Коммерциялық банктің операциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3

І бөлім. Коммерциялық банктің теориялық негізі.

1.1.Банктің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.2.Банк туралы ұғым және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3.Банкті ашу және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9

ІІ бөлім. Коммерциялық банктің операциялары.

2.1. Банктің пассивтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Банктің активтік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. ТұранӘлемБанк АҚ-ның активті және пассивті операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...23

ІІІ бөлім. Коммерциялық банк қызметінің қазіргі жағдайы.

3.1.Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы ... .34
3.2. Банктік қызметтердің даму перспективалары ... ... ... ... ..38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 47
Кіріспе.

Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму
кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен
төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі
клиенттері саудагерлер болған (міне осында коммерциялық банк деген
атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен
банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете
бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын
білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар
мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Банктің
негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және
сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады.
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында
нарық шартындағы коммерциялық банктер туралы айтып өту. Жұмысымның бірінші
бөлімде аталып кеткендей, Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің
қалыптасуы, жіктелуі мен құруы және олардың жұмысы Қазақстан
Республикасының Банктер және олардың қызметі туралы Заңына негізделеді.
Осы заңға сәйкес Қазақстаның банктері қаржы нарығында кең ауқымды
операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы
қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі
салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру,
делдалдық операциялар жүргізу және т.б.
Екінші бөлімінде, банктің қызметін басқару стратегиясын біз активтер
мен пасситерді басқару стратегиясы ретінде қарастырып, ТұранӘлемБанк
АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау жүргізіледі.
Ал үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасының банктің қазіргі жағдайы
мен олардың қызметтерінің даму перспективалары қарастырылады.

І бөлім. Коммерциялық банктің теориялық негізі.
1.1.Банктің қалыптасу тарихы.

Банк сөзі banko деген ағылшын тілінен аударғанда орындық,
айырбас орындығы – айырбас орны дегенді білдіреді. Бұл айырбас орындығы
тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құралады. Біздің түсінігімізде, банк
ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен
сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол
уақыттарда дүниежүзлік сауда орталығы болғандықтан, әр елдің ақшалары мен
тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына
тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны
несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІ-V ғасырда Вавилионда салым
операциялары кездескен, яғни салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу
операциялары жасалған.Сол сияқты ертедегі Египетте, Грецияда, Римде ақшаны
несиеге алып, зәулім ғимаратттар салған. Ал феодализмге өту кезеңінде тауар-
ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек ХІІІ-ХІV
ғасырда сауданың кең өрістеуіне байланысты делдалы ретінде банк ісі
қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия,
Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия
болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда
1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі елдер мен қалалардың
ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны
сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп
айрысуды жүргізідің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір
шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аудары жазу. Кейінірек ол осындай
негізде Амстредамда (1609 жылы) және Гамбургте (1618 жылы) ұйымдастырылды.
Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп
айрысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың
қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де
дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және
сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың
ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айрысу мен несиенің маңызын
арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша
түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны
ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болы, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі... (

1.2. Банк туралы ұғым және жіктелуі.

Коммерциялық банктер – нарықтық несие жүйесінің негізгі буыны. Бұл
тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін
банк.Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуға және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие
мекемесі (Мысалы, Жапония банктері). (
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Жарғылық капиталды иелену және оның қалыптастыруына қарай:
• Мемлекеттік;
• Акционерлік;
• Жеке;
• Пай қосу арқылы ( ЖШС);
• Аралас (шетел капиталының қатысусмен);
Жүргізілетін операцияларына қарай:
• Әмбебап, яғни экономикалық барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• Маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
Аумақтық белгісіне қарай:
• Халықаралық;
• Мемлекетаралық;
• Ұлттық;
• Аймақтық;
Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктер;
• ауыл шаруашылық банктер;
• құрылыс банктер;
• басқа;
Филиалдар санына қарай:
• Филиалсыз;
• Көп филиалды; (

1.3.Банкті ашу және оның қызметтері.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік
қызмет туралы ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу мынадай кезеңнен
тұрады:
• Банк ашуға Ұлттық банк рұқсат алу;
• Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
• Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк Ашу үшін рұқсат алуға
өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• Рұқсат алу үшін беретін өтініш;
• Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
• Банктің жарғысы (түпнұсқа);
• Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• Құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі
бойынша);
• Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгартерлік балансы (заңды
тұлғалар үшін);
• Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• Егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісім;
• Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты,
соңғы есептік мерзімге жасалған бүхгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық
жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• Банк жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер,
оның ішінде банк төрағасы мен бас бухалтерінің банк жүйесінде кемінде –
үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының
бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек
тәжірибесі болуы және т.с.с.;
• Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің
өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болуы керек, оның
ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық
болашағы (есеп айрысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш
жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк
клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
• Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• Нотариалдытүрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге
құзыретінің барлығын растайтынқұжатты;
• Басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер;
• Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әр кеткенде алты ай
мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
• Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін
жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен
бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады.
Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің
келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен
лицензия алады.Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап,
бір жылға дейін мыналарды орындауы тиіс:
ұйымдастырушылық-техникалық шаралар орындау, оның ішінде Ұлттық
банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды
дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау, жарияланған
жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді
және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі. (
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруын ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын
жүргізу);
• клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып оны капиталға
айналдыру – банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және
жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың
иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр
түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы
мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша каражаты жинақталып, кейін
ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын
жургізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың
негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде
клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және
берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше кызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі
әсер етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы кағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста
жұмыс істейді. ¥зақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар
акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың
тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару
жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-
ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін
өзіне алады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың
(бойдақ-жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу
мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу);
құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға
көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар
бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті
тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл
болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б.
кызметтер атқаруы мүмкін.(

ІІ бөлім. Коммерциялық банктің операциялары.
2.1.Банктің пассивтік операциялары.

Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және тағы сол
сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және
оны ұлғайту операциялары. Пассив операцияларына мыналар жатады:
• Салым қабылдау (депозиттер);
• Клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу
және оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік
және жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялар;
• евровалюталық несие алу;
Банк капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құралады. Банктің өз қаражаттарына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы
жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оның қалыптастыру және өзгерту
банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен
шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк
оның төменгі аз мөлшерін бекітеді.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құралады.
Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен
болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты
процентпен белгіленген.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционелер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады.
Коммерциялық банктердің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен
қызмет жасауы. Банк капиталының 90%-ке жуығы тартылған қаражат. Тартылған
қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр
елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады.
Ол нормативтер 1:10 қатынасынан 1:100 қатынасына дейін ауытқиды. Мысалы,
Швейцарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапония 1:83 қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа банктерді қаражаттырын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурс және ағымдағы пасивтер
болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттардағы
қалдықтардан құралады.
Салым (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға
салған ақша қаражаты. Ол қлома-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес
формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады.
Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан
ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы .
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен
алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып
та бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-
бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік
шоттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шоттарда басқа
банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айрысу айналымына арналған
қаражат сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер
өз шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері
әркез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім
төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында коммерциялық
банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды
ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп, сондай-ақ
олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек
кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады.
Мерзімді салымдар – ол салыну мерзімі және проценттік өсім төлеу
мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем
мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді
салым иесі салымын келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда
салым бойынша төленетін процент мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ
мерзімге салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықтан банктер
салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік алады.
Мерзімдік салымдардың бір түрі – депозиттік сертификат. Депозиттік
сертификат – ол белгілі бір ірі соманы банкке салғандығы туралы берілетін
жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті түрде сертификатты кері сатып алу
мерзімі және төлейтін өсім ақысы көрсетіледі. Депозиттік сертификат тек
заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы және атаусыз болуы мүмкін.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін
басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие
ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие
корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте
бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу
үшін корреспонденттік шот ашады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған
несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге
несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование)
ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері
сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма
арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушылармен (дилерлермен)
жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқы мерзімге
банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да,
кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні
қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мөлшері депозиттік сертификаттан
әлдеқайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір
жолы.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі
еуровалюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюталық несие – ол шетел
банктерінен еуровалютамен алынатын несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында
басты валюта болып доллор есептеледі.

2.2. Банктің активтік операциялары.

Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп аталады.
Актив операциялары 4 топқа бөлінеді:
• несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік
портфелі қалыптасады;
• инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
• кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
• Басқа операциялар;
Несие-есептесу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
➢ Борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін
қарыз;
➢ Пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға
дейін), орта мерзімді (1-5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан
жоғары);
➢ Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз
және айналыс аясына берілген қарыз;
➢ Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке,
саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
➢ Қамтамасыз етілуі бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген (бланктік);
➢ өтеу тәсіліне қарай – бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін
қарыз;
Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы (есептесу) шоттың
біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо клиентке несие беруді
көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотты өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді.
Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі.
Ал кейбір мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша
жүргізеді. Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие
беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық
болса да, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы
шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары сомасы ағымдағы шот
ашылғанда шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы – контокорентті
шотпен берілетін несиенің түрі. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына
қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие. Несие үшін ақы
жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерге несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл жағдайда банк пен клиент
арасында келісім бекітіледі, ол бойынша банк борышқорға келісілген мерзім
аралығында белгілі бір сомаға несие беруге міндетті. Несие линиясы бір
жылға ашылады. Келісілген мерзім аралығында борышқор қайтадан келіспей-ақ
және қосымша рәсімдемей-ақ қажет кезде несие алуға мүмкіндік алады.
Әйтседе, егер клиенттің қаржылық жағдайы нашарлап кетсе, онда келісімнің
аяқталуы мерзіміне дейін оны жою құқы банкте болады.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.Лизинг операциясы
деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге машиналарды, жабдықтарды,
қозғалмайтын мүліктерді және негізігі капиталдың басқа элементтерін жалға
бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг компанияларына несие беру
арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен қатар банктер жалға беретін
машиналар мен құралдарды шығарушы-кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт
мерзімінің соңында жалдаушы лизинг объектісін қалған құны бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Мемлекетің бағалы қағаздары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктің активтік операциялары
Банктердің дамуы
Пәндер