Банктік кредиттік құқықтық қатынастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1 Банктік несиелеу жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Несие ұғымы, мәні және қажеттілігі
1.2 Несиенің формалары
1.3 Банктік несие
1.4 Банктік несиенің түрлері
2 Банктердің банктік несиелеу операцияларын құқықтық реттеу
2.1 Банктік кредиттік құқықтық қатынастар
2.2 Банктік кредиттеу шарты: мәні, маңызы, құқықтық табиғаты, элементтері
3 Банктік несиенің нарықта даму тенденциялары
3.1 Қазақстандағы банктік несие
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық экономиканың дамуымен банктік қызметтерге сұраныс кеңейеді.
Нарықтық экономикаға тән жеке меншіктің әртүрлі формаларының пайда болуы
коммерциялық банктердің қызмет көрсету аясына деген қосымша сұранысты
тудырады. Банктік несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне
ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге
болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының
жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің
қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және
заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз
капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты банктік несиенің мәнін ашу және қазіргі
кездегі Қазақстанда банктік кредиттің даму тенденцияларын анықтау. Осыған
сәйкес курстық жұмыстағы негізгі мәселелер:
- банктік несиенің мәнін, мазмұнын анықтау;
- банктік несиенің түрлерін айқындау;
- банктің несиелік қарым-қатынастарын реттейтін құқықтық базаны
қарастыру;
- қазіргі кездегі банктік несиелеу нарығының даму үрдісіе талдау
жасау.

1 Банктік несиелеу жүйесінің теориялық негіздері

1. Несие ұғымы, мәні және қажеттілігі

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы
рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық
және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы.
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке
қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен
осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе
немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда,
қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.
Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе
алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін
қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде
пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына
жетті.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементі.
Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те,
сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін
білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты
қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да
негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие
мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай
қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және
уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты
қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде
берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға,
яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен дағы,
олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпоын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін,
бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:
І – саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни
ақшаға өндіріс құрал – жабдықтары сатылып алынады.
ІІ – саты: адамның, өндіріс құрал – жабдықтарды пайдаланып істеген
әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің
нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының
құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
ІІІ – саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық
нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады, тек
бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ).
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды
жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
- шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің
кідіруі;
- өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында
төленбеушілік т.с.с.
Осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу
процесінің әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде
аяқталмайтындығынан олардың кебіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал
кебіреуіне өндірісті үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.
Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады:
- әрбір шаруашылық, жұмысшы – қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет, өткен
15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы – қызметкерлер материалды құндылықты күн
сайын жасайды. Сондықтан да соңғы еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі
төлем күнге дейін шаруашылықта 15(30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын
қаржы резерві пайда болады;
- шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте жұмсап
жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы болады;
- өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі құрал –
жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға арналған ақша бар –
амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу жұмыстарын жүргізетін кезге дейін
бос қаржы болып, шаруашылықтың есеп шотында қалады;
Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге
байланысты уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу
процесін үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы
қарама – қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама – қайшылықты реттеу үшін
пайдаланатын бірден – бір экономикалық құрал осы несие болып табылады.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез – келген
қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей өлі капитал
болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және
кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.

1.2 Несиенің формалары

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге
қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі
сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің
көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы
арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі
мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол
күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі
екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде
берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына:
тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б.
жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен
айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда
нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс
құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін
куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның
иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген
ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі
ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік
капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу – сату келісіміне
қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді.
Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы
сауда келісімі жасалған уақытта анықталады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде
мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым
жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің
басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының
байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар
өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы
несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы
жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің
көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі
жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне
ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу
механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды
ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие.
Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға
қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан –
тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға
болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды
несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік,
әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру, оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы осы елдердің ЖІӨ - не 10% деңгейінде, ГФР және Францияда 30%, ал
Ұлыбритания мен АҚШ – та 60% астам. Тұтыну несиесі негізінен, қымбат
тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық
құралдарды, жихаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар бағасы қымбат болған
сайын, тұтыну несиесі де жиі қолданылады. Капиталисттік елдерде несие
көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған
тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен сатылады.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді : жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең
тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын
жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің
өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең
қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін
үйлестіруге мүмкіндік береді.
Ипотекалық несиелерге кепілдік беру ( сақтандыру ) жүйесі айтарлықтай
рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (
сақтандыру ) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді
сақтандырушы ұйымдар арасындағы несие бойынша несиелік тәуекелдерді бөлу
жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы
жағдайлар жасауға бағытталған.

Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты
қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік
органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен
қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ
кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемеле
( вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер ) ресми түрде бюджеттегі
уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына
байланысты шығарылады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды
қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалыс
формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар,
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және
аймақтық ұйымдар қатынасады.
ҚР – ң жетекші халықаралық қаржылық ұымдарға мүше болуы, экономикалық
реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік
берді.
Еуропалық Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанғда шағын
және орта кәсіпорындарды дамыту бағдарламасына 100 млн. ЭКЮ сомасында
несие бөлді. Бұл бағдарлама экономиканың төмендегідей секторларындағы
жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу,
диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы
жобалар.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де
белсенді қолдануда.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық
мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік
несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез –
келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген
бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай
капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс
кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі
кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие
қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға
айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік және
коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі
өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарлайды және олардың азаюымен
қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс
жоғарлайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен
тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін
банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған
кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі өндірістік мақсаттар үшін банктік
қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі
тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына ( қарыз алушылар қаражаттарды
жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда ) және
ақшалай қарызға ( қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық
міндеттемелерін өтеу үшін алғанда ) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс
тұрғысынан алғанда бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және
қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие
алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор
банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан бұл – ақша
қарызы. Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларындақолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

1.3 Банк несиесі

Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл
жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру
процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж
мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы
кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі - банк өз қарыз алушыларына
несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан
да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің
несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ті
құрайды, ал, қалғаны- тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз
ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшілігі – шаруашылық айналымға әлі
түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке
орналастырылған уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.
Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты
ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді.
Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке
пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан
кейін пайда алады әрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге
қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс
саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен
қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк
несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең,
өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және
сомасымен шектеліп қалған.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие
келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк
несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық
қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта епептеу, халықты
несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының
болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің
қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімге
бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және
маусымдық тауарлар мен қызметтер қорынларын қалыптастыруына, еңбекақы
төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін
қанағатандыруы үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы
өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды
құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық
капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы,
тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі
қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталисттермен шектеліп
қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа
әр түрлі мекемелер ( қаржылық компаниялар, өзара банктік несиелер ) жүзеге
асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекмелер кейде “
банктік емес ” деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (
мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы, олардың қызметі тұрғын үй несисін
берумен байланысты ). Екінші жағынан, қарыз алушылардың көлемі өзгереді.
Жұмыс істеп тұрған капиталисттерден басқа ( акционерлік компаниялар және
жеке кәсіпорындар ) қарыз алушылар – несиелік - қаржылық мекемелер,
тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік
мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі
мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншеге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі – бір шетке капитал шығару және оны қарыз
алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік
ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай
қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген
мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген
сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз
капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып,
банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды.
Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік
шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады.
Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшілік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі
мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы ара – қатынасты табуға
тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық
кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық кешенін
ұсынады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне
қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ.
өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері,
бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол
өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын
алудың
анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін
ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Нарықтық экономиканың дамуы жағдайында шаруашылық қатынас-байланыстар
аясында тиісті банктік заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық
актілер, кредиттік (заемдық) шарттар негізінде банктік кредиттеуге
байланысты туындайтын қатынастар өзіндік қажеттілігімен әрі экономикалық-
қаржылық сипатымен ереекшеленіп, банктік кредиттік құқықтық қатынастар
ретінде айрықша көрініс табуда.
Қандай болмасын банктің ңегіізгі классикалық операциялық қызметінің
түріне банктік кредиттеу жатады.
Банктік кредиттеу мынадай белгілерімен ерекшеленеді:
1) ол банктің кредиттік ұйым екнін дәлелдейтін банктік операцияның
негізгі классикалық түрі болып саналады;
2) банктік кредиттеу барынша мол пайда табу мақсатында, жүйелі түрде
үнемі жүзеге асырылатын банктік операция болып табылады;
3) банктік кредиттеу тек банктер ғана жүзеге асыратын операциялық қызмет
түріне жатады;
4) банктік кредиттеу нақтылы мерзім ішінде уақытша пайдаланылаатын
қарыздың (қаражаттың) қайтарымдылығына (қайтарым міндеттілігіне)
негізделеді;
5) банктік кредит тек ақшалай нысанда беріледі;
6) банктік кредиттеу тек клиенттерден немесе қаржылық ұйымдардан
тартылған ақша қаражаттары есебіне жүзеге асырылады;
7) банктік кредиттеу банктік, қаржылық, азаматтық және әкімшілік
заңнамалық актілермен, кредиттік шартпен регламенттеледі;
8) банктік кредиттеудің құқықтық нысаны кредиттік шарт болып табылады;
9) банктік кредиттеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қызмет аясындағы банктік қүқықтық қатынастардың кейбр теориялық проблемалары
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Несиелік қатынастардың құқықтық негіздері
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банкілік қатынастар субьектілері өз құқықтарын қорғау тәсілдері
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Кредиттік бюро туралы
Пәндер