Халықаралық келісім - шарттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 3
2.1 КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚР КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 3
2.2 ІШКІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ 8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 17

КІРІСПЕ

Қазақстандық кеден заңдарында кездесетін "кеден ісі", "кеден саясаты"
сияқты құқықтық категориялар олардың өзара қарым-қатынасы мен кеден
құқығындағы орнын анықтап беруді қажет етеді.
Бұл категорияларды мағынасына қарай кеден құқығындағы біріккен құқық
материалдары ретінде анықтау керек.
Олардың өзгешелігі кеден саясатының мемлекеттің сыртқы және ішкі
саясатының құрамдас бөліктеріне жатқызылуымен түсіндіріледі, бұл кеден
саясатын жалпы кеден саласымен тепе-тең қояды.
Кеден саласын қабылданатын саяси және экономикалық шараларға әсер
етуге тиіс мемлекеттік құрал ретінде қарастыру керек. Егер оған мемлекеттік
деңгейдегі екінші элемент ретінде қарауды жалғастырсақ, кеден саласы
аморфты жағдайын сақтап қалады және өзгерістерге дер кезінде ықпал ете
алмайды.
Кеден ісі Президентгің "ҚР Кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығының 1-
бабына сәйкес төмендегі элементтерден тұрады: ҚР Кеден аймағы арқылы
тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртіптері мен шарттары; кедендік
бақылау және кеден саясатының басқа түрлері; кеден органдарының
ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері.
Осы кодификациялық құқықтық нормативтік акт қабылданғанга дейінгі
кеден ісінің мазмұны тар ауқымда еді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 КЕДЕНДІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚР КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Кеден ісінің құрылымынан кеден саясатын бөліп қарау манызды құқықтық
мәселе болып табылады. Кеден саясатын жүзеге асыру механизмінде әр
мемлекеттік органға және олардың жауапкершілігіне қатысты Үкіметтік
деңгейдегі бағдарламаларды қабылдау талап етілді.
Кеден органдары тек атқарушы орган ретінде қалмай, рынок
коньюнктурасына талдау және болжам жасауға, тарифтік жөне тарифтік емес
шаралардың реттелуіне қатысуы керек.
Кеден саласының шегін анықтау - маңызды мәселелердің бірі. Кеден
саясатында кейбір мақсаттарға басқа мемлекеттік органдардың іс-әрекеті
арқылы қол жеткізілетін болса да, кеден органдарының өкілеттік мәселесін
қосқанда, кеден ісінің мүмкіндіктері жеткіліксіз. Егер бұған экономикалық
қауіпсіздікті іс жүзінде қамтамасыз ету мәселесін қоссақ, кеден ісін
кемелдендіруге тура келеді.
Кеден Одағын сәтті құру кеден ісінің мазмұнына сапалы өзгерістер алып
келеді. Ол, әсіресе, бірыңғай кедендік тариф құрудан, кедендік қызметті
басқарудың бірыңғайлығынан, экономикалық кеңістіктегі еркін сауда және
білім алу тәртібіне байланысты бірыңғай кеден аумағын құрудан көрінеді.
Кеден заңдылықтарына сүйенсек, Қазақстанның кеден аумақтарына: құрлық
аумағы, су аумақтары, ішкі сулар, ауа кеңістігі, теңіздік ерекше
аймақтардағы жасанды аралдар, кешендер, баска да объектілер кіреді. Сонымен
қатар заңда кеден аумағынан тыс кеден аймақтары мен еркін қоймалар
қарастырылған.
Сонымен бірге заң еркін кеден аймағының және қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тыс орналасқан еркін қоймалардың аумақтарын қарастырады.
Кеден аумағының шектері, сондай-ақ еркін кеден аймақтары мен еркін
қоймалардың периметрлері кеден шекарасы болып табылады.
Кеден саласында экономикалық және әкімшілік шараларды қолдану дәстүрі
бар. Әкімшілік шараларына тарифтік емес реттеу тетіктерін жаткызуға болады.
Олардың санатында - лицензиялау, квота енгізу, максималды және минималды
баға м´лшерін анықтау, сертификаттау, тауарлар мен көлікті кіргізу мен
шығаруға қойылған шектеулер жатқызылуы мүмкін.
Лицензиялау мен квоталау мемлекеттің экспорт және импорт операцияларын
бақылау жүйесіне жатады. Бұл екеуі 1995 жылға дейін кең қолданыста болған
(кеден құқығы дамуының 1 кезеңі).
Қазақстанда 1995 жылдан бері жүргізілген сыртқы экономикалық қызметті
либерализациялау негізгі кедергілерді жоюға бағытталды. Оның ішінде
кедендік (бақылау тетіктерінен басқасы) кедергілер де бар. Ондағы мақсат
стратегиялық маңызы бар шикізат экспортын реттеу мен экспорттық-импорттық
операциялардан түскен валюталық қаражаттарды бақылау болып табылады.

Осы ретте кеден қызметі кедендік тарифтер кедендік құжаттарды
жетілдірумен реттеуді жетілдетуге байланысты нақты ұсыныстар жасауы тиіс.
Бұл ұсыныстар кеден құқығы мен бақылауына және жалпы жүйеге нұқсан
келтірмеуді көздеуі тиіс.
Мемлекеттің стандарттау мен сертификаттауға қоятын талаптары импорт
пен экспорт жүйесін реттеудегі әлемдік талаптарды ескере отырып жасалады.
Казақстанда сертификаттаудың міндетті және ерікті деп аталатын екі түрі
қабылданған (1993 жылдың 18 қаңтарында қабылданған "Стандарттау мен
сертификаттау туралы" Заңды қараңыз).
Үкімет тарапынан міндетті түрде сертификаттауға жататын тауарлар
санаты жасалады. Соған сәйкес кеден қызметі бақылау жүргізеді.
Импортталатын тауарларға мемлекеттік бақылауды күшейте түсіп, әкелінетін
тауардың нарықтағы орнын ескеріп отыру қажет.
"Тауардың нарықтағы орны немесе беделі" секілді ерекшелік сол тауардың
кедендік бағасын анықтауда басшылықка алынатын негізгі талап болып
табылады. Бұндай тетікті пайдалану әкелінетін тауарлардың сапасын арттыруға
мүмкіндік береді.
Мемлекет тарапынан мемлекеттік стандарттар мен техникалық келісімдерге
қатысты міндетті түрде орындалатын және кеңес есебіндегі талаптар қойылып
отырады.
Тауарларға қойылатын негізгі талаптар: олар адам өмірі мен
денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс; қоршаған ортаға зияны болмауы тиіс;
қапталу тәртібі; маркалануы мен міндетті талаптарға сай болуын бақылау
әдістері.
Ұсынылған талаптар тұтынушылар мүддесін қорғау мен тауарлардың сапасын
арттыруды кездейді.
Осы ретте тауарлардың сапасын көтеруге бағытталған шараларды енгізу
кезінде 1991 жылғы 5 маусымда қабылданған "Тұтынушылар құқықтарын қорғау
туралы" Заңның кесімдерін басшылыққа алып отыру лазым. Бұл заң тұгынушылар
құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін
қалайды.
Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тұтынушылардың құқықтарын
қорғап, сапалы тауарлар мен қызмет көрсетілуге бағытталған іс-шараларды
қолданулары тиіс.
Кеден мекемелері мен басқа да мемлекеттік ұйымдардын бірлескен жұмысы
тек құқық қорғау саласын ғана емес, сонымен бірге жалпы кеден саясатының
мақсат-мүдделерін іске асыру, оның ішінде ішкі нарықты қорғау, қазақстандық
тауар өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономика дамуына жағдай жасау
мен құрылымдық қайта құру ісіне ықпал ету, бәсекелестікті қорғау мен
монополияларға жол бермеу, экспорттың өркендеуі мен импорттың орнын толтыра
алатын өндірістің дамуына ықпал ету, инвестиция тарту мен мемлекетгің сауда
саясатының іске асырылуы т. б. іс-шараларды қамтып отыруы тиіс.
Кеден қызметінің ұйымдастырылуы мен бүгінгі мәртебесі осы мақсаттардың
іске асырылуын қамтамасыз ете алмауда, сондықтан Үкімет Қазакстандағы кеден
қызметі жүйесін реттеуге бағытталған арнайы шаралар ойластыруы тиіс.
Жалпы Үкімет пен басқа да мемлекетгік органдардың кеден саясатын
жүзеге асыруға қатыстылығы экономикалық мүдделерді, егемендік пен
қауіпсіздікті қорғау максатында оның тиісті қызметтендірілуінің
маңыздылығын білдіреді.
Шын мәніндегі Кеден Одағының қалыптасуы одақ мүшелері болып табылатын
елдердің аумағын қамтитын ортақ кедендік аумақ пен біртұтас экономикалық
кеңістіктің пайда болуына байланысты. Осы бағыттағы шешімін табуы тиіс
негізгі мәселелердің бірі - аймақтар мен еркін сауда жағдайының мәртебесін
анықтау болып отыр.
Тауарларға еркін сауда жағдайын енгізудің мақсаттары:
- басқа мемлекеттен әкелінетін-әкетілетін тауарларға көлемдік және
кедендік шектеулер қоймау;
- жанама салық жинаудың бірыңғай жүйесін енгізу;
- қатысушы елдердің басқа елден әкелінетін тауарларға қатысты
сактандыру ретінде уақытша шаралар қолдану құқығы. Бұл шаралар қалыптасқан
халықаралық нормалар мен ұлттық зандарға сәйкес болуы тиіс.
- катысушылардын келісімінсіз сауда жасауда үшінші бір мемлекетке
жеңілдіктер бермеу;
- бөсекелестікке қойылуы мүмкін шектеулерге жол бермеу;
- тараптар бір-бірінің тауарларына қатысты кемсітушілік немесе
өділетсіз жағдай туғызуы мүмкін шараларды қолданудан бас тартуы тиіс.
Бұл мақсаттардың іске асуы үшін Қазақстандағы кедендік басқару мен
жалпы кеден және баска да салаларда мемлекетгік басқару жүйесін
кемелдендіре түсуді керек етеді. Біз кез-келген өзгерістер мен кеден саласы
мөселелерін шешудегі бірлескен іс-қимылдарға дайын болуымыз керек.
Кеден Одағы аумағында бірыңғай кедендік тарифтер мен кеден жүйелерін
басқару тетіктерін енгізуді тездету кажет. Мемлекеттердің кеден және басқа
да салалардағы күкықтық актілердің бір арнаға түсуі қамтамасыз етілуі тиіс.

2.2 ІШКІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Халықаралық кеден құқығының негіздері. Кедендік Одақтар мен басқа да
халықаралық ұйымдар. Кедендік Одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістік жайлы
келісім.
Қазақстанның кеден құқығының қалыптасуы халықаралық кеден құқығының
дамуымен үйлесімді келе жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының
1990 жылдың 12 қыркүйектегі шешімі бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы
мерзім халыкаралық құқықтың онжылдығы деп аталып, халықаралық құқық
келісімдерінің барлық мемлекеттер үшін міндетті екендігі аталып өтті. Яғни,
халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиіс деген сөз, халықаралық құқық
келісімдерінің сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиіс.
Халықаралық кеден құқығына Н. С. Барчуков, Ф. Мартене, Б. М. Угаров,
К. Г. Борисов өздерінің еңбектерін арнаған.
Осыған орай, М. А. Сәрсембаев "Кеден ісі тек мемлекеттің ішкі
құзыретінде ғана қалып қоймайды, ол халықаралық мемлекеттің халықаралық
арена да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық
нормалармен реттеледі. Халықаралық құқықтық жүйесінің ішінде халықаралық
кеден құқығы атты жеке сала бар".
Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға
және халықаралық кеден құқығына негізделеді. Атап айтар болсақ ұлттық
тәуелсіздікті және егемендікті құрметтеу, ішкі іске араласпау, күш
көрсетпеу, толық тең құқылық, ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын
өзі шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.
Қазақстанның егемендігі экономикалық егемендік, өзіндік ұлттық
экономикасының нысаны мен жолын таңдауға бағытталған бостандық.
Экономикалық қауіпсіздіктің бағыты төмендегі шаралармен байланысты:
- экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік
экономикалық жүйеден Қазақстан экономикасының оқшаулануына жол бермеу;
- еліміздің экономикасының ресурстық, энергетикалық негізін сактау
және нығайту;
- геосаяси ортаның әсерінен пайда болатын жағымсыз факторлардың
мемлекет экономикасына зиян келтіруінің деңгейін азайту;
- отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара пайдалы
ынтымақтастықты қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы несие ресурстары мен
инвестициялық мүмкіндіқтерді отандық экономиканың қалпына келтіру мен
дамытуға жұмсау;
- мемлекеттік бюджеттің табыс көзін ныгайту;
- сыртқы қарыздарды республикалық бюджет заңында көрсетілген шектен
асырмай, Қазақстан аймағында әлеуметтік экономикалық дамуының дисбалансын
болдырмау;
- бәсекелестікті қолдай отырып, монополияны шектеп экономикалық өсуді
қамтамасыз етіп, экономикада отандық тауар өндірушілердің үлесін артгыру.
Ұлттық қауіпсіздікке, мемлекеттің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін
халықаралық келісім-шарттарды бекітуге жол берілмеуі керек.
Халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты
Вена конвенциясы 1969-1986 жылдардағы
Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері
Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
Халықаралық контрактілер
Әлемдік нарықтағы баға түсінігі
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің мазмұны
Келісімшарттардың басқа шарттары
Пәндер