Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО


Жоспар
Кіріспе
1 Тарау. Банк жүйесі
1. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
1. 2 Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары
2 Тарау. ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі
2. 1 Ұлттық банктің эмиссиондық - комиссиондық операциялардың жағдайын талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлык қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: эр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфракұрылым, банктердің бірлестігі және тағы басқалары. Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді. Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады. Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктік құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар және сєйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қоры 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттардың есебінен құрайды республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар. Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
1 Тарау. Банк жүйесі
1. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталармен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды. Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырусуларға ауысуы, бұрын әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялдаудың үлес салмағы банк касасында берілуі қысқарды. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажетті потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл - сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативі көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Бағалы қағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген «қаржылық құжаттар», оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) .
Қорлық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар) . Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде коммерциялық банктерде мынандай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде - депортамент немесе басқарма, орташаларында мен кішілерінде - инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар қозғалысы - акцияларды сату, немесе қарыз беру - бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығының негізін құрайтын биржа - бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа - бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің жүзеге асады және бағалы қағаздарды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағаздың қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.
ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы» заңында (3-бап) былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі - екінші деңгейлі банк, меншігінде және (немесе) баскаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР бейрезиденттері; э) занды тұлғалар -ҚР резиденттері, ҚР бейрезиденттерінің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (оқушылардың салым ақшасы) ; ҚР резиденттері ҚР бейрезиденттерінің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк - халықаралық келісімшарттың негізінде қүрылған эрі эрекет ететін банк.
Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын калыптастыратын эрі несие институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер де кіреді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылған. Сауда-саттақ мемлекеттерде, қаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившие) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасын хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамндар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа елдерде кеңінен тарайды. Кеңес үкіметі кезеңінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты бенктік жүйенің тарихи КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мелекеттік банк, акционерлік банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып тадылады. Банктік жүйе- нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
аналыстағы ақша массасының көлемінің реттеу жолмен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
кепіл берушісі үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасын оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
ол банктерге несие беруге, банктердің пайда капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
Қазақстан Республикасы ресми мөлшемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуді әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшемелерін өзгертуге құқықтар береді;
Қазақстан Республикасы есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлыќ түрін жүргізуге құқылы;
Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату жєне айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге жєне олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырсуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға жєне оларды басқаруға қатысуға құқылы;
Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассакциялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервін қорларын құрады;
Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады жєне тұрақты түрде жариялайды;
Ішкі жєне сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады; Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатьп, қолма- қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады. Ұлттық банк банкоталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаны инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
1. 2 Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz