Халықаралық төлем карточкалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Пластикалық карточкалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.
1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері
1.3 Электронды карточкалардың тиімділігі
1.4 Дебеттік және кредиттік карточкалар

2. Электронды карточкаларды пайдаланудағы қауіпзіздік ... ... ... ...27
2.1 Қазіргі кезде карточкалардың адам өміріндегі ролі
2.2 Технологиялық мультибанк
2.3 Халықаралық төлем карточкалары

4. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

КІРІСПЕ

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тіршіліктің түйіні толып тұрған. Сол
түйіндерді тарқату әлі күнге дейін оңай болмай тұр. Ел болған соң әлем
елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз. Бұл қарым-қатынас саласына мың сан
міндеттер мен қаптаған тірліктермен қатар азаматтардың бір елден бір елге
ақша аударуы, шаруашылық, қаржылық байланыстар жасауы да кіреді.
Кезінде Кеңестер одағы деген құдіретті орталыққа біріккен бұрынғы одақтас
республикалар халқы одақ тарқаған уақытта не істерін білмей дағдарып
қалғаны рас. Қанша жыл қалыптасқан шаруашылық байланыстар быт-шыт үзілгенде
күрмеуі қысқа тірлікті қалай үйлестіру керектігін көп адам білген жоқ.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанда да үзілген жіпті жалғау оңайға
түспеді. Қанша құжат, қаншама заң қабылданғанымен шегесі бір босап кеткен
одақтың қиюы көпке дейін келісе қоймады. Осы уақытта өмірге Еуразиялық
экономикалық қауымдастығы деген құрылым келді.
Осы ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттерде тұратын жеке тұлғалар бір-біріне
қаржы жібергенде ақшаны қалай аударады?
Ол үшін қажетті заңдық негіздер жасалған ба? Осы сектор саласындағы түрлі
қызметте бәскелестік бар ма?
Қаржы аударымдарын жіберу жылдамдығы қаншалықты дәрежеде?
Қауымдастыққа қарасты елдердегі орталық банктерден алынған ақпараттарға
қарағанда және жеке тұлғалардан ақша аударымдарын жасаумен айналысатын
коммерциялық банктердің деректеріне көз жүгірткенде мұндай аударымдардың өз
ерекшеліктері мен ереже, тәртіптері бар екендігін аңғаруға болады.
ЕурАзЭҚ елдеріндегі ұлттық заңнамалардың басым көпшілігінде азаматтардың
ақша аударымдарын жасау жөніндегі іс-қимылына байланысты аса бір күрделі
айырмашылықтар жоқ. Заңдар көбіне бір-біріне сәйкестендірілген. Бұл жердегі
әңгіменің инвестициялық, кәсіпкерлік қызметке, сондай-ақ жылжымайтын
мүлікті сатып алушыларға қатысы жоқ. Қауымдастық елдеріндегі валюталық
заңнамалар жеке азаматтардың ақша аударымдарын жасау ісіне кедергі
келтірмейді. Банк аударымдарын жасау кезінде азаматтар ЕурАзЭҚ елдеріндегі
өкілетті банктердің кез келгенін таңдай алады. Сондай-ақ, кез келген
валютаны таңдап, есеп-шот ашу арқылы да, есеп-шотсыз да ақша жібере алады.
ЕурАзЭҚ елдерінің бәрінде ақша аударымдарын жасау үшін ақшаны жіберуші
және алушы азаматтардың аты-жөні, ақша аударымының көлемі, аударымның
мақсаты, жеке тұлғаның қолы мен аударым жасалған уақыт көрсетілуі міндетті.
Банк аударымдарын жасау үшін жеке тұлғалардан талап етілетін тізбеде
кейбір айырмашылықтар да жоқ емес. Мәселен, Қазақстан
Республикасының азаматы ақша
жібергенде және алғанда салық төлеушінің нөмірін көрсетуі тиіс. Ал Қырғыз
Республикасында банк аударымын жасаушы резиденттен тұрғылықты жері мен
туған жылы туралы деректерді көрсетуі міндетті түрде талап етіледі.
Қырғыз және Тәжікстан Республикаларында жеке тұлғалардың есеп-шот ашқаны
үшін бірқатар коммерциялық банктер белгілі бір дәрежеде комиссиялық ақша
ұстап қалады.
Бірақ, жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жасау ісі барысында ақша көлемі
жөнінде ұлттық шектеулер де жасалады. Беларусь және Қырғыз
Республикаларында резиденттер мен резидент еместерге ақша аударымының
көлеміне шек қойылмаған. Ал Қазақстан Республикасында 10000
АҚШ доллары көлемінен аспайтын, кәсіпкерлік қызметке, инвестиция жасауға
және жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ ақша аударымдарын есеп-шот ашып та,
ашпай да жіберуге болады. Ақша аударымының немесе төлемнің негізділігін
дәлелдейтін құжаттарды ұсынып жату қажетсіз. Ресей Федерациясында жеке
тұлғалар есеп-шот ашпай-ақ 5000 АҚШ долларына тең шетел валютасын немесе
Ресей рублін тікелей жібере береді. Резидент емес жеке тұлғалар шетел
валютасымен ақша аударымдарын қалаған сумма мөлшерінде аударып жібере
алады. Тәжікстан Республикасына жеке тұлғалар шетел валютасымен қалаған
мөлшерде ақша аударымын жасай алады. Ал ел ішіндегі жеке тұлға –
резиденттер мен резидент еместер Тәжікстан Республикасынан 2000 АҚШ доллары
көлемінде ғана шетел валютасын сыртқа аудара алады. Онда да бұл қаржының
шыққан көзін куәландыратын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Жедел ақша аударымдары халықаралық деңгейде маманданған Western Unіon,
MoneyGram, Trabalex Worldwіde Money Ltd, VІP Money Transfer сияқты аударым
жүйелері арқылы жүзеге асырылады. ТМД мемлекеттерімен жұмыс істеуге бағдар
ұстаған ресейлік ірі банктер шоғыры да бар.
Қазір бәсекелестіктің бәкісі қайта-қайта қынынан шығып тұрған кез.
Қомақты қаржы дестесін қырқып алуға ұмтылмайтын құрылым аз. Осындай
жағдайда ақша аударымдарын жасайтын жүйелер қызмет көрсету мен тарифтерді
төмендету мәселесінде сен тұр, мен атайын деп жалақтап отыр.
Мамандандырылған халықаралық ақша аударымдарын жасау жүйелері тұтас алғанда
тарифтердің біркелкі жүйесін ұсынады. Ол көп ретте жіберілетін сумма
көлеміне байланысты болады. Трансшекаралық ақша аударымдарын жасау ісі
бойынша Қауымдастық елдеріндегі коммерциялық банктердің тарифі де шамамен
алғанда бір деңгейде. Бұл аударылатын қаржы көлемінің 1,5-3 пайызы
мөлшерінде.
 Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің барлығында пошта қызметі
ақша аударымдарын жасауда өз қызметін ұсына алады. Оның тәртібі мен
регламенті пошталық ақша аударымдарын жасау жөніндегі екіжақты
келісімдер бойынша реттелген.
Бұл сала бойынша көрсетілетін қызметтерге келсек, мұнда да ептеген
ерекшеліктер мен айырмашылықтарды байқауға болады. Беларусь Республикасында
бір пошта аударымының ең жоғары мөлшері былайша белгіленген: Ресей
Федерациясына – 90 000 рубль (электронды) және 30 000 рубль (пошталық),
Қазақстан Республикасына – 500 АҚШ доллары (электронды), Қырғыз
Республикасына – 50 АҚШ доллары (пошталық), Тәжікстан Республикасына – 250
АҚШ доллары. Бір аударым жасау үшін алынатын ақы аударылған ақшаның 8
пайызы көлеміне тең келеді.
Қырғыз Республикасында пошталық және телеграфтық аударымдар жасау
ісімен Қырғыз поштасы мемлекеттік кәсіпорыны айналысады. Елден тысқары
жерлерге ақша аударымдарын жасау үшін аударым суммасының 10
пайызы көлемінде ақы алынады.
Ал Ресей Федерациясында федералдық пошта қызметі ұйымдары ақша
аударымдарын жасаумен айналысады. Жеке тұлғаның бір рет ақша аударымын
жасауы кезінде ең жоғары мөлшер 100 000 рубльден аспауы тиіс. Мұнда
электронды аударымдар пошталық аударымдармен бірге Беларусь және Қазақстан
Республикаларына жасала береді. Еуразия экономикалық қауымдастығының басқа
елдеріне тек қана пошта аударымдары жасалады. Аударым санына шектеу
қойылмаған. Пошталық және электронды ақша аударымдарының тарифі қаражаттың
көлеміне қарай өзгеріп отырады.
Бұл банк секторындағы бәсекелестік ортаның дамуы ақша
аударымдарының тарифтерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Соның арқасында жалдамалы жұмысқа келген адамдар адал табыс
табады. Көлеңкедегі қаражатты нақты экономика секторының ағымына
қосуға да мүмкіндік туады.
Тапқан ақшаны банк арқылы төте жолмен аударуға болатынын Достастық
елдерінің көптеген азаматтары біле бермейді. Соның салдарынан
валютаны жасырын жолдарменалып өтуге ұмтылып,кедендік тексеруге
тұтылып табан ақы, маңдай терінің өтеуінен айрылып қалып
жататындар да бар. Бұл әсіресе, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан және
Қырғызстаннан біздің елімізге әртүрлі жолдармен жұмыс істеуге
келіп, тапқан табыстарын елдеріне тығып алып қайтқысы келетін
адамдардың басында жиі болады.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық деген қағаздағы атына қарасаң:
атауынан ат үркетін құрылым тәрізді; бірақ оның Қауымдастық елдеріндегі
азаматтардың күнделікті өмірінде кездесетін қаржы-қаражат
мәселесін шешуге келгенде уақыт үдесінен шығып отырған құрылым
екені екінің бірінің есіне келе бермейді.
Қауымдастық елдерінің бәрінде неше түрлі заң бар. Бірақ сол заңдардың
ішінде бір-бірімен үйлескендері некен-саяқ. Ал ақша аударымдарын жасау
жөніндегі заңнамалар барлық жерде Қауымдастыққа қарасты қалың жұртшылықтың
тілегі мен мүддесінен шығып отыр. Адамның күні – адаммен деген осы.

1. Пластикалық карточкалар
Пластикалық карточкалар- ақшаның қолма-қол емес түрі , қолма-қол ақшаға
қарағанда қолайлы болып саналады.
Пластикалық карточка электрондық ақшаның қолма-қол ақша және қолма-қол
емес ақша түрлеріндегі кейінгі төлемі бойынша банктің нақты несиелік
міндеттемесі болып табылады. Өйткені, сатып алушы сатып алынған тауарды
пластикалық карточкамен төлей отырып, сатушыға тиісті соманың несиелік
міндеттемесін береді.
Есеп айырысудың негізгі екі сызбасы белгілі: дебеттік пластикалық картаны
пайдалану және несиелік пластикалық картаны пайдалану. Дебеттік пластикалық
карта арнаулы картадағы клиент шотындағы есеп айырысуды қамтамассыз етеді.
Несиелік пластика картасы арнайы карта шотында дебет қалдығын
қалыптастыруды, яғни клиентке өзінше несие беруді ұйғарады.
Пластикалық карталарды пайдалану арқылы есеп айырысудың артықшылығы
қандай да бір затты немесе қызметті сатып алу үшін аса ірі ақша сомасын
өзіңмен бірге алып жүрудің қажеттілігі болмайды; карточка жоғалған жағдайда
оның жоғалғандығы туралы банкке хабарласаңыз жетіп жатыр, банк бұл карточка
бойынша барлық есеп айырылысуға тосқауыл қояды.
Қолма-қол емес ақша - ірі мекемелерде аударымдар жолымен жүзеге
асырылатын төлемдер.
Қолма-қол емес ақша есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға
тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі.
Вексель чектердің , несие карточкалардың , электрондық ақшалардың т.б .
арқасында қолма-қол емес ақша жүзеге асады .
Электрондықтар ақша - голландиялық талдаушы Дэвид Чомоммен ұсынылған,
цифрлік нақтылықтың мәні осыған сүйенеді, ақшалардың электронды түрге көшіп
өтуі. Ұлу қабыршағынан, қоладан , алтыннан, қағаздан, әйтеуір, ақпараттық
дәуірге, адамзаттың дамуына байланысты лайықты түрге көшті.
Жалпы электронды ақшалардың екі түрі бар.
Физикалық.Цифрлық қолма-қол ақшаларды сақтауға арналған карточка болып
саналады, оған smart- cards жатады.
Smart – cards- қарапайым несие карточкасына ұқсас келеді. Басқа
карталарға қарағанда айырмашылығы бар, smart- cards-тың кішкентай
микросхемасында өзімен бірге бүтін компьютер , яғни , процессор , сақтау
функциялары бар .
Виртуалды. Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ
карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін  қонақүйлерде
номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін
қолданыла алмайды. 
1. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында,
сондай-ақ оның эмитентi белгiлеген шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта
айырбастау жəне басқа операциялар үшiн қолданады.
2. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай
эмитентпен шарт жасасқан банкпен, не эмитентпен шартсыз төлем
карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан сауда
(қызмет көрсету) ұйымдарында ғана төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.
Сенаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сауда (қызмет
көрсету) ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын
жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлемдердi төлем карточкаларын
пайдалана отырып қабылдауға мiндеттi.
3. Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты
құқықтары мен мiндеттерi сауда (қызмет көрсету) ұйымы ұсынылған төлем
карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемдi қабылдау туралы
келiсiм берген кезден бастап туындайды. Сауда (қызмет көрсету) ұйымының осы
ұйыммен төлем карточкаларына қызмет көрсету туралы келiсiм жасасқан банкке
қатысты аталған ұйым қабылдаған төлем сомасында ақша талап ету құқығы
туындайды. Аталған банктiң сауда (қызмет көрсету) ұйымының ақша талап етуiн
орындау мiндетi туындайды.
Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң жұмыс iстеуiне жəне
төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң арнайы ұйымының қызметiне
қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк
құқықтдық актiлерiмен белгiленедi.

1.1 Қазақстан Республикғасының төлем жүйесі.

Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты орынды
алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы –
экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми
тұлғалардың, оның ішінде Ұлттық Банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем
жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы –
коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында
Ұлттық Банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік
мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін
тексереді. Ұлттық Банк коммерциялық банктерді төлем жүйесіауқымында пайда
болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.
Ұлттық Банктің негізгі рөлі есеп айырысу мекемесінің қызметін ұсыну
болып табылады. Онда ашылған шот бойынша есеп айырысуларды жүргізуге
қарағанда коммерциялық банкте ашылған шот бойынша жүргізу жоғары
тәуекелділікпен байланысты, себебі банк банкротқа ұшырауы немесе өз
міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражаттары жеткіліксіз болуы мүмкін.
Сондықтан банкаралық есеп айырысуларды Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырған
жөн.
Кез-келген төлем жүйесі негізгі бес бөліктен құралады:
1) заң шығарушы база.
2) төлем жүйесінің қатысушылары.
3) төлем құралдары (ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру
әдістері).
4) ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
5) инфрақұрылым және технология (есептеуіш техника мен бағдарламалық
жабдықтау).
Заң шығарушы база – кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі.
Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді
және төлем жүйесінің барлық компоненттерді заңнамаға сай құралады. Реттеуші
заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас
бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы
барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.
Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп, жаңарып
отыруын талап етеді.
Төлем жүйесінің қатысушылары (түтынушылары): ең алдымен, төлем жүйесіне
қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте,
бұл Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде көрініс табады.
Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттары да анықталады.
Төлем жүйесінің қатысушылардың негізінен үш топқа бөлуге болады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар – олардың күнделікті
қызметі төлем міндеттемелерінің туындауына септігін тигізеді.Оларға
банктердің әр түрлі төлем қызметтерін қолданатын жеке тұлғалар және әр
түрлі өндірістік кәсіпорындар мен сауда және қызмет көрсету салаларының
кәсіпорындары, сондай-ақ әр түрлі делдалдық және диллерлік компаниялар
жатады.
Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға ақша аударымдары және төлемдер
сияқты қызмет көрсететін коммерциялық банктер.
Барлық коммерциялық банктердің шоттарына қызмет көрсететін және
банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыратын Ұлттық Банк.
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру жолдары.
Ақша аударымдары мен қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем
құралдарын қолдану қажет.Төлем құралдарын таңдау бірқатар факторларға
байланысты:
1.Төлемді жүзеге асырудың мақсаты.
2.Нақты төлем құралын қолдану құны.
3.Ақшаны қолма-қол немесе басқа жолмен беру.
4Төлем сомасының қомақтылығы.
5.Нақты төлем құралын қолданудың ыңғайлылығы.
Бір төлемді бірнеше төлем құралының көмегімен жүзеге асыруға
болатындықтан, төлем құралын таңдау жоғарыда айтылған жағдайлар мен
тұтынушының талғамына байланысты болады.
Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде мына төлем
құралдары қолданылады.
1.төлем тапсырмасы;
2.төлем талап-тапсырмасы;
3.тікелей банктік шотты дебеттеу;
4.инкассалық өкім;
5.чек;
6.вексель;
7.төлем карточкасы.
1.Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының өз банкісіне құжатта
көрсетілген соманы өз есеп айырысу шотынан ақшаны алушының есеп айырысу
шотына аударуы туралы тапсырмасы. Төлем тапсырмасы бойынша ақша аудару тек
ақша аударушының есебінде тапсырмада көрсетілген сомаға жететін ақша болған
жағдайда ғана жүзеге асады.Бұл жағдайда несиелік тәуекелге ұрынбау үшін
ақша алушының есебіне ақша аударушының есебінен ақша жұмсалғаны туралы
құжат болған жағдайда аударылады.
2.Төлем талап-тапсырмасы – ақшаны алушының өз банкісіне құжатта
көрсетілген соманы ақшаны жіберушінің шотынан алуы туралы талабы.Бұл талап
ақша аударушыға қызмет көрсететін банк арқылы ақша алушының акцепті бар
болған жағдайға жүзеге асырылады. Ақша аударушының банкісі, егер алдын-ала
келісім-шартта бұл жағдай айтылған болса, әр төлем үшін ақша аударушыдан
акцепт талап етпесе де болады.
3.Банктік шоттың тікелей дебеттелуінде тұтынушының жүйелі төлемдерін
жүзеге асыру үшін қолданылады.Бұл жолмен ақша аудару ақша төлеушінің қызмет
көрсетуші банкі оның есебінен ақша жұмсалғаны туралы құжат беруіне өз
келісімін беру арқылы жүзеге асады (мысалы, сақтандыру компаниясы немесе
коммуналдық қызмет көрсету компаниясы).
4.Инкассалық өкім – уәкілеттілігі бар тиісті органдардың ақшаны
жіберушінің есеп айырысу шотынан құжатта көрсетілген соманы аудару туралы
жарлығы. Мұндай құжаттарда міндетті түрде ақша не үшін өндірілетіні, яғни
себебі және қай заңның қай бабы екені көрсетілуі тиіс.
5.Чек – бұл бекітілген түрдегі чекті берушінің өз банкісіне көрсетілген
соманы чекті ұстаушыға беруі туралы бұйрығын көрсететін құжат. Чектер
дүкендерде көрсетілген қызметтер мен тауарлар үшін төлем ретінде және қолма-
қол ақша алу үшін де қолданылады. Чектер қамтамасыз етілген және қамтамасыз
етілмеген болып екіге бөлінеді.Қамтамасыз етілген чектер чек берушінің
банкке алдын ала енгізген депозитімен қамтамасыз етіледі.Ал, қамтамасыз
етілмеген чектер алдын ала депозиттермен қамтамасыз етілмеиді.
6.Вексель – біржақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң нысанды
төлем құжаты. Вексель тауарды жеткізу туралы келісімдер бойынша төлем
мерзімін ұзарту мақсатымен беріледі. Вексельді пайдаланып ақша төлеу өте
оңай, вексель ұстаушыға яғни, вексель иесіне тауардың ақшасын келешекте
төлеуге міндеттеме алып, вексель жазып береді. Вексельде көрсетілген мерзім
келген вексель иесі вексель берушіге вексельді төлеу үшін ұсынады.
Вексельді санауды (есептеу)екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады.
7.Төлемдік карточкасы – бөлшек төлемдерді жүзеге асырудың ең қолайлы
жолы. Төлем карточкасын чек сияқты сауда орындарында, қызмет көрсетулерге
ақша төлеу үшін және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады.
Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді.
Сонымен бірге дебеттік-кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар
дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады.
Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер
жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен
кеиін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі
сыйақы төлеиді.
Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта
бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.
Дебеттік – несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте
ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.
Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл
құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз.
Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде
өте ыңғайлы болып табылады.
Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде
ғана қолданылады. Мысалы: VISA белгісі бар карточка тек VISA төлем
жүйесінде ғана қолданылады.
Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және
микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магни
жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп
қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функцияналды болып табылады.
Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды
ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.
Электронды ақшалар қолда бар ақша тәріздес.Электронды ақшалар
микропроцессорлы карточканың жадысына сақталады. Бұл ақшамен төлемді жүзеге
асырғанда төлеушінің электрондық алушының жадысына ақша
аударылады.Электрондық карточканы жоғалтқан жағдайда оның иесі карточкадағы
ақшаның бәрінен айырылады.Ал, дебеттік карточканы жоғалтса, оның ақшасы
банкте,оның есебінде сақталады.
Төлем құралдарының тізімі және олардың біреуінің әйгілі болуы әр елдің
тарихи және әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Мысалы:АҚШ және Батыс
Европа елдерінде чектер молынан пайдаланылады.

Ақша аударымдары мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері.
Төлем жүйесі – белгілі бір ережеге бағынатын бір банктік шоттан екінші
банктік шотқа ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыратын механизм.
Екі банк арасында төлемдерді жүзеге асыру механизмі. Екі банк арасында
төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатымен банктер бір-бірінде
кореспонденттік шоттар ашады. Екі жақты қарым-қатынас орнаған жағдайда
банктер арасында ақша аударымдары екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. Төлеушінің банкісінде ашылған ақшаны алушының банкісінің
корреспонденттік шотына ақшаны аудару арқылы;
2. Ақшаны алушының банкісінде ашылған ақшаны төлеушінің
банкісінікорреспонденттік шотынан ақшаны алу арқылы.
Алайда, тура қатынас орнату барлық жағдайда мақсатқа сәйкес болмайды,
себебі ақшаны басқа банкте орналастыру барысында несиелік тәуекел болуы
мүмкін, ал күрделі банктік жүйе жағдайында қатынас есептердің көптеп ашылуы
көп қаржыны қажет етеді, бұл банктің өтімділігін төмендетеді. Осыған
байланысты банкаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктерге бір
есеп айырысу банкінің қызметтерін қолданғаны дұрыс. Мұндай банк ретінде
комерциялық немесе Ұлттық Банк болуы мүмкін.
Егер мұндай банк коммерциялық банк болса, онда жоғарыда айтылғандай бұл
банк банкротқа ұшырауы ықтимал немесе банк-корреспонденттер алдындағы
міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін.
Егер есеп айырысу банкі уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болса, ол
бүкіл төлем жүйесіне қауіп төндіреді.Сондықтан көбіне есепайырысу банкі
ретінде Ұлттық банк алға шығады, себебі ол өзінің дәрежесіне сай өз төлем
жүйесін несиелік тәуекел мен өтімділік тәуекелге жол бермейді.
Ұлттық банк қатысуымен өтетін жалпы есеп айырысу жүйесінің негізінде
жүргізілетін төлемдермен ақша аударымдарын жүзеге асыру механизмі.
Жалпы есеп айырысу жүйесі ақша аударуды ақша жіберушінің есебінде бар
қаржы айналасында әр төлем құратын жеке-жеке өңдеу арқылы жүзеге асады.Бұл
жүйе арқылы ақша аудару банктерге ақшаны нақты уақытта аударуға мүмкіндік
береді. Төлемнің аяқталуы сол күні болады.
Жалпы өнім есебі жүйесінде әр төлем құжаты жеке-жеке өңделеді де, ақша
аудару әр құжат негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық банк қатысуымен өтетін клиринг төлемдері арқылы нетто-есеп
жүйесі негізінде жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру
механизмі.
Нетто есеп жүйесінде ақша аударудың клирингтің әр қатысушысының таза
позициясына негіздеп жүзеге асады.
Клиринг – есеп айырысуға қатысушы тараптардың екіжақты құқықтары мен
міндеттемелеріне негізделген құнды қағаздар, қызметтер мен тауарлар үшін
қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі. Клирингтің екі түрі бар:
1.Валюталық клиринг.
2.Банкаралық клиринг.
Валюталық клиринг – бұл халықаралық төлем келісімдері негізінде
жүргізілетін сыртқы сауда мен мемлекеттер арасындағы экономикалық
қатынастардың басқа да нысандары бойынша есеп айырысуды білдіреді.
Банкаралық клиринг – бұл елдің заңды тұлғаларының екіжақты ақшалай
талаптарын есепке ала отырып, банктер арасында есеп айырысу.
Банк ісіне хабарлама берудің электрондық жолдарын енгізу және банк
жүйесінің белгілі орталықтарында есеп айрысудың көп шоғырлануы
автоматтандырылған есеп айырысу палаталарын қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Есеп айырысу палаталары дегеніміз – магнитті хабар тасушылардың
негізінде төлеудің банкаралық жүйесі.

1.2 Банк-эмитент және банк-эквайердің қызметтері.

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға
айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең танымалдылығының
ұдайы өсуі жүйегу қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге,
сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз
табысты болп табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның
тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз ету үшін мынадай 3 міндетті
шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өтімділік және табыстылық.
Несие карточкалары бойынша жүргізілген операциялардың табыстары мен
шығыстары 1-суретте көрсетілген. Ол суреттің астыңғы жағында банк-эмитент
пен банк-эквайерге анықтама бере отыра, олардың атқаратын негізгі
қызметтерін атап көрсеткен жөн.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:Карточкалар
шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және қолдану, эмбоссинг,
клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);
Несие қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын
анықтау, карталық шот ашу, несиелік лимит анықтау);
Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде
немесе телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды
жаңарту,ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);
Ақпараттармен алмасу және интерчеиндж үшін силықтар алу;
Биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу
мерзімдері көрсетілген көшірмелер дайындау және жіберу);
Карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу);
Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің
сақталуын бақылау;
Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шығымдарды қарастыру);
Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату
(ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды
оқшаулау);
Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар
бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің
оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсету бойынша релімен анықталады.Оның
негізгі атқаратын қызметтері:
Карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке
ұсынған сауда шоттарының процессингі;
Мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке
интерчендж үшін силықтар төлеу;
Сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген
өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеқабілеттілігін
талдау, алаяқтылықпен байланысты күндік туғызған сатушыларды тексеру;
Маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып
алуға сатушыларға көмектесу.
Несие карточкаларының табыстылығы
А) Эмитент үшін.
Несиелік карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын
табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға
болады:
Алдымен табысты құрамдас бөліктер анықталады, яғни, пайыздан түсетін
табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролангация деңгейіне
қатынасы бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал,
пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін
несиелер сомасының барлық берілген несиелердің жалпы сомасына қатынасы
ретінде белгіленеді.
Банк-эмитентке төлеуі міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелердің
(өткізу көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын
толтыруы, өтеуі болып табылады.
Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны
қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентіне төленетін сома.
Карта ұстаушысы банкпен жасалған келісімшарт талаптарын бұзған жағдайда,
мысалы, төлемдер өз мерзімінен кідірген жағдайларда. ПИНКОДТЫ жоғалтқан
немесе несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әртүрлі айыппұл ықпал-
шаралары пайда болуы мүмкін.
Ал, енді шығын құрамдас бөлектерін қарастырсақ, ресурстар құны –
карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып
табылады.Бұл дегеніміз карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Корпоративтік төлем карточкалары
Қолма қолсыз есеп айырысуда карточкалардың рөлі
Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі
Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы
Ақша қаражаттар қозғалысы мен есебі
Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі (ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдарында)
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкалары
Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
Пәндер