Коммерциялық банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕ------------------------------ 3

1.1 Коммерциялық банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру-------------------6
1.2 Коммерциялық және н есиелік саясаттың маңызды элементігі банктегі
бақылауды ұйымдастыру------------------------ -------------------------------
----------7

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ--------------------
----------------------------------- ---------------------------12

2.1 Коммерциялық және банк несиені басқару процесінің өзіндік түсінігі---12
2.2 Банктік несиелеу жүйесін талдау (КРАМДС банк)--------------------------
-13

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІ----
----------------------------------- ----------19

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- ---------------------24

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметі
конституциямен және Ұлттық банк туралы заңмен және өзге де актілерімен,
Қазақстан Республикасы президентінің Банктер және банктік қызметтер
туралы заң күші бар Жарлығымен, валюталық реттеу туралы заңмен,
Қазақстан республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келісімдермен), өз
құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан рнеспубликасының заң
құжаттары мен Президенттің Жарлықтары негізінде және оларды орындау үшін
шығарылатын Ұлттық банктің нормативтік актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері – жалпы қаржы
жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып
отырған алдыңғы ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық
тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық
банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және
халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің
қызметіндегі депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктері қазіргі уақытта
жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк
жүйесіне депозит түрінде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып
жатыр. Олар өз тәжірибелерімен бірге шетелдік банктердің озық
тәжірибелерін де енгізуде.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің
сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты.
Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын
немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты
банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- лимиттер белгілеу;
- несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалау;
- несиелік тәуекел дейгешне байланысты несиелерге рейтинг қою және
белгіленген лимиттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы
мөлшерлемесін анықтау;
- несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу — несиелерді
авторизациялау;
- несиелік мониторинг;
- несиелік портфельді басқару;
- проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға
байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы
қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие
мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты
есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда,
қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты
шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды бұл банк қабылдауға дайын болып отырған
тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін
деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына
жататындар:
■ нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі
банктік лимитін белгілеу;
■ несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың
тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
■ әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
■ төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
■ жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты
қатаңдату;
■ несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

І. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕ.
1.1 Коммерциялық банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм
көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және
несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар
түрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат — бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
— нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
— несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
— нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
— оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік
қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
■ несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап
беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;
■ несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
■ сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
■ ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін
емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін
құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын
экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі
туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар
мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі
иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен
анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым
қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер
(өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға,
ғылыми-техникалың инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
1.2 Коммерциялық және н есиелік саясаттың маңызды элементігі
банктегі бақылауды ұйымдастыру.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау;
жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау;
банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық
несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялың маңсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк
қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін
банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік
нұсңаулықтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және
ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе
директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес
нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз
алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта
барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де
қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері
мынадай:
— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
—несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
— несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
— несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
— несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
— берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
— банктің несиелік стратегиясын жасайды;
— несиелеу бойынша бөлімшелердіі жұмысын талдайды;
— несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелер мен нұсңаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарып анықтайды. Оларды,
өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады. Несислік саясатта мынадай элементтер
көрсетілуге тиіс:
■ несиелік қызметті ұйымдастыру;
■ несиелік портфельді баск,ару;
■ несиелеуге бақылау жасау;
■ құзыретті бөлу принциптері;
■ несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
■ несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер:
■ несиелермен жасалатын ағымдык, жұмыстардың принциптері;
■ несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау. Іс жүзінде
несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада,
яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта — Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер
жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты — бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
■ қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
■ несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
■ қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
■ құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
■ несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық
немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бонынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт
және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық, несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритімін бекітетін жезөкшіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау
және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит,
несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
■ банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз
ретінде болу;
■ несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама
материал және нұсқаулық ретінде болу;
■ несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
■ несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша
бақылау жасалуға тиіс.

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАНКТІК НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУ

2.1 Коммерциялық және банк несиені басқару процесінің өзіндік түсінігі.
Банктер құралдарды беру (тапсыру) барысында делдал болып табылады,
сондықтан өзіне несие тәуекелділігін қабылдайды. Несие - бұл банк сапасын
және жұмыс барысын қарастырудың негізі болып табылады. Көптеген банктердің
банкротқа ұшырауларын зерттеу барысында банкроттың негізгі себебі болып,
несиелердің төменгі сапада болуын куәландырады. Осыған орай, несиені
басқару процесінің өзіндік түсінігі қажет.
Несие саясатының жақсы дамуы және процедурасы; портфельді сауатты
басқару; несиелерді нәтижелі бақылау; осы сферада жұмыс жасайтын
қызметшілерді дайындау тиімді несиелік басқарудың маңызды элементтері болып
табылады.
Дегенмен, көптеген банктер өнделген несие басқаруларын және несие
тәуекел процестерін тиімді жайғастыра алмайды. Сондықтан да, олар несие
ресурстарының қайтарылмау мәселелерімен күнделікті соқтығысып қалады. Бұл
өз кезегінде несиелерді сапалы басқару үшін объективті қиындықтардың бар
болуын куәландырады, сондай-ақ, мұндай басқару түрінін маңыздылығын
күшейтуді растайды .
Банктер күнделікті өзінің барлық тәуекелдерін бағалай отырып, сонымен
қатар, шамадан тыс концентрация портфель тәуекелімен күресуге тиісті. Осы
тәуекел түрлері әр түрлі болып келеді: несиені төлеу қабілеттілік тәуекелі,
пайыздық, сауда, географиялық, саяси, операциялық. Банк басшылығы оны
қалайтын және қабыл ала алатын мүмкін түрлерді және тәуекел мөлшерлері
анықтауына жауапты. Экономиканың сол немесе басқа секторға, мүмкін тәуекел
мөлшеріне шектеулер орнатуы қажетті.
Кез келген, банктің несие портфелі күнделікті реттеліп отыруы тиісті,
өйткені портфель сапасы, тәуекелділікті бағалауға және банк сенімділігі
үшін жоғары дәрежеде маңызды.
Нақты үлгілерде (АБ Крамдс банк және АКҚ ЛТД банкі) біздің
республикамыздың банк сферасындағы несие тәуекелділігін баскарудағы
жағымсыз және дұрыс әдістерді қарастырамыз.

2.2 Банктік несиелеу жүйесін талдау (КРАМДС банк)
Себептерді талдай отырып, Астанамыздың ең ірі банкі - Крамдс банк,
несие саясатының аяқталмауы нәтижесінде күйреуге ұшыраған және толық
жойылған болатын.
Мысалы ретінде (ААҚ ЛТД банкі) аталған банк Алматы қаласында 1988
жылдан бері қызмет атқарады, сондай-ақ банктің нақты жетілдірілген несие
саясатына сәйкесінше несиелерді басқару сапасын қарастырамыз. Банктің 1998
жылдың 1 тоқсаны бойынша, қаржылық жағдайын талдауына ерекше назар
аударалық. Банктің жүргізілген саясат заңды және жеке тұлғаларға банктік
қызметтерді көрсету негізінде пайда табуға және осы уақытқа дейін табысты
қызмет атқаруына мүмкіншілік береді.
КРАМДС банк - қазақстандық валюта бизнесінің патриархі, ол сондай-ақ,
1989 жылы каңтарда кызмет көрсету және КРАМДС бірлестігінін қызметін
қаржыландыру, республикамыздың өндіріс құрылымдарын несиелеу мақсатында
құрылған болатын.
КРАМДС бірлестік, ҚР-сының халық банкісі, Алматының азаматтық авиация
зауыты № 405, Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы, ПО
Кыргызэлектромаш құрылтайшылар болып табылады.
КРАМДС банктің алғашқы жарғылық қоры 12,0 млн. соманы (эквивалент 24,0
мың. теңгені) құраған болатын.
КРАМДС Банктің жарғылық қоры құрылу кезеңінен бастап екпінді қарқынмен
өсті, сондай-ақ, ол банктің несие - қаржы жүйесінің күшейтілген рөлінен
және Қазақстан экономикасынан көрінеді. Сонымен, 1990 жылдың 1 каңтарында
бұл сома 31,5 млн.-ды құрады (эквивалент 63,0 мың теңге), ал 1992 жылдың 1
қантарында 5,1 миллиард сомға жеткен еді (эквивалент 10,2 млн. теңге)
болатын.
1993 жылдың басында КРАМДС банктің акционерлері 80 - ге жуық заңды
тұлғалар болды, олардың үлесі 24%-ды құрайды.
КРАМДС банктің инфрақұрлымының қарқынды дамуы, оның акционерлерінің
өндіріс белсенділігінің жоғарылауына, сондай-ақ, 1993 жылдың бас кезеңінде
халықаралық қаржы - валюта жүйесін интеграциялау процестері негізінде
банктің жарғылық капиталы 10 миллиард сомаға дейін артуына әкелді
(эквивалент 20,0 млн. теңге), және де олар толық төленген болатын. Сол
уақытта 31% акцияны шетел инвесторларына сату мақсат етілді.
КРАМДС банктің несие коры ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Несие берудегі несие саясаты
Несие беру
Банктің несиелік портфелін басқару
Пәндер