Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы


Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Лизинг пен аудиттің өзара байланысы
- Лизингтік операциялар аудиті және олардың экономикадағы рөлі.
- Лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері.
1. 3. Лизингті қалыптастыру және оны тиімді қолданудың экономикалық
негіздері.
2-тарау. Лизинг туралы түсінік және лизинг операцияларының есебі
2. 1. Лизингалық операцияларды ұйымдастыру және оларды жүргізу
техникасы.
2. 2. Лизингтік қызметтер түрі және жалға алу жолдары.
2. 3. “БТА банк ” лизингтік компанияның лизингтік операцияларды жүргізу әдістері.
Қорытынды
Сілтеме
Пайдаланылған әдебиеттер
І -ТАРАУ. ЛИЗИНГ ПЕН АУДИТТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ.
1. 1. Лизингтік операциялар аудиті және олардың экономикадағы рөлі.
Лизинг ірі капитал болмаған жағдайда, әсіресе орта және кіші бизнес кәсіпорындарында кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі қаржысынан алмай-ақ негізгі қаражатқа ие болуға мүмкіндік береді.
Аудиттің халықаралық стандарттарына (әрі қарай - АХС) өту жағдайында осы мақаланың мақсаты лизингтік операциялар аудит әдістемесінің спецификалық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Клиенттің қызметі, тәуекелді бағалау, бухгалтерлік есеп жағдайы және ішкі бақылау туралы алынған мәліметтер негізінде лизингтік операцияларды тексеру есебімен құрылған аудиттің жалпы жобасы жасалады.
Жоба көлемінде аудиттің оны іске асыруға қажетті аудиторлық процедуралардың нақты тізімін қамтитын бағдарламасы құрылады.
Бағдарлама тексеру басталғанға дейін құрылады және аудит барысында аудитормен оған айтарлықтай өзгерістер мен жөндеулер енгізілуі мүмкін. Жобамен бағдарламаның әр бөлімі бойынша аудитор жұмыс құжаттарында қаржылық есеп берудің барлық оның аспектілерінде нақтылығы туралы қорытынды құру үшін және сол туралы пікір қалыптасу үшін негіз болатын нәтижені көрсетеді. Сондықтан, белгіленген жобаға сәйкес құрылған бағдарлама лизингтік келісімдердің барлық аспектілерін барынша айқындау қажет. Жұмыс құжатына, өз кезегінде, барлық аудиторлық тесттер мен процедуралардың нәтижелерін құжаттық тіркеу туралы талап қойылады. Аудитор лизинг берүшінің лизингке лицензия алынғандығын тексереді. Аудитор лицензияны беру жөнінде өтініш жасайды және ол бар болған жағдайда қарап шығады.
Аудит жүргізу процесінде аудиторлар тексеру барысында алынған ақпаратты қамтиты жұмыс құжаттарын құруы тиіс. Жұмыс құжатында лизингтік келісімдер, қосымша келісулер лизинг объектісі туралы ақпараты бар келісім - шарттың қосымшалары туралы, лизингті мүліктің техникалық күйі туралы, ілеспелі мүлікті беру туралы (автомобиль лизингінде бұл аудиожүйе, кондиционер және басқа да қосымша жабдықтар болуы мүмкін), негізгі қаржын беру - қабылдау актілерінің болуы туралы, негізгі қаржы есебінің инвентарлық карточкасы туралы ақпараттарды қамтуы тиіс.
Лизингтік операциялар аудитін жүргізу негізінде аудитор лизинг берушіден қаржылы есеп беруді құру мақсатында бухгалтерлік есеп сапасы, лизингтік операциялардың дұрыс айқындалуы туралы мәліметті алуы қажет.
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитін жүргізу үшін 1 кестеде келтірілген аудит бағдарламасын құруды ұсынамыз.
Кесте 1
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
№
Аудит процедурасы
Акпарат көзі
1
2
3
1
Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру
Бухгалтерлік баланс, Бас кітап
2
Бас кітап мәліметтерін лизинг құралдарының есебі жөніндегі синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстыру
Айналым-сальдо ведомості, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері
3
Лизингке алынған объектілердің нақты болуын және бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру (лизинг берушіде лизинг объектілерін есептеуде)
1240 субшот 1 есебі бойынша айналым- сальдо ведомості, лизинг объектілерін есептеу бойынша синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері
4
Негізгі заттар лизингі бойынша біріншілік құжаттарды безендіру дұрыстығын тексеру
Инвесторлық карточкалар, накладнойлар, шот-фактуралар, лизинг келісімдері
5
Лизинг құралдарының біріншілік бағасын қалыптастыру дұрыстығын тексеру
Жеткізу келісімдері, қабылдау-беру актілері, эксплуатацияға енгізу бұйрығы, накладнойлар
6
Регистрлер мәліметтерін лизинг беруге қажетті лизинг құралдары бойынша біріншілік құжаттарын бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру
Синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтері, жеткізу келісімдері, накладнойлар, шот - фактуралар
1
2
3
7
Мүлікті лизингке беру негізділігін және заңдылығын, есепте операция мәліметтерінің дұрыс көрсетілуін тексеру
Лизинг келісімдері, қабылдау-беру актілері, синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтері
8
Есепте лизинг құралын қайтару, сатып алудың дұрыстығы мен мерзімділігін тексеру
Лизинг келісімдері, лизинг құралдарын шығынға жазу туралы актілер, накладнойлар
9
Лизинг құралдарын инвентаризациялауды жүргізу мен безендірудің есептік саясатқа сәйкес келуін тексеру
Кәсіпорынның есептік саясаты, инвентаризация жүргізу туралы бұйрықтар, инвентаризациялық тізімдер
10
Лизинг құралдарын жөндеу бойынша шығындар есебінің дұрыстығын тексеру
Лизинг келісімдері, шығын есебі бойынша бухгалтерлік есеп регистрлері
11
Лизинг құралдарын жөндеуге шығын жұмсау заңдылығын тексеру
Есептік саясат, жөнделген, қалпына келтірілген және жетілдірілген объектілерді қабылдау-беру актісі
12
Лизинг келісімдерінің тізімін мүлік түрлері және анағұрлым ірі келісімдер бойынша жіктеумен құру
Лизинг келісімдері, аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтері, лизинг келісімдерінің регистрлері
13
Дебиторлық қарыз құрылымын қарастыру
Бухгалтерлік баланс, дебиторлық және несиелік қарыздардың расшифровкасы, лизинг алушылармен есептерді салыстыру актілері, аудитор сұрауына контрагенттердің жауаптары
14
Лизинг келісімдерінің сипаты:
- қолды, мөрді және т. б. тексеру;
- келісім жақтарын анықтау;
- келісімнің жарамдылық мерзімін анықтау;
- лизинг құралдарының мазмуны бойынша жақтардың міндеттері;
- сублизинг;
- мүлікті кепілге беру мүмкіндігі мен реті
Лизинг келісімдері, лизинг келісімдеріне қосымша келісулер, қабылдау-беру актілері
15
Объектілерді лизингке беру жөніндегі және лизинг алушы балансында лизинг объектілерін есептеумен сатып алу жөніндегі операциялардың есебі мен құжат айналымының дұрыстығын тексеру:
- лизинг қызметтерінен түскен табыс; - лизинг келісімдерімен қарастырылған айып пұлдан, пенядан түскен табыс;
- басқа да табыстар
Бас кітаптың айналым-сальдо ведомостінің лизинг келісімдерінің, лизинг келісімдеріне қосымшалардың, лизинг келісігидеріне қосымша келісулер мәліметтері
16
Салық салу мақсаты үшін лизингтік төлем бағасын анықтау
Лизинг келісімдері, «Лизингтік төлемдер графигі» лизинг келісіміне қосымша келісулер
17
Лизинг келісімдерінің, біріншілік құжаттардың және бухгалтерлік есеп мәліметтерінің тепе-теі-ідігін тексеру
Лизинг келісімдері, шот-фактуралар, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері
18
Шағымдар бойынша есептеулер дұрыстығын тексеру
Лизинг келісімдөрі, қаулылар, сот шешімдері, шағым хаттары, лизинг алушылармен есеп бойыиша аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтері
19
Лизинг берушіде лизинг объектілерін есептеудегі лизингтік операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын тексеру
Бас кітап, лизинг келісімдері, мүліктік төлемдер графигі (лизинг келісіміне қосымша)
20
Лизинг берушіде лизинг объектілерін есептеудегі лизинг объектісін қайтару жөніндегі шоттар корреспонденциясын тексеру
Бас кітап, айналым-сальдо ведомості
Тексеріс объектілерінің ретін анықтау үшін дедуктивті және индуктивті тәсілдерді қолданып аудитті жүргізу нұсқалары ұсынылған.
Лизингтік операциялар аудитін дедуктивті тәсілмен жүргізген кезде аудитор қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін (қаржылық есеп берудің) тексере бастайды және бастапқы мәліметтермен аяқтайды (біріншілік құжаттар) .
Индуктивті тәсілде тексеру кері бағытта жүреді - бастапқы мәліметтерден баста олар кейін синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады және қаржылық есеп беру нәтижелерінің тексерілуімен аяқталады.
Біздің ойымызша, дедуктивті тәсілдің келесідей артықшылықтары бар:
• аудитор нәтижелерді көре тұрып (қаржылық есеп беруді) біріншілік құжаттарды зертемей-ақ, қаржылық есеп беру шынайылығына әсер еткен бұзылыстарды таба алады және ондағы іріктеу көлемін арттыру үшін қажетті аймақтарын анықтай және одан әрі мұқиятті сере алады;
• мекеме (лизинг беруші немесе лизинг алушы) қызметінің нәтижелері бойынша, дәліре айтқанда қаржылық есеп беру, синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтері бойынша аудитор мекеменің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру сапасын анықтай алады.
Лизингтік операцияларды деуктивті тәсіл негізінде тексеру үшін аудиторлы процедуралардың келесі сызбасын ұсынамыз (сызба 1) .
Лизингтік операцияларды дедуктивті тәсілмен тексерудегі аудиторлық процедуралар
Әрі қарай аудитор лизинтік операциялар есебі жүргізілетін шоттар мен субшоттарды анықтайды, есептік саясаттың жүргізілуін тексереді, оның ішінде бухгалтерлік есеп шоттарында лизингтік операциялардың сипатталу дұрыстығын тексеру мақсатында жұмыс табысының шоттары.
Аудитор есептік саясат жүргізілуін, дәлірек айтқанда лизингтік қызметтен түскен табыстарды қарапайым қызмет табыстары ретінде және операциялық табыстар мен шығындар ретінде мойындау заңдылығын тексереді.
Аудитор синтетикалық есеп пен қаржылық есеп беру мәліметтерін салыстырғанда тержылықесеп беруде мәліметтерді көрсету шынайылығы және айқындалуы туралы алдын ала болжау құра алады.
Аудитордың ерекше операцияларды анықтау мақсатымен шоттар корреспонденциясына алдын ала тексеру жүргізуі анағұрлым дұрыс. Егер мекемедегі бухгалтерлік есеп автоматтандырылған болса, бұл аудиторға жұмыс құжаттарын қалыптастыруда көмек болатын құрама кестелерді алуға мүмкіндік береді. Тексерудің осы сатысында аудиторға алдағы уақытта іріктеу көлемін анықтау мақсатымен аналитикалық шоттар құрамын анықтап, оны жұмыс құжаттарына енгізу қажет. Іріктеу көлемін нақты анықтау үшін аудиторға лизинг келісімін тексеру барысында қолданылатын қарыздың қалыптасу уақыты, төлемнің мерзімін Іргерту, төлеу уақыты сияқты негізгі көрсеткіштер тіркелген жұмыс құжаттарының көлемін айтарлықтай кеңейту керек.
Лизингтік мүлік есебінің шоттары және лизингтік қызмет көрсету есебі бойынша дебиторлық қарыздар расшифровкасын құру қажет. Тексеру процедураларының соңғы сатысы ең қиын. Бұл кезде біріншілік құжаттарға тексеру жүргізу қажет, атап айтқанда біріншілік құжаттардағы лизинг құралдарының нақты бар болуын тексереді. Лизинг алушылармен есептеу есебін жүргізу сатыларының негізгісі лизинг келісімдерін тексеру болып табылады.
Осының нәтижесінде, ең алдымен, лизингтің ұқсас объектілері, лизинг алушылар және т. б. сияқты біртекті белгілер ойынша бөліктерге бөлінген тексерілетін келісімдер тізімін құру қажет.
Бұл лизинг келісімдерін жоғары дәрежедегі қателіктер тәуекелі бар келісімдер бөлімінде іріктеу мақсатымен жүргізіледі.
Лизинг келісімдері негізінде лизинг берушіде аудитор лизинг алушы-дебиторды анықтай алады, ал дебиторлық қарыздың нақты көрсеткіштерін алу үшін оларға сұрау жолдай арлады. Лизинг алушы қолдау береді - сұрауға жауап (п. 15. 5. 5. МСА 500 «Аудиторлық дәлелдемелер») .
Кәсіпорын-дебиторлар тізімі дебиторлық қарыздың ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге расшифровкасы болып табылады (12 айдан көп - ұзақ мерзімді, 12 айға дейін - қысқа мерзімді) .
Осылайша, аудитор лизинг келісімдерді тексеру барысында «Қарыздың қалыптасу уақыты» және «Қарызды өтеу уақыты» графаларына ерекше көңіл аудара отырып берілген жұмыс құжатына қарастырылатын келісім бойынша мәліметтерді енгізе алады, себебі, бұл аудиторға бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз мәліметтерін көрсету және айқында негізділігін анықтауға лизингтік береді.
Аудитор мерзімі өтіп кеткен қарызды анықтаған жағдайда, оны қайтару үшін дебиторлар қандай шара қолданғанын анықтау қажет. Аудитор мекеменің мерзімі өткен іс бойынша қарызды қаржылық нәтижеге жатқызатынын ескеруі тиіс. Егер олай болмаса, аудит аталған операцияның бухгалтерлік есепте қате жазылғаны жайлы белгі қоюы тиіс. Аудтор сенімсіз қарыздарды шығынға жазудың барлық жағдайларын тексеруі тиіс.
Лизинг берушіде лизингтік операцияларының аудитінде аудитор сенімсіз қарыздарді шығынға жазудың бар болуын және негізділігін тексеруі тиіс. Оған аталған операциялар бойыЖ шоттар корреспонденциясының дұрыстығын жүзеге асыру қажет, себебі қасақана бұрмалаула мен ықтимал салықтың салдарының болу тәуекелінің жоғары деңгейі салынған.
ҚР 28 ақпан 2007 ж. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес аудитор сенімсіз қарыздарды шығынға жазудың дұрыс безендірілуін тексеруі тиіс: мекемде қарыздарға инвентаризация жүргізу туралы актінің, жазбаша негіздеменің және мекі^, жетекшісінің буйрығының болуын тексереді. Егер мекеменің есептік саясатында лизингобщ тісі бойынша кезектегі лизнгтік көлемнің табысты мойындау сәті екені тіркелсе, онда аудитаг қосылған құнға салық салу мен оның дұрыс есептелуі, сондай-ақ, егер мекемеде кум§ қарыздар резерві қүрылмаған болса, төлетуге сенімсіз дебиторлық қарызды айналымнанщ шығындар құрамына қосу фактісінің бар болуын анықтау қажет. Аудитор дебиторлық қарыз шығынға қосу дұрыстығы мен негізділігін тексеру кезінде бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша талаптарын ескеруі тиіс, дебиорлық қарызды шығынға қосу кезінде негіздеме болу қажет.
Лизинг алушылармен есептесу кезінде аудитордың операцияны берілген есептік мерзімге жатқызуының, лизингтік төлемдер көлемінің, лизингтік төлемдер меи белгілені. графикке сәйкес тіркелген уақыт аралығын ақтау дұрыстығын тексеруі маңызды. Тексер барысында аудитор лизинг келісімін және сәйкес біріншілік құжатты қарастырады, бұны нәтижесінде бір уақытта бухгалтерлік регистрлер мен біріншілік құжат мәліметтері салыстырылады.
Лизингтік операцияларды тексеруде индуктивті тәсілді пайдалану аудиторға, біздің ойімызша, тексеруді анағұрлым ұтымды әрі нәтижелі жүргізуге мүмкіндік береді. Аудитор лизингтік операцияларға тиісті біріншілік құжатты іріктейді және әрі қарай олардың бухгалтерлік есеп регистрлерінде тіркелуін іздейді.
Біз, біріншілік құжатты лизингтік келісімдермен салыстыру және бір уақытта лизингі келісімдерін заңды түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру ұтымды деген пікіргі қосыламыз.
Лизингтік операцияларды тексеруде мекеме жетекшісімен бекітілген ішкі үлгілерін немесе құжаттардың типтік үлгілерін, барлық қажетті реквизиттердің және т. б. сақталу анықтау мақсатында біріншілік құжаттарды тексеру маңызды роль атқарады. Аудиторға бухгалтерлік есептің әртүрлі деңгейлерінде мәліметтерді салыстыру үшін ыңғайлы, уақытты үнемділігі және
тәуекелділіктердің біреуіне немесе тәуекелділіктердің топтарына тәуелділігі пайда болуы мүмкін. Сондықтан да тәуекелділіктің әрбір түрін лизинг субъектілерінің қызметтерімен салыстыра отырып, оның әсер ету аясын талдау, оларды болашақта пайда болатын шығындар мен зияндардан сақтандыруы мумкін.
3. лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар қолданылатын математикалық есептеу әдістерін талдау. Дұрыс емес немесе қате жасалынған математикалық есептеулер және сонымен қатар лизингтік төлемдерді есептеудің әртүрлі түрлерін пайдалану лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар үшін өте қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан да лизингтік келісімдерді іске асыру кезінде математикалық есептеулерді пайдаланатын лизингтік компаниялар немесе оларды қаржыландыратын коммерциялық банктер мате-матикалық есептеулердің неғұрлым тиімді және қарапайым әдістерін қолдануға ұмтылулары қажет. Осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта көптеген мамандандырылған фирмалардың математикалық есептеулерді толық автомат-тандыруға мүмкіндіктер беретін стандартталынған бағдарламалық өнімдері мен техникалық құралдарын пайдалану қажет.
Тәуекелділікті талдау - бұл тәуекелділікті басқару процесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оның мақсаты жасалынатын экономикалық келісімдердің ерекшеліктері және оларды жүзеге асыру барысында кездесетін тәуекелділіктер туралы қажетті ақпараттарды жинақтау. Осы жинақталған ақпараттар тәуекелділікті басқарудың келесі кезеңдерінде белгілі-бір шешімдер қабылдау үшін жеткілікті болуы керек.
Тәуекелділікті талдау олардың түрлерін анықтау және бағалаудан тұрады.
Тәуекелділік түрлерін анықтау кезінде лизингтік қатынастарға әсер ететін барлық тәуекелділіктер (жалпы және типтік) нақты анықталынуы қажет. Лизингтік қатынастарға әсер ететін тәуекелділіктерді келесідей белгілері бойынша жіктеуге болады:
Осы кезеңдегі басты қағида- тәуекелділіктің барлық түрлеріне лизингтік қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, толық сипаттама беру.
Жалпы тәуекелділікке кәсіпкерліктің барлық түрлеріне тән тәуекелділіктерді жатқызамыз. Яғни, табиғи, экономикалық, саяси және т. б. тәуекелділіктер. Осы аталған тәуекелділіктердің барлығы теріс немесе нөлдік қаржылық нәтижелер береді. Тәуекелділік дөңгейіне әсер ететін бұндай факторларды объективті факторлар деп атаймыз. Сондықтан жалпы тәуекелділіктерді азайтуға лизингтік келісімге қатысушылардың ешқандай мүмкіндіктері жоқ, яғни бұндай тәуекелділіктер олардың қызметіне байланыссыз болғандықтан, тәуекелділік деңгейін төмендету бойынша еш-қандай іс-әрекеттер жасай алмайды.
Лизинг сферасына тән типтік тәуекелділіктер-бұл оң және теріс экономикалык, нәтижелер алуды көрсететін тәуекелділіктер. Бұндай тәуекелділіктер көбінесе, лизингтік келісімдердің әртүрлі кезеңдерінде қабылданған тиімсіз басқару шешімдерінің әсерінен пайда болады.
Енді осы аталған типтік тәуекелділіктердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:
1. Лизинг объектісімен байланысты тәуекелділіктер - бұл лизингке берілген мүліктердің қайтарылмай қалуымен, жоғалуымен, бұзылуымен және моральдық жағынан тозуымен байланысты тәуекелділіктер. Лизинг объектілерінің осындай себептерге байланысты тәуекелділіктерін азайту үшін тәуекелділіктерді бөлу әдісін пайдалану қажет деп ойлаймыз. Ол үшін ең алдымен лизингтік компания ақпараттық - аналитикалық жұмыстар жүргізуі керек, яғни лизинг объектісінің түріне және олардың пайдаланылатын салаларына байланысты тәуекелділіктің осы түрінің пайда болу және оның жиілігі туралы ақпараттарды жинақтау жүйесіне талдаулар жасау қажет. Содан кейін лизинг объектілерін жеткізу, іске косу және жөндеу жұмыстарымен байланысты сақтандыру шараларын іске асыру талап етіледі. Ол үшін лизингтік компания немесе лизинг алушы сақтандыру компаниясымен келісім шарттар бекіту қажет. Міне, осындай жұмыстар іске асырылган жағдайда тәуекелділік деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады.
2. Лизингтік операциаларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді лизингтік келісімге қатысатын негізгі субъектілер тұрғысынан да қарастыруға болады. Тәжірибеде лизинг субъектілерімен байланысты тәуе-
келділіктердің мынандай түрлері кездеседі:
- өндірістік тәуекелділіктер;
- маркетингтік тәуекелділіктер;
- төлем тәуекелділігі.
Лизинг субъектілерімен байланысты тәуекелділіктердің пайда болуының негізгі себептеріне лизингтік келісім процесіне қатысушы субъектілердің мүдделерінің әртүрлілігін және олардың өз міндеттемелерін уақытында орындамауын жатқызуға болады.
3. Қаржылық тәуекелділіктер активтерді қаржыландырумен байланысты лизингтік келісімдердің әртүрлі кезеңдерінде қабылданған басқару шешімдерінің салдарынан пайда болады. Жалпы қаржылық тәуекелділіктердің ақша айналысы және «қарыз алушы - кредитордың қатынастарының пайда болуымен бірге пайда болатыны белгілі. Сондықтан қаржылық тәуекел-діліктерді мынандай түрлерге бөлуге болады:
- нарықтық тәуекелділік (валюталық, пайыздық; инфляциялық және т. б. ) ;
- несиелік тәуекелділік.
Нарықтық тәуекелділік -бұл өсімақы ставкаларының, валюта бағамдарының, инфляция деңгейінің өзгеруі нәтижесінде лизинг объектілерінің құндарының төмендеу мүмкіндігі.
Несиелік тәуекелділіктер -бұл банктер белгілі бір лизингтік компанияға лизинг объектісін сатып алу үшін несие берген жағдайда пайда болатын тәуекелділік. Тәуекелділіктің бұл түрінің пайда болу себебі, лизингтік компанияның негізгі қарызды және ол бойынша есептелінген өсімақыны өз уақытында төлемеуі. Несиелік тәуекелділікті төмендету үшін коммерциялық банктер өздерінің еншілес лизингтік компанияларына лизингтік жобаның тиімділігіне жан-жақты талдау жасағаннан кейін ғана несие беру туралы шешім қабылдау қажет. Ал басқа лизингтік компанияларға қарыз алушы заңды тұлға ретінде қарап, олардың несиелік қабілеттіліктеріне талдау жасап және жасалған талдау қорытындылары банкті толық қанағаттандырған жағдайда ғана несие берілуі керек. Сонымен қаржылық тәуекелділіктер елдегі экономикалық жағдайларға тікелей байланысты. Елде болып жатқан экономикалық өзгерістерді ескере отырып лизингтік компаниялар жоғарыда аталған әдістер арқылы қаржылық тәуекелділіктерді басқара алады.
4. Коммерциялық тәуекелділік - бұл жалпы халық шаруашылығының барлық салаларына тән табыстың тұрақсыздығын көрсету тәуекелділігі. Оның төмендегідей түрлері өте жиі кездеседі:
- сұраныстың азаюы;
-тауарлар бағасының өзгеруі.
Лизингтік нарықта бәсекелестіктің күшеюі (шетелдік лизингтік компаниялардың нарыққа келуі) отандық лизингтік компаниялардың қызметіне деген сұранысты азайтуы мүмкін. Сұраныстың әсерінен пайда болатын тәуекелділікті төмендету үшім клиенттерге ғылыми-техникалық прогрестің соңғы сапалы жетістіктерін ұсына білу қажет.
Баға тәуекеледілігі - бұл лизингтік келісім шарт бекітілген мерзім аралығындә лизмнг объектісінің бағасының өзгеруімен байланысты табысты жоғалту тәуекелділігі. Лизинг беруші өз табысын ескі баға бойынша бекітілген лизингтік келісім объектілерінің бағаларының жоғарлауы кезінде жоғалтады. Ал лизингке алушы ескі баға бойынша лизингке алынған құрылғыларды, бағасы төмендеген жағдайда зиян шегеді. Тәуекелділіктің осы түрін лизингтік келісімшарт бекітілген кезең аралығында лизингтік төлемдердің тұрақты сомасын белгілеу арқылы төмендетуге болады.
5. Лизингтік қатынастарға тән типтік тәуекелділіктерді жіктеу кезінде оның бір түрі ретінде серіктестік тәуекелділігін енгізу қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз лизингтік қатынастарды ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырамыз.
Серіктестік тәуекелділігі лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді. Серіктестік тәуекелділігі, әдетте лизингтік қатынасқа қатысушы бір тұлғамен келісімшарт бекіткен оның серіктесі белгілі бір себептермен өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы мүмкін жағдайларда пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz