Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері ... ... ... ... ... ... ..11
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ...14
2.1. Қазақстанда аудиттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері...18
III ТӘЖІРИБЕЛІК АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
КІРІСПЕ
Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған талаптарға сай қаржылық
есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз
көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді
көрсетеді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін
тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою
бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға
шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және
тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудит қаржылық,экономикалық,техникалық заңдық және басқада қызмет
салаларында жүргізуге болады. Аудмттің ең негізгі мақсаттарының бірі –
шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін
анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті құқықтық актілері талаптарды
сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері
және олардың заңды сақтауы туралы ақпарыттық тәуелсіз расталуы
мемлекеттке,меншік иелеріне,акционерлерге инвесторларға,кредиторларға және
олардың бизнес бойынша серіктестіктеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы
бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша
қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген Аудит – бұл экономикалық
әрекеттер мен оқиғалар,олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге
қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағанаудың және нәтижелерді
мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңында мынандай анықтама
берілген: Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық
есептіліктің дұрыс және обьективті жасалған туралы тәуелсіз пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады .
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби
қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына
бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту
туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды,
бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының
міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу,
қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан
әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы Аудит, оның пайда болуы, дамуы, аудиторлық заңдар мен
стандарттар және Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия мемлекеттерінің және
Қазақстандағы Альянс Банктерінің аудиті туралы қысқаша мағлұмат берілген
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан -2030 барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған
дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық
саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және
қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі
дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің
бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл
дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс
инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді
жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ
ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті
әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды
тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс
саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан
микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы
нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған.
Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді
жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға
мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар
өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық
қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін
экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық
құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті
көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы
шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір
сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші
кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді
жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны
дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық
инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан,
шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық
жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін
терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса,
адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру
үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін
қамтиды. Шешім қабылдаушы, шарушылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға
сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші
субъектілер деп аталады.
ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы заңда жеке
кәсіпкер және ұйым терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі.
Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңи тұлғаларды, сондай-ақ ел
аумағында (территориясында) тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен
филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық
қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы –талдамалы құрылымның пайда
болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын
басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың
дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді
қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен
қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің
қабілетсіздігін көрсетті.
Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға
қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық
операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және
мемлекет қарауындағы жалпы ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті
ревизиялық қызметтерді талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит
берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да
пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды
ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген
параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген
ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби
деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда
да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін
түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін
ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау
болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы
бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды
тудырды.
Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту,
енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту
негізінде мына принциптер жатқызылады:
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау
объектілерін дәл оқшаулар;
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық
(тәуелсіз), ведмоствалық (фирмалық) және іштей (ішкі шаруашылықтық) ден
болу;
3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен
шығысын дұрыс қалыптасытру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс әлеуетін
пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау және бағалау;
4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз
аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау.
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар
арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес
аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырады:
- ақпарат жасаушылардың (әкімшілікпен) және пайдаланушылардың (акцияны
иеленушілер, кредит берушілер және басқа тұлғалар) мүдделерінің
қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп
соқтыруы мүмкін;
- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді
қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін
фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
- ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен
материалы әрдайым бола бермейді.
Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы пайда болатын қиындықтар аудиторлық
қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті – есеп берулерді анық
күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты маманның пікірін араластырмай жеткізу.
1.2 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын аudio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған
оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін,
тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп
тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен
шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін
тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі
көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта
ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп
есептеген. Олардың ойынша кез-келген құжатты қолдан оңай түзей салуға
болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып өтірік айту
мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-
қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің
дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі ІV
мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің
жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет
өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның
ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер
тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол
уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,
адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық
елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-
2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын
бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын
папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал
үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын
нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар
бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей
орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық
процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде
пайда болған. Хаммурани заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.)
конгрестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға – мемлекеттік есепшілікті
жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге
дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет
департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды.
Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті
мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексертіп үкімет
аудиторларын қамтыды.
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми
білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз
байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған
италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж) арнайы бюрода тексеріп
және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен
болатын.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің саапсы мен есеп берудің шындыққа
жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлық
алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король
Эдуард ІІ, үш мемлекеттік аудиторды тағайындады. Тағайындау туралы жарлықта
аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты
тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде
барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
ХІІ ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және
Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық
қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы, Ұлыбританияда екі типті аудит
жүргізілген:
1) аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде – билеп төстеуші
лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп
беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған;
2) ірі поместьенің қаржылық басқарушының төлем шотын аудиторлық
декларацияға орай дебет және кредит бойынша егжей-тегжейін тексеру, яғни
оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша есеп
берген.
Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда-саттықтың кеңеюімен
сипатталатын ХVІ-ХVІІ ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен
аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды.
Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң
калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты және
растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. ХVІІ ғасырдың аяғында
Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет
етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс
әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым
енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ ғасырдың
екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік
қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен
сақтандыру компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен
байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да
инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен
бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуекелсіз
аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі
ағылшындық болып табылады және ХХ ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті
ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-
тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монттомери американдық аудиттің сол
кезеңін есепшоттық аудит деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының
төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит
рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған американдық бизнеске бейімделе
бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді
тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық тестілік аудитке
өзгеріп, ауысады (трансформацияланады). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу
әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен
фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті.
Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен
бәсеңдігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және
есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп
назар аударатын болды.
ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық
ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің
ғаламдау (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің
дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC – 1973ж.
негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (NHTOCAN –
1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC – 1977ж. құрылған),
БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары
бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық
және аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың
барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын
тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын
көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің
өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген
кридиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан
шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа
сұраныстың өсуінен туындап отыр.
1.3 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері
Американдық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің
негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: Аудит
– бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің
бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін
алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған
тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға
байланысты артып отыр:
1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2. ӨЗін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға
олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтаамсыз ететін
жағдай тудырудың қажеттілігі;
4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға ммүкіндігі болмағандықтан
аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына
әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола
бермейді;
6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте
маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудиттер арқылы алатын ақпараттың толық
болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы
түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған
деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-
біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол
экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше
толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру біздің ұғымымыздан
бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты
аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының
рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың
айтуынша, тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал
аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшілікті құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні
клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз
қалауымен таңдайды және олардың аарсындағы қарым-қатынас деңгейлес
байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы
кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын
тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты
оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да
әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның
ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудіңлердің
жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір
түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-
әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды
мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен
шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді
алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар 310 Бизнесті
білу атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайды бұл
стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастырудақолданылады, ал
аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында оқиғаларды,
процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар
тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің
озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-
тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік,
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың
тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа
мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да
органдар белсенді әсер етуі ммүкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі
салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті,
отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті
басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын
мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да еелулі көмек көрсете
алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды
жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің
құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың
тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше,
өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және
қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту
мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге
мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның
бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен
өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін
ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу;
бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын
нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,
бизнес жағдайының таладу көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін
таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер
ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау
механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың мағынасын
ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты
рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы
шарттарына жататындар:
- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен
процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол
жеткізу;
- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық
әдістерін анықтау;
- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын
салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
- бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-
тәжірибелерді жалпылау;
- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын,
ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуге ЭВМ-ді және экономикалық
–математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді - өзара тығыз
байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық
және өткізушілік қызмететрінде болатын оқиғалар мен процестердің
ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша,
ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне
қызмет етеді.
2.1 ҚАЗАҚСТАН АУДИТІНІҢ ДАМУЫ
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы оның кең танымал болуына
Қазақстан аудиттың сіңірген еңбегі зор. Ол
республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі
дайындаушысы және оның министірліктерде, үкімет деңгейінде және парламен
комитеттерінде талқылануында бас кеңесші,сонымен қатар Қазақстан
аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.
Сонымен,алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-
ақ, артына ҚР аудиторлық қызмет туралы заңда көрініс тапқан аудит пен
оның мақсаттары берілді.
1990 жылдан бастап рынокта Эрнест энд Янг Сыртқы аудит БК
пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың
өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл
сол кезде Үлкен алтылыққа енген ірі континент аралық аудиторлық фирма
еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі
халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторолық фирмалар өз
қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің
05.04.2001 жылғы № 173 Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік
агенттіктер тізімін бекіту туралы бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін
жүргізу және кредиттік рейтінгті ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28-ақпанындағы №
290 Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнінднгі
шаралар туралы қаулысына сәйкес дәлелденді.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның
әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу
мен аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру
жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, қор нарығын жандандыру.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық
сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты
қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске
жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,

арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.
Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек
маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың
нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына
тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге
мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:
- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен,
кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз
ақпарат беру мүмкіндігімен;
- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына
байланыстылығымен;
- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;
- ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның
көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.
Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және
осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар
қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған
ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу
тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын
бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне
бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды
емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын
бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.
Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы
аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін
негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.
Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті
арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор
мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың
кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру шеңберінде негізгі назар
аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға,
бірінші кезекте, білікті аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты
пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс
істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби
қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы
тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік
және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі
реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін
Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы
бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық
жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін
тигізетін болады.
Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда
бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен
аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту
мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа
сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын
қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру
– мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі
өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және
жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді
сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.
Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол
әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, практикалық
та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық
шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде
жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар
көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан
жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және
бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған
залал келтірді.
Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған
негізгі бағыттар:
- орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды
енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;
- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін
аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;
- аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын
мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесі.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып,
брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың
мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды
қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық
қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің
кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан
әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты
көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де,
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-
әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік
береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл
Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет
етеді.
2.2 Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері
Аудит – экономикалық ақпараттың дұрыс берілуін тексеріп, бұл жөнінде
өзінің тәуелсіз қорытындысын жасау. Ал, оның шаруашылық және өндірістік
мәселелер үшін ерекше рөл атқаратыны мәлім. Біздің елімізде нарықтық
қатынастар енді-енді белең алып келе жатыр. Күрделі де сан қырлы нарықтық
инфрақұрылымның пайда болуы қаржы-экономикалық тетіктердің дамуына ықпал
етеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл қызметтің пайда болуы бір ғасырдан
асып бара жатқаны соның дәлелі. Мәселен, тәуелсіз қаржы бақылауының отаны -
Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы қабылданған. Толып жатқан
ұйымдар, компаниялар, биржалар, банкілер құрылып жан-жақпен байланысып,
қарым-қатынаста бола бастаған тұста аудит объективті қажеттілік ретінде
пайда болады. Демек, тәуелсіз аудиторлық қызметті де біз өмірдің өзі ұсынып
отыр деп айта аламыз.
Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есептегі аудиторлық орталық пен
оның аумақтық бөлімшелерін құру туралы үкіметтің 1990 жылғы пәрменінен
бастау алған біздегі аудиторлық қызметтің пайда болуына нарықтың дамуы,
алуан түрлі меншіктің дүниеге келуі, кәсіпкерлік үрдіске, қаржы жұмысын
ұйымдастыруға қабілеті онша жете бермейтін тың күштің келіп қосылуы ықпал
етті. Негізгі мақсаты – тексеру мен айып салу емес, жалпы жағдай мен
конституциялық қызметті шынайы бағалау болып табылатын тәуелсіз аудиторлық
тексеруге бақылау қызметтерімен және мемлекеттік органдармен қатар,
кәсіпкерлер де, шаруашылық жүргізуші субъектілер де жиі-жиі жүгіне бастады.
Нарық деген ұғымның кең мағынасын қолдансақ, аудиторлардың меншік
иелерінің үдделерін қорғайтынын, мемлекет шығынының алдын алатынын, сөйтіп,
адамдардың нарыққа деген, жаңа экономикалық қатынастарға деген сенімін
арттыратынын мықтап ескертуіміз керек.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен басқа да нарықтық
субъектілердің қаржы есебін тәуелсіз түрде сараптап, оған талдау жүргізуді
өзімізде құрылған аудиттің ғана жүзеге асыратынын жұрттың бәрі білуге тиіс.
Ол қандай ақпараттың болсын дәл де, толық, нақты берілгенін және
мемлекетіміздің заңдарына қаншалықты сәйкес келетінін айқындауға
көмектеседі. Ал өзін-өзі сыйлайтын инвестор немесе несие беруші эмитенттің,
яғни биржаға өз акцияларын шығаратын адамның кім екенін білмесе бағалы
қағаздарды сатып ала алмайды. Сөйтіп аудиторлық қорытындысыз іскерлік
қатынастарға да бармайды.
Нарықты аудитсіз көзге елестету қиын. Аудит нарықтың неғұрлым
көкейкесті салаларының бірі ретінде мамандардың, зерттеушілердің назарын
барған сайын өзіне көбірек аударып, берік заң негізіне ие болуда.
III. ТӘЖІРИБЕЛІК АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Аудиторлық есеп беру
Бекітемін
ОТРАРАУДИТ ЖШС директоры
Баимбетова Б.А.
Шаруашылық субъектіге жүргізілген аудит бойынша аудитордың жазбаша
ақпараты
01.04.2009 ж №20 келісім-шартқа сәйкес, Арна-құрылыс ЖШС басшылығы
мен Отрараудит ЖШС аудиторлық ұйымының арасында келісім бойынша,
30.04.2004-30.03.2008 жж. аралығындағы Арна-құрылыс ЖШС-нің қаржылық
есептілігіне аудит жүргізілді.
Отрараудит ЖШС аудиторлық ұйымының заңды мекен-жайы: Алматы қаласы,
20-линия көшесі, 46.
Аудит жүргізу барысында қатысқан мамандар:
№ Маманның аты-жөні Аудитордың біліктілік Жүргізілген
куәлігі мәліметтері аудиттегі
міндеттері
1 Баимбетова Балжан Біліктілік куәлігі Басқарушы, аудитор
Асилхановна №0000095 23.03.2008ж
2 Дюненбаева Асель Сертификат И-№0069 Бас маман
Амангелдыевна 29.09.2008 ж ҚР
Аудиторлар палатасымен
берілген
3 Алпиева Айгерим Сертификат И-№8988 Бас маман
Абдвалиевна 03.01.2009 ж ҚР
Аудиторлар палатасымен
берілген
4 Амантаева Дана Махсатовна Сертификат И-№4424 Бас маман
02.02.2009 ж ҚР
Аудиторлар палатасымен
берілген
5 Айтбек Динара БалғабекқызыСертификат И-№4849 Бас маман
09.02.2009 ж ҚР
Аудиторлар палатасымен
берілген
6 Амренов Акбай Бектурович Сертификат И-№9448 Маман
03.03.2009 ж ҚР
Аудиторлар палатасымен
берілген
Тексеру Арна-құрылыс ЖШС директоры Мақұлбеков Тулен Арслановичтің
келісімімен жүргізілді.
Жұмыстың жүргізілуі барысында Қазақстан Республикасының ҚР-ның
аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы Заңы, ҚР-ның Бухгалтерлік есеп
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының аудиторлық әдеп Кодексі және
21.07.1995 жылғы қабылданған Қазақстандық аудит стандарттары қолданылды.
Нәтижесінде төмендегілер бекітілді:
Арна-құрылыс ЖШС-нің жарғылық капиталы 10000000 теңгені құрайды.
Серіктестіктің құрылтайшылары:
1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz