Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік
есептің жүргізілу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі...13
3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
... ... ... ... ...21
4. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оның өзіндік құнына калькуляция
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 0
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 45

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар
тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең
құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен
тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезенде, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы
әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда,
тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен
қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл
шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кенейіп, оның себебінен,
өңдеу өнеркәсібінде өнделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың
өндірістік қуаттылығы толық пайданылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы
жылдары республикада күрделі өндеу кәсіпорындарының көбі өндірісін
тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың
техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық
шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен
аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден - бір жолы, агроөнеркәсіп кешенін
нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-
техникалық негізде тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл
шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау, сақтау, өңдеу және
өткізу кәсіпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық
тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің
негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал
оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен
түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал шаруашлығы үлкен
маңызға ие. Себебі, бұлардан алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және
т.б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде
ауыл шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы
интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен
қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық
тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды
тұрақты дамыту. Ауыл шаруашылық кешендерін қалыптастырудың
ғылыми негіздері.
Президенттің халыққа жолдауында ұзақ мерзімдік басымдылықтар:
-өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту
қарастырылған. Ал оған жету үшін агроөнеркәсіп өндірісінің және
индустриялдық-инновациялық дамудың стратегиялық жоспарлары құрылып,оларды
іске асыру белгіленген.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде
кәсіпорындарында басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарттар
жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел
талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы
мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жалдық
мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше
артып түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою
үшін қажетті өндірістің көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек
өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де
уақытылы мәліметтер алынады.
Халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығында бірлескен
кәсіпорынның құрылып, жұмыс істеуінің және сыртқы экономикалық қызметті
дамытудың маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты-ауылшаруашылығында жүргізілетін бухгалтерлік
есептің ерекшелігін,ұйымдастырылуын жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік
есептің жүргізілу ерекшелігін:
• Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігін;
• Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды;
• Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оның өзіндік құнына калькуляция
жасауды қарастыру болып табылады.

1. Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік
есептің жүргізілу ерекшелігі

Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай
айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпау
керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға
береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі
ресурсы - жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам өмір сүре
де алмайды. Экономика ерекшелігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі
осы жерде орналасқан.
Біріншіден, ол табиғаттың, ауа райының жағдайына толық байланысты,
бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін.
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және біркелкі емес, ал,
тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өнімдеріне қарағанда бір жермен бір
орында емес, шашыранды, оларды бір жерге жинау мүмкін емес, тиімді
болмайды.
Төртіншіден, ауыл шаруашлық өндірісі, онда жұмыс істейтін
жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады.
Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.
[1]Бесіншіден, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда
сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақта зардап
әкелуі мүмкін: біріншісі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі, оның
тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы
инерцияның күшеюіне, ал, ол өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы
өзі пайдаланып отырған өнімдерінің қымбаттауына (трактор, машина, комбайн,
жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер т.б.) әкеліп соқтырады: екіншіден,
бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің (шаруа
қожалықтарының) табысын да молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі,
табыстан артылып қалған қаржыны фермер (шаруа қожалығы) өнеркәсіп
орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының бәрі агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық
прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиелінушіліктің пайда болатынын
көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен
агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту - бұл жанұялық шаруа (фёрмер)
қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан, ауыл шаруашылық өндірісінің
жаңа түрі, екінші жағынан, бұл кеңшар (совхоз) мен ұжымшарлардан
(колхоздардан) ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп
шаруашлық экономикасында шаруа қожалықтары, коопперативтер т.б. формалары
арғы ғасырдан келе жатыр, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен "Ұлы сталиндік
өзгеріске" дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы
ғалымы, ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай
кеңшар (ұжымдармен бірге) мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және
отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір
сүріп, халыққа қызмет көрсете алады.
Чаянов А.В. (1888-1939) біздің аграрлық тарихымызда ғалым-зерттеуші
ретінде орын алған ғалым. В.И.Ленин "Кооперация туралы" деген еңбегін
жазғанда А.В.Чаяновтың еңбектерімен танысып, онымен ақылдасып отырған.
Чаяновтың мәліметтеріне қарағанда 1917 жылғы қаңтардың бірінде Ресей елінде
63 мыңға жуық кооперативтер, 24 млн. жарнашы - мүшелерін құрастырып жұмыс
істеген, соның ішінде сібірлік кооперативтер үлкен табыс кіргізіп отырған.
1921 жылдан 1928 жылға дейін олардың саны да, сапасы да өсіп отырған.
Қытай Халық Республикасындағы тұрғын халықтың 80 пайызына дейін
ауылдарда тұрады. Бір ерекшелігі - ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл
шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық
айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық, жалгерлік, кооперативтік әдіспен
жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін Жалға келісім шартпен алып жұмыс
істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке
жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайызын беріп, қалған
40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Ендігі қалған өнімнің
50 пайызы жалгерлік ұжым мүшелері өздері бөледі, не мемлекетке, немесе
басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік
шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 пайызын береді.
Әрі жеке меншікті жанұялы (семьялы фермерлер 1 мыңнан 20 мың долларға дейін
өнім өндіріпі сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы 16
пайызы бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған
серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық
мүддесінен қол үзгені, жерінен айрылған шаруа елді тойындыра алмайды және
ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекеттік қаржы қандай көлемде болса да,
құмға сіңген су сияқты еш жәрдем тигізе алмайды және саланы ілгелі дамыта
алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде
агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер, шаруа қожалықтары,
кооперативтер, жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс
істейді. Осылардың әрқайсысына қысқаша түсініктеме берелік.
І.Шаруа қожалықтары - бұл фермерлерге ұқсас сияқты, Фермер ауыл
шаруашлығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе,
шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған, өнім өндіріп келген
кішігірім құрылымдар.
[2]Сонымен, шаруалар қожалығы - өз еңбегімен (немесе жалғыз өзі, не
жанұя мүшелерімөн) жұмыс атқарып, өнім өндіріп, өзін-өзі қаржыландыратын,
заңды, дербес шаруашылық.
Оның ерекшеліктері: 1). Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы
жүргізеді; 2) Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін, оны
заңды иесі бола алады және жұмыс істейді; 3) Барлық жағынан заңды түрде
мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті орындарда өз шешімдерімен бекітіп,
шарт жасасып, отырады, өзінің мөрі, банкідегі шоты, кіріс, шығыс баланстары
болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс
орны да болып табылады; 4). Өндірген өнімдеріне және құрал-жабдықтарына,
тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние
мүлкі актімен бекітіледі; 5). Өз жағдайларына, мамандандырылғанына қарай не
өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын,
алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін,
табысын өзі біліп, өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол ешкімге
бағынышты емес. Сондықтан онның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар
мемлекеттік, кооперативтік, өздері сияқты шаруалар қожалығымен қолма-қол
ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды; 6). Өз өндіріс
орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне
араласпайды; 7). Өндірілген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни
сатылатындығы болғандықтан, оның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
8). Шаруа қожалығының негізгі мақсаты - шаруалардың жанұя мүшелерін азық-
түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге, өндірген өнімдерді сату арқылы
пайда табу.
1998 жылғы наурыздың 31-де "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан
республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан республикасында шаруа
(фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық,
ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Мұнда, адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына
арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен сондай-ақ осы өнімді
ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық - еңбек бірлестігі
шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.
Шаруа қожалығы мынандай нысандарда болуы мүмкін:
Кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген
отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
Бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік
меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез
келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.
Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құралады және жер пайдалану
құқығына мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылады деп
есептелінеді.
Шаруа қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруалығының тең
құқықты өндірістік бірлігі болып табылады.
Шаруа қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен
көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-
ақ шаруашылық жүргізумен байланысты да мәселелердің меншігінде жер
учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге қора-қопсылар,
мелиорациялық және басқа да құрылыстар өнім беретін және жұмысқа жегілетін
мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және қожалық үшін оның мүшелерінің
ортақ қаражатына сатып алғынған басқа да мүлік болады.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі
болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістік
шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл
шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін
одан әрі арттыру болып табылады.
[3]Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде
кәсіпорындарында басшылықты табысты ұйымдастыруға қажетті алғышарттар
жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел
талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы
мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жылдық
мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше
арта түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін
қажетті өндірістік көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек
өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де
уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын
бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалынатын
шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы
игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің интенсивті технологияларын,
суландыру және басқаларын қолданудың экономикалык тиімділігі жөнінде
мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі
- шаруашылық есеп, оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат
ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және
өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары
өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл
әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтық
тұтастай және оның - бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын
бақылап отыруы тиіс. Бұған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің
озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру
арқылы қол жеткізуге болады.
[4]Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды
түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды
ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылық қызметіне бақылау және оның
жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік
есепті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттары: - шаруашылық операцияларын,
бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін
қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын
бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз етегін есептеуді
мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен
айналысатын қызметкерлердің санын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды
өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін
арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жұмысын компьютерлендіру; есептеудің
прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын
енбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін
арттыруға көмектесу, жазулардың қайталанбауына, есепті жүргізушілердің
еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен
құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды
ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық
жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік
жасайды.
Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді жақсы
ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі.
Есептеу жұмысының алдында тұрған міндеттерді орындау қызметкерлерден
экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды,
шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең
білуді талап етеді.
Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек
және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның
өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді
пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және онын мәліметтерінің
жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп
жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындауына жедел
басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп
отыру болып табылады. Есеп беру - жеке учаске (бөлімше) және тұтастай
кәсіпорын бойынша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық
қызметінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылай отыруға
қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды
орындауына бақылау жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның,
саланың және тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы
жоспарларын жасағанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық
салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және
ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады.
Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орындалу
көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша)
сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат
көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді
өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары)
жоспарының орындалуы сипатталады.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бес-күндік,
онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық
болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда
кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестері, беру мерзімі және қаралуы
бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі ережеде көрсетілген.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп шоттарының
жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық
салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық
кәсіпорындарынын ерекшелігін ескеретін толықтырулармен қаражат Министрлігі
статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен.
Қосымшада бухгалтерлік есеп шоттарыныц жоспары келтірілген, ол оқулықтың
тексті бойынша шоттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық
ордерлік және автоматтандырылған түрлерін қолданады.
Журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізетін
шаруашылықтар пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке
компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске
асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары-
машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады.
Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға
негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып,
талдау, бақылау, меншіктің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне көбірек
назар аударуға мүмкіндік береді. Орындалатын операциялар алғашқы
құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған
және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің
журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері
белгіленген тәртіп бойынша бекітілген.
Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік
есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар)
бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материалдық игіліктердің қозғалысы
(кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептерді қабылдайды және жүйеге
келтіреді, есептесу-төлем ведомстволарын жасайды, жалгерлік ұжымдардың
және ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердін дербес
(лицевои) шоттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен
бірге дербес шоттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады.
Мұнда өндірістік бөлімшелерден және, сырттан түскен құжаттардың
мәліметтері жинақталады да олардың негізінде есептеу регистрларына (журнал-
ордерлер, ведомостволар) жазылады. Олар Бас кітапты, баланста және есеп
берудің
басқа да түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта
есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы
құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап
болады, содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар
өнделіп, шаруашылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жалгерлік қатынас
жағдайында материалдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу
елеулі түрде жеңілдетіледі. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық
ресурстарды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға
берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпараттар беріледі.
Есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен
маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің
сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Кестені шаруашылықтағы есеп жұмысының
барлық түрлері енуі тиіс алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп
беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі кұжаттар және құжаттар
айналымы жөніндегі Ережені басшылыққа алу қажет. Пайдаланылған құжаттар
болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.
Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары
(мықты жіппен төрт жерден тесіп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке
өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі,
тақырыптары дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы
болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды
сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен
методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталған..
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорындарында
бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және
қаражат тәртібінің сақталуын бақылау міндеттеледі. Бухгалтериялардың жұмысы
министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас
басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты
ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұысын бас
бухгалтерлер жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады. Колхоздарда бас
бухгалтердің міндеттері мен праволары (құқықтары) Шаруашылықтың бас
бухгалтері жөніндегі үлгі Ережеде белгіленеді. Бас бухгалтер есепті ұтымды
ұйымдастыруды, ессптердін озат түрлері мен әдістерін енгізуді, компьютерлік
техниканы кеңінен қолдануды, қаражаттарды дұрыс және уақытылы есептеуді,
шаруашылық операцияларын дұрыс құжаттауды, өндіріс шығындарын, қаражат
нәтижелерін, қаражат, қарыз беру және есеп айырысу операцияларын сенімді
және уақытылы есептеуді, бюджетпен уақытылы есептесуді, кассалық және есеп
айырысу тәртіптерін қатаң сақтауды, инвентаризацияны уақытылы және толық
жүргізуді және оның нәтижелерін есепте көрсетуді, сенімді құжаттар
негізінде есеп беруді уақытылы жасауды, басқа қызметтермен бірге өндірістік-
қаражат қызметін экономикалық талдауды, пайдаланылмай жатқан резервтердің
бетін ашып, іске қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Бас бухгалтер есеп пен
бақылауды, ақша қаражаттары мен материалдық игіліктердің толық сақталуын
қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне
жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар
берілген.
Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық
қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады. Ол бухгалтерия
қызметкерлерінің жұмыс бабындағы міндеттерін белгілейді; бас бухгалтердің
операцияларды хаттау және көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін олардың
деректері мал мен құс өзгерісінің Есеп Кітабына және фермадағы мал мен
құстың өзгерісі туралы қорытынды есепке жазылады.
Жалгерлік қатынастар жағдайында № 57, 95, 96, 97, 103, 100, формалы
актілер, № 98 формалы ведомость және № 104 формалы жолдама-накладной
қолданылмайды. Бұл құжаттардың орнына чек-накладнойлар (Ф. № 2496)
қолданылады.

2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің
жүргізілу ерекшелігі

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының
бірі, ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жүзім
шаруашылығын, гүл шаруашылығын, жайылым шаруашылығын, орман шаруашылығын
қамтиды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығындары мен шығымдары өндіріс
салалары, есеп объектілері және шығын баптары бойынша “Негізгі өндіріс”
деген 20-шоттың Өсімдік шаруашылығы деген 1-субшотында; шаруашылық аралық
өндіріс өнімінің шығындары мен шығымдары өз өндірісінен бөлек 20-шотта
есептеледі.
Талдау жасалатын есепте өнімнің нышандары мен шығымдары әрбір дақыл
(дақылдар тобы), жұмыс және аяқталмаған өндіріс бойынша мынадай
номенклатурамен көрсетіледі:
1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар: күздік дәнді дақылдар (бидай,
қара бидай, арпа); жаздық бидай (қатты, жұмсақ, күшті және басқалары);
дәндік жүгері; басқа да жаздық масақты дәнді дақылдар (арпа, сұлы, қара
бидай, қос дәнекті бидай және басқалары); жарма дакылдары (тары, күріш,
қаракұмық, қонақ жүгері, қонақ тары); дәнді-бұршақ дақылдары (ас бұршақ,
үрме бұршақ, жемдік бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа және басқалар);
2. Техникалық дақылдар: майлы дақылдар (күнбағыс, бұйра-зығыр, қыша,
майкене, соя және басқалар); жіп дақылдары (мақта, талшықты зығыр,
қарасора, кенеп, кендір және басқалар); қант қызылшасы (фабрикалық қант
қызылшасы, аналық қант қызылшасы, қант қызылшасының тұқымдық
көшеттері); жабайы темекі; цикорий және басқалар);
3. Эфирлі-майлы дақылдар (кориандр, анис, зире және басқалар);
4. Тамыртүйнекті дақылдар: картоп; ашық топыраққа егілетін көкөніс
дақылдары (капуста және басқалар); қорғалған топыраққа егілетін көкөніс
шаруашылығы (сабағы алынатын жуа, қияр жәнс баскалары);
5. Тамыр түйнекті және бақша дақылдары: Жемдік тамыр түйнекті
дақылдар: жемдік сәбіз, тарна және басқалар; жемдік бақша дақылдары
(қарбыз, асқабақ) және басқалар;
6. Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдардың өркендері
мен тұқымдары (дақылдар бойыпша);
7. Гүл шаруашылығы (ашық топырақта, жабық топырақта) - дакылдар
бойынша;
8. Гүл дақылдарының (бір жылдық, екі жылдык, көп жылдық) тұқым
шаруашылығы;
9. Питомниктер және егілетін көшеттер (жеміс дақылдары меп көп
жылдық өсімдіктер, жеміс дақылдарының тұқым питомниктері және басқалары);
10. Өсімдік шаруашылығы бойынша аяқталмаған өндіріс (болашақтағы
жылдардық өнімдеріне арналған шығындар) - аяқталмаған өндіріс түрлері
бойынша.
Жекелеген талдау шоттарында бақтар мен питомниктердің, қатар
аралықтардағы егіс өнімдерінің шығындары мен шығымдары есепке алынады.
[5]Жекелеген талдау шоттарында жекелеген дақылдарды өсіру
жөніндегі шырындарға жатқызуға болмайтын егіс алдындагы жұмыстар (қар
тоқтату, көң тасу, тыңайтқыштар жеткізу және басқалар) жөніндегі шығындар
да есептеледі. Бұл жұмыстар жөніндегі шығындардың есебі егін
шаруашылығындағы қолданылатын баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыстар жөніндегі есептелген шығындар белгілі
бір дақылдарға бөлінген егіс көлеміне пропорциялы түрде шығындар бабы
тұрғысынан жатқызылады. Бұл үшін әрбір бап бойынша есептелген шығындар
жұмыс жүргізілген жердің жалпы гектар санына бөлініп, 1 гектарға жұмсалған
шығын сомасын табады. Анықталған шығындарды нақты дақылдар егілген гектар
санына көбейтіп, осы дақылға (дақылдар тобына) жұмсалған шығындарды
анықтайды.
Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі егін
шаруашылығында шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі.
1. Еңбек ақы төлеуге арналған шығындар - жұмысшылардың, соның
ішінде тікелей өндірістік технологиялық процесінде істеуге тартылған
(жалданған) адамдардың еңбегіне төленген ақы. Егер еңбек ақы
төлеудің жекелеген түрлері өндірісте жұмыс істелмеген уақыт үшін
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептелген төлемдерді есеп объектісіне
тікелей жатқызу мүмкін болмаса аталған ақы есеп объектісіне тікелей еңбек
ақы төлеуге пропорциялы түрде бөлінеді. Еңбек ақы ақшалай есептелгенде 20-
шоттың 1-субшотының дебетіне, 70-шоттың кредитіне жазылады. Еңбек ақы
заттай төленген жағдайда 20-шоттың 1-субшотының дебетіне, 70-шоттың
кредитіне жазылады.
2. Әлеуметтік қауіпсіздендіру бойынша есеп айырысу - өсімдік
шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге
арналған шығындардан нормативтер бойынша анықталатын әлеуметтік сақтандыру
жарнасы. Әлеуметтік қауіпсіздендіруге арналғал қаржыны есептегенде 20-
шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 69-шот кредиттеледі.
Атқарылған жұмыстың, өнім өндірудін көлемін есепке алу және еңбек ақы
төлеу есебі бригадирдін еңбек және атқарылған жұмысты есептеу кітапшасында,
еңбек пен атқарылған жұмысты есептеу парақтарында, жол парақтарында,
нарядтарда және басқа да түп-нұсқа құжаттарда жүргізіледі. Қосымша жалақы
мен еңбекке белгіленген тәртіппен заттай төленетін ақы арнаулы есептеулер
мен ведомостар негізінде өндіріс шығынына енгізіледі. Жалгерлік аванс
сомасы және жыл аяғында шаруашылық есеп табысының түпкілікті анықталып,
еңбекке ақы төлеуге бағытталған сомасы да осы бапқа жатқызылады.
3. Тұқым және отырғызылатын материал - өзі өндірген және сатып
алынып, егуге пайдаланылатың (күрделі қаржы есебінен отырғызылатын
көпжылдық жас көшеттерден басқасы) тұқым мен егілетін материалға жұмсалатын
шығындар. Тұқымдарды егуге әзірлеу, оларды егілетін жерге тасып жеткізу
жөніндегі шығындар тұқым құнына қосылмайды, қайта шырындардың баптарына
сәйкес дақылдар бойынша есептелетін шығындарға жатқызылады. Сиреп қалған
жерлерге немесе егіні өліп қалған жерлерге үстемелеп себуге кеткен тұқымның
бағасын да осы бап бойынша есептейді.
Өндірістік бөлімшелерге тұқым мен отырғызылатын материалдар алу
карталары мен накладнойлар бойынша қатаң белгіленгсн мөлшер шегінде
беріледі; өндіріске жұмсалған тұқым мен отырғызылатын материалдарды есептен
шығару тұқым мен отырғызылатын материалдардың шығын актысы (Ф. № 119)
бойынша жүргізіледі. Жалгерлік жағдайда тұқым чек-накладной бойынша
беріледі және қоймадан берілетін сәтте жалгерлік ұжымдардың, материалдық
шығындарына есептен шығарылады. Жұмсалған тұқым мен отырғызылатын
материалдардың құнына 20-шоттың 1-субшотын дебеттеп, 10-шоттың Тұқым және
мал азығы атты 11-субшотын кредиттейді. Жыл бойында тұқым мен
отырғызылатын материалды (өткен жылдардағы және осы жылғы өзі өндірген)
олардың нақты өзіндік құнының жоспарлы-есептік баға бойынша құнынан
айырмашылығын есепке ала отырып жоспарлы-есептік баға бойынша шығындарда
есепке алады.
4. Тыңайтқыштар - өнеркәсіпте өндірілетін микро және бактериялық
тыңайтқыштарды қоса, минералдық тыңайтқыштарды, сондай-ақ органикалық (көң,
шымтезек, компост т. б.) тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге жұмсалатын
шығындар. Минералдық және органикалық тыңайтқыштар шығынын бөлек жоспарлап,
есепке алады. Тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге әзірлеу, тиеу, егістікке
шығару, лақтырғыштарға тиеу және оларды енгізу жөніндегі шығындарды
шығынның тиісті баптары бойынша ауылшаруашылық дақылдарына (дақылдар
тобына) немесе жалгерлік ұжымдарға жатқызады онда оны бұл бапқа
кіргізбейді. Минералдық тыңайтқыштар көлік-жөндеу шығындарын қоса
есептегендей сатып алу барысы бойынша немесе нақты өзіндік құнның осы
бағамен алғандары құннан ауытқуын бөліп тастағандағы жоспарлы-есепті бағасы
бойынша бағаланады. Органикалық тынайтқыштар шаруашылықта белгіленген баға
бойынша немесе өндірістің (шым-тезек, қорда) нақты өзіндік құны бойынша
бағаланады. Талдау жағдайында барлық тыңайтқыштарды жоспарлы-есептік
бағамен бағалайды.
Бөлімшелерге тыңайтқыштар алу карталары немесе накладной бойынша
босатылады (жал жағдайында - чек-накладной бойынша босатылады). Қоймадан
берілген тыңайтқыштар тікелей жалгерлік ұжымдардың материалдық шығындарына
есептен шығарылады. Өндіріске тыңайтқыштар беру Минералдық, органикалық
және бактериялық тыңайтқыштарды, ұлы химикаттар мен гербицидтерді
пайдалану Актісі (Ф. № 48) бойынша жүзеге асырылады. Жұмсалған минералдық
тыңайтқыштардың құнына 20-шоттық 1-субшотымен дебеттеліп, 10-шоттың
Тыңайтқыштар деген 9-субшоты кредиттеледі; органикалық тыңайтқыштардың
құнына 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп, 20-шоттың 2-субшоты (өнімді малдан
алынған көң мен қи) және 23-шоттың Күш көлігі дебет 6-субшотымен (күш
көлігінен алынған көң) кредиттеледі; жасыл тыңайтқыштар құнына 20-шоттын 1-
субшоты дебеттеліп және кредиттеледі.
5. Өсімдіктерді қорғау құралдары - пестицидтер,
уландырғыштар, гербицидтер, дефолианттар және арамшөптерге, зиянкестерге,
ауыл шаруашылық дақылдарының кеселдеріне қарсы күресу үшін
пайдаланылатын басқа да химиялық, сондай-ақ биологиялық құралдарды сатып
алу мен сақтауға арналған шығындар. Шаруашылықтың өз құралдарын пайдалана
отырып, егісті аталған заттармен өңдеу (себу, бүрку, дефолиациплау және
басқа жұмыстар) жөніндегі шығындары бұл бап бойынша көрсетілмейді, қайта
шығындардың тиісті баптары (жалгерлік ұжымдар) бойынша тиісті дақылдарға
(дақылдар тобына) немесе көпжылдық өсімдіктерге жатқызылады. Өсімдіктерді
қорғау құралдарын босату мен шығысқа жатқызу тыңайтқыштарды босату мен
шығысқа жатқызу үшін қолданылатын тәртіп сияқты жүргізіледі (20-шоттағы
субшоттың дебеті, 10-шоттағы 10-субшоттың кредиті).
6. Жұмыстар мен қызметтер - өздеріндегі қосалқы өндірістердің
жұмысы мен қызметіне, бөгде кәсіпорындардың қызметіне (шығындары басқа
шығын баптарына енетін жұмыстар мен қызметтерден басқасына) арналған
шығындар. Мәселен, бұл бап бойынша автомобиль және көлік малының қызметі,
тікелей өнім өндіруге жұмсалатын жүктерді, тасып жеткізу жөніндегі
материалдық ресурстарды (тұқымды, тыңайтқыштарды, мұнай" өнімдерін
және т. б. орталық қоймалардан, өндірістік бөлімшелердің қоймаларынан және
олар тұрақты сақталатын басқа орындардан егістікке, дала қосына,
тракторлар мен машиналарды май құятын жерлерге, жұмысшыларды егістікке
тасу, өнімді егістіктен оны сақтайтын немесе пайдаланатын жерлерге жеткізу
жөніндегі) трактормен атқарылатын тасымал жұмыстары жоспарланып,
есептеледі. Аталған шығындар дақылдар, аяқталмаған өндіріс жұмыстарының
түрлері арасында өндіріс процесінде атқарылған жұмыс көлеміне
пропорциялы түрде тонна-километрмен есептеліп, жүк тасу бойынша бөлінеді.
Тасымал қызметін бөлудің басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, алайда бұл
орайда олардың әрбір өнім түрінің өзіндік құнында неғұрлым негізделіп,
толық көрсетілуі қамтамасыз етілуге тиіс. Бөгде кәсіпорындар мен ұйымдар
атқарған механикаландырылған, тасымал және басқа ауыл шаруашылық жұмыстары
бойынша олардың қызметіне ақы төлеуге арналған шығындар осында ескеріледі.
Электрмен, сумен, жылумен және газбен жабдықтау жөніндегі қызметке
жұмсалатын шығындар да осы бапқа жатқызылады, Сырт кәсіпорындар көрсететін
агрохимиялық қызметке жұмсалатын шығындар улы химикаттар мен
тыңайтқыштардың құнына қосылмай, қайта осы бап бойынша есепке алынады.
Бөгде кәсіпорындардың механикаландырылған, тасымал және басқа жұмыстар
бойынша көрсеткен қызметіне ақы төлеуге арналған шығындар да осы бапта
есепке алынады. Қосалкы өндірістердің жұмысы мен қызметі жыл ішінде
аткарылған жұмыс пен көрсетілгең қызмет көлемін, осы өнімнің біреуінің
жоспарлы өзіндік құнын негізге ала отырып, өндіріс шығынына жатқызылады да,
жыл аяғында калькуляциялық айырмаларды тиісті есеп объектілерге жатқызу
жолымен нақты шамасына дейін жеткізіліп түзетіледі;
7. Негізгі құралдарды ұстауға жұмсалатын шығындар - тікелей
өсімдік шаруашылығыңда (күтіп ұстау мен пайдалануға, амортизация мен
жөндеуге) пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар.
Арзан бағалы және тез тозатын заттар мен құрылғылардың тозуы мен оларды
қалпына келтіруге арналған шығындар нақ осы бап бойьшша есептеледі. Осы бап
бойынша шығындар құрамында мыналар жоспарланып, есепке алынады: негізгі
құралдарды күтіп-баптайтын қызметкерлерді (ауыл шаруашылық өнімін өндіретің
технологиялық процесте істейтін тракторшы-машинистерден басқаларын)
әлеуметтік сақтандыруға каржы бөлуге қоса еңбек ақы төлеу; тракторлар мен
өздігінен жүретін машиналардың бір жұмыс учаскесінен екіншісіне баруын қоса
алғанда, механикаландырылған жұмыстарды орындауға пайдаланылатын отын мен
жағар материалдарға арналған шығындар; қосалқы материалдар мен отынға
(мұнай өнімдерінен басқалары), қосалқы өндірістердің, сондай-ақ бөгде
ұйымдардың қызметіне арналған шығындар және негізгі құралдарды күту мен
пайдалануға байланысты басқа да шығындар; сол бөлімшеге бекітіліп берілген
тракторлар мен машиналарды қоса алғанда, негізгі құралдар бойынша
амортизациялык, қаржылар, сондай-ақ шаруашылық ішіндегі негізгі
мелиорациялық құралдар, жеміс беріп тұрған көп жылдық өсімдіктер, жерді
жақсарту жөніндегі саймандарға жатпайтын сипаттары күрделі шығындар.
Негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындарға мыналар жатады:
негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарын орындайтын жұмысшыларды әлеуметтік
қауіпсіздендіруге бөлінетін қаржыларға қоса еңбекке ақы төлеу; қосалқы
бөлшектердің, жөндеу-құрылыс материалдарының құны, соның ішінде техникалық
қызмет көрсету пункттерін, шеберханаларды (оның ішінде өнеркәсіп
орындарының құрамына бөлінгендерін), жөндеу-құрылыс цехтарын, сондай-ақ
басқа ұйымдарды жөндеуге пайдаланылатын мұнай өнімдерінің құны жатады.
Негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындар құрамында пленкалы
жылыжайларды, парниктерді жөндеуге кеткен шығындар, сондай-ақ тракторлар
мен машиналардың шынжыр табандары мен резина шиналарын жөндеуге және
алмастыруға жұмсалған шығындар көрсетіледі. Жылыжайлар мен парниктерді
жөндеуге кеткен пленканың құны оларды жөндеуге кеткен шығынның құрамында
есептеледі. Одан сату бағасы бойынша тозған пленканың құны шегеріліп
тасталады.
Негізгі құралдарды күтіп-баптауға арналған шығындар жекелеген
дақылдардың өнімі мен аяқталмаған өндіріс түрлерінің құрамына мынадай
тәртіппен: тар өрісті мамандықта пайдаланылатын негізгі құралдарды күтіп
ұстауға арналған шығындар - тиісті дақылдар өнімінің өзіндік құнына;
тракторлар - олардың жекелеген дақылдар үшін атқарған механикаландырылған
жұмыстар көлеміне пропорциялы түрде; топырақ өңдейтін машиналар - дақылдар
үшін өңделген жер көлеміне пропорциялы түрде; сеялкалар - дақылдар бойынша
егіс көлеміне пропорциялы түрде; дакылдардың өнімін жинауға пайдаланылатын
негізгі құралдар - жинаған жер көлеміне пропорциялы түрде; топыраққа
тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар-дақылдар үшін енгізген
тыңайтқыштардың, нақты салмағына пропорциялы түрде; мелиорациялық қорлар -
егіс көлеміне пропорциялы түрде; астық қоймалары, көкөніс қоймалары -
тиісті дақылдар өнімі алып жатқан жайлар көлеміне пропорциялы түрде
жатқызылып, қоймада сақталатын дақылдар өнімінің өзіндік құнына есептеледі
және т. т. негізгі құралдарды күтіп ұстау жөніндегі шығындарға 20-шоттың 1-
субшоты дебеттеліп, қызметкерлерді әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінген
қаржы мен еңбекке ақы төлеуге - 69, 70; материалдарға, мұнай өнімдеріне,
құрылыс материалдарына, қосалқы бөлшектерге, арзан бағалы және тез тозатын
заттар мен олардың тозуына - 10, 12, 13; машина-трактор паркінің өз қосалқы
өндірістері атқарған және сырттан қабылданған жұмыстар мен қызметтерге -
23, 60, 76; негізгі қорлардың амортизациясына - 02-шоттары кредиттеледі.
8. Өндірісті ұйымдастыру және басқару жөніндегі шығындар -
кәсіпорынның бригадаларында, цехтарында және өзге де өндірістік
бөлімшелерінде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және кәсіпорынды
басқару мен жалпы өндірісті ұйымдастыру жөніндегі шығындар, яғни
бригадалық, цехтық және жалпы шаруашылық шығындары.
Бригадалық және цехтық шығындар жыл бойында 25-шоттың 1-субшотында
есепке алынады. Бұл шотта есептелген шығындар жыл аяғына тұқымға жұмсалған
шығындарды қоспағанда, жалпы шығындар сомасына (өндірісті ұйымдастыру мен
басқару жөніндегі шығындар қосылмайды) есеп объектілері арасында
пропорциялы түрде бөлінеді. Бөлінген шығындар сомасына 20-шоттың 1-субшоты
дебеттеліп, 25-шотты; 1-субшоты кредиттеледі.
Жалпы шаруашылық шығындар жыл бойы 26-шотта есепке алынады, олар жыл
аяғында бөлу тәртібімен осы салаға келетін үлесінде өсімдік шаруашылығы
өнімінің өзіндік құнына енгізіледі. Бөлінген шығындар сомасына 20-шоттың 1-
субшоты дебеттеліп, 26-шотт кредиттеледі.
Жалгерлік қатынастаржағдайында жалпы өндіріс және жалпы шаруашылық
шығындары нормативтік мөлшерде өндіріс шығындарына қосылады (20-шоттағы 1-
субшоттың дебеті, 96-шоттағы 10-субшоттың кредиті, Басқару аппаратын
ұстау; нақты шығындар жыл аяғында 25 және 26-шоттардың кредитінен 96-
шоттың дебетіне жазылады).
Жалпышаруашылық шығындары жалпы өндіріс шығындары сияқты өзіндік
құнды есептейтін әртүрлі объектілер арасында бөлінеді. Жалгерлік жағдайында
жалпы өндіріс және жалпышаруашылық шығындары дақылдарға бөлінбейді, қайта
жалгерлік ұжым бойынша есептелген жалпы шығындар сомасына жатқызылады.
9. Банкілердін қысқа мерзімді несиелері бойынша проценттер төлеу -
Мемлекеттік банк белгіленген тәртіп пен ставкалар бойынша төленген
банкілердің қысқа мерзімді кредиттері жөніндегі проценттер.
10. Өндірістік емес шығындар (есептегі) - кем шыққан материалдық
қазыналар, өнімнің сақтау кезіндегі ысырабы.
11. Басқа да шығындар - өнім өндіруге тікелей байланысты. жоғарыда
аталған баптардың ешқайсысына жатпайтын шығындар; пайдалануға берілген
қуаты зор жаңа өндіріс объектілерін (парник - жылыжай комбинаттарын және
басқаларын) игеруге байланысты іске қосады, жолға қою жұмыстарына
жұмсалатын шығындар. Болашақ кезеңдер шығындарынын құрамында ерекше
ескерілетін аталған шығындар (олар өндіріс қуаттарын игерудің нормативтік
мерзімі ішінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзім ішінде өсімдік шаруашылығы
шығындарына жатқызылады); ыдысқа және өнімді буып-түюге арналған шығындар,
бұған ыдыс құны өнімді өткізу бағасынаң тыс өтейтін реттер кірмейді; сол
өндіріспен, техникалық насихаттау және стандартқа салумен байланысты ғылыми-
зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар. Басқа да шығындар әдетте тікелей
тиісті дақылдарға жатқызылады. Бұл орайда 20-шоттың 1-субшоты дебеттеліп,
31, 10, 60, т. б. шоттар кредиттеледі.
[6]Әрбір дақыл немесе бригадалардағы жұмыс түрлері бойынша
атқарылған жұмыстар мен жасалған шығындар туралы деректерді жинақтау үшін
Жұмыстар мен шығындардың есеп журналы (Ф. № 37) қолданылады, одан айлық
қорытындылар жалгерлердің жеке шоттарына көшіріледі. Жалгерлік жағдайда
жеке шотқа жазулар чек-накладнойлар негізінде жасалады. Машина-трактор
паркін пайдаланудың есебі машина-трактор паркін пайдалану есебінің жинақтау
ведомостыңда (Ф. № 37а) жүргізіліп, оған тракторлардың есеп парақтары мен
жол парақтарының көрсеткіштері жазылады. Қорытынды көрсеткіштер жинақтау
ведомостынан дақылдар немесе жұмыстар бойынша жұмыстар мен шығындардың есеп
жүргізіледі.
Құрғатылған жерлердегі өнімнің шығыны мен шығымының есебі жөніндегі
барлық құжаттарға Үнемі суармалы, Шартты суармалы, Құрғатылған деген
штампылар басылады.
Сурлем салу, пішендеме және витаминді шөп ұнын дайындау жөніндегі
шығындар 20-шотқа ашылатын тиісті талдау шоттарында есептеледі. Сүрлем
салу талдау шотында сүрлем салынатын құрылысты тазалау және оларды
сүрлемдік балаусаны қабылдауға дайындау жөніндегі шығындар, сурлемдік
балаусаның өзіндік құны, оны сүрлем салынатын құрылыстарға жеткізу,
амортизация шығындары және басқа да негізгі шығындар, сондай-ақ өндіріске
қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындар есептеледі. Шоттың кредиті
бойынша сүрлемнің шығыны көрсетіледі, ол 20-шоттың кредитінен 10-шоттың
дебеті бойынша кіріске алынады. Пішендеме мен шөп ұнының шығымы да сол
сияқты есептеледі.
Қар тоқтау, көң тасу, тыңайткыштар енгізу және басқа да егіс
алдындағы жұмыстар өсімдік шаруашылығында қолданылатын баптардың
номенклатурасы бойынша жекелеген талдау шоттарында есептеледі. Жұмыс
аяқталғаннан кейін ол бойынша жасалған шығындар белгілі бір дақылдар егуге
бөлінген егіс көлеміне пропорциялы түрде шығын баптарына сәйкес тиісті
дақылдарға жатқызылады.
Мелиорацияланған жерге дакылдарды алғашқы егу жөніндегі шығындардың
есебі жаңадан құрғатылған жерге дақыл егуге байланысты жұмыстардың түрлері
бойынша, сондай-ақ құрғатуды қажет етпейтін жерлерде шабындықтарды,
жайылымдардың түбірінен және жеңіл-желпі жақсарту жұмысын жүргізген кезде
және жерді егіске әзірлеген кезде 20-шотта жүргізіледі. Талдау шоттары
мынадай жұмыс түрлері бойынша ашылады: топыраққа әк материалдары мен гипс
енгізу, оның ішінде оларды өндіруге, сатып алуға және тасымалдауға
жұмсалған шығындар; топыраққа шым-тезекті, шымтезек қордалары мен басқа да
органикалық және минералдық тыңайткыштарды енгізу, оның ішінде оларды
өндіруге, сатып алуға және тасымалдауға жұмсалатын шығыңдар; көпжылдық
шөптердің тұқымын сатып алуды қосқанда, шабындықтарды шалғынға айналдыру,
органикалық және минералдық тыңайтқыштар (енгізу, сатып алу, өндіру,
тасымалдау жөніндегі шығындар); жыртылатын қабатты қопсыту, ауыр және
орташа минералды топырақтарды атыздау; топырақтың тереңдігін 35-45 см етіп
ұсақтау; жер бетіндегі басы артық суды ағызып жіберу үшін іріктеу тырмалау.
Аталған жұмыстарды жүргізу үшін шаруашылықтарға 7 жылға дейінгі
мерзімге несие беріледі.

3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі 20-шоттың Мал
шаруашылығы деген 2-субшотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша жыл басындағы
қалдық бірқатар салаларда (түйе шаруашылығында, қой шаруашылығында, балық
шаруашылығында, омарта шаруашылығында) кездесетін аяқталмаған өңдірістің
өзіндік құнын көрсетеді. Жыл ішінде шоттың дебетінде малды бағу жөніндегі
шығын, ал несие бойынша - жоспарлы өзіндік құнымен бағаланған мал
шаруашылығы өнімінің шығымы жазылады. Жыл аяғында өнімнің нақты өзіндік
құнына калькуляция жасалғаннан кейін жыл ішінде кіріске алынған жоспарлы
өзіндік құны калькуляциялық айырмаларды тиісті шоттарға жатқызу жолымен
нақты өзіндік құнына дейін жеткізіледі. Соның нәтижесінде өнім шығымы мен
соған қатысты шығындар жыл аяғында, түгендеу жазбаларымен бекітілген
аяқталмаған өндіріске жататын шығындарды қоспағанда, түгелімен 20-шоттан
шығарылады. Шаруашылық аралық өндіріс өнімінің шығыны мен шығымы өз
өндірісінен бөлек есептеледі. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының
талдау есебі малдың мынадай түліктері мен топтары бойынша жүргізіледі:
Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: 1. Сауын малының негізгі табыны
(сиырлар және бұқалар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал (қашарлар
және барлық жастағы өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар,
бұқалар мен өгіздер, бұзауы еметін сиырлар). Етті ірі қара: 1. Етті малдың
негізгі табыны (сиырлар, бұқалар және 8 ай толмаған бұзаулар); 2. Өсіруге
және бордақылауға қойылған мал (8 айдан асқан барлық жастағы қашарлар мен
өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар, бұқалар мен
өгіздер). 1. Буйволдардың негізгі табыны (ұрғашы буйволдар, бұқа
буйволдар). 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал.
[7]Шошқа шаруашылығы: 1. Шошқалардың негізгі табыны (негізгі
мегежіндер, қабандар, енесінен айырылмаған торайлар); 2. Өсіруге және
бордақылауға қойылған шошқалар.
Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы) - жүніне қарай: биязы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
«Қой шаруашылығындағы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды жетілдіру» (Алматы облысының мәліметтері негізінде)
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
ЖШС «Жас-Қанат»кәсіпорында жүргізілу есебі
Нарық талабына орай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық формаларының қалыптасуының ғылыми негіздері
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектісі
Шаған агрофирмасының шаруашылық операциясына бухгалтерлік жазулар шығындар
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
Пәндер