Банк өтімділігін басқару әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Коммерциялық банктердің өтімділігі

Алматы 2008 ж

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Банк өтімділігін басқару және бағалауБанк өтімділігі және оған ықпал етуші факторларБанк өтімділігін басқару әдістеріӨтімділікті бағалау көрсеткіштері
  2. Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің өтімділік жағдайыҚ. Р банктерінің өтімділік жағдайыҚ. Р Альянс банкінің қазіргі кездегі өтімділік жағдайы
  3. Банк өтімділігінің шетел тәжірбиесі. АҚШ банктерінің қазіргі кездегі жағдайыЕуропалық Одақтың елдері банктерінің жағайы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Банк ісінің пайда болуы Италиядағы ортағасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. Банк сөзі италиянша "banco" сөзінен шыға отырып, "айырбас үстелі" деген ұғымды білдіреді. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылды. Сондықтан да, бұл банктерді "коммерциялық банктер" деп атап кеткен.

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.

Қазіргі коммерциялық банктер 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни Қазақстандық банктік жүйенің небары 10 жылдық тарихы бар. ҚР коммерциялық банктері өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Бұл жұмыс 2 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде коммерциялық банктің өтімділігі түсінігін, оған әсер етуші факторларды және өтімділіктің көрсеткіштері туралы мәліметтер қарастырылады.

Екінші бөлімінде Қазіргі кездегі Қазақстан және АҚШ банктерінің жағдайы, олардың өтімділік коэфициенттері туралы мәліметтер қарастырылады.

Үшінші бөлімде шетел банктерінің өтімділігі тәжірбиесі туралы мәліметтер қарастырылады.

І. Банк өтімділігін басқару және бағалау

1. 1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Өтімділік - банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т. б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

  • депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
  • активтерді зиянсыз сату;
  • тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының базасы;
  • банк активтерінің сапасы;
  • депозиттердің сапасы;
  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
  • сауатты менеджмент;
  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы - бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі - бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті .

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т. б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор - банктің депозиттік базасының сапалылығы . Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.

Менеджмент , яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

  • банк саясатының болуы және оның мазмұны;
  • стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
  • банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
  • әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
  • білікті мамандардың болуы;
  • қажетті ақпарат базасының болуы;
  • банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.

Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға , яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;
  • банкаралық несие нарығының дамуы;
  • қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;
  • Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың рентабельділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақтысында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

1. 2. Банк өтімділігін басқару әдістері

Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелердің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Жалпы банктің өтімділігін басқаруда өтімділік мынадай екі қызмет атқарады:

  • несиеге деген сұранысты қанағаттандыру;
  • салымшылардың депозиттерді алу сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстандық банктер тәжірибесінде өтімді қаражаттардың ұсынысының негізгі көздеріне мыналар жатады:

  • клиенттердің банктік және жинақ шоттарына түсетін қаражаттары;
  • клиенттердің ссудалық қарыздарын қайтаруы;
  • банкаралық несиелер;
  • бағалы қағаздарды өтеу;
  • сыйақы (мүдделендіруді) төлеу;
  • банкаралық нарықтан ақшалар тарту;
  • депозиттік емес банктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;
  • банктің активтерін сату;
  • өзге дебиторлық қарыздарды өтелуі.

Өтімді қаражаттардың негізгі пайдалану бағыттарына мыналар жатады:

  • банктерге және өзге қаржы ұйымдарына несиелер беру;
  • клиенттерге несиелер беру;
  • бағалы қағаздарды сатып алу;
  • өзге активтерді сатып алу.

Банктің төлемдік міндеттемелерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері;
  • банкаралық несиелер;
  • есептелген сыйақылар (мүдделендірулер) ;
  • есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;
  • бюджетке төленетін салықтар мен өзге де төлемдер;
  • кредиторлық қарыздар.

Өтімді қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттарының жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық өтімділігінің ұстанымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.

Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды: ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма-қол ақшаларға айналдыру және резерв (корршот және кассада қаражат ұстау арқылы) құру;

  1. сыртқы көздер, яғни өтімді активтерді (бағалы қағаздар, депозиттік сертифкаттар және т. б. ) сатып алу.

Коммерциялық банктердің өтімділігін түсіну үшін статикалық және динамикалық аспектілерді қарастыру қажет.

Статикалық аспект белгілі бір күнге банк өтімділігін сипаттайды және ол берілген нақты уақыт мерзімінде талап еткенге дейінгі міндеттемелерді өтеу үшін өтімділігі жоғары қаражаттар көлемінің жеткіліктілігімен байланысты. Бұл аспектіде банк өтімділігі оның қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшері бола отырып, берілген нақты уақыт мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Динамикалық аспект күрделірек болып келеді. Ол банктің болашақтағы өтімділігін сақтау қабілетін қарастырады. Бұл аспектіде банк өтімділігі банктің өз меншік құнын экономикалық қатынастар объектісі ретінде сақтау қабілеті түсіндіріледі, ол арқылы банк өз міндеттемелерін уақытында және болашақта да өтеу қабілетін сақтайды.

Көптеген банкирлер қоғамның сенімі бұл банк үшін қымбат актив деп есептейді. Тұрақты табыстар бұл банктің өмір сүру қабілеттігінің кепілі болып табылады. Әрине, сенімді табыстар банкке өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Банк жүйесіне қоғамның сенім білдіруінің негізгі талаптарының бірі мынада: салымшылар өз ақша қаражаттарын қалаған және кез келген уақытта қайтарып ала алатындығына және де осы банкке өз ақша қаражаттарын сала отырып ешқандай тәуекелге ұшырамайтындығына сенімді болу қажет. Сол себептен, салымшылар қадағалау органдары, банк басқарушылары мен клиенттері сияқты банк активтерінің өтімділігіне қызығушылық тудырады.

Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайында депозиттерді мерзімінен бұрын алу қаупі пайда болатындықтан, бұл жағдайда барлық депозиттер талап еткенге дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді өтеуге дайын болуы және ол үшін бұл көлемге жеткілікті өтімділігі жоғары қаражаттардың болуы қажет. Ең бастысы ортақ қор құру қажет. Бұл қордан қаражаттар мынадай бағыттарда үлестіріледі: ең алдымен алғашқы резервтер (қолма-қол ақшалар, Ұлттық банктегі депозиттегі қаражаттар, резвертер), кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құралады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Олар, бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.

Ұзақ мерзімді болашақта бірегей резервтік қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама кемшіліктері бар.

• біріншіден, банктің қаржылық тұрақтылығына ұзақ мерзімді перспективада жағымсыз әсер ететін табыстылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды максимизациялауға бағыт жасайды;

• екіншіден, әртүрлі депозиттердің түрлерінің мерзімділігі ескерілмейді: талап еткенге дейінгі депозиттер есеп айырысу үшін арналған, ал жинақ және мерзімді депозиттер табыс алу үшін орналастырылады және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;

• үшіншіден, бұл әдіс берілген қарыздардың қоржынынің өтімділігін есепке алмайды.

Бірегей резервтік қор әдісінің көмегімен өтімділікті басқару тәжірибесін талдау нәтижесінде келешек табыс теориясы жасалып шығарылады. Коммерциялық банк басқарушысы қаражаттардың орналасуына жауап береді. Қарастырылып жатқан әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, қассалық қолма-қолдылық және т. б. ) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Ортақ қаражат қоры әдісінің үлгісінде нақты активті операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттардың, егер оларды орналастыру банктің алдына қойған мақсаттарында жетуге жағдай жасайтын болса, онда олардың қандай көздерден келіп түскені маңызды емес. Сызба түрінде бүл әдісті көруге болады (29-сурет) .

Қаражаттардың көздері Қаражаттарды орналастыру

Қаражаттардың орналастырудың жалпы қор үлгісі арқылы

активтерді басқару.

Берілген бұл әдіс банк басқармасынан өтімділік және табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді. Сондықтан да қаражаттар осы қағидаттарға толық сәйкес келетін активтік операциялардың түрлеріне орналастырылады. Қаражаттарды орналастыру белгіленген бір артықшылықтарға сәйкес жүзеге асады. Олардың белгіленуі бұл оперативті бөлім басқармасына өтімділік және табыстылық сәйкестілік мәселесін шешуге көмек береді. Осы артықшылықтар банк қаражаттарында бар. Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі бірінші немесе екінші ретті резервтерге орналасуды қажет етеді, табыс әкелетін ссуда немесе бағалы қағаздар үшін қолданылуы қажет екендігін анықтайды. Жер телімшелерін, ғимараттарға және басқа да жылжымайтын мүліктерге қаражаттарды инвестициялау мәселесі жеке қарастырылады. Қаражаттарды бірінші резервтер орналасу жүйесін анықтау кезінде ең бірінші мәселе бұл бірінші ретті резервтер түрінде бөлінетін олардың үлесін анықтау болып табылады. Активтердің бұл санаты функционалдық сипаттамаға ие және де ол коммерциялық банктердің баланстық есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оларға көптеген мән береді және де бірінші ретті резервтерге алынатын салымдар мен несиеге деген сұраныстарды қанағаттандыруға төлемдер үшін қолданылатын активтерді қосады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі болып табылады.

Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір мәселе бұл белгілі бір табыс әкелетін "кассалық емес" өтімді активтерді жасау болып табылады.

Екінші ретті резервтердің негізгі қолданымы бұл бірінші ретті резервтерді толықтыру көзінің болуында. Соңғысы сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретті резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссудалық шоттағы қаражаттар жатады.

Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы несие қоржынын құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтердің мөлшерін анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің маңызды түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша табыстар банк табысының ең ірі құраушысы болып табылады. Займдық операциялар банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады.

Ең соңында құжаттарды алмастыру кезінде бағалы қағаздар қоржынынің құрамы анықталады.

Активтерді басқару бойынша қаражаттардың ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды белгілейді. Бұл әдісте активтердің санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және де бұл әдіс "өтімділік - табыстылық" дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуициясына тәуелді болып келеді.

Банк қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады. Сондықтан әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. Мысалы, талап ететін саламдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т. с. с. (30-сурет) .

Қаражаттардың көздері Қаражаттарды орналастыру

Қорды басқарудың теңгерімділік әдісінің үлгісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржыларды ауыстыру теориясы
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Мерзімді салымдар банкі
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банк өтімділігін басқару негіздері
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Банк өтімділігі
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Банк өтімділігін басқару және талдау тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz