Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе____________________________ ___________________________3

І- бөлім. АҚ “Бест - құрылыс” қаржылық есебін ұйымдастыру_________15

1.1 Негізгі технико - экономикалық көрсеткіштерлері _________________15
1.2 Дайын өнім сату және қаржылық есепте көрсету___________________20

І1-бөлім. Құрлыстағы дайын өнімнің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру___ 4

1. Құрлыста бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері.___________ 4
2. Құрлыстағы дайын өнім, сату есебін жүргізу ерекшеліктері._________12

Қорытынды._________________________ ___________________________ 23

Әдебиеттер.________________________ _____________________________24

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп пәніне сәйкес құрылыстағы бухгалтер есепті
ұйымдастыру атты тақырыпта курстық жұмыс таңдадым. Бұл жұмысымда жалпы
құрылыс жұмысын және ондағы бухгалтерлік есептің жүргізілуін қарастырамын.
Жалпы алғандағы курстық жұмысымды екі бағытта қарастырамын:
1. Құрлыста бухгалтірлік есепті ұйымдастыру.
2. ТОО МСФ “Мұнайқұрылыс” бухгалтірлік есебін жүргізу.
Яғни бірінші бөлімде құрылыстағы бухгалтерлік есептің жоспарлануын,
оның қалай есептелуін және дайын өнімнің қалай есептелуін қарастыратын
болсам. Екінші бөлімде жауапкершілігі шектеулі серіктестік фирмасының
жалпы экономикалық, техникалық жағдайы, сонымен қатар құрылыстағы
бухгалтерлік жұмыстың қалай есептелетінімен, қалай жоспарланатыны туралы
қарастыратын боламын.
Сонымен, курстық жұмысымның негізгі мақсаты- Күрделі құрылыс-
материалдық өндірістің салаларының бірі. Қызметі осы мақсаттарға бөлінетін
күрделі қаржы жұмсалуы есебінен негізгі қорды құру және жаңарту болып
табылады.
Күрделі қаржы жұмсалымы халық шаруашылығының негізгі қорын жоспарлы
ұлғаймалы ұдайы өндірудегі және олардың сапалы құрамын жақсартудағы
шығындар жиынтығы болып табылады. Күрделі қаржы жұмсалымының мөлшері
құрылысқа кеткен барлық қаржыландыру көздері есебіндегі жалпы сомамен
анықталады.
Құрылыста есеп беру құрылыс өндірісі техналогиясы, құрылыс ұйымы
құрылымымен негізделеді және бас есепшінің басқаруымен тиісті қызметте
қамтамасыз етіледі.
Негізгі құрал-жабдықтар құрамында қолданыстағы және
қолданыстағы емес құрал-жабдықтар да болады.
Құрылыс өндірісінің мақсаты дайын құрылыс өнімдерін тапсырыс
берушілерге өткізу болып табылады.
Жекелей уақытша ғимараттар және құрылыстар бойынша, құрылыс құрылыстың
жиынтық сметалық есеп айырысу уақытша ғимараттар және құрылыстар
бөліміндегі осы мақсаттарға қарастырылған қаражат есебінен жүргізіледі.
Шетелдік фирмалармен келісім шарт негізінде, кешендік импорттық
құрал- жабдықтар базасында шетелдік лицензия бойынша жүзеге асатын
құрылыстар мен обьектілер бойынша есеп айырысу обьектіні пайдалануға
беру жайлы жұмыс комиссиясының негізінде, б және в пункттерімен
қарастырылған тәртіпте жүргізіледі.
Осы секілді көптеген мәліметтерді осы курстық жұмысымда толығымен
қарастырамын.
1 Бөлім. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.1 Құрылыста бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері.

Күрделі құрылыс- материалдық өндірістің салаларының бірі. Қызметі осы
мақсаттарға бөлінетін күрделі қаржы жұмсалуы есебінен негізгі қорды құру
және жаңарту болып табылады.
Күрделі қаржы жұмсалымы халық шаруашылығының негізгі қорын жоспарлы
ұлғаймалы ұдайы өндірудегі және олардың сапалы құрамын жақсартудағы
шығындар жиынтығы болып табылады. Күрделі қаржы жұмсалымының мөлшері
құрылысқа кеткен барлық қаржыландыру көздері есебіндегі жалпы сомамен
анықталады.
Шаруашылықты жүргізудегі әлеуметтік тәсілдер жағдайында күрделі қаржы
жұмсалымының іске асуы бекітілген тәртіпте әрбір Министірлікте, ведомствода
және жылдарға бөлінген бесжылдықтармен ұйымдарда әзірленген күрделі құрылыс
салу жоспары негізінде жүзеге асады.
Жаңа құрылыста күрделі қаржының жұмсалымын тексеру және күрделі
құрылыстың жүзеге асуы үшін салынатын құрылыстық дерекциясы құрылады.

Құрылыстағы бухгалтерлік есеп міндеті.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайында барлық есеп оперативтік,
статистік, бухгалтерлік- басқарушылық қызметкерлерді әртүрлі деңгейдегі
қажетті ақпараттармен оңтайлы қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Күрделі
құрылыстағы бухгалтерлік есептің мәні құрылыс салушы мен кұрылыс ұйымының
қаржылық-шаруашылық қызметі болып табылады.
Құрылыс ұйымдары және құрылыс салушы мемлекеттік тапсырысты,
орталықтанған күрделі қаржы лимиттерінен, мердігерлік шарттарына және
белгіленген нормативтерге сай жылдық және бесжылдық жоспарлар әзірлейді.
Мұнда бухгалтерлік есеп мынадай мәселелерді шешеді:
- күрделі қаржы жұмсалымын есепке алу бойынша объектімен есепке алынған
өндірістің күрделі шығынын барлық түрде өз уақытында, толық, нақты
көрсету;
- негізгі қаражат әрекетіне енгізілген түгендеме құнын дұрыс анықтап,
көрсету;
- ішкі ресурстарды жұмылдыру және қаржыландырудың белгіленген жоспарының
орындалуына бақылау;
- құрылыс- монтаждау жұмысын өндіру бойынша:
- барлық шаруашылық операцияларын өз уақытында, толық және дұрыс
құжаттау;
- сақтау және пайдалану орындарындағы материалдық құндылықтарға бақылау
ұйымдастыру және барын көрсету;
- өтелім аударымын бөлу және есептеу, жөндеу қорын құру, келешек
кезеңдегі шығындарға резервтер құру;
- әлеуметтік сақтандыруға аударымды және еңбек ақыны пайдалануды есептеп
көрсету;
- күрделі жөндеу жұмысына, құрылыс-монтаждау өндіріске кеткен нақты
шығынды көрсету;
- есеп айырысу есебі, қаржылық нәтижені және олардың пайдалануын
анықтау;
- есеп- қисап жасау.

Құрылыста есеп беруді ұйымдастыру

Құрылыста есеп беру құрылыс өндірісі техналогиясы, құрылыс ұйымы
құрылымымен негізделеді және бас есепшінің басқаруымен тиісті қызметте
қамтамасыз етіледі.
Есеп беруді ұйымдастыру ұсынады:
- шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебінде көрсетілгендерге
біркелкі тәсілдеме. Бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша методогиялық
басшылық және ұйымдардың бухгалтерлік есеп жүргізуін құру қаржы
Министірлігімен жүзеге асады;
- есептік номенклатура әзірлемесі ;
- бастапқы құжаттардың типтік формасын қолдану және олардың қозғалысының
графигін құру;
- түгендеме объектілерін белгілеу, оларды өткізудің мерзімін және
тәртібін бекіту;
- есеп-қисап жұмысшылары арасында міндеттемелерді бөлу;
- есептік жұмыстарды автоматтандыру және механизациялауды ендіру.
Бухгалтерлік есеп құрылыс ұйымдарында негізінде журнал-
ордерлік нысанда жүргізіледі.
Журнал-ордерлердің құрылу негізінде несиелік белгі жатыр. Журнал-
ордер нысанына кіретін есеп регистрі Қаржы Министірлігімен әзірленіп,
құрылыстағы есеп және жоспарлауды анықтайды.
Бас кітап синтетикалық есептің жиынтығы болып табылады. Ондағы
анықталған шот бойынша сальдо баланс толтыру үшін негіз болып табылады.
Құрылыс ұйымдары бухгалтерлік баланс және есеп беру жайлы Ережеге сай
негізгі қаражатқа, күрделі жұмсалымға, өндірістің аяқталмаған құрылысына
ақша қаражаты есебін және өзге де баланстарды жүргізеді.
Ұйым Ережемен анықталған мерзім және тәртіпте баланстың әртүрлі
баптарына түгендеу жүргізеді.
Түгендеу төмендегідей мәселелерді шешеді:
- негізгі қаражаттағы нақты есепті, өндірістік қорды және аяқталмаған
өндірісті, ақшалай қаражатты анықтау;
- олардың сақталуына бақылау жасау;
- жоғары нормативтік және пайдаланбаған өндірістік қорларды анықтау;
- ақшалай қаражатты және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайын
және тәртібін сақтау;
- өндірістік қордың баланста нақты есептелінген құнын, кассадағы
ақшалай қаражатты, шоттардағы, жолдағы ақшалай қаражаттарды, несиелік,
дебиторлық берешектерді, болашаққа көзделген шығындарды, болатын шығындар
резервтері және өзге баланс баптарын тексереді.

2. Негізгі құралдың топталуы және бағалануы.

Негізгі құрал-жабдықтар ұзақ уақыт бойы қызмет еткен және өз құнын
бөлік бойынша жоғалтқан, құрылған материалдық-заттың құндылықтар болып
табылады.
Негізгі құрал-жабдықтар құрамында қолданыстағы және қолданыстағы емес
құрал-жабдықтар да болады.
Қорда тұратын негізгі құрал-жабдықтарға тұрақты қор үшін арналған
жобалық-сметалық құжаттамасына сай, құрылыс сметасы бойынша күрделі қаржы
жұмсалым есебінде алынған құрал-жабдықтар жатады.
Негізгі құрал-жабдықтарға лимиттен жоғары құндағы және бір жылдан
астам қызмет еткен обьектілер мен заттар жатады.
Негізгі құрал-жабдықтар халық шаруашылығы саласы бойынша бөлінеді, ал
салалардың ішінде атқаратын қызметтеріне қарай топтар бойынша бөлінеді.
Негізгі құралдардың есебі.
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,
олар:
1) еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды-еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы
белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен
анықталады.
Бес бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық
өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес
өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын
материалдық активтер.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер
учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз
байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа
обьектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және
шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар
мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары,
жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады,
қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан
жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің
құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1.Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа
да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құрал-
дарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды
ұйымдастыру.
2.Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3.Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор
қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4.Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта
құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды
есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5.Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды
жедел айқындау.
6.Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған
мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға
өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі,
жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі
бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша
бөлінеді: өндірістік-бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Олардың шамасы мен техникалық
күйіне шаруашылық субьектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты
тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен ғимараттар, машиналар мен
жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, керек-жарақтар, жұмысқа
пайдаланылатын және өнім беретін малдар, көп жылдық өсімдіктер енеді. Қор
қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне натуралды және ақшалай
өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік қорлардың тиімді пайдалануын
сипаттайтын, жалпылаушы экономикалық көрсеткіш болып табылады.
Өндірістік емес-бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс
процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз
етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау,
спорт).
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:
- меншікті – бұл субьектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар;
- жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа
субьектілерден алынған негізгі құралдар.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған
бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу
бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне
өтеді, олар тиісінше 2400-2410-шоттардағы Ұзақ мерзімді жалға алынған
негізгі құралдар субшотында ескеріледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар
қолданылмаған (тоқтатылған) –консервацияға немесе басқа да себеп-
терге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;
- қорда тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі,
жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор
құрайтын негізгі құралдар.
Заттың құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай
санауға болатын обьектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар,
жабдықтар);
- инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына
(ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ
шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өңдеу).
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы
қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған
экономика саласы мен қызмет түріне жатады.
Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік
өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.
Мақсаттық бағыты мен орындайтын функцияларына байланысты негізгі
қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Негізгі қорлар тобының құрамына
кіретіндер:
Субьект меншік құқында сатып алған жердің саны мен құны. Жерге меншік
құқы жерге меншік құқын беретін актімен расталуы тиіс. Оларға арнап акт
берілген әрбір жер учаскесі инвентарлық обьект болып табылады.
Үйлер – бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне,
әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың
сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет-құрылыс обьектілері.
Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай бір
функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс обьектілері (плотина (бөгет) көпір, автомобиль жолы,
шахта стволы, мұнай бұрғысы). Инвентарлық обьект дегеніміз – барлық
икемділіктермен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.
Беріліс құрылғылары – электронды, жылулық және механикалық қуатты
беруге арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы
өткізгіштер).
Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін
саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетастарды қоса
алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық обьект болып
табылады.
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
1. Күш беретін машиналар мен жабдық-машиналар, жылу және электр
қуатын өндіретін генераторлар, әртүрлі қуаттарды механикалыққа,
яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина –қозғалтқыштар
(тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу
қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электроқозғалтқыш).
2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау
процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және
химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және
жабдықтар (токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі
моторлар, экскаваторлар, грейдерлер).
3. Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зертхана
жабдықтары – бұл өндіріс процестерін өлшеумен реттеуге арналған
аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар,
су өлшегіштер, монометрлер).
4. Есептеу техникасы –процесті жылдамдату мен автоматтандыруға
арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен
басқа да есептеу машиналары).
5. Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио
желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).
6. Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған
қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы
құрамы).
7. Инвентарлық обьект – барлық тиесілі керек – жарақтарымен және
керек заттарымен бірге жекеленген обьект.
8. Құрал – сайман темірді, ағашты өңдеуге арналған, қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға
бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек

құралдары).
9. Инвестициялық обьект – басқа инвентарлық обьектінің құрамына
кірмейтін заттар.
Өндірістік инвентарь және керек-жарақтар - өндірістік операцияларды
орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс
үстелі, верстактар, қамба, шкафтар).
Түгендеу обьектісі – қандай да бір инвентарлық обьектінің бөлігі болып
табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.
10. Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті
заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т.б.).
Жұмысқа қолданылатын және өнім беретін малдар.
Жұмысқа қолданылатын малдар, аттар, өгіздер, түйелер.
Өнім беретін малдар – бұл ірі қаралар, айғырлар, асыл тұқымды биелер,
аталық түйелер мен ұрғашылары, бұғылар-ұрғашы маралдар-еркек, саулық
қойлар, қошқарлар.
Инвентарлық обьект - әрбір ересек жануар.
11. Көпжылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін
көпжылдық өсімдіктер (жеміс-жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық
гүл өсімдіктері, раушан плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш
өсімдіктер).
Жас өсімдіктер толық дамыған өсімдіктерден бөлек ескеріледі
(ұрықтанудың, тамырласудың басы).
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл
ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту
шараларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер
учаскелерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, егістікке жер бөлу,
жерлерді тастардан тазарту).
13. Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт
жабдықтары, мұражай құндылықтары.

1.3 Құрылыстағы дайын өнім, сату есебін жүргізу ерекшеліктері.

Құрылыс өндірісінің мақсаты дайын құрылыс өнімдерін тапсырыс
берушілерге өткізу болып табылады.
Мердігерлік құрылыс ұйымдары үшін дайын құрылыс өнімдері
құрылыспен біткен және шығаруға дайындалған өнімдер және олардың
белгіленген тәртіпте пайдалануға қабылданған объектілері болып
табылады. Кәсіпорынның құрылысқа деген жобалық –сметалық құжатттарының
құрамында, сондай-ақ лауазымдық тізімде құрылыстық бір жылдан артық
мерзімінде, кезектік емес, тапсырыс берушілердің белгіленген тәртіпте
пайдалануға қабылдаған өндірістік қуатты енгізетін іске қосу кешені
бөлінген жағдайда, онда мұндай іске қосқыш кешендері де дайын құрылыс
өнімдері болып табылады .
Жеке кәсіпорын, оның кезектері, іске қосқыш кешендер, объектілер
бойынша дайын құрылыс өнімдері объемдары күрделі құрылысқа
мердігерлік шартында қарастырылған, шарттың құнға сәйкес анықталады.
Арнайы құрылыс ұйымдарында дайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Негізгі құралдардың есебін аудиттеу
Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
Негзгі құрлдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оларды жетілдіру жолдары
Негізгі құралдардың шығысының есебі
Еңбек ақы төлеудің түрі, нысаны және шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштері
Негізгі құралдар аудиті
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Пәндер