Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3
1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Банктік менеджментінің қызмет көрсету саласындағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Банктің басқару қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Банктің басқару
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..15
2 БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ АҚ-ның БАСҚАРУ ПРОЦЕССІН ТАЛДАУ...19
2.1 Банк ЦентрКредит басқару
процессі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Банк ЦентрКредит басқарушылық қызметінің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕИТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының қызмет жүргізудің нарықтық негіздеріне көшуі,
мемлекеттің – қаржылық, валюталық, ақша-несиелік және инвестициялық
саясатын іске асыруда маңызды орын алатын, банк жүйесін, ақша-несие
қатынастары мен қаржыларды басқарудың рационалды, жаңа түрлерінің
қажеттілігін алға тартты. Соңғы жылдары, Қазақстан банктерінің қызмет аясы
айтарлықтай кеңейіп, банк қызметінің нарығы белсенді дами бастады. Банктер
қызметінің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасы да нәтижелі өтіп жатыр.
Мұндай жетістіктерге жету, негізінде, банк бизнесі аймағындағы корпоративті
менеджменттің дұрыс деңгейде дамуы мен қалыптасуына байланысты.
Алдыңғы қатарлы мемлекеттерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың
маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Нарықтық жағдайда оған айрықша
маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуды талап етпей,
шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты - неғұрлым тиімді
басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.
Шетел банк құрылымдары банк қызметтері нарығының нәтижелі дамуына
мүдделі, өйткені, біздің мемлекетте ABN AMRO Bank, Citibank, HSBC сияқты
ірі халықаралық банктердің еншілес банктері және Deutshe Bank, Dresdner
Bank, Commerzbank AG, ING Bank N.V. сияқты әлемге белгілі банктердің
өкілдіктері өз қызметтерін жүргізуде.
Жоғарыда аталған процестердің ерекшелінген жалғасы ретінде, банк
жүйесінде – банк персоналын және жалпы банк ісін үкімет тарапынан қойылған
талаптар мен ҚР-нің Ұлттық банкі қабылдаған нормативті-құқықтық актілерге
сүйене басқарудың тиімді формаларын қолдану көрінеді.
Банк ісіндегі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс жүргізетін елдерде
қорланған халықаралық тәжірибенің алар орны өте зор, ол үшін Қазақстан
банктерінің қаржы, ақша-несие, инвестициялық қызметінің даму деңгейін
бағалау және банк ісі бойынша заңнамалар мен нормативтік ережелердің
тәжірибеде дұрыс іске асуын анықтау қажет.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі банк менеджментінің ұйымдастырылуы
мен оның іске асу жолдары, қаржылық және кадрлық менеджменттің тиімді
жүргізілуі. Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында банк
қызметін тиімді жүргізуде банк менеджментінің алар орнын және оның
маңыздылығын қарастыру.
1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Банк менеджментінің банк қызмет көрсету саласындағы маңызы
Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
факторларының қатарына жатады. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықта оған басты
назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын талап етпей-
ақ, шығындарды төмендете отырып жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі нарықтық экономиканың дамыған жағдайындағы банк ісі барлық
елдерде шешуші рөл атқарады. Себебі, банктер қоғамның экономикалық өмірінде
ақша қозғалысын байланыстырушы буыны бола отырып, несие, есеп айырысу
қатынастарындағы делдал болып қатысады және ақша, валюта, төлем жасау
операциялары және т.б. салада көптеген қызметтер көрсетеді.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуының жаңа
белесін айқындап берді. Биылғы жылы ҚР Президенті Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Қазақстан халқына
Жолдауында: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің
экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі,-деді, яғни Қазақстанның
жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын,
әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік
шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа
экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына
байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде
қызмет атқара алуы ерекше көкейкесті мәселе туындады.
Банктік бизнестің даму барысында негізінен коммерциялық банктің
қаржылық аспектілері, операцияларды жүргізу техникасы, банктік қызметтер
мен банктік менеджент қарастырылады.
Банктік менеджмент басқарудың ерекше саласы ретінде, тек дамыған
нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Нарықтық экономика үшін
қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген және белгілі инвестициялық
жобалар мен бизнес–жоспарларды несиелендірудің нарықтық механизмі болып
табылатын банктік менеджмент өте үлкен маңызға ие.
Коммерциялық банктегі менеджмент клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым
қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен
операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген
орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін
білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау
маңызды басқару қызметінің бірі болып саналады.
Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең тиімді формаларын қолдану
жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік
жағдайда дамыған елдерде, менеджмент – бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен
тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару
жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар, теория мен тәжірибеде
қорланған білімдерді тез игере, өзгермелі жағдайларда – жаңа, қалыптаса
қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек.
Менеджмент – басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі
туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа
мағынада менеджментті – адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең
мағынада – банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымда-стыру
деп түсінеміз. Банк менеджменті нақты мекеменің қызметіне сәйкес белгілі
бір спецификаға ие. Өйткені банк, өкіміндегі несие ресурстарын ақылы түрде
– кәсіпкерлердің, ұйымдардың, халықтардың, мемлекеттің қосымша қаражатқа
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұсынатын, яғни бизнеспен
айналысатын өз алдына кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар банкте,
әртүрлі меншік иелерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
акционерлік қоғамдардың және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары
жинақталады.
Банк қоғам капиталын сақтаушы және орналастырушы ( екі жақты, пайда
табу мақсатында), сондай-ақ, банк шоттарына салынған ақша қаражаттарының
сақтаулы (немесе, дер кезінде, салыну шарты бойынша қайтарылуға тиіс)
болуына иелері алдына жауапты мекеме. Нәтижесінде банк, жеке өз мүддесімен
қатар, қоғам мүддесін қорғауды да көздейді. Мұндай мүдделер сәйкестілігі
баланс өтімділігін, яғни ақша нарығында банк тұрақтылығын қамтамасыз ете
отырып, банк менеджментінің келесідей мақсаттарын анықтайды:
- банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде
табысты жұмыспен қамту;
- банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және
салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту;
- іскерлік қатынастарды тұрақтандару және ұзарту мақсатында пайдала-
нармандардың (клиенттердің) банк қызметіне деген көлемдік, құрылымдық
және сапалық қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
- ұжымның әлеуметтік, коммерциялық, өндірістік проблемаларын өз ара
жетік шешілуін қамту;
- мамандардың әлуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру
мақсатында, мамандарды орнықтыру, даярлау және қайта даярлаудың тиімді
жүйесін құру.
Негізгі мақсаттармен қатар, банк менеджменті, бір қатар көлемдік,
сапа-лық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағдарлайды. Сандық
(көлемдік) көрсеткіштердің, банк қызметін басқару аяларының барлығына
қатысы бар, олардың қатарына: банк клиенттерінің және олардың шоттарының
санын, депозиттер көлемін, кредиттік салымдарды, инвестицияларды және банк
жүзеге асыратын қызметтер мен операциялардың көлемін жатқызуға болады.
Әлеуметтік көрсеткіштер, ұжым мүшелерінің кәсіби дайындықтарының
дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемалардың шешілу
дәрежесін сипаттайды. Банк менеджментінің басқа бір ерекшелігі, ол
депозиттер мен ақшалай салымдар иелерінің мүддесін қорғау мақсатында банк
қызметінің мемлекет тарапынан реттелуінде. Бұл біріншіден, банк қызметін
реттейтін – міндетті нормативтер, заңдар және жазбалардың орындалуымен
уағдаласылған еркін шешім қабылдаудың шектеуі бар екенін білдірді.
Екіншіден, ақша нарығы конъюнктурасының үнемі өзгеріп тұратын жағдайында,
банк өтімділігін қамту жолын таба білетін менеджерлердің қажеттілігін
көрсетеді.
Сонымен, банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдар-
ды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк
ісін жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне
негізделеді.
Банк менеджментінің мазмұнын келесі қызмет бағыттары құрайды:
жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау.
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау, осы процесс
барысында – перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады.
Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтары-
ның өзара байланыстыруға және оның орындалуын еңбекке ынталандыру жүйесі
арқылы ұжымның мүддесімен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының
коньюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызметінің бағыттарын, жаңа
сфера мен өнім түрлерінің тиімділігін бағалайтын процесс деп тануға
болады. Жоспарлаудың негізгі бағыты, нарық жағдайында банк қызметінің
технико-экономикалық негізделуі ретінде бизнес-жоспарды жасау. Бизнес-
жоспарды дұрыс пайдалана білу – қаржы ұйымдарын тиімді басқарудың негізін
құрайды.
Банк саясатын құру барысындағы аналитикалық жұмыстардың бір бөлігі
ретінде, банк маркетингі көрінеді. Банк қызметінде маркетинг түсінігі:
берілген аймақтағы және оның шегінен сырт банк қызметіне деген сұраныс пен
ұсынысты талдау; әртүрлі қызметтерді қанағаттандыру негізінде банктің
орналасқан жерін бағалау (инвестициялау, кредиттеу, қолма-қолсыз есеп-
айырысуды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.);
әртүрлі банктердің сәйкес операцияларды жүргізудегі шығындарының нормасын
салыстыру; жарнамалар жүргізу ұғымдарын білдіреді.
Коммерциялық банктер, жоғарыда аталғандардан басқа, тағы бірнеше
бағыттар бойынша аналитикалық жұмыстар жүргізеді: кредиттік және бағалы
қағаздар қоржындарын, клиенттердің несие қабілеттігін, меншікті капиталдың
жеткіліктілігін, пайыздық маржаны және т.б. талдау.
Банк менеджментінің жүйесінде, реттеу белгілі ерекшеліктерге ие, ол
коммерциялық банктер қызметтерінің мемлекет тарапынан реттелуімен ұштасады.
Сондықтан, банктің ішкі реттеу жүйесінің жұмысы, мемлекеттік бақылау
органдары: банктерді лицензиялауға, банк қызметінің шектілуіне, капиталдың
жеткіліктілігіне, өтімділікке, міндетті резервтердің қалыптасуына қатысты
белгілеген нормативтер мен талаптардың орындалуына бағытталған.
Банктің ішкі реттеу процессіне келесі бағыттарды жатқызуға болады:
- банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, барлық
бөлімшелерді қоса банк құрылымын қайта қалыптастыру және
жетілдіру;
- банк басқару сапасының жоғарылауын қамтитын, әдістемелік және
нұсқаулық құралдарды, шешімдер қабылдау процедураларын
енгізу;
- өндіріс ішінде және сыртқы ортада қалыптасқан жағдайлар
негізінде, банк саясатын құру;
- банк тәуекелін шектеу мен төмендетудің негізгі бағыттарын
әзірлеу;
- банк ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, кадрлар саясатын
және персоналдың профессионалды өсуін қамтитын шараларды
әзірлеу.
Банк қызметіндегі бақылау жұмысы, сыртқы және ішкі бақылау болып
бөлінеді. Сыртқы бақылауды, ҚР орталық банкі және сыртқы аудиторлар
жүргізеді. Ішкі бақылауды банктің өзі ұйымдастырады. Бұл жұмыстың басты
мақсаты, банк қызметіндегі теріс тенденциялар мен жетіспеушіктерді анықтау
және оларды жою шараларын қабылдау үшін, оперативті жүйе құру.
Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет:
1. Банк қызметі 2. Ұжымды басқару
тарапынан
тарапынан
(жұмыстың өзімен)
Банктің мақсаты Жетекші
Банктің Орындаушы
міндеттері
Қабылданатын Олардың
шешім
жауапкершілігі
Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы атқарылады. Олар опера-
цияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының
сенімділігіне жауап береді. Өйткені, әлемдік тәжірибеде–коммерциялық
банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді.
Банк менеджменті қызметінің нақты бағыттарын үлкен екі аяға (сфераға)
бөлуге болады. Кесте 1.
Кесте 1- Банк менеджменттінің бағыттары
Банктің экономикалық Банк басқару процессінің негіздері:
процесстерін басқару меке-мені және қызметкерлерді (ұжымды)
басқару
1 Қызметті жоспарлау: 1 Басқару үлгілерін талдау:
а) стратегиялық а) жапондық
б) шешу тактикасы б) американдық
2 Банктің меншікті 2 Банк менеджментінің басты мақсаттары және
капиталын басқару ерекшеліктерін анықтау
3 Банк активтерін басқару3 Банк қызметін ұйымдастыру және банктің
ұйымдық құрылымының негіздері
4 Банктің қарыз 4 Банк саясаты: мақсаты, негізгі бағыттары
қаражаттарын басқару және қалыптасу ережелері
5 Коммерциялық банктегі 5 Банк дамуының тиімді бағытын анықтау
тәуекелдерді басқару.
6 Пассивтерді басқару 6 Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары
стратегиясы .
7 Банк пайдасын басқару 7 Банктің кадрлық саясаты:
8 Банктің инвестициялық 8 Еңбек мотивациясы
қоржынын басқару
9 Банктің валюта қоржынын9 Шешім қабылдау білушілігі
басқару
10 Банк өтімділігін 10 Шиеленісті бәсеңдету
басқару стратегиясы
Бірінші топ, банк құзыретіндегі экономикалық процесстерді басқару мен
ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қамтиды (бұл бөлім қаржы менеджменті
деп аталады). Оның басты бағыттары:
- банк қызметіндегі бөлек аялар (сфералар) бойынша нақтыланған банк
саясатын құру (депозиттер, кредиттер, инвестициялар, қызметтер және т.б.);
- банк маркетингі;
- банк активтері мен пассивтерін басқару;
- банк өтімділігін, табыстылығын, меншікті капиталын, кредиттік қоржыны мен
банк тәуекеллерін басқару.
Қаржы менеджментінің ерекшелігі, біртұтас банк жүйесі шеңберінде банк
процедураларын ұйымдастыру мен экономикалық процесстерді басқаруда,
біркелкі технологияның жоқтығы.
Екінші топты, қаржы менеджменті тиімділігінің шарты ретінде көрінетін,
банк қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерін рационалды қолдануға
бағытталған, ұжымды басқарумен байланысты туындайтын мәселелер құрайды.
Бұл топқа: банк қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және мотивациялау;
кадрларды орнықтыру; еңбек ақы төлеу, еңбекке ынталандыру және көтермелеу
механизмі; бақылауды ұйымдастыру; қызметте өсу жүйесін қарастыру, ұжымдағы
қарым-қатынасты қалыптастыру принциптері кіреді.
Шетел тәжірбиесінде, әр бір банктің басқарылу сапасына баға беріледі
ойткені, көптеген жағдайда, жалпы банк жүйесінің және нақты банк
сенімділігінің деңгейі осы көрсеткішке тәуелді.
Менеджмент дұрыс жүрмеген жағдайда, теріс факторлардың пайда болу
себебін анықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Оларды дер кезінде анықтау, дұрыс
жұмыс істемейтін банктердің қызметіне араласуға құқығы бар, мемлекеттік
бақылау органдарының негізгі міндеті болып табылады.
Дұрыс емес менеджментке: банк басшылары мен қызметкерлерінің
әлсіздігінен басқару процесінде пайда болатын техникалық қателерді және
жалған активтер мен шығындарды жабу үшін жасалған есептер бұрмаларын,
сонымен қатар уақытша тартылған қаражаттар арқылы қиын қаржы жағдайын
жасыруды (банкаралық несие) жатқызуға болады.
2. Банктің басқару қызметін ұйымдастыру
Бұл жағдайда менеджмент мақсаты: Банк жұмысын ұйымдастырудың түрлі
әдістерінің жетістіктері мен кемшіліктерін қарастыру және басшылық таңдап
алған банк қызметін ұйымдастырудың нақты нысанының пайда көлеміне, тәуекел
деңгейі мен операциялар тиімділігіне тигізер әсерін бағалау.
Белгілі функциялар мен операцияларды орындайтын банктің кәсіпорын
ретіндегі мәні, басқару аппараты мен оның ұйымдық құрылымдарының
қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жылдар бойы банкілерде бір қатар ұйымдық
нысандар қалыптасып, оның әрқайсысы тұтынушылар қажет ететін функциялар
мен қызмет түріне ыңғайланған. Бүгінгі жағдайда қалыптасқан, банк
типтерінің қатарына:
-әмбебаб;
-маманданған;
-инвестициялық;
-ипотекалық;
-жинақ;
-арнайы тағайындалған және тағы басқа банктерді жатқызуға болады.
Алайда, күнделікті жәй операцияларды және басқа да өзіндік өзгешілігі
бар қызметтерді көрсететін әр бір банкте, басқару блоктарының міндетті
жинағы болуға тиіс. Бұлардың қатарында: Банк Кеңесі. Басқарма. Басқарудың
жалпы мәселелері. Коммерциялық қызмет. Қаржылар. Автоматтандыру. Әкімшілік.
Бірінші блокты банк құрылтайшылары қалыптастырады. Олардың саны әр
түрлі болуы мүмкін, бірақ әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлесі 35%
аспауы керек. Банк құрылтайшылары қатарында мемлекеттік құрылымдар және
жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде, банк меншігінің
акционерлік нысаны көп тараған, мұнда құрылтайшылар мен акционерлер
ретінде әртүрлі меншік нысандарын иеленетін жеке және заңды тұлғалар
көрінеді.
Басқарудың негізгі органы – банк акционерлерінің жиналысы, ол банк
қызметінде келесі стратегиялық міндеттерді орындайды: банктің ашылуы
туралы және қорларының қалыптасуына қатысты шешімдерді қабылдау, банк
жарғысын және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын
анықтау, банк жұмысы туралы есепті бекіту.
Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк Басқармасы және Тексеру
комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы,
белгіленген мерзімде өкілеттілік жүргізетін банк Кеңесін сайлайды. Сондай-
ақ, банк акционерлерінің жалпы жиналысы Кеңес мүшелерінің санын анықтайды.
Кеңес мүшелері көп дауыспен банк Кеңесінің төрағасы мен оның
орынбасарларын тағайындайды, бірақ Кеңес мүшелері бір мезгілде Тексеру
комиссиясының немесе Басқарма мүшелері қатарында болмауы шарт.
Банк Кеңесі басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл
ішінде кемінде бір рет мәжіліске жиналады.
Банк Кеңесі: банк саясатының бағытын және нақты экономикалық жағдайға,
дивиденттер мен пайыздық мөлшерлемелер көлеміне байланысты операциялар
шеңберінің кеңеюін анықтайды; банк Басқармасы мен Тексеру комиссиясының
жұмыстарына бақылау жүргізеді; банк өкілдіктері мен филиалдарының
ашылу мәселелерін шешеді; банк жүргізетін кредиттік және инвестициялық
саясаттың орындалуына бақылау жүргізеді; банк төрағасын, оның
орынбасарларын және басқада басқарушы тұлғаларды тағайындайды; жұмыс
жүргізетін комитеттерді бекітіп, олардың мүшелерін сайлайды.
Кеңес мүшелері, банк қызметін реттейтін заң актілерінің бұзылғаны және
банк жарғысымен қарастырылмаған операциялардың орындалғаны үшін, сондай-ақ
тиімсіз шешімдер қабылдану нәтижесінде шығындардың туындауына
жауапкершілікте болады.
Банк басқармасы (екінші блок) банк қызметінің стратегиялық бағыттарын
бекітуге және жалпы басқару жұмыстарына жауапты. Басқарма құрамына банктің
ірі бөлімшелерінің жоғарғы басшылары және осы кредиттік мекемені толық
немесе жартылай иеленетін тұлғалар кіреді.
Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
банк жарғысымен бекітіледі. Банк басқармасының төрағасы: банк атынан сөз
жүргізуге өкілетті; банкті басқаратын жоғарғы органның шешімдерін қабылдап,
сол шешімдердің орындалуын қадағалайды; банк ұжымын ұйымдастырып,
басқарады; банкті басқаратын орган алдында банк жұмысының заңдылығына жауап
береді.
Банк Кеңесі (басқармасы) жанынан екі комитет құрылады: Кредиттік және
Тексеру.
Кредиттік комитеттің функцияларына жататындар: банктің кредиттік
саясатын, тартылатын қаражаттар құрылымы мен оларды тиімді орналастыру
бағыттарын қарастыру; сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүргізу мен
қорларды инвестиялауға байланысты мәселелерді қарастыру; банктің жеке
бөлімшелерінің қызметін бақылау.
Тексеру комитетінің құрамы акционерлердің жалпы жиналысында
тағайындалады. Банк Кеңесінің мүшелері және банктің штаттық қызметіндегі
басқа тұлғалар Тексеру комитетінің құрамына сайланбайды. Тексеру комитеті –
банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса мен мүлік жағдайын және жыл
ішінде жүргізілетін валюталық, есеп-айырысу, кредиттік операциялардың банк
қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады.
Үшінші блоктың жұмысы – банк қызметін жоспарлау мен болжауды
ұйымдастыру, банк қызметінің (активтер сапасы, капитал жеткіліктігі,
өтімділік және тағы басқадай) негізгі бағыттары бойынша Ұлттық банктің
талаптарын орындау, басқару әдістемесін тағайындау (методологиясын). Бұл
блоктың мәселелері экономикалық-жоспарлау басқармасы шеңберін- де шешіледі.
Төртінші блок – әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды
(несиелендіру, инвестициялау, валюталық, трасстық және басқа да активті
операцияларға қатысты). Бұл блокқа кіретіндер: кредитті басқару бөлімі,
опциондық басқару, бағалы қағаздар мен операцияларды басқару және т.б.
Кредиттік басқару – кредиттік қоржынның қалыптасуына, пайдаланарман-
дарды несиелендіруге, несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың
кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды
әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.
Қаржылық блокқа: бухгалтерия; табыстар мен шығыстардың есебін
дайындайтын касса; ішкі банкілік есеп айырысу және корреспонденттік
қатынастар бөлімшелері, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорын ретінде банктің өз
қызметінің есебі кіреді.
Алтыншы блок – ақша ағымдары бойынша мәліметтердің электронды өңделуін
қамтамасыз ететін, техникалық блок (несиелендіру, есеп айрысу және басқа да
операциялар).
Кадрларды жинақтау, жұмыс орындарына қажетті кандидаттарды таңдау,
қызметке қабылдау, қызметтен шығару, қызмет сатысының өсуіне қатысты және
басқа да жұмыстарды – кадрлар бөлімі, яғни жетінші (әкімшілік блогі) блок
қамтиды. Бұл блокқа, сондай-ақ канцелярия, секретариат және әкімшіліктің
шаруашылық бөлімін жатқызуға болады.
Банкті ұйымдастыру қағидаттары. Банкті ұйымдастырудың негізгі
қағидаларына жататындар:
- банктерді орындайтын қызметтеріне сәйкес құру;
- ұйымдастыру буындары және билік өкілеттілігі бойынша сатылар;
- банк қызметінің қойылған мақсаттарға сәйкес болу қағидасы;
- бірлескен және үйлестірілген іс-әрекеттерді, басқаруды рационализациялау;
- банк қызметінің қоршаған орта талаптарына толық сәйкес болу қағидасы;
- персонал қызметін регламенттеу;
- жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілу.
Банкті ұйымдастыру қағидалары – бұл банкке тән функциялар мен
операциялардың орындалуы үшін алғы шарттарды құратын, банк жұмысының
бастапқы ұйымдастыру жағдайлары.
Негізгі функционалдық қағида дегеніміз, банктің ұйымдық құрылымының,
банк қызметінің нақты бағытына және көрсететін қызметтерінің көлемі мен
түрлеріне сәйкес, қалыптасуын білдіреді. Сондықтан, банк операциялары мен
функциялары және олардың масштабтары банк басқару жүйесінің құрылуын
негіздейді.
Банк бөлімшелері бойынша, билік өкілеттілігінің сатысы биліктің екі
буынын қарастырады. Олардың бірінші буына, Кеңес пен Басқарманы, Тексеру
комиссиясын, Кредит комитетін жатқызуға болады. Екінші буынға, жалпы банк
ісіне және пайдаланармандарға қызмет ететін бөлімдер жатады. Банк
қызметінің басқармасы, банк операцияларының функционалды белгіленген
бағыттары бойынша, жіктелуін есепке ала құрылады:
1. Банк қызметін болжау (жоспарлауды) басқармасы, банк қызметінің негізгі
қағидаларын (өтімділік, пайдалылық және сенімділік) қамту мақсатында,
банктің басқару функцияларын жүзеге асырады;
2. Кредиттік басқарма, әртүрлі кредиттік операциялардың орындалу негізі
болып саналатын несие қорының қалыптасуын, берілетін несиелердің функ-
цияларын, қолдану аясын және оларды қамсыздандыруды қамтамасыз етеді;
3. Коммерциялық банк қызметінде маңызды орын алатын валюта басқармасының
негізгі функциялары: валюта жайғасымы мен валюталық шоттарға басшылық
ету; валюталарды сату және сатып алу; салымдарға қаражаттарды қабылдау
және несие беру; тәуекелділіктерді қамсыздандыру.
4. Депозиттік операцияларды басқару бөлімі, банктің меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттарын талдауға және олардың есебін жүргізуге арналған.
Бөлім функциялары: банктің депозиттік қаражаттарының, мерзімдері және
жеке депозиттері бойынша есебін жүргізу; банк ресурстары және олардың
банк балансының өтімділігіне тигізер әсерін бағалау мақсатында –
депозиттік қаражаттарды, олардың құрылымы мен даму динамикасын талдау;
банк ресурстарын жоспарлауға қажетті, ақпаратты ұсыну.
5. Есеп айырысу-кассалық қызмет басқармасының функцияларына келесілер
жатады: есеп айырысуға қажетті шоттарды ашу және оларға басшылық ету;
кассалық операцияларды жүргізу.
6. Талдау және статистика басқармасы келесілерді қарастырады: статистика-
лық ақпаратты жинақтау мен талдауды; банк қызметі туралы есептерді,
жоспарлар болжамын дайындауды; банк балансының статистикалық өңделуін;
пайдаланармандарға ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетуді.
7. Маркетинг басқармасы, оның функцияларына жататындар: рыноктық
конъюнктураны зерттеу; банк қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу және
еңгізу;
8. Клиенттері мен әріптестеріне қатысты іскерлік байланыстарды орнату.
9. Банк филиалдарының басқармасы келесілерді қарастырады: филиалдардың
қызметтеріне басшылық жасау; жүргізілетін банк саясатының дұрыс болуын
қадағалау және банк жұмысы тиімділігінің жоғарылауын қамту.
10. Қойылған мақсаттарға сай келу қағидасы, банктің негізгі міндеті – пайда
табуға бағыттап жалпы банк қызметін ұйымдастыруды қарастырады. Сондықтан,
банктің ұйымдық құрылымы, барлық қызмет бөлімшелерінің жұмысын
үйлестіріп, дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Банктің ұйымдастыру
қағидаларының қатарына, басқаруды парасаттау да (рационализациялау)
жатады. Ол – нарықты зерттеу, өндіріс шығындарын қысқарту және
көрсетілетін қызмет түрлерінің кеңейюі бағытында банктің мақсатты дамуын
қарастырады.
Банк құрылымының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Банктің ұйымдық
нысаны оның функцияларымен негізделген, өйткені банктер ұйымдық құрылымы
тұрғысынан алда тұрған міндеттерді максималды тиімді орындауға бағытталып
құрылады. Әрине, ірі банктер әр түрлі көптеген функцияларды іске асырып,
банк қызметінің кең спектрін игеруді көздейді. Сондықтан, банк көлемі оның
ұйымдық құрылымын анықтауда басты фактор болып табылады. Банктің ұйымдық
құрылымын және оның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
қатарына, жоғарыда аталған, банк көлемі және функцияларымен тең жүретін
басқада біраз факторларды жатқызуға болады: банк персоналының сапа және сан
жағынан қажетті көлемін, қызмет бағытын, шығындарды үнемдеу есебін және
персоналдың жұмысбастылығын. Банктердің қызметіне мемлекеттік реттеу
жүргізу, олардың ұйымдық құрылым нысанының және көптеген қажеттіліктерінің
қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Банк көлемінің оның ұйымдық құрылымына әсер етуі, ірі және майда
банктердің құрылымдарын салыстыру кезінде көрінеді. Жүздеген банктер
мысалы АҚШ-та, майда және орта шаруашылық құрылымдарына қызмет көрсетумен,
жеке тұлғалардан кішігірім депозиттерді тартумен, сондай-ақ майда
кәсіпорындарға қарыз қаражатын және тұтыну кредиттерін берумен айналысады.
Мұндай банктерді әдетте бөлшек банктер деп атайды. Ірі көтерме қаржы-
несие институттары, корпорацияларға ірі заем берумен және комерциялық
кәсіпорындарға қызмет көрсетумен айналысады.
Кіші банктердің даму деңгейі, аймақтың экономикалық жағдайына тәуелді.
Осы банктердің көбі ауылшаруашылық өндірісімен тығыз байланысты қызмет
жасайтын болғандықтан, жергілікті кәсіпорындар жағдайының тұрақтылығы да
олар үшін өте маңызды. Өйткені, жергілікті кәсіпорындардың қаржы жағдайының
төмендеуі, банк қызметінің өсу қарқынына және оның депозиттер, несиелер
және табыс көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Ірі банктерге қарағанда
кішігірім банктердің жұмысында кездесетін тәуекеллер деңгейі төмен
болғанымен, олардың жаңа қызметтер түрін игеру және тез даму
мүмкіндіктеріде өте төмен.
Ірі банктердің кіші және орта банктерге қарағанда біраз артықшылығы
бар, олар пайдаланармандарға кең көлемде қызмет көрсете отырып, көптеген
және әртүрлі нарықтарда жұмыс атқарады. Сол себебте, олардың қызметі
территориалды және ұсынатын қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша
әртараптанған. Бұл ұтымды, өйткені экономикалық тұрақсыз жағдайда банк
тәуекелдігі деңгейінің төмен болуын қамтиды. Мұндай ірі қаржы-несие
институттарының даму деңгейіне салалардың, аймақтың немесе тіпті
мемлекеттің экономикалық жағдайының өзгеруі ешқандай әсер етпейді. Мысалы,
Ситикорп және Чейз Манхэттен сияқты банктер АҚШ шегінен тыс
территорияларда өздерінің табыстарының көп бөлігін табады. Мұндай
банктердің тағы бір ерекшелігіне – төмен шығынмен капиталды жұмылдыра
білу қабілетілігін жатқызуға болады.
Келесі фактордың мәні мынада, нарықтың технологиялық және
экономикалық параметрлерінің өзгеруі, банктердің табысты және тиімді
қызмет етуінің негізі болып табылатын, жоспарланған кадрлар құрылымын
өзгертеді. Экономикалық өсу мен қатаң бәсекелестік жағдайда, банктер
тұтынушылардың қаржы қызметтеріне деген сұраныстарының өзгеруін қатаң
бақылауға, басқа банктермен және банкілік емес қаржы-несие ұйымдарымен
бәсекелестікке дайын болуға мажбүрлі. Осындай жаңа талаптарға сай банк
қызметін жүргізу үшін, банк пайдаланармандарының қажеттіліктерін зерттеуге
баса назар аудара алатын, өзгермелі сұраныс жағдайында қызметтердің ескі
түрін өңдей және жаңа түрлерін әзірлеп, енгізе алатын қызметкерлер мен
менеджерлер қажет.
Банк құрылымына оның мамандануы мен әмбебаптылығы да әсер етеді.
Әмбебап банктердің көптеген қызметтер түрін ұйымдастыруға қажетті арнайы
бөлімдері бар болуы керек. Керісінше, банктің нақты қызмет түріне
мамандануы мұндай бөлімдердің қалыптасуы мен бірқатар операциялардың
орындалуын қажет етпейді.
Банк қызметі бойынша шығындарды үнемдеу, ұсынылатын қызметтер
табыстылығының жоғарылауына және банк жұмысының тиімді болуына әсерін
тигізеді. Банк коммерциялық кәсіп орын ретінде өз жұмысында минималды
шығындармен пайда табуға мүдделі. Тиімсіз шығыстардың қысқару бағытта-рының
бірі, банк персоналының жұмыспен ұтымды қамтылуын көздейтін, орындалатын
жұмыстар көлеміне банк жұмысшылар санының сәйкес болуы.
Банк құрылымын қалыптастырудағы соңғы мақсат–банк қызметкерлерінің
еңбек өнімділігі кешенін тиімді басқару және қызметте табыстылыққа жету.
Осы жағдайға қатысты, банк құрылымы икемді, қозғалмалы, өзгертуғе ыңғайлы
болуы және банктің басты мақсаты табыс табу жолында қызмет етуі керек.
Банктік менеджменттің ерекшеліктері. Банктік менеджменттің, аталмыш
бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне
тән өзгешеліктері бар. Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты
білдіре-тін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға
сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты
белгілер тән болып саналады.
Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік
мақсаттарын айқындайды:
- ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің
тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
- несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің
кепілі ретінде банк балансының өтімдігін қамтамасыз ету;
- іскерлік байланыстардың ұзақтығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк
көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылымына және сапасына деген
клиенттердің қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;
- аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемала-рын
табысты шешудің үйлесімі; олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың
және орналастырудың тиімді жүйесін жасау.
Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра
сандық, сапалық және әлеуметтік керсеткіштерді орындауға бағдарланады.
Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы
бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер
көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен
қызметтердің колеміне, бұл жалпы қызмет, ңәтижелерің талдау мен бағалау
үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.
Сапалық корсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты
банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін
(рентабельділігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады.
Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операциялар-ды
жасауға жұмсалатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамды-ғының
көрсеткіштерін қамтиды.
Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы
бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің
көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфиден-
циалдығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банктің қабілетін
жатқызуға болады.
3. Банктің басқару саясаты
Банк менеджментінің негізгі қалаушысы ретінде стратегиялық жоспарлау
көрінеді. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз, банк қызметіндегі басқару
процессінің негізгі ұтымды бағыттарын анықтау, даму идеологиясын жасау
және алға қойылған міндеттерді тиімді орындау.
Банк сферасында, стратегиялық жоспарлар қатарына банк саясатын
жатқызуға болады. Ол банктің ұзақ мерзімді міндеттерін, даму бағыттарын
және осы аталғандарды іске асыру бойынша шаралар кешенін анықтайды.
Қазақстан банктерінің осы даму кезеңіндегі негізгі проблемаларының
бірі стратегиялық деңгейде банк басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерінің
жоқтығы. Банктерде стратегиялық жоспарлаудың кейбір элементтері
қолданғанмен, ол қажетті тиімді деңгейге толық сай келмейді.
Бүгінде, көптеген банктерді өз қызметтіндегі стратегиялық аспектілерден
гөрі, оперативті мәселелер қызықтырады. Бірақ, шаруашылықтың нарықтық
жағдайға көшуі, отандық банк жүйесінде бәсекелестіктің өсуі, әлемдік
қоғамдастықта саясаттық және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы – банк
ісінде стратегиялық жоспарлаудың қажетті түрде қолдануын талап етіп отыр.
Казақстанның алдыңғы қатарлы банктері өздерінің пайдаланармандарына
көптеген операциялар мен қызметтерді көрсетуге мүддесі зор, мұндағы мақсат
– банктің табыстылық базасын кеңейте отырып, оның бәсекелесу қабілетін
жоғарылату. Тағы бір ескеретін жәй, банк ісінің–пайдаланармандарға көрсеті-
летін қызметтер бағасының қолайлы және сол қызметтер бойынша шығындар-дың
екі жақты минималды болуын көздей дамуы (банк және клиент үшін).
Отандық банктердің халықаралық деңгейде қызмет істеуін ескере отырып
және оперативті басқарудың маңыздылығын еш кемітпей, банк жүйесінің
нарықтық жағдайда дамуының негізгі аспектісі ретінде – ұзақ мерзімді
міндеттерді жоспарлау дұрыс деп есептейміз
Стратегиялық басқаруды, банктің сыртқы нарықтағы іс-әрекетін және
ішкі процесстерін, құрылымын-экономикалық өзгерістерге сәйкестей, банктің
оптималды тиімді даму бағытын анықтау деп түсінуге болады. Стратегиялық
басқару құрамына – стратегиялық жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және
реттеу кіреді.
Стратегиялық бағдарды (ориентир) негіздеу және банк құрылымын
ұйымдастырудың ең тиімді нысандары мен әдістерін таңдап алу үшін, жалпы
банк жағдайын және бәсекелестік орта мен банк сферасындағы қозғалыс
күштерінің және олар мен байланысты өнімдер мен қызметтердің ерекшеліктерін
бағалау және оларға стратегиялық талдау жүргізу қажет. Даму стратегиясы,
банктің қаржы жағдайын есепке ала отырып, ең негізгі деп саналатын, ішкі
және сыртқы факторларға талдау жүргізу арқылы әзірленеді. Банк дамуының
стратегиялық жоспарының мазмұны және негізгі кезеңдері:
1. Банк міндеттері мен мақсаттары:
- банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау; құрылымдық
бөлімшелердің даму деңгейі мен даму жоспарын анықтау; табыс табу көзі
ретінде сыртқы ортаның өзекті позициясын анықтау (енгізілген қаражаттар
клиенттердің, партнерлардың қажеттіліктерін қамту арқылы табыс әкеледі);
қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау.
2. Қызметтің әр түрінің мақсатын белгілеу:
- мақсаттың белгіленуіне әсер ететін факторларды анықтау; болашағы мол
банк өнімдері мен қызмет қатарын анықтау; банкті бір шама жақсы нәтижеге
жеткізген, нақты қызмет сферасын анықтау; банк қызметінің тұрақты, асық
нәтижеге жететін сфераларын анықтау.
3. Банктің бастапқы жағдайын бағалау: қызмет етілетін нарықты анықтау
(банк клиенттерін және олардың кажеттіліктерін айқындау, қызмет етуге
қажетті ресурстар көлемін анықтау); нарық сегменттерін анықтау (ортаны тал-
дау, бәсекелестерді бағалау, нарық жағдайын бағалау); нарық тартымдылығын
бағалау (сегменттердің сапасын бағалау, оларға мақсатқа сай қызмет
көрсету).
4. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды анықтау; банк стратегия-
сына әсер ететін микро- және макроорталар факторларын айқындап, талдау.
5. SWOT – талдау: банк дамуындағы ұтымды және ұтымсыз тенденцияларды
анықтау; банк ісіндегі мүмкін болатын қолайлы және қолайсыз
аспектлерді болжау.
6. Шаруашылық қоржынының даму стратегиясы: даму стратегиясын таңдауға
әсер ететін факторларды талдау негізінде, мүмкін болар стратегиялық
альтернативаларды анықтау.
7. Реттелетін факторлардағы өзгеру стратегиясы: іс жоспары түрінде
көрінетін, нақтыланған банк стратегиясының жоспарын жасау.
Стратегиялық даму жоспары – тұрақты және ұзақ мерзімді алғы
бәсекелестікті қамтуға бағыталған, өз ара сәйкестелінген бағдарламалар
пакеті ретінде көрінеді. Стратегиялық, сондай ақ оперативті басқару
негіздерін жасап шығару бағыты әртүрлі болмақ.
Стратегиялық жоспарлаудың, идеялы-теориялық негізі ретінде банктің
даму концепциясы көрінеді. Даму концепциясы (тұжырымдамасы) – бұл банк
ісіндегі өзекті, ұтымды бағыттарды бөліп көрсету, жалпы мақсаттар мен оның
ішінде алғыларын анықтау. Банктің даму концепциясына: банк миссиясы,
банктің қаржы нарығында алар орны, несие және қызмет көрсету саясатының
қағидаттары, менеджмент қағидаттары және банк имиджі жатады. Игілікті
банктің – өсу қарқыны тұрақты, шығыны минималды, тәуекел деңгейі оптималды,
қаржы нарығы сегменттерінде нақты орны және ауқымды қызметтік базасы бар
болып келеді. [8. 34б]
Стратегиялық мақсаттар тактикалық шешім қабылдауды болжамдайды, яғни
жүргізілетін операциялардан табыс табу тәсілдерін, орындалу мерзімдері мен
жағдайын, ұсынылатын банк қызметтерінің көп түрлі болуын, банк капиталы
мен баланс валютасының өсу жоспарын, клиенттік базаны, банк активтері мен
пассивтерінің ауытқуымен мен құрылымын, табыс шамасы бойынша жоспарды және
т.б. қарастырады. Сонымен, стратегия дегеніміз – перспективаны көру
(болашақты), тактика – стратегиялық жоспардың орындалуын бақылау деп,
қортынды жасауға болады.
Осыдан кейін, активтер және пассивтер көлемін, құрылым боынша жоспар
мен пайыздық мөлшерлемелерді болжау негізінде – банктің табыстылығы,
маржасы және пайдасының болжамды көлемдері анықталады.
Банктің кадрлық саясаты. Банк қызметін ұйымдастырудағы негізгі буынның
бірі банк персоналын басқару. Ойткені, көбіне банк қызметінің тиімділігі
жалпы банкті басқаратын немесе жеке банкілік операцияларды орындайтын
адамдарға байланысты.
Сондықтан, нарық жағдайында компанияны басқарудың үйреншікті
авторитарлы стилінің орнына демократиялық түрін қолдану тиімді болмақ.
Басқару түрінің бұл нысанын келесі позициялар құрайды:
- нұсқаулардың – ұсыныстар нысанында берілуі;
- бағыныштыларға құрметті, назарлы қатынас, достық ілтипатпен қарау;
- бұйрық және тиымдарды – талқылаулар арқылы іске асыру;
- мадақтау мен ұялту іс әрекеттерін – кеңестер арқылы жүргізу;
- басқарушының позициясы немесе басқарушылық позиция – ұжым ішінде
шешілуі.
Басқарудың демократиялық стилі – банкілік құрылым нақты адаммен емес
қағидалармен басқарылуы қажет деп санайды. Сондада, бұл кезеңде
басқарушының процестегі ролі аса маңызды, өйткені бұл жағдайда оның
басқаруының объектісі ретінде құрылымдар, қызметкерлер және ұйымның
идеялары мен құндылықтары көрінеді.
Банк қызметінің сәтті болуының міндетті шарты – мекемеде жоғары білікті
және өз жұмысына қызығушылық танытатын мамандардың болуы. Бұл үшін
біліктілік дәрежесін өсіру және кәсіптік оқытудың іс-жүзіндегі жүйесі және
қызметкерлерді өзіндік шығармашылыққа итермелейтін мықты стимулдар
іздестіріліп, енгізілуі қажет. Мұндай стимулдар ұжым өмірінің барлық:
материалды, рухани-психологиялық, ұйымдастырушылық аяларында маңызды орын
алады.
Еңбек үшін сыйақы берілуі тиіс, сыйақы ретіне адам өз тарапынан құнды
деп есептегеннің бәрі жатады. Мадақтаудың мұндай түрлері – ішкі және сыртқы
болып бөлінеді. Біріншісіне, өзін-өзі құрметтеу сезімі, нәтижелерге қол
жеткізуден қанағаттану, жұмысты орындау процесінде туындайтын өз еңбегінің
маңыздылығы мен мағыналығын сезіну жатады. Сыртқы сый құрметке, орындалған
жұмыстының орнына кредиттік мекеме тұрғысынан ұсынылатын: еңбек ақы,
сыйлықтар, қызметте өсу, әртүрлі жеңілдіктер мен мадақтаулар жатады.
Соңғы уақытта ұйымды басқаруға қызметкерлердің барлығын жұмылдыру
маңызды орын алып отыр. Жұмысшы – талдау, жоспарларлау, стратегия мен
тактиканы қалыптастыру, банк қызметін ұйымдастыру мен бақылау процесстеріне
тартылған жағдайда, ол – жалпы ұжым жұмысына өзінің тиістілігін, қызметінің
маңыздылығын сезіне, қабылданатын шешімдердің мазмұнына өзінің пәрменді
әсер еткенін сезінеді. Егер, осы талпыныс, ынталандырудың материалдық
және басқа да әдістерімен қатар бірлесе қолданыс тапқан жағдайда,
жұмысшылардың тиімді, рационалды қызмет (еңбек қайтарымын жоғарылататын)
ету құштарлығы сөзсіз молаяды.
Сонымен, персоналды басқару ретінде іс барысында, қызметкерлердің
потенциалды мүмкіншіліктерін толық қолдану мақсатында, олардың қызметіне,
тәртібіне және мүдделеріне басқарушылық әсер ететін кешенін түсінуге болады
(қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандары). Экономикалық категория
ретінде персоналды басқару, жұмысшылардың еңбегі максималды қайтарымды
болу үшін, олардың (мотивациясын) мүдделерін мақсатты түрде өзгертуге
бағытталған үздіксіз процесс нысанында көрінеді. Дұрыс жүргізілген басқару
процессі, қызметтің ақырғы жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізеді.
2 БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ АҚ-ның БАСҚАРУ ПРОЦЕССІН ТАЛДАУ
2.1 Банк ЦентрКредит басқару процессі
АҚ БанкЦентрКредит 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылып, кейінгі 21 жыл
ішінде Қазақстанның қаржы нарығында өз қызметтерін табысты өткізе отырып,
Қазақстанның ең бірінші ашылған жеке коммерциялық банкі болып табылады.
Банктің республика бойынша кеңейтілген филиалдар желісі бар, соның
ішінде 21 филиал және 100-ден артық есепті-кассалық бөлімшілер
қалыптасқан. Аталмыш банк, Қазақстанда бірінші болып барлық банктік
өнімдер мен қызметтерді сатумен айналысатын, клиенттерге жоғары деңгейде
қызмет көрсететін, ішкі филиалдық операцияларды өңдейтін және барлық
клиенттердің шоттары мен мәмілелеріне бақылау жасайтын фронт және бэк
офистарды еңгізді.
Банктің корреспондеттік желісі шамамен 40 шетел банктерімен қатынаста,
сондықтан да бүкіл әлем бойынша клиенттер өз серіктестерімен есеп айырысу
қызметін жүргізе алады. Қазіргі кезде АҚ Банк ЦентрКредит халықаралық
стандарттарға өтуді аяқтаған, республиканың жалпыұлттық банктердің санына
кіріп отыр. Банк Қазақстанның нарығында жақсы, табысты дамып, халықаралық
қаржылық институттармен өзара қарым-қатынастарын кеңейтуде, банктің
негізгі клиенттері- орта және шағын бизнес, жеке тұлғалар, ірі ұлттық
компаниялар, мемлекеттік ұйымдар.
Банк өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді көрсетеді, заңды және
жеке тұлғалардан депозиттерді алады, несиемен айналысады, Қазақстан
бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz