Кеден органдарының құқықтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
1. Қазақстан құқығындағы дербес құқық сала ретіндегі кеден құқығының
жалпы сипаты
1.1. Кеден құқығының пайда болуы
1.2. Кеден құқығының даму кезеңдері
2. Кеден құқығының даму жолдары
2.1. Құқықтық реттеудің пәні мен әдістері
2.2. Кеден құқығының құрылымы мен жүйесі, институттары

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

1. Қазақстан құқығындағы дербес құқық сала ретіндегі кеден құқығының жалпы
сипаты

Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді.
Заңды егеменді Қазақстан қызметінің негізгі қағидаларына жауап беретін
жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Пайда бола бастаған қазіргі құқық
түсінушілік құқық табиғатының, оның мазмұнының, құрылымының және
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысының
мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық заңдық ұғымдардың дәл
анықтамасын беру толықтай қоғамның құқықтық ұйымдарының “құқықтық жүйесі”
ретінде, соның ішінде мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық
заңдық құралдарға, институттар мен мекемелерге әсер етеді.
Еуропа елдерінің нормативті - құқықтық заңдық жүйелерінің объективті
құқықтық заңдылықтарын қарастыра келе, құқық құрылымында әр түрлі
деңгейдегі, соның ішінде көп тұрғылы заңдық реттеуді қамтамасыз ететін
екіншілік, кешендік бөлімдерінің қалыптасуын бөліп көрсетеді. Құқық
әлеуметтік құбылыс және өзінің жүйесі (құрылым, құрылыс) бар. Құқық
жүйесінің бір элементі ретінде негізгі (іргелі) және кешенді болып
бөлінетін құқық саласы болып табылады.
Дәстүрлі (іргелі) немесе негізгі сала ретінде Конституциялық,
әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, процессуальдық және басқа да салалардың
Қазақстандық құқық жүйесінде орын алуы күмән тудырмайды. Дегенмен,
объективті шындық қандай да бір қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа
салалардың пайда болуының ғылыми негізделуін талап етеді. Егеменді
Қазақстанның түзілуінен ішкі және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі
болды. Оны іске асыру үшін мемлекеттің басқарушылық қызметі, арнайы
өкілетті органдар, заңдық негіз керек.
Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және
тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді
мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика,
қорғаныс және т. б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды.

1.1. Кеден құқығының пайда болуы

Құқық өзіндік жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Оның бір
элементі – құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішінен негізгі және кешендік
болып бөлінеді. Қазақстандық құқық салаларының ішінде Конституциялық,
әкімшілік, азаматтық, қылмыстық басқа да құқық салаларының орны ешқандай
күдік туғызбайды. Жаңа құқық салаларының пайда болуы қоғам қажеттілігінен
туындайды. Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа
мазмұн берді. Оның бірі – арнайы өкілді органдары бар белгілі бір заңдылық
негізі бар кеден саясаты.
Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда болды.
Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік реттеуде мүлт кеткен
жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін
кедендік реттеудің өзін оны ғылыми зерттеу жағдайында осы саланың бір
институты ретінде қарастыруға болады. Сондай – ақ әкімшілік пәні менен
әдістері кеден саласының кейбір мәселелерін қамтыған.
Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бірнеше
нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік
реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтері мен баждары
туралы” ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешімдерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодекстің нормаларымен сәйкес келетін 1991 ж. 12 желтоқсандағы “ҚР-ң кеден
комитетін құру туралы” Президент жарлығын айтуға болады. Келесі кеден
саласындағы маңызды қадам - “ҚР кеден ісі туралы” 1995 ж. 20 шілдедегі Заң
күші бар Президент Жарлығы (бұдан кейін – “Кеден ісі туралы” Жарлық) – 1999
ж. 16 шілдедегі ҚР-ң “ҚР-ғы кеден ісі туралы” Заңы (бұдан кейін – “Кеден
ісі туралы” Заң).
Кедендік реттеу, кеден құқық институттарының жиынтығы, “кедендік
әкімшілік ету” ұғымын білдіреді.
Осылайша Қазақстандық кеден заңдылығы құрылымы бойынша әр түрлілік
сипатқа ие болып, халықаралық кеден құқығы нормаларына, конституциялық,
әкімшілік қылмыс, қаржы, салық, қылмыс – процессуальдық құқық салаларына
сүйенеді.
Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, ҚР Ұлттық
Банкінің нормативтік құқықтық актілері қабылдануда. Кеден мәселері бойынша
ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселерін
қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы,
банк, кеден, салық, муниципалды және т. б. құқық салалары сияқты әкімшілік
құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы рөлін атқарып, олардың
нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқық салаларына
бөлінуін қолдауда деп атап көрсетеді.
Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласын жаңа
материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Қазақстан құқығының жаңа, кешенді салаларының пайда болуын қоғамдық
және мемлекеттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті деңгейде дамуымен
байланыстыруға болады.
Ю.К.Толстой негізгі және кешенді құқық салалары арасындағы төмендегі
айырмашылықтарды ажыратады:
1.Әр құқық саласы пәннің біртұтастығына ие, Кешендік салада пән
біртұтас емес, сондықтан ол әр түрлі болып келеді.
2.Негізгі құқық саласының құрамына басқа құқық саласының нормалары
кірмейді. Керісінше, кешенді құқық салаларының нормалары негізгі құқық
салаларынан алынатын нормалардан тұрады.
3.Құқықтық реттеудің өзіндік жеке әдістемесі болмай жеке негізгі
құқықтық сала бола алмайды. Ал кешендік құқық салалары құқықтың басқа
салаларының әдістемелерін пайдаланады.
4. Негізгі құқық салаларының бүгінгі күнгі қалыптасқан құқық жүйесінде
белгілі бір объективті орны бар болса, кешендік құқық салалары құқық
нормаларын жүйелендірудің нәтижесі болып табылады, құқық жүйесінде ешқандай
орын алмайды.
Құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесінің болу шарты тек кешендік
құқық саласы ғана емес, негізгі құқық салаларының басты аргументі болып
табылады.
Қазақстанда кеден саласының жаңадан еңгізілуіне орай және сол кезеңнің
заңдарына сәйкес, кеден органдарының қызметінің жүзеге асуына байланысты
кедендік құқық өзінің қалыптасқан уақытынан бастап, өз алдына, дербес
тіршілік етуге ұмтылды.
Біз көрсетіп отырған кеден құқығының құқықтық реттеу пәні құқықтық
қатынастарды реттеу үшін қабылданған, ол заңда бекітілген, кешенді
сипаттағы нормаға ие.
Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына,
Қазақстан үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының
атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестікке ұмтылды.
Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік
құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастан – ақ қазіргі кездегі
кеден ісі тәрізді мемлекеттік монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға
болады. Дегенмен әкімшілік жауапкершілік қызметтің қазынагерлік сипатқа тән
кейбір мәселелері жеке топқа (кеден ережелерін бұзу, кеден ережелерін бұзу
жөніндегі істерді жүргізу) бөлінді және соңында кодификацияланған актіге,
атап айтқанда, “Кеден ісі туралы” Жарлыққа енгізілді.
Кеден саласындағы қылмыс, тергеу органдарының қызметі, жедел іздестіру
қызметін жүргізу құқығы, процессуальдық әрекеттеуді анықтау қылмыстық құқық
пен қылмыстық-процессуальдық құқықтың құқықтық реттеу пәніне кіреді және
кеден органдарының құқық қорғау қызметіне жатады.
Кеден баждарының бағамдарын, алымдардың, төлемдердің көлемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден органдар қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Құқық қорғау органдары туралы
Қаржы полициясы органдарының міндеттері мен құқықтары
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Іс жүргізудің мерзімдері
Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықты қарастыру мәселелері
Кеден ісі саласындағы құқықбұзушылықтың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасы кеден органдарының құқық қорғау қызметінің мәні
Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер
Пәндер