Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау. Коммерциялық банктердің пайда болуы және экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Коммерциялық банктердің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайларындағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 Тарау. Коммерциялық банктердің операциялары, қаржылық қызметтері,
ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1Коммерциялық банктердің актив және пассив
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Қаржылық қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3 Ұйым формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3 Тарау. Коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасында
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе

Орталықтанған экономикадан еркін нарықтық басқарылатын экономикаға
көшу әрбір үлкен қаражаттарды талап еткенімен де, өз оңды нәтижелерін
беруде. Нарықтық экономикалық қатынастар шаруашылық субъектілер арасында
жедел және жемісті дамып отыр деуге толық негіз бар деп ойлаймын. Өтпелі
экономиканың модернизациясы біздің ел үшін де тиімді болды. Бұл тиімділік
әсіресе банк жүйесінің дамуында көрініс тапты.
Кез келген елдің экономикасы объективті экономикалық заңдарға
негізделеді, олардың біреуі – ақша айналымы заңы. Бұл үрдісті жүргізуден
коммерциялық банктердің алатын орны зор және ерекше. Себебі, олардың
халыққа көрсететін қызметтері жылдан-жылға өсіп, актуалды болып отыр.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты мен осы тақырыпты таңдадым.
Осы курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы коммерциялық
банктердің ел экономикасының орнын белгілеу, операцияларын айқындап,
тиімділігін көрсету, даму проблемаларын анықтап, олардың шешу жолдарын
іздеу, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет
көрсетуінің ерекшеліктерін белгілеу.
Осы мақсатты орындау барысында, келесі міндеттерді шешу алға қойылады:
- коммерциялық банктердің операцияларын мәнін ашып, олардың жүзеге
асырылу деңгейін анықтау;
- несие-есептеу операцияларының маңыздылығын айқындау;
- коммерциялық банктердің ақша айналымын қамтамасыз ететін басты субъект
ретіндегі ролін анықтау;
- Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің даму проблемаларын
көрсету;
- шетел тәжірибесінің тиімділігін дәлелдеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда коммерциялық банктердің пайда болу тарихы мен жалпы
мәні қарастырылды. Екінші тарауда олардың операцияларына сипаттама берілсе,
үшінші тарауда коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасындағы даму
ерекшелері көрсетеді.
Экономика ғылымында бұл проблемалар көптеген ғалымдарымен зерттеліп,
қарастырылды. Оған қарамастан, бұл мәселелерді шешу әрқашанда маңызды.
Себебі, құбылмалы экономика жүйесінде мұндай қатынастар әр уақытта
өзгерісте болады.
Осы курстық жұмысты жазу барысында ресейлік, ағылшын, қазақстандық
ғалымдардың әдебиеттері қолданылды.

1 Коммерциялық банктердің пайда болуы және экономикалық мәні.
1. Коммерциялық банктердің пайда болуы.

Банк сөзі bangue көне француз тілінен аударғанда үстел мағынасын
білдіреді. Банктің пайда болуы туралы нақты тарихи күн деректер жоқ.Банктік
істің даму элементтерін көне мемлекеттер тарихында табуға болады, олар:
Вавилон, Египет, Греция, Рим. Ол уақытта банк операциялары сату, сатып алу,
монеталарды айырбастау, мерзім уақытына дейінгі міндемелерді есепке алу,
салымларды қабылдау, ссудаларды беру, ипотекалық және ломбардтық
операциялар ретінде көрінді. Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың
бірте-бірте өзгеруі (ерте феодалдық тәртіптің қалыптасуы, натуралдық
шаруашылықтың басым болуы, делдалдық ақша қатынастарын ерте крестиандықпен
сыналуы) тауар-ақша операцияларының тынаюына әкелді.
Феодалдық құрылымның бөлінуі, қала, сауда және шаруашылықтың дамуы
тауар-ақша операциялардың белсенділігіне себеп болды және ақшамен
байланысты операциялардың тәуекелдіктерін азайтатын делдалдыға қажеттілікті
қалыптастырады.
Отрағасырлық менялды котрорлар – банктердің негін салса, менялдар –
банкирлердің негізін салушы болды; олар көпестерден сақтауға ақша
салымдарын қабылдады және әр түрлі қалалар мен елдердің ақшаларын
айырбастауға маманданды.
Уақыт өте келе менялдар бұл салымдарды, салымдық өз ақша құралдарын
ссудаларды беріп, пайыз ақыыларды алу үшін қолдана бастады, ал бұл оларды
банкирлерге айналдырды.
Алғашқы банктердің бірі болып 1407 ж. негізделген Генуи Банкі
табылады. Батыс Еуропада несиелік банк үйлері мен коммерциялық банктерге
ауысу XVII ғасырдың екінші жартысында болған, ал АҚШ-та банк ісінің тарихы
XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Коммерциялдық банк термині банктердің сауданы, тауар айырбас
операциясы мен төлемдерін қамтамасыз етуі кезінде,банк ісі дамуының ерте
этаптарында пайда болды. Негізгі клиентура болып саудагерлер, копестер
табылды (осыдан коммерциялдық банк атауы). Банктер тауар айырбасымен
байланысты транспортировканы, сақтауды және басқа да операцияларды
несиеледі.
Жалпы, банктердің пайда болуына көзқарас білдірген ғалым-
экономистердің ойлары аз емес. Мысалы, К.Маркс банктердің пайда болуы
туралы былай деген: Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол
ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол
шоғырланып, үй масштабта жүргізіледі....
Сонымен қатар, банктер несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін
капиталды да басқарады, өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде
шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс
табада. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Осылайша, банк сөзіндегі коммерциялық термин өзінің алғашқы
мағынасын жоғалтты. Қазір ол банктің іскер сипатын бейнелейді, оның
шаруашылық агаеттердің барлық түрлеріне қызмет етуіне бейімделуі олардың іс
сипатына тәуелсіз болады.
Қазіргі коммерциялдық банк – бұл ақша құралдарын тарту мен оларды
қайтарымдылық, төлемдік және мерзімдік шарттарында өз атынан орналастыру
үшін құрылған ұйым.

1.2 Коммерциялдық банктердің нарықтық экономика
жағдайындағы мәні.
Транзитивті, яғни өтпелі экономиканың модернизациясы банктердің ролін
күшейтуді және банктік сектордың жылдам, тиімді дамуын қажет етті.
Банк – бұл мемлекетте ақша ағымдарын басқару үшін құрылған қаржылық
институт.
Кез келген экономика объективті экономикалық заңдардан құралады,
олардың бірі болып ақша айналымының заңы табылады. Ақша айналымы қаржы
институтінің әсерінен, әсіресе банктердің әсерінен қалыптасады. Себебі
банктер ақша айналымы үшін негіз құрып, экономиканың барлық салалары мен
мекторларымен байланыста болады.
Банктер кәсіпкерліктің барлық салаларын, өндірістік және өндірістік
емес сфераларды, басқару сфераларын қаржыландырумен қамтамасыз етеді және
федералды немесе аймақтық бюджет болсын қажетті ақша құралдарымен
қамтамасыз етеді. Банктер арқылы сонымен қатар қарызға алынған (несие)
ақшалардың екіжақты қозғалысы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта коммерциялдық банктер клиенттеріне банктік өнімдер мен
операцияларының 200 түріне дейін ұсынуы мүмкін. Мұндай банктердің кең іс-
әрекеті банк ісін зерттеуге жүйелі түрдегі құзыретті (подход) қажет етеді.
Әрине, осындай икемді, кең, тиімді банк ісінің қызмет етуі нарықтық
экономика жағдайының жақсы, ілгері дамуына болатын алғыеларттардың
маңыздысы болып табылады.
Банктердің негізгі қызметі – ақша құралдарын кредиторлардан
қарызгерлерге және сатушылардан сатып алушыларға жеткізудегі делдалдық.
Банктермен қоса нарықта ақша құралдарының орын айырбастауын басқа да
қаржы институттары қамтамасыз етеді, институттық қорлар, сақтандыру
компаниялары, биржалар, брокерлік, дилерлік фирмалар және тағы басқа.
Алайда банктер қаржы жүйесінің субъектілері ретінде басқа субъектілерден
айрықшалайтын екі маңызды сипатқа ие болады:
Біріншіден, банктер үшін қарыз міндеттемелерімен екіжақты айырбас тән:
олар өзінің жеке қарыз міндеттемелерін (депозиттік, жинақ сертификаттары,
облигациялар, вексельдер) орналастырады, ал осылайша мобильденген
құралдарды басқалармен шығарылған қарыз міндеттемелері мен бағалы
қағаздарға орналастырылады;
Екіншіден, банктердің заңды және жеке тұлғалар алдында қарыздың нақты
сомасымен берілген шартсыз міндеттемелерді өзіне қабылдауы ерекшелейді.
Осымен банктер басқа инвестициялық қорлардан айрықшаланады, себебі қорлар
олардың активтері мен пассивтері құндарының өзгерістерімен байланысты
барлық тәуекелдіктерді өз акционерлері арасында бөледі.
Алайда, қазіргі экономикада банктердің ұсынатын көп түрлі қызметтері
емес олардың ролін түсіндіреді. Банктердің ерекше мәнін ең бастысы
анықтайтын мүмкін төменгі оның қасиеттері:
- төлем құралдары құру;
- төлем құралдарын айналымға шығару;
- айналымнан төлем құралдарын шығаруды жүзеге асыру.
Банктер жаңа ақшаларды несие түрінде шығарады. Олардың айналымға
шығарылуы несие ақшаларының сомасын клиент шамасына жазу түрінде өтеді.
Айналамнан шығару қарыз алушының несиені өтеу үрдісінде жүзеге асырылады.
Осылайша, банктер экономиканың салалары мен сфераларының дамуына
оларды несиелеу арқылы әсер ете алады.
Сонымен қатар, қоғамның экономиканың өмірінде банктің ролінің артуы
ақшаның заттық формасының өзгеруімен байланысты, атап айтқанда қолма-қол
емес құралдар мен есептердің кең қолданумен байланысты.
Қолма-қол емес есеп айырысулар бойынша төлем агенті болып банк
табылады. Экономикада ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақша қозғалысы және
қолма-қол емес формада жүргізіледі.
Қолма-қол ақшаларды заңды және жеке тұлғалардың олармен таңдалған
орында сақтауы мүмкін, ал төлемдер олардың қажеттілігі бойынша іске
асырылуы мүмкін.
Қолма-қол емес ақшалар заңды тұлғаның шоттарында банктерде ғана
сақталуы мүмкін. Банктер осы шоттарға түсетін сомаларды тіркейді,
кәсіпорынның шоттардан ақша аударуы мен төлеуі туралы бұйрықтарын
орындайды, сонымен қатар банктік ережелер мен келісімдермен қарастырылатын
басқа да банктік операцияларды жүргізеді.
Қолма-қол емес есеп айрысулар кеңінен жеке тұлғалардың да ақшалай
қатынастар сфераларына енуде. Банктік шоттарға табыстарды есепке қосу,
чектерді пайдалану, есеп айырысу үшін пластикалық картоларды қолдану жеке
тұлғалардың банктерге тәуекелділігін арттырады.
Коммерциялдық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәнін жете
түсіну үшін оның принциптеріне тоқталу жөн болып отыр.
Іс-әрекет үрдісінде шаруашылық субъектілер қолданатын негіздердің
жиынтығы принциптер деп аталады.
Коммерциялық банктердің бірінші және негізгі принциптердің бірі-нақты
бар ресурстар шегіндегі қызмет. Ол мынаны сипаттайды; коммерциялық банк
өзінің ресурстары, несиелік салымдары және басқа да активтері арасында тек
сандық сәйкестікті қамтимай, сонымен қатар банк активтері сипатының олардың
мобильденген ресурстармен сәйкестігіне қол жеткізу керек.
Ең бастысы бұл мерзімдерге қатысты. Егер банк құралдарды қысқа
мерзімге алып, оларды ұзақ мерзімді ссудаларға көбірек салса, онда оның
міндеттемелер бойынша жауап беру қабілеттілігі тәуекелді болып қалады.

Екінші негізгі принцип болып экономикалық өзіндік табылады. Ол принцип
бойынша банк өз ісінің нәтижелері үшін жауапты болады. Экономикалық өзіндік
принцип төмендегілерді қамтиды:
- банктің өз құралдары мен тартылған ресурстарды еркін басқаруы;
- клиенттер мен салымшыларды еркін таңдау;
- банк табыстарын еркін басқару.
Салықтарды төлегеннен кейін қоланда қалатын банк пайдасы
акционерлердің жалпы жиналысы шешіміне сәйкес бөлінеді, талданады. Ол
банктің әр түрлі қорларына аударымдар нормалары мен өлшемдерін, сонымен
қатар акциялар бойынша дивиденд өлшемдерін белгілейді.
Өз операцияларының тәуекелдіктерін коммерциялдық банк өз атына алады.
Үшінші принцип: коммерциялдық банктердің өз клиенттерінің қарым-
қатынастары кәдімгі нарықтық қатынастар ретінде құралады. Ссудаларды ұсына
отырып ұсына отырып, коммерциялдық банк ең әуелі табыстылық, тәуекелділік,
тиімділіктің нарықтық критерийлеріне сүйенеді.
Төртінші принцип: мемлекет коммерциялдық банктің әрекетіне тікелей
бұйрықтармен емес, жанама экономикалық әдістермен ғана араласуы тиіс, яғни
оперативті іске араласпай.
Сөйтіп, қолма-қол емес ақша айналысының терең және жан-жақты дамуы
коммерциялдық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы ролін арттыра
түседі.

2Тарау.Коммерциялық банкктердің операциялары,қаржылық қызметтері,
ұйымдастыру формалары.

2.1.Коммерциялық банктердің пассив және актив операциялары.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту), актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық – делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы)
және сенімді операциялар.
Коммерциялық банктеғрдің пассив операциялары актив операцияларына
қарағанда бірінші рольге ие болады, себебі орналастыруға дейін әуелі
ресурстарды қалыптастырып алу керек.
Пассив операцияларына салымдарды қабылдау процедурасы құрамына
кіретін жеке және қарыз құралдарын тарту, банк аралық несиелерді алу, өз
бағалы қағаздарын шығару, репо операциялары кіреді.
Ең маңызды операция ретінде банктің өз капиталын құруы көрінеді,
өйткені ол банк ісінің негізгі бастауы болып, оның кепілді қоры болып
табылады. Банктің өз капиталы көп болған сайын, оған деген сенім де артық
болады (өз капиталының үлкен үлесі банктің басқа компанион тәуелділігін
азайта түседі), ал капиталы мәнді болған сайын, банк іс әрекетінің шеңбері
де кең болады. Қазір банктерде өз капиталының үлесі тартылған капиталдан
өте аз болып отыр (мысалы, Германияда ол -35 %, Ресей Федерациясында-20 %)
. Алайда, абсолюттік көрсеткіште банктің өз капиталы тұрақты түрде өседі,
ол өз алдына бағалы қағаздарды шығару, банк пайдасынан құрылатын қорларды
құру есебінен болады.
Банктің өз капиталы жарғылық капиталдан, резерв капиталы мен
бөлінбеген табыстан тұрады.
Акционерлік немесе жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды
орналастыру арқылы жинақталынады. Жарғылық қордың мөлшері, оны
қалыптастыру және өзгерту банктің жарғысында көрсетіледі. Жарғылық
капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің тұрақтылығын
қамтамасыз теу үшін орталық банк оның төменгі аз мөлшерін бекітеді. Батыс
елдерінің коммерциялық банктерінің жарғылық капиалы 10-15 млн. ЭКЮ
болады.Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай –ақ өз
қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивидендтері және пайда есебінен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құралады.
Ол ойда болмаған кездейсоқ шығындарды және бағалы қағаздар курсының
төмендеуінен болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына
байланысты пайызбен белігленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда
акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген
пайда жинақталынады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету
әдісіне жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі
коммерциялық банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10 % шамасында.

Коммерциялық банктердің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен
қызмет жасауы. Банк капиталының 90 % - ға жуығы тартылған қаражат.
Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты
анықталынады. Әр елде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы
әртүрлі болады. Ол нормативтер 1:10 қатынасынадейін ауытқиды. Мысалы,
Швейцарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына тең.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа да банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер
болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік шоттағы
қалдықтардан құралады.
Салым (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға
салған ақша қаражаты. Ол қолма – қол ақша немесе ақшаның қолма – қол емес
формасында, ұлттық және шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тартудепозиттік операциялар деп аталады.
Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан
ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен
алу мезіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып та
бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-
бөлікпен салынып және иесінің талабы бойанша дәл сол сияқты жолман алынады.
Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол
ақша және қолма-қол емес ақшаны есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Мерзімді салымдар – ол салыну мерзімі және пайыздық өсім төлеу мөлдері
анық көрінетін депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері
салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді салым
иесі салымын келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым
бойынша төленетін пайыз мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге
салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықт ан, банктер
салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдануға мүмкіндік алады.
Мерзімдік салымның бір түрі – депозиттік сертификаттар. Бірінші рет
ондай куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне
өтеу мерзімі және төленетін пайыздық мөлшер көрсететін ерешке атаулы куәлік
(сертификат) беріледі. Депозиттік сертификат – ол белгілі бір соманы банкке
салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті түрде
сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы көрсетіледі.
Мысалы, АҚШ банктерінің іс тәжірибесінде депозиттік сертифиат кемі 100 мың
долларға, ал Ұлыбританияда 50 мыңнан 250 мың долларға дейін шығарылады.
Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы және атаусыз
(яғни иесі ұсынушы) болуы мүмкін. Депозиттік сертификат бойынша салымдар
алу құқы басқа жаққа беру жазуы көрсетіліп берілуі мүмкін. Бұл куәлікті
шартта көрсететіндей мерзімге немесе талап бойынша берілетін етіп банктер
шығарылады.
Сонымен, депозиттер – коммерциялдық банктер ресурстың маңызды көзі.
Банктегі оның құрылымы ақша нарығындағы конъюктураға қарай әрдайым өзгеріп
тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де
тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда бірсыпыра материалдық және ақша
шығындарына тап болады. Онда басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда
банкке емес, клиентке (салымшыға) байланыты. Сондақтан несие ресурстары
нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік оларды депозит тартуға
мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын шараларды жүргізуге мәжбүр
етеді.
Қазіргі кезде коммерциалдық банктер бойынша ақша қаражатын тарту үшін
басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие
ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие
корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте
бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу
үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу
арқылы, иә болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер
өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен
рәсімделенеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.
Коммерциялық банкретдің пассив операцияларына олардың орталықтанған
несие ресурстарын несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге
несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование)
ретінде, сондай-ақ ломбардтың несие формасында береді.
Коммерциялдық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері
сатып алу келісімі немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма
арасында несеме ммлекеттік бағалы қағаздар сатушылармен (дилерлермен)
жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге
банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да,
кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні
қайтаруы мүмкін, онда алатын пайыз мөлшері депозиттік сертификаттан
әлдеқайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір
жолы.
Соңғы жылдары коммерциялдық банктердің пассив операцияларының бірі
еуровалюталық несие кең өрістеуде, мұндағы еуровалюталық несие – шнтнл
банктерінен еуровалютамен алынатын несие.
Салымдардан басқа банктер ақша курстарын облигация, қаржы вексельдері
сияқты өз бағалы қағаздарын шығару жолымен тартады. Облигациялар банктерге
ақша курстарын ұзақ мерзімді кезеңге тартуға мүмкіндік берсе, қаржы
вексельдері қысқа мерзімді ресурстардың көзі ретінде көрінеді.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды, яғни банктің өз
және клиенттің құралдарын орналастыру. Клиенттер үшін активті операцияларға
келесілер жатады: касса бойынша қызметтер, клиенттермен есеп айырысу
операциялары, ссудалық (қарыз) операциялар, банкаралық нарықтағы банкаралық
қызметтер, валюталық операциялар және т.б.
Коммерциялық банктер клиенттерін қатынастарын келісімді негізде
құрады, сондай-ақ кассалық қызмет көрсету жүзеге асырылғанда. Клиентке
кассалық қызмет көрсету бойынша коммерциялық банктер өз ісінде Банктер
және банк ісі туралы заң шеңберінде Орталық банктің нұсқаулары мен басқа
да бақылау материалдарына қарасты болады. Ұйымдастыру-құқықтық формасынан
тәуелсіз кәсіпорын өзінің капиталын банкте сәйкес шоттарда сақтауы
міндетті.
Банкке сомалардың барлық келіп түсулерін кіргізу (оприходование) және
шығындақ операцияларды жүргізу үшін коммерциялық банк айналым кассасына ие
болады. Операциялық күннің соңына дейін келіп түскен ақшалар айналым
кассасына кіруі және сол жұмыс күні сәйкес шоттарға есептелуі керек.
Айналым кассасынан кәсіпорындарға қолма-қол ақшаларды беру жүргізіледі.
Барлық кәсіпорындар банкке оның кассасының ақшалай айналымын ұйымдастыру
мен қолма-қолдықпен қамтамасыз ету үшін кассалық өтінішті ұсынады.
Несие – есептеу операциялары – от банктің несие ресурстарын
орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі
осы операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктің клиенттеріне беретін ссудасын (қарызы) біраз
белгілерге байланысты топтастыруға болады:
- борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті
үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;
- пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға дейін),
орта мерзімді (1-5 жылға), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
- қазмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілетін қарыз және
айналыс аясына берілетін қарыз;
- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай – өнеркәсіпке, саудаға, ауыл
щаруашылығына, көлікке берілетін қарыз;
- қамтамасыз етілуі бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген (бланктік);
- өтеу тәсіліне қарай – бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтілетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағмдалары)
сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік,
төлемділің және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда,
Бельгияда борышқоры ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
(есептесу) шоттардың біріктірілуі. Бұл шот бойынша дебеттік сальдо (калдық)
клиентке несие беруді көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты
бар екенін көрсетеді. Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы
қажеттілікке беріледі.
Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені
шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт – клиентке чек бойынша
бенктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын
ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да, бекітілген лимит шегінде
банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалды.
Овердрафтың жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады.
Несиелеудің бұл формасы – контокорректті шотпен берілетін несиенің түрі. Ол
– клиенттің ағмдағы есеп айырысуына қаражат жетіспестігін қанағаттандыруға
берілетін несие. Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Берілетін несиенің көлемі көптеген мемлекеттерде несие линиясының
мөлшерін (лимит) бекіту арқылы реттеледі. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Мемлекетің бағалы қағаздары
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Республикасының Орталық банкі
Банктердің пассив операциялары
Пәндер