Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 3
I. Дебиторлық борыштар есебі
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .3-6
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі ... ... ...6-13
1.3 Күмәнді дебиторлық борыштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-18
II. Басқа да дебиторлық борыштар есебі
2.1 Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі ... ... ..18-21
2.2 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-24
2.3 Алдағы кезең шығындарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25
2.4 Берілген аванстар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 7-28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің
қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша
міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік
есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген
тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері
нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер
алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық
берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен
қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары
кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе
борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады.
Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады.
Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын
болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында,
сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны
қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын
болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және
бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды
жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем
ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең
алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты.
Несиелерді есепке алу үшін Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
бөлімшесіне енгізілген 4010 Банк несиелері, 4020 Банктен тыс
мекемелердің несиелері, 4030 Басқа да несиелер сияқты пассивті шоттары
пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн
Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға
сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала
төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға
тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы
бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)
уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті
борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге
бөлінеді. Бұл борыштардың есебі Алынуға тиісті шоттар бөлімінің
шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін)
дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың
қатарына жататындар:
• Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген)
төлем;
• Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
• Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар
негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
• Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
• Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома
басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми
берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар
(дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты
актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ дебиторлық борыш
дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты
активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына
дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың
есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны.
Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана
анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан
баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы
қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған
дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар болып есептеледі.
Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу
уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп
жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде
сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға
баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын
тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға
жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға
үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки)
терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар
қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі
ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін
пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу
себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды
қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын
сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш
сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура
келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт
табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның
бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі – шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты
Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын
бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу
барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың
борышы деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 Берілген аванстар
шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 Күдікті қарыздар бойынша резерв,
1620Алдағы кезең шығындлары шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
борышы шотының және 1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық
борышы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп
айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа
дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату
парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа
тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру
шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың
жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп
стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында
қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары
қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің
құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін
таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін
болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық
болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық
борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың
толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша
шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын,
толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты
мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп
жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан
сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда,
тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу
құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы.
1290 Күдікті қарыздар бойынша резервтер.
1220 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы.
1280 Басқадай дебиторлық борыштар.
1620 Алдағы кезең шығындары.
1630 Берілген аванстар.
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың
басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы
болып табылады.
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борышы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды
қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 Алынуға тиісті шоттар
1210Алынған вексельдер
1210Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде
борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға
тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке
тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен
қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
Алынуға тиісті шоттар деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер
(тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу
құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы Алынуға тиісті
шоттар шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және
олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан
оларды кейбір уақыттарда саудалық міндеттемелер деп те атайды. Олар
тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу
көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп
санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату
кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған
тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да
берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды
несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу
қабілеттілігі бар болатындығын бақылау шараларын жүргізілулері қажет. Сол
үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы,
жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті
ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы
ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер
алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері
бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады.
Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып
алушылар мен тапсырыс берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз
ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай
кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары
есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес
активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық
борыштар есептеледі.
1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы шоттарына
қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың)
теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде
80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің
өзіндік құны
300000 тг
Кт: 1320 Дайын өнімдер
300000 тг
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты
420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
80000 тг
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы
80000 тг
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
500000тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
500000 тг
Жоғарыда екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпоырндар мен
ұйымдардың тарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне
байланысты қосылған құн салығы есептелгенде 1210 Алынуға тиісті борыштар
шоты дебиттелініп,1320Қосылған құн салығышоты кредиттелінеді.
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы
қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 Алынуға тиісті
борыштар, 1210 Алынған вексельдер, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері
дебиттелініп, оған сәйкес 6210 Материалдық емес активтердің есептен
шығарылуынан алынатын кіріс, Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан
алынатын кіріс және Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын
кіріс деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар
бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 Алынуға тиісті борыштар,
Алынған вексельдер, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де
борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, Қосылған құн
салығы шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға
айырмашылықтарының пайда болуына 1210 Алынуға тиісті борыштар, Алынған
вексельдер, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де
борыштары деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, Бағамдық
айырмашылықтан алынатын кіріс шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 Алынуға
тиісті борыштар, Алынған вексельдер, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің өзге де борыштары деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010,
6280 Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер шоты
кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар
мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 Ақшалар
бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борыштары деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері
кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін
қайтарылған жағдайда 6020 Сатылған тауарлардың қайтарылуы деп аталатын
шот дебиттеліп, 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары
деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің
сомасына 6030 Сату шегерімі немесе 6030 Баға шегерімі шоттардың
тиістілері дебиттелініп, 1210 Алынуға тиісті борыштар, 1210Алынған

борыштары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130 Қосылған
құн салығы шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары
операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс
активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот
фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып,
топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар,
фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде
активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында)
сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар
көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған
активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борышы шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша
операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу
келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу
келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар
құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты
объектісі тауар болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың
сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны
аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып
көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісімшартта көрсетіліп, тауарларды төлеу кезінде
қадағаланады және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның
құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы
уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға
тұрақты пайдаланған жағдайда теғңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты
тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақьар бағаны
тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы
валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта
санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр
түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір
банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде
сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе100% сомасының төлегендігі
тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын
болған жағдайда белгіленеді.
Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл
жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен
жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді,
алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың
басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің
түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.
Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген
тауарлары үшін весель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде
белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді.
Вексель дегеніміз – ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен
соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша
борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды
қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың
ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық
міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі
өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді
талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель
бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші
деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:
ВЕКСЕЛЬ
100000 (жүз мың) теңге 25.03.2004
жыл
Төленуге тиісті сома мөлшері Вексельдің
берілген уақыты
ККК фирмасы
Вексель бойынша ақша алушы ұйымның аты
13.12.2004 жыл
Төлену серзімі
НҰР акционерлік қоғамы
Вексель беруші ұйымның аты
Нұрхан____________________________ ___МО
Тиісті адамдардың қолдары және ұйымның мөр таңбасы
Егер вексель бойынша есеп айырысу бір жыл мерзім аралығында (ішінде)
жүргізілетін болса, ремитент алынған вексельді баланстың актив бөлімінің
өтімділігі жоғары активтер бабында көрсетуі керек. Соған сәйкес вексель
беруші осы соманы өз балансының қысқа мерзімді міндеттемелер бөліміндегі
берілген вексельдер бабында көрсетеді. Вексельдің өтелу мерзімі болып
весельбойынша төлем жүргізілетін уақыт алынады, яғни весель қызметінің
аяқталатын уақыты есептелінеді. Әдетте вексельдер пайдалануы барысында
бір немесе бірнеше міндетті орындайды. Бұндай міндеттерге мыналарды
жатқызуға болады:
• Дебиторлық қарыздың өтелу серзімін белгіді бір уақытқа ұзарту;
• Шот-фактураға немесе басқа да құжаттарға қарағанда дебиторлық
қарыздарды нақты дәлелдеу;
• Пайыз түрінде төлем алу үшін негіз;
• Айналымға жіберу мүмкіндігі.
Бухгалтерлік есепте весельдер сатлыған, вексельге айырбасталған
тауарлар және қызметтердің нарықтық құнымен, ақашалай баламасымен немесе
барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құнымен есептелінеді. Жалпы сомасы
дегенміз бұл пайыз есептелінетін сомасы болып табылады. Ал вексель бойынша
алынған төлемнің осы жалпы сомадан артығы пайыз сомасы болып есептелінеді.
Вексельдің атаулы құны вексельде көрсетліген пайыз сомаларын қоспағандағы
вексель айналымы мерзімінң соңындағы төленуге тиісіт ақшалардың сомасы
болып табылады. Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және
аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға
белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-
ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда
вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін
білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып
саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің
сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты
көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.
Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы
тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс
жағында немесе қосымша парғында жағзылады.
Аударылмалы вексель – (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге
(трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға
(ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жә
вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге
вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы
жазбаша бұйрығын бере алады.
Вексельдерде сонымен қатар пайыздық және пайыссыздық деп екіге бөлуге
болады.
Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз
алдында көрсетіледі.
Пайыссыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді,
бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.
Вексельдер өздерінің түрлері бойынша коммерциялық, қаржылық және
қазыналық болып үш түрге бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол
өнімді тұтынушы , яғни сатып алушы кәсіпоырндар мен ұйымдардың төлем жасау
мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі
ретінде ресіиделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі
банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.
Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар
мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық
вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды қоса
алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен
ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны
бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және
сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық
вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық
құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қфысқа мерзімге
капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында
пайдаланылады.
Вексельдер эмитенттер бойынша:
Қазыналық және жекеше.
Төлем түрлері бойынша:
Жай және аударылмалы.
Төлем кепілділігінің барлығына қарай:
Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.
Төлеу тәртібі бойынша:
Мерзім вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді.
Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек
етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу
жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы,
төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер)
акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша
ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу
мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін
басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен
несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып
төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия
қызметкерлері вексель бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны
бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы Алынған
вексельдер шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және
тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп
айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210 Алынған вексельдер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша
келіп түскен мерзімінде (пайызсыз):

Кт: 1210 Алынған вексельдер шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы
жазылады.
Айта кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома
бойынша пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз
мың) теңгеге алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем
төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша
алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:
500000+500000*5%*612=500000+12500= 512500 теңге
Егер осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген
жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:
500000+500000*5%*912=500000+18750= 518570 теңге.
Жоғарыда қарастырылған мысалымыз бойынша бухгалтерлік жазуларымыз
келесідей түрде жазылады:
А) вексель алынғанда
Дт: 1210 Алынған вексельдер шоты
500000 тг
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг
Ә) вексель бойынша сатып алушылардың борыштары есептелген пайыз
сомасымен бірге өтелгенде
Дт: 1010 Ақшалар шоты
512500 тг
Кт: 1210 Алынған вексельдер шоты
500000 тг
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
Борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебиттелетін Кредиттелетін Тип
шот шот
1 2 3 4 5
1 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 1210 3010
көрсетілген қызметке есептелінген
сатып алушы, тапсырыс берушілердің
борышы
2 Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, 1210 3130
көрсетіліген қызметке есептеліген
қосылған құн салық сомасы
3 Борыш сомасы бұрын алынған аванс 1610-1610 1210
сомасына шегерілді
4 Сатып алушы және тапсырыс 1030 1210
берушілерден есеп айырысу шотына
келіп түскен сома
5 Сатып алушы және тапсырыс 1270-2150,4240 1210
берушілердің борышы олардың
кредиторлық қарызы есебінен
өтелінді
6 Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, 1280 1210,2120-2130
өнім, көрсетліге қызмет үшін
алынған вексель
7 Сатып алушы және тапсырыс берушілер1030 1280
берген вексельдері үшін борыштарын
төледі
1.3 Күмәнді дебиторлық борыштар
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем
қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге
сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай
немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің
алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың
алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып
қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты
талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа
сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары күмәнді қарыздар деп
аталады. Күмәнді қарыздрға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де
тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен
дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз,
күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі –
тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп
танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік
әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып
саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре
алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе
қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған
есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар
күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді
қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 Күмәнді қарыздар бойынша
резервтер шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп
беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы
дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық
кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы
уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген
борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен
шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен
дебиторлық борыштар үмітсіз қарыз деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар
сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және
үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең
шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен
шығарылып және ол осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде
өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы
есеп беру кезеңінде жүргізілсе):
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі
кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде
танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде
жазу жазылады.
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есебі №10 журнал-ордер
жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген
борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай
корреспонденциялар жазылады:
Күдікті қарыздар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz