Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-ның банк жүйесі: ХХІ ғасырдағы проблемалары мен келешегі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-4

1 Банк жүйесі . . . 5-12

1. 1 Банктердің пайда болуы мен дамуы . . . 5

1. 2 Банктің мәні және оның қызметтері . . . 6

1. 3 Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі . . . 9

2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы . . . 13-17

2. 1 ҚР банк жүйесінің даму тарихы . . . 13

2. 2 Қазақстандағы банктік реформа . . . 14

3 Екі деңгейлі банк жүйесін құру . . . 18-29

3. 1 Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі . . . 18

3. 2 Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы . . . 19

Қорытынды . . . 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31-32

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.

Жаңа банк механизімінің құрылуы өркениетті әлемде кабылданған және нарықтық қаржы құрылымының көп ғасырлық тәжірибесіне сүйенген коммерциялық банк міндеттемелерінің өзіне тән қалпына келуін талап етеді. Сондықтан, шаруашылық дамудың әр түрлі жағдайына бейімделіп, өзінің тиімділігін әйгілеп көрсеткен, бәсекелік күрестің қатал жағдайында ұзақ тарихи іріктеудің өнімі болып табылатын несиелендіру мен есеп айырысудың, ақшалай қаражатты жұмылдыру формаларын шетел тәжірибесінен терең әрі тиянақты үйренудің мәні зор.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.

«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдай да көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңетер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажеті болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастау-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.

Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ (қате) ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді акшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.

Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерттеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.

Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:

- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;

- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;

- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды кажет етеді;

- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.

Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне карамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ; бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлерін көрсетеді.

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

1 Банк жүйесі

1. 1 Банктердің пайда болуы мен дамуы

Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызғаа дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.

Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек; бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.

Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды.

Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлішерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға бәрін, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудың тиімді болатынын да ұқты.

Міне, осы уақытша несиені жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың несие беруші қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімді жатады. Сауда үйі түрінде жеке несие берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамқаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен және сатып алумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттык жүргізді.

Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары калай жүйеге айналады, солай өсімқорлықта тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасьнда бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, карыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелеср Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.

1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша gіго - айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің ита-лияндык тәжірибесі өзіндік банктерді кұрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.

Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып. одан алғашкы неміс банктері, ал Францияда француз банкілері пайда болды және т. б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.

Ежелгі банктердің несие операцияларымен катар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кеңінен қолданыла басталды. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu - «гуду») шығарды.

Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.

XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдьң басында оған елдің эмиссиялық банкісі дегені атақ (статус, мэртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебеп, заңды құралына айналды.

1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.

Ресейде банкісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялык банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж. ) орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.

XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстан ың банктері болған емес, бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.

1. 2 Банктің мәні және оның қызметтері

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр турлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы тусініктері де әр қилы.

Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оиы ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.

Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін

ұсынады:

- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;

- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;

- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды кажет етеді;

- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.

Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір-бірінен өзгеше болады, бірак; бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлерін көрсетеді.

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар онімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.

Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.

Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайзында өнімді пайдаланылады.

Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.

Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты камтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:

- банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа не капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;

- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;

- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;

- банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.

Банктың өзіндік ерекшілігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.

Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:

- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешілікке ие болуы керек:

- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі қажет;

- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.

Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.

О. И. Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.

Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің біркатар ерекшеліктері болады:

- шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;

- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті) ;

- қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге асырылады әрі банктік негізгі қызмет түріне айналады.

Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырыла-ды. Ақшалай қаражат айналымы экомиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы ретттеледі.

Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.

Оған теренірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады (ағылады) . Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінстің банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың, қажеттіліктеріне қарай түрлендіру (өзгеруі) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет.

1. 3 Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.

Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті про-порцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.

Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі; әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.

Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.

Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеіттік салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп сабақтасады.

Банк жүйесі белгілі бір өзгешіліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында Ақша, несие, банктер (жалпы редакциясын О. И. Лаврушин басқарған, М. : Ф және С. 2002. 285-290 бб. ) тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:

1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткенімдей, алғы шебін Орталық банк кұрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері
Банктік қызметтің мәні
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Елдің алтын валюта қорларын басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Несие жүйесі туралы
БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Несие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz