасымалдау
Жүк тасымалындағы контейнерлер мен табандықтар
Экономиканы алға сүйрейтiн жауапты саланың бiрi жүк тасымалы, транзит мәселесi
Мұнай желісі бағытының сипаттамасы
Тасымалдау үдерісін қайта құру жағдайындағы тариф құрылымы
Жалақы есебін автоматтандыру
Көлік кешені туралы
ҚР транспорттың дамуын талдай келе, оның экономикалық объекті ретіндегі статусын анықтау
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ қызметіне техникалық экономикалық талдау
Пәндер