КСРО Сыртқы экономика банкі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1. «БТА БАНК» АҚ-НЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ . . . 5-10
1. 1 Банк акционерлерінің құрамына енетін ірі қаржылық институттар . . . 5-7
1. 2 «БТА Банкі» АҚ-ның ребрендинг үдерісі . . . 8
1. 3 «БТА Банкі» АҚ-ның стратегиясы . . . 9-10
2. «БТА БАНКІ» АҚ-НЫҢ МЕМЛЕКЕТ БӨЛГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ҚОМАҚТЫ БӨЛІГІН ИГЕРДІ . . . 11-17
2. 1 «БТА Банкі» АҚ-ның басшысы шетелдік акционерлердің Қазақстан үкіметін сотқа бергендігін растады . . . 11-14
2. 2 «БТА Банкі» АҚ-ның сыртқы берешегі Қазақстан үкіметін де қарызға батыруы мүмкін . . . 14-15
2. 3 «БТА Банкі» АҚ-ның жеке тұлғалар үшін қызмет түрлері . . . 16-17
3. «БТА БАНКІ» АҚ-НЫҢ АҚША АУДАРЫМДАРЫ . . . 18-26
3. 1 «БТА Банкі» АҚ-ның депозиттік операциялары . . . 18-23
3. 2 «БТА Банкі» АҚ-ның шағын және орта бизнес өкілдері үшін қызмет түрлері . . . 23-25
3. 3 Банк кепілдіктері . . . 25-26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29
КІРІСПЕ
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда БТА клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің бірнеше түрін ұсынады. Сондай-ақ, несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т. б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген. ТӘБ-тің несиелендірілмейтін өнімдер бөлігінде депозиттердің бірнеше түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді.
«БТА Банк» АҚ-ның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып екінші деңгейлі банк болған соң, халыққа қызмет көрсетіп, сол арқылы пайда табу болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн «БТА Банк» АҚ-на мынадай мiндеттер жүктеледi:
- мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
- төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Осы аталған «БТА Банк» АҚ-ның міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Сондықтан «БТА Банк» АҚ-ның еліміздің екінші деңгейлі банк ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен саясаттарын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «БТА Банк» АҚ-ның дамуы мен құрылымы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі «БТА Банк» АҚ еліміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.
Бүгінгі таңда «БТА Банк» АҚ өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ «БТА Банк» АҚ ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады.
Басқарма дегеніміз - бұл банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құралған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады. Басқарманың басты қызметі мен өкілеттіктері:
- акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету; бизнес-стратегияларды іске асыру; аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау; акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.
"БТА Банкі" АҚ басқармасының мүшелері - Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген.
Міндеті: «БТА Банкі» АҚ Еуропа мен Азияның дамушы нарығындағы қаржылай шешімнің жан-жақты түрін ұсынады. Табысқа жетудің кепілі.
БТА Банктің құндылықтары:
- Адалдық пен жауапкершілік. Құрметтеу. Жақсартуға ұмтылыс. Жұмыла жұмыс істеу мен ынтымақтастық.
БТА Банктің қағидалары:
- серіктестер (тауар жеткізушілер мен қызмет ұсынушылар) БәсекелестерМемлекет пен қоғам.
1. «БТА БАНКІ» АҚ-НЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Банк акционерлерінің құрамына енетін ірі қаржылық институттар
БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.
Өндіріс Банкі туралы (1925-1991) . Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды. 1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды. 1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:
- КСРО Мемлекеттік банкі; КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі; КСРО Сыртқы экономика банкі; КСРО Агроөнеркәсіп банкі; КСРО Тұрғын құрылыс банкі; КСРО Жинақ банкі.
1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.
Тұран Банк туралы (1991-1997) . 1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды. 1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.
Әлем Банк туралы (1992-1997) . 1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.
ТұранӘлем Банкі туралы (1997-2008) . 1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15. 01. 97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды. 1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. 2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. БТА Банкі туралы (2008 жылдан бері) . 2008 жылдың 24 қаңтарында «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды. ТМД-дағы жетекші ірі қаржылық институттардың қатарында болу үшін 2007 жылы «Тұран Әлем» банкі жаңа даму стратегиясын бекітті . Банктің жаңа бейнесінің қажеттілігі жаңа бизнестік міндеттерге сай болсақ деген ниеттен туындады. Ребрендинг идеясы осылайша іске асырылған болатын. БТА-ның жаңа логотипі банктің заманға сай және инновациялы екенін бейнелейді. Ашық жасыл түс - бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс - бұл күштілік пен қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты, олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі - мөлдірлікті білдіреді. 2008 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг үдерісі басталғаны туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар айында қайта тіркеу үдерісі аяқталғаннан кейін «ТұранӘлем Банкі» - АҚ «БТА Банкі» АҚ деген жаңа ресми атауға ие болды. БТА Банкі мен еншілес компанияларын ренейминг пен ревизуализациялау жұмысы 2008 жылы аяқталды.
2001 жылдан бастап Банк акционерлерінің құрамына аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді:
- Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) East Capital
ЕҚДБ. ЕҚДБ-мен ынтымақтастық құру Банк қызметіндегі стратегиялық маңызды элемент болып табылады. Атап айтатын мәселенің бірі - ЕҚДБ-нің 2001 жылы 4 шетелдік инвесторлармен банк акционерлерінің құрамына кіруі. ЕҚДБ бөлген қаражаттың жалпы сомасы арнайы жасалған белгілі бағдарламалар аясында 152 миллион АҚШ долларын құрайды. ЕҚДБ 2003 жылдың бірінші жартысында төрт жылдық синдикатталған қарыз берді. Бұл несие шетелдік коммерциялық банктердің орташа мерзімді қаржыландыру рыногын ашуымен ерекшеленеді. ЕҚДБ үлесі 10 миллион АҚШ долларын құрады, 20 миллион АҚШ доллары Еуропаның аса ірі коммерциялық банктерінің синдикаты жолымен тартылды. Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Банктің еншілес компанияларына бағдарламалық қарыздар беруде. Мысалы, БТА Ипотекаға 15 млн. АҚШ доллары, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары қарызға берілді. БТА мен ЕҚДБ бірлесе отырып ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 25 млн. АҚШ долларына астық қолхаты бағдарламасын табысты іске асырды. 2001 жылдан бастап “БТА Банкі” АҚ Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдерімен бірге ЕҚДБ-нің “Астық қолхаттары” бағдарламаларын іске асыру барысында жұмыстар жүргізуде. Бұл Бағдарлама негізгі екі (бірінші және екінші) фаза аясында қаржы тартуды көздейді. “Несие желісі” деп аталатын бірінші Фаза жыл сайын 25 миллион АҚШ доллары сомасына игеріледі. Ағымдағы қаржыландыру 2003 жылғы 18 шілдедегі Несиелік келісім аясында жүзеге асырылады.
IFC. IFC, банктің акционері бола отырып, жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларына ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы БТА-мен кешенді түрде ынтымақтастық құрады. IFC Банктің өзіне, сондай-ақ еншілес компанияларға стратегиялық әріптестер табу және тарту бойынша Банктің серіктесі болып табылады. 2005 жылғы сәуір айында IFC Жапонияның ORIX компаниясы (Япония) және ORIX Лизинг Пәкістан компаниясымен бірлесе отырып БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесе қатысу мәселесіне қатысты келісім жасады, бұдан кейін компанияның атауы БТА ORIX Лизинг болып өзгерді.
East Capital. East Capital Шығыс Еуропа елдерінің қаржы рыногына маманданған активтерді басқару бойынша көшбасшы тәуелсіз компания. East Capital 2, 7 миллиардтан астам еуроны басқарады. Өзінің инвестициялық стратегиясын нарықтың терең білімдеріне, жан-жақты талдауға және менеджерлер мен қор талдаушылары тарапынан жиі инспекциялауға негіздейді. Компанияның бас офисі Стокгольм қаласында, өкілдіктері Париж, Гонконг, Таллин, Мәскеу мен Осло қалаларында орналасқан. Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру.
- «БТА Банкі» АҚ-ның ребрендинг үдерісі
«ТұранӘлемнен» БТА-ға. 2008 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг үдерісі басталғаны туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар айында қайта тіркеу үдерісі аяқталғаннан кейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА Банкі» АҚ деген жаңа ресми атауға ие болды. Қазір банктің өзінде, сонымен қатар банк конгломератына кіретін еншілес компанияларда ренейминг пен ревизуализация жүргізілуде. ТұранӘлем Банкінің ТМД-дағы жетекші қаржы институты болып және халықаралық нарыққа шығу жаңа стратегиясын қабылдағаннан кейін Банк пен банк конгломератының жаңа бейнесінің қажеттілігі туындады. 10 жыл ішінде «ТұранӘлем» бренді Қазақстан нарығындағы айтарлықтай әйгілі және беделді брендке айналды. Бұған әйгілі әлемдік қаржы басылымдарының көптеген марапаттары дәлел. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік. Әйгілі «Итоги» журналы жүргізген ТМД-ның беделді қаржы сарапшыларының сауалдама нәтижесі бойынша ТұранӘлем Банкі 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жыл банкі» атанды. Ықпалы зор The Banker журналы ТұранӘлем Банкін 2007 жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне енгізді, ал Euromoney басылымы «Орта Азиядағы үздік банк» атағына лайықты деп тапты. «ТұранӘлем» атауы посткеңестік банктер арасында бұрыннан танымал. БТА қаржы компаниясы тобы Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстанда жұмыс істейді. 2007 жыл банк үшін халықаралық деңгейге шығумен: ТұранӘлем Банкінің Түркияда стратегиялық серіктестігінің пайда болуымен есте қалды. Алайда, жалпыұлттықтан халықаралық брендке өзгеру үшін банкке халықаралық кеңістіктегі нарық үлесін қамти алатын әмбебап, түсінікті, сонымен қатар жылы шырайлы және инновациялы бренд қажет болды. Осылайша банк конгломератына кіретін барлық банктерді БТА бірыңғай брендіне біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Банктің өзі БТА Банкі деп аталады. Бұл атау тез жатталады, айтуға жеңіл және қысқарма жан-жақты болғандықтан мейлінше тиімді. БТА-ның жаңа логотипі банктің заманға сай және инновациялы екенін бейнелейді. Ашық жасыл түс - бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс - бұл күштілік пен қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты, олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі - мөлдірлікті білдіреді. Бұл жағдайда да ТұранӘлем Банкімен сабақтастық сақталады. Жаңа брендті құрайтындар - бұл инновациялылық, технологиялылық және сарапшылық. Инновациялылық озық өнімдерді енгізуді білдіреді. Сарапшылық жоғары халықаралық рейтингтер мен марапаттарда бейнеленген тұрақтылық пен сенімділік нышаны, банкке деген сенімділік, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен басшылықтың беделі. Ал бейімділік әрбір нәрсеге мұқияттылықты, нарық өзгерістеріне тез бейімделу қабілетін, оның барлық сұраныстарына икемделе білуін, банктің әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Бұл компания менеджменті құралатын басты үш қағида. Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер.
- «БТА Банкі» АҚ-ның стратегиясы
БТА - бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан. БТА қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында БТА жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда. Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі - өзінің жаңа нарықтарға қатысуын дамыту, өз өнімдерінің қатарын ұдайы кеңейту немесе бейімдеу, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын көрсететін инновация мәдениеті. БТА -ның қарқынды дамуының негізгі көзі - өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:
- Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді; Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді; Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін құру.
БТА ТМД-дағы ірі жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ Банк ТМД-ның ірі сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр.
2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, БТА банкі келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды:
- Нарықтағы үлесі бойынша:Қазақстан - 25%-дан кем емесРесей - 2%-дан кем емесТМД-ның басқа елдері - 5%-дан кем емесАҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша:
- 2010 - 25 млрд. $-дан кем емес
- 2015 - 50 млрд. $-дан кем емес
Сондай-ақ БТА Банкі «Дербес ЕКБ» жеке тұлғаларға арналған дербес банктік өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін пайдалануды ұсынады.
Енді банк бөлімшесіне барудың, кейбір банктік қызметтерді пайдалану үшін менеджерге кіруге кезек күтіп, уақыт кетірудің қажеті жоқ. Ол үшін жай ғана Интернет ғаламдық желісі арқылы қашықтан банктік қызмет көрсету сервисіне қосылу керек. Жүйеге қосылу кезінде Сіз арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу және орнату үшін қосымша шығындарды жұмсамайсыз, Интернетке кіру мүмкіндігі және БТА Банкі шығарған қолданыстағы төлем карточкасы жеткілікті болып табылады. «БТА Банкі» АҚ өзінің халықаралық облигациялары бойынша пайыздық төлемдерін кешіктіріп отыр деп хабарлайды дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі. «БТА банкі ресми хатында TuranAlem Finance B. V. (Нидерланд корольдігі) халықаралық облигациялары бойынша 11-ші купонның төлемдерін кешіктіріп төлеуі жөнінде хабарлаған болатын», деп айтылған KASE-нің хабарламасында. TuranAlem Finance B. V. облигацияларының көрсетілген өкімхаттың шығарылымына сәйкес бұл төлемді осы жылдың 24 қыркүйегінде төлеп тастауы міндетті еді. Банктің Қазақстан қор биржасына ұсынылған хатында, еурооблигациялар бойынша купондық сыйақы төлеуі «пайыздардың төленбегені 2009 жылдың 22 шілдесінен бастап төлемақыларды уақытша тоқтату шешіміне байланысты» деп айқындалады. Халықаралық рейтингтік агенттіктер 78% акцисы тиесілі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының БТА банкінің жиынтық борышын 12 миллиард долларға бағалап, соның ішінде 4 миллиард долларға жуығы 2009 жылдың мерзімінде төленіп тасталыуы тиіс.
Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz